Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.: Кіріспе.
:
Кіріспе.: 1. Қорғалатын нысанның қысқаша сипаттамасы.
:
Кіріспе.: 1. 1 Көлемді - жоспарлы шешім
:
Кіріспе.: 1. 2 Инжерлік қондырғылар бойынша шешім
:
Кіріспе.: 2. Қорғалатын нысанның өрт қаупін талдау
:
Кіріспе.: 2. 1 Қорғалатын нысанның өрт қаупін қысқаша талдау
:
Кіріспе.: 2. 2. «Атриум» СҮ-не қатысты заттар мен материалдардың физико-химиялық және өрт қаупі қасиеттеріне сипаттама
:
Кіріспе.: 3. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау
:
Кіріспе.: 3. 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы
:
Кіріспе.: 3. 2 Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу
:
Кіріспе.: 3. 3. Өрт сөндіру құралдарын негіздеу
:
Кіріспе.: 3. 4 Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау
:
Кіріспе.: 3. 5 Өрт сөндіру қондырғысының негізгі түйіндерін және жұмыс істеу принциптерін қысқаша сипаттау.
:
Кіріспе.: 4. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысының гидравликалық есебі
:
Кіріспе.: 4. 1 Есептеуге бастапқы берілімдер
:
Кіріспе.: 4. 2 АӨҚҚ су шашатын түтіктерінің орналасуы
:
Кіріспе.: 4. 3 Тораптың гидравликалық есебі
:
Кіріспе.: 4. 4 Торап сипаттамасы
:
Кіріспе.:

4. 5 Автоматикалық сумен қоректендіруді есептеу

(импульстік құрылым)

:
Кіріспе.: 4. 6 Қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің инструкциясы
:
Кіріспе.: 6. Автоматты өрттен қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау
:
Кіріспе.: 6. 1 Автоматты қондырғымен өрт сөндіру вариантында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
:
Кіріспе.: 6. 2. Өрт автоматикасы қондырғысын қауіпсіз, сенімді және тиімді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынмен байланысты пайдаланатын шығын
:
Кіріспе.: 6. 3 Қозғалыс құралдарымен өрт сөндіру вариантында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
:
Кіріспе.:

6. 4 Варианттарды салыстыру және экономикалық

тиімділікті таңдау

:
Кіріспе.: 7. Дипломдық жоба бойынша қысқаша қорытынды
:
Кіріспе.: Қолданылған әдебиеттер тізімі
:

Кіріспе

Өрт автоматикасының пайда болуы мен дамуы адам қоғамының ғылыми-техникалық прогресімен тығыз байланысты. Өрт сөндірудің автоматтанған құрылғылары өте ертедегі деректерде келтірілген. Жекелеген түрде, өртпен күресу үшін әр түрлі техникалық құрылғылардың баяндалуы Архимед еңбектерінде, грек механик оқымыстысы Ктесибитя - б. э. д. ІІ-І ғасырларда Александрияда өмір сүріп, су көтеретін насосты ойлап шығарған, Герон Александрийскийдің, Пифагордың трактаттарында, рим архитекторы Витрувия және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Алғашқы (нақты көрсетілген дерек) рет өрт сөндірудің автоматты құрылғысын 1973 жылы ағылшын Джон Грин патентін ұсынған. Өкінішке орай, бұл құрылымның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі бізге жеткен жоқ. XVII ғасырдың аяғымен XVIII ғасырдың басында Батыс Европаның бірқатар елдерінде өрт сөндірудің автоматты құрылғылары облысында ойлап тапқыштық „жарқ” етті. Олардың барлығы жарылғыш құрылғылармен жасалды, жұмыс істеген кезде ыдыстан лақтырылып және өрт сөндіру құралдары шашылды. Мұндай құрылғылардың қатарына 1708 - 1710 жылдары Ресейде І Петрдің қатысуымен жасалған бөшке тәрізді ыдыстар, 1715 жылы Захари Грейлем (Германия), 1723 жылы - Годфрей (Англия), в 1770 жылы. - артилерия полковнигі Роттың (Германия) құрылғылары жатады. 1769 жылы К. Д. Фролов қазіргі пайдаланылып жүрген өрт сөндірудің қондырғысының туындысының макеті мен жобасын жасағанын жариялады. 36 жыл өткен соң 1806 жылы ағылшын Джон Кэри осыған ұқсас қондырғыны патенттеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе соңғы он жылында су шашатын түтікті және дренчер қондырғыларының шығуымен есте қалады, олардың „тууы” және жаппай таралуы Стюарт Гарисон (Англия), Генри Пармели и Фредерик Гриннеля (АҚШ) есімдерімен тығыз байланысты.

Автоматты өрттен қорғау өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Сушашатын және дренчерлі қондырғылардың эксплутациясының жарты ғасырдан астам уақыт тәжірибесі шаруашылық нысандарының өртен қарсы қорғауын қамтамасыз етюді.

Техниканың дамуы өзінің механизация және автоматизациясы, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштегі жаңа технологиялық процестерді дамытады, олар қоймаларда шикізат және дайын өнімдерді ұзақ сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты өртке қарсы қорғау автоматикасының рөлі артады, және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді, сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді керек етеді. Бірақ та өз кезегінде, экономиканың кез келген саласындағы техникалық прогресс өртке қарсы қамтамасыз ету прблемаларымен тығыз байланысты, өйткені ол өрттің пайда болуы мен шығынның үлкен мөлшерінен бөлініп кете алмайды. Үлкен көлемдегі емес өрттердің өзі қазіргі таңда ертеректе ірі өрттер нәтижесінде болатын мөлшердегі үлкен шығындар мен салдарлар туғызады. Осының бәрі өрттен қарсы қамтамасыз ету проблемаларын қамтамасыз ету біздің республиканың ең өзекті проблемаларының бірі болып табылады.

Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауға қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында локалдық тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды буын болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егерде 60-шы жылдардың ортасында, 70-шы жылдардың бас кезінде өнеркәсіптік өндірістің цехтарында қызмет көрсететін қызметшілердің саны жеткілікті болды, нәтижесінде дееқабілетті еркін өрт есептерін жасауға болатын, яғни өртті дер кезінде байқап, хабарлап, уақытысында сөндіруге болатын болса, қазіргі уақытта сондай мөлшердегі цехтарда тек бірнеше операторлардың (кейде бір-екеу) болуынан, олар пайда болған өртті байқамаулары мүмкін. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.

Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру - бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы енгізілу санының үздіксіз өсуі.

Жоғарыда келтірілген фактілерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасау қиын емес, өртке қарсы қорғаудың даму қарқыны өрттің материалдық қаупінің даму қарқынынан, яғни жаңа бұйымдардың, қондырғылардың, машиналар мен технологиялардың жасалу мүмкіндігінен қалып келеді. Осыған қарай, пайда болатын өрттердің санымен, олардан келетін шығын тенденциясы да артады. Бұл тенденцияны басу үшін көп мөлшерде адамдық және материалдық ресурстар (оның ішінде қымбат тұратындары, өрт автоматикасы құралдары сияқты) жұмсалады. Бұл тенденцияны тұрақтандыруға, керек болса азайтуға болады, егер де, өрт қауіптілігін бақылайтын өрттен қорғаудың барлық деңгей ұйымдастырылған күйде болса, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу нәтижелері, тәжірибелі-конструкторлық нәтижелер, тәжірибелі өндірістер. Осының көмегінің нәтижесінде дер кезінде потенциалды өрт қаупі нәтижесін анықтауға, қауіп көздерін жою іс-шараларын жүргізуге болады. Тек осындай жағдайда ғана алдын алу қызметі толық көлемде бақылау жасауға, өрттен қорғау шараларын жақсартуға мүмкіндік алады.

Өрттен қорғаудың мұндай мүмкіншіліктері іске асғанша, қазіргі кезде өрт қаупі потенциалын арттыуда ӨҚАҚ ең таңдаулы құрал болып саналады.
1. Қорғалатын нысанның қысқаша сипаттамасы.

  1. Көлемді - жоспарлы шешім

«Атриум» СҮ мына адрес бойынша орналасқан: Орал қаласы. Өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық - 2 км.

Сауда үйінің территориясында сауда павильондары, жеңіл және ауыр автомобильдерге арналған тұрақ орналасқан.

Сауда үйінің ғимараты екі қабатты, ұзындығы 100 м, ені 40м. Сыртқы қабырға 1. 090. 1-1/88 сериялы, қалыңдығы 4000мм панельден жасалған. Жабынды 1. 090. 1-1/88 сериялы құрама темір бетонды плитамен жабылған, қалқа кірпіш, төбе шатырсыз, рулонды материал жабындысынан тұрады. Ғимарат фундаменті құйылған. Баспалдақ құрама темір бетон баспалдақшалардан тұрады. Кірер есік ойығының размері 1, 91х 2, 4 м. Еден жанбайтын материал. Жалпы ауданы 2901, 6 м 2 , көлемі 29820 м 3 , биіктігі 9 м, отқатөзімділігі екінші дәрежелі.

Сауда үйі ғимаратында автоматты басқару айналмалы жүйесі, өрт кезінде айыратын айналмалы-сорғыш жүйе бар, өрттен қорғау дабылы бар. Бақылау приборлары КПКОП-01041-50-1 «Тапаз» - 1 дана және КСПП-019-60-2, ППС - 1 дана бар. Прибордың электро қоректенуі келетін электроқалқанмен іске асады, қосымша - 24 В аккумуляторлық батареялар арқылы.

1. 2 Инженерлік қондырғылар бойынша шешім

Жылыту жүйесі

Ғимараттың жылыту жүйесі орталықтан автоматты түрде реттеледі.

Жылыту жүйесі серіктес ағымдағы жылу тасымалдағыш өтетін қос түтікше.

Жылумен қамтамасыз ету көзі жылу тасымалдағышының көрсеткіші 120-70 0 С болатын қазандықтан тұрады.

Жылыту жүйесі, вентилляция және ыстық сумен қамтамасыз етуге кететін жылудың жалпы шығыны 597270 ккал/сағ / 696, 7 кВт тең.

Жылу жүйесінің төсемелері өтпейтін каналдарда сериясы 3. 006. 1-2/87 құрама темір бетон элементтерден жасалған. Жер асты суларының жоғары деңгейіне байланысты клейленетін битумдық изоляция қарастырылған.

Жылу компенсациясын ұзарту компенсаторлық қуыста орналасқан П-пішінді компенсатордың есебінен жасалады. Құбырлардың жылу оқшаулағышы қазіргі уақыттағы ҚНжЕ-нің сериясы негізінде жасалған. Жылу жүйесінен судың ағуы жақын жердегі канализация құдығынан жылжымалы сорғышы бар құбырлар арқылы қарастырылған. Қалдық судың температурасы 40 0 С артық болмау керек.

Жылыту жүйесі қондырғысында қыздырғыш приборлар алынған - «Мс-90» радиаторлары. Жылу тасымалдағыш жылыту жүйесінде - су, көрсеткіші 105-70 0 С.

Ғимараттың жылыту жүйесі жылу жүйесіне тікелей қосылған.

Тік құбырлар, магистралды және транзитті құбырлар МЕСТ 10704-91 * бойынша электросвакалы болат жұқа қабырғалы трубадан жасалған. Еден асты каналдар шегінің құбырлары стк. Марки 150 типті синтетикалық байланыстары бар ТУ 6-11-145. 80 бойынша шыныпластика орамасымен қалыңдығы 40 мм минерал мақталы цилиндрлермен оқшауланған.

Вентиляция

Бөлме вентиляциясы табиғи және механикалық қозумен болатын айналмалы-сорғыш болып қабылданған.

Табиғи қозумен болатын ввентиляция қосымша бөлмелердегі вентканалдар арқылы жүзеге асады. Механикалық қозумен болатын айналмалы вентиляция сауда залдарының бөлмелерінде калориферде ауаны қыздыру арқылы жүзеге асады Кірер есіктер ауа жылу топсаларымен жарақтандырылған.

Сумен қамтамасыз ету

Сумен қамтамасыз ету диаметрі 200 мм болатын, Интернациональная көшесімен өтетін су жолы торабынан қарастырылған.

Сыртқы су жолы торабы МЕСТ 9583-75 бойынша шойын қысымды трубамен жасалған. Су жолы құдықтары 901-09. 11-84 типтік жобасы бойынша жасалған.

Шаруашылық ішу су қажеттілігінде 14м-ден, ал өрт сөндіруде 16м-ден суға қажетті қысым қосу нүктесінен еркін қамтамасыз етілген.

Суық сумен қамтамасыз ететін ішкі су жолы жүйесі МЕСТ 3262-75 бойынша резбалы цинкіленген болат жеңіл газ-су өткізетін түтікшелерден қойылған.

Ыстық сумен қамтамасыз ету орталықтан. Ыстық суды дайындау суды жылдамдықпен қыздыратын су қыздырғышта болады.

Ғимаратта талаптарға сәйкес қарастырылған:

- ішкі өртке қарсы су жолы ағыс шығыны 2, 5 л/с болатын өрт крандарымен өрт сөндіреді;

  • өрт күзетінің дабылы.

Сыртқы өрт сөндіру сужолы торабымен қарастырылған.

Өрт гидранты Интернациональная көшесі жағындағы құдықта орналасқан. Сыртқы өрт сөндіру есебі сол берілген ықшам ауданда тұратын тұрғындар санына тәуелділігі және шар тәрізді су жолы торабы ескеріліп істелген.

Электрмен қамтамасыз ету

Электрмен қамтамасыз ету көзі болып ВЛ-10 кв. «Астра» - ТП №359 табылады, негізгі қосу нүктесі ВЛ-10 кв. №1. Трансформаторлық подстанцияны қоректендіру радиальді сызба бойынша АН-50 сымы арқылы 10 кВт кернеуде өтеді. Қондырғыға ГКТП - 250/10-У1 типтегі трансформаторлық подстанция алынған. Төменгі вольтты тораптың сызбасы радиальды түрде алынған. Торап 3х95+1х35 кв. мм. қабылданған ААШпУ-1 кв. кабелімен жасалған.

Сыртқы жарықтандыру ДРЛ-125 бар РК006-125-001-У1 светилник орналасқан, шарбақ кронштейндерінде орнатылған. Сыртқы жарықтандыру торабы диаметрі 25мм түтікшеге салынған АПВ-3(1х4) сымы және кабелден жасалған.

Жарықтандыруды басқару көшедегі жарықтандыру панелі арқылы автоматты түрде басқарылады.

Кірер жердегі орнатылған қуаттылылық:

- жарықтандыру - 79, 8 кВт;

  • күші - 53. 11 кВт.

Кірер таратқыш құрылымның типі ВРУ 1-11-10УХЛЧ; ВРУ 1-47-00УХЛЧ. Күші мықты қондырғы мен жарықтандырудың таратқыш қалқаншасы ПР-11.

Ғимаратта төмендегідей жарықтандыру түрлері қарастырылған: жұмыстық, авариялық, эвакуациялық және жөндеу.

Жарықтың көздері - люминесцентті лампалар және қыздырылған лампалар.

Канализация

Ғимараттың шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағымы ауладағы канализация жүйесіне түседі, одан кейін диаметрі 300 мм болатын нақты канализация жүйесіне қосылады.

Сыртқы канализация жүйесі МЕСТ 18599* бойынша пластмассалы қысымды трубадан жасалған. Ішкі канализация жүйесі МЕСТ 22689. 2-89 бойынша пластмассалы канализациялық трубадан жасалған.

Канализациялық құдықтар 902-09-22. 84 типтік жобасы бойынша жасалған.

Ішкі су ағымдары

Атмосфералық суларды кровлямен бөліп беру ғимарат жанындағы болат трубадан жасалған ашық үсіңкі лотоктар арқылы ішкі су ағымы жүйесімен жүзеге асады.

Кровляда суағымды сүзгіштер орнатылған. Шет жағында канализацияда қысқы кезеңде қалдық суларды бөліп жіберетін гидравликалық ысырмалар қарастырылған.

2. Қорғалатын нысанның өрт қаупін талдау

2. 1 Қорғалатын нысанның өрт қаупін қысқаша талдау

«Атриум» сауда үйінің құрамына сауда залдары, тауарды қабылдайтын және сақтайтын бөлме, қосалқы бөлмелер, әкімшілік-тұрмыстық және техникалық бөлмелер.

Сауда үйінің өрт қауіптілігі ондағы үлкен мөлшердегі жанғыштық қабілеті бар тауарлармен, әртүрлі тұтану көздерінің болуымен және өрттің таралу жолымен түсіндіріледі.

Сауда үйінде қатты жанғыш материалдар мен заттар (бұйым, маталар, қағаз) және газдар мен сұйықтар жануы мүмкін. Тауарларды сату және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережесеінің сақталмауы өрт шығудың жиі кездесетін себебі болып табылады.

Сауда үйінде жану өнімдері және жалын көлдеңенінен таралуы мүмкін, тігінен есік, терезе, технологиялық ойықтар арқылы, баспалдақ бөлімі арқылы, вентиляциалық және басқа инженерлік комуникациялар арқылы. Сауда өндірісіндегі заттар мен материалдардың ылғалдылығы 8-12% құрайды, бұл материалдардың тез тұтануын және жалынның олармен тез таралуын күшейтеді. Түтін негізінен тігінен қарқынды дамиды, бұл дегеніміз жоғарғы қабаттардың жылдам түтінденетінің түсіндіреді.

Жеңіл тұтанатын және өрт қауіпті тауарлары бар (аэрозолді орамадағы парфюмериялар, синтетикалық материелдан және пластмасссадан жасалған бұйымдар, тұрмыстық химия тауарлары) сирек кездесетін бөлімдер мен секциялар ғимараттың төменгі қабатында эвакуациялық жолдар мен жерлерге жақын орналасқан бұл дегеніміз адамдарды құтқару және эвакуациялауға қиындық туғызады.

Сауда үйінде өрт кезінде адам өлімі болуы мүмкін, ол көп мөлшерде ғимаратқа адамдардың келуімен, бөлме құрылымдарының күрделілігі мен білмеуіне байланысты, адамдар эвакуациясын ұйымдастырудың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.

2. 2. «Атриум» СҮ-не қатысты заттар мен материалдардың физико-химиялық және өрт қаупі қасиеттеріне сипаттама

СҮ-не қатысты негізгі материалдарына әр түрлі маталар, картонды қағаздар, тері және жүн бұйымдары, құрамында әртүрлі мөлшерде спирті бар сұйықтар, ағаш жатады. Анықтама көрсеткіші бойынша олардың физико-химиялық көрсеткіштері:

Қағаз - жеңіл тұтанатын жанғыш материал, тұтану және өздігінен тұтану температурасы 230 0 С, жанып біту жылдамдығы 8*10 -3 кг/(м 2 *с) - үлпілдек күйіндежәне 5, 5 * 10 -3 стеллаждағы кітап күйінде. Кипте сақталған күйде өздігінен қызу жылуы 100 0 С дейін көтерілуге қабілетті. Азот қышқылы және басқа да күшті тотықтырғыштар әсер еткенде химиялық өздігінен жанады.

Сөндіру құралдары: тозаңдатылған су, құрамында суландырғышы бар және ауа механикалық көбігі бар тозаңдатылған су.

Түкті матаның «Полубархат» түрі - құрамы негізінен целлюлоза сополимері фосфортотықты тұзы поли-2-метил-5-винилпиридиннен тұратын талшық. Матадағы фосфордың құрамы 3, 5-3, 7%, азот 1, 95-1, 97%.

Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, жанғыштық тобы Г2, тұтанғыштығы В2.

Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.

Суконды матаның жартылай жүнді «Реверанс» түрі - құрамы: 40% жүн, 60% - ацетохлорин.

Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, жанғыштық тобы Г3.

Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.

Жүн - жанғыш материал, жану жылуы 20502 кДж/кг, тұтану температурасы 200 0 С, өздігінен тұтану температурасы 570 0 С.

Сөндіру құралдары: үйлескен күйдегі және тозаңдатылған су ағысы.

Қарағайлы ағаш - тығыздығы 414-510 кг/м 3 , жылу өткізгіштігі 0, 37 Вт/(м*К), жану жылуы - (18731-20853) кДж/кг.

Өрт қаупі қасиеті: жанғыш материал, өздігінен температурасы 250 0 С, өздігінен тұтану температурасы 390 0 С, ұнтақталған күйде тұтанып жылуға бейім, өздігінен тұтануда бықсу температурасы 280 0 С, аэроұнтақтың жалынының таралуының төменгі концентрациялық шегі 34 г/м 3 , аэроұнтақтың максималді жарылу қысымы 520 кПа, қысымның өсуінің максималді жылдамдығы 5, 5 Мпа/с, түтін түзу коэффициенті 717 м 2 /кг при 400 0 С, 400 0 С-да жану өнімдерінің уыттылығы 35, 5±2, 7 г/м 3 .

Сөндіру құралдары: тозаңдатылған су, құрамында суландырғышы бар және ауа механикалық көбігі бар тозаңдатылған су.

3. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысын жобалау

3. 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша автоматты өрттен қорғау техникалық құралдарының жағдайы

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша 1560 объект өрт автоматикасымен қамтылған. Олардың 760 объектісі сауда өндірістеріне жатады.

Қалған объектілер, яғни 800-сі өрт автоматикасын қамтамасыз етуге жатады. Олардың 62 сауда өндірістері.

2008 жылдың есебі бойынша Ақмола облысы бойынша сауда өнеркәсіптерінде шығыны 10 миллион 295 мың теңгені құрайтын 40 өрт болған, ол алдындағы 2007 жылмен салыстырғанда 45%-ға жоғары. Мәселен, шығыны 5 миллион 887 мың теңгені құрайтын 25 өрт болған, ол талдау жасап отырған жылдан 2, 4 есе төмен.

Егер де статистикаға үңілетін болсақ, өрт автоматикасымен жарақтандырылған объектілерде жарақтандырылмаған объектілермен салыстырғанда өрт саны едәуір мөлшерде аз болады деп қорытынды жасауға болады. Мәселен, осы есеп жылы өрт автоматикасымен жзарақтандырылған объектілердің біреуінде ғана өрт болып және ол осы қондырғының жақсы жұмыс істеуі нәтижесінде нәтижелі сөндірілген.

3. 2 Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу

Өрт автоматикасы құралдарын енгізу және пайдалану мол шығында қажет етеді, оны қолдану қажеттілік проблемасы көп жағдайда терең экономикалық проблема болып табылады және оны шешу үшін үлкен ұйымдастырушылдық және зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметінде АӨҚҚ түрлерін таңдау және қолдану қажеттігі негізінде екі әдіс қолданады: нормативті және есептеу-графикалық.

Нормативті әдіс. Оның негізі мынадай, АӨҚҚ негізінен нормативті актілермен, бұйрықтармен, ведомстволық нормаларға сәйкес басқарылатын үлкен өндірістік бөлмелер, тұрғын үйлер, миністірліктер мен ведомоствалардың қызығушылығындағы қоғамдық және әкімшілдік ғимараттар иемденеді. Біздің жағдайымызда «Дана» сауда үйінің сауда залдарына автоматты өртке қарсы қондырғыларды орналастыру СН РК 2. 02. 11-2002 сәйкес жасалады.

Автоматты өртке қарсы қондырғының нормада көрсетілгендей қолдануды талап ететіндіктен, берілген жағдайға тиімді қондырғыны таңдаймыз

Есептеу-графикалық әдіс өте кең тараған. Әдістің негізі мынадай жолдан тұрады:

\[\hat{{\ |}}_{\mathrm{\scriptsize~tai}}\;=\frac{{\hat{C}}_{\mathrm{aq}}K_{\mathrm{op}}K_{\mathrm{pe}}|_{\mathrm{\scriptsize{k}}}}{{\mathbf{k}}_{\mathrm{sij}}K_{\mathrm{of}}}=\frac{2n5{\mathcal{\mathrm{x}}}{2{\mathcal{Z}}}{\hat{\mathrm{x}}}{\hat{\mathrm{x}}}_{\mathrm{e}}}={\mathsf{1.3}}\]
1. Ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып бөлменің жалпы өрт қаупін анықтаймыз О общ :

мұндағы k Mv - жалпы өрт күшін (массалық) шамасын ескеретін коэффициент Mv ; K opn - өрттің таралу қаупі бойынша қорғалатын нысан тобын ескеретін коэффициент; К ПЧ - жақын өрт бөлімшесіне арақашықтықты ескеретін коэффициент; К огн - қорғалатын ғимараттың отқа төзімділік дәрежесін ескеретін коэффициент; К pn - қорғалатын нысанда өрттің пайда болу қаупі тәуекелін ескеретін коэффициент.

2. Қорғалатын бөлменің ең маңызды ішкі факторларын және құны көрсеткішін ескере отырып өрт қаупін анықтаймыз О вн :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтық өрт сөндіру қондырғылары
Автоматты өрт сөндіру жүйелері
Қ. И. Сaтпaев aтындaғы ҚaзҰТЗУ-дың Бaс оқу корпусындaғы өрт жaрылысқa қaуіпті бөлмелерді бaғaлaу
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Өртке қарсы жабындар
Өрт сөндіру құралдары
Өндірістің жарылыс қаупі
Өртті сөндіруді басқару
Сауда орталығындағы өртті сөндіруді ұйымдастыру және өрт сөндіру тактикасын қолдану
Өрт салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz