Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі


Ethnic and linguistic peculiarities of Kazakh and English proverbs and sayings (ethnic and linguistic aspects)
The work is devoted to the comparative analysis of Kazakh and English proverbs within the framework of ethnic linguistics.
The modern elaboration of ethnic linguistics conditioned new approaches in
studying proverbs and sayings.
The vitality of the given work is determined by the fact that Kazakh and English proverbs and sayings are considered to be standards and stereotypes of national culture, the units contributing to the revelation of cultural dominants in the language.
The object of the research is proverbs and sayings in the Kazakh and English languages. Proverbs can be defined as special cultural signs, stereotypes of national consciousness, which have standard meaning in culture. Proverbs present the most archaic forms of the national language, thus they reflect ancient concepts and generalize the results of human cognition.
The research of interlanguage meanings of proverbs and sayings, revelation of their general and cultural significance, determination of their regularity and ethnic peculiarities are one of the most vital problems of modern linguistics.
The scientific novelty of the thesis is in the fact that it is the first special research on studying Kazakh and English proverbs and sayings of different lexical groups. Besides there have been defined the sphere of their usage and their thematic classification and for the first time peculiarities of proverbs and sayings of the Kazakh and English languages have been described in comparative aspect.
Comparative and statistic methods, methods of content analysis and systematization analysis of ethnic linguistics and history of etymology have been applied in the work.
The given work revealed the character, implication and semantic nature of Kazakh and English proverbs and sayings. Besides, their linguistic basis and ethnolinguistic characteristics have been studied.
The theoretical validity of the work is in the possibility to use its data and materials in teaching such subjects as «Translation », «Introduction to Philology», «General and Comparative Linguistics», «Ethnic Linguistics», «Phraseology», «Linguistic Regional Studies», «Linguistic Culture Studies», «Theory of Language» and they can be also used in teaching foreign languages.
The thematically systematized data for studies, their characteristics and explanations given to them can be used in compiling different types of dictionaries:
- bilingual, monolingual, explanatory, ethnolinguistic and in some others.
The diploma work consists of introduction, three parts, conclusion, a reference list and enclosure which is a brief dictionary of Kazakh and English proverbs and sayings.
The first part of the diploma work is devoted to the detailed survey and analysis of some of the aspects of proverbs and sayings where their common and distinguishing features have been examined. There is also a general survey of scientific works on Kazakh and English proverbs and sayings. Groups of above-mentioned language units have been defined, history of ethnolinguistics as a science and process of its development have been described.
The second part contains analysis of Kazakh and English proverbs and sayings from the viewpoint of their semantic peculiarities, classification of thematic groups and the description of ethnolinguistic peculiarities. The scientific results of the work given in the conclusion are as follows:
- the comparative analysis of Kazakh and English proverbs and sayings revealedpoints of similarity and differences in the above mentioned spheres of differentlanguages;
- the semantic basis of Kazakh and English proverbs and sayings reflect elementsof universal mental activity and therefore there are absolute and partialequivalents among them;
- most proverbs and sayings contain cultural information which reflects theevolution of spiritual life of a certain nation;
- Kazakh proverbs and sayings mainly originate in folklore while Englishproverbs and sayings are based on the Bible and and other classical works, insluding Shakespeare's;
- In contradistinction to key components of Kazakh proverbs and sayings theEnglish ones are mainly based on names of geographical objects and people'snames.
Мазмұны
КІРІСПЕ 7
I. Мақал -мәтелдер табиғатындағы ортақ және айырым белгілер. 8
Тұжырым 18
II. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі. 19
2. 1. Адамға қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 20
- Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты мақал- уәжі. 21
- Үй-жайға, отбасына қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 22
- Гендірлік қатынасқа байланысты мақал-мәтелдердің . 23
- Уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 25
- Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 25
- Еңбекке қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 26
2. 8. Қонаққа қатысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық уәжі. 26
2. 9. Ақша, қаражатқа байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық
уәжі. 27
2. 10. Өнер-білімге қатысты мақал-мтелдердің этнолингвистикалық уәжі 28
2. 11. Өмір мен өлімге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық
уәжі. 28
2. 12. Табиғатқа, жан-жануарларға қатысты мақал-мәтелдердің
этнолингвистикалық уәжі 28
2. 13. Қос тілдегі бейэквалентті мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық
уәжі. 29
Қорытынды 30
III. Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары . 31
Қорытынды 35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 36
Қосымша 38
Кіріспе
Заман ағымының өзгерісі еліміздің бүкіл өмірінде үлкен өзгерістер туғызды. Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, шет мемлекеттермен жан-жақты, атап айтқанда, саяси, экономикалық, мәдени, діни байланыс орнатып келеді. Осыған орай, шет тілдерін (ағылшын, француз, неміс, араб, қытай, жапон және басқаларын) білу, өзге тілді терең меңгерген азаматтарды даярлау -бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ұзақ жылдар бойы тіл үйреніп жүрген қазақ жастарына (оқушы, студент) шет тілдерін үйрету жұмыстары тек орыс тілінде жазылған оқулықтар, сөздіктер арқылы жүргізілді. Сөйтіп тіл үйрету процесі үшінші бір тіл арқылы жүзеге асырылды. Мұның зияндығы бәрімізге белгілі. Тіпті басқасын былай қойғанда, шет тілдерінің қазақ тіліне аударылған оқулықтары, сөздіктері өте аз және бұрын шыққан еңбектер бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды. Соңғы үш-төрт жыл ішінде ғана көптеген ағылшын-қазақ, неміс-қазақ, т. б. аударма сөздіктер жарық көрді.
Міне, осы бағыттағы кемшіліктерді түзету жолында бұл дипломдық жұмыстың тигізер көмегі зор.
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал-мәтелдер мән-мазмүнының тереңдігімен, өткірлігімен, өмір шеңдігімен ерекшеленеді. Көлемнің ықшамдығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп-салдарын, халықтың өмір тәжірибесінің қорьтындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, мәдениеті жан-жақты көрініс тапқан. Терең ойды айдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты мен мән-мағынасын сақтап қалған тілдік бірліктер - сөздік құрамдағы мақал-мәтелдер.
Дипломдық жұмысың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер - фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге
ала отырьп аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, "сәтсіздіктерге" ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, оңдағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық, ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет жэне өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.
Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, салааралық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей (бірді-екілі мақалаларды есепке алмағанда) келді.
"¥лт пен тіл біртұтас" деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерін тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық, болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.
Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының
жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-
мәтелдерді тілдің "таза" ішкі жүйесі (имманентті жүйе) тұрғысынан
қарағаннан гөрі, оларды тілі мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың (ұлттардың) тілдік бірліктерімен салғастыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипаттын айқындау аса маңызды болып отыр.
Зерттеудің нысанын туыс емес казақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер құрайды.
Дипломдық жұмысының зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салғастыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
-зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;
-этнолингвистикалық аспектідегі зерттеулерге шолу жасау, оларға қысқаша
сипаттама беру;
-мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір
тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;
-қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің семантикасындағы ұқсастықтар
мен айырма белгілерді айқындау үшін прецеденті мәтіндерді сұрыптап талдау;
-тілдік бірліктердің мағына межесіндегі сәйкестіктері мен ерекшеліктерін
анықтау, олардың себебін айқындау;
- қазақ-ағьлшын тілдеріне ортақ паремиологиялық қорды межелеу;
-тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау;
-қазақ-ағылшын тілдеріндегі шығу төркіні көмескіленген этномәдени
ақпараты бар кейбір тілдік орамдардың этнолингвистикалық табиғатын айқындау.
Дипломдық жұмысының зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы, статистикалық пен ғылыми талдаудың этнолингвистикалық, тарихи-этимологиялық, контекстік талданым, жүйелеу сияқты түрлері колданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалыгы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер салғастырмалы негізде арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық, топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесін бір-бірімен салғастырыла зерттелді. Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл-тілдің көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері және олардың себеп-салдары анықталды. Дипломдық жұмыста рухани және материалдық мәдениеті әрбасқа екі ұлт танымдарындағы ортақ және ерекше ұғымға ұйытқы болған мақал -мәтелдерге мәтін арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің импликациясы, семантикалық табиғаты, тілде қалыптасу негіздері, қолдану жиілігі, этнолингвистикалық сипаты айқындалды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі тұрмыстық мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар жалпы және салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды "Тіл біліміне кіріспе", "Жалпы және салғастырмалы тіл білімі", "Этнолингвистика", "Фразеология", "Лингвоелтану", "Лингво-мәдениеттану", "Аударма теориясы" т. б. тәрізді теориялық курстарды оқытуда және шетел тілін үйрету барысында қолдануға болады. Сондай-ақ, тақырыпқа негізделіп жинақталған және белгілі бір жүйеге келтірілген тілдік материалдарды, оларға берілген сипаттамалар мен түсініктемелерді әр түрлі сөздіктерді түзуде (қос тілді көп тілді түсіндірме этнолингвистикалық т. б. ) пайдалануға болады.
Дипломдық жұмысының кұрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
I. Мақал-мәтелге жалпы сипаттама, ортақ тұстары және айырмашылықтары.
Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, . Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. Б. Кунин, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзкарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Appearances are deceptive" (сөзбе-сөз ауд. : келбет - алдамшы), "Better late than never" (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялык емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды [1] .
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар:Н. Н. Амосова, А. М. Бабкин, В. П. Жуков, М. Т. Тагиев, М. А. Филипповская, А. Н. Кожин т. б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады [2] .
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне
сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің
зерттелуі.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі
кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші
жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек
халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың
елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз эдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Я. Лютш, Ф. Катанов, В. В. Катаринский, П. М. Мелиоранский, Н. Н. Пантусов, А. Е. Алекгоров т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым - Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жарияланған. [3] . Н. Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын құрайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халқының ауыз әдебиеті"[4] деген еңбегіңде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz