Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Кіріспе. . 2-6 б.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдаланудың ғылыми- теориялық негізі
- Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің орны мен зерттелу жағдайы. . 7-15 б.
- Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына ықпалы. . 16-27б.
- Отбасында балаларды халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеу28-39 б.
ІІ тарау. Халықтық педагогиканы пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің жүйесі
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде тәрбиелеуде олардың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктерін есепке алу 40-49 б.
- Бастауыш сынып оқушыларын халықтық дәстүр негізінде адамгершілікке тәрбиелеуде «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасы, оның мазмұны50-62 б.
- Бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогика негізінде адамгершілікке тәрбиелеудегі эксперименттік- тәжірибелік жұмыстар 63- 68 б.
Қорытынды 69- 70 б.
Қосымшалар . . 71-77 б.
Әдебиеттер 78-80 б.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік өреге ие бола бастаған алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір елбасына үйрету, санасын ояту тәрбиеші-мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.
Қазақстан Республикасның Конституциясында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін адам құқығы мен бостандығын танитындығын демократиялық қоғаммен құқылы мемлекет құруға бекем бел байлағандығын азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық тәрбиелік істі демократияландыру, гуманитарландыру әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық сондай-ақ, экономикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән қызметі бар. Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжрибесі көп жылдар бойы біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпыадамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты.
Халықтық педагогика-көп арналы, қыр сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жасұрнақты қазақтың рухани материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет- ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерің бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Халықтық педагогика-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол-тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәрбиесі.
Халықтық педагогика туралы ежелгі ойшылардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегендер (біз бұл жерде профессор С. Қ. Қалиевтың көп жылдық жұмысының нәтижесі ретінде жазылған диссертациялық еңбегін басшылыққа аламыз. / « Қазақтардың халықтық педагогикасындағы тәрбилеу мен оқытудың ғылыми- педагогикалық негіздері»/. Бұл ғылыми еңбекте автор Қазақстанда халықтық педагогиканың өріс алуы мен қанат жаюын бірнеше кезеңдерге бөледі:
І кезең: ұлттық тәрбие, халықтық салт- дәстүрлер туралы алғашқы ойлар мен көзқарастар демократ- ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғалым- этнографтар: Э. С. Вульфсон, П. С. Памас, А. Вамбери, А. Левшин, Н. Л. Зеланд, А. Янушкевич, В. В. Радлов, Г. Потанин еңбектерінде көрсетіледі.
ІІ кезең: ХХ ғасырдың 20-30жж. осы мәселемен арнайы айналысқан А. Диваев, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов.
ІІІ кезең: 40-50 жыл үзілістен кейін 1970-1990 жылдары қазақ халқының салт- дәстүріне деген дұрыс көзқарас қалыптасып, бірнеше еңбектер жарық көрді. Осы еңбектердің авторлары: И. Оршыбекова, С. Қалиев, К. Сейталиева, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаева, М. Құрсабаев. Еліміздің егемендік алуымен байланысты ұлы ағартушыларымыздың ( Ш. Уәлиханов. Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов т. б) салып кеткен сара жолы, олардың еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттеліп бірнеше диссертациялық, докторлық жұмыстар қорғалды. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген көршілес мемлекет ғалымдары: Г. Н. Волков, Е. Н. Ханбиков, А. Э. Измайлов, Н. С. Сафаров, Раджабов т. б. Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Сейсенбаев, Х. Арғынбаев, Н. Сарсенбаев, С. Ұзақбаев, К. Ж. Қожахметова, А. Мұханбаев т. б. Бұл зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртүрлі мазмұн-мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.
Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Осы жерде атақты ғалым Герольд Белгердің: «Өзінің шыққан ұлтының терең тамырын, өз халқының тарихын, салт- дәстүрін, тілін, әдет- ғұрпын білмеу сол адамның ұлттық сезімінің өше бастауын көрсететін құбылыс. Ұлттық мәдениет тарихына қалай болса солай салқын қараушылық орны толмас өкінішке, қайғы қасіретке ұшыратады» деген ой- топтамасы біздің көкейкесті мәселемізбен үндесіп жатқандай Соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдамалар, бағдарламалар және Заңдар қабылданды. (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы 2003-2005 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы)
Бірақ тәжірибе жүзінде олардың толғымен іске аспай жатқаны анық. Мемлекетіміздің қазіргі жағдайындағы тәрбие жұмысында ғылыми- теориялық негізінің аздығы мен практикалық мұқтаждықтың арасындағы қайшылық айқын байқалады.
Осы қайшылықтың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану» деп алуға мүмкіндік болды.
Зерттеудің мақсаты: халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін теориялық практикалық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: халықтық педагогика негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу процесі тиімді болуы мүмкін, егер де, халықтық педагогиканы озық идеялы негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тұтас жүйесі құрылыса.
- педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі ұлтың өзіндік ой-санасы халықтың жағдайын есепке алса және ұлттық тәрбие негізінде адамгершілік іс-әрекетке халықтық педагогикаға үйретпесе бастауыш сыныптарда ұлттық дәстүрлерді сабақатарда, сабақтантыс жұмыстарда пайдалану қарастырылса.
Зерттеу пәні : оқу - тәрбие процесінде халықтық педагогиканың озық салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Халықтық педагогиканың озық дәстүрлері және адамгершілік тәрбиесі туралы философия тарихы, педагогикалық, психологиялық еңбектерге талдау жасау.
2. Халықтық педагогиканың тарихи әлеуметтік мәдени дамуындағы адамгершілік тәрбиенің алатын орны және қазіргі кезеңдегі проблемаларымен айқындау және олардың тәрбиелік мәнімен мүмкіндіктерін көрсету.
3. Қазіргі мектеп жағдайында халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін тірек ету арқылы, төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде педагогиканың тиімді мазмұнынын, әдіс-тәсілдерін жасау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: - жалпы дамудың адамгершілік пен ұлттық құндылықтардың диалектикасының бірлікте болуы туралы философиялық қағидалары, таным мен тәрбие теориясы және іс-әрекет пен адамның жеке тұлға туралы заңдылықтары.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, мектеп құжаттарымен ( ресми материалдар, жоспарлар т. б) танысу, мектептің жұмыс нәтижелерін салыстыру, сұрақ, жауап, әңгімелесу, отбасы дәстүрлерін зерттеу, педагогикалық бақылау, эксперимент, математикалық- статистикалық өңдеу.
Негізгі идея: халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизация бағыты жалпы адамзаттың ұлтаралық және ұлттық бірлікке тірек ету.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы саласында басылым көрген тарихшылардың, әлеуметтанушылардың, әдебиетшілердің, ақын- жазушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, Білім, тәрбие беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдарламалар) ; мектеп пен арнаулы орта және жоғары оқу орындарының озат тәжірибелері.
Зерттеу кезеңдері: І кезеңде (2004 жылдың екінші жартысы ) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әлеуметттік, оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды.
ІІ кезеңде (2005 жылдың бірінші жартысы) деректі материалдар жинау жалғастырылды. Проблеманың зерттелу деңгейі анықталды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мақсатында мұғалімдермен бірлескен жұмыстың әдістемесі жасалынды. Оның мазмұны мен әдіс тәсілдері педагогикалық тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерілді. Эксперимент нәтижелері сұрыпталып өңделді. Қорытынды нәтижелер кестеге түсіріліп, нақтылы тұжырымдар мен нұсқаулар жасалды.
Тірек оқу орындары: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Ұялы орта мектебі, Көкшетау қалалық №6 орта мектебі.
Зерттеудің жаңалығы: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдаланудың теориялық негіздері анықталды; бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасқан ең құнды қасиеттерге арналған «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасы жасалып, мектеп тәжірибесінде тұтас педагогикалық тұрғысынан қолданылады.
Жұмыстың теориялық маңызы: халықтық педагогиканың адамгершілік тәрбиесіндегі ізігілік идеясы ғылыми теориялық тұрғыдан негізделеді. Халықтық педагогиканың озық дәстүрлері, бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің барлығы қарастырылады; оның принциптері белгіленеді, адамгершілік тәрбие мүмкіндіктері анықталады.
Практикалық маңызы: бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптасқан ең құнды қасиеттерге арналған «Адамгершілік тағылымы» деп аталатын бағдарламаның жобасы жасалып мектеп тәжірибесіне ұсынылды. Бұл бағдарламаны мұғалімдердің білімдерін жетілдіру курстарында және бастауыш сынып мұғалімдері өз іс - тәжірибесінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын жағдайлар :
- қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану арқылы «Адамгершілік тағылымы» бағдарламасының жобасына сипаттама;
- бағдарламаның негізінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері;
- тұтас педагогикалық процеске бастауыш сынып оқушыларын халықтық педагогиканың озық дәстүрлері негізінде адамгершілікке тәрбиелеудің жалпы әдіс-тәсілдеріне сипаттама.
Зерттеу жұмысының сынақтан өтуі: Зерттеу жұмысының мазмұны Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік педагогика» кафедрасы және білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Педагогика және психология» кафедрасының отырысында талқыланды.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдаланудың ғылыми- теориялық негізі.
- Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің орны және оның зерттелу жағдайы
Халықтық педагогика -көп арналы, қыр сыры мол, күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жасұрпақты қазақтың рухани материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет- ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерің бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс.
Халықтық педагогика-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол-тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Халықтық педагогиканың теориялық негізін зерттеуші ғалым Христова Е. Л. «халық педагогикасын», «халықтың таптық педагогикалық санасы», ал «дәстүрлі педагогиканы»- «белгілі ұлттық педагогикалық санасы» ретінде қарастырады.
Е. Л. Христованың байқауы бойынша әр тарихи кезеңдердегі халықтың педагогикалық ойларын, оның педагогикалық білімдерімен, тәжірибесімен теңестіруге болмайды, себебі халықтың педагогикалық ойы қоғамдық сананың басқа түрлерінде де өзін көрсетеді (ғылым, дін, әдебиет, мораль т. б. ) . Орыс халқының ұлы педагогы К. Д. Ушинский халық педагогикасының тәрбиелік күшін өте жоғары бағалаған. Халықтың салттарын, дәстүрлерін жақсы біле тұра: «ата- бабаларымыздың даналығы- ұрпақтар үшін-айна» деген қорытындыға келген. Г. К. Волковтың берген анықтамасы бойынша: «Халық педагогикасы- халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында, ырымдарында, бала ойындарымен, ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық, мағұлматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.
Бұлар, әдетте ауызша таралады. Халық педагогикасы- халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсатының міндеттерінің, мазмұнының әдіс- құралдарының жиынтығы мен өзара байланысы». Біздің ойымызша, бұл анықтама мәні өте терең және жан- жақты. Соңғы жылдары арнайы арнайы халықтық педагогиканы зерттеген Г. Н. Волков, Е. Н. Ханбиков, А. Э. Измайлов, Н. С. Сафаров, Раджабов т. б.
Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарында алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұоғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, әдіснамалық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті Қазақстандық ғалымдар: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Сейсенбаев, Х. Арғынбаев, Н. Сәрсенбаев, С. Ұзақбаева, А. Мұханбаева. К. Ж. Кожахметова. Р. К. Төлеубекова, Ж. Қ. Мұқытова т. б. Бұл зерттеулерде «халық педагогикасы» ұғымын әртүрлі рөлін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Халықтық педагогиканың мұрасының бірі-дәстүр.
Дәстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық - тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Халық дәстүрінің танымдылық - тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани - адамгершілігінің қуат - қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан - дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет - сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезендер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде, тәлім - тәрбие ісінде кең таратылғандығында. Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген, сыртқы күш қанша ықпалды болсада халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту, ұрпақ тәрбиесінде басты рөлге айналдыру, қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема. Сондай-ақ шығыс философтары мен ұлы ойшылдар өзінің пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәләлдеген.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарының мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы халықтар қойнауынан орын алатындығын көреміз.
Тәрбие туралы ой-пікірлер ҮІ ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж. Баласұғын, М. Қашқари, А. Жүгнеки, т. б) Алтын Орда дәуір оқымыстылары (С. Сарин, Қ. Жалайыр, т. б), ХІҮ- ХҮ ғасырда өмір сүрген ақын жыраулар (Асан-Қайғы, Шалкиіз, Бұқар, Махамбет, Әсет т. б), Әл-Фарабидің «Математикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Эстетекилақ трактаттары»және т. б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бағытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компененттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бұл пікір біздің дәуірімізге дейін өз маңызын жоймай жеткен.
Жалпы, Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін, жоғары маңызын, халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлады. Оның «бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген қағидасы да тап бүгін өте құнды.
Бұл ойшылдар өздерінің шығармаларында адамның адамгершілік сапаларын жан-жақты талдап түсіндіреді. ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ Жүсіп-Баласұғын өзінің «Құтты білік» атты еңбегінде: «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса білікті болады»- деп тәрбиедегі ақыл-ойға мән береді. Адамгершілік, имандылық, ғылымдық тұрғыдан қарағанда үйренетін жайлар аз емес.
Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/ тарихтағы зиялылар арасында өзінің ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленеді. Ыбырай қазақ сахарасындағы ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан ұлы ғалым-педагог.
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» деген алғашқы еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады және болашақ ұрпақтың ақыл-ойының, адамгершілік қасиетінің тәрбиеленуінің негізі болып есептеледі.
Дала ұрпақтарын оқу өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Алтынсарин аса бағалы қор - қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Ол халық творчествосынан өз кітабы үшін ертегілерді, мақал-мәтеледердің тәрбиелік мақсатқа сай келетінін ғана таңдап алып шебер қолданды.
Мысалы, Алтынсариннің хрестоматиясына енгізген ірі шығармаларында («Қара батыр», «Байұлы», «Жәнібек батыр» т. б. ) төменгі сынып оқушыларының түсінігіне сай дәстүрлі әдеттерді сипатттайды. Балалар арасындағы сүйкімді, сүйкімсіз мінез-құлықты, жолдастық қарым-қатынасты әңгімелейді.
Біздер Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда олардың әр қайсысына белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет сапалар жан-жақты қамтылғаны айрықша көзге түсті. Ол мақалдар мыналар: «Әке мен бал» (еріншектік сазайы), «Асыл шөп» (сабырлылық), «Ана мен қыз» (мейірімділік, әдептілік) , «Түлкі мен ешкі» (өтірік), «Екі жолдас» (жаман дос), «Баланың айласы» т. б.
Сонымен қатар Ы. Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігінен көреміз.
- Бала, бала, бала-деп,
Түнде шошып оянған/
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Исін жұпар аңқытқан
Кім сендерді балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң балалар, жаман болсаң,
Қамқор ананың көз жасын көлдететін.
Алтынсариннің бұл өлеңдерінен ата-ананың баланы сүйіп, еркелететіндігін, баланың ата-ана жөніндегі міндеттерін және ата-ана баланың табиғи тәрбиешісі екенін, қазақ халқының балажандылық дәстүрі, ерекше мейірімділігі бар екені байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz