Авторлық шарттың жалпы ережелері. Авторлық қадағалауды жүргізу тәртібі және жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Авторлық құқықтың ұғымы, обьектілері мен субьектілері

1. 1 Авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы: ұғымы,

обьектілері, субъектілері . . . 5

1. 2 Автор сыйақыны есептеу тәртібі . . . 8

2. Авторлық шарттың жалпы ережелері

2. 1 Авторлық шарттың ұғымы, мазмұны . . . 15

2. 2 Авторлық құқықтарды қорғау тәртібі . . . 16

2. 3 Авторлық құқықтарды қорғау саласындағы

халықаралық шарттар мен келісімдер . . . 31

3. Авторлық қадағалауды жүргізу тәртібі және жетілдіру жолдары

3. 1 Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі . . . 52

3. 2 Авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын

негізгі құжаттар және авторлық құқықтарды жетілдіру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 60

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Сондықтан еліміз жаңа элемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда авторлық шартты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр.

Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде авторлықты дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет десек артық емес. Олай болса, авторлық шартты ол туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Сондықтан қазіргі Қазақстандық авторлық шартты зерттеу, оның негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген заңгерлер үшін аса маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Заңдарына сәйкес авторлық құқық шарттарының құқықтық жағдайын теориялық және қүқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәселеге жалпы авторлық қүқыққа қарастыру тұрғыдан мән берер болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған үлкен бір өзекті проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар еді. Сонымен бірге меніңше осы қарастырылатын мәселелердің өзектілігін сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар еді. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстің өте қарқынды ілгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектілері мен субъектілерін өмірге алып келуде, соның бір мысалы ретінде тек интернет жүйесін алып қарар болсақ қүқықтық түрғыдан әліде өз шешімін таппаған қыруар мәселелердің барына көз жеткізу мүлдем қиын емес деп ойлаймын.

Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда авторлық қүқық саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: дипломдық жүмысымда Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша авторлық қүқықтың шарттары болып табылатын түлғалардың қүқықтық жағдайына жалпы теориялық түрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы авторлардың мүліктік және мүліктік емес қүқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар сұрақтарды қарастырылады.

Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен авторлық қүқықтың шарттарын қарастырмас бұрын жалпы авторлық объектінің түсінігі мен түрлерін қарастыра келіп авторлық қүқық жэне авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және қүқықтық тұрғыда мүмкіндігінше тереңірек қарастыруды өзіме мақсат етіп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында авторлық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткім келеді әрі сонымен бірге Қазахстан Республикасынның ішіндегі Халқаралық шартар мен келісімдер арқылы Қазахстан Республиканың азаматтармен бірге шетелдердегі авторлық қүқықтарды қорғау мәселелеріне де біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.

Ғылыми жаңалығы: мүліктік құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүліктік қүқықтар берілетін адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресімделуге тиіс.

Айрықша күқықтарды беру туралы авторлық шарт осы қүқықтар берілген адамға ғана туындыны белгілі бір әдіспен және шартта белгіленген шекте пайдалануға рұқсат етеді және мұндай адамға басқа адамдардың туындыны осылайша пайдалануына тыйым салу құқығын береді. Егер айрықша қүқықтар берілген адам бұл қүқықты қорғауды жүзеге асырмаса, басқа адамдарға туындыны пайдалануға тыйым салу құқығын туындының авторы жүзеге асыра алады.

Айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт пайдаланушыға осындай қүқықты берген айрықша құқық иесімен және (немесе) осы туындыны соңдай әдіспен пайдалануға рұқсат алған басқа адамдармен туындыны тең жағдайда пайдалануға рұқсат етеді.

Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы: ұғымы, обьектілері, субъектілері және автор сыйақыны есептеу тәртібін зертеу қарастырылған.

Екінші бөлімде авторлық шарттың ұғымы, мазмұны және авторлық құқықтарды қорғау тәртібі мен авторлық құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдерді қарастырдық. Автор шарттың мәнін ашып, оның қызмет ету және реттеуінің нормативті құқықтық актілерін, сонымен қатар оның негізгі индикаторлары мен зерттеу жолдарын қарастырады.

Үшінші бөлімде авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесі мен авторлық қадағалауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын негізгі құжаттар және авторлық құқықтарды жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1 Авторлық құқықтың ұғымы, обьектілері мен субьектілері

1. 1 Авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы: ұғымы, обьектілері, субъектілері

Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.

Сонымен қатар авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:

1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты) ;

2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты) ;

3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты) ;

4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты) ;

5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты) ;

6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.

«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады. [11, 56]

Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.

Авторлық құқық объектісі санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын.

Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.

Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады: әдеби туындылар; драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; сценарий туындылары; хореография және пантомима туындылары; мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар; дыбыс-бейнежазу туындылары; кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары; қолданбалы өнер туындылары; сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар; карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; өзге де туындылар. [2, 11]

ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады. Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады: туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер) ; жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.

Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар:

Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды: ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары; мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер) ; халық шығармашылығы туындылары; оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

Авторлық құқықтың пайда болуы. Авторлықтың ақиқаттылығы.

Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: қоршауға алынған латынша "С" әрпi; айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы) ; туындының алғаш жарияланған жылы. [12, 29]

Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.

Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады.

Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi. Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. [3, 5]

Тең авторлар: Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады. Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады. Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.

Құрамдас туындыларға авторлық құқық: Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi. Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы. Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды. Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы. Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады. [14, 78]

1. 2 Автор сыйақыны есептеу тәртібі

Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары: Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, соның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзгедей жазу арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке-дара жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлей алады. [4, 16]

Соныме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1083 қаулысы «Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес берiліп отырған: 1) туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары; 2) туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары; 3) туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары бекiтiлдi.

«Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкаларын бекiту туралы» қаулыға қоса беріліп отырған авторлық сыйақының ставкалары туындыларды оларда белгiленген пайдалану түрлерi үшiн ең төменгi болып табылады деп белгiлендi. Сыйақының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн тараптар авторлармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен жасалатын авторлық немесе лицензиялық шартта белгiлейдi. [13, 94]

Туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары. Туындының түрі: Бiр туындыны немесе бағдарламаны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн билеттердi сатудан түскен жалпы жиынтық соманың, шарт бойынша кепiлдi төлем сомаларының не кiрiстердiң өзге сомаларының пайызымен авторлық сыйақының ең төмен ставкалары

Туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны
үшiн авторлық сыйақының ең төменгі ставкалары:

P/c

N

Туындыларды пайдалану түрі

Авторлық сыйақының ставкалары

пайызбен

P/cN: 1.
Туындыларды пайдалану түрі: Жарыққа шыққан туындыларды эфирге хабарлағаны үшiн
Авторлық сыйақының ставкаларыпайызбен: 1% (кiрістің жалпы сомасынан)
P/cN:
Туындыларды пайдалану түрі:
Авторлық сыйақының ставкаларыпайызбен:
P/cN: 2.
Туындыларды пайдалану түрі: Жарыққа шыққан туындыларды кәбiл бойынша хабарлағаны үшiн
Авторлық сыйақының ставкаларыпайызбен: 3% (кiрiстiң жалпы сомасынан)
P/cN:
Туындыларды пайдалану түрі:
Авторлық сыйақының ставкаларыпайызбен:
P/cN: 3.
Туындыларды пайдалану түрі: Туындыларды жерсерiктiк телевизия арқылы хабарлағаны үшін
Авторлық сыйақының ставкаларыпайызбен: 4% (кiрiстің жалпы сомасынан)

Туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төменгi ставкалары:

P/c

N

Туындыларды пайдалану түрі
Авторлық сыйақы ставкалары
P/cN: 1.
Туындыларды пайдалану түрі: Туындыларды дыбыстық жазуда қайта шығару (көбейту) және (немесе) тарату
Авторлық сыйақы ставкалары: дыбыстық жазуда қайта шығарылған данасының еркiн бағасынан (дыбыстық жазу тасушыларына жазылған туындылардың санына қарамастан) - 3%
P/cN:
Туындыларды пайдалану түрі:
Авторлық сыйақы ставкалары:
P/cN: 2.
Туындыларды пайдалану түрі: Туындыларды ұялы (ұтқыр) телефондар үшiн әуен (рингтондар) ретiнде қайта шығару және тарату
Авторлық сыйақы ставкалары: туындыны пайдаланғаны үшін кiрiстен - 10%
P/cN:
Туындыларды пайдалану түрі:
Авторлық сыйақы ставкалары:
P/cN: 3.
Туындыларды пайдалану түрі: Дыбыстық жазуларды және (немесе) дыбыс-бейнежазу туындыларының даналарын прокатқа (жалға) беру.
Авторлық сыйақы ставкалары: 1 AEК

Бейнелеу өнерi туындыларын еркiн пайдалану құқығы. Қадағалау құқығы: Бейнелеу өнерi шығармасының авторы туындының меншiк иесiнен өз туындысының көшiрмесiн жасау құқығын жүзеге асыруға мүмкiндiк беруiн талап етуге құқылы (қол жеткiзу құқығы) . Бұл орайда туындыны меншiк иесiнен туындыны авторға жеткiзiп берудi талап етуге болмайды. Бейнелеу өнерi туындысының түпнұсқасын жария түрде (аукцион, бейнелеу өнерiнiң галереясы, көркемдiк салоны, дүкен және сол сияқтылар арқылы) қайталап сатқан әрбiр жағдайда мұндай бейнелеу өнерi туындысын меншiктену құқығынан бiрiншi рет айырылғаннан кейiн автордың немесе оның мұрагерлерiнiң сатушыдан қайталап сату бағасының бес процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқығы бар (қадағалау құқығы) . Авторды тiрi кезiнде аталған құқықтан айыруға болмайды және ол заң бойынша немесе қалдырған өсиетi бойынша авторлық құқық мерзiмiнде тек қана автордың мұрагерлерiне көшедi. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы (өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді. [15, 18]

Туындыны жеке мақсатта автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей көшiрмелеу: 1 Заңды түрде жарияланған туындыны автордың немесе құқық иеленушiнiң келiсiмiнсiз және авторлық сыйақы төлемей жеке тұлғаның тек өз мақсаты үшiн және табыс алмай, осы Заңның 26-бабында көзделген реттердi қоспағанда, жалғыз дана етiп көшiрмелеуiне жол берiледi. 2. Осы баптың 1-тармағының ережесi: 1) үйлер және солар сияқты ғимараттар түрiндегi сәулет өнерi туындыларын көшiрмелеуге; 2) деректер базаларын немесе олардың елеулi бөлiктерiн көшiрмелеуге; 3) осы Заңның 24-бабында көзделгендерден басқа реттердi қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге; 4) кiтаптарды (толығымен) және нота мәтiндерiн репродукциялауға (репрографиялық қайта шығаруға) қолданылмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Сатып алушының тауарды қабылдауы
Стандарттау туралы заңдар және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Мердігерлік шарты жайында
Материалдық сақтандыру қатынастары
Авторлық меншік және оның құқықтық белгілері
Сақтандыру шарты жайлы мәлімет
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу құралы
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz