Ағаштың түрлері, оны өңдеу және әшекейлеу өнерінің дамуы. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Ағаштың түрлері, оны өңдеу және әшекейлеу өнерінің дамуы 1. 1 Қазақ халқының ұлттық қолөнер тарихы . . . 8

1. 2 Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы . . . 10

1. 3 Ағаштың түрлері мен негізгі қасиеттері . . . 15

1. 4 Қазақ халқының ою - өрнектері, қолданылуы . . . 28

2. Оқушылардың шығармашылық кабілетін

арттыру-технология пәнінің міндеті

2. 1 Технология пәні-шығармашылық дамытудың бір жолы . . . 34

2. 2 Шығармашылық-оқушылар дамуының басты негізі . . . 38

2. 3 Мектепте технология пәнінің енгізілуі, оны үйретудің тиімді жолдары мен мақсаттары және технология сабағының түрі . . . 43

2. 4 Жылдық-күнтізбелік жоспар. Сабақ жоспарлары . . . 49

Қорытынды . . . 58

Қолданылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі - Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздік алған соң мемлекетіміз әлемнің барлық түкпірімен рухани-мәдени байланыстар жасап, таным көкжиегіміз кеңейе түсті.

Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары, адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу - тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының дәуірлік міндеті.

Оқу-білім саласы да өз кезегінде жаңа инновациялық технологияларымен, бұрындары шектеу қойылып келген батыс-шығыс ілім-ғылымының озық ойларымен танылып, қажетінше қарулануға мүмкіндік алды. Кеңес заманында мүлде зерттелмеген, немесе аз ғана ғылыми ортаға ғана қолжетімді болған көптеген ғылым салалары еркін игеріле бастады. Солардың қатарына педагогика ғылымының салалары жатады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5-9 сыныптардың кәсіптік білім беру бағдарламасы көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені бірге жүргізуге бағыттайды, яғни тәрбие мен оқытуды тұтас үрдіс ретінде қарастырады. Бағдарлама мектепте кәсіптік білім беріп оқытуды оқушыларда рухани мәдениет, эстетикалық талғам қалыптастыру мен оларға кәсіптік білім беру сауаттылығын меңгертудің бірегей жүйесі ретінде ұсынады. Мұғалім дәл осы бірлікті іс жүзінде жүзеге асыруы тиіс. Балаларды, олардың мінез-құлығын, көзқарастарын, сезімдерін, ерік-жігерлерін тәрбиелемей оқыту мүмкін емес.

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылу білім беру саласындағы - ұлттық мектептерді өркендету. Қай кезең, қай дәуірде де адамға білім мен тәрбие беруден артық асыл міндет болмаған. Осы мәселеге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ұзақ мерзімді бағдарламасында ерекше көңіл бөлуі де тегін емес.

Республикамыздағы белсенді ізденіс үстіндегі ұстаздар жан-жақты жұмыстарды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда ұлттық негізде білім беретін мектептердің мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі ерекше, өзіндік құндылықтары мен ұстамдары бар. Сондықтан тәрбие мен оқыту ұлттық педагогика негізде қалыптасуы жөн, бұл ғылыми негізде пайдалану және даму жолдарын іздестіру көкейкесті мәселелердің бірі.

Мектеп реформасында балалар мен жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін күшейту және қазіргі заманға сай өзіміздің ұлттық өнерімізге үйрету оқу- тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Демек, оқушыларды өнерімізге тәрбиелеу олардың сан түрінің ерекшеліктерімен таныстыру керек. Бұл баланы елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Адамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына байланысты. Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі. Адамның жан-жақты дамуында еңбек шешуі факторлардың бірі. Ал педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады.

Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгiлi бiр мaғлұмaттap берiп қана қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етедi. Барлық дененiң қозғалысқа түсiп, бұлшық еттерiнiң дамуына, сомдануына, ми талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады.

Баланың жас шағында алған дене тәрбиесiнiң әсepiнeн еңбекке деген ынтасы өсiп те, өшiп те қалуы мүмкін. Сондықтан баланы жас кезiнен ұқыптылыққа баулып, қарапайым еңбекке үйрету, мiнез-құлқының еңбекке бағытталуын қамтамасыз етiп тәрбиелеген жөн.

Eңбек тәрбиесінің мақсаты, мiндеттерi:

· Жастардың организмiн дамыта отырып, сан қилы дене еңбегiнiң түрлерiмен таныстыру.

· Оқу еңбегiне қызықтыру үйрету, оған дағдыландыру.

· Шығармашылық еңбек дегендi түсiндiру, нәтижесiн таныту, оны пайдалануды, бағалауды үйрету.

· Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендiру, өйткенi еңбек қоғамның экономикальқ байлығын арттырудың көзi.

· Еңбек мәдениетiн сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен жұмcayгa үйрету.

· Еңбегiнiң нәтижесiне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану, психологиялық сезiмiн дамыту.

· Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендiру, өйткенi еңбек қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзi.

. Еңбек ету iскерлiгiн, дағдысын дамыту.

· Еңбек мәдениетiн сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге, ұқыптылықпен ұcтayгa үйрету.

· Қабiлетiне қарай, мамандығына ие болуына бағыт беру.

· Еңбекке белсендiлiк, бастамашылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай бiлyшiлiк мүмкiндiктерін дамыту.

· Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру .

Жас ұрпақтың мiнез-құлығындағы еңбектiң бағыт алуы мектептен көп бұрын отбасында, өзiне-өзi қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстың-шаруашылық еңбек, ойын баласы кезеңiнен басталады да, мектепте бiлiм негiздерiн игеру және сыныптан тыс тәрбие үрдiстерi кезiнде жалғастырылады.

Қазақ ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесiн отбасында iскe асырған. Тәрбиеге бүкiл ауыл адамдары қалыс қалмай қатысып, баланың тepic жолға түспеуiне мүмкiндiк жасаған. Ұлды төрт түлiктi бағып баптауға, отын шауып тамақ тасуға, құсбегiлiкке, аңшылыққа, ат құлағындa ойнауға, қолөнер шеберлiгiне, аталары мен әкелерi баулыса, қызды үй жұмысын, қолөнер жұмыстарын атқаруға, яғни отбасылық жұмыстарғa баулыған. «Ата көрген - оқ жанар, ана керген - тон пішер» деген мәтелдің мәні де осында жатыр.

Еңбек тәрбиесiнiң мақсаты - жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегiне деген дұpыc қатынасын, өмiрде де еңбектi қажетсiнуiне тәрбиелеу.

Жалпы еңбек етуге оқушылардың даярлау міндетінің маңызы орасан зор. Өйткені бір еңбек дағдыларына ие болмай отырып, еңбек ете алмайды, Еңбек процесінде оқушыларды еңбектегі практикалық еңбек қызметіне тарту жолымен ғана еңбекке қатынастың негізін қалауға болады.

Еңбек үстіндегі шағармашылық ізденудің нәтижесінде түрмысқа керекті заттардың жаңа неше алуан түрлері жасалып отыр. Жалпы халық арасындағы қолөнердің бай мұраларын сұрыптай отырып заманымызға сай сапа түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін бүгінде кейбір шеберлер қолға ала бастады. Бұл өте игілікті іс, оны ары қарай жаппай дамыту қажет. Бұл салада еңбекке баулуды жалғастырып, іскер, білімді еңбекқор шәкірттерді тәрбиелеу үшін мұғалімге қосымша әдебиеттермен қолөнерден хабары болу керек десек артық емес.

Білім мен күш жұмсалатын оқу еңбегі оқушылардың қоғам алдындағы ең бірінші елеулі де міндеті. Сондықтан да оқушыны елеулі оқу еңбегіне оқулықтармен, әдебиеттермен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру, лабораториялық жұмыстарды, байқауларды өткізу, есептер мен өлшеулерді жүргізу техникасын үйрету, дербес жұмыс дағдыларына ие ету, сондай-ақ, мектептегі немесе үйдегі өзінің жұмыс орнын даярлай білуге үйрету педагогиканың да басты мақсаты болса керек.

Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерінен іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың бойына практикада алған білімдерді қолдану дағдылардың маңызы зор.

Міне, осының бәрі мектептің еңбек тәрбиесінің аса маңызды құрамы болып табылатыны даусыз.

Мен дипломдық жұмысымның тақырыбын « Ағашты көркемдеп өңдеу өнерінен сабақтан тыс уақытта оқушыларды әсемдікке үйрету » деп алған себебім, қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі ерекше туындап тұр. Дипломдық жұмыс жазу барысында технология сабағында үйрету түсінігін жеке бастың қасиеті ғана емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекет құралы және табыстың белгісі жайлы жазамын және де оқу процесінде негізгі мәселе - оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуна негіз болатынын атап көрсетемін. Дипломдық жұмысымда ағаштың қасиеттерімен қоса ағашты өңдеу, ою, бояу т. с. с. шығармашылығымды шыңдайтын, практика ретінде алған жұмысым - астау.

Талдау - диплом жұмысымның бірінші бөлімінде қазақтың ұлттық қолөнеріне, ағаш, ағаштың түрлеріне байланысты мағлұматтар көрсетілген.

Екінші бөлімінде дипломдық жұмысымның негізгі мәселесі ашылады. Яғни, оқушылардың жеке тұлғасына байланысты шығармашылық қабілетін зерттеп дамыту. Сонымен қоса шығармашылық ұғымының сипаттамасы; шығармашыл тұлға- біртұтас жүйе; оқушылардың шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы жайлы мәліметтер қарастырылады.

Зерттеу өзектілігі. Қазіргі жаңаша ойлау және саяси-өзгерістер заманына байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отырғаны хақ. Қ. Р. "Білім туралы" заңында "Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"- деп көрсетілген. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және реалистік өнерді тануына мүмкіндік жасау.

Мәселе : оқушыларға технология сабағында халық-қолданбалы өнер арқылы шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасау және ұлттық тәрбие беру зерттеу жұмысының негізгі мәселелері.

Зерттеу әдістері: оқу жұмысын зерттегенде педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Олар:

  1. Бақылау әдісі - педагогикалық іс-әрекет жұмысында мәселелерді анықтау үшін қолданылды.
  2. Аналитикалық әдіс - әдебиеттермен жұмыс істегенде және эскиздер мен үлгілерді орындағанда пайдаланылды.
  3. Нақты-ғылыми(экспериментальды) әдіс - педагогикалық тәжірибені дайындағанда және өткізгенде қолданылды.

Зерттеу мақсаты: дипломдық жұмыстың басты мақсаты - технология пәні арқылы оқушыларды эстетикалық, ақыл-ой, еңбекке тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Зерттеу объектісі: технология пәні арқылы оқыту және дамыту кезіндегі оқушының шығармашылық дамуы.

Зерттеу пәні: зерттеу пәні болып оқушының шығармашылық дәрежесінің дамуына мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы өнер, яғни технология пәні және шығармашылық жұмыс, сонымен қатар оқушыларда шығармашылықты қалыптастыру мақсаттары болып табылады.

Зерттеу болжамы. Егер оқушының шығармашылық өсуі технология пәні арқылы тәрбиелеу және оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылатын болса, оқушылардың шығармашылық қалыптасу мақсаттарын жалпы орта білім жүйесінде бейнелеу (сызу, еңбек, сурет) және педагогикалық әдістермен шешуге болады, өйткені әр-түрлі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жалпы орта білім стандарттарына сәйкес келеді.

Бұл дипломдық жұмыста түрлі сипаттағы әдістемелік, педагогикалық және арнайы әдебиеттер қолданылды.

Бірінші бөлімге ағаш өңдеу тарихы, қасиеттері түрлері, өңдеу технологиясы, қауіпсіздік ережелері А. Нәлібаев «Ағаш ою», Д. Шоқпарұлы «Қазақтың қолөнері» әдебиет көздерінен енгізілген.

Шығармашылық туралы ағаш өңдеу арқылы оқушылардың шығар- машылық қабілеттерін арттыру жайлы, технология пәні туралы, тақырыптық-күнтізбелік жоспар және сабақ жоспарлары екінші бөлімде «Қазақстан мектебі» журналынан, «Технология»журналы және тағы басқа әдебиеттерден алынып жазылған.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы:

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың және шығар- машылық дамытудың бір жолы болатын технология пәнінің міндеті талданып, оның мәні және рөлі анықталды.
  2. “Шығармашылық”, “шығармашылы қабілеттілік” түсініктеріне ғы- лыми сипаттама беріліп, оларды оқушыларда дамытудың жолдары қарастырылды.
  3. Шығармашылықтың оқушыларда көркемдік талғамды қалыптасты- рудағы мүмкіндіктері талқыланды.

1. Ағаштың түрлері, оны өңдеу және әшекейлеу өнерінің дамуы

1. 1 Қазақ халқының ұлттық қолөнер тарихы

Ағаш - адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады. Ағаш - адамның ежелгі жасыл досы. Ол ата-бабаларымыздың бірінші қолға алған қаруы да, отыны да осы ағаш болған. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор.

Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.

Батыс Қазақстанда ағашқа әшекейлі ою жасау тәсілі бір түрлі болса, Орталық Қазақстанда, оңтүстікте басқаша. Біреулерінде ағаштан ою тік ойылып алынса, кейбіреуінде үшкілденіп келген жатық оюлар ұшырасады.

Халық шеберлері ағаштан ойып әр түрлі ыдыстар да дайындайды. Сондай-ақ астау, тостаған, ожаулардың алуан түрлерін жасайды. Сондай-ақ қазақ шеберлері жиһаз да жасаған. Оның алдыңғы жағына қараған бетін ғана әшекейлеп оюлаған да екі жаны, үстіңгі беті жай ғана тақтадан қағылған. Сандық, кебеже, жүк аяқ, кереует сияқты қазақ жиһаздары көшпелі өмірге бейімделген, көщіп-қонуға жеңіл әрі ықшамды етіп жасалады.

Ағаш оюшылар халық оны ағаш ұстасы деп атайды, түрлі оюлармен кереуеттің ағаш бөліктерін, кебежелерді безендірген, тостаған, саптыаяқ, ожауларды, астауларды ойған, ер тоқым жасаған.

Ағаш - табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам өнеріне тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан болар, біз ағашты күнделікті өмірімізде жиі пайдаланамыз. Атап айтқанда ағашсыз құрылыс өз жұмысын бастамайды, жиһаз фабрикалары үстел, орындық, камод, шкаф, шифоньер жасай алмайды, күнделікті тұрмыста қолданатын ыдыс - аяқтың көбі осы ағаштан жасалады. Басқа шикізаттарға қарағанда әртүрлі мүліктер жасауға да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жас күнінде былқылдақ, июге, тоқуға, ойып - шабуға келгенде теңдесі жоқ материал. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал - саймандарды қажет етпеген. Темірара, балта, шаппа шот, бұрғы секілді негізгі құралдарды пайдаланған.

Қазақстанның алқапты аймақтарында, сулы, кең байтақ далаларында жасыл орман - тоғайлар өте көп кездеседі. Биік зәулім бәйтеректер, сымбатты сұлу ақ қайыңдар, былқылдаған талдар, теңдесі жоқ жуан қарағайлар мен емен, үйеңкі бәрі далаға еркше сән көрік береді. Бірі қатты, екіншісі жұмсақ болып келетін бұлар жасалынатын зат - мүлікке сәйкес таңдалып отырған. Ағаштың осы жақсы табиғи ерекше қасиеттерін пайдалана отырып, шеберлер күнделікті тұрмыс қажетін өтеуге қолданылатын дүние - мүліктер жасап халықтың мәдени қорын байыта түскен. Ағаштан түйін түйген шеберлердің қолынан ыдыс - аяқ, ағаш төсек, жүк - аяқ, киіз үйдің сүйегі, арба, шарбақ және тағы басқа заттар шыққан.

Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй шаруашылығына қажетті бұйымдар ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, мәнерлеп оюды, көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақыштап өрнектер салуды шебер игерді. Өнердің бұл түрімен ата - бабамыз сонау сақтар дәуірінен бастап айналысқан (б. з. б. VI - VII ғасыр) .

Ағашты қолымызға таяқ қылып ұстаған күннен бастап, көптеген қасиеттерін игеріп, кеңінен пайдаландық. Олардың әрбір түрінде, қиынды кесіндісінде өте әдемі табиғи көркем сурет бар екеніне көзіміз жетті. Осы қасиеттерін жұмыс барысында қашап кескенде, бояғанда ағаш шеберлері ескеріп, орнымен пайдаланып отырған. Емен, терек, қайың, секілді ағаштарды Солтүстік аудандарда толық пайдаланып, оның ішінде қызыл қайыңды жақсы табиғи көркем суреттері үшін жиһаздар, үй мүліктерін жасағанда ерекше сақтап бағалаған. Олардың түрлерінен ердің қастарын қашап, шапса, діңнен ыдыс - аяқ жасаған және оларды әсем оюлап, өрнектеп безендірген. Ал орталық, шығыс аймақтарда алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштарын кеңінен қолөнер жұмыстарында пайдаланған.

Кебеже, сандық, жүк - аяқ, қобдишалар жасау үшін алма мен жаңғақ ағаштарын, ал музыка аспаптарын жасауға тал, қарағай, алма, арша ағаштарын таңдады. Терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне өтетін бұйымдарға пайдаланды.

Археологтарымыз темірден жасалынған дүниелермен қатар көптеген ағаштардың да істелген бұйымдарды Алтайда «Пазырық» қорымынан тапты. Осы заттардың беттерінде қойдың, бұланның, бұғының және қасқырдың бейнелері ойылып бедерленгені байқалады. Бұйымдардың беті алтынның жұқа қабаттарымен қапталып, әсем оюлармен әшекейленген екен. Табылған дүниелердің көбі реалистік өмірді бейнелесе, ал кейбіреулері өте қарапайым халық қиялынан туған бейне мен рәміздік түрде берілген.

Алтай жерінде кездескен осы заттардың біздің дәуірімізге дейін ІІ - ІІІ ғасырда жасалғандығы анықталды. Ағаштан жасалған оюлар өзімізге белгілі «Қошқар мүйіз», «Атбас» оюларының негізінде жасалғанын айқын көреміз. Қазақстанның қай жерінде болмасын бұл оюлар кеңінен таралған жиі кездеседі және мәдениеттің, өнердің дамуына маңызды рөл атқарады.

Жапырақты ұсақ өрнекпен безендірілген ағаш - аяқ Іле өзенінің маңындағы тас жолдардан табылды. Ыдыстың ернеуі түрлі оюлармен безендірілгені байқалады. Өткен дәуір мен қазіргі кезеңді салыстыра қарасақ, ағаш өнерінің қолдану аясы барған сайын кеңейіп, жасалу әдістері күрделеніп жетіле түскеніне кейбір зерттеушілер мен саяхатшылардың күнделіктері мен еңбектерінен, суретшілердің бейнелеу, графикалық жұмыстарынан оқып көз жеткіземіз. Семей өңірінде болған суретші В. Н. Белослюдов үй тұрмысында пайдаланылған көптеген заттардың суретін салып қалдырған. Ою - өрнектің аса шеберлікпен орындалғанын төсек, қобди қабаты сөрелерден аңғарып қазақтың ағаш өңдеу өнері өрісінің кеңіп бірте - бірте дамығанын байқаймыз.

Қазақстан жерінде ағаш өңдеу өнерінің көне заманнан келе жатқанын бұйым түрлерінен, ою - өрнектердің стилінен байқауға болады. Оларға қазақы үй, ер тоқым, ағаш төсек, ағаш жастық, жүк - аяқ, кебеже және жүк - аяқ, ыдыс-аяқ түрлері жатады.

1. 2 Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрі оған өрнек ою болып табылады. Адам баласы ғасырлар бойы өзінің тұрғын үйін, ат әбзелдерін, қолөнер бұйымдарын ою өрнекпен көркемдеп безендіріп отырған.

Мысалы, сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алған. Ағаштан ойып жасалған шағын мүсіншелермен сақтар ер-тұрман әбзелдерін көркемдеген, ағаш бұйымдарын безендірген болатын.

Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетіне геометриялық сурет салу арқылы жасалады. Олар үшбұрышты, төртбұрышты немесе шаршыны бірнеше үшбұрышқа бөлу арқылы өрнектеледі. Мұндай өрнектер өте шағын әрі кішкентай ойықтар болғандықтан, оларды құмқағазбен тазалау немесе әрлеу өте қиын. Сондықтан өрнекті орындау сапасы пышақ пен қашаудың өткірлігіне тікелей байланысты болады. .

Екінші тәсіл - өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі. Мұндай өрнекті салғанда оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда нобайы бойынша өңделетін бейне шет жақтарынан да өңделеді. Сондықтан да өрнекті жұқалай тіліп салу әдісі алынады. Мұндай оюды бірнеше әдістермен орындайды:

  • біріншіден, өрнектің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп, өрнекке кеңістіктегі көрініс беріледі;
  • екіншіден, өрнектің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі;
  • үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін (фонын) бедерлеу, бедерді өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.

Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі.

Тақтайдың өрнек салынатын бетінің көлеміне қарай сызылатын өрнек үлгінің көмегімен симметриялы жиек етіп салынады. Барлық жағдайда базалық жиек 5 мм-ден кем болмауы керек.

Салынатын өрнек тақтайдың бетіне симметриялы түсуі үшін тақтайдың бетіндегі бөлінген бөлшектер міндетті түрде жұп болуы керек. Сонда ғана өрнек иықтары бір бағытқа бағытталады.

Тақтайдың бетін тең бөліктерге бөліп түсірілген сызықтар мен базалық сызықтардың шекарасында өрнектер ырғағы бір-біріне түйісіп тұрулары шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндікқолданбалы өнері арқылы технология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары
Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Оқушыларды кәсіпке оқыту әдістері
ОҚУШЫЛАРДЫ ТУҒАН ӨЛКЕ КӨРІНІСТЕРІНЕН КОМПОЗИЦИЯ ҚҰРАСТЫРУ ЕПТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ «АСТАНА» өлшемі 100-80, КЕНЕП, МАЙЛЫ БОЯУ
Жоғары сынып оқушыларына ағаштан дайындалған бұйымдарды арнайы технологиямен өңдеуге үйрету әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz