Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р :

Кiрiспе.

Ι тарау. Сыртқы белгiлерi бойынша адам тұлғасын криминалистикалық қарастырудың жалпы сипаттамасы .

  1. Сыртқы белгiлерi бойынша адам тұлғасын суреттеу принциптерi, элементтерi және белгiлерi .
  2. Жалпы физикалық элементтерінің және белгiлерiнің сипаттамасы.

ΙΙ тарау. Адамның сыртқы бейнесiн суреттеу әдiстемесi оның тәжiрибелiк аспектiсi және даму тарихы .

2. 1. »Ауызша суреттеу» әдiстемесiнің даму тарихы.

2. 2. Адамның сыртқы бейнесiн суреттеу әдiстемесi

оның тәжiрибелiк аспектiсi.

ΙΙΙ тарау. Криминалистикалық портреттiк зерттеудің

және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану.

3. 1. Криминалистикалық портреттiк зерттеудің негiзi.

3. 2. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану.

3. 3. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау әдiсi және туралы.

IV тарау. Сыртқы белгiлерi бойынша тұлғаны жедел iздестiру, қарастыру .

4. 1. Тұлғаны қарастыру мақсатында криминалистика және жедел-iздестiру қызметiнің өзара қатынасы.

4. 2. Тұлғаны жедел-iздестiру қарастыруының негiзгi тактикалық әдiстерi.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Қосымша

Кiрiспе.

Бейнесi жайындағы криминалистикалық оқу (гобитоскопия1) - бұл қылмысты ашу мен алдын алу мақсатында әр түрлі көрiнiстегi адамның сыртқы бейнесiн түсіретін зерттеу мен қолдану, жинау техника- криминалистикалық әдiс- тәсiлдерiн қарастыратын және заңдылықтарын оқытатын криминалистикалық техника саласы. 2

Адамның сырт бейне ұғымы криминалистикалық габитоскопияда түйіндi болып табылады. Әдетте бейне көз-бен көрiнген адам туралы ақпарат жиынтығы, сырт бейне ретiнде анықталады. Ондай ақпараттар қылмысты ашу мен тергеудегi мәселенi шешу үшін қолданылады:

  • оқиға болған, бiрақ ашылмаған жерден қашып кеткен белгiсiз тұлғаларды, олардың сырт бейнесiнен хабарлар болған жағдайда iздестiру;
  • тiргеуден немесе соттан тығылып жүрген немесе жазалау орындарынан қашқан белгiлi тұлғаларды iздестiру;
  • жоғалып кеткендердi iздестiру, тiрi тұлғалар мен өлген адамдарды идентификациялау.

Адамның сырт бейнесi әр түрлі көрiнiсте түсіндiрiледi: материалды-суреттер мен фотосуреттерде т. б. (рефлекстi) және жоғарғы дәрежелi басқа адамдардың санасы (көрнекi) қылмысты ашу практикасында оларды қосудағы, жинақтаудағы, зерттеудегi және қолданудағы сырт бейне туралы ақпаратты пайдалану мүмкіндiгiмен қамтамасыздандырылады.

Адамның сырт белгiлерi бойынша қарастыру (гобитоскопия) бiздің уақытымызға дейiн ауызша жүйесiнің суреттеу жүйесiнің негiзiн салушы француз криминалистi А. Бертилюннан басталды. Ары қарай адамның сырт бейнесi жайындағы криминалистикалық оқуды (гобитоскопияны) дамыту теориясы мен т„жiрибесiне өз еңбектерiн ресейлiк криминалистер: А. Гусев, Ю. П. Дубягин, А. М. Зинин, Е. И. Зинин, А. М. Зуев, И. Ф. Пантелеев, А. Ю. Пересункин, А. А. Снетков, П. П. Цветков, Т. Р. Шаова, Р. С. Белкин, Я. Л. Пархомовский, С. М. Потапов, З. Р. Самошина, П. С. Семеновский, Н. В. Терезиев сондай-ақ қазақстандықтар А. Я. Гинзбург, Г. И. Поверезнюк, Б. А. Солаев енгiздi.

Бiрақта криминалистикалық габитоскопияның теориялық және әдістемелiк мәселелерi толықтай таусылмаған. Қазіргi уақытта Қазақстанда сыртқы келбеттің белгiлерi бойынша компьютерлiк жүйенi қолданылумен криминалистика диагностикасының жоғарғы сапалы жүйесiнің негiзi қаланып жатыр.

Сондықтан адамның сырт белгiлерi бойынша жасырынған қылмыскердi, хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды iздестiру және тұлғаны анықтау мәселелерi актуалды болып қала бередi.

Адамда сыртқы белгiлерi бойынша қарастыруда (габитаскопия) сырт белгiлердi суретеу кезiнде принциптерi қолданылады. Адамның сыртқы белгiлерi бойынша адам идентификациясы арнайы терминологияны қолданумен және нақты жүйе бойынша сыртқы белгiлерiн суреттеу арқылы тұлғаны айыруға немесе анықтауға болады.

Сондай-ақ сыртқы белгiлерi бойынша адамды қарастыру басқа адамнан өзгеше әр адамда өзiне ғана тән жеке жиынтық белгiлер бар.

Габитоскопияда «Ауызша суреттеу» әдiсi қолданылады. Бұл белгi бiр әдiс бойынша арнаулы стандартталған терминдердің көмегiмен адамның сыртқы кейiпiн ғылыми негiзделген сипаттау жүйесi. «Ауызша суреттеу» әдiстемесi iздестiру, идентификациялық және тергеу мақсатында қолданылады. Сондай-ақ «Ауызша суреттеу» қарастырмалы портреттердi «фоторобот» және «изоробот» әдiсiн өндiру және қолдану кезiнде қолдану кезiнде қолданады.

Криминалистiк зерттеу де габитоскопияда елеулi рөл ойнайды. Өйткенi криманалистiк зерттеу де габитоскопияда елеулi рөл ойнайды. Өйткенi криминалистiк портреттiк зерттеу келесi сұрақтарды шешедi.

  • Екi немесi көп фотосуреттерде бiр тұлға ма немесе әртүрлі тұлғалар бейнеленген бе?
  • фотопортреттiк суретте бұрын байқалған адам бейнеленген емес пе?
  • өлген адамның бас сүйегi көрсетiлген тұлғаға (мысалы, хабар-ошарсыз кеткенге жатпай ма?) .

Осы адамның сыртқы белгiлерi бойынша салыстыру кезiнде анықталады. Криминалистикалық гобитоскопия негiзiнде анатомия антропология, биология сондай-ақ психология пәндерi кiредi. Яғни осы пәндер адамды сырт бейнесi бойынша қарастыру кезiнде куәдан, жәбiрленушiден адамның сырт бейнесi туралы көрсетулерiн бекiткен кезде және т. б. жағдайларда қолданылады.

1 тарау. Сыртқы белгiлерi бойынша адам тұлғасын криминалистикалық қарастырудың жалпы сипаттамасы.

1. 1. Адамның сыртқы белгiлерi бойынша қылмыскердi тану және тiркеу ежелден берi қолданып келедi. Осы белгiлер әртүрлі көп қырлы және кей кездерде өздерiнің атауы болады3.

Оларды криминалистикалық мақсатта қолдану үшін адамның сырт бейнесiнің жiктелуi және бiркелкi криминалистикалық терминалогиясы керек болған. XXІ-ғасырдың 80 жылдары француз криминалистi А. Бертольтпен «Ауызша суреттеу» деп аталған адам сыртқы белгiлерiн суреттеудің арнайы әдiстемесi құрылған едi. Ақырғы кезде осы белгiлер фотопортреттiк идентификациялық сараптамада сәттi қолдана бастады. «Ауызша суретте» iздестiру жұмысында кең қолданады. Адамның сыртқы белгiлерi бойынша адам идентификациясы арнайы терминологияны қолданылуымен және нақты жүйе бойынша сыртқы белгiлерiн суреттеу арқылы тұлғаны айыруға немесе (бекiтуге) анықтауға болады. Сыртқы белгiлер бойынша адамды қарастыру, басқа адамнан өзгеше әр адам өзiне ғана тән жеке жиынтық белгiлерi бар. өзгешелiк дененің сыртқы бөлшектерiнің ерекшелiктерi және нышанының, өлшемнің қайталанбауында, олар белгiлер жиынтығымен: өлшемi, орналасу, конфигурациясында және с. с. көруге болады. Мысалы: маңдай сияқты беттің мынандай элементi келесi белгiлермен: өлшемi, орналасуы (фигурациясы) ерекшеленедi. өзiне тән белгiлерi бар элементтердің жиынтығы белгiлi бiр шектеулер болса да шексiз болады. Осының барлығы сыртқы бейнесi бойынша әр адамды айыру мүмкіндiгiмен қамтамасыз ететiн қайталанбайтын белгiлер жиынтығынан құрылады. Бөлек белгiлердің идентификациялық маңызы әртүрлі адамдарда олардың жиi кездесуiне байланысты. Белгiлi бiр белгiнің кездесуi керек болса, онда оның иднтификациялық маңызы үлкен болады.

Адамның сыртқы белгiлерiнің жекелiгiнен басқа, тұрақтылық сай. Ол өмiрдің ағынына сәйкес кейбiр белгiлердің өсуiне және патологиялық өзгеруiне байланысты. Осы өзгерулер маңызды болуы мүмкін. Бiрақ та белгiленген уақыт аралығында адамның сырт бейнесiнің белгiлер жиынтығы жеке қайталанады тұрақты белгiге сүйектi - кемiршектi құрылымы жатады. Мысалы: бас формасы, қырын пiшiн сызығы.

Сыртқы белгiлердің өзгеруi жарақаттан немесе аурудан болуы мүмкін. Бiрақта олар тергеу тәжiрибесiнде сирек кездеседi. Қылмыскердi анықтау және iздеуде адамның бет қабатының өзгеруiн ескеру керек.

Сыртқы белгiлерi бойынша адам тұлғасын криминалистикалық қарастырудың жалпы сипаттамасы.

Адамның сырт белгiлерiнің басқа ерекшелiгiне рефлекторлық та жатады. Яғни, осы сырт белгiлерiнің қасиетi (адам санасында) әртүрлі көрiнiстердің адам -есiнде қалуы.

Обьективтiк көрiнiске: фотосурет, кинолента, бейнежазу, ретгенттiк түсірулер, сүйек қалдықтары, өлiм алдындағы маскалар мен тапсырмалар жатады. Субьективтiк көрiнiс адам есiнде ойдан алынған бейнелер негiзiнде құрылады. Ол адам белгiлерiн «Ауызша суреттеу» субьективтiк портреттерiн, бас сүйегi бойынша беттің пластикалық және графикалық қайта жаңғыртуын суреттеу.

Криминалистикалық тәжiрибеде адамның сыртқы белгiлерi туралы деректердi бекiтудi суреттеу арқылы жасау керек. Ол суреттеу реттгелген және реттелмеген болуы мүмкін куәлар көрген адамның сыртқы белгiлерi туралы өзiнің өмiрлiк тәжiрибесiне, бiлiмiне және с. с. тәуелсiздiгiне қарай сөздердi қолданады.

Адамның сырт белгiлерi реттелген, жүйеленген суреттеу криминалистикада «Ауызша суреттеу» деп аталады. Осындай суреттеу бiрыңғай белгiлердi және осы суреттеудi әртүрлі адамдармен бiрдей қабылдауға мүмкіндiк бередi. Бірынғайлық сырт белгiлердің негiзгi сырт белгiлердiн негiзгi принциптерiн аяқтау арқылы қол жеткiзедi.

  1. Суреттеу ретiнің сақталуы (жалпыдан жекеге) . Адамның сырт белгiсiнде бiрiншi жынысы, жасы, ұлты сияқты жалпы физикалық қасиетi, содан кейiн дене бiтiмi, кеуде және аяқ-қол, бас, (бет) және оның бөлек бөлшегi: функционалды белгiлер, киiм және ерекше белгiлерi бойынша бөлiнедi.
  2. Арнайы терминологияларды қолдану. Осы принциптi сақтау белгiлердi суреттеудегi әртүрлі оқылуын талдау, суреттердің ыңғайлылығын және нақтылығын қамтамасыз етедi, қателердің болуын тыйдырады4.
  3. Бас (бет) бөлiгiн алдынан және қырын пiшiнде суреттеу. Сырт белгiлерiнің элементтерiн суреттеу кезiнде әртүрлі жағдайда байқалуы, белгiлердің әртүрлі нақтылығының көлемдiгiне қатысты басқа (бетке) ерекше назар аударылады. Ол үшін бастың сыртқы анатомиясы екi тұрғыда: фас яғни алдынан және қырын пiшiнде яғни қырынан зерттеледi. Профиль белгiлерiн суреттеу кезiнде оң қырын пiшiнде қарастырылуы тиiс. Ерекше таңбалар беттің оң жақында, сондай-ақ сол жақынан да суреттеледi. 5

Адамның сырт бейнесiн визуалды зерттеу кезiнде анықтауға болатын элементтер және белгiлер (бөлшектер) . Жүйесiн бөлiп шығаруға болады. Жеке және iлеспелi элементтер және адамның сырт бейне белгiлерi деп бөлiнедi.

Жеке элементтер және адамның сырт бейне белгiлерi деп бөлiнедi.

Жеке элементтер және белгiлер санына келесiлердi жатқызуға болады.

  • жалпы физикалық элементтер және белгiлер, адамның жеке типiн (жынысы, жасы, антропологиялық, қай ұлтқа жатуы, бет әлпетi, бойы) және қарастырылымды типiн (жеке жағдайын) құрайтындар. 6
  • Анатомиялық (морфологиялық элементтер ) және адам денесiнің сыртқы құрылысы, оның бөлiгi және жалпы белгiлерi.

- функционалды элементтер және белгiлер (сымбат, жүрiс және т. б. ) белгiлерi.

Iлеспелi элементтер мен белгiлерге: заттар (немесе олардың бөлшектерi) киiмдер (пиджак, белбеудің айылбасы және т. б) ұсақ танымалды заттар немесе оның бөлiктерi (үйел сумкасы, барсетка және т. б) Осылардың барлығы тұрақты емес және жеңіл ауыстырылады, қандай болғанмен де олардың ерекшелiгi ауызша суреттеу әдiсi бойынша адамның сыртқы белгiлерiн суреттеу кезiнде ерекше орын алады. Оның мәнi осындай белгiлер жақсы қабылданады және адамның есiнде жақсы қабылданадыды және есiнде жақсы сақталады. Сондай ақ адамның киiмдерi жеке тұлғаның ерекшелiктерiн анықтауға көмекшi құрал болады. Киiм және басқа да заттары мүмкіндiгiнше жеке бөлшектелiп сипатталуы қажет.

Анатомиялық функционалды және жалпы физикалық элементтер және сыртқы белгiлер адамның бiрден - бiр бөлiгi. Iлеспелi элементтер оның сыртқы бейнесiн қосымша ғана сипаттайды. Олар бойынша адамның жеке элементтерi (жынысы, жасы, жүрiсi, сымбаты) әдетi, тағамы, кей-кезде адамның әлеуметтiк жағдайы туралы айтуға болады.

Сыртқы элемент және белгiлер шартты түрде жалпы және жеке болып бөлiнедi. Жалпы - ең iрi, көрнеу болады.

Ал жеке бөлшектер, жалпы элементтердің құрамдас бөлiктерi жатады. Сыртқы элементтердің жалпы және жеке бөлiнуi адамның сырт бейнесiн нақты анықтауға мүмкіндiк бередi. Ол адамның жалпыдан жекеге қарай дұрыс суреттеудегi құруға көмектеседi.

Сыртқы элементтер өзiнің табиғаты бойынша бiркелкi емес. Оларды келесi топтарға жiктеуге болады.

  • тұрақты және уақытша
  • Қажеттi және кездейсоқ
  • Жаратымды жасанды және патологиялық пайда болуынан.

Тұрақты элементтер адам өмiрiнің ағымында, дұрыс дамуында барлық адамға тән (егерде хирургиялық көмегiмен алынып тасталмаса немесе жарақат алу нәтижесiнде жоғалтылмаса және т. б. жағдайларда) .

Уақытша элементтер пайда болуы және өзгеруi мүмкін (тiс, шаш, пигменттiк дақ және т. б. )

Қажеттi элементтер белгiлi бiр топтың барлық адамдарына тән (мысалы еркектер бетiндегi шашты) .

Кездейсоқ элементтер нақты адамда болуы мүмкін емес (терiдегi мең, құлақтағы дөңестер және т. б ) .

Жаратымды элементтер адамға тумысынан немесе өскен сайын пайда болатын элементтер.

Жасанды элементтер адамның өз сырт бейнесiн саналы немесе санасыз түрде өзгеру салдарына байланысты (косметикалық әсер, хирургиялық араласу, жарақат және т. б. )

Патологиялық элементтер - ол ауру нәтижесiнде адамның сыртқы элемент құрылысының бұзылуы. Олар тумысынан немесе жұқтырып алғанынан болуы мүмкін7.

Сыртқы бейне элементтерi сондай ақ белгiлерiмен сиптталады. анатомиялық элементтер белгiлерiне олардың нысаны, көлемi (мөлшер), жағдайы, түсі, саны, тұрақсыз элементтің болуы, тұрақты элементтің болмауы, симметрия және мәнгiлiк жатады.

Нысаны (формы) - ол сыртқы элементтің iшкi түрі. Осы белгi белгiлi геометриялық нысандармен (иiлген, дөңгелек, төртбұрышты, дөңес және т. б. ) немесе жаратымды зат нысандарымен (алмұрт тәрiздi, миндаль тәрiздi және т. б. ) белгiленедi. Осы белгiлер контур (нұсқа) конфигурация (кескiн үйлесiмi) деп аталады. «Нысан терминi» әмбебап, ал «контур» және «конфигурация» терминдерi сыртқы элементтердің сыртқы сызықты шекараларын белгiлеу үшін қолданылады. Сондай ақ терминдер олардың ұзындығы мәнсiз болатын (шаш, әжiм, бүрме сыртқы элементтердің сипаттамасы үшін де) қолданылады. Контур - шеткi орталық немесе басқа да сызықтар бойынша анықталады. Контурды суреттеу және қисықты (контурлы сызықтың) дөңгеленген учаскiлерiнің қисықтың радиусы) және бұрыштарды (контур сығыңқы болған кезiнде) өлшеу жолы арқылы анықтауға болады.

Суреттеулi түрде контур геометриялық түсінiк (тура, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тiкбұрыш және т. б. ) бойынша анықталады.

Көлем (мөлшер) - ол сыртқы элементiнің барлық сандық, сондай ақ, өлшемi (сызықты бұрышты, аудан, аумақ, тереңдiк, биiктiк, енi, ұзындығы, және т. б. ) сыртқы және iшкi пропорцияларының сипаттамасы сәйкестiгiн, сыртқы бiр элементтің басқасының өлшемiне қатынасын көрсетедi. Мысалы : мұрынның көлемi оның ұзындығы мен енi бойынша анықталады сыртқы элементерiнің орналасуы белгiнi бiр жазықтыққа қатынасы шығынқы деп аталады. Мысалы: шығынқы келген иек, басқа және бетке қатысты тиiп жанасушы құлақтың орналасуы. Орналасу белгiлi бiр түсінiктермен (астынан, оң және сол жағынан, ортасынан және т. б. ) белгiленедi. Түс (пигментация) . Шаш, көз, терi, ерiн жиегiнің былжыр қабықтар түсі антропологтармен, шаштараздармен, косметологтармен және с. с. қолданылатын атласты түстермен салыстыру кезiнде анықтауға болады. Ауызша суреттеу түстің айқын градацияларын (басқыштаушылығын) суреттей алмайды. Осыған қатысты адамның сыртқы бейнесiнің криминалистикалық суреттеу кезiнде элементтер мен түстердi нақтылай көрсету үшін оларды ақшыл және қара топтарына бөледi. Содан кейiн түстердi жалпы қолданылатын топтарға бөледi. Мысалы, шаш түсін көрсету кезiнде оларды алғашында қара тобына жатқызады, содан соң қара, қарақоңыр-каштанды, каштанды, қарақоңыр-ақсары деп бөледi. Көз түсін үш реңдi топ бойынша бөлiнедi: қарақоңыр, аралас, ақшыл. Осы топтар тағы да топтарға жiктеледi: сұр, сұр-көкшiл, көкшiл-көк. Шаш, терi, көз түстерiн суреттеу кезiнде олар қандай жарықта (жаратымды немесе жасанды, жеткiлiктi және жеткiлiксiз) суреттелгенiн ескеру қажет. Түсі жаратымды жарықтықта жақсы айыруға болады. Одан басқа қоршаған обьектiлердің түсі, мысалы, қабырға, киiм, плафон түстерi өзгере алады және бiр-бiрiн толықтырады. Мысалы: сұр-көкшiл киiм көз түсінің бояуын күшейтедi . Сондықтан белгiлi бiр заттың түсін суреттеу кезiнде бақылау шартын айқындап, есепке алу керек. Егер де түсті жарықтың жеткiлiксiз және жаратымсыз кезiнде қабылдасақ, онда ол элементтiк жалпы реңдi тобын ғана көрiнедi. Яғни, Оны қарақоңыр немесе ақшылға жатқызады.

Саны. Санмен саны тұрақты емес (мең, тыртық, сүйел және т. б. ) сыртқы белгiнің бiр атаулы элементтерi сипатталады. Сан нақты (элементтер саны аталады) не қатыстылығымен (шашатың қалың, жиi, меңнің көп болуы және т. б. ) анықталады.

Болуы (болмауы) - сыртқы элементтердің кездейсоқ тұрақсыз немесе жаратымды (болуы) немесе сыртқы элементтің тұрақты, керектi және жаратымды (болмауын) сипаттау кезiнде мәнгi мағынасы бар белгi. Кездейсоқ элемент белгi бiр жерде (құлақтағы дөңдер, мұрын және жақ аумағындағы) секпiлдер орын алғанда ғана маңызы болады. Басқа жағдайда тұрақты элементтің болмауы элементтің басқа белгiлерiнің келгенiмен талданады.

Симметрия- сыртқы элементтің жұп белгiлерi бойынша қарастығын айқындайтын белгi келесi рет бойынша орналасқан, бiртұтас немесе сәйкестендiрiлген бөлiктерде құрылған бiр атаулы сыртқы элементтердің толық (жұпты құлақ, жақ, көз, қол және т. б. ) немесе олардың жартысынан (жұпты емес - мұрын, маңдай, ауыз) құрылады. Сыртқы элементтердің толық симметриясы бiр атаулы жұп элементтердің немесе антимерлердің сипаттамасының сәйкес келуi мүмкін. Симметрия дәрежесi сыртқы элементтің және оның жартысы сәйкес келгенде ғана анықталады. Кей кезде осындай сәйкес келуден ауытқу сыртқы элементтің асимметриясы бойынша қарастырылады. Бет, дене жартысының жалпы өлшемi нысаны және контурында айырмашылығы байқағанда асимметрия жалпы, ол бет, аяқ-қолдың жұп элементтерiнде айырмашылық болғанда жеке болады.

Мәндiлiк - элементтің нормасы туралы анықтама болғанда сыртқы элементтi зерттеу кезiнде қолданылатын өндiрiстiк белгi. Мәндiлiк нысанды, контурды, көлемдi және зат орналасуын ескертуi жинақтаушы мiнездеме. Мәндiлiктi элемент белгiсiнің әр бағасы қиын немесе мәндi белгiсi жоқ болғанда ғана (мысалы, маңдай дөңешiгi) қатты, әлсiз немесе мүлдем бiлiнбесе) анықтауға болады8.

1. 2. Жалпы физикалық элементтердің және белгiлердің сипаттамасы.

Жынысы. Ер, әйел.

Жасы. Жеткiлiктi мәлiмет негiзiнде, ол мәлiмет жоқ болған жағдайда түрі бойынша анықталады. Келесi жас кезеңдерiне бөлiнедi: балалық шақ 12 жасқа дейiн, жасөспiрiм 13-16 жас, бозбалалық шақ 17-21 жас, жастық шақ 22-35 жас, орташа 36-60 жас, 61-75 жаста қарттық шақ. ұлттық (бет типi) . Адамның қай ұлтқа жатуы туралы құжатты және т. б. жеткiлiктi мәлiметтер жоқ болған жағдайда бет типiн салыстырмалы түрде анықтауға болады. Ол нәсiлiне (европалық, монголойттық, негройдттық және с. с. ) қатысты немесе бiздің елде қолданылатын салыстырмалы түрде қолданылатын (европейдттiк тип, кавказдық тип, орта азияттық тип, және басқалары) типтерге қатысты сыртқы белгiлердің антропологиялық типтерi болуы мүмкін9.

Бойы. Үш мүшелiк градация бойынша жiктеледi. Ерлер үшін тапал бойы-160 см. дейiн, орта бойлы -170 см дейiн ұзын бойлы -180 см. дейiн және жоғары. Әйелдер үшін осы шектеулер 8-11 см. кiшiрейтiледi.

Дене келбетi - сүйектi бұлшық еттi жүйенің және майдың қалыптасу дәрежесiнің дамуына байланысты сипатталады. Дене келбетi әлсiз, өте әлсiз, орта мығым (нық) атлетикалық деп бөлiнедi. Адамның толықтық дәрежесi бойынша келесi белгiлерiмен сипаттауға болады: арық, арықша, орта толықтық, толық10.

Анатомиялық элементтер және белгiлер

сипаттамасы.

Бас. Денеге қатысты бас кiшкентай, орташа және үлкен, бас бөлiгiнің нысаны бойынша түзу, күмбез тәрiздi, жұмыртқа тәрiздi болуы мүмкін. Тiке қатысты желке шалқайған, тiк шығынқы болуы мүмкін. Бет жалпы кескiн үйлесiмi бойынша сипстталады: дөңгеленген, сопақша, үшбұрышты, төртбұрышты, ромб тәрiздес.

Шаш. Шашты суреттеу кезiнде баста шаштың болуы не болмауы, кескiн үйлесiмi, шаштың өну сызығы, ұзындығы және түсі, сәндi шаштың түрі немесе шаштың түсу дәрежесi белгiленедi. Содан кейiн беттегi (мұрт, сақал) өсулер суреттелуi жасалады.

Маңдай. Маңдай суреттелуi қырын пiшiнде және фаста жасалады. Қырын пiшiнде оның тiк, алға және артқа қарай иiлуi жатады. Маңдайдың енi бойынша кең, орта және тар ал ұзындығы бойынша ұзын, орта және төмен болуы мүмкін. Сондай ақ маңдай дөңестерi болуы мүмкін.

Қас. Жазықтыққа қатысты, қас iшке қарай қиғаш, жазықтық және сыртқа қарай қиғаш болып келедi. Көзге қатысты қас ұзын, орта, тапал. Жоғарғы шет контуры бойынша қас: тiк, доға тәрiздi, қатпарлы, сынған үшбұрышты болуы мүмкін. Ұзындығы бойынша қас қысқа, орта және ұзын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Криминалистикалық тіркеу
Адамды, жылжымалы және жылжымайтын объектілерді танытуға ұсыну тергеу әрекеті
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Сараптама зерттеулерін қолдану мен жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz