XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер


МАЗМҰНЫ.
Кіріспе
1-тарау: XVIl―XVIII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті даму тарихы.
1. 1. XVII ғасыр аяғы XVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі мәдениеттің дамуы.
1. 2. Халықтың әдет-ғұрпы, салттары мен дәстүрлері.
1. 3. Діни нанымдар- ислам дінінің таралуы.
2-тарау: XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер.
2. 1. XVIII ғасырлардағы қазақ халқы мәдениетінің ескерткіштері.
2. 2. XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдениетіндегі және әлеуметтік өміріндегі өзгешеліктер.
2. 3. Ұлттық мәдениеттің қалыптасып дамуы.
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет, қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын аңғарып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай отырықшы халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ, Сауран, Түркістан қалаларында болды. Олар көршілес Орта Азия халықтарымен үздіксіз байланыс жасап отырды.
XVII―XVIII ғасырларды қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен соғыстар кесірінен қалалар мен егіншілік алқаптар талқандалып, іске жарамсыз болып қалды. Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді. Әсіресе XVII―XVIII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген болатын.
XVII-XVIII ғасырларда қазақ мәдениетінде тақырыбы мен жанры жағынан да алуан түрлі қазақ ауыз әдебиеті кең өрістеді. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің осы қазыналарын дүниеге әкеліп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген халық арасынан шыққан талантты ақындар мен жыраулар болды. Таңғажайып ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, қара өлең, айтыс, төрт түлік мал туралы өліңдер, жар-жар, беташар, қоштасу, жоқтау, жарапазан, шариғат өлеңдер т. б. сол ақындар мен жыраулардың айтуымен ел арасында кең таралып, сақталып дамып келді. Ауыз әдебиеті көшпелі ел тұрмысынан, олардың көзқарастарын, ұғымдарын, өмір тәжірибелерін бейнелейді. Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптарға байланыстыда көптеген өлең жырлар пайда болды.
XVII ғасырларда қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған халық арасынан шыққан талантты адамдар, ақындар мен сал-серілер болғаны белгілі. Қазақтардың XVIII-XIXғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысында көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шарушылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығы мен егіншілікпен үй кәсіпшілігімен, қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шарушылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді.
Адамзат тарихында мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қан төгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман. мәдениетінің мазмұнын ашып көрсету де екі басты мәселеге назар аударылады.
Оның біріншісі: мәдениеті дамуының басты ьағыттары түрлі мәдени концепциялары көрініс табуы және мәселелері.
Екіншісі, мәдениеттің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. Қазақ елінің ұлттық мәдениеті-өнерді, адамның шығармашылық, көркемдік эстетикалық, этикалық қадамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлығын қамтып, ғұмыр нәрінің бұлағына жетелейді. Қазақ халқының мәдениеті ұлттық мәдениетіміздің тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі.
Халқымыздың мәдениеті идентификациялаудың ең маңызды саласы. Сондықтан оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену дейтін әрбір адамның адамзаттық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс-тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, ғасырлар қойнауынан бастау алады, осыған орай бүгінгі таңда мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылық ерекшеліктерін танып білудің маңызы артып отыр.
1-тарау XVIl―XVIII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті даму тарихы.
1. 1. XVII ғасыр аяғы XVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі мәдениеттің даму кезеңі.
XVII ―XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құрған тайпалар мен рулардың материалдық мәдениетімен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материлдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын аңғартып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай отырықшы халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ, Сауран, Түркістан қалаларында болды. Олар көршілес Орта Азия елдерімен үздіксіз байланыс жасап отырды. XVII―XVIII ғасырларды қазақ мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен соғыс кесірінен қалалар мен егіншілік алқаптар талқандалып, іске жарамсыз болып қалды. Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді. Әсіресе жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәденитіне ауыр зардабын тигізді. Көшіп қонып жүрген қазақтар жұлдызыдың аспанға бақылау жасауда көп тәжірибе жинақтады. Аспан сырларын ұғып, көңілге түю шексіз-шетсіз далада адаспай, жан-жағын тез бағдарлауға, жайылымды, құдықты, көздеген жері таба білуге үйретті. Осы кезде көшпелі шаруашылық уақыт есебін қажет етті. XVII- XVIII ғасырларда арасында қазақтар уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын зерттейтін тәжірибелі, білгір кісілер шыққан. Бұл есепшілер маусымдық өзгерістерді дәл ажыратып, қыстаудан жайлауға шығу, одан қайту мезгілдеріндегі ауа райын болжап отырды. Олар халық күнтізбесін жасаушылар еді. Қазақтар жұлдызды әуе картасын жатқа білді. Темірқазықты күндегі жүріс бағытын бағдарлауға пайдаланды. «Жетіқарақшы», «Ақбозат», «Көкбозат» жұлдыздарын жақсы білді. «Жетіқарақшы» қазақтар үшін астрономиялық сағат болды. Күзде күн ұзарған кезде қой күзетушілер аспандағы Жетіқарақшыға қарап кезектің ауыстырғандығын білген. Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Ислам дінін қазақтар арасында таратушылар Түркістан, Бұхара және Астранның дінбасылары болды. Қазақ халқының хандары мен сұлтандары ислам дінін қабыл алып, құран оқып, намазға жығылды. Балаларын медреселерге берді. Ислам дінін бұқара арасында баяу тарады. Олар ислам дінінде тәңірге табынуға негізделген нанымды көбірек ұстанды. Қазақтар өмірінде отқа табыну үлкен рөл атқарды. От үйдің қамқоршысы болды деп саналды. Отпен аластату-тазарту ырым сақталды. Қазақтың жерлеу дәстүрінде де ислам діні ментәңірге табыну ықпалы қатар жүріп отырды. Ислам діні өлген адамды арулап жуып, жаназа шығарып, бетін Меккеге қарап жерлеуді талап етті. Өлік жатқан үйге күзет қойылды, ол қыстақтың маңында жерленді.
Зират құрылысыда қайтыс болған кісінің жағдайын байқайтын еді. Байлар күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді. Ері өлген әйел жыл бойы қара жамылып жүрді. Жыл өткен соң өліктің басына ескерткіш қойылып, ас берілетін болды.
XVII ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың бірінші ширегінің аралығы одан да неғұрлым елеулі кезең болды. Самарқандта, Хисарда, Ташкентте, Құндызда шығарылған мыс теңгелер Отырардан және
Мәдениеттану 2002 жыл . Күнқожаева. Ғабитов.
Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалалық орталықтарынан табылды.
Келесі XVII ғасырдың орта шеніне дейінгі кезеңце Отырардың ақша айна-лымында Түркістанда, Ташкентте соғылған мыс теңгелер басым болды. Бұлар - сапасыз соғылған мыс теңгелер. Қазақ хандығының тарихымен байланысты бұл кезең (XVI-XVIII ғғ. ) теңгелердің сапасыздығы, оларда ақпараттың аз сақталуы себепті әзірше мейлінше нашар зерттелген. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы кезең үшін Оңтүстік Қазақстанның қалалар рыногына Алексей Михайлович патшаның есімі бар, 1655-1663 жылдары соғылған мыс теңгелердің ену фактісі ден қоярлық.
XVIII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениетін палеоэт-нографиялық жағынан зерттеу нәтижелі болды.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстанда отырықшы-егіншілік және қала мәдениеті дәстүрлерінің үзақ уақыт сақталуын атап өту керек. Қазір жаңа деректердің арқасында, қазақ тұрғын үйі жоспарлануының кептеген элементтерінің, оның интерьер бөліктерінің тандырмен немесе түтін тарта-тын мұржасы бар пешпен жылыту жүйесінің, азық-түлікті шұңқырларда, ұраларда, шикі кірпіштен, балшықтан, тастан жасалған жәшіктерде сақтаудың түп қазығы және одан да ерте кездегі қалалық үй құрылысында жатқанын сеніммен атап айтуға болады. Қазақтардың материалдық мәдениетінің негізі орта ғасырлар кезінің көптеген мәдени жетістіктерінен құралған. Қазақ халқының этногенезіне Оңтүстік Қазақстанның қала халқы да қатысқан.
Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы екінші бағыт XVIII ғасырлардағы көшпелілер өркениетін, тиісінше қыпшақтардың,
монғолдардың, қазақтардың ескерткіштері - молалар, қабір құрылыстарын, діни сәулет өнерін зерттеумен байланысты. Қазақстан ескерткіштерінің Саян-Алтай мен Батыс Сібірден бастап Дунайға дейінгі Евразияның далалық өңірінің мәдениетімен, әсіресе, заттай құрал саймандар саласында өлке ескерткіштерімен ортақ бірқатар элементтері бар, бұған монғолдардың жаулап алуы, соған байланысты тайпалардың Монгол империясы, ал кейіннен оның ұлыстары шегінде кешіп-қонып, араласуы әсер етті. Бұл өлке түрғындарының, соның ішінде Қазақстанның далалық және егіншілік аудандарында отырықшыланған монғолдардың да жаппай «қыпшақтану» кезеңі болатын. Негізінен қорымдар мен жекелеген қабірлерді қазған кезде алынған археологиялық материалдар арқылы мәлім материалдық мәдениетті біркелкілендіріп жібергеңдей еді. Егер Орталық және Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде қыпшақ қорғандары әзірше бірен саран болса, Батыс Қазақстанда көптеген қорымдар табылып, зерттелді. Оларды зерттеушілер Алтын Орданың саяси және экономикалық иелігінің ортасына енген Батыс Қазақстанда мемлекет шекарасының тұрақтануы, сондай ақ далалык аудандардың ылғаддануына байланысты қолайлы экология жағдайларында көшпелі халық көбейіп, соның салдарынан көптеген қабірлер пайда болған деп санайды. Алайда Казақстанньщ қалған аудандарында XVII ғасырлардағы қорымдар санының әзірше аз болуын түсіңціретін негізгі себеп ең алдымен оның соңғы орта ғасырлар көшпелілері мәдениетін зерттеу жағынан археологиялық ізденістердің нашарлығы болып табылады.
Соңғы орта ғасырлардағы көшпелілердің материалдарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып А. Н. Бернштам көңіл аударды. Ол
Жетісудан кездейсоқ табылған олжалар тобын кайта жариялап, сипаттап берді, олардың ішінде дөңес тұтқалы, өсімдік сияқты ернекпен әсемделген тостаған және күміс қаңылтырлар бар, олар тегінде қабірлерден алынған болса керек. Зерттеуші бұл материалдарды қазақтар мен қырғыздардың этногенезі мәселелерін шешу үшін пайдаланған.
1. 2. ХАЛЫҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, САЛТТАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІ
XVIII ғасырлардағы қазақтардың рухани өмірі біздің кезімізге дейін жеткен ертедегі халықтың әдет-ғұрпы, салтсанасы дәстүрлерін керсетеді. Олар түгелдей алғанда сол кезде қазақтарда үстем болған патриархаттық-феодалдық қатынастарға негізделген. Қазақтардың көптеген әдет-ғұрпы олардың әдеттегі құкығының ертедегі нормаларымен байланысты болды, олардың негізі атақты қазақ хандары Қасым («Қасым ханның қасқа жолы») мен Есімнің («Есім ханның ескі жолы») құқықтық ережелерінде салынған болатын, ал XVII ғасырдың аяғында, Тәуке хан билік құрған кезде қазақтың үш жүзінен шыққан көптеген қазақ билерінің, соның ішінде халық зердесінде қалған атақты Төле бидің, Қаздауысты Қазыбек би мен Әйтеке бидің қатысуымен Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталатын зандары жүйеге түсіріліп, кұрастырылды.
Қазақтың халықтық әдет-ғұрпы мен дәстүрлері көбінесе көшпелі малшылардың күнделікті шаруашылық қызметінде атқарылатын әр түрлі салт-жорасынан көрінеді. Мәселен, көктемде қыстаудан көшкенде қыстау мен малды отпен тазарту салты міндетті түрде сақталған. Бұл үшін қыстаудың маңынан екі жерден от жағып, барлық малды солардың арасынан айдап өткен, мұның өзі мұсылман дініне дейінгі от киесіне деген нанымға байланысты еді. Жазда қоныс аударған кезде әрбір ауыл көш керуенінің салтанатты безендірілуіне ерекше көңіл белген. Бұл үшін алдыңғы түйеге қырғауылдың ұзын қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мүндай көш халық арасында «қарқаралы көш» деп аталады. Қарқаралы түйені ауылдың ең құрметті әйелі немесе ең жас келіні жетекке алған.
Қазақ тарихы журналы №2. №6. 2002ж.
Халықтың түсінігі бойынша, қырғауылдың әдемі қауырсыны көзі түскендердің назарын өзіне аударып, көш керуенін көз тиюден және жолженекей әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Жазғы жайылымдар (жайлау) арасында суатгары бар көшіп жүретін жолдар болды және бұл жерлер әдетте, ешкімге тиесілі емес, яғни барлық көшіп қонушыларға ортақ саналды, сондықтан олар алғаш барып қону құқығымен пайдаланылды. Бұл үшін суат басына жайылымның бос еместігін көрсететін айқын із қалдыру жеткілікті болды.
Көктемде күн күркіремейінше, казақтар өсімдік жемістерін жеуге рұқсат етпеген. Ал күн күркірегеннен кейін тау жуасын және басқа да жеуге жарамды жемістерді жинауға рұқсат етілген. Халықтың түсінігі бойынша, күннің күркіреуі сауын малы сүтінің көбеюіне жәрдемдесетін бүкіл өсімдіктер дүниесінің пісіп-жетілуінің жаршысы болған. Сондықтан күн күркіреген кезде қымыз құйатын ағаш ожаумен киіз үй керегесін сырткы жағынан абайлап соққан, бұл халық ішінде «ожау қағу» деп аталған. Бұл ретте міндетті түрде «Сүт көп болсын, көмір аз болсын» деп дауыстап отырған. Халықтың космогониялық түсініктері бойынша, бұл наным сүт өнімдері молшылығына септігің тигізген.
Жаз басталар басталмастан, жазғы жайылымдарға (жайлауға) жеткен соң қазақтар қымыз ашытуға бие саууды ұйымдастыру үшін құлын байлайтын еді. Осыған байланысты ауыл шеңберінде «қазық майлау» немесе «бие мұрындық» деп аталатын шағын тойтомалақ еткізілген. Бұл салт-дәстүрдің мән-мақсаты кұлындар мен биелердің аман, қымыздың мол болуы еді. Жиналған ауылдастарына қымыз беріп, ет тартқаннан кейін жолжора құлын байланатын желіге май жағумен аяқталатын. Бұл орайда ақса-қалдар жол жораны ұйымдастырушыларға ізгі тілек білдіріп, батаның неше түрін беретін болған.
Мұсылман дініне дейінгі ырымдарға сәйкес көшпелі тұрмыстың кейбір еңбек қүралдары мен заттары киелі деп саналған. Мысалы, жылқы ұстайтын «құрық», құлын байланатын «желі», қозы көгендейтін «көген», «жүген», «ноқта», шаңырақ көтеретін «бақан» және т. б. сондай киелі болған, олардан әсіресе әйелдерге аттап өтуге немесе оларды басуға қатаң тиым салынған.
Халықтық әдет-ғұрып қазақтардың отбасы неке қатынастарында сақталатын әр түрлі салт-жораларда мейлінше толық ашылды, оларда ертедегі көптеген институттардын, - топтық некенің (левират және сорорат), туыстық экзогамияның, полигамияның көп некеліктің, патриархаттык үлкен от-басының, қалыңмал мен жасау берудің және т. б. сарқыншақ белгілері жақсы сақталды.
Қазақтар некенің әр алуан түрлерін білген, бірак некенің ең көп таралған және негізгі түрі құда түсу және келінді қалыңмал беріп алу жолымен үйлендіру болды. Құда түсу салтын жастардың ата-аналары нрмесе жасы үлкен туыстары жүзеге асыратын еді. Құда түсу туралы келіссөз жүргізуден бұрын күйеу баланың ата-аналары жорамалданып отырған құда түсер үйдің жақсылы-жаманды оң немесе теріс жақтарын дәлелдейтін барлық мән-жайларды біліп алатын. Осындай кұпия «барлаудан» кейін ғана күйеудің әкесі ресми ұсыныс жасау үшін қыздың әкесіне өзінің сенім білдірген адамын «жаушы» етіп жіберетін. Егер қыздың ата-анасы ұсынысты қабылдаса, күйеу жағынан құдалардың келу мерзімін белгілеп, жаушыға «шеге шапан» деп аталатын шапан жапқан. Сонан соң күйеудің әкесі белгіленген мерзімде құдалар жіберіп, олар қалыңмалдың көлемі туралы, тойға жұмсалатын шығындар туралы, жасау-жабдықтар туралы, қалыңмал телеудің алдын ала белгіленген мерзімдері және тойды өткізетін уақыттың өзі туралы ресми келіссөз жүргізген.
Құдалық туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілген, бұл үшін кұрбандыққа шалынған қойдың бауыздағандағы қанын ағаш тостағанға (аякка) толтыра құйып, екі жақтың да бас құдасына апаратын, олар оған он қолынын саусақтарын малып, ал неғұрлым ерте кезде оған найзасының немесе жебесінің ұшын салып, сонымен бірге кұдалық уағданы бұзбау туралы ант берген сөздер айтатын болған. Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін ақсақалдар қан толтырылған тостағанға қарап отырып аят оқу арқылы уағдаластыққа бата берген, бұл қазақтарда «бата аяқ» деп атадды. Осы жол жораның кұрметіне күйеу жағынан келген бас құда қалындыққа тарту таралғыны және қалыңдыққа «қарғыбау» немесе «үкітағар» (ен салу) деп аталатын сыйлықты атаған, бұл сыйлық қыздың осыдан бастап айттырылғанын білдірген. Осыдан кейін уағдала сушы жақтар заңды құда деп саналып, оларға жаңа пісірілген құйрық май мен бауырдан арнаулы «құйрық-бауыр» деген тағам тартылған. Құдалардың оны бір-біріне асатуы екі жақтың туыстық қатынастарының ұзақ жылдарға орнатылғанын бейнелеген. Құдаларға аттанар алдында сый ретінде «киіт» кигізілген.
Күйеудің әкесі келісілген қалыңмалдың негізгі белігін бергеннен кейін күйеу калындықкд өзінің алғашқы ресми сапарын жасаған, ол «бұрын бару» деп аталады. Осы сапар кезінде болашақ ерлі зайыптылар, әдетте, бірінші рет кездесетін, сондықтан олардың бұдан кейінгі тағдырында ұрын барудың зор мәні болды, олар бірін-бірі біліп, ұнатып кетуі мүмкін еді. Кейде бұл кездесу тең емес некені болғызбай тастайтын. Демек қазақтың «ұрын» термині түріктің ертедегі «игип» (тығылу, бауырына басу) деген сөзінен шыққан болуы мүмкін. Түріктің ертедегі (Егер ізгілік көрсең, қабыл ал) деген казір де бар бейнелі сөзі осындай жорамалдың растығын айқын дәлелдейді.
Күйеу мен қалындықтың ата-аналары алғашқы кездесуді өткізуге мұқият дайындалатын.
Қазақ тарихы журналы №3. №5. 2001ж.
Қалындықтың туған-туысқандарына алуан түрлі көп тартутаралғы беріп, күйеуге тәжірибелі жігіт (күйеу жолдас) бастаған 5-6 адамнан тұратын қошеметшілері еріп барған. Күйеудің қасына ерген адамдары үшін қалындықтың ауылында арнайы үй тігіліп, ұрын той жасалған. Қалыңдықтың жақын туысының үйінде келесі күні дәстүрлі «қыз қашар» кеші өткізілген. Кештің аяғына қарай қалындық кұрбыларының қарсылығына қарамастан, жеңгелері оны арнайы отау үйіне апарады, онда алдын ала төсек салынып қойылады. Жас жеңгелер күйеуді сонда шақырады, ал басқа әйелдер күйеудің аяғының астына «бақан» (киіз үйдің шаңырағын көтеруге арналған сырғауыл) тастап, оның алдынан «желі» (құлын байлайтын арқан) тартады. Халықтың нанымы бойынша, бұлар - қасиетті заттар, олардан аттап өтуге болмайды, ал бұл жағдайда одан ақы төлеп айналып ету керек. Сондықтан күйеу бала жеңгелерге ақы (кәде) төлейді де, олар күйеу бала-ның жолынан кедергіні алып тастайды.
Отау үйінің есігін ашқан егде әйел кызметі үшін арнайы тарту алады (есікашар) . Күйеуді үйдің өзінде қалындықтың анасы карсы алады. Ол күйеудің ошаққа аздап май құюына көмектеседі (отқа май құю), сонан соң жалпы «ақ» деп аталатын сүттен жасалған әлдебір сусын құйылған тостаған ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz