Абылай тұлғасының қалыптасуы. Абылай ханның саясаттағы орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...2
I тарау АБЫЛАЙ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ..14
1.1 Абылайхан жөнінде тарихи мағлұмат ... ... ... ... ...19
1.2 Абылай- қатардағы сарбаз жауынгер ... ... ... ... ... .26
1.3 Жас жігіт Абылай үш жүздің сайлауында хан сайланады
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

II тарау Абылай ханның саясаттағы орны
2.1 Абылайдың саясаткер ретінде қалыптасуы
2.2 Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты
2.3 Абылайдың саясаткер ретіндегі іс-әрекеті кейінгі ұрпаққа баға жетпес
мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .64
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ..69

Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Дамуға бет алған әр халық, өзінің қайдан
шыққаның, дамығаның, тарихи қалыптасу кезінде бастан не кешкенін,
есте сақтамайынша, қазіргі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол,
қиындықтардан өткенін есте сақтауы қажет. Республика президенті
Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих дегеніміз тек өткеннің ғана
сабағы емес, өткен өмірдін мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап
беретін құрал.
Бұған дейінгі болған қоғамдардың тарихы - тап күресінің тарихы
болды деген кенестік белгілі қағида қазір ескірді. Тарихи жағдай
өзгеріп отырғанымен ол негізгі өлшем ретінде алынды, қоғамдық өмір
тек тап күресі тұрғысынан қаралып келді, басқа қатынастар көзге
ілінбеді. Қоғамтанушылар сол тап күресінің өзің жүргізушілер адамдар
жекеленген тұлғалар екенін назарға да алғысы келмеді. Сөйте тұра
белгілі орыс философы С.Н. Трубецкой өткен ғасырдың өзінде - ақ былай
деп жазған болатын; "анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол
арқылы ғана идея іске асады". Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі
мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи
тұлғалардың әрекет ететін аренасы. Мәселе қоғамдық құбылыстарға тарихи
тұлғалардың жасайтын әсерінің, осыған сәйкес олардың тарихтағы орынының
айқындалуында.[1-3] Бұл орида ұлы неміс философы Гегельдің айтқаның
еске алмай болмаиды; "Тарихи тұлғалардың ұлылығы жалған емес, аса қажет
те әділ, ұлы дүниені жүзеге асыра білуінде ". Осындай тарихи тұлғалардың
қатарына Абылай да жатады.[2-3]
Халық әр ел-тізгінін ұстаған білікті билеушілерін естен шығармай, олардың
жамиғат алдынғы өшпес қызметін қанатты сөздермен мінездеп отырған.
"Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескіжол" деген секілді бейнелі
тіркестер тасасында терең мағна жатқаны анық. Қазақстың ең әйгілі
қандарының бірі әз Тәуке болса, оның тұлғасы төңірегінде жылы
лебіздер мол айтылатыны мәлім. Басқ да белгілі хандар мен сұлтандардың ел
үшін елеулі әрекет жасағандары жұртшылық ілтипатына
бөленгенін байқаймыз. Сонда да болса солардың бәрінен де хан Абылай
даңқы басым жатады. Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым
әйгілісі де , халық әдебиетінде көркен бейнесі жарқын мадақталғаны да
Абылай екені мәлім. Қазақ қауымының сан буыны қысылғанда медет көріп,
намыс кегі қайралғанда ұран етіп шақыратыны да Абылай есімі
болған.Тек сонғы қой жылының той ауанымен Ғылым академиясы ғылыми -
теориялық конференция ұйымдастырып, оның сан- саласы қайраткерлік
қызметін, қахармандық ерлігімен ойшықтап көрсетер қыруар құжаттар мен
деректерге жұртшылықтың көзін ашқандай болды. Бақсақ, Абылай парасатты
елбасшы кеменгер саясаткер ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен.
Қазақ халқының азаматтығы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан аты
аңызға айналған талай батырлар, басы қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей
болып соның ақыл кеңесіне жүгінгей, қажет жерінде жігер -күшіне сүйенген.
Небір күрмеуі қиын күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасына
салып кеңінен кеңісіп, келел байлай жасаған Төлемен Әйтеке, қаздауысты
Қазыбек сияқты кеңтолғар кеменгер билердің , Бұхар жырау сияқты от
ауызды , орақ тілді, дамағой ақындардың ақылына жүгініп , болашақ
ісіне бағдар алып отырған. Осының өзі-ақ оның халықтың қайнаған
ортасынан шығып соның мұңын мұндап, жоғын жоқтап , сойылын соққан қайраткер
екемін қапысыз аңғартса керек. Қозғалып отырған тақырыптың басты мақсаты
мұнда хан болып өткен бабамыз Абылайдың жаны таза, атақты ыбырайлы ,
ешкімге бағынбаған өзінше биік, өзінше саясат жүргізген, қайраткерлік
кемелдігі шырқау шегіне жеткен, сыртқы саясатта өзін өзгелерден
асыра білген, өзінің дарындылығының арқасында керегесі биік елдермен,
қазақ елінің қабырғасын теңестірген, санасуға мәжбір еткен , ішкі
саясатта үш жүздің басын қосқан , ел арасындағы алауаздықтың ауыздығынан
тартқан, бір тұтас қазақ мемлекетін құрған ардақты бабамыз Абылай
ханның жетістіктерімен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария ету еді.
Күні кешегі хан біткенің бәрі қанішер, қанаушы байдың бәрі қаныпезер
қарау, би атаулы әділетсіз, алаяқ, батыр болса безбүйрек деп бағаланған
қатаң заманда , алты атасынан уызы арылмаған ақсүйек деп Абылайдың
ісінің дұрысы да, бұрысын да теріске шығарып тарихтан сызып тастауға
таялған едік.
Өткенімізді саралау - ертеңімізді бағалау болмақ тарихимызда
таразылаитын, ардақтыларымызды қадір тұтып мақтанатын игілерімізді
танитындай уақыт жеткен сияқты.
Қазақ тарихында Абылай хан атының ардақ тұтылып, жиі аталатыны, Ұлы хан
ретінде үш ғасырдан бері қаншама жыр-дастандарға, аңыз-әфсаналарға кейіпкер
болған бабамыздың тарихи бейнесі туралы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан
Уәлихановтан асырып айту қиын. Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай
айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай
дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры [1-2 ].
Осынау шындықты одан әрі дамытып: Мен үшін Абылай заманы ғана емес,
бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тәуелсіздігі үшін күрес сияқты
көрінеді. Ел бостандығы, ұлт тәуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да
төбеден түскен сый болмаған. Ол әрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық,
жанпидалық еңбегінің, күресінің нәтижесінде ғана келгенін ешқашан
ұмытпауымыз керек [2-4], - деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөздері еліміздің
әрбір зерделі деген азаматына ой салуға тиіс.
Тәуелсіздік туын көтеріп ес жиып, етек бүтіндегеннен бері қазақ
тарихында Абылайдың алатын орны туралы жазылып та, айтылып та келеді.
Абылайтану деген арналы тақырып аясына сол айтылғандар мен жазылғандарды
жисақ, оған өткен ғасырлардан өшпей жеткен қисса-дастандарды, аңыз-
әңгімелерді қоссақ, көрнекті кітапхана болар еді. Ал, сол кітапхананың ояң
тұсы қайсы? Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін Абылайдың өмірі мен
қызметіне қатысты құжаттар мен деректік материалдар жиналып, бір жүйеге
келтіріліп, қазақ тілінде қалың қауымға жол таппағаны кемістік еді.
Айта кету керек, мұндай құнды деректердің біраз бөлігі құрастырылып,
түпнұсқа тілінде ертеректе жарық көрген де еді. Орыс тілінде шыққан мұндай
жинақтар кезінде зерттеуші мамандардың кәдесіне жарап келді. Тарихшылардың
әрбіреуі өзі қаузаған тақырыпқа қажет мағлұматтарды басым идеологияға
бейімдеп, түп-нұсқа мәтінінен үзіп алып, пайдаланып келді. Кейде сол
үзінділердің тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалау үшін, қазақты кемітіп,
оның өткеніне жала жабу үшін ұқсатылғанын да көрдік.
Бұдан үш ғасырдай бұрын қағазға түскен деректерді бүгінгі ұрпақ үшін
өз қажетіне жарата қою оңай еместігін мамандар біледі. Уақыт алшақтығына
байланысты түпнұсқа тілін түсіну қандай қиын болса, мұрағаттарда жатқан
құжаттардың әлібін ажырату да оңай емес. Оған арнайы дайындық, білім керек
екендігін басынан кешкен зерттеушілер жақсы біледі.
Ұсынылып отырған жинақтың сипаты жөнінде бірер сөз. Мұнда бұрын орыс
тілінде жарияланып, аз таралыммен шыққан арнайы басылымдардан Абылай
есіміне қатысы бар-ау деген материалдар іріктеліп алынып, қазақшаға
аударылды. Сондай-ақ, Қытай мемлекетінің мұрағаттарынан зерттеуші Қойшығара
Салғара әкелген құжаттардың [1-9] тақырыбымызға қатысты бөлігін алып
қостық. Қазақ-қытай қатынастарын нақты түсінуге көмектесетін бұл 100
құжатқа қоса Нәбижан Қабижанұлы анықтаған деректер де пайдаланылды.
Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты бұрыннан мәлім
мағлұматтарға Ресей мағлұматтарынан табылып, қазақ тілінде тұңғыш рет
ғылыми айналымға тұтас мәтін ретінде ұсынылып отырған құжаттар біршама.
Абылайдың кісілік, батырлық, көсемдік қасиеттерін жаңа қырынан
танытатын, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек түсінуге көмектесетін
бұл мәліметтердің құнын оқырмандар өздері бағалауда.
Мәтіндерді қазақшаға аудару үстінде құжаттардың өз кезіндегі ресми-
бюрократиялық кіріспелері ықшамдалды. Мысалы, хаттар, мәлімхаттар, баян
дамалар әдетте ұлы мәртебелі, аса құрметті, асыл текті, сүйікті де
сүйкімді т.с.с. қолпаштау-мадақ сөздермен басталып, бірнеше рет қайталанып
отырады. Біз бұл жағын қысқартып, мәтінді құжаттың жазылуына арқау болған
мәселеден тікелей бастап отырдық.
Әдетте, хатшылар, кеңсе қызметкерлері қатынас қағаздарды өз
дәуірінің қалыбына салып дайындайтын. Олардың білім деңгейі де, сауаты да
әр қилы. Солардың жазған құжаттарында хат авторлары шені жоғары әкімдерге
міндетті түрде жалбарынып, құлдық ұратыны, өзін кемсітіп көрсетуге тиіс
болғаны бүгінгі оқырманға тосын көрінуі мүмкін. Мысалы, хат жазушы өзін
құлыңыз, пақырыңыз, тексіз пендеңіз, сіздің жолыңызда басын құрбан
етуші деген сияқты теңеулердің автор аузынан шығуы міндетті емес, ресми
стиль ұстанған хатшының өзі-ақ қосып жібергенін түсіну қажет.
Дәл осындай, отарлаушы елдің биік мәртебелі төрелері қазақ халқы мен
оның билеушілеріне, ел ағаларына, батырларына өктемдік көрсетіп, бұйыра,
нұсқай сөйлеп, көсемсіп жазатын болған. Қазақтар жөнінде жабайы,
тұрпайы, тұрақсыз, тентек, ұстамсыз, жеңіл мінезді, топас т.б.
кемсітіп, намысқа тиетін сөздердің төркініне де оқырман зерделей қарағаны
жөн. Өйткені, бөгде жұрттарға астам қарау, өзін артық санау Ресей немесе
Қытай билеушілері саясатының көрінісі болғанын түсіну керек. Олар осылайша,
өздерінің туа біткен артықшылығын алға тартып, отарлау саясатын ақтап,
заңдастыру ниетін көздегенін айтуымыз керек.
Керісінше, қазақтар жағынан жазылған хаттарда атын жаздырушының
аузына жалыну-жалбарыну, тілемсектену сияқты қазақ мінезіне жат сөздерді
хатшылар салып отырады. Бұл да – сол кездегі іс қағаздарының жөні.
Құжаттар мен материалдарды тарихи дерек ретінде қабылдай отырып, кей
жағдайларда оның мазмұнын сол қалпында, бүгінгі санамен бағалай беруге
болмайды. Бұл құжаттарды кім, қашан, не себептен, қандай жағдайда, кімге
арнап, қандай нәтиже күтіп жазғанын жіті бағамдай білсек, құжаттар қамтитын
тарихи кезеңнің құбылыс-сырларын түсіне аламыз.
Мысалы, үкімет шенеунігі өз қызметін асыра көрсетіп, тапсырылған
міндетті орындау кезіндегі жағдайды әдейі қиындатып, шиеленістіріп жазу
арқылы өзінің қызметін өсіре бағалап отырғанын аңғару бүгінгі оқырманға
кейде оңай да болмай қаларын ескертеміз. Тіпті, мұқият салыстырып
қарасаңыз, бір оқиға немесе құбылыс жөнінде жазылған екі құжаттың
арасындағы өзгешеліктерді байқап қаласыз.[1-2]
Мұрағаттарда Абылай есімі аталатын құжаттар өте көп. Ресей
бекіністерінің маңындағы қазақтардың мал жайылымы, қыстау мәселелері,
сауда ісіне байланысты, тұтқындардың жағдайы жөнінде қайталанып келіп
отыратын құжаттардың кейбіреулерін ғана беріп, сол кезеңнің бейнесін
танытуға жеткілікті-ау деп шектелді. Белгілі бір оқиға туралы мағлұматты
тиянақтау мақсатында кейбір болымсыздау көрінген құжаттарды қосудан да
тартынған жоқпыз.
Әлбетте, Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналып, ана тілімізде
тұңғыш жарияланып отырған жинақтың ояң тұстары болуы
мүмкін. Бір ғана Омбы мұрағатының өзінде тағы да ашып, жариялауға тұратын
құжаттар әлі көп. Жеке зерттеушінің уақыт, қаражат мүмкіндігі, ой қуаты
жетсе де, бой қуаты шектеулі екендігі, демек еңбектің әзірше осы көлемде
қалған себебін оқырман қауым түсінуге тиісті. Әйтпесе, мемлекеттік деңгейде
мән беріліп, кең көсілуге жағдай болса, мұндай
жинақтарды әлдеқайда көлемді етіп шығарған жөн болар еді.
Құжаттарда қамтылған оқиғалар мен құбылыстарға түсінік беру
қажеттігі, аты аталған адамдарды таныстыру қажеттігі сұранып тұрса да, бұл
қадамнан тартындық. Себебі, бір сыншымыз айтқандай, ол оқиғалардың
әрбіреуін тәптіштеп тарату осындай бір-бір кітапқа жүк болар еді. Оның
үстіне, тарихи әдебиеттерде бұл оқиғалар жөнінде тиісті мағлұмат бар екенін
ескердік.
Кітапты қолына алып, салмақтаған оқырман Абылай және оның заманы
туралы осы жинақтан аз-кем деректер тауып, кәдесіне жаратса, ел тарихының
арнасындағы күрделі оқиғаларды тереңірек тануына себепкер болсақ –
еңбегіміздің еш кетпегені.[1-5]
Тәуелсіздік туын көтеріп ес жиып, етек бүтіндегеннен бері қазақ
тарихында Абылайдың алатын орны туралы жазылып та, айтылып та келеді.
Абылайтану деген арналы тақырып аясына сол айтылғандар мен жазылғандарды
жисақ, оған өткен ғасырлардан өшпей жеткен қисса-дастандарды, аңыз-
әңгімелерді қоссақ, көрнекті кітапхана болар еді. Ал, сол кітапхананың ояң
тұсы қайсы? Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін Абылайдың өмірі мен
қызметіне қатысты құжаттар мен деректік материалдар жиналып, бір жүйеге
келтіріліп, қазақ тілінде қалың қауымға жол таппағаны кемістік еді.
Айта кету керек, мұндай құнды деректердің біраз бөлігі құрастырылып,
түпнұсқа тілінде ертеректе жарық көрген де еді. Орыс
тілінде шыққан мұндай жинақтар кезінде зерттеуші мамандардың кәдесіне
жарап келді. Тарихшылардың әрбіреуі өзі қаузаған тақырыпқа қажет
мағлұматтарды басым идеологияға бейімдеп, түп-нұсқа мәтінінен үзіп алып,
пайдаланып келді. Кейде сол үзінділердің тарихи шындықты көпе-көрнеу
бұрмалау үшін, қазақты кемітіп, оның өткеніне жала жабу үшін ұқсатылғанын
да көрдік.
Бұдан үш ғасырдай бұрын қағазға түскен деректерді бүгінгі ұрпақ үшін
өз қажетіне жарата қою оңай еместігін мамандар біледі. Уақыт алшақтығына
байланысты түпнұсқа тілін түсіну қандай қиын болса, мұрағаттарда жатқан
құжаттардың әлібін ажырату да оңай емес. Оған арнайы дайындық, білім керек
екендігін басынан кешкен зерттеушілер жақсы біледі.
Абылайдың кісілік, батырлық, көсемдік қасиеттерін жаңа қырынан
танытатын, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек түсінуге көмектесетін
бұл мәліметтердің құнын оқырмандар өздері бағалауда.
Мәтіндерді қазақшаға аудару үстінде құжаттардың өз кезіндегі ресми-
бюрократиялық кіріспелері ықшамдалды. Мысалы, хаттар, мәлімхаттар,
баяндамалар әдетте ұлы мәртебелі, аса құрметті, асыл текті, сүйікті
де сүйкімді т.с.с. қолпаштау-мадақ сөздермен басталып, бірнеше рет
қайталанып отырады. Біз бұл жағын қысқартып, мәтінді құжаттың жазылуына
арқау болған мәселеден тікелей бастап отырдық.
Әдетте, хатшылар, кеңсе қызметкерлері қатынас қағаздарды өз
дәуірінің қалыбына салып дайындайтын. Олардың білім деңгейі де, сауаты да
әр қилы. Солардың жазған құжаттарында хат авторлары шені жоғары әкімдерге
міндетті түрде жалбарынып, құлдық ұратыны, өзін кемсітіп көрсетуге тиіс
болғаны бүгінгі оқырманға тосын көрінуі мүмкін. Мысалы, хат жазушы өзін
құлыңыз, пақырыңыз, тексіз пендеңіз, сіздің жолыңызда басын құрбан
етуші деген сияқты теңеулердің автор аузынан шығуы міндетті емес, ресми
стиль ұстанған хатшының өзі-ақ қосып жібергенін түсіну қажет.[1-6]
Дәл осындай, отарлаушы елдің биік мәртебелі төрелері қазақ халқы мен
оның билеушілеріне, ел ағаларына, батырларына өктемдік көрсетіп, бұйыра,
нұсқай сөйлеп, көсемсіп жазатын болған. Қазақтар жөнінде жабайы,
тұрпайы, тұрақсыз, тентек, ұстамсыз, жеңіл мінезді, топас т.б.
кемсітіп, намысқа тиетін сөздердің төркініне де оқырман зерделей қарағаны
жөн. Өйткені, бөгде жұрттарға астам қарау, өзін артық санау Ресей немесе
Қытай билеушілері саясатының көрінісі болғанын түсіну керек. Олар осылайша,
өздерінің туа біткен артықшылығын алға тартып, отарлау саясатын ақтап,
заңдастыру ниетін көздегенін айтуымыз керек.
Керісінше, қазақтар жағынан жазылған хаттарда атын жаздырушының
аузына жалыну-жалбарыну, тілемсектену сияқты қазақ мінезіне жат сөздерді
хатшылар салып отырады. Бұл да – сол кездегі іс қағаздарының жөні.
Құжаттар мен материалдарды тарихи дерек ретінде қабылдай отырып, кей
жағдайларда оның мазмұнын сол қалпында, бүгінгі санамен бағалай беруге
болмайды. Бұл құжаттарды кім, қашан, не себептен, қандай жағдайда, кімге
арнап, қандай нәтиже күтіп жазғанын жіті бағамдай білсек, құжаттар қамтитын
тарихи кезеңнің құбылыс-сырларын түсіне аламыз.
Жинақтағы жазба деректерді игеру жөнінде тарихшы М.Қозыбаевтың:
Ресей мұрағаттарында патша отаршылары жазған құжаттарды иманындай көріп,
абсолюттандыратын тарихшылардың ізімен кетпеу жөніндегі ескерпесін ұстану
ләзім.[1-1]
Мысалы, үкімет шенеунігі өз қызметін асыра көрсетіп, тапсырылған
міндетті орындау кезіндегі жағдайды әдейі қиындатып, шиеленістіріп жазу
арқылы өзінің қызметін өсіре бағалап отырғанын аңғару бүгінгі оқырманға
кейде оңай да болмай қаларын ескертеміз. Тіпті, мұқият салыстырып
қарасаңыз, бір оқиға немесе құбылыс жөнінде жазылған екі құжаттың
арасындағы өзгешеліктерді байқап қаласыз.
Мұрағаттарда Абылай есімі аталатын құжаттар өте көп. Ресей
бекіністерінің маңындағы қазақтардың мал жайылымы, қыстау мәселелері,
сауда ісіне байланысты, тұтқындардың жағдайы жөнінде қайталанып келіп
отыратын құжаттардың кейбіреулерін ғана беріп, сол кезеңнің бейнесін
танытуға жеткілікті-ау деп шектелді. Белгілі бір оқиға туралы мағлұматты
тиянақтау мақсатында кейбір болымсыздау көрінген құжаттарды қосудан да
тартынған жоқпыз.
Әлбетте, Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналып, ана
тілімізде тұңғыш жарияланып отырған жинақтың ояң тұстары болуы
мүмкін. Бір ғана Омбы мұрағатының өзінде тағы да ашып, жариялауға тұратын
құжаттар әлі көп. Жеке зерттеушінің уақыт, қаражат мүмкіндігі, ой қуаты
жетсе де, бой қуаты шектеулі екендігі, демек еңбектің әзірше осы көлемде
қалған себебін оқырман қауым түсінуге тиісті. Әйтпесе, мемлекеттік деңгейде
мән беріліп, кең көсілуге жағдай болса, мұндай жинақтарды әлдеқайда көлемді
етіп шығарған жөн болар еді.
Құжаттарда қамтылған оқиғалар мен құбылыстарға түсінік беру қажеттігі, аты
аталған адамдарды таныстыру қажеттігі сұранып тұрса да, бұл қадамнан
тартындық. Себебі, бір сыншымыз айтқандай, ол оқиғалардың әрбіреуін
тәптіштеп тарату осындай бір-бір кітапқа жүк болар еді. Оның үстіне, тарихи
әдебиеттерде бұл оқиғалар жөнінде тиісті мағлұмат бар екенін ескердік.
Кітапты қолына алып, салмақтаған оқырман Абылай және оның заманы
туралы осы жинақтан аз-кем деректер тауып, кәдесіне жаратса, ел тарихының
арнасындағы күрделі оқиғаларды тереңірек тануына себепкер болсақ –
еңбегіміздің еш кетпегені[1-7]
Алдарыңызда – Абылайдың өзі, оның замандастары және ХҮІІІ ғасырдағы
қазақ қоғамының елесті бітім-бейнесінен хабар беретін құжаттар мен
материалдар жинағы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абылай тұлғасының қалыптасуы және
дамуы. Абылайхан жөнінде көптеген мағұлұматтар жинап талдау.
Абылайды қатардағы сарбаз жауынгер ретінде таныта білу. Абылайдың
саясатта алатын орнына талдау жасап, ішкі және сыртқы саясаттағы
еңбегіне жоғары баға беріп талдау.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені
әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екенің бірі есте қала бермейтіні де
белгілі ғой. Жұмысқа жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп
тиген талайларды көнекөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен
затын ілтипатқа ілмейді. Демекке, ақыл - парасатына қажыр - қайраты салі,
дегдарлығы мен білімдарлығы бердей, мінез маңғау, жүрегі мейрбан жетекші
ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ
-даңқы аңыз-әңгімелер арқылы -ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып үдеп бара
жатқан Абылай хан осындай қайраткер болса керек.
Рас Абылай күні бүгінгі дейін әділ бағасыни ала алмай,, тарихтан
орнын тапай келген қайратткер. Әйтпесе " ақтабан шұбырынды , ал қақол
сұламадан" кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар
басқыншыларына ойсырата соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емеспе.
Сындырлы саясатшы , сарабдал мәнлегер ретінде ол көрші мемлекеттердің
бәрімен арақашықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген
көреген басшы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл жұмыстың
алдына қойған мақсаты мен міндеті, Абылайханды ұлы тұлға ретінде
көрсетіп, оның тарихи саханада алатын орнын бағалай білу. Қазақ
хандығы ауыр кезенді басынан кешіріп жатқан кезде, қазақ хандығының
тізгінің ұстаған Абылай өзін дербес басшы ретінде көрсете білуі.
Екі ұлы империяның ортасында түлкі саясат жүргізіп, Қазақ
хандығын дербес мемлекет ретінде дамытуы саясат саханасында алатын
орны жоғары екендігін көрсете білді. Абылай жоңғар елінде тұтқында
болғандада өзінің даналығын, ақылдылығын, жоғарыдан көріп
ойлайтындығымен жауларынын алдында бас имей өз беделін сақтап
қалды. Ол уақытын жәй өткізбей сол елдің мәдениетімен басқару
жүйесімен танысып, жақсы жақтарын болашақта пайдалануға тырысты.

АБЫЛАЙ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қарапайым адамның өмірінде екі негізгі кезеңі болады: өмірге келу
және өмірден кету уақыты. Ханның өмірінде бұл екі кезеңіне билік етудің
басы мен соңын белгілейтін екі кезең қосылады.
Абылай 1711 жылы Көркем-Уәли атағы бар Түркістан қаласының билеушісі
Уәли сұлтанның отбасында дүниеге келген. 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды
кезінде Түркістанды жоңғарлар басып алып, Уәли ханды өлтіреді. Абылайдың
әкесі де, атасы да Шыңғысханның ұрпағы болғанымен, құқықтарын иелене алмай,
хан бола алмады. Сонда сол үйге шын берілген Ораз деген төлеңгіт
Әбілмансұрды жасырып алып қалып, басқа жаққа қашады. Жүрген жерлерінде
баланың аты-жөнін, шыққан тегін жасырып, басқаша айтады. Өйткені, ол кезде
шапқыншылар басып алған жерлерінде кек алуды ойлап, төре тұқымынан тұяқ
қалдырмауға тырысатын. Жасында көп қиыншылық көріп, әркімнің малын бағуға
мәжбүр болады. Кейін, Бұқар жыраудың айтуынша, Төле бидің түйесін бағады.
Төле би баладан аты-жөнін сұрағанда, әлі де қауіптенген ол, шын атын
айтпай: Сіз қалай атасаңыз, солай болайын деген көрінеді. Алыстан арып-
шаршап, үсті-басы тозып, алба-жұлбасы шыққан, шашы өсіп, ұйпа-тұйпа баланың
кейпін көріп, би атың Сабалақ болсын депті. Аңыздар бойынша Төле бидің
малын бағып жүрген Әбілмансұр атақты қазақ батырлары Қабанбай мен
Бөгенбайдың көздеріне түседі де, әскерге кетеді. Жоңғарларға қарсы күресте
қазақ әскері қатарына алынады. Оның атақты істерінің бірі – Қалдан Цареннің
асырап алған баласы Шарышпен жекпе-жекке шыққаны. Қақтығыстың алдында қазақ
әскерлерінің қолбасшылары жоңғар батырын жеңетін батырды іздейді,
Әбілмансұр өз еркімен жекпе-жекке шығады. Абылай! Абылай! деп ұран салып,
ол жауға шауып, ақыры Шарышты жер қаптырды. Қазақтар үлкен маңызды жеңіске
жетті. Әбілмәмбет хан Әбілмансұрды өзіне шақыртады. Бұл сәтті Абайдың
шәкірті ақын Көкбай (1863-1927) Сабалақ атты дастанында былай суреттейді:
Шырағым, неге шаптың Абылайлап?
Босады жүйкем қатты, ағамды ойлап.
Әкең кім? Ел-жұртың кім? Туғаның кім?
Жөніңді бастан-аяқ айтшы жайлап.
Бала айтты: Қазақ, қалмақ ерегесі,
Мұндайда ердің қозар делебесі.
Қысылған соң аузыма түсіп кетті,
Атам – Абылай, мен болам немересі.
Сонда Әбілмәмбет туысы екенін біліп, ой-бауырым! - деп жылап
көрісіп, жамиғат, тақтың иесі осы деп өзінің хандық орнын береді. Абылай
хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет өлгенше сұлтан дәрежесінде болып, оны
әкесіндей сыйлап, билікті бірге жүргізеді. Тек 1771 жылы Әбілмәмбет дүние
салған соң үш жүздің жақсысы мен жайсаңы қасиетті Түркістанда Қожа Ахмет
Яссауи кесенесінде ата салтымызбен ақ киізге көтеріп, бүкіл қазақ жұртының
Ұлы ханы етіп ресми түрде сайлайды. Оған дейін елінің еркіндігі мен
азаттығы үшін қазақ жасақтарын бастап өзі тікелей қатысып, сыртқы жаулармен
тынбай күреседі, талай рет жеңіске жетеді.[1-6]
Бұл арада, - М.Мағауин жазғандай, - Абылайдың ерлік кейпіне, ақыл-
парасатына бас ұрып, бар билікті қолынан берген, бақастық, күндестікті
білмеген, алдағы уақытта өзгеше туған інінің ақылшы ағасы, кеңесші хан
дәрежесімен шектелген Әбілмәмбетке бас имеске болмайды. Билікке құмар
замандағы мұндай мәрт мінез – ел мүддесін қасиет тұтқан өзгеше сананың
көрінісі, - деген пікірі өте орынды.
ХҮІІІ ғасырдың 40-жылдарында Абылай сұлтанның негізгі қыстаулары
Есіл, Көкшетау өңірінде болатын. Тұрақты қоныстары Ертіс маңайында,
Тарбағатай, Маңырақ тауларының өңірінен қазіргі Шығыс Қазақстанда Зайсанға
дейінгі аумақта таралған.
ХҮІІІ ғасырдың 60-жылдарында сұлтанның жерлеріне Көлсары батырдың
Есіл бойындағы қоныстары және Қабанбай батырдың Көкшетау маңындағы жерлері
қосылған. Билігі көп таралмаған Әбілмәмбет қонысы Түркістанға жақын
орналасқан. Әбілмәмбет ханның жерлеріне Барақ сұлтанның қоныстары қосылған.
Сонымен, Қазақстанның оңтүстік жағының басым бөлігі Орта жүздің
басшыларының қол астында болды, сондықтан олар Қоқан аймақтарына жақын
орналасқан халықтардың тағдыры үшін жауапты болған.
Абылай хан өзінің мемлекеттік билігін Шыңғыстау және Қызылжар
(Петропавл) бекінісіне жақын орналасқан Көкшетау көлдерінің өңіріндегі
рулық қоныстарда жүргізді. Орта ордасы – Тянь-Шань тауларынан Каспий
теңізіне дейін таралған жерлерде көшіп-қонып жүрді, сол жерден Еуропа мен
Қытай арасын жалғайтын Жібек Жолының саудагерлерінен алым-салықтарды алып
отырды. Бұл дәрежеге Абылай өзінің аталары сияқты негізінен суық қару және
күшпен емес, ақыл мен мәмілегерлік арқылы жетті.
Орта Орданың саяси географиясы ерекше болған. Солтүстік Шығыста
Ресей империясы, Оңтүстікте – Қытай империясы орналасқан. Орта Азиядағы
барлық сол кезеңдегі мемлекеттер сияқты Абылай хан Ресейге ерекше назар
аударды. 1745 жылы майда Ұлытауда Жошы ханның мазары маңында өткен
құрылтайдың нәтижесінде сұлтан Абылай Орта жүздің ханы болып сайланды.
Таққа отырғызғанда көне дәстүр болйынша Абылайды ақ киіздің үстіне
отырғызып, төрт жақтан төрт рудың атақты қайраткерлері үш рет ХАН! ХАН!
ХАН! деп ұрандап, көтерді. Бұл дәстүр салтанатты, ресми түрде басталып,
үлкен тоймен аяқталды.
Орта ғасырлық кезеңдегі хан билігі жалпы сөзбен: Хан өзінің қол
астындағы халықтың анасы есебінде сүйіп, қорғау керек, ал халық өз
кезегінде өзінің ханын әкесіндей сыйлау керек. Нақты айтқанда, хан билігі
бірнеше міндеттерді атқаруымен және билігі бір құқықтарымен анықталатын.
Олар кем дегенде бесеу еді: 1) Хан – бүкіл қазақ руларының жоғарғы басшысы
есебінде хандықтардың бүкіл аумағында билік ету құқығын иеленді, яғни
ұлыстардың жерлерінің бәріне билік етті. Сонымен қатар, ханның ең басты
міндеті – сыртқы жаулардан мемлекетті қорғау. 2) Әскердің жоғарғы басшысы
ретінде хан соғысты ашу және бейбітшілікті жариялау құқығын иеленді. 3)
Мемлекеттің сыртқы саясат бағытын анықтау, шет мемлекеттерге елшіліктерді
жіберу және қабылдау құқығын иеленді. 4) Қазақ әдет-ғұрып құқығының қайнар
көзі Жеті жарғыда осы ханның құқығымен жоғары би ретінде өкілеттіктері
тікелей көрсетілген. Жоғары би есебінде ханның – адамды тірі қалдыруға
немесе өлтіруге құқығы болды. 5) Хан қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті
құқық шарттарын шығаруы – қоғамдық құрылысты және тәртіпті сақтаудың
негізгі көрінісі болып табылады.
Тарихи деректер бойынша, қазақ даласы хандарының көптеген
көмекшілері, кеңесшілері, әскери басшылары, сонымен қатар ханның отбасын
және мүлігін қорғауды қамтамасыз ететін жасақтары мен күнделікті қара
жұмысшылары болған.[1-6]
Абылай өз кезеңіндегі өте білімді және жоғары беделді тұлға еді. Ол
Түркістан қаласының маңындағы қарнақ медресесінде білім алды. Абылай
қалмақ, маньчжур тілін және жазуын білген. Оның жанында үнемі түрік, қытай,
орыс тілдері мен жазуларын білетін тілмаштар болған. Абылай өте жоғары
рухани дамыған тұлға еді, ол қазақ халқының тарихын, көршілердің өзара
қарым-қатынастарының сипатын жақсы білген. Шығыстағы жеңістерден кейін
көптеген Орта Азиялық билеушілер Абылайды екі миллион шақырым аумағы бар
мемлекеттің дербес билеушісі деп таныды. Осыны ескере отырып, Ауған
билеушісі Ахмет шах өз елшілігін жіберген.
Өз замандастарының айтуы бойынша Абылай аласа бойлы болса да, өте
күшті адам еді. Шоқан Уәлихановтың мәліметі бойынша Абылайдың он екі әйелі,
отыз баласы және қырық қызы болған. Балаларының барлығы саясатпен тікелей
айнылысты, олардың ішінде көптеген жетістіктерге ие болғаны: Уәли, Шыңғыс,
Тоғұм, Рүстам, Есім, Әділ, Қасым еді. Олардың әрқайсысы бір-бір руды
билеген.
Жоғарыда айтылғандай, Абылайдың айналасында көптеген сол замандағы
атақты адамдар болды, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би ханның ойларын іске
асырып, кеңес берген. Олардың ішінде әйгілі ақын-жыраулар: Бұқар жырау,
Ақтамберді, Үмбетей, Көтеш, Шал сияқты ақын-жыраулар. Олар өз
шығармаларында – сол заманның ағымын жырлаған. Солардың арсында Абылайдың
аты жырға айналып, аңыз болды.[2-17]
Өмірінің соңғы жылдарын Абылай Түркістанда өткізді. Рухани өмірінде
ислам ережелерін берік ұстағандықтан, өмірінің соңғы кезеңін киелі Қожа
Ахмет Яссауи кесенесі маңында өткізуді қалап, Түркістан қаласында тұрған.
Қайтыс болардың алдында айналасына мемлекеттің әр саласын басқаратын өзінің
жақын уәзірлерін жинап алып, үш жүз өкілдерінің қатысуымен қазақ халқының
біртұтастығын сақтауды уағыздаған.

1.1 Абылайхан жөнінде тарихи мағлұмат.
Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи
тұлғалардың бір бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей
үшін Бірінші Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса,
Қазақстан үшін Абылай да сондай тұлға . Абылайдың дара тұлғасы ,
Қолбасшылық таланты мен саяси көрегенділігі қазақ халқының Жоңғар
шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне
байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай сол
қазақ халқының тағдыр-талай қыл үстінде , қылыш жүзінде тұрғанда ел
бірлігін ұйымдастырып , үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс
берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды . Абылайдың аты
көзтірісінде аңызға айналып қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік
ұранға айналды. Абылай тақырыбың зерттеу үшін оң бірінші ол туралы
жазылған құжаттармен әдебиеттерге талдау жасау дұрыс қой деп ойлаймын.
Абылай тақырыбы туралы деректер болып саналатын құжаттар орыс
архивтерінде. Олар орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен
сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың
хандарымен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып қайтқан
орыс елшілерінің жазбалары. Міне осындай документтерден тұратын "Қазақ -
орыс қарым- қатынастары" деген жинақта 500-ден астам құжаттары бар. Бұл
материалдарда Абылай туралы оның ішкі және сыртқы саясатына мағлұмат
беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине ол құжаттарды жасаған негізінен
үкімет мекемелері, патша чиновниктері ал, олар отарлау әкімшілігінің көз
қарасы мен саясатын көрсететіндікпен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда
жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыруға қажет.
Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын
зертеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан- жақты
зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз.[1-10]
Бұлардан басқа да Абылай туралы мәліметтер революцияға дейін басылған
энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ "Россия Біздің отанымыздың толық
геолографиялық сипаттамасы" деген іргелі басылында кездеседі. Абылай
бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретін Брокгау және Ефрон
энциклопедиясы онда: "Абылай немесе Абулай - Қырғыз - қайсақтардың орта
жүзінің XVIIІ ғасырдағы ханы, ол 1939 жылы (дәлірек айтқанда 1840 жылы
-К.В. )орынборда Рессейге мәңгілік боданды болуға ант еткен оның қалай
қырғыздардың (қазақтардың ішінен топ жарып шығып хан дәрежесміне
көтерілгені неге оны халық қаһарманы ретінде қырғыздар осы күнге дейін
жырлайтындығы жөнінде әр қисы аңыздар бар олайда отызыншы жылдары ол орта
жүздегі ең басты күш ретінде өзін танытты және онымен қарым - қатынаснас
жасауға болушы еді. Регенмен, орта азиядағы қозғалыстық және Жоңғария мен
Кіші Бухарияны қатайлықтардың жаулап алуына байланысты , Абылай өзін
Қытай бодандығына тәуелді екенін моиындаған, боғдыхан болса оған князь
атағын берген" деп жазған. [2-11]
XVIII ғасырдағы Қазақстанның тарихын зерттеген кеңес тарихшылары да
Абылайдың атын аттап өте алмады. Ол туралы біршама объективті мәліметтер
1935 жылы С.Д. Асфандияров жазған Қазақстан тарихында, 1941 жылы М.П.
Вяткин шығарған "Қазақ ССР тарихы очерктерінде" бар. Бұл кітаптарда
Абылайдың өз халқының тағдырындағы ролі Қазақстандағы тарихындағы қиын-
қыстау процестерімен ұштастырыла көрсетілген.
Қазақ халқының ұлы көсемінің бейнесін жасмауда көптеген жазушылар, оның
ішінде Шәкәрім Құбайбердиевте, Мұхтар Әуезовте, Сәкен Сейфулин де қалай
сілтеді. Бірақ , кейбір тарихи жағдайларға байланысты ондай туындылар
жарық көре алмай, кейін жоғалып кетті. Осы тақырыпқа қазақтың тағы бір асыл
перзенті Міржақып Дулатов өзінің "Хан Абылай"атты мақаласын арнапты. Бірақ
оған авторы репрессияға ұшыраған соң тиым салынған. Тек аса көрнекті
қаламгер марқұм Ілияс Есенберлин ғана Абылай бейнесін көркем әдебиетте
сондай алды, оның романы қазақ орыс тілдерінде жарияланды.
("Жанталас", орысшасы- "Отчаяние") Бұл "кітаптың жақсы жақтары да нашар
жақтары да, бар деп пікірталас тудыруға болар еді, бірақ мәсәле онда
емес- алпысыншы жылдарлдың соңы мен жетпісінші жылдардың басында Абылай
хақында қалам талғаудың өзі үлкен ерлікті талап етуші еді.
Абылай тақырыбының тарихнамалық шолуы қазіргі кезде бүкіл әлем танып
отырған " ауызша тарихты"сараламайынша толық болмайды. Бұл өзі заңды да
дүние Геротод пен Рим тарихшыларынан бастап ғалымдар қай кезеңде болсын
өз замандастарынның көргенбілгендеріне сүйенген. Осы тұрғыда біздің
тарихшыларымыз үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр; олар аса бай қазақ
фольклорын пайдалана алады. Халық эпосы, жырлар, хиссалар, мақал- мәтелдер
басқа да ауыз әдебиетерінің көптеген үлгілері. Абылай хақындағы тарихи
шындықты көрсетеді.Абылай ханның образы халқымыздың музыкалық
шығармаларынан да орын алған оған арналған көптеген халық әндері күйлері
бар. Абылайдың өзі де біраз ән,күй шығарған. Бұдан 20 жыл бұрын Алматыда С.
Сейуллиннің "Көкшетау" поэмасы бойынша С. Мұқанжановтың "Жұмбақ қыз"
дегеноперасы қойылған болатын. Операның философиялық негізгі ретінде
Абылай ханның бейнесі алынған еді.
Абылай туралы кейіннен шежіре немесе рисолазерттеу жазғандардың қай -
қайсысы да , ұлы хан өмірінің күрделі тұстарына кідіріп отырады.
Олар; 1 Абылайдың жасында жетім қалып, көп қиындықты көргені; 2 Оның аты
жөнінін жасырып, " Сабалақ" деген есім иеленіп, Төле бидің (кейбір
деректерде Рәулетбай деген бойдың) құзырында бақташы болып жүруін 3 Елге
жау тигенде қазақ қосынына еріп, маиданда қалмақ батырын өлтіріп,
каһармандық көрсетуі, қалың жауға "Абылайлап" ұран тастап тисуі; 4 осыдан
кейін абыройы артып, хан көтерлуі, сан соғыстарда қазақ қолың жеңіске
жеткізуі, бұл ұрыстарда айтулы қазақ қолбасшыларының ерлігі сипатталуы;5
Қалдан Серен ханның тұтқынында болып, оның өзінің асқан парасаттылығы,
тапқырлығы мәнілегерлігі арқасында азат болып шығуы; 6 Абылайдың Қытай
мен Ресей патшасының темір қыспағы арасында жол тауып, өле-өлгенше егін
еркіндікте ұстай білгені, екі империя билеушілері арасында да зор и
беделге ие болуы; 7 Қазақ қоғамының ішіндегі қайшылықтар, кейбір ру
көсемдерінің ханға қарсы келу көріністері, хан өмірінің ақырғы
сәттерінде оның айбыны бәсең тартуы, Ташкент, Самарқан жағына аз ғана
адаммен баруы сапарында кенет кесеге душар болып, дүниеден өтуі...[1-
12]
Абылай (азан шақырып қойған аты Әбілмансұр) 1711жылы Түркістан билеушічсі
Уәлі сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның шыққан тегі төре
тұқымынан. Арғы атасы атақты Жәңгір хан (1628-1680) нәсілінен. Жәңгір хан
өлгеннен соң хан болып оның бәйбішеден туған үлкен ұлы тәуке хан
сайланады да , тоқалдан туған Соң хан Уәлінің еншісіне Түркістан билігі
тиеді. Оның мұрагері- Түркістан әмірі Абылай сұлтан Әбілмансұрдың арғы
атасы . Ол өзінің жерін қорғауға аянбай қызмет еткен, жауларына қатігез
қаһарлы болғандықтан оны халық арасында " қанішер Абылай" деп атап
кеткен көрінеді. Одан туған Уәлі сұлтан (көркем Уәлі ) - Әбілмансұрдың
әкесі 1723 жылы жаугершілікте қаза табады. Оны өлтірген жаулар сол кездегі
ұғым бойынша артында кегін алатын адам қалдырмау үшін үрім-бұтағының
бәрін қырған. Тек қана Әбілмасұр тірі қалған. Оны жасынан тәрбиелеген
Ораз деген төленгіт өз жанын пида етіп аман алып қалады да жасырын үргенші
асырады. Кейін, арасына жолсалып баланы ертіп Ораз қалың қазақ елі
жұртын іздеп Сары ырқаға тартады. Бұл ретте Іліяс Есенбенберлиннің
"Жанталас" раманындағы мына аңызға тоқтап шындықтың бетін ашқанды жөн
көрдік. Жазушы өз романында Абылай өзін өлімнен құтқарған Ораз құлды
опасыздықпен "өлтіруі" хақында жазады. [1-13]
Барлауға шыққан Әбілқайыр мен Бұхар жырау серіктерінен көз жазып қалып
бір сайда жеке отырған түйешілердің лашығына кеп аялдайды қонақтармен
әңгімесінде Әбілмасұр төле бидің түйешісі екенінен бөтен тіс жарып сыр
ашлады.
Бірақ қырағы жырау, туысы бөлек бола жігіттің тіптіде қарапайым түйеші емес
екенін іштей сезіп отыр. Ал бала жігіттің беті бүлк етпейді , құпия
сырын мүлден тығып тастағандай Кенет ол жырау ойын оқып қалғандай, есік
алдында отырған Ораз құлды иегімен нұсқан:
- Бұл кісі маған әке орнына , шеше орнына шеше болған адам , - деді - Сан
ажалдан қағып келегн періштен, Жәбірелілім ...
Бұхар ағат сөздің ауызынан қалай шығып кеткенін білмей қалды.
- Ол қамқорлық қаситеті маған аян ...
- Қалайша
Ораз ас қандасып жүрген адамы , даңқы қазақ қауымына
аян Бұхар жырау екенін білген соң Әбілман сүрдың ата- тегін толық
ашпағанымен, өздерінің хиуадан қалай қашып шыққандарын айтқанды.
Бала жігіттің көз қарасынан шашынып қалған жырау енді іштей қоболжи
бастады. "Шыңғыс ұрпағы өздеріне кір келтіретін , құпияны білетін
адамдарды аямайтын еді, бишараға зақын келітіріп жүрмесе жәрар еді".
Жырау қалжырап жатып , таң ата ұйқтап кетті. Күн шыға оянған Бұхар
үй сыртындағы қыбырлап жүрген адамдардың өз нөкерлері екенін білді.
Жанында Әбілмансүр қалпында ұйықтап жатыр. Тек көзіне Ораз құл түсе
қоймады. Жүрер алдында қолтығынан көтеріп атына міңгізген Әбілмансұрдан:
- Үлкен түйешіні көре алмадым-ау, ол қайда? Деп сұрады.
- Қайда екенін мен айтпаймын , сіз сұрамай-ақ қойыңыз.
Бұхар жырау ауыр күрсінді . "иә сұрқия сұм бұл заманда
құл бешаралар тағдары , міне , осылай шешіледі". Туған бабасы Абылайдың
өмірбаяның тұңғыш зерттеуші Шоқан: " Адал төленгіит өз түлегін ертіп
қырғыз (қазақ) даласына тартты" деп жазды. Ал кейін жоңғар шапқыншылығына
қарсы соғыста жұлдызы жанып , аты шыққан соң, Абылай Оразды іздеп тауып
алады. Сонан соң Абылай оған қалың төлеп қыз әпереді де Көкшетаудың
теріске тұсына қоңыстандырады. Сол "Ораздан өрбіген ұрпақтар бүгіндері, тек
Оразбұлақ аулының өз қатынында ғана 50 шақты шаңрақ" көрінеді.
Бұл аңыздар әр кезенде әр қилы себептен туғаны айтпасада белгілі.
Алайда олардың астарында бірақ мақсат бар-ол Абылай атын кесіту, оның
ұстаған саясатының беделін түсіру.
Ал енді Абылай өмірін ары жалғастырайық. Жолға шыққан Ораз құл мен
Әбілмансүр екеуі жолдары ұзақ болған соң әбден арып- шаршап Үйсін Төле
бидің ауылына кез болады. [1-13]
Исі қазаққа аты мәлім Төле Әлібекұлы (1663-1756ж.ж.) жоңғар
басқыншыларына қарсы ұлт-азатық күресті ұйындастырушылардың бірі болған.

1.2 Абылай қатардағы сарбаз жауынгер
Елде ер жүрек батырлар тобы әр жерлерде бой көрсете бастады. Қабанбай,
Бөгенбай, Жәнібек,Саңырақ, Тайлақ, Қанай, Малайсары сынды батырлардың
жасақтары басқыншылардың кіші-кірім топтарын талқандады. Алайда ендігі бас
мәселе сол жасақтардың басын құрап, елді жаудан мүлде азат етуде болды.
Сондай ізгі мақсатпен жиналған ұлы жиын 1726жылы Түркістн қаласының
Орда басы деген жерде өткен. Елдің бас қосып кеңес өткізуге ұйытқы
болғандар Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сынды билер болды. Кеңеске
қатысушылардың қатарында Болат, Әбілқайыр, Сәмеке, Барақ,Әбілмәмбет хандар
мен сұлтандар жоғарыда аты аталған батырлар басқа да ел басылары болған.
Жиылыста азаттық күрестің жобасы белгіленген, бүкіл қазақтың қолбасшысы
етіп, Әбілқайыр ханды тағайындаған. Бұл жиынның ұлы деп аталуы ол елдің
басын қосуға жол ашты, жауға қарсы ақ ту көтерді. Бостандық үшін күрес
бүкіл елді қамтыды. Ұлы Отан соғысына айналады. Кешікпей қазақ жасақтары
1726 жылы Бұланты өзенінің жағасында болған ірі шайқаста алғашқы жеңіске
жетті. Бұл жеңіс қазақ елінің еңсесін көтеріп , азаттық күресте жігеріне
жігер қосты.[1-14]
Осы кезде біздің тақырыптың кеиіпкері Абылай 15жаста еді. Абылайдың
жұлдызы жанып асқан ерлік көрсеткені қазақ жасақтары үшін жеңіспен
аяқталған.1729жылы Балқаш көлінің жағасында, әлде 1730жылы Болатхан қаза
тапқан қанды шайқаста болуы керек. Оған дәлел ретінде халқымыздың рухани
көсемі Бұхар жыраудың "ай, Абылай, Абылай" деп басталатын өленінен бір
шұмақ келтіре кетейік:
Әй, Абылай, Абылай...
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақсұңқар құстай түледің.
Дәулет құсы қонды басына
Қыдыр келді қасына.
Абылайдың аты жиырма жасқа келгенде шыққанын Умбетай жырау да
растайды:
Әй, Абылай, Абылай
Жиырма жасын толғанда
Қалмақпен соғыс болғанда
Алғашқы бақты тапқанда
Шарыштың басын қаққанда
Қанжығаңа бас байлап,
Жау қашты деп айқайлап
Абылайлап шапқанда...
Иә,солай қалмақтың аты шулы талай шайқасқа қатысқан Шарыштай дәу перісінің
басын өткір семсермен домалатып түсірген және сонан кейін де майдан да
көрсеткен жойқын ерлігі шексіз еді.
Абылайдың алғашқы жауынгерлік қадамы туралы Сарыбас Ақтаев өз
мақаласында былай деп баяндаған:
Бірде биге кеп сәлем беріп, қона жатқан Бөгенбайдың көзі жігетке түседі.
Жанары ұшқын шашып, оттай жайнаған, тілі орамды, ойы айқын, тұла бойы жалын
атып тұрған жігіттің тегін жан емес екенін сезеді де, қырағы қыраны оны
қалмақтарды барлауға ерте кетеді. Одан аман оралып, елге қайтарында:
Шырағым көзін отты бала екенсін,
Мінезің бөлек біткен дана екенсін
Жазға салым қалмаққа аттанамыз
Соған да керек болар жан екесін,-
Деп, астындағы Нарқызыл атын беріп кетіпті.батырдың хабарлағанындай келесі
көктемде Әбілмәмбетхан қазақтың қол жиып қалмақтан кек алуға аттанғалы
жатырдеген хабар тарайды. Осыны естіген ер жігіт биге келіп, майданға
жіберуін өтінеді.
-Балам саған соғысқа барудан гөрі жылқыны баққан жақсы емес пе?!дейді Төле
би.
-Жиліккен дудан, жер қайысқан қолдан қалғанша ер азаматтың өлгені жақсы
ғой.дейді жігіт. Сөзден тосылған би рұқсат береді.
Жау тулеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ
екі төбеге ошарылып, ортада Қалдан Серенннің жиені әскер басы Қонталының
ұлыШарыш жекпе-жекке батыр сұрап тұр екен . Іркіліп қалған елдің ішінен
суырылып шыққан Сабалақ ханнан бата алады да "абылайлап" тұра шабады.қоқиып
тұрған қалмақ батыры төнкеріліп түседі. Қайтар жолда қазақ қаһарманы оның
басын кесіп алып жау қашты деп қалмақтарға қайтадан ат қояды. Неге керек
осы ұрыста "абылайлап" ұран салып дұшпанның іргесін айрандай ірітіп,
тозандай тоздырады.осыдан кейін жұрт назары Абылайға ауады. Ол жорықтардың
бәріне алғаш қатардағы жауынгер болып қатысып,қисапсыз ерлік көрсетіп көзге
түскен еді.өнегелі ақыл кеңесі сұңғыла зердесі арқасында ол бірден-ақ
көреген кемеңгер деген атаққа ие болды шынында да қазақтар мұны үлкен істер
атқару үшін аллланың өзі жіберген елшісі аруақ иесі деп ұққанға дейін
Абылай талай күресті бастан кешіріп, сан сыннан сүрінбей өтті. [1-15]
Жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Қазақтың ханы Абылай
Ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Абылай (Әбілмансұр)
Қазақ даласындағы саяси-құқықтық ойлардың даму үрдісі жайлы
Абылай өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсету
Абылай хан билігінің нығаюы
Абылайдың өмір және саяси жетекші ретінде қалыптасуы
Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі
Пәндер