Адам құқы – ең жоғары құндылық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтың негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . .
І тарау . . .
1. 1 Жеке құқықтар мен бостандықтар . . .
1. 2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы. .
1. 3. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен
бостандықтар . . .
1. 4 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтық
конституциялық міндеттер . . .
ІІ тарау . . .
2. 1. Адам құқы - ең жоғары құндылық . . .
2. 2. Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері . . .
2. 3 Қазақстан Республикасы азаматтарының
конституциялық құқықтың негіздері . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.
Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы) . Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.
Қоғам мен мемлекеттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конституцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:
- құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
- құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
- құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
- заң мен сот алдындағы теңдік принципі;
- адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
- адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
- адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
- адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілу принципі;
- саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
- заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі.
Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады.
Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан шығуға тиіс дегенді білдіреді. Конституцияның аталған бабы бірінші рет қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекет принциптерін, сондай-ақ тұлғаның мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы енгізеді.
Бұл жерде Конституция адам және азаматтың құқықтық мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетінін айта кету қажет. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру шектеу шеңберлеріне ие, олар төмендегідей болып келеді:
1) ол басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға тиіс;
2) ол конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмеуге тиіс;
3) ол қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
1. 1. Жеке құқықтар мен бостандықтар
Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамайақ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар-ожданымен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты құқықтар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Өмір сүру құқығы әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және езінің құқықтары мен бастандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деген конституциялық нормалармен бекітіле түскен (13-6. ) .
Салауатты өмір сүру құқығына әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқығы бар деген сияқты конституциялық нормалармен кепілдік беріледі (13-6. 2, 3-тт. ) .
Адамның жеке басының бостандығы (16-6. ) және еркін жүріп-тұру құқықтары (21-6. ) конституциялық түрде бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға немесе қамауға және қамауға алуға жол беріледі. Бұл жағдайда тұтқындалған адамның сотқа шағымдануға, тұтқындалған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалануға құқығы бар.
Конституциялық құқықтарға бекітілген және бір жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады. Әрбір адамның Республикадан тыс жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы конституциялық құқық болып табылады (17-6. ) . Адамдық қадір-қасиеттерге құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі.
Құқықтық мемлекетте ештеңе де адамның қадір-қасиетін түсіру үшін негіз бола алмайды. Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп атап көрсетілген. Адамның қадір-қасиетіне құрметпен қарау әрбір лауазымды тұлға мен мемлекеттік қызметшінің құқықтық міндеті болып табылатындығын әркез есте ұстау керек. Жеке құқықтар мен бостандықтар саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына конституциялық құқығы барлығын жатқызуға болады (18-6. 1-т. ) . Осы конституциялық құқыққа сәйкес тұлғаның келісімінсіз оның жеке өміріне қатысты ақпараттар жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға тыйым салынады. Ар-ожданды, қадір-қасиетті және жақсы атты қорғаудың, моральдық зиянның орнын толтыруды қоса есептегенде, соттық тәртібі заңдылықты бекітілген1.
Жеке құқықтар санатына сондай-ақ әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы барлығы жатады. Бұл құқықтарды сақтаудың кепілдіктері адам және азаматтардың жеке өміріне негізсіз қол сұғуға қатысты заңдылықтармен қарастырылған жауапкершіліктің түрлі формалары болып табылады. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің және телеграф хабарларының құпиялылығын жария ету Қазақстан Республикасының заңымен қудаланады. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бүқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды конституциялық принциптерінің бірі заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдейлігі болып тасылады. Ол тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген басқа жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы жайындағы конституциялық құқықтан айқын көрінеді (14-6. ) .
Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығына конституциялық түрде кепілдік беріледі (22-6. ) . Бұл құқық ар-ожданның діни немесе басқа нанымдарын еркін таңдауға және қабылдауға, сондай-ақ оларды діни әдет-ғұрыптарды атқару жолымен еркін білдіруді қамтиды. Дегенмен ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамзаттық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Жеке құқықтарға әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылылығы (19-6. ) да жатады.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі - жеке адамның құқығы мен бостандықтары.
Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеде-ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафашылары (философтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи кұқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құкықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары койды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнін нәтижесінде пайда болады.
Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.
Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, И. Кант. Д. Джефферсон, Т. Пейн және т. б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Олардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді (ол 1776 жылдың 4 шілдесінде бекітілді) . Декларацияның негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі - халық, үкімет - халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар; өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т. с с. жатады. Бұл қағидалар одан әрі АҚШ-тын Конституциясы мен құқықтар туралы Биллінде дамытылды. (Билль деп ағылшын парламентінде немесе Американың конгресінде қаралуға ұсынылған заң жобасын айтады. ) Мысалы, Билльде жоғарыда айтылған баптармен қатар қандай адам болмасын шынайы, ашық, әділ сотқа құқығы бар деп көрсетілген. Ол жеке адамның еркіндігіне өкімет тарапынан қандай болмасын озбырлық байқалатын болса, одан қорғай алады. Құқык, туралы Билльде үкімет өз жұмысын халық алдында ашық жүргізуі керектігі талап етілген. Жұрт үкіметтің не істеп жатқанын әрдайым біліп тұруы керек және оны дер кезінде сынға алып тұруға тиіс.
АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясындда бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды2.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Еуропадағы демократияның әлсіздігін байқатты. Сондықтан алдыңғы катарлы күштер адам құқықтарын әлемдік деңгейде қорғау үшін өзара келісіп, ынтымақтасып іс-қимыл жасау керектігін түсінеді. 1942 жылы 1 каңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін бұл мәселеге ерекше зор мән берілді. Оған себеп болғандар: 1) соғыс кезінде гитлерлік Германия мен Еуропаның басқа елдерінде адам құқықтарының сақталмауы ондаған миллион әр түрлі халықтардың өкілдерінің өмірлерін алып кетті; 2) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде демократиялық және жұмысшы қозғалыстарының өріс алып, қысым көрсетуі және соның нәтижесінде қабылданған демократиялық реформалар; 3) бұрынғы отар елдерде ұлт-азаттық көтерілістің күшеюі және олардың біразының тәуелсіздік алуы. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. Бұл Декларация және басқа адам құқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі заңдық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтаулары тиіс.
Халықаралық ұйымдар одан кейін де бірқатар маңызды құжаттар қабылдады. Мысалы, оларға 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы Конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы Конвенция, Бала құқықтары туралы Конвенция, Әйелдер жағдайы туралы Конвенция және т. б. жатады. Бұл құқықтарды сақтамаған мемлекетгерге ықпал жасау шаралары да қарастырылған. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтоқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.
Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.
Табиги-тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқыктарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанынан тән. Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттіліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.
Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың кұқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша, құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.
Марксизмде адам кұқығын мемлекетгік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірак зандық-позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмайды деп уағыздайды. Соған орай ол жеке адамның кұқығына жөнінді мән де берген жоқ. Бұдан марксизм жеке адамның еркі мен құкығы жөнінде ештеме демеді деуге болмайды. Олар туралы бұрынғы Кеңес Одағының заңдарында бірталай баптар болды. Себебі, дүние жүзінің халықтарының алдында өзін-өзі әшкерелегісі келмеді, демократиялык мемлекет болып көрінгісі келді. Адамдарға берілген он бостандық пен құқықты партия мен үкіметтің өз азаматтарына жасап отырған игілігі ретінде көрсетті. Бірақ тоталитарлық тәртіп кезінде оның бәрі сөз жүзінде ғана қалып отырды. Шын мәнінде, өмірінің барлық салалары, әсіресе бостандықты сүйіп, ол туралы ойын ашық айтуға тырысқан (Сахаров сияқты) азаматтардың жеке өмірі, тыныс-тіршілігі қатаң тоталитарлык бақылаулың астында болды, жеке адамның құқығы мемлекетке түгелдей тәуелді еді.
Казіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, "адам құқығы" деген ұғымнын өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген кұқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құкығы (тәнге зәбір келтіруге болмайды) ; адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т. с. с.
Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны - барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (колданушы) етіп бөлу. Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы-қаражатына, елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар, негізінен абсолюттік, позитивтік құқыктарды басшылыққа алатын құқықтар болып есептеледі. Мұны, әсіресе, АҚШ-тың конституциялық құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады. Мысалы, оның бірінші бабында (түзетуінде) былай делінген: "Конгресс белгілі бір дінді белгілемеу немесе оған ерікті түрде кіруге рұқсат етпеу, сөз және баспасөз бостандығына немесе халықтың бейбіт түрде жиналып үкіметке қиянат етушілікті тоқтату жөнінде коллективтік арнаулы өтінішпен баруына тыйым салу туралы заң қабылдамауға тиіс". Бұдан біз мемлекеттің "не істемеу керек" екендігін білеміз.
Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтармен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді. Мысалы, бұған әлеуметгік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылык және т. б. жатады. Негативтік құқықпен салыстырғанда позитивтік құқықты қамтамасыз етіп, іске асыру киын. Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешкандай іс-әрекеттің керегі жоқ. Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны. Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т. б. құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқаруына тура келеді. Ондай мемлекетте жеткілікті жағдай, қаражаты, мүмкіншіліктері болуы керек.
Сонымен негативтік құқықта біз мемлекеттің "не істемеу керектігі" жөнінде білсек, позитивтік құқықта оның "не істеу керектігіне" көзіміз жетеді. Негативтік құқықты жақтаушылар позитивтік құқыққа адамдардың арасындағы "табиғи" қарым-қатынастарды бұрмалау деп қарайды.
Адамдардың құқықтары мен бостандыктары әртүрлі болады. Орындаалу, іске асырылу ортасына қарай олар азаматтық (жеке, дербес), саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқыктар мен бостандықтар болып бөлінеді.
Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен араластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, негативтік құқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар-намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір-қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің кұпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне, тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т. б. құқықтар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz