Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

І - тарау. Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты.

1. 1 «Сібір қырғыздары жөніндегі жарғы» және аға сұлтандар институтының пайда болуының саяси-құқықтық негізі 8

1. 2 «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы» және сұлтан басқарушылар институты 28

ІІ - тарау. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті.

2. 1Округтердің құрылуы және аға сұлтандар 33

2. 2 Аға сұлтандардың әлеуметтік келбеті 58

2. 3 Аға сұлтандр институтының тарихтағы орны 67

Қортынды 71

Пайдалынған әдебиеттер тізімі 74

Қосымшалар 76

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республикамыз тәуелсіздікке қол жеткізіп, ұлтымыз есін жиып, саналық сілкініс жасап, жоғалтқанымызды іздеуге бет бұрдық, егемен ел атанып, шексіз қуанышқа бөлендік, қазақ халқының тарихында жаңа кезеңге аяқ бастық. Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерді жаңа көзқараспен жаза бастадық. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың өз әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс тіршілігін білу дәрежесі. Ұйқы бас сананың оянуына өмірдегі белгілі бір ірі оқиғалар себепші болады десек, Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осыған дәлел. Ресей империясының бірнеше ғасыр бойына жүргізіп келген орталық саясатын жалғастырушы қызыл империяның орталық басшылығы халық еркіндігіне қиянат жасап отырғандығын түсінген саналы жастарымыз наразылық бірдірген-ді.

Ал халықтың санасын неліктен ұйқы басқан еді деген сұраққа жауап іздеу үшін біз халқымыздың Ресей империясының бодандығына айналған тарихына қатысты кезеңді жаңа тарихи көзқарас негізінде зерттеп жазуды қолға алып отыпмыз. Бұл дипломдық жұмысымда Ресейдің отарлау саясатының Орта жүз және Кіші жүз жерлерінде қалай жүргізілгені көрсетіледі.

ХVІІІ ғасырдың ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халықтың бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес - ті. Қытай мен Ресей ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан қалқалайтын «аралық аймақ» деп қараса, келе - келе тойымсыз Ресейдің өзгенікін иемденгісі келіп тұратын империялық пиғылы басым түсті.

Патша әкімшілігі қазақтардың үздіксіз күресін басу үшін шекара үкіметінің көмегімен қатар, саяси дипломатиялық құралдарды да пайдалана отырып, елдің ішкі саяси өміріне араласып, дәстүрлі хандық билік жүйесін жоюды көздеді. 1781 жылы Абылай хан өлген соң орнына оның үлкен ұлы Уәли таққа отырады. Орта жүздің саяси өмірін сырттан бақылап отырған орыс патшасы ІІ - Екатерина 1783 жылы генерал Штрадманға жіберген бұйрығында: «Кез - келген әдіспен, тіпті әскери күш қолдансандар да бұл ханның қызметін шектеп отырындар», - деп айтуы Уәли билігін жоюға барынша кіріскенін көрсетеді. Қазақ қоғамында дәстүрлі хандық билікті жоюда ІІ - Екатерина ел

ішіне бүлік салып, қазақты бір -біріне қас дұшпан етіп қою саясатын кең көлемде қолданда. «Айқап» журналында жарияланған «Қазаққа алалық қайдан келді?» атты мақалада, бұл патшаның шамамен 1775-1780 жылдар аралығындағы жарлықтардан үзінді келтірілген. Бұл құжаттың нақ өзі өкінішке орай табылмай тұр. Жарлық мазмұны төмендегідей:

  1. Қырғыз - қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларымен

араз етіп, бірі мен бірін қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз.

  1. Сұлтандарын бірі мен бірін араз қылып, бірі мен бірін иттей

тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз.

  1. Қырғыз - қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып,

сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдармен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей көкір - сөкір даярлай беріңіз. Осы ойларын әрі дамыта келе әйел патша қазақтардың арасына осылайша от тұтатып береке- бірлігін алсақ, олардың бөтен патшалық қол астына көшіп кетерге дәрмені болмас деп тапты. Өз - өздері қырық пышақ болып, қырылысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алу үшін, күш алу үшін Ресей патшалығына жақындар да, оның қол астына өнер, деп айтқан көрінеді. [27]

Қазақ жеріндегі орыс отаршылдығы екі кезеңнен тұрады. Император Анна Ивановна тұсындағы бірінші кезеңде Кіші жүз бен Орта жүз бейбіт жолмен Ресейдің қол астына қарады. ХІХ ғасырдың 60-80 жылдарында Ұлы жүз қазақтарын патша өкіметі биліктің күші, найзаның ұшымен бағындырды. Бірінші кезеңде Ресей ең әуелі өзінің шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, Орта Азиямен, Үндістанмен сауда саттықты нығайтуды ойлаған.

Отарлау саясатының 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылған екінші кезеңінде Ресей империясы әскери отарлау арқылы жергілікті халықты шұрайлы қонысынан қуды. Қазақтардың орнына алғашқы кезеңде орыс-қазақ отаршыларын әкелсе, отарлық саясаттың үшінші кезеңі 1867-1891 жылдары қазақ жеріне орыс шаруаларын алып келіп қоныстандыра бастады.

Диплом жұмысының екінші тарауында, яғни 1822-1867 жылдар аралығындағы Ресей патшасының қазақ жерінде белсенді түрде жүргізген отарлау саясаты туралы қарастырған.

Патша үкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы ойын жүзеге асыру үшін бірнеше реформа жасап, әуелі елдік ұйытқымызды жойып, этникалық бірлігімізден, содан кейін ұлысымызды бөлшектеп жеке - жеке губернияға теліп жер тұтастығымыздан айырды. Рас, Ресей бұл ойын асықпай өте сақ жүргізді.

ХІХ ғасырдың екінші ширегі Қазақстандағы әскери отарлаудың шешудің кезеңі болды. Ресейдің жүз жылдан астам уақытқа созылған өңмеңдеуі өлкенің барлық дерлік аумағының империя құрамына қосылуына әкеп соқты. Бұл Қазақстанның саяси бытырыңқылығының, күрделі сыртқы жағдайының салдарынан ғана емес, сонымен қатар Ресейдің сөзсіз әскери басымдылығының нәтижесінде болды.

Қазақстанды Ресей құрамына қосудың аяқталуы Қазақ өлкесі жөніндегі саясатына елеулі өзгерістер енгізді. «Бөліп ал да, билей бер» принципіне негізделген саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып және қазақтардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіруін аяусыз жаныштап, Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты.

Кең байтақ Қазақстан аумағына орналастырылған әскери бөлімдерімен шектелмей, жаңадан жаулап алынған иеліктерде отаршылдық билікті нығайтуға ниеттелген Ресей оңтүстік - шығыс Қазақстанға қосымша жаңа әскери бөлімдерді әкелді.

Осы аймақта Ресей позициясын нығайтудың басты жолдарының бірі -

басқару жүйесіне өзгерістер енгізу болды.

Метрополияның қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсібі шикізат көздеріне, жұмысшы күшіне барған сайын мұқтаждық көре бастады. Табиғи ресурстарға, мал шаруашылығы шикізатына бай қазақ жері орыс кәсіпкерлерінің назарына көптеп бері- ақ іліккен болатын. Алайда әр түрлі табиғи - географиялық жағдайлары бар көлемді аймақты игеру басқарушы топтардан әкімшілік -территориялық, сот және басқа өзгерістерді еңгізуді талап етті. 1822-1824 жылдардағы реформалар отарлау үшін кеңістік ашып берді, бірақ мұндағы ғасырлар бойы сақталып келе жатқан басқару формаларын толығымен жоя алмады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: ХІХ -ХХ ғ. басында отарлаушы Патша өкіметіне әкімшілік аумақтық жағынан басқару үшін жергілікті халықтың тарихын, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен мінез - құлқын жете, кешенді танып білу қажеттілігі туындады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қазақ даласына аталған саяхатшылар мен зерттеушілердің, ел арасында әр түрлі жолдармен мәліметтер жинаған патша шенуліктерінің жазба деректері қарастырылып отырған тақырыпқа қажетті жан - жақты мағлұматтар береді.

Қазіргі күнде із-түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан тікелей жинаған мағлұматтар негізінде жазылған А. И. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген «Описание киргиз - казачьих, или киргиз - кайсацких, орд и степей» деген белгілі монографиялық еңбегінің маңызы ерекше. Бұл кітабында ХҮІІІ аяғы мен ХІХ басындағы қазақ халқының өмір -салтын, болған оқиғаларын, халықтың санын, географиялық жағдайын, дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын жалпы айтқанда, сол замандағы қазақ қауымын толығымен суреттеп берген. Дипломдық жұмыстың тақырыбы үшін осы еңбектің ең маңыздысы «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» толығымен берілген. Ш. Уәлиханов А. И. Левшинді «Қазақ халқының Геродоты » деп атаған. Патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген әкімшілік реформаларының саяси - құқықтық мәні туралы, Қазақстандағы территориялардың бөлінуі тарихшылар арасында көптен бері зерттеліп келе жатқан маңызды тақырыптардаң бірі. Әсіресе, А. Левшин, В. Радлов, А. Рязанов, Л. Мейер, М. Красовский, М. Муканов, С. Толыбеков, Е. Бекмаханов, С. Зиманов, Ғ. Маймақов, Қ. Құсайынұлы, Ж. Қасымбаев, Н. Агубаев, С. Мәшімбаев, А. Жиреншин, Е. Абайбелдинов, Б. Абдрахманова, Ж. Жампейісова, Қ. Әбуев, С. Ақтаев, тағы басқа ғалымдардың зерттеулері, еңбектері осы күнге дейін қазақ қоғамы үшін маңызы зор.

Е. Б. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20 - 40 жылдарында» атты еңбегінде ХІХ ғ. І - жартысындағы қазақ жеріндегі патша өкіметінің жүргізген отарлау айқын берілген.

С. З. Зимановтің еңбегінде жарғылардың мәнін, құрылысын, әкімшілік-территориялардың қарым -қатынастарын, басқару жүйесі туралы нақты дерктер бар.

С. Е. Толыбековтың «Кочевое общество казахов в ХҮІІ начале ХХ века»

атты еңбегінде қазақ жүздерінің Ресей құрамына ену процессі және көшпенділердің территориялық, шаруашылық қатынастардағы прогрессивті өзгерістері туралы жан -жақты зерттеліп қарастырылған.

М. С. Мұқановтың «Этническая территория казахов в ХҮІІІ начале ХХ веков» атты еңбегі 1991 жылы жарық көрді. Бұл еңбегінде округтардың орналасқан жерлері, оларға кірген ру тайпалары, халық қоныстарын және т. б. туралы маңызды деректер көрсетілген.

Құнды мәліметтер дипломдық жұмысым үшін Қ. Қ. Әбуевтің 2006 жылы жарияланып шыққан «Қазақстан: тарих және тағылым» атты еңбегінде Көкшетау қаласының өткені мен бүгінгісі жөнінде, Аман-Қарағай округтің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов туралы деректер, патша өкіметіне он жыл бойы қарсы тұрған Кенесары ханның көтерілістері жайында кең көлемде маңызды ақпарат берілген.

Бұл тақырыпқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар да баршылық, атап өтсек, «ҚазҰУ Хабаршы (тарих сериясы) », «Ақиқат», «Ұлан», «Арқа ажары», «Егемен Қазақстан», «Бұқпа», «Ізденіс», «Қазақ тарихы», «Қазақстан тарихы», «Ұлт тағылымы», «Қазақ ордасы», «Отан тарихы».

Аталған зерттеулерде назар аударатын болсақ, бұл тақырыпқа қатысты көптеген пікірлер барын байқаймыз. Бірақ, бұл дерекке әлі де бола қосымша зерттеуді қажет ететін ауқымды тақырыптардың бірі.

Зерттеудің мақсат-міндеттері: ХІХ ғасырдың І - жартысындағы патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген әкімшілік реформаларының саяси -құқықтық мәні жөнінде, Қазақстандағы мемлекеттік әкімшілік территорияның бөлінуі туралы, мемлекеттік билік органдары мен басқармаларының қызметтері туралы мағлұмат беру, әлеуметтік келбетін анықтау дипломдық жұмысымның мақсаты болып табылады. Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім.

  • «Сібір қырғыздары жөніндегі жарғының» құрамын, мақсатын, оның іске асудың жолдарын қарастыру;
  • «Орынбар қырғыздары жөніндегі жарғының» мазмұндағы мақсатын, оны іске асырудың жолдарын қарастыру;
  • Патша өкіметінің саясатымен құрылған округтердің географиялық, этникалық құрамын, тарихын, билік органдарының қызметтерін зерттеу;
  • Аға сұлтандар, болыс сұлтандар, старшындардың қызметін, ролін және олардың әлеуметтік келбетін айқындау;

Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: ХІХ ғасырдың бірінші

жартысы, яғни 1822-1867 жылдары. Аталған уақыттың әлеуметтік саяси өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Атап айтса, қазақ жерінде саяси, территориялық, қоғамдық өміріне патша өкіметінің алғашқы реформалары енгізілді. Бұл қазақ қоғамы үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болып есептеледі.

Зерттеудің географиялық шеңбері: Солтүстік, Орталық және Батыс

Қазақстан аумағы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Патша өкіметінің жүргізген реформаларының сипаты, мақсаты, яғни мазмұны қарастырылады. Округтердің басқарушылары, яғни аға сұлтандардың, сұлтандардың, старшындардың қазақ қоғамындағы және патша өкіметенің саясатындағы орындары айқындалады .

Зерттеудің методологиялық негізі: Дипломдық жұмыста тарихи, ғылыми кітаптары А. Левшин, С. Толыбеков, Е. Бекмаханов, С. Зиманов, М. Муқанов, Қ. Құсайынұлы, С. Мәшімбаев, Ж. Қасымбаев, Ж. Жампейсова, Қ. Әбуев, баспасөз материалдары «Ақиқат», «ҚазҰУ Хабаршы», «Тарих сериясы», «Көкшетау», «Отан тарихи» және интернет желісі www. Google. kz, www. Massagan. kz, www. stud. kz, www. kisi. kz, www. astana. kz қолданылды.

Зерттелу жұмысының қолданбалық маңызы: Зерттеу жұмысын жоғары оқу орындарда, тарих және саясаттану міселелерімен айналысатын студенттерге пайдалануға болады.

І - тарау. Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты.

1. 1 «Сібір қырғыздары жөніндегі жарғы» және аға сұлтандар институтының пайда болуының саяси-құқықтық негізі.

Жұртқа мәлім, Қазақстанның патшалы Ресейге тәуелді болуының басы ХVIII ғасырдың 30- жылдарына жатса да, бірақ патша өкіметі Қазақстанды тек ХІХ ғасырдаң алғашқы жартысында ғана түпкілікті бағындыра алды.

Онсыз да ұлғайып алған империя құрамына Қазақстанның қосылуы аяқталған жағдайда оның орналасқан геосаяси жағдайы әскери жағынан алғанда әлсіз Қоқан және Хиуа хандықтарын таптап тастап, бірінші отаршыл империя - Англияның Шығыс Түркістан ауданына енуін жоққа шығаруға мүмкіндік беретін еді, ал бұған қазақ өлкесі кедергі болып қала берген. 1820 жылғы «Қазақ даласы» әскери топографиялық жағынан суреттелетін журналдан мыналарды оқуға болады: «Ұлы Петр орыстардың белсенді саудасын кеңейтуге ұмтылып және өзі дүниеге кеңінен қарай келіп, Үндістанға көз тоқтатты: екі жақты қатынастарды түбірінен өзгерткісі келген ол сауда қатынастарын кеңейтуді ғана ойлап қоймай, Хиау, ал содан соң Бұхара билеушілерін, сондай -ақ өзі алтынға бай құм табуға үміттенген Яркенть қаласын (қазіргі Жаркент қаласы) өз билігіне бағындыру мақсатымен стратегиялық қадам жасауға бел байлады». Ресей империясын экономикалық мүдделері, Петербургтің ғаламат саяси жоспарларымен қатар патшаның стратегиялық болжамдарын ұстана отырып, оның Орталық Азияның түкпіріне қарай біртіндеп ілгерілеуін тездете түсті.

Жоғарыда атап өтілген мән - жайлармен қоса, үкіметтің оңтүстік - шығыс Қазақстанның сол кезге қарай саяси оқшаулығын сақтап қалған шекаралық аудандары орталық басып алу және байырғы халықтың ғасырлар бойы ірге тепкен орындарынан ашықтан - ашық ығыстырылып шығырылуы себепті Қытай жағынан «ауып түсіп», «Боғды ханның бодандығын» қабылдауы мүмкін деген қауіптері де хандық институтының жойылуын тездетті. Бұл жөнінде белгілі тарихшы Н. Г. Ополлова кезінде жазған: «Орыс үкіметі, - деп атап өтті ол, - өзінің құбылмалы бодандарының (қазақтарын) дипломатиялық байланыстарын бақылай отырып, олардың басқа бодандыққа ауысу мүмкіндіктерін барлық амалдармен болғызбауға тырысты».

1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіндер хан билін әлсіретті. Ол былай тұрсын, 1795 жылы екі сұлтан, 19 ақсақал және 122 136 қазақ императрица ІІ Екатеринаның атына Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберді. Үкімет ол кезде хан билігін жою жөн емес деп тапты, алайда оны әлсірету мақсатымен біраз кейініректе Орта жүзде бақуатты Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады.

1810 жылғы 27 желтоқсанда Сібір әкімшілігі «бодандыққа ант беруді» әзірлеп, Есіл, Верхнеиртышск, Алтай шептерінің барлық бекіністеріне жіберді. Ол Ресей бодандығын қабылдаған қазақтарды Ресейге бағдар алуды қатаң ұстануға міндеттеді және «ант бұзушылық» үшін қатаң жазалау көзделді. Мұндай пәрмендер Орта жүздегі жағдайды, керісінше, шиеленістіре түсті және біршама тыныштыққа қарамастан, ең көреген сұлтандар, билер, ақсақалдар, көптеген қазақ ауылдары төніп келе жатқан қауіпті сезініп, «бөтен елдерге» әсіресе Шыңжанға қашып, Орта Азия иеліктері шегіне көшіп кетті.

Петербург сарайы аңысын андап, қос билуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Олардың екуінде де кең-байтақ өлкені басқаруға қажетті амалдары болмады. Ресей «бөліп ал да, билей бер» саясатын жүргізіп, оларды бір - біріне айдап салды, сөйтіп кедейленген өркекірек хандармен өздерінің байлығы жөнінен бақталас ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды. А. И. Левшиннің табындарында 8, 9 немесе тіпті 10 мың жылқысы, 400-500 түйесі, 20 мыңға тарта қойы бар деп «саналатын» қазақтар аз емес деген мәліметтері мейлінше бай мал иеленуші - сұлтандардың жағдайын көрсетеді. Байлық саяси салмақ берді, басқа ру ауылдарының жеріне жиі көшуден күйзелген, бекіністердің әскери қызметінің жандана түсуі және құнарлы аудандарға қазақ контингентінің қоныстандырылуы саладарынан меншіктері мен жер алаптарынан айырылған адамдарды өзіне тартатын құдіретті күшті қасиеттері бар деуге болатын. Оның үстіне қазақ даласының отарлық губерниялар мен үкіметтік мекемелерден едәуір алыстығы, сол кезде-ақ империя құрамына енген Сотүстік - шығыс Қазақстанның орасан кең аудандары бағынышты болған Батыс Сібір әкімшілігінің әскери - шенеуліктер сословиесін қамтыған сыбайлас жемқорлық, басқа да жергілікті отаршылдық өкімет орындары мен тойымсыз шенеуліктердің бақылау дегенді білмейтін дерлік билігіне берді.

Ресейдің әкімшілік - аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс - қимылын әлдеқалай тежеп отырды. 1817 жылы - Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға - Орта жүзде енді хан тағайындамауға және, оның үстіне, оларды «Бүкіл әлемдегі Ұлы тітіркенушінің» - Шыңғыс ханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайламауға бел байлады. [13]

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейге тек сөз жүзінде ғана бағынды және онда да тұтас емес, өйткені оның бір бөлігі Қоқан мен Қытайдың ықпал өрісінде болғандықтан патша өкіметі бірінші кезекте қазақтардың саяси тәуелсіздігінің қалдықтарын құртудан бастады. Осы мақсатпен негізінен үш бағытта жүретін бірқатар шаралар жасалынды, олар:

  1. Горнизондарды қаптата отырып, тізілте және жекелеген бекіністер салуды

жеделдетуден және осы бекіністерге жапсарластыра қазақтардың тұрақты елді мекендерін орнатудан көрінген әскери тұрғыда бекініп алу бағыты.

  1. Ең әуелі округтер мен округтік приказдар құрып, әкімшілік басқару

реформаларын жасап, содан соң нәтижесінде қазақтардың саяси құқықтары күрт шектелетін, басқарудың дистанциялық (бөліктік) жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда орнығып алу бағыты

Ең соңында, үшіншісі, қазақтардың жерін жаппай басып алудан, салық салудан және әр түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т. б. монополия алу секілді) енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты.

Осындай шаралардың жиынтығы, сайып келгенде, патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының мазмұнын айқын көрсетеді. Патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының ақаиқат мақсатын патша чиновниктерінің қоғамдақ пікірден жасырғаны түсінікті еді.

Солай бола тұрса да, өкіметтің кейбір өкілдері өздерінің пікірлерін ашықтан- ашық білдірді. Осы тұрғыда Орынбор өлкесіндегі бір белгілі чиновниктің айтқаны көңіл аударарлық. Ол Орынбор әскери губернаторы граф П. П. Сухтеленге былай деп жазған: «Мен қырғыздардың басына жұмақ орнатқысы, оларға білім бергісі, сөйтіп оларды Еуропа халықтары шыққан билікке көтергісі келетін филантроптарға еліктей алмаймын. Мен қырғыздардың ешқашан егін екпеуін, ғылым түгілі тіпті қолөнерді де білмеуін бүкіл жан - тәнімен қалаймын, бірақ, сонымен бірге, оларды біздің нанды жеуге, біздің жай шұғаны, Ресейдің басқа да осындай қара дүрсін бұйымдарын пайдалануға үйреткім - ақ келер еді».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлы туралы мәліметтер
Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның қалыптасуы
Абай Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
ҒҰБАЙДОЛЛА УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан жаңа заман тарихы
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz