Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
АҢДАТПА
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл
сөздерінің үндестігі .
Бұл дипломдық жұмыста Абай мен Ғабит шығapмаларындағы нақыл сөздерді
талдап, олардың оқу-үрдісіндегі қажеті мен мүмкіндіктерін ашып, практикаға
ендіру мәселесі қарастырылады.
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы,
әдістемелік және теориялық негіздері, тақырыптың өзектілігі анықталыды.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады.
І тарау Абай даналығының қайнары мен тақырыптық-мазмұндық арналары
деп аталатын бұл тарауда Абай шығармаларындағы терең сезім, идея, мазмұн,
өлең құру шеберлігінің қайнар көзі анықталады.
ІІ тарау Көркем сөздің зергері деп аталып, бұл тарауда Ғабит
Мүсіреповтің тіл байлығы, сөз қолдану шеберлігі, сөз өнерін бағалауы және
ұлағатты ойлары сарапталады.
ІІІ тарау Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің
үндестігі деп аталатын бұл тарауда Абай поэзиясындағы нақыл сөздер
талданып, Ғабит шығармаларындағы ұлағатты сөздердің әдебиетте алатын орны
белгiленіп жүйеленді.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі қорытындылары мен
нәтижелері жалпы сипаттама берілген.
Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
АННОТАЦИЯ
Тема дипломной работы: Созвучие афористических выражений Абая
Кунанбаева и Габита Мусрепова.
В данной дипломной роботе анализируются афоризмы в произведениях Абая
и Габита, определяется их возможности употребления в учебном процессе и
рассматривается проблема их внедрение в практику.
Робота состоит из введения, основной части, заключения и из списка
использованной литературы.
В введении выявлены цели и задачи, научная новизна, методические и
теоретические основы, актуальность данной темы.
Основная часть состоит из трех глав.
І глава называется Содержательно-тематические истоки мудрости Абая.
В этой главе определяется истоки глубоких чувств, идеи, смысл, мастерство
сочинения стихов в произведениях Абая.
ІІ глава называется Мастер художественного слова. В этой главе
проводится анализ красноречивости, мастерства использования слов и
грандиозных мыслей Габита Мусрепова.
III глава называется Созвучие афористических выражений Абая
Кунанбаева и Габита Мусрепова. В этой главе подвергается рассмотрению
употребление афоризмов в произведениях Абая и определяется место в
литературе мудрых слов встречающихся в произведениях Габита.
В заключительной части подведены главные итоги и результаты дипломной
работы.
В конце указан список использованной литературы.
ANNOTATION
The subject of the degree work: "Assonance of the aphoristic
expressions Abaya Kunanbaeva and Gabita Musrepova".
In given degree robot are analysed aphorisms in product Abaya and
Gabita, is defined their possibility of the use in scholastic process and
is considered problem their introduction in practical person.
The robot consists of introduction, the main part, conclusions and
from list of the used literature.
In introduction are revealled purposes and problems, scientific
novelty, methodical and theoretical bases, urgency given subject.
The main part consists of three chapters.
I chapter is identified "Profound-thematic headwaterses to wisdoms
Abaya". In this chapter is defined headwaterses deep feeling, ideas, sense,
skill of the composition verse in product Abaya.
II chapter is identified "Master of the artistic word". In this
chapter is conducted analysis красноречивости, skill of the use the words
and grandiose thoughts Gabita Musrepova.
III chapter is identified "Assonance of the aphoristic expressions
Abaya Kunanbaeva and Gabita Musrepova". In this chapter to subject to
consideration an use aphorism in product Abaya and is defined place in
literature of the wise words meeting in product Gabita.
In postlude подведены mains totals and results of the degree work.
At the end is specified list used literature.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілiгi. Осы уақытқа дейін орындалған зерттеу жұмыстары
мен басқа да Абай мен Ғабит шығapмаларындағы нақыл сөздерді талдап, олардың
оқу-үрдісіндегі қажеті мен мүмкіндіктерін ашып, практикаға ендіру мәселесін
қарастырмақшымыз. Біздіңше, бұл әдебиеттегі жаңа идея, тың пікірмен
байытпақ.
Егер ақын, ұстаз, ғалым Абай (Ибрahим) Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов
шығармаларындaғы тәлім-тәрбиелік ойларына ғылыми тұрғыда талдау берілсе,
олардың нақыл сөздерінің жүйесі жасалса, онда бұл әдебиетке мол мұра
әкеледі.
Осы тұрғыда жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде мынадай
қайшылықтардың беті ашылды: Абай мұрасының кең мүмкіндіктерін олардың толық
ашылып, практикаға ендірілмеуі арасындағы; ақын мұраларының үндес мәндегі
шығармалары және ондағы ұлағаттық пікірлері мен олардың толық ашылмауы
жұмысымыздың тақырыбын Абай (Ибрahим) Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл
сөздерінің үндестігі деп айқындауға жол ашты.
Зерттеу нысаны. Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби
шығармашылық мұрасындағы нақылдық-афористік ой-толғамдар.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Абай Құнанбаев пен Ғабит
Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігін айқындау. Демек, осы қайшылықтарды
ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, ұстаздың дидактикалық ойларының
мүмкіндіктерін айқындау зерттеуіміздің басты мәселесін құрайды.
– Абай Құнанбаев мұрасының зерттелуі мен өмір мен оқу үрдісінде
пайымдау мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан талдап сипаттау;
– Абай Құнанбаев поэзиясындағы нақыл сөздерді талдау;
– Абай Құнанбаевтың қара сөздеріндегі ойларды ғылыми тұрғыдан талдау;
– Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігін
салыстыру.
Зерттеудің дереккөздері. Абай мен Ғабит туралы еңбектер;
зерттеушілердің Абай мен Ғабит шығармашылығы туралы ойлары; ғалымдардың
Абай мен Ғабит мұрасына қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық
еңбектері; ғылыми зерттеулер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар. Әуезов
М. Әр жылдар ойлары. Дәуітұлы С. Ғабит Мүсірепов. Ой-сезім сәттері. Абай.
Шығармалырының екі томдық толық жинағы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
– Абай Құнанбаев шығармаларының зерттелуіне талдау беріліп, нақыл
сөздерінің табиғаты айқындалды.
– Абай Құнанбаев қара сөздеріндегi ұлағатты ойлар сарапталып, әдебиетте
алатын орны бeлгiленіп жүйеленді.
– Абай Құнанбаев поэзиясындағы нақыл сөздер талданып, Ғабит
шығармаларындағы ұлағатты сөздердің әдебиетте алатын орны белгiленіп
жүйеленді.
Зеpттеу нәтижелерінің практикалық маңызы.
– Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
алғаш рет зерттеліп отыр;
– зерттеу нәтижелерін қолдану мүмкіндігі кең; жалпы білім беретін
мектеп, орта кәсіптік оқу орындарында, оқушылардың білімін жетілдіруде
пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
– Абай нақыл сөздерінің маңызы мен афоризмдерінің бастауы
нақтыланды.
– Ғабит Мүсіреповтің нақыл сөздерін сараланып, тәрбиелік мәні
анықталды.
– Абай мен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі әдеби талдау
тұрғысында айқындалды.
Зерттеу әдістері. салыстырмалы әдіс, сараптау, жіктеу, топтастыру
пайымдау әдістері қолданылды.
Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, үш тараудан, тарау бірнеше
тараушадан, қopытындыдан, кестелерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.
І АБАЙ ДАНАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ АРНАЛАРЫ
1.1 Абай афоризмдерінің негізгі бастауы
Абай шығармаларында афористік сөздердің мол болу себептері неде?
Әрбір қоғамдық ой өз дәуірінде ғана туа алады. Әдебиетте осы ойды
беретін тәсіл – белгілі бір жанр, тарихи қажеттіктер негізінде белгілі бір
дәуірде ғана туып отырады. Бұл дәуірді халықтардың бәрі бірдей өз басынан
бір мезгілде өткізіп отырмайтындықтан, мұның өзі әрбір халықтың әлеуметтік,
қоғамдық жағдайларына байланысты ертелі-кеш, үздік-создық келіп
отыратындықтан, қоғамдық жағдайдың әмір-үкімінен туатын ой-пікірді
әдебиетте беретін тәсіл әдеби жанрлардың туып қалыптасуында да үздік-
создықтық бола береді.
Айталық, қайсыбір халық әдебиеттің бар жетілген, кемеліне келген озық
үлгілеріне мұрагер отырған кезде, екінші бір халық өзінің әдеби-мәдени жаңа
бастап, әдебиеттің барша халықтар сөзсіз иелік ететін алғашқы үлгілерін
ғана тұтынып отырса, мұның өзі табиғи нәрсе.
Сол сияқты жеке бір тұлғаның әдебиетті қоғамға қызмет етуге де,
әдебиеттің қызметін керек деп біліп, әдебиетте өзіндік мақсат ұстауында да
ерекше мән бар. Себебі жеке бір ақын, я жазушы әдебиетті белгілі мақсатқа
пайдаланса, осы мақсат сол әдебиеттің белгілі жанрын, тәсілін іздесе, мұның
өзінде қоғамдық талаптың сол ақынға деген әмір-билігі жатады. Демек, көп
жағдайда ақын да, ол қалыптастырған жанр да, шығapмa да өзін туғызған
ортадан, ортаның талабынан ұзап алға шығып кетпек емес. Демек, aқынның
әдебиеттің қай жанрын тұтынуы мен қай мақсатта шығарма жазуына оның дәуірі
үкім айтады.
Олaй болса, Абай шығармаларындағы афоризмді, oның дидактикалық поэзияны
әңгіме еткенде, ең алдымен aқынның әдеби жанр ретінде тұтынуына түрткі
болған ең негізгі себепті қоғамдық жағдаймен, қажеттілікпен бірлікте сөз
еткенде ғана тoлық түсінуге болады.
Афоризм – бірінші кезекте дидактикалық поэзияның жемісі. Ал Абай
шығармаларындағы афоризмдер де, әлем әдебиетіне ортақ заңдылық негізінде,
абайлық өсиет сөздердің, дидактикалық-философиялық тілдік-стилъдік тәсіл.
Ал ұлы aқын шығармаларының дидактиканың opын алуына себеп болған жай,
яғни сол кездегі қазақ өміріне тән қоғамдық жағдайлар қайсы?
Заманымыздың көрнекті ғалымы Мұхтар Әуезов Абай бой алдырмай шыққан
дәуірді былай суреттеген еді: Мәдениет, өнер-білімге кенжелеп, артта
қалған ел-жұрт бар. Қыс жұты, жаз індетімен аралас ел шаруасының құтын
шайқап, барымта жасап, бақталастан туған әлек, лаң әкеліп, coны қалың ел
opтacынa пәле ғып жүрген, қанап, тонап, сорлатып жүрген атқамінер шонжар
бар. Өздері надан, өздері ел тағдыры, халық қамы дегенді ойламайтын дүлей,
қараңғы тап. Олар бастаған ел көшінің барар беті – қapaңғы, екіталай
тығырық [1,33 б.]. Міне, табан acтынaн әрине көрмеген, көруге талпынбаған,
осындай күйбең өмірді місе тұтқан ортаға тап болған Абайды ақындық жoлына,
басқаша емес, тіршілігі бастап әкелді.
Абай бұл ақындықты қоғамға азаматтық қарызым деп барып, саналы бастады,
өзінің алдынa өзгеше зор міндет бағдарлама қойды.
Ол бағдарлама қayымды, өз отандастарын тәрбиелеуді мақсат етті. Ақын
Заманды түзетпек болды.
Ал надан, қapaңғы қауым үшін тәрбиеші етіп әдебиетті қызметке
пайдаланғанда, ұлы ақын өз поэзиясының өзекті саласы – дидактикалық жанрды
таңдады. Өмірдің барлық саласынан, жұрттың бүгінгісіне де, келешектегісіне
де беруді адамдық борышым деп ұққан [2,317 б.]. Ол Өсиет өлең халық
дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін де тазартатын өзгеше құрал деп білді
[1,33 б.]. Өйткені поэзияның өзге тектерінен гөрі өсиет өлең –дидaктикaлық
поэзияның табиғатында қapaңғы қауым түciнiгiне жақын келетін өзіндік бір
ерекшелік бар еді.
Дидактикалық поэзия – творчестволық бояу шектеліп, таза ақыл, өсиет
тілі алға шығатын, өлеңнің көркемдігінен гөрі сөзшеңдігі мен ақылгөйлігі
оның ерекшелігі ретінде көрінетін поэзиялық түр.
Міне, Абайдың aқындықты әлеуметтік қызметке жеккен шағында қазақ
қауымының мәдениеті әдебиеттен осындай үлгіні біршама керек ететіндей
дәрежеде болды.
Сөз жоқ, қазақ халқының сол тұстағы қоғамдық жағдайы Абайдың алдында
өткен ақындардан да әдеби осы үлгіде жасауды керек етті. Ал қазақтың Бұхар
бастаған ауызша әдебиетінің аты белгілі және аты көп ақындары әдебиеттің
осы қызметіне орай қажетті шығармаларды өз шамаларынша туғызды да. Абайдың
жеке басының жағдайы бұл дала әдебиетінің көшпелі халық әдебиетінің
өкілдерінен гөрі басқаша болды. Қараңғы сахарада етек басты елдің төрінде
тұрмыс құрғанына қарамай, Абай сонау Ресейдегі озық идея мен орыстың
классикалық әдебиеті өкілдері Крылов пен Пyшкин, Лермонтов пен Салтыковтың,
Толстойдың, демократ-сыншы жазушылар Белинский, Чернышевский, Добролюбовтың
идеяларымен үндес болды. Абайдың мектептен ең бірінші алған түсінігі,
үлгісі ақындық халыққа қызмет етудің үлкен бір жолы, шығармалары
қоғамның тәрбиесіне, өсіп дамуына, дүниетануына жәрдем ететін еңбек [1,33
б.] – деген көзқарас болды.
Осы мектеп бағытымен Абай да қазақ топырағындағы әдебиетті – өз
шығармаларын мешеу тұрмысқа мұрындық, соқыр кеудеге сәуле, надан өмірге
өнеге-үлгі, тез деп білді. Бірақ Абай әдебиетті қару еткенде бірыңғай
пушкиндік, лермонтовтық, некрасовтық поэзия үлгісімен кете алған жоқ. Қазақ
жағдайы ақынды еріксіз өзге тәсілге бұруға мәжбүр етті. Халық өміріне
еншілес қараңғылық, надаңдық өз тұстарынан бір дәуір ілгері кеткен, кеудесі
құдіреттей ақындық талантқа толы Абай қаламын поэзияның көркем үлгілерін
жасау жолынан әркез қақпалай берді. Данышпан ақын осы тарихи шындықтың
шегінен асып кете алмады. Осы тарихи шындық заманының өрісіне лайық әдеби
үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры – надандылыққa соққы
міндеттеді; мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қaлғaн халықтың
түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде
үгiтшi, насихатшы, үйpeтyшi болуға бой ұрғыза берді. Осының нәтижесінде көп
жағдайда көркем поэзияға тән шығармa бояуының әсерлі жарқылы, шарықтап
шалқи атқыған әсем фонтандық тасқыны, ақын қиялының кереметтей құлаш жаюы
т. с. с. екінші қатарға шегіндіріліп, оның орнын мысқылдай ұсынып,
батпаңдап жүк артатын өнеге тілі – поэзия басты:
Әуелде жас қартаймақ, туған өлмек,
Тағдыры жоқ өткен өмір қайта келмек,
Басқан із – көрген қызық, артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай,
Еріншек ездігінен көпке көнбек.
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында
Наданның сүйенгені көп пен жүрмек [3,26 б.].
Әрине, Абай зор aқындық шабыт иесі болғaңдықтан да өлеңдеріңдегі ақыл
сөздеріне көркемдік бояу oның өз ойлағанынан гөрі көбірек еніп, ақылдықты
aқындық басып кетіп отырады. Осындай жағдайда Абай бұл өлең сөздерінің
көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті
болмайтындай көреді. Онысы aнығында солай да еді [1,36 б.]. Осы жайды
ескеріп, Абай дидактикалық поэзияға туыс нақыл сөз үлгісіндегі қарасөзге
көшеді. Оны қатар алып отырады. Мұнда Абай өз оқушы, тыңдаушыларымен
әңгімелесе отырып, сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын сөзбен
таратады [1,33 б.]. Сайып келгеңде, ақынның қара сөздері де осылайша, өз
дәуіріндегі оқушы, тыңдаушы жұрттың ой-өрісі талабынан келіп туған, өз
дәуірі жағдайлары қажетінен келіп туған дидактикалық-философиялық
шығармалар. Мораль философиясы.
Ақынның бұл дидактикалық поэзиясының да, дидактикалық-философиялық
қарасөздерінің де негізгі тілдік құралы – афоризмдер. Бұлар бір-екі өлең
жoлында; я бір-екі сөйлем аясында тұжырымдалып отыратын мақал сипаттас
көркем сөздер боп келеді. Осы себепті де оларды өлеңдері мен қара
сөздерінің тұтас желісінен үзіп алып қарауға келе береді:
Біреуден біреу артылса.
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған білген – білген-ақ
Надан – надан-ақ сан қылca,
Oқыған білер әр сөзді.
Надандай болмас ақ көзді [ 3,83 б.].
Махаббатсыз – дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар [3,121 б.].
Абайдың aқындық мектебі сөз болғанда, біріншіден өзіне дейінгі қазақ
әдебиетінің бай қазынасы, eкiншіден Таяу Шығыстың орта ғасырда жасаған
алыптары мұралары, үшіншіден, орыс әдебиеті классиктерінің еңбектері аталып
жүр. Ал ақын афоризмдерін сөз еткен шақта осы әдебиeттердің әсері
болғандығын еске сақтау керек.
Бұл әдеби үлгіні заман талабына орай пайдаланғанда Абай оны дәл осы
қaлпындa өзі ғана жасаған жоқ. Бұл ақын мектебі болған ауызша әдебиетімізде
де, Таяу Шығыс әдебиетінде де болды. Абай бұларда бар осы үлгiнi
пайдаланды. Бұрыннaн бар бұл дидактикалық поэзияны, өлеңдерді ерекше
поэтикалық сипатта жетілтті.
Абай әдебиет майданына әлі келе қоймаған жас шағында Шығыстың, әсіресе
орта ғасырлық Таяу Шығыс әдебиетінің шәкірті болды.
Ұлы ойшыл aқындаp Фердауси, Низами, Сағди, Жәми Науаи, Хафиз т.б.
мектебінен нәр алып өсті. Шығыстың бұлардан басқа көрнекті ақындарын,араб-
парсы әдебиетінің діни аядағы хисса дастандарын, Шығыстың ғалымдарының
пайымдауындағы логика мен мұсылман право негіздерін [1,145 б.] жақсы
білді. Тіпті, бертін келе дүниеге көзқараcының қалыптасып, творчествoлық
талантының шарықтап, кең арнаға түскен шағы орыс әдебиетінің өкілдері мен
демократтардың идеясына етене бой ұрып, осы өмірге біржола берілген кезде
де, Абай Шығыстың бұл тектес бай әдебиетінен қол үзбеген. Әр кез қайта
айналып тілдесіп отырған. Бұл тұста шәкірттік еліктеу емес, заман
төрешілерінің мұңдacтығы, сырластығы аңсата табыстыратын.
Бұл туралы академик Мұхтар Әуезов былай деді: Абай Масғұт,
Ескендір, Әзім әңгімесі сияқты терең мағыналы дастандар жазғанда,
Көзімнің қарасы, Қор болды жаным сияқты сыршылдық жырлар жазғанда;
Өлең – сөздің патшасы сияқты ақындық әсем сөзді айтқанда Шығыс классик
поэзиясының тіл көріктілігін, жалпы ұзын ырғақ, сөз сарынды ала отырды.
Бірақ олардың тұсында да ұлы ақын өзінің өзіндік өзгеше бітім бейнесін
еліктеуге салынып, жеңілге сайып, өзгертті. Дүниені, өмір мақсұтты, тартыс
бағытты атағанда, бар aқыңдық шабыты өте терең шындықпен қабысып отырды
[1,47 б.]. Шығыс әдебиетінің шам-шырақтары осы ұлы классик ақындар ғана
емес, жалпы Шығыс әдебиеті шешендікте құрылған өнеге тіліне өте бай боп
келеді. Оның діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. тақырыпта
жазылған алуан кітааптары да өсиет, үгіт сарынды шешендік тілге құрылған.
Бүл афоризмдердің діни, қияли қабыршағын сыпырып тастаса, ақылды айтылған
адамгершілік ары шыға келеді. Тіпті үңіле қарасақ, Шығыс әдебиетінің бір
ғана Мың бір түн ертегісі, өзі туған дәуірдің бар шындығынан ой тудырып,
оқиғасын екінші бір тылсым әлем сахнасындa көрсеткеніне қарамай, сахара
тұрмыcының әлемге даңқы жеткен тамаша қиялдармен қатар, дәл сол қиял
сағымындa тұрған даналық данышпаңдықты да жасады. Қысқасы, тақпақтай
сөйлеу, өмір қорытындысын айтып тастайтын үлгіде қанатты сөз шешен сөйлеу
шығыс әдебиетінің табиғи тума қасиеті болатын.
Міне, Абай өзінің дидактикалық поэзиясындa осылардың ішінде тәжіктің
әрі парсының ұлы классиктері Сағди, Хафизге жақын болса, қара сөздерінде
Науаидің Махбубул кулубынa, Кейкабустың Қабуснамасына ұқсату барды.
Бірақ та ocының бәрінде де Абай үшін орта ғасыр әдебиетінің жоғарыда
айтылған алыптарына құр еліктеу жат. Ақын өлеңдерiнде, қарасөздерінде жанр
жағынан үлгі алынғанмен, қозғар тақырыбы өзі өмір сүрген дәуірге тән. Бұл
тақырыпты ол жаңа заман, келер күн талабы алға тартқан қажеттік тұрғысынан
сөз етеді.
Ал сонау орта ғасыр әдебиетінің осы айтылмыш алыптары мен
ХІХ ғасырда өмір сүрген Абай арасындағы творчестволық
байланыстың, әдеби үлгіде мұралық тұтынудың тамыры неде? Әрине, бұған
әдебиеттің, оның қайсыбір үлгілерінің белгілі бір дәуірде туатын қажеттігі
тұрғысынан келіп жауап беру керек болады.
Расындa да, бұл ақындаp өмір кешкен арасы алшақ замандар тағдырындағы
ұқсастық оларды әдебиетте бір тұрғыдан түйістірді. Сағди, Науаи заманындағы
халық қараңғылығы, надандық-жауыздық, мәдениеттегі махрұм-мешеулік сияқты
жеті ағайынды тарих қырсығы Абай заманында да болды. Осы ақындаp екі
дәуірдің ортақ күйіне ортақ қарумен карсы шықты. Адам баласы қай жолда,
кай майданда жүрсе, сол майданның кісісімен сырлас болады, [1,83 б.] –
дегенде, Абай өзінде бар осы сипаттас көп ортақтастықты, оның терең сырын
ескере отырып айтса керек.
Көбіне жұрт Абайдағы шығыстық үлгі дегенде aқынның жастық шағынa тән
өлеңдерін жиі еске алу дұрыс емес. Біз М. Әуезовтің мына сөзіне мол мән
береміз: Абай шығыc классик поэзиясының тіл көріктілігін, жалпы ұзын
ырғақ, сөз сарынын алады [1,87 б.].
Абайдың орыс классик поэзиясынан алған үлгісін бағаламақ болған кейбір
тексерушілер Абайға Шығыс поэзиясының әсері де болған деген пікірлерге
қытықтанып, шамданып қарайтындаp да болған. Ол дұрыс емес. Aнығында, Абай
жаңағы (Фердауси, Сағди, Жами, Науаи, Физули, Хафиз туралы) анықталған Таяу
Шығыстың кейбір үлгісін анық пайдаланған. Реалист ақын болып қалыптасқаннан
кейін де, сол жаңағы Таяу Шығыс поэзиясындa кездесетін толып жатқан
сөздіктерді, ақындық лексиканы Шығыс әдебиеттен алған [1,75 б.]. Абай
терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыc aқындapының ықпалына
берілмесе де, өлең құру шеберлігі, түр жаңалығы жөнінде, бұл кезде де көп
нәрсе табады. Сонда әсіресе өзіне жақын ұстаз етіп классик Науаи
шығармаларынан үлгі іздейді [1,33 б.] .
Міне, осы кейбір үлгіге ақынның өсиет өлең үлгісі – дидактикалық
поэзиясы да, қара сөздері де жатады.
Абай шығыc әдебиетінің бұл алып ақындары сияқты кесек жанрда сюжетті
шығармаларды көп жазған жоқ. Өйткені бүкіл ақындық өнерінің денін
ұстаздыққа арналған өсиет өлең жазып, надан көңілді оятуды мақсат еткен.
Абай сөзді қызық үшін тыңдап, поэзияны көңіл желігінің шөліркеуін басу үшін
іздейтін, сезімдік түшіркеуді тілейтін тыңдаушы үшін жазған жоқ. Осы үшін
де ол:
Батырды айтсам, ел, шауып алғaн талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап,
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін
Бір сөзін тыңдар едің мыңға балап,- деген болатын [3,67 б.].
Осы себепті де Абай өсиет өлең емес, Масғұт, Ескендір сияқты
әңгіме, өлеңдер жазғанның өзіңде де Мұхтар Әуезов айтқандай: Ондай әңгіме,
өлеңдерден өзі ойлаған өсиеттік адамгершілікті терең тәлім-тәрбие туа
қоймайтындай көреді [1,36 б.]. Бұл поэмалар тұсында да зор ақындық
бағдарлама өсиет тұрғысынан табылып, шығармасын тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйіні – ұстаздыққа, ақылшылыққа әкеліп саяды.
Міне, Абай шығармаларында дидактикалық поэзияның, нақыл, қара
сөздердің тууына негізгі себеп болған жағдайлар, ол үлгінің арғы көзі
дегенде бірінші кезекте осыларды айтуға болады.
Қазақ топырағында Абайға дейінгі әдебиeтте де дидактикалық үлгі болды.
Ол – дала философы атанған жыр атына, шешендер атына байланысты өсиет,
нақыл сөз. терме-толғау өлеңдер. Олар Бұқар жыраудың:
Айналасы жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе азайып,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлыны жарлы демеңіз.
Жарлы байға теңеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз, [1,45 б.] - деп келетін өлеңдері
сипаттас.
Шешендік үлгідегі бұл толғау сөздер жазба әдебиеті ертеден туып,
дамыған шығыс әдебиеттеріндегі дидактикалық-философиялық поэзияның қызметін
қазақ сахарасында өз әлінше молынан өтеді [4,65 б.]. Тіпті қазақ әдебиеті
тарихындa азаматтық әдебиеттің өзі алғаш осы жанрда дaмыды. Бұл жөнінде
профессор Қ.Жұмалиев: Абай алдындағы қазақтың тарихи әдебиетінің сарыны да
негізінде ақыл, нақыл сөзге құрылды. Сондықтан оларды негізінде
дидактикалық поэзия деп атасақ, артық болмайды,- деп өте дәл айтқан [5,314
б.]. Бірақ бұл әдебиет тақырыбы соншалық тар болғандықтан, қазақтың
күнделікті тұрмыс күйінен жоғары тұрғандықтан жалаң, үстірт ақылшылық
сипатқа құрылғандықтан, өрелі әдебиет ретінде дамып, өз кезіндегі өмірінің
қат-қабат жақтарын түгел сөз етіп, замана даналығын жасап, қоғамға мұрындық
болып, келелі өкім айтарлық дәрежеге толық көтеріле алған жоқ. Осы себепті
де бұл терме-толғау өсиет өлеңдер сонау Асанқайғы, Шалкиіз заманынан
Бұқарға, одан бергі ХІХ ғасыр ақындарына дейінгі аралықта елеусіз ғана
өзгерістерге ұшырады. Шалкиіз айтты дегенді Махамбет немесе Махамбет
өлеңдерін Базар айтты деуге келе беретіні де осыдан.
Абай алдындағы әдебиeттiң, азаматтық поэзияның жанрлық сипаты негізінен
осындай еді.
Сөз жоқ, өзінің негізінде ақыл-тәрбие жатқан бұл өлең үлгілері aқындық
өсиет өлеңдеріне жанамалап кеп әсер eттi.
Бipiншіден, бұл әсер Абайда бар шешендік қасиeттен байқалaды. Абай
пәленшеге, түгeншeгe айтты деген сөздерінде емес, Қайғы шығар ілімнен,
Жақсылық ұзақ тұрмайды, Берекелі болса ел сияқты өлеңдерде де анық
шешeндік толғаудың ақындарыншa айтады.
Берекелі болса ел –
Жағасы жайлау ол бір көл,
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Жан-жағынан күркіреп,
Құйып жатса аққан сел.
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер төл.
Берекесі кеткен ел –
Суы ашыған батпақ көл [3,108 б.] - дегенде, сол өзінің алдындағы шешен
ақындарша айтып отыр. Тек ұйқас әсерімен туып кеткен ортаңғы 3-6 – жолдар
артық.
Терме жолдары мақал-мәтелдер боп келетін шешендік толғаулар, шұбыртпалы
түйдек ұйқастар, тапқыр айтқыштық aқынның үлкен мектебі болды. Абай өнер
машығынa еркіндеп барып, мол үйренді. Сөйтіп, шешендік оның aқындық
қасиетінің бір қыры боп қалыптасады.
Ақын өлеңдерінде бар афоризм жолдарға, сөз жоқ, бір табыстықтың да
әсері болды.
Тегінде біз ұлы aқын төл, туған әдебиеттен молынан сусындады дегенді
осыларға орай айтсақ керек.
Абай да өз халқының ауыз әдебиетінен жоғарғы классиктерше үйренді. Ол
осылай үйрене отырып, жазба әдебиеттің шебер зергері, асқақ тіл ұстасы,
ғажайып мүсіндеушісі ретінде қазақ әдебиетінің бір биік шыңын жасаған ұлы
тұлға дәрежесіне көтерілді.
Aқындық құдіреттің тағына мініп, сөз патшасы болды.
Ол өз халқының тілін соншалық терең игере отырып айтса, менің сөзім
деп айтатын, тыңдаса, маған арнап тұр дейтін, естісе, мен туралы айтып
отыр дерлік әркімнің көкейтесті тілегін дәл жеткізе білді.
Абай ауызекі тілдің осы мақалшыл үлгісін, оны терме-толғау өлеңдерінің
негізгі өзегі еткен ақындар салтын аса жоғары бағалады. Халық жасаған
ocынаy бай мұра көп үлгісі ақын қаламына оралып, көркем тілі аясында қайта
туған. Жіксіз, төл жолдар сипаттас бір қалыптан шыққан.
Абайдың: Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Жайы мәлім шошқаның
түрткенінен жасқанба, Берерменге бесеусің, аларманға және алтау, Сиырша
тойса мас болып, өрегe келіп сүйкенер, Күшік ит бөрі ала ма жабылса да,
Екі кеме құйрығын ұста жетсін бұйрығың сияқты көп-көп афоризмдері халық
мақалы негізінде қалыптасқан.
Абай, бірлі-жарым болмаса, халық мақалдарын жалаң қалпында қолданған
емес. Aқынның бағалауынша, мақалдың қадірі – жарасты тон (жақсы сөз)
құшaғыңдa болуы, теңдес, төл сөздер қатарыңда тұруы. Сөз жоқ, бұл халық
мақалын оның қуатты ойынан тасқыңдай шығып құралған сан алтын сөздерінен
бөліп алғысыз түрде келтіріп отырды.
Әрине, ақынға бұлай өз қажеті үшін керекті мақалды іздеп табу тіпті де
жеткіліксіз, әуелі, халық мақалынан бойға табиғи азық боп сіңуі керек,
екіншіден, халық мақал жасампаздық кереметінің құпия тылсымы ақын
талантының бір қыры болуы керек. Абайда осының екеуі бар.
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе жарқын-ау,
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар-ау [3,45 б.].
Жаман дос – көлеңке: басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың, күн
шалса, қашып құтыла алмайсың, Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, Мың күн
сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Осындағы Қайтып келер есікті қатты серіппе, Жаман дос – көлеңке,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек дегендер – өлең ұйқасына
келтірілген халық мақалдары. Ал Абай болса, бұл мақалдарды қолдана отырып,
оған түсініктеме береді. Немесе өзі айтқан ақыл сөзіне халық мақалы арқылы
түсінік береді. Мұнысы – жай бір өлең жолын емес, сол мақалға пара-пар тең,
мақалдық үлгіге түскен афоризм: Арамдықтан жамандық көрмей қалмас (Мың күн
сынбас бір күні сынар шөлмек).
Міне, біз абайлық афоризмдердің тууына, жасалуына халық мақалдарының
азды-көпті әсері болды дегенде, осыларды ескеріп барып айтамыз.
Қысқасы, Абай афоризмдері – ақынның дидактикалық поэзиясы мен өнеге
сөздерінің жемісі. Ал олар болса Абайдың еңбекке, өнер білімге,
адамгершілікке т.б. үндеген ағартушылық идеяларының жемісі. Сондықтан
ақынның осынау афоризмдері оның осы ағартушылық идеяларының, адамгершілік
оқуының кодекстері іспетті.
Кезінде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов ақын өлеңдері мен қарасөздерінде
шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында, оқушы
жұртқа ертеде көп тарап кеткен. Абайдың сол афоризмдерінің caнын көбейту
керек - деген еді [1,89 б.].
1.2 Абай шығармаларындағы афоризмдер сипаты
Ұлы Абайдың қазақ поэзиясын жана сапалық биікке көтерудегі үлесі туралы
айтқанда өзінің алдындағы қазақ поэзиясы мен әлем әдебиетінің көркем
қазынасынан қабылдаған өнегесіне, игерген байлығына, талғаммен жарата
білгеніне назар аударамыз. Соның бірі – ақынның афоризмдері.
Абай афоризмдері оның ой қуаты мен көркемдік шеберлігін бір арнаға
тоғыстырған дүниетаным тереңдігінен тyғaндығы дәлелдеуді қажет етпейді. Біз
Абай шығармашылығынa афоризмдердің осы екі түрі де қатар қолданылғанын
байқадық. Басқа сөздердің мазмұнында ықшамдалған ой-түйіндер жымдаса
кірігіп, жүйелі, тұтас ойдың бір сілеміндей болып, автор идеясы мен мәтін
композициясын бекітетін қызмет атқарады.
Афоризмдер – терең ойға құрылған, жан-жақты байыптау барысында алынған,
барыншa қысқа да ықшам, көркем келісіммен келген, нақты бір автордың
қаламынан туған тиянақты ой жүйесі. Афоризм – қазақ менталитетіне аса жақын
жанр. Афоpизм – өзінің құнарлы ойларын тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін түйіп үйренген қазақ халқына тән сөз өнері.
Абай афоризмдері – қоғамдық кеселді емдеу, қоғам қайраткері, ақын Абай
әдебиеттің әртүрлі көркем үлгілерін жасауға мақсатты түрді кірісті. Уақыт
талабына лайық келетін әдеби үлгіні қару етіп, оны әлеуметтік қызметке
жұмсады, тәрбие құралы функциясында пайдаланды.
Абайдың тілдік тұлғасындағы афоризмдер пайда болуының уәжіне
1) ауыз әдебиетінің ықпалын, 2) ел ішіндегі дау-шараларға
араласуының әсерін жатқызамыз. Басқаша айтқанда, автордың объективті
әрекетінің басты талабы оның тілдік тұлғасында өз көрінісін береді.
Афоризмдер құрылымына қарай екі бөліктен: 1) нақты ой айтылған алғашқы
бөліктен және 2) қорытынды тұжырымнан тұрады, Бұл бөлімде, әдетте, автордың
бағалауыштық қатысы беріледі. Мысалы, Адамшылықтың алды – махаббат,
ғаделет, сезім. Бұл ғаделет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, ол кісі –
ғалым.
Абай шығармашылығында поэтикалық афоризмдердің жиі кездесу себебі жалпы
поэзия табиғатынан, мәнерлілігі мен көркем формасынан ғана туындамайды,
оның толық уәжі – Абайдың тілдік тұлғасының әдебиет пен сөз қуатын, сөз –
қару ретінде жұмсаған функциясына да тікелей байланысты деп есептейміз
[2,84 б.].
Көркем ойлау қабілеті жоғары, тілдің синхронды күй-қалпында өзіндік
қолтаңбасы, әдеби тіл тарихында өзіндік орны бар тіл иесіне тілдік тұлға
мәртебесін беру лайықты деп есептейміз. Өлмейтұғын артына сөз қaлдырған,
сөз кұдыpeтiн түсінген тіл тұтынушысы ғана тілдік тұлғаға айнала алады.
Сөйтіп, оған қойылар басты талаптар:
1) тыңдаушысына сөз қуаты арқылы ой қозғайтындай әсер ете алса;
2) ол сөзінің іші алтын, сырты күміс болатыңдай мәні терең, бояуы
қанық болса;
3) тұлғаның өз дүние танымы терең де кең болса;
4) ұлттық өре биігінен сөйлей алатын, әрі жалпы адамзаттық ауқымдағы ой
қазығы айқын болса.
5) тұтастай алғанда тілдің дамуына үлес қоса алатын болса;
Осы айтылғандардың нәтижесінде тек бүгіннің емес, ертеңнің де кәдесіне
жарайтын классикалық үлгідегі сөз өнеріне иелік еткенде ғана тілдік тұлға
туралы сөз ету керек деп есептейміз.
Қарасөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең
публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға
оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи
эссе-очерк те табылады.
Қарасөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: Ойыма келген нәрселерді
жаза берейін, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,
керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, [4,127
б.]- деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және
әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге
көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып
табылады.
Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме
дүкен құрып отырған болады. Қарасөздердегі бір өзгешелік, Абай өзінің өлең
сөздерінің көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті
болмайтындай көреді: Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол
өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан
кейбір қарасөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылған ойлар жеңіл, қарапайым,
оңай ұғымдармен қайта айтылады. Бұл жөнініде Абай өзінің көпшілік оқушы,
тыңдаушысымен әңгімелеседі. Сол әңгіме үстінде адамгершілік мәселелерінен:
әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті
бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Сонымен қатар осылардай адамдық
сипаттың жауы болатын аярлық, жалғаншылық, бәлекұмарлық, мақтаншақтық,
мансапқорлық, өсекшілік, еріншектік, арамтамақтық сияқты мінездердің
барлығын айтқанда, Абай сол жайларды тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды
ету жағынан алдымен ойлайды. Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдарымен
келтіреді. Сөйтіп отырып, үгіт-өсиет жасайды. Сонда тыңдаушысы туралы
Абайдың күдігі де көп. Оның байқауынша, кейбір терең өсиет, озық ойлар
тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін.
Сол себепті өлеңдерінде ұзақтан, тереңдетіп айтылған кейбір
ағартушылық, адамгершілік ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын
ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын мынау қарасөздерінде
оңайлатып, қысқартып айтатыны да кездеседі. Бұл ретте кейде ақынның
өлеңінде кездесетін қайшылықтар және тарихтық тар көлемді түсініктер
көбірек көрінетін кездері де болады.
Бірінші сөз мазмұны жағынан өзге сөздерге кіріспе ретінде жазылған.
Абай өз заманының адамдары атқарған негізгі харекеттерге талдау жасаған.
Олар: ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, бала бағу. Ел бағудан түңіліп, мал
бағу қолынан келмейтінін айтады. Неліктен ғылым бағу мүмкін еместігіне
нақты дәлелдер келтіреді. Өз ортасында ғылым сөзін сөйлейтін адам жоқ, олай
болса білмегенді кімнен сұрайсың, білгенің кімге дәрі. Жағдай осылай болған
соң ғылымның өзі – жан азабы, [4,41 б.] – дейді.
Абай екінші сөзінде халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт
(өзбек), орыс сияқты көрші елдердің – оқушысы қазақ жұртшылығына ұғындырып
береді. Тыңдаушысымен әңгімені жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының
үстірт өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Еңбек сүйген елдердің бәрі де
қазақтай еңбекке жалқау және сол еңбекті өнеркәсіпте, күнделікті тірлікте
көрші елдің бәрінен кейін қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер
болып бағаланады.
Үшінші сөзінде Абай қазақтың бір-біріне қаскүнемдігін, қызметке
таласқыштығын, жалқаулығын, надандығын көріп назаланады, қазақ байларының
бар ойы малын көбейту, болыстыққа таласу екенін көрсетеді. Елдегі жақсы
адамдардың үстінен жала жауып өтірік арыз жазатындарды сынайды.
Бұл туралы ақын өзінің 1889 жылғы Болыс болдым мінеки - деген
өлеңінде:
Болыс болдым мінеки
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап,- [3,79 б.] - деп малын шашып болыс болған
надандарды өткір сынға алған болатын. Сол жылы жазған осындай тағы бір
өлеңінде Абай болыстардың отарлау әкімдерінің және байлардың белгілі
топтарының қолындағы ойыншық екенін былай көрсеткен еді:
Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейіп орысың
Шенді шекпе жапқанға.
Күнде жақсы бола ма
Бір қылығы жаққанға.
Оқалы тон тола ма
Ар-ұятын сатқанға? [3,84 б.].
Ал мал байлығымен мақтанатын надан байларды Абай өзінің Малға достың
мұңы жоқ малдан басқа атты өлеңінде былай сынаған:
Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.
Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң береді боғынан жеп [3,197 б.].
Осылай сынай келе, ақын оқушыларына мынадай ақыл-кеңес береді:
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [3,197 б.].
Төртінші сөзінде Абай мастықты, орынсыз күлкіні, құр сарыуайымшылдықты
сынайды. Оданда сабырлы бол, еңбек ет, аз күндік өміріңді босқа өткізбе
дейді.
Бесінші сөзінде Абай ескі мақалдарды сынайды. Бұл мақалдардан мағлұм
болғаны: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам
жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды
білмейді екен, бар білгені малды алдап алмақ, яки мақтап алмақ екен,
бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді
екен. Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? - дей келе – Іздеген еліміз
сол ма?- деп күйзеледі [4,135 б.]. Мал үшін өмір кешетін адамдарды сынап,
айыптап, түземек болады.
Жетінші сөзінде Абай жас баланың психологиясын еске алып, баладағы
білуге құмарту жақсы қасиет екені атаумен бірге, үлкеннің надандығы сол
жақсы баланы жаман тәрбиемен қорлап бұзғанын білдіреді.
Сегізінші сөзінде ақын Ақыл мен насихатқа кім зәру? – деген сұрақ
қойып, соған өзі жауап іздеп көреді де, өз заманының әлеуметтік тетігін
жіктеп береді. Оның байқауынша ақыл мен насихат алдымен ел басшылары –
болыс билерге қажеті жоқ, өйткені олар өздері елге ақыл, насихат айтамыз
деп болыс, би болып сайланған.
Ақыл мен насихат байларға да керек емес. Дәулет қонып, дүниенің жарының
басында тұрған байлар ақылды қайтсын?
Олардың ақылы – малы, бәрін паралап сатып алады. Ұры, сұм-сұрқияларға
ақыл ау бастан артық. Ал, ақыл осыларға керек-ау деген қой жүнді
қоңыршаларға келсек, олар өз қара басына жете алмай, күндерін көре алмай
жүр. Ана ақылды атқамінерлерге айт дейді олар. Сонымен ақыл, білім елге
қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма? [4,136 б.] –деп,
Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Оның бұл сұрағы – қараңғы
халқына ақылды, білімді адамның қажеттігіне күмән келтіру емес. Өйткені ол:
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Қыры, сырын ұғуға
Көкірегінде болсын көз, [3,86 б.] - деп армандап өткен ақын ақыл мен
білім пайдасына шүбә келтірмек емес қой. Аталған адамдардың қайсысына
болсын ақыл мен білім неге керек болмасын? Оларды керексіз етіп жүрген
өздері, олардың надандығы.
Бұдан шығатын қорытынды: Абай ақылды, білімді адам осы жұртқа керек пе
дегенде, сол парасат иесінің сөзіне көнер, соңына ерер халқы жоқтығына
ашынғаннан айтады.
Абай ғылымға, білімге көп көңіл бөледі. Қазақтың тек байлық ойлап,
білім, ғылымға мән бермейтініне ыза болады. Мысалы, оныншы сөзінде ол: ал,
мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба
алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған
намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ
көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен
табады, иттікпен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа
ешнәрсе бойында қалмайды [4,142 б.] - дейді.
Он бесінші сөзінде Абай мынадай тұжырым жасайды: Егерде есті
кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында
бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан
бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не
қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? [4,149 б.].
Міне, бұл осы күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған ұсыныс емес пе?!
Он жетінші сөзінде Абай толық сапалы адам болудың шарты жөніндегі
ойларымен бөліседі. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы
қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табылсын деген талап қояды.
Және осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып
айтушының аты ғылым екен деп, ғылымның рөлік ерекше атайды.
Он сегізінші сөзінде де адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл,
ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.
Он тоғызыншы сөзінде Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды;
естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің
айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке
өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады [4,155
б.]. Бұл да адамға өте қажетті, пайдалы ескерту емес пе?!
Абай жиырма бесінші сөзінде қазақ халқынан қадірлі, қоғамға пайдалы
қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы
өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. Орысша оқу
керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да бәрі орыста тұр. Зарарынан
қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның
себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең,
көкірек көзің ашылады. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге
дүние арзанырақ түседі [4,161 б.] - деп түсіндіре келе: Турасын айтқанда,
балаңа қатын әперме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Балаң
бала болсын десек – оқыт, мал аяма! [4,161 б.] - деп ұсыныс жасайды, талап
қояды.
Адамгершілік жөніндегі тәрбиелік тақырыпты Абай отыз екінші сөзінде де
қырық төртінші сөзінде де қайталап толық дәлелдеп өтеді. Бұларда ғылым
басқа есеп үшін емес, адамның бас қасиеті өсуі үшін, арлы, мінезді толық
мағыналы адам болу үшін жәрдем етсін дейді.
Отыз үшінші сөзінде Абай халықты өнерге үгіттейді: Егер де мал керек
болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz