Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: Бөлім 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
:
Кіріспе: 1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснемелік негіздері, мақсаттары және міндеттері
:
Кіріспе: 1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеу концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері
:
Кіріспе: 1. 3 Экономиканы реттеудің қаржылық-бюджеттік әдістері
:
Кіріспе: Бөлім 2. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
:
Кіріспе: 2. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясаттың нұсқалары
:
Кіріспе: 2. 2 Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi мен жетілдіру жолдары
:
Кіріспе: 2. 3 Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң тәжірибесі
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе

Тақырыптың зерттеу өзектілігі . Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқын мен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.

Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық күштердің оңтайлы арақатынастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл арақатынастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатынастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т. б. жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты «мемлекет-нарық» арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.

Зерттелу денгейі. Экономиканы мемлекеттік зерттеу мәселесімен көрнекті экономистер Дж. М. Кейнс, И. Шумпетер, Пол Хайне, П. Самуэльсон және т. б. айналысқан. Қазіргі уақытта бұл тақырыпқа арналған әдебиеттер мен ғылыми мақалалар да жеткілікті. Еліміздегі экономистердің ішінен осы салаға көңіл аударғандар Н. Мамыров, Г. Төреғожина, Д. Мадиярова, С. Керімқұлов және т. б. ғалымдардың еңбектерін көруге болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің экономикаға араласуының шетелдік тәжірибелерін Қазақстан мысалында көрсету.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының міндеттері келесілер болып табылады:

- экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін, мақсаттарын және міндеттерін қарастыру;

- экономиканы мемлекеттік реттеу концепцияларын, қағидаларын, механизмдері мен әдістерін қарастыру;

- нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң тәжірибесін зерттеу;

- Шығыс Еуропа мен Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу тәжірибесін зерттеу;

- Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерiн қарастыру.

Зерттеу объектісі болып Бұланды ауданы салық комитетінің қызметі қарастырылды.

Зерттеу жұмысының теоретикалық-әдістемелік негізі болып Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Конституциясы, ҚР азаматтық кодексі, ҚР салық және бюджет кодекстері, Бұланды ауданы салық комитетінің мәліметтері мен жалпы ережелері, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдістемелік негіздері, мақсаттары және міндеттері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.

Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызды, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалық саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті [5] .

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. XVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттігін тануға негізделген.

Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер тобы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары болды.

А. Смиттің көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көзделген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді.

А. Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық еркіндік беру қажет, - деп есептеді [7] .

Рыноктық үйлестіру ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау - монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.

Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж. М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көмектеседі деп есептелінді [10] .

Сөйтіп, ЭМР-дің (экономиканы мемлекеттік реттеудің) объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болады. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

ЭМР-дің объектілері - бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеумеггік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.

ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.

Мемлекеттің кезендікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу саясатының мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.

Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндеті -«экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.

ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда - салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермеленеді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі - капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады [12] .

Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынастарды қалыпты қолдау. Бұл қатынастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық түсімінің төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеуметтік нәтижелерге әкеледі.

Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерілуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.

Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрактылығына күшті ықпал етеді.

ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.

ЭМР-дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналык және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т. б. жатады.

ЭМР-дің мақсаттары. ЭМР-дің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсаттар тікелей ЭМР-дің объектілерімен байланысты болады. Мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

ЭМР құралдары. Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік кұралдары қосьгмша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты) . Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланылады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі.

Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:

  • қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық аумағындағы саясат;
  • ақша саясаты;
  • табыстарды реттеу саясаты;
  • әлеуметтік саясат;
  • баға белгіленімін мемлекеттік реттеу;
  • сыртқы экономикалық реттеу.

Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша-кредит қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.

Негізгі экономикалық құралдар:

  • есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін, дисконттық саясат) ;
  • елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
  • мемлекеттік мекемелердің бағалы қагаздар рыногындағы мемлекеттік міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

Мемлекет орындайтын қызметтерге ең алдымен мыналар жатады:

  • экономиканың қызмет етуі үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
  • монополияға қарсы реттеу;
  • макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
  • ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
  • табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
  • мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық базаны құру - бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс-әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатынастарды анықтайтын зандар мен нормативтік актілерді атап өтуге болады.

Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілумен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т. б. - құралдар ретінде қолданылуы мүмкін.

Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табыстарды салықты қайта белу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

Мемлекеттік меншік - сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады[14] .

1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеу концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері

Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.

Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субьектілері үшін міндетті болып табылыды. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты (1- сурет) .

Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін қалай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік.

Сурет 1. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері

1. Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрде ақылар (субсидия), салық шаралары жатады.

Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту.

Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салқ салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;

ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;

б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

2. Несие- ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жие қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

а) несиенін пайыз нарқының өзгеруі. Мыалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланытын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзыл;

ә) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельдердін яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқы мернзімді міндеттемелер сатып алған жағдайды банктен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін несие нарқын қайта құруға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы керсінше іскерлік белсенділікті көтермелейді;

б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимум арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) ерікті ақша салымдарын (бос резерв) және міндетті ақша тұрады. Орталық банк мідетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;

в) «ашық нарықтағы операциялар». Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керсінше несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.

3. Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табысбарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдырын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуініңжоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Бұланды ауданы салық комитетінің мысалында экономиканы мемлекеттік реттеу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Муниципалдық менеджмент
Басқару теориясының қазіргі жайы
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Мемлекеттің салық саясатын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz