Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

1. Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу . . . 7

1. 1. Ағашпен көркемдеп өңдеу тарихы… . . . … . . . 7

1. 2. Ағаш өңдеу технологиясы . . . 11

1. 3. Еңбекті қорғау. Қауіпсіздік ережелері . . . 23

2. Оқушылардың шығармашылық кабілетін

арттыру-технология пәнінің міндеті. . . . 25

2. 1. Технология пәні-шығармашылық дамытудың бір жолы . . . 25

2. 2. Шығармашылық-оқушылар дамуының басты негізі . . . 31

2. 3. Педагогикалық тәжірибе . . . 39

2. 4. Технология сабағының түрлері . . . 41

Қорытынды . . . 53

Қолданылған әдебиеттер . . . 56

Қосымшалар . . …. . 58

Кіріспе.

Зерттеу өзектілігі. Қазіргі жаңаша ойлау және саяси-өзгерістер заманына байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғаны хақ. Қ. Р. "Білім туралы" заңында "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"- деп көрсетілген. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және реалистік өнерді тануына мүмкіндік жасау. [3, б. 1] .

Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа, сүйек, керамика мен түсті металға жасау - жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті. Тарихи жазба ескерткіштер мен археологиялық деректерге қарағанда, Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі бұдан екі жарым мың жыл бұрын, әрбір дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, талай тайпалардың шығармасы арқылы қалыптасып мәдени мұраға айналған. Бұған осы дипломдық жұмыста әңгіме етіп отырған қазақ халқының ерте заманнан бері өздері жасап, пайдаланып келген тұрмыстық бұйымдары дәлел болады.

Ұлттық қолөнеріміздің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау бағзы замандардан басталады.

Қазақ халқы − кең-байтақ елімізде ертеден көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы. Ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Ел ішінде он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз болмаған. [3, б. 12] .

Әрине, қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай, танылмай жатқан түрлері де баршылық. Айталық, қазақ халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, ағаш ою сияқты өнері кең тараған.

Міне, осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек.

ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, қазақ ауылдарында тұрғын үй мен күнделікті шаруашылық ағаштан құрылыс орындарын салу айтарлықтай көбейді. Уақыт өткен сайын қазақ арасынан да күнделікті қажетті өтейтін тек ауылдарда ғана емес, қалаларда да кәсіпші ағаш шеберлері пайда болды.

Ағаш - адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады. Ағаш - адамның ежелгі жасыл досы. Ол ата-бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруы да, отыны да осы ағаш болған. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор.

Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.

Батыс Қазақстанда ағашқа әшекейлі ою жасау тәсілі бір түрлі болса, Орталық Қазақстанда, оңтүстікте басқаша. Біреулерінде ағаштан ою тік ойылып алынса, кейбіреуінде үшкілденіп келген жатық оюлар ұшырасады.

Халық шеберлері ағаштан ойып әр түрлі ыдыстар да дайындайды. Сондай-ақ астау, тостаған, ожаулардың алуан түрлерін жасайды. Сондай-ақ қазақ шеберлері жиһаз да жасаған. Оның алдыңғы жағына қараған бетін ғана әшекейлеп оюлаған да екі жаны, үстіңгі беті жай ғана тақтадан қағылған. Сандық, кебеже, жүк аяқ, кереует сияқты қазақ жиһаздары көшпелі өмірге бейімделген, көщіп-қонуға жеңіл әрі ықшамды етіп жасалады.

Ағаш ойғанда халық шеберлері ағаш есіктерге көп көңіл бөлді. Олар -дөңгелек киіз үйдегі жалғыз жазықтық болып табылады.

Ағаш оюшылар халық оны ағаш ұстасы деп атайды, түрлі оюлармен кереуеттің ағаш бөліктерін, кебежелерді безендірген, тостаған, саптыаяқ, ожауларды, астауларды ойған, ер тоқым жасаған. [17, б. 27] .

Мәселе : оқушыларға технология сабағында халық-қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасау және ұлттық тәрбие беру зерттеу жұмысының негізгі мәселелері.

Зерттеу әдістері: оқу жұмысын зерттегенде педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Олар:

  1. Бақылау әдісі - педагогикалық іс-әрекет жұмысында мәселелерді анықтау үшін қолданылды.
  2. Аналитикалық әдіс - әдебиеттермен жұмыс істегенде және эскиздер мен үлгілерді орындағанда пайдаланылды.
  3. Нақты-ғылыми(экспериментальды) әдіс - педагогикалық тәжірибені дайындағанда және өткізгенде қолданылды.

Зерттеу мақсаты: дипломдық жұмыстың басты мақсаты - технология пәні арқылы оқушыларды эстетикалық, ақыл-ой, еңбекке тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу объектісі: технология пәні арқылы оқыту және дамыту кезіндегі оқушының шығармашылық дамуы.

Зерттеу пәні: зерттеу пәні болып оқушының шығармашылық дәрежесінің дамуына мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы өнер, яғни технология пәні және шығармашылық жұмыс, сонымен қатар оқушыларда шығармашылықты қалыптастыру мақсаттары болып табылады.

Зерттеу болжамы. Егер оқушының шығармашылық өсуі технология пәні арқылы тәрбиелеу және оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылатын болса, оқушылардың шығармашылық қалыптасу мақсаттарын жалпы орта білім жүйесінде бейнелеу (сызу, еңбек, сурет) және педагогикалық әдістермен шешуге болады, өйткені әр-түрлі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жалпы орта білім стандарттарына сәйкес келеді.

Бұл дипломдық жұмыста түрлі сипаттағы әдістемелік, педагогикалық және арнайы әдебиеттер қолданылды.

Бірінші бөлімге ағаш өңдеу тарихы, қасиеттері түрлері, өңдеу технологиясы, қауіпсіздік ережелері А. Нәлібаев «Ағаш ою», Д. Шоқпарұлы «Қазақтың қолөнері» әдебиет көздерінен енгізілген.

Шығармашылық туралы ағаш өңдеу арқылы оқушылардың шығар- машылық қабілеттерін арттыру жайлы, технология пәні туралы, тақырыптық-күнтізбелік жоспар және сабақ жоспарлары екінші бөлімде «Қазақстан мектебі» журналынан, «Технология»журналы және тағы басқа әдебиеттерден алынып жазылған.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы:

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың және шығар- машылық дамытудың бір жолы болатын технология пәнінің міндеті талданып, оның мәні және рөлі анықталды.
  2. “Шығармашылық”, “шығармашылы қабілеттілік” түсініктеріне ғы- лыми сипаттама беріліп, оларды оқушыларда дамытудың жолдары қарастырылды.
  3. Шығармашылықтың оқушыларда көркемдік талғамды қалыптасты- рудағы мүмкіндіктері талқыланды.

Зерттеудің практикалық мәні:

Зерттеу нәтижелерін жалпы орта мектепте еңбек сабағында және сабақтан тыс жұмыста оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін технология пәнінің мұғалімдері пайдалана алады.

1. Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу.

1. 1. Ағашпен көркемдеп өңдеу тарихы

Халық қолөнері халықтың материалды және рухани мәдениетін көрсетеді. [3, б. 16] .

Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Оларға киіз үй сүйегі; ас үй жабдықтарынан - асадал, кебеже, күбі, келі-келсап; үй жиһаздарынан - сандық, адалбақан, ағаш төсек, ағаш жастық, жүкаяқ, ер-тұрман сүйегі, т. б. көптеген бұйымдар жатады. Сол сияқты тұрмыстық қажеттілікті талап ететін арба, шана, тіпті ожау, қасыққа дейін ағаштан жасап пайдаланған. Көшпелі мал шаруашылырымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымынын күнделікті тұрмысына қажет ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардын жасайтын бұйымдарына қарай "үйші", "ерші", "арбашы", "ұста", "саз аспапшы", "зергер" деп даралады. Бұл шеберлердің әрқайсысы өзінін негізгі кәсібінен баска да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе "ұста" аталған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты. [5, б. 30] .

Қазақтарда ағаш және сүйек ою өнерінен көне дәстүрлері болды. Есіктер, кейде қаңқасы сонымен бірге киіз үйдің шеңберлері, жиһаздар оюлап безендірілді.

Ағаш - музыкалық құралдарды жасау үшін, соның ішінде домбыраның түрлері, қобыз шертер, жетіген, адырна, сазген, сақпан, асатаяқ, шіңкілдек ең басты материал болып табылады. Олар оюлармен безендірілді, ал кейбіреулері орындағанда өзіндік дыбыс эффектілерді шығаратын металдық салпыншақтармен безендірілді. [6, б. 7] .

Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды қажет ететін бұйымның түрі - киіз үй сүйегі. XIX ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәлихановтың әкесі жасатқан 10 қанат киіз үй сүйегінің барлығы мұқият өңделгені, керегелерінің өте әдемі мүсінделгені туралы 1865 жылы А. К. Гейнес өз еңбегінде терең баяндайды.

Сән-салтанат қуған, әсіресе сауда-саттықпен, қаламен байланыста болған қазақ әкімдері мен ірі байлары кейде сырлы үйлерді місе тұтпаған. Олар кереге бастарын, уық алақаны мен қаламдарын күмістетіп, сүйектетіп те әшекейлететін болған. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында адай руынан шыққан Қаражігіт Талпақов деген бай киіз үйінің сүйегін таза күміс, күмістелген темір және өрнектелген сүйек әшекейлермен мейлінше безендірген екен. Сол туралы осы күнге дейін ел арасында тамсана сөз қозғалады. [9, б. 22] .

Көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі - салт ат, соған орай ер-тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше. Халық басынан өткен сан қилы уақиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халкының қолөнерінің қандайлық дәрежеде болғанын аңғартады. Ер-тұрман жабдықтарын зерттеудің ғылыми маңызын өнер туындысы ретінде бағалаумен қатар, көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасқан еңбек құралы есебінде қараған жөн.

Ер тоқымның күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан көптеген түрлері бар, олар: "найман ер", "үйрекбас", "құранды ер", "қозықұйрық" немесе "ақбас ер", т. б.

Қолданбалы өнер өндіріс құралдарын және тұрмыс заттарын қарапайым безендіруден түрлі заттардағы сызықтар мен қиықтартарға дейін, қазіргі сәнді және қолданбалы өнердің үлгілеріне, жоғары деңгейлі өнерге дейін дамыған сюжетті ою-өрнекті мотивтерінде қоршаған шындықты сипаттайтын керамикада, қолада, ағашта, сүйекте, тоқылған кілемдерде, майоликте, тоқу өнерінде көп ғасырлы жолды өтіп бізге жетті. [7, б. 6] .

Қазақтың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй-іші жиһаздары мен ыдыс-аяқтары да көші-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады. Әрине, қазақ қолөнер шеберлерінің ішінде орта қол ісмерлерімен бірге, аса өнерлілері де болды. Сондықтан да Қазан төңкерісіне дейін жасалған бұйымдардың осы күні ел арасында болсын, мұражайлар қорында болсын ең тәуірлері, бағалылары ғана сақталып отыр. Мұндай заттарды қазіргі күнде жасайтын халық шеберлері де некен-саяқ, оны күнделікті өмірге қажет етіп жасатушы да аз. Өйткені қазіргі қазақ жұртшылығының күнделікті қажетін өтеуде өндірістік өнімнің алатын орны өте зор. Бірақ бұл күнде Британия мұражайының меншігіне айналып кеткен "Әмудария қазынасы", "Алтын адам", Қарғалы мүрделеріндегі "Алтын диадемалар" әлемде теңдесі жоқ қолөнер туындылары болып есептеледі. Олардан басқа да мол құнды дүниелердің ішінде біздің көзімізге түспей, шалынбай қалғандары қаншама болды екен?!

Қазақ халқы - кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Онтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсарту, жаңғырту үстінде болды.

Қазан төңкерісіне дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлар әсері айтарлықтай ықпал етті.

Ол кездегі қазақ ауылдарының қаламен байланысы нашар болды. Адамдардың өздеріне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қаладан сатып аларлықтай мүмкіндіктері болмағандықтан, негізінен халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналды. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылықтың зардабынан құтыла алмады. [10, б. 4] .

Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі - олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе ершілер, зергерлер, етікшілер, т. б. ұсақ-түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен-жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал-саймандары да көшіп-қонуға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан, олар жаздыгүні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде-ақ істей берді. Ал енді киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба, шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өңдеушілер, көбінесе қысқы мекенінен кете алмай, жатақта қалды. Сондықтан бұлардың кейбіреулерінде, әсіресе ұсталардың, арнайы қарапайым дүкендері болды.

Тастан там салып, құлпытас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің, арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасты. Мұндай шеберлердің жазда жайлауға көшуіне бір жағынан көліктің жоқтығы, кедейлік мүмкіндік бермесе, екіншіден, олардың негізгі кәсібінің өзі көші-қонға тым қолайсыздық туғызды.

Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты, этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор, өйткені қазақтың қолөнері - жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Үлкенді-кішілі қай халық болсын, дүние-жүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері - жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы, құнды мұра. [8, б. 13] .

1. 2. Ағаш өңдеу технологиясы

Адам ежелден-ақ ағаш кептіруде түрлі әдісті қолданған. Мысалы, қазақтар жаңа кесілген ағаштың қабығын аршып, ауа өтпейтіндей дәрежеде сиырдың жапасын жағып, көлеңке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер күлдің астында сақтаған. Кең тараған тәсіл - жаңа кесілген су ағаштан бұйымды барынша болжамға келтіріп өңдеп, оны 2-3 сағат суға салып қайнатқан. Сөйтіп ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәрін сыртқа шығарған. Кейбіреулер суға ас тұзын қосады. Бұл тәсіл қазір де қолданылады. Өндірістік саланың дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы камералардың күшімен белгілі бір температурада кептіріледі. Кептірудің бірнеше түрі бар. Олар: атмосфералық, камералық, радиациялық беттестіру арқылы, жоғары ток өрісі арқылы және балқытылған ортада кептіру. [9, б. 17] .

Ағашпен жұмыс істеу үшін жақсы кептірілген ағаш қажет. Ағаш кептіру күрделі әрі ұзақ процесс, бірақта бұйым сапалы шығу үшін ағашпен жұмыс істейтін шеберге ағаш кептіру тәсілін білуі және меңгеруі тиіс.

Ең көп кездесетін тәсіл − атмосфералық және ауада. Ағашты көлеңкеде және желде кептіруге болады.

Ағаштың ылғалдылығын анықтағанда 100 гр шартты абсолютті кепкен ағашқа судың проценттік көрсеткіші алынады. Көбінесе ағаш оюға ылғалдылығы 8-10% материалдар алынады. [80, б. 25] .

Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа қабаты алынып тасталады Оны жоңқа деп атайды.

Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көп тараған түрлері − сүргі, шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады. Шерхебельмен алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізілсе, сүргімен таза (тегіс) өңдеу жұмысы орындалады. Фуганок − жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет аспап. Оның ұзындығы кәдімгі сүргіге қарағанда үлкен, сондықтан онымен ұзын, жалпақ ағашты сүргілейді.

Сүргіленген кезде күштің бәрі қолыңа түссін де, денені көп қозғалтпау керек. Алғашқы сүргілеуде сол қолыңа көбірек күш түсіріп, төсемнің алдыңғы жағын басыңқырап, содан соң екі қолыңа бірдей салмақ салып, соңында салмақты төсемнің арт жағына ауыстыру қажет.

Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін, балташы қашауларды, сүргілерді, бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады. Ал материалды көркемдеп өңдеуге арнайы дайындалған құрал түрлерін қолданады. Олар: тік жүзді өткір қашаулар мен жартылай ойықша келген қашаулар. Қашаулардың жүздері 6 мм-ден 32 мм-ге жетеді.

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар − қашау мен үшкір пышақ. Ең көп қолданылатын қашау түрлері:үшкір пышақ, тік жүзді және ойық жүзді қашау құралдары және олардың ойған пышақ пен қашау іздері көрсетілген. Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар. [2, б. 26] .

Енді саз аспаптарына және үй тұрмысына қажет бұйымдарды жасауға арналған ағаштарға сипаттама берелік.

Ақ қайың - түрі ақ ағаш. Ақ қайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою-өрнекке, әшекейге қолданылады. Ағаштың құрылысы кейде біркелкі, жылдық салалары шарылыс арқылы бәсең көрініп, кейде сарғыш қоңыр болып көзге едәуір байқалып тұрады. Қайың жалпы біртектес түс береді, пышақпен жақсы өңделеді, өте тығыз ағаш. Өз бойына бояуды жақсы қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес ағаштың бейнесін елестетеді. Мысалы: жаңғақ, қоңыр үйеңкі, т. б. [10, б. 10] .

Карелия қайыңы - ақшыл-сары түстес келеді, күлгін немесе ақшыл-қызыл, кейде қоңыр көлеңке бейнесін елестетеді. Ағаштың құрылысынан, яғни оның көлденең кесіндісінен ұзынды-қысқалы, ашық-коңыр түсті сызықшаларды байқаймыз. Бұл ағаш мықты әрі қатты, құрғақ кезінде өңдеуге және кесуге қиындау. [111, б. 10] .

Ақ түсті акация - бұрынғы Кеңес Одағына Солтүстік Америкадан әкелінген. Оның жалпы бейнесі сарғыш түстен жасыл коңыр түске дейін немесе сарғыш-қоңыр болып келеді, ол өзінің көлденең кесіндісінде әдемі көз тартарлық, жылдық салаларымен көрініс береді. Жылдық сақиналарының ерте аймағы көзге айқын көрінеді, ал кеш жетілетін табалдырық аймағы, сызықша ғана болып, көзге бірден ілінбейді немесе кішкене сызықша, нүкте ретінде көрінеді. Ал жіңішке өзек ұшқындары жібектің шағылысындай жарық беріп тұрады. Бұл көріністерді көлденең кесіндіден аңғаруға болады.

Ағаш өте қаттылығымен, мықтылығымен бағаланады. Өте қиындықпен кесіледі. Бояуды жақсы қабылдайды. [15, б. 10] .

Қызыл қайың - ақшыл-сұр, жылдық сақиналары өте тығыз және көзге аса ілінбейді, мықты және қатты ағаш, бірақ суықта тез жарылады. Оңайшылықпен кесілмейді. Бұйымдарға, домбыра шанақтарына және саз аспаптардың сыртқы құрылысына қолдануға болады, графикалық жұмыстарға да жақсы. Боялғаннан кейін жаңғақ ағашының бейнесін келтіреді, лакталғаннан кейін де өз өңін бұзбай алғашқы күйінде калады. [136, б. 10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаштың түрлері, оны өңдеу және әшекейлеу өнерінің дамуы. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Технология пәнін оқытудың негізгі мақсаты
Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында)
5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Технология пәнін оқытудағы өндірістік оқыту жүйелері
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
Шығармашылық–оқушылар дамуының басты негізі
Технология сабағында қолөнер бұйымдарын әзірлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz