Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары


Титул беті номер 1
Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
I 1990 ж. ж. басындағы Қазақстанның аграрлық саласының жағдайы.
1. 1 Аграрлық сектордың негізгі мәселелері . . . 6
1. 2 Агроөнеркәсіп кешеніндегі меншік түрлерінің қалыптасу барысы . . . 13
II Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат.
2. 1 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау мен тұрақтандыру шаралары . . . 19
2. 2 2003-2005 «Ауыл жылдары» немесе аграрлық саланың тұрақты
дамуының факторлары: аңыз және ақиқат . . . 29
III Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын
орны мен перспективалары.
3. 1 Шет елдердегі ауыл шаруашылығының даму тәжірибесін Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері . . . 38
3. 2 Аграрлық саланы тұрақтандырып дамытудағы мемлекеттің рөлі . . . 48
Қорытынды . . . 53
Сілтемелер . . . 56
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі . . . 58
Қосымша . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттік егемендікке ие болған кезден бергі алғашқы жылдар ішінде Республика салмақты жүйелі және өтпелі мәселелермен қақтығысты. Осы жағдай өнеркәсіп өндірісінің құлдырау қарқынына, қаржылық жүйенің бұзылуына ғана емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өндірістің едәуір құлдырауына себепші болды.
Тұрақты макроэкономикалық жағдайға қол жеткізу 1999 жылы республикаға экономикалық дамудың оң нәтижелеріне ие болуға мүмкіндік берді. Сол кездің өзінде-ақ елдің ауыл шаруашылығында өсім байқалды, аграрлық саладағы жалпы көрініс айтарлықтай жақсара бастады, ауылшаруашылық өнімдердің 99, 2% ға жуығын жеке меншік кәсіпорындар мен фермерлер өндірген болатын.
Дегенмен, аграрлық саланы реттеу күрделі және көпқырлы мәселе болып табылады. Оның жағдайы республиканың шынайы қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Дамыған елдердің көпжылдық тәжірибиесі және Қазақстанның соңғы онжылдықтардағы тәжірибиесі және нарық, жағдайларында мемлекеттің араласуынсыз табысты дами алмайтынын растап отыр.
90-жылдардың соңындағы жағдайларда аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі экономикалық шаралардың бүкіл жиынтығы отандық өндірісті тиімді дамытудың есебінен Қазақстанның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мақсатқа жету меншіктің барлық түрлеріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарының қажетті кірістілігін қолдаумен, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің арасындағы айырбас баламалығын қамтамасыз етумен негізделеді және ұштасады. Осы шарттардың болмауы елдің аграрлық-өнеркәсіпті кешеніндегі дағдарысты жағдайдың басты себептерінің бірі болып табылады.
Бұл әлеуметтік-экономикалық шаралар жиынтығын жүзеге асыру қажеттілігіне, оларды қалыптастырып келе жатқан әлеуметтік ыңғайдағы нарықтық экономикада іске асырудың және аймақтық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді реттеудің экономикалық механизімін дамыту мен толық жетілдіруге бағытталған. Дегенмен, тиімді механизімдерді қалыптастыру үшін тарихтың көкірегіне қарап тиімді, әрі жүйелі кешенді, тұрақты, аграрлық өндірісті жаңашылдықпен дамытудың балама бағыттарын реттеудің экономикалық механизмін жетілдірудің нақты жолдарын дайындаудың ерекше маңыздылығымен байланысты болып келеді.
Сонымен қатар бұл ғылыми жұмыстың зерттелу барысын Қазақстан Республикасының аграрлық саясатын тек қана өткен 17 жылдың ішіндегі мәселелеріне тоқталу қателік болар, сондықтан да осы жоғарыда аталған мәселелердің өзектілігі ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтап берді
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аграрлық саясат кешеніңде мемлекеттік реттеудің механизм жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық мәселелері Қазақстанда Кеңестік дәуіріндегі, қазіргі тәуелсіздік алағанан бері келесі ғалымдардың: Г. Ф. Дахшлейгердің, С. Л. Ковальскийдің, А. Б. Турсунбаевтың, Тұрғынбаевтың С., Н. А. Алимбаевтың, Х. Мадановтың, Т. Омарбековтың, К. С. Каражанованың, Ф. К. Михайловтың, И. Ш. Шамшатовтың, А. Ауельбекованың, Қ. Байсаринаның, Ж. Мәуленқұловтың, Н. Райханұлының, Ә. Сатыбалдинның, З. Тұрысбековтың, Г. Қалиевтың, Қ. И. Исқақовтың, Қ. Қайырбековтың және тағы басқа тарих және экономист ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты. Дегенмен отандық әдебиетте аз зерттелген және нашар түсіндірілген мәселелер мен сұрақтар әлі де баршылық.
Көпсалалы ауыл шаруашылық саясатының жүргізілуі әртүрлі үлгілерін ұйымдастыру, сондай-ақ өзімен бірге экономикалық, аграрлық механизімдерді кеңейтілген өндірісті қалыптастыру үрдісінің ажырамас бөлшегі ретінде зерттеу қажеттілігін ала келді.
Дегенмен, аграрлық саясатты зерттеу бүгінгі күні жай іс емес бұл салаға бір ған әдіснамалық тұрғысынан қарап зерттеу, қателік болар. Ол үшін аграрлық саясатты тыс қалдырмай оны толық, әрі жүйелі тарихнамалық жүйесінде зерттеу қажет.
Зерттеу барысында келесі әдіснамалық тәсілдері мен әдістері қолданылды: анализ, бақылау, тарихи көзқарас (историзм), абстрактілі ойлау, жүйелі талдау және тағы басқа түрлері қолданылды. .
Деректемесі. Зерттеудің танымдық-деректік негізі болып - Қазақстан Республикасының санақ жөніндегі Агенттіктердің материалдары, INTERNET торынан алынған ақпарат, Қазақстан Республикасының баспасөз органдарында басылған ақпараттар негізге алынып, зерттеу барысында қолданылды.
Зерттелу объектісі. Қазақстан Республикасының аграрлық-өнеркәсіптік кешені мен аймақтың ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, халықтың жеке меншік қосалқы шаруашылықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Кеңестік дәуіріндегі ауылшаруашылық саласындағы жұмыс істеген және қазіргі жұмыс істеп жүрген департаменттері мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің материалдары болып табылады.
Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі. Зерттеу жұмысының хронологиясы 1990 жылдардан бастап 2008жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бүгінгі нарықтық қатынастар жағдайларында аграрлық саясат Қазақстан Республикасында ерекше орын алып отыр. Сондықтан бүгінгі күні аграрлық саясатының дамуы зерттеу жұмыстарын талап етеді. Бірақ та, тарихи тұрғысынан аграрлық саясатты зерттеу бірқатар қиындықтарға әкеліп соқтыруда, дегенмен қазірігі танда ауыл шаруашылық саласы жоғарыда айтылғандай қарқынды дамып жатыр. Сондықтан жазылған ғылыми жұмысының жаңалығы оның аз зерттелуде және тарих толқынында өткен мен бүгінігі күнгі аграрлық саясатының бір жүйеде зерттелуі.
Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеуде біздің стратегиямыз меншіктің негізгі түрлерін - жеке меншік пен мемлекеттік меншікті үйлестіре және өзара іс-қимыл жасай отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік- нарықтық шаруашылық құру.
Зерттеу жұмысының мақсаттары. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерінің ірі өндірушісі ретіндегі Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау; Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының нарықтық жағдайында қалай дамып келе жатқаның көрсете отырып оның дүниежүзілік орның анықтау және болашақ перспективаларын көрсету болып табылады. Сонымен қатар бұл алынған тақырып өз алдында көптеген міндеттерді шешуді талап етеді.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді табиғи және экономикалық шарттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмінің теориялық негіздері мен мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін анықтау және нақтылау;
- Нарық жағдайларында экономикалық реттеу мен ауыл шаруашлығының дамуын қолдаудың отандық және шетелдік тәжірбиесін анықтау;
- Кеңес дәуірінде Қазақстандағы аграрлық саясаттың қандай жағдайда және қалай жүріп жатқанын көрсету, оның салдары мен нәтижесін анықтау;
- Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейінгі Қазақстандағы аграрлық саласындағы реформалардың жүргізілуі және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы нәтижесі;
- 2003-2005 жылдары жарияланған «Ауыл жылдары» Қазақстан экономикасына және әлеуметтік жағдайына қандай әсерін тигізгенін көрсету. Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан, сілтемелер, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады.
I 1990 ж. ж. басындағы Қазақстанның аграрлық саласының жағдайы.
- Аграрлық сектордың негізгі мәселелері
Қазақстан Республикасы егемендігін, тәуелсіздігін жариялағаннан соң, өзінің экономикасын жаңа сатыға көтеруге алғашқы қадамдарын жасай бастады. Соның ішінде экономикалық реформаның маңызды бағыттарының бірі жекешелендіру саясаты болды. Ол өз кезегінде бірнеше кезеңге бөлініп жүргізілді. Әрине әр кезеңінде өзінің қиындықтары мен табыстары болды. Бірақ та, бүгінгі күні өткенге қарап мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа шынайы түрде өту мүмкін емес болғанын көріп оны ескере кеткен жөн. Сол себепті елдегі көпсалалы экономиканың қалыптасуы мен дамуы жоғарыда айтылғандай бірнеше кезеңдерден өтті.
1) 1991 жылдан 1994 жылға дейінгі кезең аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің құрылымын қайта құрумен сипатталады. Оның нәтижесінде жер қорын қайта бөлісу жолымен жер реформасы жүргізілді, сонымен бірге шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілері жасалды. Сондай-ақ бұл кезеңде (1991-1992жылдары) бес мыңға жуық нысандар жекешелендірілді, 470-тен кеңшарлар (совхоздар) ұжымдық меншікке берілді.
Республика экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің маңызы өте зор. Өйткені осы уакытқа дейін халыққа қажетті заттардың, 2/3 бөлігін, ұлттық, табыстың 3 бөлігін, бюджет кірісінің 1/3 бөлігін, негізгі қордың 40%-ын АӨК құрап келді. Жеңіл өнеркәсіптің 50%-ы, тамақ, өнеркәсібі түгелдей АӨК шикізаттары арқылы жұмыс атқаратындығын ескерсек мемлекетіміздің, аграрлық-индустриалды республика екендігі көзге түседі.
АӨК-тің өндірістік және экономикалық мүмкіндігі аса жоғары. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің пайдалануында барлығы 197, 3 млн. га жер, оның ішінде 35, 3 млн. га егістік бар. Халық шаруашылығында еңбек ететін халықтың 35%-ы АӨК-те шоғырланған. Солай бола тұрса да күні бүгінге дейін бұл кешеннің мүмкіндігі тиімсіз пайдаланылып келеді.
Қазақстан шаруашылығының барлық салаларымен қатар агроөнеркәсіп кешенінде де экономикалық дағдарыс пен өндірістің құлдырауы үдей түсуде. Мысалы, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1994 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 20%-ке кеміді. Осы мерзім ішінде астық өндірісінің көлемі 12 млн-нан (1991 жылы) - 30 млн. тонна (1992 ж. ) аралығында өзгеріп отырды, ал 1995 жылы 9, 5 млн. тонна мөлшерінде болды. Егін шаруашылығынан басқа өнімдер өндірісі де кеміп кетті. 1995 жылы қант қызылшасының жалпы түсімі 371 мың тонна, шитті мақта 180 мың тонна, картоп 1700 тонна, басқа да көкөністер 780 мың тоннаны құрады. Бұл 1990-1994 жылдардың деңгейінен айтарлықтай төмен. Нарық талабы, аймақтың өзін-өзі қамтамасыз етуге көшу майлы дақылдар егу көлемін кеңейту қажеттілігін тудырады. Өткен жылы 222 мың тонна көлемінде майлы дақылдар алу көзделгенімен жалпы түсім 99 мың тонна болды. Осылайша егін шаруашылығының жалпы өнімі 1995 жылы 113, 2 млрд. теңгеге бағаланды, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 154%, ал 1994 жылы бұл көрсеткіш 73 млрд 320 млн. теңгені құрады. Оның басты себебі астық және басқа да дақылдар егіс көлемінің қысқаруы мен өнімділігінің төмендеуінен болды. Бұған жер өңдеудің бұзылуы, тыңайтқыштарды және өсімдік қорғау шараларын пайдаланудың төмендеуі мен басқа да ұйымдық-техникалық қиыншылықтар әсер етті.
Осындай жағдай мал шаруашылығында да байқалды. Мұнда да мал басы мен құс санының қысқаруы, олардың, өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр. Шаруашылықтардың барлық түрін қосып алғанда 1994 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ірі қара малының, саны 1, 7 млн. басқа, немесе 17%-ға, қой мен ешкі 10, 5 млн. басқа (30%), шошқа 1, 2 млн. басқа (39%) кеміді, халықтың қолындағы ірі қара малы аздап өсуде. Ірі қара мал басы 1 994 жылғы 8, 1 млн-ның орнына өткен жылы 6, 8 млн. бас, оның ішінде сиыр сәйкесінше 3, 3 млн. бас болды.
Ал соңғы деректерге сүйенер болсақ, ауылшаруашылық статистикасы Бас Басқармасының есебі бойынша 1996 жылы 312, 8 млрд. теңгеге ауылшаруашылық өнімі өндірілген, бұл 1995 жылмен салыстырғанда, негізінен астық түсімінің артуына байланысты шамамен 4%-ға өскен. Мал шаруашылығында құлдырау жалғасуда. Мысалға, бір сиырдан орташа сүт сауу 1996 жылы 1350 кг немесе 1995 жылмен салыстырғанда 84%, ал бір қойдан орташа жүн қырқу 2, 1 кг немесе 1995 жылмен салыстырғанда 95% -ды құраған . [6]
АӨК шаруашылықтары санының өсуі негізінен мемлекеттік, ұжымдық шаруашылықтарды жекешелендіру есебінен және жеке шаруа қожалықтарының көптеп құрылуымен байланысты. 1996 жылдың соңына қарай 50 мың әртүрлі шаруашылық, оның ішінде 42 мың шаруа қожалығы жұмыс жасады. Жылдан-жылға негізгі ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі шаруашылықтардың басым бөлігінде өте төмен болып отыр. Тіпті қ олайлы болған 1990 жылдың өзінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының 4/5-де картоп өнімділігі 7 5 ц/га-дан аспады. Көкөніс - 125, шаруашылықтардың жартысында астық түсімі 10 ц/га-дан төмен болды.
Мұндай жағдай республиканың мал шаруашылығында да байқалды. Жыл сайын аналық бастың айтарлықтай бөлігі қысыр қалады, нәтижесінде басқа да себептермен қоса төлдің аз алынуына әсер етеді, сондықтан да ауылшаруашылық кәсіпорындарында ет өндірісі кеміді. Сүт сауудың төмендігімен, майлылығының азаюы мен жарамсыздығынан ауыл шаруа-шылғында сүттің жалпы өндірісінің біраз бөлігі алынбады.
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімінің өндірісі тұрақсыз, ал соңғы жылдары оның төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Нәтижесінде халықтың тамаққа деген, және халық шаруашылығының ауылшаруашылық шикізатына деген мұқтажы толықтай қамтамасыз етілмейді, өңдеуші кәсіпорындар қуаты өте төменгі деңгейде пайдаланылып, ал кейбір түрі бойыша мүлдем тоқтап тұр. Республикадағы бірден-бір шай фабрикасы өнімі өтпейтіндіктен іс жүзінде өндірісті тоқтатты, барлық кондитер фабрикалары да осындай жағдайда, қант зауыттары қуатының 30%-тейі ғана пайдаланылады. Шикізат сатып алуға қаражаттың жетіспейтіндігінен құрама-азық . өндірісі 1990 жылғы 4, 2 млн. тоннадан 1994 жылы 2, 1 млн тоннаға, ал 1995 жылы 1 млн. тоннаға дейін кеміп кетті. [7]
Азық-түлік өндірісінің құлдырауы, халықтың сатып алу кабілетсіздігі соңғы жылдары негізігі тамақ өнімдері тұтынуын төмендеуге әкеп соқты.
Номері бірінші кестеден көріп отырғанымыздай, нан және картоптан басқа өнімдерді тұтыму көлемі қажетті мөлшерден аса төмен болып отыр. Республика АӨК-інде қалыптасқан бұл жағдайлардың негізгі себептері - агротехникалық жүйенің бұзылуы, ескірген технологияларды қолдану г өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктер, технология жағынан алып қарағанда өзара тығыз байланыста болған өндірістік процесстердің бұзылуы, өнім өндірісін арттыруды ынталандырудың экономикалық тетіктерінің жоқтығы және т. б. Солардың кейбірін қарастырып өтуге болар еді.
N 1-кесте Халытың 1 адамға шаққанда тамақ «өнімдерін тұтыну мөлшері.
Аз өнімді алқаптарды жырту есебінен егіс даласын орынсыз кеңейту негізгі астық өндіретін аудандарда (Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола) астық дақылдары өнімділігінің төмендеу бағыты байқалады. Мал және егін шаруашылығы салалары дамуының, сәйкесcіздігі - топырақ құрамындағы заттардың биологиялық алмасу процесін бұзды, яғни ауыл-шаруашылық дақылдарына топырақтың құнарлылығын көтеру мақсатында (көңнің жетіспеуін) органикалық тыңайтқыштар беру арқылы толықтырылмады. Мысалы, 1995ж. 150 млн. тонна қажеттіліктің орнына органикалық тыңайтқыш бар болғаны 25-26 млн. тонна ғана берілді. Ал, минералды тыңайтқыштар болса, ол егіс алқабының тек жартысына жуығына дейін ғана қолданылады, 1 га егіске ТМД елдері бойынша орташа есеппен 100 кг нәрлі заттар берілсе, бізде бар жоғы - 20 кг ғана болды.
Мал басы санының айтарлықтай азаюы мен өнімділігінің төмендеуінің басты себептері азық қорының жстіспеуі мен оның тепе-теңдігінің сақталмауы және оның сапасының төмен болуы еді. 1995 жылы 5377 тонна қатаң және жұмсақ азық дайындалды немесе малдың бір басына 11, 5 центнерден келді, ал ұсынылатын нормативтік мөлшер - 24 центнер (ірі қара мен жылқы үшін) .
Ауылшаруашылық өнімін тұтыну деңгейін толтырудың үлкен резерві - оны жинау мен тікелей шаруашылықтарда сақтау кезіндегі шығындарды азайту. Мемлекеттік статистика орындары жүргізген ауылшаруашылық өнімі шығынына талдау керсеткеніндей, жыл сайын өнімді тікелей жоғалтуымыз жалпы өнімнің 18-20%-ын құрайды, ал қосымша жоғалтуымызбен есептегенде - 30-40% болады екен. Бұл жерде еңбекті ұйымдастыру мен басқару ісінде менеджменттің рөлін арттыру маңызы ерекше.
Азық-түлік мәселесінің шешімі ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тұрмысы мен жұмыс жағдайын жақсартумен, АӨК-тің әлеуметтік саласының дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. 1991 жылы республика Жоғарғы Кеңесінің: "Ауыл мен агроөнеркәсіп кешенінің басымды дамуы туралы Заңы" мен "Ауыл" бағдарламасы ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының шапшаң дамуына бағытталған еді. Бірақ әзірше бұл мәселенің шешімінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қазіргі уақытта ауылдық мекендерде жалпы білім, беретін мектептер қиын жағдайда, мектепке дейінгі балабақшалары жұмыс істемейді, көпшілік мәдениет үйлері де өз жұмысын тоқтатты. Көптеген елді мекен тасымалданып әкелінетін суды қолданады. Статистика орындарының ішінара тексеру мәліметтері бойынша ауылдық жерлерде орталық жылу берумсн қамтамасыз етілгеп үйлерде жұмысшылар мен қызметкерлер отбасының біраз бөлігі ғана тұрады екен, ал жалпы қазіргі әлеуметтік-тұрмыстық жағдай ондағы тұрғындардың қалаға көшуін күшейтіп, ауылдың "қартаюына", тіпті жойылуына әкеп соғуда.
Мұндай жағдайларда ауыл шаруашылығының дамуы мемлекеттік қолдауға ал халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі -мемлекеттік реттеуге аса мұқтаж. Мемлекеттік құрылымдар нарықты реттейтін және басқару органы ретінде экономикалық тетіктер арқылы оның дамуын бақылап, үйлестіріп, бағыттап отыруы тиіс. Жалпы, АӨК-тің келешектегі дамып, өркендеу мәселесі негізінен қазіргі жекешелендіру процесінің сәтті аяқталуына, яғни меншіктің әртүрлі формаларындағы дербес шаруашылықтар қатарын қалыптастырып, тауар өндірушілерді өз өнімінің толық қожасы етіп, бәсекелес ортаны нығайтуға тікелей байланысты. Сонда ғана ауыл тұрғындарының жоғарыға табынушылығын, тар өрісті өндірісіне деген жалпы көзқарасын өзгертуге болады. Ол үшін әрине алдыңғы тарауда экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде атап көрсетілген ауқымды мәселелер кешенін шешу қажет. Сонымен қатар АӨК-ті дамытуға бағытталған күрделі қаржының ішкі және сыртқы көздерін қарастыру, әсірсе шетелдік технологиялық инвестицияларды кеңінен тарту - тікелей мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ал онсыз АӨК-тің ескі техникамен, техиологиямен нашар жарақтанған жағдайында ілгері даму мүмкін емес. Сондай-ақ ауылды шағын иидустрияландыру мәселесі, орташа және кішігірім өнеркәсіпті дамыту үшін де мемлекеттік қолдау қажет. Тек, сонда ғана рсспублика экономикасының оның ішінде ауыл шаруашылығының шикізаттық бағытын жойып, дайын өнім шығару көлемін арттыруға, бәсекелестік нарықта өз орнымызды алып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға, сөйтіп индустриалды-өркениетті ел қатарына қосылудың алғышарттарын жасауға мүмкіндік туады. Ауыл шаруашылығында қайта ұйымдастырудың нәтижесінде құрылған мемлекеттік, кооперативтік, жеке, акционерлік және меншіктің аралас түрлеріндегі кәсіпорындар әрекет етіп жатыр.
2) 1995 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықтағы екінші кезеңнің барысында мемлекеттік саясат ұжымшарлар мен кеңшарлардың шектеусіз және тегін пайдалануында болған мемлекеттік жерлерді жекешелендірудің ұстанымдарын анықтауға бағытталды. Нәтижесінде республикада үй маңындағы жеке шаруашылықты жүргізуге, бау-бақша шаруашылығы мен саяжай құрылысына, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы мен қызметіне арналған жер бөліктерінің 3, 5 млн. -ға жуық меншік иелері пайда болды. Мұнда тағы бір айта кететін жайт ол осы жоғарыда аталған Елбасының «Жекешелендіру туралы» Жарлығымен басталған және 1999 жылға дейін созылған кезеңінің басты ерекшелігі - ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. Шетелдік инвестициялар келе бастады. Нәтижесінде бұрын тоқтап қалған немесе дағдарысқа ұшыраған, қарызға белшесінен батқан кәсіпорындар қайта жұмыс істей бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz