Ауыл шаруашылық өндірісін несиелендіру жүйенсін талдау. Қазақстан Республикасының аграрлық секторында несиелендірудің болашақтағы дамуы және жетілдіру жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Аграрлық экономика саласының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.1. Аграрлық экономика саласының дамуы мен эканомикалық заңдарды тиімді
пайдлану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Ауыл шаруашылықтағы тұрақты экономикалық даму
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3. Аграрлық сектордың экономикалық мемлекеттік реттеу жүйесін
қалыптастру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
II. Ауыл шаруашылық өндірісін несиелендіру жүйенсін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.1. Ауыл шаруашылық дамуындағы несиенің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... 23
2.2. Аграрлық сектордың қаржылық-несиелік ретеуінің
құрылуы ... ... ... ...26
2.3. Қазақстан Республикасын ауыл шаруашылық несиелендірудің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.4. Ауыл шаруашылық несиелік тұтыну кооперативіндегі қаржы
тәуекелі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.5. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық ипотекалық несиелендірудің
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 47
2.6. Қазақстандағы шаруа қожалықтары дамуының кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
III. Қазақстан Республикасының аграрлық секторында несиелендірудің
болашақтағы дамуы және жетілдіру жолдары ... ... ... ... 62
1. Ауыл шаруашылық өндірісін несиелендірудің
нығаюы ... ... ... ... ... ... .62 3.2
Ауыл шаруашылық кешенінің несиелендіру
мүмкіндіктері ... ... ... ... ...63
3.3 Ауыл шаруашылық экономикасындағы инвестициялық жағдайды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...74
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..85
Қосымша.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында оңтайлы үрдістерін
жүргізуі сияқты кері салдармен әлеуметтік-экономикалық күрт өзгерту
жүргізіледі. Бұл өзгертулер негізінде нарықтық қатынаста аграрлық сектордың
ауысуымен байланысты объективті өзгертулер жатқызылады. 1990 жылынан кейін
басталған экономикалық реформалар негізгі экономикалық сапасын құруға,
жергілікті өзгерістер жасауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі шаруашылықты және жеке формаларында пайда болған жаңа
әлеуметтік-экономикалық және нарықтағы ауыл шаруашылық құрылымы
топтастырылады.
Сол уақытта Республиканың аграрлық секторы экономиканың албырттық
үдемелі дамуын жеткіліксіз алады. Сонымен қатар аграрлық сектордың терең
дағдарысы өте қатаң қарсылығын бекіте отырып, төмен деңгейдегі өндірістің
жалғасуын, мал және жер өндіріс бағасының өсуінің төмендеуін, жер
жағдайының нашарлауын экономикалық техникалық салалық базасының қатты ратта
қалуын ауыл шаруашылық өндірістік кәсіпорының мығымымен зиянының өсуін,
ауыл тұрғындарының өмір саласының және нашарлау деңгейінің жалғасуын
көрсетеді. Аграрлық сектордың дағдарыс жағдайы көптеген мәселелерімен
байланысты. Ауыл шаруашылықтың көлемінің төмендеуінің себептерінің бірі
және аграрлық соктордың экономикалық потенциалының сөзсіз азаюы болып
табылады және ауыл шаруашылық тауарлы өнімдерінің айырмашылығының
мемлекеттік қаржылық саясатының ұйымдастырылмағаны және экономикалық
жаңашалау шешімдеріне толық қанды көз жеткізбегендіктен – аграрлық секторды
қаржылық – несиелік - тәуірлендіруімен байланысты. Аграрлық соктордың
қаржылық және несиелік тараптары, сонымен қатар жерді және
институциональдық түбегейлі өзгертудегі аяқталмағандықтан ауыртпашылық
түсірелі. Жаңа ауыл шаруашылық құрылымдардың құрылтайшылары, ақиқатты
иегер болған жоқ. Олардың-еңбегінің себептері әлсіз болғандықтан.
Ақырындап таптауырын – мінез - құрылықтар өшіріліп, бұл қайта бөлу
жүйесі кезінде құрылған осы ауыл шаруашылығы экстенсивті жолмен дамыды.
Нарықтық экономика кезінде құрылған мемлекеттік қаржылық-несиелік қадағалау
ауыл шаруашылығында жүйелендірмеген болды және қазіргі кездегі талаптарға
сай емес, бұл экономикалық сектордың сұранысын қанағаттандырмайды. Аграрлық
секордың экономикалық құрылымын ойнақтық және салалық институциялық жаңадан
қалыптастыру, ол өндірісті және ауылшаруашылық шикізаттарды іске асыру үшін
ол кәсіпкерлік іс әрекеттің тиімділігіне негізделінген, ауыл шаруашылық
өндірістік потенциалын жаңарту және өңдеу өрісі. Олардың нарықтық
экономикадағы жұмыс істеуге максималды үйренуі үшін мемлекет жағынан
қаржылық көмек керек, республика немесе облыстық деңгейде болуы керек. Және
де өзара тиімді шарт бойынша екінші деңгейлі банктер несиелеу болып
табылады.
Бұл жұмыстың маңыздылығы мынада аграрлық сектордың қаржылық –
несиелік қадағалау жүйесінің дамуы және тәжірибелердің тараптарының
туындаушысы теориялық зерттеулердің жүйесі болып табылады. Ол нарықтың
қарым-қатынастарының дамуы және тұрақтануы кезінде тәжірибелік сипаттаманың
ерекшеліктерін ескертпегенде оларды іске асыру тәсілінің негізінде.
Құрылған зерттеу мақсатты ізденістің жоспарында көрсетілген негізгі
сұрақтарды іске асыру жиынтық жолдары :
-қаржыландырудағы мемлекеттік көмегімен көлемін аңықтау және ауыл
шаруашылық өндірісін және секторларды несиелеу;
-болашақ жылдарда Қазақстан Республикасында банктік жүйесін дамытуды
жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды өңдеу;
-несиелік мекемелердің бантік емес дамуы бойынша ұсыныстарды өндеу;
-Қазақстан Республикасының жер кепілінде ипотекикалық несие мекемелер
бойынша ұсыныстар жайында.

I. Аграрлық экономика саласының дамуы.
1.1. Аграрлық экономика саласының дамуы мен экономикалық заңдарды тиімді
пайдалану
Н. Назарбаевтың Қазақстан-2030 ұзақ мерзімді бағдарламасына және
он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының
экономикасы ойдағыдай ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-
ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарқынды дамып, тұрақтылық орнауда. Қай
салада болмасын рыноктік қатынастардың алғы шарттары қалыптастырылып, оның
даму жолы айқындалуда.
Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық
кезеңдегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол
жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі,
инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, элеуметтік көмектің төмен болғаны
белгілі. Советтік шаруашылық жүргізу салдарынан және өтпелі кезендегі
қолайсыз құбылыстар экономикалық дағдарыстарды онан әрі шиеленістірді.
Осындай қиын жылдарда халықымызға жігер беріп, баратын бағыт-бағдарды
нұсқап, жөн сілтеген, стратегиясын, шығатын биіктерін, асатын асуларын
көрсеткен осы ұзақ мерзімді Жолдауы еді.
Сондықтан аталған құжаттың маңыздылығы өте жоғары. Еліміздің саяси-
географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық
демографиялық жағдайларына сәйкес қабылдаған бағдарламаларды халық орындап,
рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық
жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып,
рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет-хылықымыздың
тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: Адамдардың әл – аухатының өсуі
біздің күллі күнделікті жұмысымыздың күре тамыры болуға тиіс деген сөзі
дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен
түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы
жолдауларының қайсысын алып қарамайық Қазақстан-2030 бағдарламасындағы
көрсетілген жолдан ауытқымай келе жатқанымыз белгілі.
Өндірістің кез келген түрінің дамуы халықшаруашылық саласының дамуына
әсерін тигізеді. Осындай объективтік құбылыстар ерекше орын алу шаруашылық
саласына тиеді. Өткені бұл сала өндірістің пайда болып, дамуының алғы шарты
ретінде табылады. Себебі аграрлық өндірісті жүргізуді тәсілін адамдар ерте
кезден-ақ өсімдік өнімдерін, әр түрлі ет өнімдерін өмір сүру үшін тұтыңған;
адамдардың ауыл шаруашылық саласынан тұтынатын өнімдерін басқа өнімдермен
ауыстыру мүмкін емес.Олар тек қосымша толықтырылуы ғана мүмкін; Бірде – бір
мемлкет аграрлық саласыз қызмет ете алмайды, оны, біз қазіргі дүние жүзілік
шаруашылық жүйелерінің тәжірибесінен көрудеміз.
Сондықтан рыноктық экономиканы дамытып жатқан кезде, негізгі
заңдылықтарды аңықтау үшін, қазіргі агроэкономикалық қатынастарға талдау
жасау өте маңызды.
Қай елде болмасын ауылшаруашылық саласы ең маңызды сала болып
табылады. Ол салада халықтар үшін тамақ өнімдері өндіріледі. Қоғамның басқа
да мұқтажын қанағаттандырады. Адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныс
75 пайыздан астамы ауылшаруашылығының есебімен қанағаттандырылады.
Адамдардың тұрмыстық және өмірлік деңгейдерінің жоғары болуы тікелей
ауылшаруашылығының дамуына байланысты. Атап айтатын болсақ, тамақ
өнімдерінің мөлшері және құрылымы, орта жан басына шаққандағы табыс,
тауарларды және қызметтерді қолдану, әлеуметтік өмір сүру жағдайы т.б.
тікелей осы саланың жақсы, тиімді жұмыс істеуіне байланысты, ауылшаруашылық
жайдайынан, даму тепмпінен көбінесе халықшаруашылық салаларының негізгі
пропорциялары, экономиканың өсуі тікелей байланысты. Ауыл шаруашылығы қай
ел болмасын сол елдің материалдық ресурстарының негізгі тұтынушысы болып
табылады, атап айтқанда трактор, комбайн, жүк автомашиналары, тыңайтқыш,
жанар-жағар май т.б. бұл салаға қажет болып табылады.
Ауыл шаруашылығында да басқа да халықшаруашылығындагы салаларда
әрекет ететін жалпы экономикалық заңдар әрекет етеді. Бірақ олардың іске
асуы саланың ерекшелігіне байланысты. Ауыл шаруашылығының дамуындағы
ерекшелік сол, ондағы ең басты өндіріс құрал-жабдығы жер болып табылады.
Басқа өндіріс құрал - жабдығымен салыстырғанда жер тозбайды, оны дұрыс
қолданса оның сапалық параметірлері жақсарады. Ұдайы экономикалық процес
ретінде бұл жерде тірі организмнің табиғи даму процесі ұштасып жатады.
Ауыл шаруашылық өнімінің өндірілуі кең алаңдарда іске асады және олар
әр түрлі климаттық зоналарға орналастырған. Соңғы нәтиже кейде көбінесе
қолданылған ресурстардың саны мен сапасына байланысты емес, ол өндірісте
істің іске асырылуына, нақтылы жағдайға байланысты.
Экономикалық заңдарды саналы және жоспарлы түрде пайдалану
шаруашылықтың тиімділігін арттырудың басты құралы болып саналады.
Экономикалық заңдар қоғамдық өндірістік қатынастардың ішкі мәнің, ерекше
табиғатын сипаттайды. Экономикалық заңдар қоғамның шаруашылық өміріндегі
құбылыстармен процестердің неғұрлым елеулі, тұрақты және үнемі қайталанып
отыратын ішкі байланыстары мен қатынастардың теориялық бейнесі.
Экономикалық заңдар өндірістік қатынастардың неғұрлым елеулі белгілерін,
даму жағдайын бейнелейді.
Экономикалық заңдарды тиімді пайдаланудың бір шарты-олардың
әрқайсысын жеке дара алып қарамай, бір-бірімен байланыстырып отырып қарау
қажет. Осының негізінде белгіліенген экономикалық шараларды да бір-бірімен
ұштастыра отырып, жүйелі және комплексті түрде жүргізу міндетті шарт.
Экономикалық заңдар мен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
күнделікті өмірде категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар -
бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар
экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайды және абстракты, қорытынды
түрде көрінеді. Олар баға, қаржы, несие сақтандыру, табыс, материалдық
жағынан ынталандыру сияқты т.б. экономикалық тұтқалар арқылы жүзеге асады.
Осы тұтқаларды бір – бірімен тығыз ұштастырып, оны ұдайы жетілдіріп отыру
қажет.
Экономикалық заңдарды тиімді пайдаланудың тағы бір шарты –
экономикалық шараларды жүзеге асырушы барлық еңбекшілердың тәжірибесі мен
экономикалық білім дәрежесінің жоғары болуы.
Сонымен экономикалық заңдарды тиімді пайдалану шаруашылық құбылыстар
мен процестердің дамуын күтіп отыру емес, керісінше, адамдардың,
ұжымдардың, қоғамның ақыл-ойын, күш-жігерін белсенді түрде белгіленген
мақсатқа жету жолдында жұмылдырып отыруды талап етеді. Ал мұның өзі
рыноктық экономика жағдайда экономикалық заңдарды пайдалану процесінде
субъективтік фактор – адамдардың, кадрлардың ролін одан әрі арттыра береді.

Әртүрлі шаруашылықтың көптеген формаларын, енгізіп оны экономикалық
қолдану арқылы дамыту – бұл кеткен кемшіліктерді ғана жойып қоймайды,
сонымен бірге өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Рынок жағдайындағы экономиканың жоғары дамуы - әртүрлі шаруашылық
формаларын дамытып, оның әрбір еңбеккері сол шаруашылықтың иесі ретінде
нақтылы түрде жұмыс істеген жағдайда іске асады. Ол тікелей өндірісті
ұйымдастыруға, оны басқаруға қатысады. Прогрестің болуының өзі – адам
факторыныа көңіл бөлуге, ыңталандыруға тікелей байланысты. Ал бұл өз
кезегінде барлық меншік формасының ұдайы дамуын қажет етеді, өйткені
меншіктің формасы шаруашылықты жүргізідің түрін аңықтайды. Иесімін деген
сезімді тәрбилеу – тарихи ұзақ және көп жоспарлы процесс, ол экономикалық,
саяси, ұйымдастырушылық, моральдық, мәдениеттік, психологиялық
аспектіліерді тұтас қамтиды.
Өйткені адам ұзақ уақыттар бойы нақтылы міндетті, тапсырманы тек
орындауға үйренді, тек „тетік” ролінде болды, ал мұның өзі адамдарды „бұл
менің меншігім емес„ деген сезімді қалаптастырды. Мұндай жағдайда, әрине,
меншік қатынастар шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытып,
жетілдіру негізінде экономиканың интенсивтілігін және оның сапалық
өсуіне қол жеткізуге болады. Меншік қатынасын деформациялау қайта құру
кезінде шаруашылық механизмінің дамуы жөнінде бірдей концепсияның
болмауынан күшейді. Жоспарлауды – жоспарлайтын органдар ең негізгі міндет
ретінде ұсынса, қаржы органдары – салық салу жүйесін, ал мемлекеттік еңбек
комитеті – еңбек ресурстарын қодануды жетілдіруді т.б. айтты. Осының
нәтижесінде – салық жүйесінде, мемлекеттік кәсіпорындар заңында кемшіліктер
кетті, ал материалдық ынталандыруда, жоспарлауда, шаруашылық есепте,
қаржыландыру мен несиелендіруде жетілдірілмегендік болды. Өндірістік
қатынастарды тауар өндірісін рынокты жан – жақты дамыту арқылы сауда
қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру арқылы
жетілдіруге болады, ал бұл өз кезегінде экономиканы өркендетуге әсерін
тигізіде.
Ал еңбекке қарай бөлу заңын алып қарасақ, оның әрекет етуінде
бұзушылық болды, теңгермешілікке жол берілді. Бөлу проблемасы зор
экономикалық және саяси маңызы бар мәселе. Қоғамда материалдық, мәдени
игіліктердің молшылығы болмағанда, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасында,
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы еңбегінің арасында, амандалған және
мамандалмаған еңбектің арасында елеулі айырмашылықтар болған жағдайда,
еңбек ақы төлегенде, олардың өндірісті дамытуға қосқан үлесіне, еңбегіне
қарай төленуі қажет болды, „еңбек ақы еңбектің саны мен сапасына сәйкес
болу керек„ деген ережеге сүйенді. Ал, шындығында,өмірде олай болмады, тек
теория жүзінде қалды, тәжірибеде іске асырылмады. Еңбекке қарай заңы жүйелі
түрде қолданылмады. Теңгермешілікке жол берудің салдарынан қоғамдық мүддеге
қалай болса солай қараушылықты туғызды. Енді рынокка өтуге байланысты
бұрынғы ынталандыруға теңгермешіліктің орнына әлеуметтік әділеттік орнауда,
жалақыдағы шектеуліліктің орнына еңбек ақы жұмыстың саны мен сапасына
байланысты болуда. Шаруашылықтың көптеген формаларында әрбір жұмыскер,
әрбір кәсіпкер соңғы нәтижеге ынталы, қарқынмен, тиімді жұмыс істейтін
болса, алатын жалақысы да көбейеді, яғни бұл заңды обьективті түрде дұрыс
қолдана білсе, ол кәсіпкерлік істі де дамытады. Әрбір адамның сіңірген
еңбегінің мөлшерінен сапасы байланысты қанша ақша алатынын үлесін көреміз.
Ал рыноктық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеудің контрактілік,
келісімділік түрі ең басты орын алуда. Еңбек ақы деңгейі қандай да меншік
формасында әкімшілік пен жұмыскерлер арасында шартта көрсетіледі.
Ал бұрынғы экономикалық әдебиеттердің барлығында халықшаруашылығының
жоспарлы түрде дамуы тек бұрынғы социализмге тән экономикалық заң деп
көрсетіледі. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің болмауы, қоғамдық
меншіктің үстемдігі орнатты делінген. Ал шындығында жоспар бұрын жоғарыдан
түсіпотырды, қайтсе де жоспарды орындау үшін, сандық көрсеткішке жету үшін
жұмыс жасалынды. Ауыл шаруашылық салаларына не себу керек, қаншама,
барлығын жоғарыдан түсіріп отырды, ол жоспар орындалады ма жоқ па, реалды
мүмкіндік барма, оны ешкім сұраған жоқ. Бір шаруашылық жақсы істесе,
екіншісі көптеген жылдар бойы нашар, пайдасыз жұмыс істеді, оларды ешкім
банкрот деп жарияламады, мемлкеттен дотация, несие алу арқылы жұмыстарын
жалғастыра берді. Жиналған өнімді жинап алып, жоғарыдан оған баға қойылды.
Пайдалы істеген ауыл шаруашылық кәсіпорындарына да өндіріс құрал
жабдықтарын т.б. лимиттік жағдайда ғана бөліп беріп отырды. Мұны осылай
ұзақ айта беруге болады.
Қорытындылап айтатын болсақ, экономикалық заңдардың дамуында
бұзушылықтар болды, адамдар өз ойларына келгенін жасады, соның нәтижесінде
экономика дұрыс дамымады, тоқырау болды, ал бұл өз кезегінде адамдардың әл-
ауқатына, әлеуметтік жағдайына әсерін тигізді. Сондықтан рынокты
экономиканы орнату барысындағы жұмыс істеп жатқаншаруашылықтың көптеген
формаларында экономикалық заңдар тек объективті түрде қолданлыған жағдайда
ғана өндіріс дамып, еңбек өнімділігі жоғарлап, шығын азайып, жоғары
нәтижелі жұмыс болды, ал ол өз кезегінде өз елімізде сапалы отандық
өнімдеріміздің молшылығын жасауға толық мүмкіндік береді.
Жүргізілген, жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардын тиімділігін
арттыру мәселесі бәрімізді ойландырады, өйткені олар әлі де болса, күткен
нәтижені бермей отыр. Себебі реформаны іске асыруда объективті экономикалық
заңдарды қолдану негізінде емес, әкімшілік тәсіл негізінде болуда.
Экономикалық заңдар да табиғат заңдары сияқты объективті сипатқа ие
болады. Оны ешкім алып тастап, болмайды деп оны жойып жібере алмайды.
Олардың әрекет етуіне объективті жағдай болса, онда олар сақталады, біздің
санамыздаң, іс-әрекетімізден тыс болып жатқан процестерге әсерін тигізеді
және керісінше, егер де жағдай болмаса ары қарай әрекет етпейді, олардың
орнына басқа экономикалық заңдар келеді. Мысалға, белгілі жағдайда ғана
әрекет ететін жоспарлы – пропорционалды заңды алып қарасақ, қатаң
жоспарлау - әкімшілік жүйенің тікелей көрінісі екенін көруге болады, бұл
объективті құрылыс. Құн заңын алып қарайық, ол тауар шаруашылық және
рыноктық қатынастар барлық формацияларда әрекет етеді. Тіпті бір орталықтан
жоспарлау жағдайында және өндірілген тауарларға мемлекеттің жоспарланған
бағаны қоюда да құн заңының әрекеті есепке алынған. Басқаша айтқанда,
мемлекеттік бағаны қоюды шығынның көлемі, тауар сапасы, ренталық қатынас,
территориялық зоналар, жыл мезгілі және т.б. ескерілген.
Объективті экономикалық заңдармен қатар юридикалық заңдар да бар.
Соңғысы объективті экономикалық заңдарды есепке алып, олардың іс-әрекетінен
шығуға тиісті, міне, сонда ғана табысты түрде істі іске асыруға болады.
Көптеген юридикалық актілер: Президенттің Жарлығы, Үкімет Қаулысы, Қазақтан
Республикасының заңдары тәжірибеде осал орындалуы, оның жамандығынан емес,
олай болу себебі, нақты жағдайдағы әрекет ететін объективті экономикалық
заңдардың механизімін есепке алмаудан болады. Сондықтан экономикалық
реформаны өндіргіш күштің дамуын, өндірістік қатынастардың деңгейін,
халықтың менталитетін ескере отырып, комплексті түрде жүргізу қажет.
Қолану заңының ауыл ашруашылық саласында әрекет етуінде салаға
байланысты ерекшеліктер бар. Қорлану заңының әрекет етуіне салалық,
регионалдық, әлеуметтік – экономикалық және т.б. өндірістің ерекшелгі әсер
етеді. Ең бастысы жерге байланысты, оны дұрыс қолданса, ол тозбайды,
нашарламайды, керісінше, үздіксіз өзінің өнім беруін жоғарылатады.
Қазақстанда жер көлемінің көп бөлігі табиғи – климаты қолайсыз зоналарға
орналасқан, сонымен бірге жер учаскілерінің орналасуында да айырмашылық
бар. Ал мұның бәрі ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігінің деңгейіне, яғни
ауыл шаруашылық өндірісіндегі қорлану деңгейіне де әсерін тигізеді.
Қорланудың ауыл шаруашылық саласын дамытудағы мәнің күрделі қаржы көлемінің
Қазазстан Республикасы және Алматы облысы бойынша қазіргі кезеңде өсуінен
көреміз.
1. кесте
Қазазстан Республикасы және Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылық
саласын дамытуға жіберілген күрделі қаржы (қазіргі баға бойынша) млн теңге
Жылдар
Күрделі қаржы
Қазақстан Республикасы – Алматы облысы бойынша – барлығы
барлығы
1998 5423 330
1999 4190 252
2000 2051 125
2001 9011 55
2002 1400 85
2003 5870 198
2004 8436 488
2005 1 0000 590

Бұл статистикалық мәліметтерден Қазақстан Республикасы және Алматы
облысы бойынша ең аз күрделі қаржы бөлінген уақыт – 1998 жыл, республика
бойынша 6,0 есеге, Алматы облысы бойынша да 6,0 есеге азайғаның көруге
болады. Ал 2002, 2005 жылдардағы көрсеткіштерден күрделі қаржының өскені
байқалады, тікелей мақсаттық бағытқа жұмсалса нәтиже жаман болмайды.
1.2. Ауыл шарушылығындағы тұрақты экономиакалық даму
проблемалары
Еуразия кеңістігінің бір бөлшегі болып табылатын Қазақстан
мемлекетінің ауыл шаруашылығындағы тұрақты экономикалық даму мәселелері
және оның болашағына көз жүгірту бүгінге дейін арнайы сөз етілген мәселе
емес.
Тұрақты даму дегенде көбіміз ойдан шығарылған абстрактылы бір термин
қарастырылып отырған секілді ойда болатынымыз рас. Деген мен, қарапайым
халықтың өзі тұрақты дамуды елдің бүгін және алдағы ұзақ мерзімде кездейсоқ
кездесетін бағаның өзгеруі, ішкі және сыртқы өзгерістер мен саясаттың
құбылуына ешбір байланыссыз жүйелі түрде ілгері дамуы деп түсінеді. Оның
үшін табиғат байлықтарын, жерді, шикізат қорын шашпай-төкпей бүгінге де,
болашаққа да жететіндей етіп пайданалу тұрақты дамудың бастапқы шарты
болатыны түсінікті.
Ауыл шаруашылығында тұрақты экономикалық дамудың басты алғы шарты
жерді тиімді пайдалану. Біздің елімізде бұл іс ақсап тұр.
Республикада 272,5 миллион гектар жер бар, оның 226,6 миллион гектары
ауыл шаруашылық жері бұл бүкіл Батыс Еуропаныңың барлық жерінің 60 пайызы.
Біздің мемлекетте жерге байланысты мемлекет те, қоғам да жете көңіл
бөлмей келе жатқан өте үлкен проблема бар, ол – жердің орасан зор көлемде
азғындауға ұшырауы. Біз жеріміздің көптігімен мақтанамыз. Бірақ екі млн.
гектар жер Семей полигонында радиоактивті қалдықтар мен бүлініп жарамыз,
тіпті аса қауіпті жағдайда. 4,8 млн. гектар Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу,
сынау алаңында. Осы секілді түкке жарамсыз жер көлемі республика бойынша
6,45 млн. гектар, оның ішінде зиянды жер – 15,5 млн гектардай.
Демек, ауыл шаруашылығы экономикасында тұрақты даму ісі қамтамасыз
етілмесе, осы әрекет жылма-жыл қайталана береді, шаруа жылдан-жылға
кедейленеді, жер азғындап, өнімділігі төмендейді, тіпті жарамсызданып, ұзақ
мерзімге істен шығуы да мүмкін.
Ауылдық жерде республика халқының 44 пайызы тұрады. Бұдан он жыл
бұрын 48 пайыз болатын. Қисын бойынша, ауылда тұратындар санының
бүкіләлемдік көрсеткішіне (30 пайыз) тағы 30-40 жылда барып жетеміз.
Сондықтан ауыл халқын азайтып, қала тұрғынын көбейтуге тырыса беру
де тиімсіз.
Сонда бұл проблеманы шешудің жолы қандай? Осы мәселе ретінде мынандай
ұсыныстармен ой бөліскенді жөн көрдім.
Біріншіден, шынымен ауылды қолдауды жолға қоямыз десек және оны
алдағы үш жылдағы ең басым сала деп белгілесек, алдымен істі ауылдағы тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау ісінен бастауымыз керек. Бүкіләлемдік
тәжірибеде ауылдағы азық-түлік өндірушілерді 60 пайыздан 250 пайызға дейін
қаржылай қолдау көрсетеді. Мәселен, Еуропалық Одақ елдері өз халықынан
килосы бес доллардан ет сатып алып, оны дамушы елдерге екі доллардан
сатады, сол арқылы өз тауар өндірушілерін қорғайды.
Екіншіден, ауылдағы ұсақ кәсіпшілердің басын біріктіріп, күш қуатты,
еңбекті кооперациялау керек. Ол үшін мемлекет өз заңдарында кооперацияны
қолдайтының бүкпесіз айтып қана қоймай, оны басымдылыққа ие ету үшін және
халықты кооперация жасауға тарту үшін сол жүйені мемлекет тарапынан басым
қолдауы керек. Мәселен, кооперациялану жолын таңдаған шаруаларға салықтық,
тағы басқа жеңілдіктер, қаржылай көмек берілетінің нақтылау керек.
Қазіргі күнде кооперациялау ісіне шаруалардың бармай жатқанына
бірнеше себеп бар: Кооперациялаңған ұйымдардағы табыс жеке шаруаның
табысына қарағанда аз, кәсіпорындағы бақылау, есеп беру жүйе, олда
шаруаларды жайсыздандырады, ұйым басы тірлік істеушілерге адал басшылар
табудың қиындығы да бар. Осыдан келіп шаруалар ”ортақ өгізден оңаша бұзау
артық” принципін ұстанады. Бұл жағдайда, әрине, жоғарыда аталған
себептермен жерді азғындауы өнімнің төмендеуі бола береді.
Ауыл шаруашылығын кооперациясы бүкіләлемдегі шаруашылық жүргізу ісінің
деңгейі. Батыс елдерінде егер жеке шаруа болатын болса, олардың ірілеген
түрі, немесе күш қуатты, еңбекті кооперациялау жолымен құрылған
кооперациялау жүйесі басым дамыған әрі ауыл шаруашылығы экономикасындағы
тұрақты дамудың алғышарты болып табылады.
Біздің елімізде ауыл шаруалығы жеріне жеке меншік енгізілсе, жердің
нақты иесі пайда болады, сөйтіп бізде жердің дұрыс пайдаланылмауы,
азғындауға ұшырауы болмайды, жер акепілге қойылып, шаруаның сол арқылы
еңбек ету мүмкіндігі жеңілдейді деген пікірде жансақтық бар. Жерді дұрыс
пайдалануда меншік иесі болмай, яғни жерге нақты ие пайда болмағандықтан
жұмыс жүрмей жатқан жоқ. Республика бойынша, өте тиімді, азғана көлемдегі,
шамамен 400 мың гектардай суармалы жерден басқа жер әлі өз бағасын ала
алмай жатыр. Жерін сату, сыйлау, қайтарымсыз беру, жалға беру секілді жер
қатынастары да осы жоғарыда аталған жерде ғана дамыған.
Жерді кепілге қою ісінде де кедергі жоқ, тек екінші дәрежелі банктер
жерді кепілге алғысы келмейтіні болмаса. Ауыл шаруашылығы жер жеке меншікке
өте қалған күнде де банктер тарапынан жердің кепілге қойылып, несиелік
рөлге ие болуы қиын. Оңын себебі де жоғарыда айтқандай жердің бағасын толық
сезіне алмағандығымыздан. Яғни, жер біздің елімізде құнды тауар ретінде
қарастырылмаған. Инвестиция талап ететін қайтарымы мол басқа салалар
жеткілікті болғандықтан жер жеке меншікке көшкен күнде де кепілдік объекті
бола қоймайды.
Жердің азғындауы мен тиімсіз пайдалануының азаюына да ауыл шаруашылығы
жеріне жеке меншік еңгізу тоқтау сала алмайды, қайта бір адам өзіне үлеске
берілген жерін сатып алып екінші біреу сатып алмай тұрған тұтас алқапты
тиімді пайдалану үшін кооперациялану түрінде жұмыс істеу қиындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің осы жылғы 29 суіріндегі Қазақстан
халықына Жолдауында айтылғандай жер қатынастарын реттеудің алдағы
кезеңіндегі ауыл шаруашылығы жерін біртіндеп жеке меншікке беру
қарастырылмақ.Бұл істі жеделдетілген науқанға айналдыруға болмайды,
алдымен негізгі стратегиясын жоспарлап алып бастаған дұрыс. Мәселен,
тұрақты пайдалануға беру тәжірибесін жалғастыра беруді жеке меншікке
берумен қатар жүргізген жөн. Жеке меншікке берерде алды мен шаруа
қожалықтарына берілген жер, яғни отбасылық принципімен құрылған жеке
тұлғаларға бекітілген жер, жекешелендіру нәтижесінде үлес ретінде беріліп,
пайдаланылмай жатқан жер, кепілге қойылып, алған несиесін қайтара алмаған
иелерге бекітілген жер, және үлес иелері өз еркімен бас тартқан жер жеке
меншікке берілгені дұрыс.
Сатып алуға ұсынылатын жерді сатып алу бірден емес, біртіндеп жүзеге
асырылатын етіп жасау керек, өйткені шаруалардың кәсібі жерді бірден сатып
алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ жеке меншікке берілетін жер көлемі аудандық
орташа жер үлесінен 15 еседен аспауы тиіс. Жерді шетел азаматына жеке
меншікке беруге тиым салынуы және жеке меншігінде жері бар адам шетел
азаматтығын алар болса, ол жер қайтып алынуы керек. Ең бастысы, жер үшін
төлемді дұрыстап қарау керек, аудандық орташа есептік көрсеткіш көлеміндегі
жердің бағасын тегін немесе арзан ете тұрып, одан артық көлемдегі жерге
жердің жиырма жылғы табысы деңгейіндегі баға қойылғаны тиімді, өркениетті
елдердің бәріндегі баға солай. Мысалы, бүгінде жерді ұзақ мерзімге жалға
алудың бағасы қара топырықты құнарлы өңірлерде бар болғаны 230 АҚШ
долларлары. Бұл өте аз, ол – үш-төрт жылғы табыстың мөлшерімен бірдей, Егер
аудандық орташа есептік көрсеткіш 30 гектар болатын болса, 15 есе – 450
гектар болады, соның бір бөлігін жоғарыдғы бағамен сатып, қалған 14
бөлігін, яғни 420 гектар жерін бір гектарын 4000 АҚШ доллары сомасында
белгілеген жөн. Сонымен бірге ұзақ жылдар мерзімінде, мысалы жиырма жылға
дейін жерді қайта сатуға тыйым салынғаны дұрыс. Өйтпеген күнде тұрғын үй
купондарымен үйлерін тегін алғандар сияқтанып, тегін не арзан алған жерін
қайта сатып, өзге көшіп кететіндердің ғана жолдары болады.
Ауыл шаруашылығы жерін жеке меншікке беру ісін жеделдете жүргізудің
жарамайтынына тағы бір себеп, бізде жер кадастры ісі көптеген бері тоқтап
қалған. Мәселен, Арал теңізінің әсері тиген аймақтарда жер кадастры 1979
жылдан бері жүргізілінбепті. Сол кезде балл бонитеті 25 болып тұрған жердің
бүгіндегі балл бониті 9-дан аспауы мүмкін. Сондықтан жер жағдайын жете
зерттеп, соған лайық баға шығарып, содан соң аз көлемде бастап сатылым
жүргізілмесе, жерді жеке меншікке беру пайда орнына зиян әкелері сөзсіз.
Тағы бір жағдай, алдыңғы қатардағы елдердің ауыл шаруашылық жерін жеке
меншікке берудегі жерге баға қою тәсілін бағамдамсақ, жердің бағасы жиырма
жылға шаққанда бағамен тең. Ал, біздегі арқа өніріндегі жерлер бар болғаны
230 долларға 49 жылға ұзақ мерзімге берілген, егер бұл баға қалар болса,
жер сатып алған үш төрт жылда жердің құнын ақтап мәңгілік меншікке ие бола
кетеді. Болашақ ұрпақ тағдырын ойлаған ел жерін бұлай арзан бағаламас
болар.
3. Аграрлық сектор экономикасының мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру
Аграрлық сектор мемлекеттік реттеуді аса қажет етеді. Рынок
жағдайында мемлекет рынокты реттеуші, экономиканың мүмкін коньюнктуралық
құлдырауы мен көтерілуін түзету енгізіп отыратын делдал ретінде жүреді.
Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу міндеті баға инфляциясының жоғарғы
деңгейін болдырмау мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажетті
табыстылығын қамтамасыз етуде болып отыр. Бағаны мемлекет реттеу
мемлекеттік органдар жүргізетін және жекелеген тауарлар бағасының әрекет
етуші деңгейі мен экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою
үшін бағаның жалпы деңгейін сақтау немесе өзгертуге бағытталған шаралар
жүйесі ретінде жүреді. Бағаны реттеу дегеніміз бағаға кез - келген әсер ету
емес (ол мемлекеттік органдардың қандай да бір шараларының нәтижесі болуы
мүмкін), ал бағаға, оның деңгейіне, жүйесіне және динамикасына мақсатты,
сапалы түрде әсер ету.
Экономиканың аграрлық секторы мемлекеттік реттеудің жалпы
тұжырымдамасынан шыға отырып баға белгілеудің нысандары мен әдістерін
анықтау кезінде ауыл шаруашылығы шикизаты мен азық түлік рыногын, сонымен
қатар келісім-шарт негізінде орталықтандырылған қорларға жеткізудің бірнеше
деңгейін бөліп көрсетуге болатын оның ұйымдастыру құрылымын, тікелей
байланыстарды, биржалық сауданы, сауда желісі арқылы сатуды қалыптастыру
мен дамытудың ерекшелігін ескеру қажет. Баға белгілеу рыноктық экономика
дамуының объективті заңдарына қайшы келмейтін, рұқсат етілетін ауытқұлар
шеңберінде ғана мемлекет саясатының пәні бола алады. Егер оны өндірістің
тепе-тең дамуының басқа жағдайларынан оқшаулап қолдансақ ол экономиканы
дағдарымтық жағдайдан шығара алмайды. Бағаны босату экономиканың онсыз да
тұйық жағдайын тереңдете түседі.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығы экономикасына араласуы рыноктық қатынастар
дамуымен аңықталады. Реттеу қағидаларын бұзу өндірістік процестің әр
қатысушының монополиялануына әкеліп, экономиканы қиратады. Директивті түрде
бағаны орнату сұраныс пен ұсыныс, тепе-теңдігі заңын мойындамайды. Бағаны
мемлекеттік реттеуді реттеудің жалпы құн қағидаларын пайдалан отырып құрған
дұрысырақ яғни бағдарламалық, тұрақтандыру және төмендету. Бағдарламалық
механизмдер тауар рыноктарында бағалар өндіріс басталғанға дейін белгілі
болуы үшін қажет.
Өтпелі кезеңдегі аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу
жүйесін қалыптастыру мен дамытудың алғы шарттарына келесілер жатады:
- табиғи – климаттық жағдайлардың сан алуандығы;
- табиғи факторлармен қатар рынок коньюнктурасына байланысты
болатын бағалар тұрақсыздығы;
- ауыл шаруашылығындағы монополизацияның төмен дәрежесі және
ресурс қамтамасыз етуші және қызмет көрсетуші сфералардағы
монополизацияның жоғары дәрежесі;
- ұдайы өндіру процесінің ерекшелігіне қарай ауыл шаруашылығын
инвестициялаудың әлсіз тартымдылығы;
- ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымымен қалыптастыру ерекшелігі;
- ауыл шаруашылығындағы өндірісті экологиялау қажеттілігі.
Өтпелі кезең проблемалар кешенінен шыға отырып, экономикалық
әдебиеттерде мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары қалыптастырылған.
Аграрлық протекционизм. Осы қағиданың екі аспектісі бар. Ішкі
экономикалық аспект ауыл шаруашылығының басқа салаларымен өзара қатынасын
қамтиды. Оларда өндірістердің жоғарылануының жоғары деңгейі, салыстырмалы
дамымауы және серіктерді таңдау мүмкіндігінің болмауы (бәсекесіз орта) ауыл
шаруашылығын қорғау қажеттігін талап етеді. Бәсекесіз экономикада баға
либерализациялау кезіндегі бұл протекционизм дәрежесі басқа жағдайлпрға
қарағанда жоғары болуы керек. Сыртқы экономикалық аспект ауыл шаруашылығы
тауарларының экспорты мен импортына қатысты болады. Дағдарыс кезінде тіпті
жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елден сатып алу отандық ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржылық жағдайына қосымша жағымсыз
әрекет етеді.
Экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды үйлестіру. Мемлекеттік
реттеу шаралары мен экономикалық міндеттерді шешуге ғана бағытталып қоймай,
ауыл шаруашылығының әлеуметтік-психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін
назарға алуы керек.
Бағдарламалық реттеу. Ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды
реттеу жүйесінің маңызды элементі мемлекеттік бағдарламалар болып табылады.
Мемлекеттік бағдарлама Агроөнеркәсіпті дамытудың жалпы ұлттық міндеттеріне
қол жеткізуге бағытталған мемлекеттің өзара байланысқан шаралары мен істері
жүйесін көрсетеді. Бағдарламалар өз мазмұны бойынша сан түрлі болуы мүмкін:
- Аграрлық өндіріс кәсіпорны жекелеген салалары мен сфераларының
проблемаларын шешуге бағытталған салалық және азық-түліктік;
- Аграрлық өндіріс кәсіпорны мемлекеттік реттеудің негізгі
қызметтерін іске асыруға бағытталғанфункционалды (инвестициялық
әлеуметтік – экономикалық, ғылыми-техникалық және т.б.);
- Мемлекеттің жекелеген облыстар мен аймақтардың агроөнеркәсіптік
өндірісі дамуына әсер етуінің кешендері шараларын сақтайтын
аймақтық.
Бағдарламалар кешенді сипатта болуы мүмкін.
Мемлекеттік бағдарламаларды жасау мен орындауды ұйымдастыру Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі мен ауыл шаруашылығының
облыстық басқармасына жүктеледі. Бағдарламаға қатысушылардың экономикалық
мүддесі оларды іске асыруда қамтамасыз етіледі:
- бағдарлама шараларын мақсатты бюджеттік қаржыландыру;
- бағдарламаға
- қатысушыларға жеңілдетілген салық салу;
Өндіріс пен айналым шығындарын қалыптастыратын өндіріс қаражаттарына
бағаларды субсидиялау өндіруші сатып алатын өндіріс құралдарының бағаның
төмендеуіне көмектеседі және осының есебінен өндіріс шығындары мен ұсыныс
бағаларын салыстырмалы төмендетуді қамтамасыз етеді.
Әдетте, өндірушіні тікелей қаржыландыру және субсидициялау саясаты
шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өз өнімдеріне деген кәсіпкерлік
шығындарын азайтуға көмектеседі және ұсыныс бағасы мөмендеуіне әсер етеді.
Бұл қаржылық көмек алған шаруашылықтардағы ұсыныс бағасының төмендеуін
бейнелейді. Тікелей қаржылық көмек мақсатты сипатта, яғни нақты аймақтық
бюджеттен бөлінген қаржы толық көлемде нақты белгілі бір мекен-жайға-
шаруашылыққа, кәсіпорынға, жеке қосымша шаруашылық иесіне түсу керек
екендігі бәрімізге белгілі. Бұл жерде бюджеттік қаражаттар пайдалануының
салыстырмалы тиімді бақылауы жолға қойылыуы керек.
Аграрлық рынокты мемлекеттік реттеу шаралауының ішінен міндетті болып
әкімшілік әсер ету табылады. Бұл – негізінен өнім сапасы, өнім
стандартизациясы, экологиялық қауіпсіздігі, өнімді тұрақты және тиімді
айырбастауды қамтамасыз ететін рыноктық инфрақұлымды құру және т.б.
сұрақтар.
Қазақстанның өтпелі экономикасындағы мемлекеттік реттеу мөлшері
төмендемей, қайта өсіп отыр. Сонымен қатар реттеу сферасы да өзгеріп отыр.
Ауырлық орталығы кәсіпорынның тікелей реттеудегі макроэкономикалық
тетіктерді пайдалану, өнімдерді сату, рынокқа өтудің, жағымсыз салдарларын
жұмсатру үшін тиімді жағдайлар құруға ауысып отыр.
Рыноктық қатынастар дамуына қарай ұлттық экономиканы мемлекеттік
реттеу өз мәнділігін жоймай, керісінше күрделеніп, жетіліп отыр. Реттеуші
қызметтен бас тарту мемлекеттің өзінен бас тарту деген сөз болар еді.
Бүгінгі күні баға диспаритеті проблемасы бар. Сондықтан толық қайта
монополизацияланғанға дейін ауыл ашруашылығы өндіріушілеріне өз өнімін
бағасын арттыруға рұқсат беру, ал кәсіпорындар-монополистерге, мемлекетке
келісілген бағалардың жоғарғышегін анықтау қажет. Мүмкін сол кезде рынок
аграрлық сектор өнімдеріне толар.
Рыноктық қатынастарға өту кезеңінде тауарлар бағасы қалай
қалыптасады. Бағаның апаттық өсуін қалай тоқтату керек? Оларды қалай
тұрақтандырып, содан соң қалай төмендету керек? Міне, Қазақстан
Республикасының қазіргі экономикасының өткір сұрақтары осылар.
Қазақстандағы бағаға мемлекеттік әсер ету рыноктық қатынастардың
жалпы дамымуы, ақша қаражаттарының тапшылығы іске асырылып отыр.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін мемлекеттік реттеу
механизмі рыноктық экономикасы дамыған елдерге қарағанда күрделірек жүйе
болып табылады. Бұл экономикалық және саяси даму ерекшеліктері арқасында
туындап отыр. Аграрлық секторды дағдарыстан шығару үшін Қазақстан
Республикасында бірқатар шаралар іске асырылып жатыр. Осындай шаралардың
бірі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алушы бағаларын бір рет қайта
қарастыру арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау жасау. Бірақ, бұл
шаралар бүгінгі күн талабына жауап бермейді. Себебі мемлекеттік тарапынан
бағаларды қайта қарау баға диспаритетін жоя алмайды.
Рынокқа өту кезінде реттеумен ғана шектеле отырып (салық және несие
жүйелері арқылы), ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты бағаға тікелей
реттеуші әсер етуден бас тартуға болады.
Рыноктық бағалар үшін ауытқудың қатаң жоғарғы шегін орнату көңілге
қона қоймайды. Рынокты өндірістің жедел өсуі есебінен ауыл шаруашылығы
өнімімен толтыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу
процесін мүмкіндігінше мемлекет тарапынан қолдау керек.

II. Ауыл шаруашылық өздерін несиелендірңу.
2.1. Ауыл шаруашылығын дамытудағы несиенің маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық барлық салаларының соңғы
жылдары өсу қарқыны байқалды. 2005 жылы облыс экономикалық көрсеткіші
бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Осындай тұрақты даму жағдайына
байланысты 73 ауылдың аймақтарда әртүрлі өнеркәсіп көлік ұйымдары, сауда,
бизнес өкілдері, банктер Аули бағдарламасын жүзеге асыруға көмек
көрсететігіндігін мәлімдеді. Біздің қалалық ірі кәсіпорындар да осындай
көмектер көрсете алады емес пе? Олар ауылдарда реформалар, су құбырларын,
өндіріс объектілерін, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін салуға, ауыл
шаруашылықтың өндірісін қайта өңдеу бойынша жаңа техналогияны енгізуге ат
салысуына болар еді. Бұл жұмыстың барлығын әкімшілік үнемі бақылап отырады.
өкінішке орай, кеңес дәуіріндегі қайтарымсыз қаржылай көмек қазіргі
нарықтық экономика жағдайында мүлдем қолданылмайды.
Бүгінде ауыл шаруашылық қаржыландыруға аса көңіл бөлініп отыр. Соңғы
2 жыл көлемінде облыстық бюджеттен жеңілдетілген несие беруге 240 млн.
теңге бөлінген. Бұл несиені алу үшін қатаң талаптар қойылады. Сондықтан тек
тиімді жобалардың қаржыландыруға ғана жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылдың 21 қаңтарындағы 70
қаулысына сәйкес мұнда ең алдымен конкурстық комиссия екінші деңгейлі
банктер арасында қарыз алушы банкті анықтау мақсатында тендер өткізілді.
Сол банкке ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру бойынша
қаржы агенттігінің функциялары беріледі. Бюджет қаражаты маслихат бекіткен
салада орта мерзімді несие ретінде беріледі. Бұл несие берілген қаулыда
анықталған мақсаттарға ғана берілуі тиіс және бюджеттік несиенің саласынан
жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы (банк қызметін есептемегенде) төленеді.
Банктің сыйақы мөлшері тендерде анықталады. Несие негізгі құралдарды және
айналым қаражатын толтыруға фермалар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін
гектарды реконструкциялауға республикаларды жүзеге асыруға, дайындау -
өңдеу ұйымдастырудың сүт пен жүнді дайыдағанына беріледі.
Сонымен қатар бюджеттік қатынасты (несие ресурстарын) қолданудың бір
қалыпығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір аудан бойынша лимит қойылады.
Тағы бір маңызды шарт: несиеге жарғылық капиталдың 51% - ң иесі болып жеке
және заңды табылатын кәсіпорындардың ауыл шаруашылық жобалары қабылданады.
Бұл жобалардың барлығы келесідегідей критерилер бойынша бағаланады:
-Жобалардың импорт орнын басушылық бағыты;
-Сыртқы және ішкі нарықта өндіруге ұсынылатын өнімнің толық талап
етілетіндігін дәлелі және нарықтық қажетті сыйымдылығы;
-Жаңадан құрылатын несиеге жаңартылатын жұмыс орындарының саны және
жобаның тиімділігі;
Несие алуға берілетін барлық ауыл шаруашылық жобалар облыс әкімінің
ауыл шаруашылығы басқармасына қолма – қол немесе поштамен жіберіледі. Мұнда
келесідегідей құжаттар мідетті түрде қажет:
1) Техника – экономикалық негіздемесімен бірге бизнес жоспар;
2) Меншікті иелену туралы құжаттар көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4) Жарғы мен құрылтайшылар құжаттар көшірмесі;
5) Соңғы жылдағы балансы;
6) Құжаттар көшірмесі тіркелген кепіл мүлкінің тізімі;
7) Бюджет алдында қарызы жоқ екендігін растайтын салық комитетінің құжаты;

8) Қызмет көрсетуші банкінің несиелік қарызы жоқ екендігі туралы құжат;
9) Бекітілген жерді пайдалану жағдайы туралы аудандық жер инспекциясының
құжаты;
10) Жергілікті бюджеттен алынған несие бойынша қарызы жоқ екендігі туралы
жергілікті қаржы органынан құжат.
Бұл құжаттардың кемдегенде біреуі болмаса, басқаша жобаны
қабылдамайды. Егер қарыз сұраушы тұлға барлық талаптарға сай келетін болса,
онда ауыл шаруашылық басқармасы жобаны банкке жібереді. Банк өз алдында
қарыз алуышының төлем қабілеттігін бағалайды, несиенің қайтарымдылығын
қамтамасыз етуін қарастырады, жобаның тәуекелін бағалайды. Несиелеу туралы
оңтайлы шешім қабылдаған жағдайда банк пен қарыз алушы арасында несиелік
келісім шарт жасалады. Содан кейін ссудалық счет ашылады және қолма –
қолсыз аударым жасау немесе оның төлем қаражатын өтеу жолымен несие
беріледі.
Кейбір банктің басшылары несие алу тәртібін қиындатып жіберген.
Мысалы: облыстағы кейбір банктердің финалдары ауыл шаруашылығы
субьектілерінің бизнес – жоспарларын қабылдағанымен олардың біреуіне де
несие берілген жағдайларда кездесті. Бюджеттен бөлінетін жеңілдетілген
несие және екінші деңгейлі банктердің несиемен қатар облыстың Талас
ауданында алғаш рет тәжірибеге енгізілген тауарлы несиелердің де
экономиканы өркендетуге маңызы зор.
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында тауарлы несие тәжірибесін кең
қолдана бастау керек. Мұндай несиені қолдану облысында жаңа шаруа
қожалықтарының пайда болуына, мол санның өсуіне оңтайлы ықпал етеді. Талас
ауданының табиғи – климоттық жағдайы қаракөл қоймаларымен етті қазақы
қойлары. Аудандық бес шаруа қожалығы асыл тұқымдығы мол өсірумен
айналысады.
Ауданда 605 шаруа қожалығы тіркелген. Бір отбасына шаққанда орташа
есеппен 29,7 бас қой мен ешкіден 2,2 бас ірі қарадан, екі отбасына бір
жылқы және 14,8 бас құтан келеді екен. Өндірілген өнім көлемінде едәуір
өскен. Осындай қарқынды дамуды қолдау мақсатында аудандық маслихат
сессиясында бекітілген және аудит тұрғындарымен келісілген тауарларды несие
беру туралы шешімі қабылданды. Тауарлы несиелендіру әсіресе 2002-2005 ж.ж.
аралығында жүргізілді. 138 шаруа қожалығына тауарлы неше түрде 6772 бас қой
беріледі. Жүйе келесідегідей тәртіпте ұйымдастырылады: кепіл мүлкі бар және
несие алуға сұраныс жасаған шаруа қожалығына аудандық бюджеттен жылдық 5%
-қ ставкамен үш жылға қаражат бөлінеді. Бұл қаражат алдын – ала бекітілген
келісім шарт негізінде малды сататын шаруашылық құрылысының шотына
аударылады. Несие алушы белгілі бір шаруашылық құрылысынан ветеринарлық
зоотехникалық талаптарға сай малды қабылдайды.
Ауданда тауарлы несие арқылы 163 шаруа қожалығы ұйымдастырылған. Бұл
несиенің тиімділігінің дәлелі ретінде ауданда қызмет етіп отырған бірнеше
қожалықтың жұмыс нәтижесінің келешегі болады. Мысалы: Мұрат, Ақыбай,
Бәкен, Шаханбай, Алберген, Қоңыратпай сияқты шаруа қожалығы болады.
Олар тауарлы несие бойынша толығымен бюджетінен есептесіп қана қоймай
сонымен қатар тиімді жұмыс істеп отыр. Мал шаруашылығын дамытуға нақты
бағыт алған фермер шаруашылық саны артып келді. Тауарлы несие бере
бастағаннан кейін аудандық салық төлеушілері арасында қарыз тұлғалалырының
саны азайды. Сыртқа асыл тұқымды малдарды сату кеміді. Бұрын бос тұрған мал
ұстауға арналған құрылыстар қолданылуда, жем – шөпке сұраныс ості. Ең
бастысы ауылдағы жұмыссыздар саны кеміді, ауылдықтардың әлеуметтік жағдайы
дұрысталды. Бүгінде Оңтүстік ауданындарында тауарды несиемен байланысты
тағы эксперимент еңгізілді Қаратау сүт ашық акционерлік қоғамы шаруа
қожалығы үшін сиыр сатып алатын. Ол үшін қожалық иелері сауылған сүтпен
есептеседі. (1 литріне 22 теңге). Мұндай несие бойынша қарыз алушы тұлға
кем дегенде жарты жыл ішінде несие бойынша қарыз
берушімен есептеседі.
2.2. Аграрлық сектордың қаржылық-несиелік реттеудің құрылуы.
Республиканың ауыл шаруашылығында ауылдағы экономикалық және
әлеуметтік жағдайдың бағасы 90ж. дағдарыс ауыл шаруашылық кәсіпорындардың
қайта ұйымдастыруын жүргізетін, жер учаскесінің жаңартуын жүзеге асыру үшін
көптеген ауыл шаруашылық экономикалық негізін, құруға мүмкіндігін көрсетті.
2005 жылы жерді иеленушілер құрылымы барлық шаруашылықтың 63,1%-на
жуығының үлесін ауыл шаруашылық кәсіпорындарды иеленуді, олардың үлесі ауыл
шаруашылықтың жалпы ішкі өнімінде 22,3% иеленді. Ауыл шаруашылық жерлердің
36,4% қолдануда болатын кристиандық шаруашылық институты дамиды, ал олардың
ауыл шаруашылық өндірісіндегі салымдар 26,3%-ға жуығын құрайды. Олардың
қолданған үлкен жер аумағына қарамастан (ауыл шаруашылықтың жалпы
аумағыныан 0,4%) олар барлық агросектордың шығарылған өнімінің жартысын
қайтарымсыз етеді.
Мемлекеттік емесе жеке формасы Республикаының ауыл шаруашылығында
басым болды. Мемлекеттік емес жерді иеленушілер 2005 жылы 96,3% ауыл
шаруашылық өнімдеріне және 94,9 % жер жыртуға бағытталған, сонымен бірге
жердің көптеген бөлігі 63,1% жерді иеленетін акционерлік қоғамдардың және
ауыл ашруашылық кооперативтері агрокәсіпорындардың шаруашылық
қоғамдастығының түріне бағытталған.
Сол уақытта жеке формалардың өзгеруі ауылда ауыл ашруашылық өнімдері
көлемінің күрт төмендеуімен жүргізілді. Өсімдік өсіретін өндірістін көлемі
бұл жылдары жартысына қарағанда, мал шаруашылықтың 1\3 бөлігіне төмендеді.

Ауыл шаруашылықтың әлеуметінің қысқаруында көп жылдық үрдістің
тереңдетілген тұрақты мәселесеі соңғы жылдардың аграрлық саясатына
бағытталған жетіспеушілігінде шектеледі, Бидайды өндіру мәдениетінде
технологиялық операцияларда жүргізілген бұзушылықтар сияқты крестиандардың
қаржысымен техникасында сақталған қиындықтар бұл мәселені туындатады.
Сонымен бірге ауыл шаруашылық өндірушілердің ағымдағы жағдайы барлық
өткен кезеңде жинақталған мәселердің көп бөлігі бойынша аңықталады.
2000-2003 ж.ж. Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығын басқарудағы экономикалық даму қағидаттары
Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру жүйесінің көрсеткіштері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Темірбанк АҚ-ның несиелендіруін талдау
Тұтыну несиесі жайлы
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
БАНК НЕСИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
«Қазкоммерцбанк» АҚ мысалында микронесиелендірудің тәжірибесі
Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары
Шағын және орта бизнеске несие беру
Пәндер