Оқушылардың бойында адамгершілік тәрбие негіздерін қалыптастыру


Мазмұны
1. Кіріспе:
1. 1. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамгершілік мәселелері.
1. 2. Адамгершілік - адамның рухани арқауы.
ΙΙ. Негізгі бөлім:
2. 1. Оқушылардың бойында адамгершілік тәрбие негіздерін қалыптастыру.
2. 2. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
ΙΙΙ. Қорытынды.
КIРIСПЕ
Ќазiргi кезде бiлiм беру iсiнде, жеке т±лѓаны жан-жаќты жетiлдiрiп, танымдыќ iс-єрекетi мен ой-санасын дамытып, ќалыптастыру барысында бiлiм берудiњ ±лттыќ, педагогикалыќ, психологиялыќ негiзiн айќындау керек.
Елiмiзде болып жатќан єлеуметтiк, экономикалыќ, экологиялыќ, саяси, мєдени µзгерiстерге байланысты оқу-тәрбие үрдiсiн ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмiр талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрi, оның адамзаттық бiлiм берудегi мәдениеттi мен диалектикалы бiлiмi осы оқу-тәрбие үрдiсiне тiкелей байланысты.
Қазақ халқы - елiн, жерiн, оның табиғи, мәдени байлығын, өнерi мен тiлiн, тарихын, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрыпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершiлiк тағылымдарын ұрпағына мұра етiп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдiсiнде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, ұлттық психологиялық ерекшiлiктер ескерiле отырылып, жасалуы керек.
Ата-бабаларымыз ұлан байтақ елiн, байлыққа толы жерiн ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн ел қамын ойлаған батырларын, халқының бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн ел қамын жеген бiлiмпаз шешендерi мен билерiн мақтан еткен. Шежiреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткiр тiлiмiздi дәстүрiмiздi сақтау, оны зерттеп, бiлу - азаматтық парыз. Әр ұлттың өзiне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшелiктiң болғаны. Сондықтан барлық халықтың маќсаты өзiнiң ұрпағына тәрбие беруде күнделiктi айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсiбiн ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани-адамгершiлiк тәрбиесiмен ұштастырса бiлген.
Адамгершiлiк тәрбиесi - белгiлi бiр мақсатқа негiзделген көзқарасты, сенiмдi, парасатты, мiнез-құлық дағдылары мен әдеттердi қалыптастырудағы және адамгершiлiк сезiмдi, қарым-қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтар-ды тиiмдi пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенiң құрамдас бiр бөлiгi. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң бүкiл жүйесi гуманистiк мазмұнға толы, имандылық негiзде жеке адамның жан-жақты дамып жетiлуiне бағытталған.
Адамгершiлiк тәрбие мәселесi негiзiнен ұлттық психологиялық ерекшелiктерге сүйене отырып, тәрбие берудiң әдiстемелiк жолдарын қарастырады.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдiсiнде адамның бойында рухани мәдениеттi қалыптастыру.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшелiктерiн зерттеп, дамыту.
- Салт-дәстүр негiзiнде, ұлттық психологиялық ерекшелiктердi ескере отырып, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшелiктердi ескере отырып, дүниедегi бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам - тарихи үрдiстiң субъектiсi. Ол барлық әлеуметтiк қозғалыстар мен қимыл - әрекеттердiң негiзi, өлшемi және мақсаты, жер шарындағы небiр ғаламат табыстардың қайнар көзi, ақыл-ой туындылардың құдiреттi иесi. Адам дегенiмiз - еңбек әрекетiмен шұѓылдана алатын, байланыс жасай алатын тұлѓа. Адамның төрт түрлi өлшемi бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемге байланысты адамның бойындағы кiсiлiк, тұлғалық қасиеттерi үш дәрежеге бөлiнедi: - әр адамның өзiне тән психологиялық ерекшелiктерi болады, өмiр сүру ортасына байланысты адамдар бiр-бiрiне ұқсамайды.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлiм-тәрбиесi, ұлт қаћар-мандарыныњ өмiрi мен ерлiк iстерiнiң тарихы, даналық сөздерi - адамгершiлiк тәрбие беруде үлкен рөл атќарады. Батыр бабаларымыз ќазаќ елiнiњ басын ќосып, ұлттық жауынгерлiк-ерлiк мектебiнiң негiзiн салған. Сондықтан бабалардың ерлiгi - адамгершiлiкке толы, асқақ рухты күнi бүгiнге дейiн ел аузында, халық тәрбие iсiнде үлгi етедi.
“Өнегелi сөз - асыл қазына”- деп Мәлiбаев айтқандай, халық қазынасының бiрi - мақал-мәтелдер. Мақал дегенiмiз - сөздi тұжырымдап, нақты айтылар ойды ажарлап бiлдiредi. Сондықтан халық “Мақал сөз сәнiн келтiредi” деген. Мақал арап сөзi “орынды сөз” деген мағынаны бiлдiредi. Ал, мәтел дегенiмiз - тұжырымы тиянақталмаған, қорытындысы болмайтын ықшамдалған, кестелi сөз. Ол ғасырлар шежiресi. Мақал-мәтел - ойдың дәлдiлiгiмен, тереңдiлiгiмен, ықшамдылығымен ерекшеленедi. Ұлттық ерекшелiгiмiзге байланысты мақал-мәтелдерге, шешендiк сөздерге баймыз. Қазақ халқы сөздi қадiр тұтқан, қастерленген, өнеге ретiнде өлеңмен өрнектеп, тәрбиелiк мәнi бар сөздердi тәрбие құралы ретiнде пайдаланЈан. Мақал-мәтелдер адамды адамгершiлiкке тәрбиелейдi. “Жақсы туса - елдiң ырысы, жаңбыр жауса - жердiң ырысы” деген мақал жасы адамныiң көпшiл, халқының қамын ойлайтын абзал азамат екенiн дәлелдейдi.
Адамгершiлiк - адамның рухани арқауы. Моральдық жағынан кiршiксiз таза болу дегенiмiз адамгершiлiктiң асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамның қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Қарым-қатынас дегеніміз - саналы адамдардың бірлескен әрекетіндегі, бір-бірінен байланыс жасайтын психологиялық форма және байланыс барысында санамен өздік сананың қалыптасуы. Қарым-қатынас үш жақты болады: коммуника-тивті, интерактивті, перцептивті. Коммуникативтік - адамдардың бір-бірімен пікір, хабарлама-жарнама, информация алмасуы. Интерактивтік - адамдардың бірлескен іс-әрекеттеріндегі бір-біріне әсер етуі. Перцивтік - қарым-қатынаста адамдардың бір-бірін қабылдауы.
ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІК ПЕН ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
I. Жасөспірім бойында адамгершілік тәрбие негіздерін қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы
Тәрбие өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық, эстетикалық, құқықтық, экологиялық, экономикалық, дене тәрбиесі, т. с. с. Осы барлық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі болып табылады. Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу өте маңызды болып табылады. Себебі, жеке тұлға болып қалыптасу ең алдымен адамгершілік қасиеттерін дамытудан басталады. Онымен тәрбиенің барлық салалары сабақтасып жатады. Сондықтан да адамгершілікке тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы, әрі басты мақсаты.
Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі деп әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады.
В. Соловьев айтқандай: “Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай алатын заты емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы”.
Адам өзінің өмір жолы барысында шынайы түрде тағдырдың қаншама өзектерін бастан кешсе де, тек басқа адамды түсінуді үйренгеннен кейін ғана ол адамгершіліктің негізінде қарым-қатынас құрай алатын болады, өзгенің қиыншылығын өзінің уайым-қайғысы ретінде қабылдайды, өзгенің қуанышына өзінің игілігі сияқты бөленеді. Өйткені, екіге бөлінген қайғы - бұл жарты уайым, ал екіге бөлінген қуаныш - ол екі қуаныш. Яғни осының бәрі тәрбиеге, тек қана тәрбиеге байланысты.
Қарым-қатынас, қызметтестік, әріптестік арқылы жанашарлықтан бір ойлаушылыққа әкеледі, осының нәтижесінде өзін-өзі дамыту пайда болады, рухани және адамгершілік құндылықтары артып, әр оқушыны, мұғалімді адам етеді.
Қытайлардың бір мақалында былай делінген: “Мен естігенімді ұмытамын, көргенімді еске сақтаймын, ал істегенімді - түсінемін”. Сондықтан да бұл жерде менің айтарым, адам еңбек етуден көп нәрсені түсінеді, ал жақсы істерді орындаудан рухани, адамгершілігі жағынан есейеді, шатыққа толысады.
Бәрімізге белгілі болғандай, жасөспірімдік шақ жастық кезеңдерінің ішінен ең дағдарысты, күйзелісті кезең болып саналады. Өйткені, осы кезде қалыптасып келе жатқан бала, ең алдымен психикалық және физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Өзіндік сана (оның ішінде өзін-өзі бағалау, өзін басқалармен салыстыру) қалыптаса бастайды. Бала үлкен күйзеліске тап болады. Осыдан оның айналасындағылармен қарым-қатынасы нашарлай бастайды. Көп жағдайда ересек пен жасөспірім арасында түсініспеушілік пайда болады.
Егер осы жасөспірімдік шақта балаға педагогикалық ықпал жасап, бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастырса, ортақ тіл таба білуге үйретсе, жалпы айтқанда, жан-жақты тәрбие үлгілері көрсетілсе, бала жасөспірімдік шақтан оңай өтеді. Дұрыс дүниетаным, көзқарас қалыптасатын болады. Бала тұйықталмай, ересектер мен басқаларға агрессиясын, өзінің теріс мінезділігін танытпайтын болады. Сондықтан да жасөспірімдерге ересектер, мұғалімдер, ата-аналары жағынан үлкен назар аударылуы тиіс. Болашақта жеке тұлға болып қалыптасу нышандары жасөспірімдік шақтан басталады.
Біздің сүріп отырған заманымызда тәрбие, мәдениет, адамгершілік ұғымдары өзінің маңызын жоғалтып бара жатқан сияқты. Бүгіңгі таңда жасөспірімдік қылмыс көбейіп барады. Мектепке, оқуға деген қатынас немқұрайлы, жасөспірімдер білім алуға, сабаққа қатысуға талпынбайды. Қарапайым алғанда, жай кітаптың өзін көбісі оқымайды, әдеби кітаптар жөнінде сөз келтіру тіпті орынсыз. Ал, адамгершілік тәрбиесінің маңызды негізі осы кітаптарда, әдебиеттерде, мәдениетте, тарихта, мектептегі сабақ пен мектеп өмірінде жатыр. Осы жөнінде бірнеше мысалдар да келтіріп кетуге болады: қарапайым көше жүрісін алсақ, қазір үлкенді сыйлап, жол беру, алдын кесіп өтпеу, үлкеннің алдында әдеп сақтау, дөрекі сөйлемеу, орын беру, т. б. сол сияқты, жалпы біздің халқымызға тән тамаша қасиеттер жоғалып баруда. Осы өкінішті-ақ. Осы сияқты мысалдарды күнделікті өмірден байқап, бақылауға және көп келтіруге болады.
Меніңше, егер жасөспірімдерге арнап, мектептерде тәрбие сағаттары, әдеби кештер көп өткізілсе, имандылық, арнайы адамгершілік сабақтары кіргізілсе, адамгершілік туралы дәрістер оқылса, озат тәжірибелі адамдар, алдыңғы қатарлы оқушылар үлгі етіп көрсетілген болса, онда осы жұмыстарды бір жүйеге келтіріп, біршама жетістіктерге, табыстарға жетуге болады.
Жасөспірімдерді тәрбиелеу - біздің өміріміздің маңызды бөлшегі. Дұрыс тәрбие беру - бұл біздің бақытты қарттығымыз, ал теріс тәрбие - бұл болашақ қайғымыз, біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл еліміздің алдында үлкен кінәміз, ұятымыз.
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әр түрлі болып қалыптасады. Мұның себебі, біріншіден, әрбір адамның туа біткен жеке ерекше қасиетіне - ақылына, жігеріне, қабілетпен байланысты болса, екіншіден, сыртқы ортаның әсеріне - тәрбиеге, біліміне, қажеттілікке байланысты. Былайша айтқанда, әр заман, әр уақыт, әр қоғам өзіне қажетті адамдарды тәрбиелеп, өсіріп отырады.
Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз жасөспірімдерді адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады.
Біздің тәрбиеміздің бүкіл жүйесі терең адамияттық мазмұнға толы, ол жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Адамды сүю, құрметтеу, тәрбиелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса, оған шын пейіл білдірсе, егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол басқа біреуді қуанышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе - ол Адам болады деген сөз.
Адамгершілік - бұл рухани азық. Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, мұғалімдерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жасөспірімдердің бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы да осы бағытта жүзеге асады.
“Мен үш қасиетімді мақтан тұтам, - депті Ақан сері. - Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым Һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айрылған күні адам бос кеуде, өлгенмен тең деген екен”. Шындығында да бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан - дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне - өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты.
Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауда, ақымақтың күші - өтірікте, ұрының күші - үндемеуде демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның үш қасиетін жасөспірім бойына дарыта білсек, ұлы жеңіс.
Тәрбиеленген адам - тамаша адам. Тамаша адамдарды тәрбиелеу ата-ана мен ұстаз еншісінде. Дегенмен, қазіргі кезде тіршіліктің күйбеңімен аласұрып сенделген жұртшылықтың ойында бала тәрбиесі емес, ақша тауып, оны асырау мәселесі көбірек орын алған. Бала тәрбиесі ата-ана үшін көп жағдайда екінші орынға қалған сияқты.
Тәрбие дұрыс берілуі үшін үйден ата-ананың айтқаны мен мектептегі ұстаздың айтқаны үндесіп жатуы тиіс.
Жасөспірімдерді жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы мінез, жақсы әдеттерді қолдай отырып, оған қарама - қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Адамгершілік - адамдықтың белгісі. Адалдық пен арамдық, парасаттылық пен кесапаттық, жақсылық пен жамандық қай кезде болмасын кездесіп жататын жәйттер. Адамгершілік ар - иман тазалығы адам баласының басты қасиеті болуы керек.
Қазіргі Қазақстан жас мемлекет ретінде өтпелі кезеңді басынан өткізуде. Сол себепті, болашағымыздың тағдыры бүгіңгі іс - әрекеттерімізге байланысты. Егер де біз қазірден ұлттық санасы жетілген, саяси сауатты, ар-намысы таза азамат тәрбиелеп шығарсақ, олар Отанына адал еңбек етіп, табиғатын қорғап, әлеуметтік белсенділік көрсетсе, еліміздің тәуелсіздігі де соғұрлым мықты болмақ.
Біз жасөспірімдердің бойында әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, ол адамдардың ілтипатынан оп - оңай айырылып қалуы мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді.
Адамгершілік - рухани тәрбиені жасөспірімдерде қалыптастырудың негізі - жасөспірімдерді ұлттық салт - дәстүрде тәрбиелеу, қазақ халқының ұлттық тәлім - тәрбиесінің басты бағыттарын жасөспірімдердің бойына дарыту.
Жасөспірімдерді имандылық қасиетке үйретіп, рухани мәдениетке баулу, сол арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
II. Гуманистік көзқарасты қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер адам санасындағы күрделі жаңғыру процесімен астаса жүріп жатыр, мұның өзі іргелі және әмбебап білімді саралап, оның өрісін кеңейте түсуді және бұл істі білім беру жүйесі арқылы жүзеге асыруды талап етеді. Қоғамымызда бүгінгі таңда білім берудің өндірісті қамтудан мәденишығармашылық мұратқа ойысуы жолындағы келелі міндеті туралы дәстүрлі түсінік қайта қаралуда, өйткені ол жеке тұлғаның дамуындағы сыңаржақтылық пен толымсыздықты еңсеруге жәрдемдеседі, әр кісінің азаматтық тұғырын табуына жетелейді, сол арқылы оның ішкі әлеуметін ашуына деген мүмкіндігін кеңейтеді.
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырды.
ХХІ ғасырда өркенниетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ мамандарымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленген, білімді азаматтар деңгейінде даярланғаны қажет.
Қазақстан Республикасында қабылданған (1994) білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпыадамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген .
Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесінің жай-күйіне жасалған талдау оның әлемдік деңгейге де, сондай-ақ көкейкесті практикалық қажеттілікке де сай еместігін дәлелдеп отыр. Біздегі бұрынғы білім беру жүйесіне шектен тыс идеологиялық тәуелділік пен кәсіптік бағдар тән еді. Қоғамдық пәндер саласында көбінесе адам табиғатын, оның өмірлік мүдделері мен қажеттіліктерін, шынайы мәдени құндылықтарын тиісінше ескере бермейтін ғылыми білім үлгілеріне бағыт ұстанылған еді. Білім беруді бір ізге салу, жаттанды қағидалар мен қалыптардан таймау, әлемдік өркениеттен оқшаулану рухани өмірдің жұтаңдауына әкеліп соқты. Халықтың мәдени-тарихи мұрасының тұтас қаттаулары жадымыздан қағыс қалдырылды.
Жоғары оқу орындарында оқу жоспарларынан гуманитарлық пәндердің жекеленген курстары негізсіз қысқарылып, алынып тасталынды, оларды оқыту көлемінің қысқартылуына жол берілді, сол себепті қазіргі кезде жалпы мәдени білімнің тапшылығы барынша сезіліп отыр. Көптеген білімгерлердің әлемнің және отанымыздың мәдениетінің негіздерін білмеуі, қоғамдық институттардың құрылымы мен қызметі туралы қарапайым түсініктерінің жоқтығы, адамдардың өзара қарым-қатынас жасасудағы этикалық және психологиялық тұрлаулы дағдарысының әлсіздігі немесе болмауы, дүниені түйсіну жөніндегі жалпы ғылыми көзқарасының қалыптаспауы, өмірге және ондағы өз орнына деген тоғышарлық көзқарастың меңдеп кетуі - жастардың гуманистік көзқарастарының дұрыс қалыптасуына, олардың даярлығына жеткілікті көңіл бөлмеу салдары.
Қазақстанда жоғары мектепті гуманитарландыру мәселесі қоғам дамуының алғы шарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге қатысты шешілетіндіктен, кез келген жоғары оқу орнын бітіруші игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығының мазмұнын анықтау қажет. Қазақстанда білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында болашақ маманның гуманистік көзқарасын қалыптастыратын білім, біліктілік және дағдылардың мазмұнын анықтау төмендегіше берілгені
-дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын, дүниені түсіндіру қабілетін іске асыратын, өмірдің құндылықтары туралы бағдар беретін философиялық білімдер;
-нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктер негізінде қалыптасатын этикалық біліктіліктер;
-әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізгі кезеңдеріне түсінік беру;
-әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдау жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; тарих субъектілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құралы туралы кең ауқымды түсінік; қоғамдағы институттардың құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; әлеуметтік-технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт-бағдар ұстай білу.
Аталған мазмұн жүзеге асырылу үшін елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласын реформалау саясатында мынадай қағидалар тұжырымдалған:
1. Білім берудің гуманитарлық сипатын бағамдау, яғни барлық оқу пәндерінің гуманитарлық әлеуетін айқындап, оларды оқыту әдістемелерін тиісінше өзгерту;
2. Қазақстан халықтарының өзіндік этномәдени болмыс-бітімін танып білу, оны дәріс алушы ортаның этникалық мұқтажына сәйкес реформалау, -яғни ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың өзара кірігуін қамтамасыз ету;
3. Әрбір адамның қоғамда имандылық пен зиялылық ахуалының орнығуына жағдай жасау;
4. Өркениетті нарыққа ену гуманитарлық білім беруді нарықтық пайымы биік кадрларды тыңғылықты даярлауды талап ету, яғни гуманистік көзқарасы жоғары маман дайындау арқылы адамгершілік қасиеттің тозғындауына, мәдениет пен білімге деген нигилистік көзқарасқа қарсы тұра алатын азамат тәрбиелеу керек.
Жеке адамның гуманистік көзқарастарын қалыптастырудың түрлі кезеңдеріне сай мәні, мақсаты, жүзеге асыру құралдары болады. Сондықтанда гуманистік көзқарасты қалыптастырудың алғы шарты - талаптар мен стандарттарды әзірлеу болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz