Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ7
1. 1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері7
1. 2 Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау. 8
1. 3 Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы. 11
1. 4 АЖО-ның тілдік құралдары14
1. 5 Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау. 17
2 ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ20
2. 1 Delphi жайлы мағлұмат20
2. 2 Delphi бағдарламалау программасы құралдарының бейнесі23
2. 3 Бағдарламалау құралдарының зерттелуі34
2. 4 Бағдарламалау құралдарының бейнесі35
3 БІЛІМНІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН МАНИТОРИНГТІҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖАСАҚТАУ39
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ43
4. 1 Жобаның экономикалық бөлімі43
4. 2 Жобалаудың экономикалық есебі43
4. 3 Бағдарламаның экономикалық мақсаттары45
5 ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ48
5. 1 Жалпы қызмет ету ортасына қойылатын талаптар48
5. 2 Электронды бағдарлама құралдарының санитарлық-гигиеналық талаптары48
5. 3 Жобаланушы объекттің потенциалды қауіптілігін зерттеу49
ҚОРЫТЫНДЫ53
ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ55
ҚОСЫМША58
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі.
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы - кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы -қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды. Сондықтан дерек қорлармен жұмыс істей алатын автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру өзекті мәселе. Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB -парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
DELPHI - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер “ архитектурасында, Internet/Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі - бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өндеуде өзінді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамассыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда
- Мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты.
Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы [3] .
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді.
Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол- көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Дипломдық жобаның мақсаты: Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері орындалуы тиіс:
- Автоматтандырылған жұмыс орынды құрастыру
- Delphi программалау ортасын қарастыру
- Білімнің жаңа технологиялары мен маниторингтің облыстық жүйені жасақтау бағдарламасын құрастыру
- Бағдарламаның экономикалық есебін қарастыру
- Тіршілік қауіпсіздігін зерттеу
Зерттеу объектісі Білім жүйесінің автоматтандырылған қызметкер сервисі.
Зерттеу пәні: компьютерлік сервис кешеннің мамандарына арналған бағдарламалық комплекстің практикалық іске асырылуы.
Қазіргі ақпараттық технологияның негізгі ойлары деректер қоры тұжырымдамасында жинақталған. Аталған тұжырымдама бойынша ақпараттық технологияның негізгі-деректер қорында ұйымдастырылатын мәліметтер болып табылады, олар белгілі бір пән аймағында шындықты дәл бейнелейді және қолданушыны пән аймағына сәйкес актуалды мәліметтермен қамтамасыз етеді. Электронды ақпараттар қоймасын деректер қоры деп атаймыз, оған қосылу бір немесе бірнеше компьютерлердің көмегімен іске асырылады. Әдетте деректер қоры деректерді сақтау және оларға қосылу үшін жасалады, онда кейбір пән аймағы жайлы, яғни кейбір адамзат қызметі немесе шындық өмір шеңбері жайынды мәліметтер беріледі.
Бағдарламалауға назар соңғы уақытта үлкен қарқынмен өсуде. Бұл даму ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың күнделікті өмірге енуімен байланысты. Егер адам компьютермен жұмыс істейтін болса, ерте ме кеш пе бағдарламалау қажеттілігі туады.
Мәселені талдау дәрежесі : жоба тақырыбын зерттеу барысында электрондық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылды: [1] Климова Л. М. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. Самоучитель. Издание третье. -М. :КУДИЦ-ОБРАЗ, 2006-480 с., [2] Delphi 5: учебный курс, С. Бобровский, Питер 2002 ж., [3] Гофман В. Э., Хомоненко А. Д. Delphi 6-СПб. : БХВ-Петербург, 2002-1152 с., [4] Дарахвелидзе П. Г., Марков Е. П. Программирование в Delphi 7. -СПб. : БХВ-Петербург, 2003. - 478 с.
Зерттеу тәжірибесі: салыстырмалық, аналитикалық, логикалық, құрылымдық жүйе, функционалдық жүйе, жалпылау тәжірибесі.
Дипломдық жобаның жаңалығы: компьютерлік қызметкерлерге арналған автоматтандырылған жұмыс орынды жобалау барысында деректер қорлардың қолдануы, жобада қалыптандыру функциясының еңгізуі болып табылады.
Дипломдық жобаның құрылымы: дипломдық жоба кіріспеден, бес тараудан, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан, 13 суреттен құралған.
Бірінші бөлімде қазіргі кезде қолданылатын процестердің барлығында дерлік автоматтандырылған жұмыс орны орын алады. автоматтандырылған жұмыс орын - қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған белгілі функцияларды автоматты түрде орындау үшін қолданушы-маманның немесе басқа мамандардың орны.
Екінші бөлімде Delphi программалау ортасымен, деректер қоры түсінігі мен құрлымы туралы таныстыру есебі толығымен жүзеге асырылған. Бұл бөлімде Delphi - дің барлық нұсқалары қарастырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары талдаудан өткізілген.
Үшінші бөлімде білім жүйесі қызметкерлеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орны Delphi ортасында жобалау үрдісі сипатталған. Жобаны құрастыру барысында аспаптық бағдарламаның қоданылған компоненттері, деректер қорларды құру сатылары қарастырылған.
Төртінші бөлімде жоба бойынша экономикалық есебі қарастырылған. Бағдарламалық қамтамассыз ету дайындау кезінде шыққан шығынның бағасы сипатталады
Бесінші бөлімде тіршілік қауіпсіздігі қарастырылады. .
Дипломдық жобадағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ
1. 1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.
Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.
Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады [4] .
Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:
- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;
- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
- басқару объектісінің дамуын болжау;
- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:
- ғылыми - зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;
- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;
- негізгі өнімді өндіруді басқару;
- объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;
- көлік үрдісін басқару;
- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;
- математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;
- еңбек қорларын басқару;
- өнім өткізуді басқару;
- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;
- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.
Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.
Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:
- ақпараттық жабдықтау;
- техтикалық жабдықтау;
- математикалық жабдықтау;
- бағдарламалық жабдықтау;
- ұйымдастырумен жабдықтау;
- ленгвистикалық жабдықтау;
- құқықтық жабдықтау;
- эргономикалық жабдықтау;
Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:
- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;
- техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;
- математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;
- бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;
- лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
- құқықтық жабдықтау -ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
- эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі [5] .
1. 2 Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.
Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.
Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:
- Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
- Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
- Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?
Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.
Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі [2] .
Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:
• Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
• Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
• Өңдеу жоспарын тұрғызу.
Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.
Ондағы есеп беру құжаттарында:
• Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
• Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
• Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
• Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.
Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне - жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.
Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:
- ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т. б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
- қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
- жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
- жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;
- келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т. б. ), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т. б. ), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.
Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) - мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты. Бұл сатының мақсаты - жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.
«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу - жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер - оның өнімі болып, келесі төртінші саты - жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:
- қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
- мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
- бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
- компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
- мамандар ерешеліліктері;
- жүйелік ерекшеліктері жатады.
Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық. Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады [5] .
Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне - концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипатталу саналады.
Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері - сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.
Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері - компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.
Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.
Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.
Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады [23] .
Қолданбалы ақпарат жүйесін іс жүзінде жобалау, төмендегі элементтерді өңдеу түрінде жүргізілуі мүмкін, яғни олар:
- ақпарат пен жабдықтау;
- қолданушылар интерфейсі;
- бағдарламалық жабдықтау.
Ақпарат пен жабдықтауды өңдеуді қарастырсақ, пікір алысу мен қолданбалы программаларды өңдегенге дейін мәліметтер қоймасының логикалық құрылымдары, әрі оның сөздігі мен басқа файлдардың логикалық құрылымдары да анықталынып, ерекшеленіп және құжаттану тиіс. Себебі пікір алмасуда және бағдарламаларда МҚБЖ арқылы тұрғызылмайтын мәліметтер қоймасы мен қосымша файл элементтері қолданылады.
1. 3 Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы.
Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т. б.
Дүние жүзінде IBM PС архитектурасы бар маманданған ДК негізіндегі АЖО ең көп таралған.
АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек [21] .
Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:
- Жүйелік;
- Икемділік
- Тұрақтылық;
- Нәтижелілік.
Көрсетілген түсініктердің мазмұнын түсіндірейік.
Жүйелілік.
АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.
Икемділік.
Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.
Тұрақтылық.
Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.
Нәтижелік.
АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.
АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz