Адам және жануар физиологиясы пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану
Дипломдық жұмыстың тақырыбы:
Адам және жануар физиологиясы пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану
Тақырыптың өзектілігі:
Казіргі заманға сай оқыту процесінде адам және жануар физиологиясын терең
түсіндіру үшін электрондық оқыту құралдарының алар орны ерекше. Бірақ
қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған электрондық оқулықтар аз
болғандықтан оқу жүйесін электрондандыру маңызды мәселелердің бірі болып
отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1
наурызындағы халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту. Білім берудің кез келген саласында Электрондық оқулықтарды
пайдалану жас өспірімдердің танымдық белсенділігін артырып қана қоймай,
ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулық дегеніміз - құрамында оқу курсының немесе оның
бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік
мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электронды
оқулық кез келген оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал
етеді. Себебі, өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында
жазуы болады.
Заман талабына сай ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен
қалыспайтын жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды оқу
процесінде пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде
қарастыруға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
• Білім берудің жаңа технологияларын Адам және жануар физиологиясы
тарауын оқу процесінде қолданудың жолдарын анықтау.
• Адам және жануар физиологиясы пәнін заманға сай оқыту үшін
электрондық оқулық құрастыру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
• Адам және жануар физиологиясы тарауы бойынша мультимедиялық
презентациялар құрастыру.
• Электрондық оқытудың маңыздылығына шолу жасау;
• Адам және жануар физиологиясын пәнінің тарауларын талдау;
• Лабораториялық сабақтарды жинақтау және бақылау сұрақтары, тест
тапсырмаларын құрастыру;
• Адам және жануар физиологиясы тарауы бойынша электрондық оқулық
жасау.
Ғылыми жетекші: Шакиржанова И.С
Аға оқытушы
Орындаушы: Дюйсекеева Б.А
БК-23 тобының студенті
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Электронды оқулық құрылымы,маңыздылығы,қолдану аясы.
1.2 Интерактивті әдістер
1.3 Адам және жануар физиологиясы бойынша электрондық оқулық түрлер
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
2.1 Мектептің жалпы сипаттамасы
2.2 Зертелген тақырыптардың түрлері
2.3 Зерттеу әдістері
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛҚЫЛАУ
3.1.Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы
3.2.Физиологияның негізгі мақсаттары
3.3.Физиологияның салалары
3.4.Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы
3.5.Физиологияны тануда пайдаланатын әдістер
3.6.Бірінші тарау бойынша тест тапсырмалары
4 Қан айналым жүйесінің физиологиясы
4.1.Қанның тіршіліктегі маңызы
4.2.Қанның молекулалық құрылысының қасиеттері
5 Тыныс алу жүйесі
5.1.Тыныс алу дегеніміз не және ол қалай атқарылады?
5.2.Тыныс алудың түрлері
5.3.Сыртқы тыныс кезеңдері
5.4.Көкірек қуысының қимылдары
5.5.Тыныс алуға мұқтаждық
5.6.Үшінші тарау бойынша тест тапсырмалары
6 Ас қорыту жүйесі.Ағзаға қоректік заттардың келуі мен жылжуы
6.1.Ас қорыту процесінің эволюциясы
6.2.Ағзаға пайдалы заттардың келуі
6.3.Ағзада пайдалы заттардың жылжуы
6.4.Ауыз қуысында астың қорытылуы
6.5.Қарында коректік заттардың өзгеріске ұшырауы
6.6.Ас қорыту процесінде тоқ ішектің рөлі
тарау бойынша тест тапсырмалары
7 Бөлу жүйесі мен тері физиологиясы.
7.1.Бөлу процесінің маңызы
7.2.Бүйректің құрлысы,оның бөлу жүйесіндегі маңызы
7.3.Бөлу процесінің реттелуі
тарау бойынша тест тапсырмалары
8 Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
8.1.Ішкі секрецияға қысқаша шолу
8.2.Биологиялық белсенді заттардың жіктелуі
8.3.Гормондардың қасиеттері
8.4.Эндокринология жетістіктері практикада
тарау бойынша тест тапсырмалары
9 Орталық жүйке жүйесі.
9.1.Орталық жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
9.2.Нерв орталығының қасиеттері
9.3.Нерв жүйесінің адам өміріне ықпалы
тарау бойынша тест тапсырмалары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...41
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..42
Ақпараттық технология электрондық оқулық туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарғы білім беру жүйесін
ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен білім берудің
тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында ұсынған мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру, педагог – ғалымдардың алдында тұрған негізгі мәселелердің
бірі болып табылады.
Қазіргі кездегі ақпараттық – коммуникациялық технологиялар
ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өндеудің және кез
келген қашықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.
Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды
талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультемедиялық
оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады. Бұрынғы оқыту технологиялары
негізінен сөз арқылы мәлімет беруге негізделгені белгілі. Ал бірақ адам
жадындағы кез келген мәлімет басқаша жинауы түрде сақталатының ғалымдар
анықтаған болатын, онда олар ақпараттық технологиялар арқылы оңай
көрсетілетін көрнекі бейнелер, дыбыстар мен схемалар тәрізді күйде
орналасады екен. Осыған орай болашақта электрондық кітапханалар
ұйымдастырылып, онда оқыту процесінде қолдануға ұсынылған электрондық
басылымдар, арнайы әзірленген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары
болуы тиіс [1].
Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалану қажеттілігі
бүгінгі күннің әлеуметтік – экономикалық талаптарынан туындап отыр.
Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне ақпараттық
технологияның жаңаша өзгерістер мен идеологияларды қосатынына сенім мол.
Бағдарламалық оқыту – тақырыпты оқыту бағдарламасы бойынша арнайы
құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі.
Бағдарламалық оқытудың негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама үш
бөлімнен тұрады: оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу
операциялары – тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау
тапсырмалары, жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы
нұсқаулар [2].
Қазіргі қолданыста ақпараттық технологияның тиімділігі оқушының тұлғалық
қасиеттерін дамыту, ақпараттың қоғамды өздігінен жемісті нәтижелі
ақпараттан іс – әрекетке дайындауын іске асыруға байланысты айқындауға
болады.
Қазақстан Республикеасында оқыту процесін автоматтандыру электрондық
оқулық тарала бастады. Электрондық оқулықтар интерактивті – әдістерге
негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым – қатынасының
автоматтандырылған оқыту процесі.
Сабақ үстінде электрондық оқулықты қолдану мақсатында мәліметтер қорын
яғни, (білім, ақпарат) терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер,
диаграммаларды, суреттерді қолданылады [3].
Кіріспе
Физиология –физис -табиғат, логос -ілім деген грек сөздерінен
тұрады.Адам мен жануарлар физиологиясы осы организмдердің сыртқы қоршаған
ортамен байланысы күйінде атқаратын қызметін зерттейді, олардың іске асу
заңдылықтарын ашады.
Физиологиялық тіршілік әрекетінің негізінде физиологиялық процестер
жатады.Физиологиялық процестер тірі материяда жаңа сапалы мазмұнға ие
болатын онда жүретін физикалық және химиялық процестердің күрделі
бірлігінің формасы.Физиологиялық процестер физиологиялық функцияларды
қамтамасыз етеді.Физиологиялық функция- тірі жүйедегі әртүрлі
бөліктердің,структуралық элементтерінің өзара әрекеттесуінің
көріністері.Функция ағзадағы, мүшедегі,жасушадағы зат алмасу процесінің
орта жағдайының алуан өзгерістеріне бейімделуі барысындағы,әрі сол ағзаның
ортаға белсенді ықпалы барысындағы өзгерістерінің нәтижесі.Функция деп
жүйенің немесе органның спецификалық әрекетін айтады.
Физиологияның негізгі міндеті – жануар және адам ағзасындағы тіршілік
процестерінің,мәселен нерв жүйесімен басқада жүйелер қызметтерінің
спецификалық,физиологиялық заңдарын одан әрі ашу,анықтау.Себебі осы арқылы
ол процестерді басқарудың жетілген әдістерін табуға болады.
Физиология тіршіліктің мән-мағынасын ,оның химиясы мен физикасын
зертеп білуге қатысады.
Физиологияның өз алдына қоятын мақсаты:
1.Тірі ағзадағы қалыпты функциялардың іске асыуның заңдарын қоршаған
ортаның үнемі өзгермелі және дамыған жағдайларымен байланыстыра зерттеу;
2.Сол тірі ағзадағы функциялардың онтогенез және филогенез барысындағы
дамуын әрі олардың өзара байланыстарын зерттеу.
Физиологиялық процестерді зерттеудің әртүрлі деңгейлері
бар:молекулалық,мембраналық,субжасу шалық,жасушалық, ұлпалық,мүшелік,жүйелік
және ағзалық.
Бүкіл ағзаның өмір сүру қызметін,олардың бір-бірімен және сыртқы
ортамен қатынасын анықтау қажет.Бірақ бұл жеке мүшелер қызметін зерттеу
әруақытта ағзаның тіршілік ету ортасына байланысты жалпы өмір сүру
қызметін толық білу мақсатына бағынып отыруы тиіс.Осындай синтездік
физиологияны ғана ағзаның функцияларының толық жүретін барлық процестер бір-
бірімен өте тығыз байланысып жатқандықтан,оларды зерттеуде көптеген
қиындықтар кездеседі.Сондықтан ондағы әртүрлі органдар жұмысын,оған
организмде жүретін басқа процестердің ететін әсерін елемей зерттеуге
ұмытушылық табиғи нәрсе болып табылады.Осындай күрделі құбылыстарды олардың
жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зерттеу жолын
анализталдаужолы деп атайды.Бұған мысал ағзадан бөлініп алынған белгілі
бір органдардың жұмысына қолдан жасалған ортада бақылау
жүргізу.Бірақ,мұндай зерттеу органдағы процестер сол орган қалыпты ағза
денесінде тұрғанда қалай жүреді деген сұраққа жауап бере алмайды.
Бізді, сонымен алыпты тірш қатар,вивисекциялық операция жасау тірідей
кесу әдістемесі де қанағаттандыра алмайды.Себебі,мұнда орган қызметін
бақылау қалыпты тіршілік ету ортасынан әлдеқайда алыс жатқан наркозбен
ұйықтатылған жануарлар денесінде жүргізіледі.
Физиологиялық функцияларды аналитикалық әдіспен зерттеуді теріске
шығаруға болмайды.Бірақ,негізгі мақсат жартылай
емес,бөлшектенбеген,біртұтас жануар ағзасын зерттеу болуы тиіс.Орыстың
атақты физиологі И.П.Павлов ғылымға созылмалы ұзақ уақыт бақылауға
мүмкіндік беретін тәжірбиелер жасау әдісін енгізді. фистула қою әдісі
деп те аталады. Мұндай тәжірибелер операция жасаудың барлық ережелерін
сақтай отырып операция жасалған және одан жазылған жануарларды
жүргізіледі.Мұндай жануарлардың дені сау және барлық органдар қалыпты
қызмет атқарады.Сондықтан онда операция жасалған орган қызметіне талдау
жүргізуге де және оны организмнің басқа функцияларымен байланыстыра
зерттеуге де мүмкіндік бар.Бұл ағзадағы синтездік жолмен зерттеу болып
табылады.Сонымен,дені сау ағзаға эксперимент жасау ,тәжірибе қою
физиологиялық зерттеудегі ін негізгі әдіс болып есептеледі екен.Эксперимент
түрлері көп: экстирпация,трансплантация,перфузия , микроэлектродты техника,
радиотеметрия,модельдеу, т.б.
Экстирпация кезінде зерттелетін органды жартылай,немесе түгелдей кесіп
алып тастайды да,бұдан соң ағзада байқалатын өзгерісте бақылау арқылы,оның
денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының барлығы анықталады.
Трансплантация – бір ағзадағы органды, тканьді орнынан басқа ағзаға
көшіріп қондыру.Осыған байланысты ағзада,орган қызметінде байқалатын
өзгерістерді бақылайды.Перфузия –зерттелетін,құрамы алдын-ала белгілі
ерітіндіні,не қанды тиісті органның тамырлары арқылы өткізу.Осылай органнан
өткен ерітіндіні сұйықтықты жинап алып,оның қасиетін, құрамын
анықтап,орган клеткаларында қандай өзгерістерге түскенін
біледі.Микроэлектродтық техниканы пайдаланып түрлі электро- физиологиялық
зерттеулерді тыныштық потенциалдарын,әрекет потенциалдарын
талдау,тітіркендірулер беру, т.б. жүргізеді.Радиотелеметрия арқылы әртүрлі
қашықтықтардағы мәселен тіпті ғарыштағы ағзадағы бірнеше жүйелердің
қызметтерінің көрсеткіштерін параметрлерін бір мезгілде
электромагниттік және радиотолқындарды тіркеп-жазып,талдау арқылы
математикалық,электрондық есептеу техникасының көмегімен қажетті
физиологиялық ақпараттар алынады.Электрондық есептеу машиналарын пайдаланып
ағзадағы әртүрлі физиологиялық процестер арасындағы өзара сандық
қатынастарды,физиологиялық заңдылықтарды білу үшін математикалық
модельдеу жүргізіледі.Кибернетика мен физиологияның мұндай шығармашылық
одағы арқылы ағзаға әсер ететін толып жатқан факторларын тудыруы
мүмкін.Реакциялардың вариантарын болжауға болады.
Тірі организиде өте күрделі физикалық және химиялық құбылыстар
жүреді.Сондықтан физиология көпшілік жағдайдайларда басқа ғылымдардың-
физиканың,химияның т.б. әдістемелерімен де пайдаланылады.Бірақ,ағзада
жүретін бұл құбылыстарды кәдімгі табиғатта жүретін физикалық және химиялық
құбылыстармен бірдей деп есептеуге де болмайды.Физиологиялық функциялар
синтездік зерттеу негізінде ғана түсіндіріле алады.
Физиологя медицинаның қажетінен туған.Себебі ,медицинаның алдыңғы қатарлы
өкілдері адамды оның денесінің құрлысын және әртүрлі мүшелер қызметін
білмей емдеп,жазуға болмайтындығын ерте кезден-ақ білген.
Бірақ та ертедегі Греция мен Римнің дәрігерлері мен ақыл-ой иелері
өздерінің дене мүшелеріің қызметі туралы қорытындыларын сол мүшелер
құрлысын үстіртін зерттеу нәтижеснде туған,ойша жаслған пікірлерге негіздеп
шығарылған.
Антик дүние қирап,батыс Еуропада феодализм орнаған кезде,католик
шіркеуінң діни догмаларына бас иушілік өрі алды.Осы кезде ертедегі
ойшылдардан қалған алғашқы білім ұшқындары қайта басылып тасталды.
Тек ХVI –ХYIII ғасырда,капитализмнің туу және дамуы кезінде буржуазияның
саяси үкімет үшін күресі барысында табиғат тану ғылымдары біраз дамыды.
Бұл кезде Коперник жердің күнді айналатындығын тауып,осы кездегі
астрономия негізін салды.Ньютон механиканың негізгі ережелері мен бүкіл
әлемдік тартылыс заңның ітапты.Везалий деген анатом адам денесі құрлысының
көптеген ерекшеліктерін дұрыс суреттеді.Француз Декарт аспан әлеміндегі
денелердің қозғалысын және жануарлардың мінез-құлқын механиканың заңдарымен
түсіндіруге тырысты.1628 жылы ағылшын Вильям Гарвей деген дәрігер ағзаның
функцияларының бірі – қан айналуды ашты.Сөйтіп,Павловтың айтуы бойынша ,ол
адамның нақты білімінің жаңа бөліміне - жануарлар физиологиясына негіз
фундамент салды.
Гарвейдің қан айналуды ашуын физиологияның негізделген датасы деп
айтудың екі себебі бар:Ол ғылыми – зерттеу тәжірибесінде ең 1-рет
вивисекция –тірідей кесу әдістемесін енгізді.Бұл әдіс бойынша дененің
белгілі бір орындарын кесіп,тканьдарды ашып,орган қызметін тікелей
бақылауға мүмкіндік алады.
ХYII-ХYIII ғасырдың бас кезінде физиологиялық фактылардың жиналуы өте
жай жүреді.
ХYII –ғасырдың 1-жартысында Декарт көзге бір нәрсе тигенде кірпік қағу
сияқты фактыларды негізге ала отырып рефлекс туралы гипотеза шығарды.Оның
ойынша,рефлекс дегеніміз мида жануарлар рухының бір нервтен екінші нервке
механикалық өтуі болып табылады.Жануарлар рухы өте кішкентай және жеңіл
қозғалғыш бөлшектер.Нәрсенің жылтыраған бетінен жарық сәулесі қалай
шағылысатын болса,мидан бұл жеңіл бқлшектер солай шағылысады.
Бұл идеяны кейін Чех анатомы және физиологі И.Прохаска дамытты.Бұл
қозғалыстар жұлынды бұзған кезде тоқтаған.Бірақ,бұл бақылаулар
кейін,орталыққа тебетін және орталықтан тебетін нервтер ашылған соң ғана
рефлекс туралы ілімнің негізіне алынды.
М.В.Ломоносов 1711-1765.ХYIII-ғасырдың 40-жылдарында зат пен
қозғалудың сақталу заңын тапты,мтерия құрлысының кинетикалық теориясын
негіздеді:жылуды молекулалардың қозғалуының нәтижесі деп білді.Ол 1748
–жылы металдар тотыққан кезде ауадан белгілі бір зат қосатындығын, ауаның
бірнеше газдар қоспасы екенін тапты.30 жылдан кейін таза оттегі бөлініп
алынды және Лавуазье тыныс алу дегеннің өзі денедегі органикалық заттардың
оттегімен тотығуы екендігін айтты.Лавуазье мен Лаплас органикалық заттар
денеде тотыққан кезде бөлінетін жылуды өлшеу арқылы,тотығу процесі көмірлі
қосылыстар ағзада тотыққанда да я болмаса оларды сыртта жаққанда да бірдей
шамалы жылу беретіндіген тапты.Сөйтіп,өлі табиғат пен тірі табиғатта жүріп
жатқан процестердің арасында байланыстың барлығы табылды.
ХYIII –ғасырда тканьдардың тітірекенгіштіігі туралы ілім де
туды.Қусқанада терісі сыпырылып алынған малдардың жүрегін бөліп алғанда,ол
біразға дейін жұмыс істейтіндігі,белгілі нервті қысса я кессе,сол нервпен
жалғасқан еттің жиырылатындығы табылған.
1822 –жылы француз физиологі Ф.Мажанди 1785-1855 сезгіш және қозғағыш
нервтердің бір-бірінен бөлек талшықтар екендігін дәлелдеді.
ХIХ -ғасырдың 20-жылдарында Флуранс үлкен ми сыңарларынан жарты
шараларынан айырылған кептердің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделе
алмайтындығын байқаған.Ал Легаллуа 1812 үлкен жарты шарларды алып
тастап,сопақша м мен жұлының кеуде бөлімін қалдырса,тыныс алу
қозғалыстарының тоқталмайтындығын анықтады.Бұл тәжірибе әртүрлі
функциялардың орталықтары туралы ілімнің негізіне алынды. 30- жылдары ХIХ-
ғ. .Мюллер мен Маршалл Голл Сеченов пен Павловқа дейін рефлекторлық
теорияны жасады.
Физиология ғылымы тек ХIХ ғасырдың 2-жартысынан бастап қана тез дами
бастады.Табиғат тану ғылымындағы үлкен ұлы жаңалық:энергияның сақталу
заңы,клеткалық теория және Дарвиннің эволюциялық ілімі – сол кездегі
биология пәндерінің тез дамуының негізі болды.
Клюд Бернардың,Гельмогольцтің,Дюбуа –Реймонның,Людвигтің т.б. ашқан
жаңалықтары физиологияны жаңа факторлармен байытты.Бұл кездерде орыс
оқымыстыларының да физиологияға қосқсан үлестері көп
болды.А.М.Филомафитский 1807-1849 қан құю мен наркоз қолдануды зерттей
бастады.В.А.Басов 1-рет фистула қою операциясын жасады.А.И.Бабухин нерв
талшығының қозуды екі бағытта өткізетіндігін тапты.И.Ф.Цион мен Людвиг қан
қысымының бір қалыптылығын сақтауда маңызы күшті депрессорлық нервті
ашты.Ф.В.Осянников сопақша миды сосуд тамыр қозғайтын орталықтың
барлығын тапты.Н.И.Миславский тыныс алу орталығының ерекшеліктерін
ашты,В.Я.Данилевский ең 1-рет орталық нерв жүйесінде электр
тербелістерінің барлығын тапты.
Ресейде физиологияның дамуы,орыс физиологияның атасы – И.М.Сеченовтың
ең бірінші жұмыстары қатты мас болу мен оған байланысты қанның газын
зертеуге арналады.Ол газды анализдауға арналған абсорбциометр деп аталатын
приборды жасады. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары көмірқышқылын тасуда
гемоглобиннің алатын рөлін анықтады.И.М.Сеченов сонымен қатар,нерв қозуының
химиялық жолмен берілу мүмкіндігі туралы болжау айтушылардың бірі
болды.1884-жылы Физиологиялық нерв очерктер деп аталатын кітабында ол
еттер мен нервтерде ерекше түрақсыз қосылыстар пайда болады.Олар еттің
жиырылуын және нерв арқылы қозудың берілуін қамтамасыз етеді.-деп жазды.
Ол орталық нерв жүйесіндегі электр тербелістерін зерттеп,сопақша мидағы
мұндай тербелістердің периодты екендігін ашты.Сеченнов,сонымен
қатар,орталық нерв жүйесіндегі суммация құбылысын ашты.
Оның жаңалықтарының ішіндегі ең маңыздысы – орталық нерв жүйесіндегі тежелу
құбылысын табуы.Бақада жүргізілген тәжірибелерінде,ол,егер мидың алдыңғы
бөлімдері алынып тасталғаннан кейін ,көру төмпешіктерін химиялық жолмен
тітіркендірсе,бүгілу рефлексінің уақытының ұзаратындығын
байқаған.Сөйтіп,егер Сеченовке дейін ғалымдар орталық нерв жүйесінде тек
қозу процесін ғана байқаған болса,енді нерв жүйесі туралы ілім өзінің
негізіне қозу және тежелу туралы теорияны алатын болды.
Сеченов өзінің орталық нерв жүйесінің қызметі туралы ілім
көзқарастарын 1863-жылы басылған Ми рефлекстері деп аталатын кітабында
жазды.Сеченов өзінің ғылыми жаңалықтарымен қатар үлкен физиологиялық мектеп
ашты.Оның оқушыларының ішінен
Н.Е.Введенскийдің,В.Ф.Веригонның,И. Л.Кравковтің,А.Ф.Самойловтың,.Н.Шат ернико
втың т.б аттарын атауға болады.
Н.Е.Введенский телефон түтігі арқылы нерв бағаны мен етте әрекет тогын
тыңдаған.Ол қозу және тежелу процестің екі стадиясы деп қарап,олардың
бірлігін тапты.Введенскийдің оқушысы А.А.Ухтомский орталық нерв жүйесінде
белгілі жағдайларда туатын доминанта ошағы билеушісі қозу ошағы туралы
ілімді жасады.
Физиологияның дамуында аса көрнекті роль атқарған орыстың ұлы ғалымы
-И.П.Павловқа 1904 жылы Халықаралық Нобель сыйлығы берілді.
Бүкіл ағзадағы әрбір әрбір құбылыс оның сыртқы ортамен қатынасына
байланысты.Жоғары сатылы жануарларда оның сыртқы ортамен барлық қатынастары
және ағзадағы барлық функциялардың бір-бірімен байланысы олардың нерв
жүйесінң қызметінесәйкес жүріп отырады.Осыған байланысты эволюциялық даму
барысында нерв жүйесінің алдыңғы бөлімі күрделеніп,жоғарыда айтып отырған
байланыстарды орындауда атқаратын рөлі күшкйе түседі.Жоғары сатылы
омыртқалы жануарларда бұл рөлді ми қыртысы атқарады.Олай болса,тұтасағзаның
қызметін толық білу үшін,ондағы болатын әрбір физиологиялық процесті нерв
жүйесімен байланысты қарау керек.Сондықтан да Павлов өзінің зерттеулерінде
белгілі бір құбылыстың әруақытта нрв механизмін анықтауға баса көңіл
бөліп отырды.Яғни Павлов физиологияда нервизм бағытын тудырды.1883-жылы
нервизм туралы былай деп жазды.нервизм дегеніміз-нерв жүйесінің әсерінен
ағзаның барынша көп көп қызметіне таратуға ұмтылатын физиологиялық бағыт.
Сеченов қалыптастырған,ағза қызметіне сыртқы ортаның ететін билеуші әсері
туралы идеяны дамыта отырып,Павлов рефлекс туралы ілімді жаңа сатыға
көтерді.Ол рефлекс арқылы жоғары нерв жүйесінің барлық жақтарын зерттеуге
болатындығын дәлелдеді.Тәжірибе жасау арқылы ми қыртысының қатысуында
орындалатын шартты рефлекстердің ерекшеліктерін көрсетті.Шартты рефлекстер
ағзаның өмір сүру барысында пайда болады.Бұлардың көбеюі ағзаның сыртқы
ортамен қатынасының күрделенгендігін және оның әртүрлі жаңа туған орта
әсерлеріне тез бейімделе алатындығын көрсетеді.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында физиология ғылымының дамуына ат салысқан
көрнекті ғалымдар қатарында,кезінде СССР Ғылым Академиясының
физиология институтын И.П.Павловтан кейін басқарған акдемиктер
К.М.Быковты,В.Н.Черниговскийді,сонд ай-ақ акдемиктер
Л.А.Орбелиді,И.С.Бериташвилиді атауға болады.
Л.А.Орбели - эволюциялық физиологияның негізін қалаушыларының
бірі.Ол симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық – трофикалық қызметі
туралы теорияны жасады.
П.К.Анохин – ағзаның барлық мақсаты іс әректтерінің механизмін
түсіндіруге арналған функционалдық жүйе теориясын жасады.К.М.Быков - ми
қыртысы мен ішкі органдар арасындағы екі жақта байланыс приципіне
негізделген кортико – висцеральдық теорияны ұсынды.Ц.Н.Черниговский –
ағзадағы барлық тканьдар мен органдарда механо және хеморецепторлар
болатындығын дәлелдеді.И.С.Бериташвили мидағы қозу иррадиациясының
қатарласа қабаттаса жүретіндігі туралы заңды,тежелудің дендридриттің
теориясын,ми қыртысындағы тура және кері байланыстар түзелетіндігі туралы
теорияны жасады.Ол бейнелер образдар бағыттап отыратын іс –әректтер
психонервтік әрекеттер туралы теорияны ұсынды.В.В.Парин - жүрек –қан
тамыры жүйесін реттеуді зертеді Парин рефлексі; ол космостық
физиологияның негізін қалаушылардың бірі.Қазақстанда физиология ғылымы
А.П.Полосухин атымен тығыз байланысты.Ол Қазақстын Ғылым академиясының
физиология институтының алғашқы директоры болды.Н.О.Базанова ауыл
шаруашылық малдарының ас қорыту ерекшеліктерін зерттеді.Лактация физиология
–сының Қазақстандық ұйымдастырушысы Х.Д.Дүйсенбин болды.
Биологиялық ғылымдардың негізгі бір тармағы ретінде физиология
көптеген ғылыми пәндермен байланысады.Мәселен,тканьдар мен органдардың
құрлысын зерттейтін анатомия және гистология;сондай –ақ физика және
химия.Себебі,физиологияның негізгі мақсаты ағзада жүретін процестерді жан
–жақты зерттеу болса, осы физиологиялық функциялардың негізінде жататын
физикалық және химиялық заңдылықтарды білудің маңызы зор.Бірақ та
физиологиялық процестерді физика мен химияның заңдарына теңестіруге
болмайды.Олар эволюция процесінде пайда болған биологиялық заңдарға
бағынады.
Ағзадағы химиялық процестерді зерттейтін физиологияның бір бөлімі –
биохимия деп аталатын жаңа ғылым тарауына айналды.
Ғылыми пән ретінде физиологияның өзі өмірге практика мен медицинаның
қажеттілігінен туғандықтан,оның өмірге практика мен медицинаның
қажеттілігінен туғандықтан, оның клиникамен қандай байланысының барлығы
айтпаса да белгілі.Клиникада байқалатын кейбір аурулар бір органның
қызметінің тоқтауы я бұзылуы т.б жеке органдардың ағзада физиологиялық
рөлін анықтауға көмекткседі.Тәрбиені мақсатты және жүйелі жүргізу үшін
педагогтар мен психологтар адамдағы функциялар ерекшеліктері мен
заңдылықтарын білуі керек.
Физиологияның дамуы барысында одан өз алдына пән болып бірнеше
тармақтар бөлініп шықты.Бұл тұрғыда,әдетте,жалпы және бөлімдер
физиологиясын,салыстырмалы және эволюциялық физиологияны және адам
физиологиясын ажыратып атайды.
Жалпы физиология – әр түрге жататын ағзада ортақ алатын процестердің
табиғатын,сондай – ақ организм мен оның құрылымдарының сыртқы орта
әсерлеріне туатын реакциялардың заңдылықтарын зерттейді.Осыған орай
биологиялық мембраналардың ,клеткалардыңтканьдардің жалпы
қасиеттері,қозғыштық,жиырылғыштық,т ітіркендіргіштік,тежелу,энергиялық және
метаболикалық процестер зерттеледі.
Бөлімдер физиологиясы - тканьдер ет, нерв т.б ,органдар
ми,жүрек,бүйрек,т.бжүйелер ас қорыту,қан айналу, тыныс алу,т.б
функцияларын зерттейді.
Салыстырмалы физиология – жануарлар дүниесінің әртүрліілдеріндегі
белгілі бір функциялар ұқсастықтары мен олардың айырмашылықтарын анықтау
арқылы табылған өзгерістердің немесе жаңа пайда болған белгілердің
себептері мен жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Эволюциялық физиология-адам мен жануарлар онтогенездік мен филогенезде
пайда болатын,дамитын және қалыптасатын физиологиялық функциялардың жалпы
биологиялық заңды-лықтары мен механизмдері зерттеп білуді міндтет,мақсат
етеді.
Арнайықолданбалы физиология –ағзадағы функциялар өзгеру заңдылықтарын
оның спецификалық әрекетіне,практикалық мақсаттарға немесе нақты өмір сүру
жағдайларына байланысты зерттейді.Практикалық тұрғыдан ауыл-шаруашылық
малдары физиологиясының айтарлықтай маңызы бар.Арнайы физиология
проблемаларына кейде авиациялық, космостық,суасты физиологиясын т.б
жатқызады.
Адам физиологиясының міндеттері тұрғысынан алғанда мыналарды ажыратады:
1.Авиациялық физиология - авиациялық ұшулардың адам ағзасына ететін
әсерлерін зерттеу арқылы ұшқыштарлы түрлі зиянды факторлардан қорғаудың
әдістері мен тәсілдерін табуға көмектеседі.
2.Әскери физиология - оқу – әскери ,әскери жағдайларда функциялар
реттелу заңдылықтарын зерттейді.
3.Жас физиологисы - органдар ,жүйелер және ағза функцияларының ұрықтанудан
бастап өлгенге дейінгі аралықтағы онтогенезде қалыптасу және
жетілу,әлсіздену ерекшеліктерін зерттейді.
4.Космостық ғарыштық физиология,ғарышқа ұшу кезінде әсер ететін
факторларға салмақсыздық, гиподинамия,т.б байланысты ағзада байқалатын
өзгерістерді зерттеп,зиянды әсерлерден қорғанудың әдістері мен тәсілдерін
табуға көмектеседі.
5.Клиникалық физиология - ағзада патологиялық процестер пайда
болып,дамудың барысында физиологиялық функцияларда байқалатын өзгерістер
сипаты мен ерекшеліктерін зерттейді.
6.Психофизиология – қабылдау ,есте сақтау,ойлау, көңіл - күй өзгерістері
эмоция т.б психикалық процестер барысында байқалатын өзгерістерін
объективті түрде тіркеп,зертейді.
7.Спорт физиологиясы – түрлі жаттығулар мен жарыстар кезінде ағзада
функциялар өзгерістерінің заңдалықтарын зерттейді.
8.Еңбек физиологиясы – адамның еңбек етуі кезіндегі физиологиялық
функциялық өзгерістерін,олардың реттелу ерекшеліктерін зерттеу арқылы
жоғары жұмыс қабілетін мейілінше ұзақ сақтауға мүміндік беретін әдістер
мен тәсілдерді табуға көмектеседі.
9.Экологиялық физиология - түрлі климаттық –географиялық
жағдайларға,нақты өмір сүру ортасына байланысты адамның тіршілік
әрекеттеріндегі ерекшеліктерді зерттейді.
I ТАРАУ
Ішкі секреция бездері
Адам мен жануарларда зат алмасудың нәтижесінде нерв жұйесінің әсерімен
біраз жоғары физиологиялық активті белсенді химиялық қосылыстар
түзіледі.Бұл заттар ағзаның өсуіне және дамуына қатысады да, оның
органдарының атқаратын қызметі қалыпты жүруіне себін тигізеді.Физиологиялық
активті заттарды өзінен бөлетін арнайы бездер немесе органдар тарихи
дамудың нәтижесінде жетіледі.Алғашқы кезде,пайда болған активаторлар бір
–біріне жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне тараалып отырған .Бұл
қозуды өткізудің тарихи жағынан филогенетикалық алғанда ең ерте формасы
болып табылады.Даму барысында белгілі бір органға әсер ететін активаторлар
сол органның қасында емес,көп қашықтықта пайда болады да,қан немесе лимфа
жүйесі арқылы тиісті органға жеткізіледі.Мұндай активаторларға ішкі
секреция бездерінде жасалатын түрліше заттар жатады.Бұлар -арнайы
химиялық қоздырғыштар .Олардың пайда болған орнына,таралу жолына
,химиялық құрлысына және әрекет ету сипатына қарамастан ,бір ғана жалпы
биологиялық заңдылықпен бірігеді,олар ағзаның дамуына қатысады және оның
негізгі органдарының қызметін реттейді.Ішкі секреция туралы ілім –
эндокринология - физиологияның тамаша жетістіктерінің бірі.Ішкі секреция
деп бездің секреттің тікелей ішкі ортаға -қанға ,лимфаға,жұлын
сұйықтығына түсуін айтады.Сондықтан ішкі секреция туралы ілім -
эндокриндік органдар деп атайды.Бұларға қарама –қарсы сыртқы секреция
бездері болады.Мысалы:сілекей,тер,қарын,т.б . бездері;олар секреттерін
белгілі бір қуысқа арнайы өзектер арқылы бөліп шығарады.Ал ішкі секреция
бездерінде мұндай өзектер болмайды.Бұл бездердің құрылысы әр түрлі ,бірақ
олардың барлығында қабырғасы өте жұқа қан тамырлар жүйесі жиі
орналасады.Сыртқы секреция бездерінің секреттерінен өзгеше,ішкі секреция
бездерінің өнімдерін гормондар гармао- қозғаймын,қоздырамын деген сөз
Егер ішкі секреция ұғымын кең пайдалансақ ,кез – келген орган белгілі бір
затты қанға бөле алады.Ағылшын физиологтары Бейлисс және Старлинг
ХХғасырда секретінді тауып,осындай заттардың бәрін гормондар деп атауды
ұсынды.Ең басты ішкі секреция бездерінде - гипофиз,ұйқы бнзі,жемсау төс
асты,айыршықбезі және эпифиз т.б. жатады.Ұйқы безі мен жыныс бездері әрі
ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарды.Гормондар арқылы
түрлі органдар бір – бірімен байланысады.Олар өте аз мөлшерде әсер етеді де
энергияның әсерінен бұзылмайды және ұлпа түзуге пластикалық материал
ретінде қатыспайды.Айтқанымызды мынадай мәліметтермен қоянның қанындағы
глюкозаны азайта алады.бір гр.адреналин 100 млн.көлбақа жүрегінің соғуын
жаөсартады;1 гр.фолликулин 10 млн.піштірілген тышқынның күйлеу күйін тудыры
алады.Ағзада тек гормондар ғана жасайтын органдардан бездерден басқа
,белгілі бір органдардың арнайы эндокриндік ұлпалырды инкреоторлық
клеткалардың шоғыры осы қызметті атқарса,ондағы клеткалардың келесі тобы
эндокриндік емес қызмет атқарады.Мәселен,жоғарыда аталған ұйқы безіндегі
Лангерганс аралшықтары инсулин гормонын жасайды,ал басқа маманданған
клеткалар тобы панкреаттық без ас қорыту сөлін жасап шығарады.Келесі бір
органдарда кейбір клеткалар өзінің негізгі қызметімен қатар эндокриндік
қызмет те атқара алады мысалы, жүрекшенің миокардиоциттері жиырлығыштық
қасиетпен бірге ерекше атриопептид – натриуретикалық гормон да жасайды.
Гормондық реттеу кез-келген басқа реттеу жүйелері сияқты,арнайы
эвенолардан құралады.Мәселен,онда басқарушы аппарат,ақпаратты тура және
кері жеткізетін каналдар,ақпаратты беретін сигналдар,атқарушы органдар
немесе басқарылатын объектілер болады.Міне осы эвеноларды біріктіріп
гормондық реттеу жүйесінің құрылымдық – функционалдық ұйымдасуы деп қарау
керек.Енді осы жүйенің жеке эвеноларына қысқаша тұсінік берейік.Келтірілген
схемадан көрініп тұрғандай, эндокриндік бездер қызметі екі жолмен
басқаралды.Бірі – орталық нерв жүйесінің құрылымдары арқылы бірден іске
асады.Мұнда нерв импульстері гормон жасайтын синтездейтін және бөлетін
эндокриндік құрылымдарға тікелей беріледі.Бұл жолды
нервтік,цереброгландулярлық ми–без немесе парагипофиздік гипофизден
тыс деп атайды.Барлық дерлік эндокриндік клеткалар қызметіне бұл механизм
ортақ.Екіншісі – гуморальдық.Мұнда орталық нерв жүйесінің реттеушілік әсері
түрлі эндокриндік клеткаларға гипофиз арқылы беріледі.Осыдан оны
церебропитуитарлық ми – гипофиз немесе гипофизарлық деп те атайды.
Бұл жолмен гипофизде жасалатын троптық деп аталатын арнайы гормондар
әрекетінен қызметін өзгертетін эндокиндік бездер қалқанша без ,бүйрек
үсті безінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz