Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1. Кіріспе.

І - тарау: Сабақ түрлері мен оқыту әдістеріне теориялық сипаттама.
1. Оқытуды ұйымдастыру формаларына тарихи шолу ... ... ... ... .5 – 6 б.
2. Сабақ – оқытудың негізгі формасы, оның жіктелуі ... ... ... ... ..7 –10 б.
1.3. Сабақ құрылымы мен сабаққа қойылатын талаптар ... ... ... ...11 – 12 б
1.4. Оқыту әдістері және олардың жіктемесі ... ... ... ... ... ... ... ..13 – 19 б.

ІІ – тарау: Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс-
тәсілдер жүйесі.
2.1. Әдебиет сабағының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20 - 26 б.
2.2. Әдебиет сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... ..27 – 38 б.
2.3. Әдебиет сабағында педагогикалық технологияны пайдаланудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39 – 45 б.

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46 – 47 б.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 8 – 55 б.
Пайдалананылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56 – 57 б.

Кіріспе
Оқыту – таным үрдісі. Оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына
баытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Ол жеке адамның білімін,
танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Білім беруді
ізгілендіру мәселесі мектепте әдебиет пәнін оқыту арқылы өз арнасын
кеңейтіп, нығайтып дами түседі.
Білім берудің мақсатын анықтауда Ж.Аймауытовтың мына сөздерін еске
алайық: Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің
өміріне білім жүзімен ашылатын саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне,
білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың
келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек. [1.71]
Білім беру мен оқытудың әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогиканың
дидактика саласы. Дидактика – оқыту немесе үйрету деген сөз. Ол білім
беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру
әдістерін және формаларын қарастырады. Ал, әдістеме болса, педагогикадан
бастау алады. Өйткені педагогика барлық гуманитарлық ғылымдардың тірегі.
Қоғам дамуының әр кезеңінде білім беру мен тәрбие үрдісіне қойылар
талаптар ауқымды.
Оқыту үрдісінің нәтижелі, сапалы болуы сабақ түрін тақырыптың мазмұнына,
мақсатына, тақырып кезеңіне сай таңдауына және оқыту әдістерін тиімді
шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн талабы оқыту
әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. [2.9]
Диплом жұмысының өзектілігі.
Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Маманға осы талаптарға сәйкес
оқушыларға білім беру үшін үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа
талаптарға сай бұрынғы әдістердің мазмұны өзгеріп, оның үстіне жаңа
сабақтың түрлері, әдістері пайда болуда. Ол әдістер эксперименттен өтіп,
тиімділігі дәлелденіп, мектеп тәжірибесіне енеді.
Қазіргі таңда оқытудың негізгі мәселелері: бүгінгі сабаққа қойылатын
талаптар, сабақ бөлімдерінің бір-бірімен сабақтастығы, әдістерді таңдау
және оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру, сабақтың нәтижелігі,
тиімділігі; сабақ типтері мен түрлері, оған қойылатын талаптар; оқушылардың
сабақтағы өздігінен жұмыстарының мазмұны, сабақтың түрлі кезеңінде
мұғалімнің алатын орны; сабақты өткізу формалары, педагогикалық
технологиялардың мектеп тәжірибесіне енуі т.т. қаншама қарастырылса да, әлі
күнге дейін зерттелу үстінде. Яғни бұл әдістемеде басы ашық проблема болып
табылады.
Біздің қарастыратын тақырыбымызға байланысты жазылған ғылыми еңбектер де
жоқ емес. Әсіресе, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен принциптері және оның
әдістері мен құралдары туралы жазылған дидактикалық еңбктер мен
зерттеулердің авторларын ерекше атап кетуіміз керек. Олар: А.Байтұрсынов,
Қ.Бадырақов, А.Көшімбаев, Ә.Қоңыратпаев, М.И.Махмұтов, Г.К.Нұрғалиева,
Қ.Бітібаева, М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, М.Н.Скатин, М.И.Кудряшев,
Н.Я.Лернер т.б.
Диплом жұмысымыздың мақсаты:
- оқытуда кең тараған классификацияларға шолу жасау;
- кейбір сабақ түрлеріне және әдіс-тәсілдеріне сипаттама беру;
- орта мектепте оқыту үрдісінің сапасын арттыру мақсатында негізгі сабақ
түрлерінің және оқыту әдіс-тәсілдерінің күрделі педагогикалық проблемасына
теориялық түсінік беру, сабақ түрлерінің және әдіс-тәсілдерінің көп қырлы
мәнін, олардың арасындағы байланысын, топтастырудың әр түрлі жолдарын және
жеке оқыту әдістерінің мазмұнын, рөлін, тиімділігін анықтау;
- оқыту үрдісін нәтижелі, сапалы ұйымдастыру үшін сабақ түрлері мен
әдістерінің көптүрлілігін біліп, оны сұрыптап таңдаудың, үйлестіріп
қолданудың маңыздылығын дәлелдеу.

Диплом жұмысының міндеттері:
- оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға байланысты оқыту үрдісін
ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдіс-тәсілдерін тиімді қолданудың
жолдарын белгілеу;
- қазақ әдебиеті пәнін оқытуда қолданылатын сабақ түрлері мен әдіс-
тәсілдердің өзіндік ерекшелігін түсіндіру.

Диплом жұмысының әдістері:
- зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, әдістемелік еңбектерді
сұрыптап талдау жасау;
- модельдеу әдісі;
- ғылыми баяндама;

Диплом жұмысының құрылымы.
Жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І-тарау: Сабақ түрлері мен оқыту әдістеріне теориялық сипаттама.
1. Оқытуды ұйымдастыру формаларына тарихи шолу.
Ең алдымен, аталған терминге анықтама берейік. Оқытуды ұйымдастыру
формасы - оқыту урдісінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен
оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. [3.176]
Оқытуды ұйымдастыру мұғалім тарапынан оқу қызметін басқару үрдісінің
ынталы жүруін қамтамасыз етеді. [4.82]
Біздіңше, оқытуды ұйымдамтыру формасы – мұғалімнің оқушылармен белгілі
бір материалдың мазмұнымен жұмыс істеу кезіндегі өзара әрекеті дегенді
білдіреді.
Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай
жүзеге асады. Оқыту формаларының бірте - бірте өзгеруі қоғамның даму
тарихымен байланысты. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның әр алуан
формалары белгілі.
Жекелеп оқыту жүйесі - оқытудың ең көне түрі орта ғасырларда
пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жұмыстарын тексеріп, мәтінді
оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау
амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Жеке
не бірнеше оқушылармен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын. Бұрын қазақ
еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне
ұқсас болды. Әр жастағы балалар молданың алдына жүгініп отырып, әр кітаптан
оқыған. Бұл жүйенің кемшілігі – балалар басқа оқушылармен бірлесіп, оқыту
ұжыммен жұмыс істей алмауы.
Жаңа дәуірде (ХVІІ аяғы мен ХІХ ғ. басы) Англияда оқытудың "Белл-
ланкастер" жүйесі тарады. [3.177]
Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белл және мұғалім Д.Ланкастер.
"Сатылы" немесе "Өзара оқыту" ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары,
білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай
мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам
оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді
оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің
мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған. Мұндағы басты кемшілік – оқыту
сапасының төмен болуы. Сондықтан Белланкастерлік жүйе кең тарамады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында орыс педаготары АҚШ-тағы, Германиядағы
оқытудың әр түрлі формаларымен (дальтон-жоспар, бригадалық-зертханалық,
маннгейм жүйесі т.б.) танысты, олардың бірсыпырасы бұрынғы совет
мектептерінде пайдаланылды.
Мысалы, дальтон - жоспар (АҚШ, Дальтон қаласы, авторы Е.Паркхест)
сабақты болдырмауды, жүйелі курстарды оқытылмауын талап етеді. Осы жүйенің
ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір
бағдармаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Оқушыларға тапсырмалар әр пән
бойынша оқу жылының басында бір жылға беріледі. Жылдық тапсырмалар
кейінінен айлық тапсырма түрінде нақтыланады және оқушылар ол бойынша
белгіленген мерзімде есеп беріп отырады. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда
мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды. Дальтон-жоспардың негізгі мақсаты -
ұжымнан жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу. (5.278(
Оқытудың кең тараған сынып-сабақтық жүйесінің негізін қалаған ХVІІ
ғасырда Ян Амос Каменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы
педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, Великая дидактика деген кітабында
дәлелдеді. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға сынып
ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп
аталды. Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді. Оқу жылы, оқуькүні, сабақ
кестесі, оқу демалысы, сабақ арасындағы үзілістер – бұлар сынып-сабақтық
жүйенің белгілері.
Сынып–сабақтық формасы оқыту жұмысының негізгі формасы ретінде әлі күнге
дейін өз маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын
пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні елеулі өзгеріске ұшыраған оқытуды ұйымдастырудың бұл
формасы әлем мектептерінде басым қолданылады.
Алайда әлі күнге дейін көптеген педагог-ғалымдар оқыту ісін
ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіреді.

1.2 Сабақ – оқытудың негізгі формасы.
Қазіргі кездегі білім мен тәрбие беру ісінің басты мақсаты білімге
құштар, ізденгіш, шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру екені бәрімізге
де белгілі.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, оның
атқаратын қызметі мен оқыту үрдісінде алатын орны ерекше. Ал, оқыту үрдісі
– бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің
барысында балаларға білім беру міндеттерін шешу.
Мектептегі қосымша мәлімет беретін материалдар, сыныптан тыс
жұмыстарының көп түрлілігі оқушыларға қаншалықты әсер етсе де, ең басты
білім негізі сабақта қаланады. Өйткені, сабақтағы оқу-тәрбие жұмысы оқу
жоспарына, оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың білім дәрежесін ескеріп
отырады. [6.347]
Оқушы – даму үстіндегі жеке тұлға, мұғалім – жеке тұлғаның дамуына бағыт-

-бағдар беруші, ал сабақ – 45 минуттық кезіндегі оқушы мен мұғалім
арасындағы қарым-қатынасты реттеуші тұлға. Сабақ барысында мұғалім алдында
өзіндік ойы мен пікірі бар даму үстіндегі субъект отырғанын, ал оқушы өз
алдында түйіні шешілмеген, тақырыбы ашылмаған зерттеу объектісі тұрғанын
естен шығармауы қажет. Сонда ғана оқытудың мақсаты мен міндеті толық жүзеге
асырылмақ. [7.40]
Әр сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік
қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту көзделеді, яғни оқыту мен тәрбие
мақсаттары бірге жүзеге асады. Ғылымда сабаққа берілетін анықтамалар
төмендегідей:
Сабақ дегеніміз–45 минутқа шақталған материалдың бір бөлшегінің үстінде
балалармен жұмыс істеуге лайықталған оқу жұмысының негізгі формасы. [8.37]
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас және тәрбиелеу міндеттері іске
асырылады. [3.179]
Педагог - ғалым Ж.Б.Қоянбаев: Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен
оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек,-
деген. [5.280]
Ғалымдардың қайсысы болса да сабақтың мәнін, қызметін толығырақ ашуға
тырысқан.
Анықтамалардың көбі сабақ дегеніміз - оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және
дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданып отыратын оқушылар мен
мұғалімдердің бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы дегенге
саяды – деп М. И. Махмутов дұрыс айтқан болатын. Сабақта оқу-тәрбие
үрдісінің барлық элементтері: мақсаты, материал мазмұны, оқыту әдістері,
көрнекі құралдарды пайдалану, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруы,
мұғалімнің жеке қызметі көрініс табады.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Мұнда оның методикалық көзқарастары,
мәдениеттілігі, тәжірибелігі, әдістемелік жаңалықтарынан хабардар болуы
т.т. көрініс табады деуге болады. Әрине, сабақтағы негізгі тұлғалар: оқушы
мен мұғалім. Оқыту үрдісі осы екі тұлғалардың іс - әрекетіне
негізделетінін білеміз. Осындай қарым - қатынаста негізгі орын оқушыларға
бөлінеді.
Мектептің алдына қойған мақсатына байланысты сабақтың мазмұны шешіледі.
Сабақтың негізгі міндеті - мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым
негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді
практикада қолдана білу дағдыларын, іскерлігін үйрету және адамға қажетті
қасиеттерді тәрбиелеу.
Сонымен, сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде дидактикалық мақсатты
шешуді көздеген мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеті.
Оқытуды жүйелі жүргізу үшін сабақ жіктелуін ойдағыдай білу шарт.
Қазіргі ғылымдағы негізгі мәселелерінің бірі – сабақтарды жіктеу мәселесі
болып табылатынын жоғарыда айтып кеткен болытымыз.
Сабақ классификациясы дегеніміз – сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. [9.62]
Сабақ типтерін жете зерттеудің үлкен теориялық мәні бар: пән мазмұнын,
оның жеке элементтерінің байланысын, әдіс-тәсілдерін және оқушылардың
белгілі бір уақыт көлеміндегі іс-әрекет қызметінің түрлерін нақтылайды.
Сабақтарды жіктеу сабақ жүйесін ұтымды өткізуге көмектеседі. Оның толығымен
оқыту үрдісін ұйымдастыруда маңызы зор. Осыдан сабақтарды жіктеудің
практикалық мәні көрінеді. Мұғалім қаншалықты сабақ типтерін, олардың
мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын жақсы білсе, соншалықты сабақтары
нәтижелі болып отырады. Түрлі типті сабақ түрлерін пайдалану мұғалім мен
оқушы алдында оқу пәннің көпжақтылығын ашады.[10.168]
Осы мәселеге көптеген еңбектер мен зерттеулер арналған. Бірақ күні
бүгінге дейін сабақ жүйелеудің бірыңғай орнықтыру мәселесі әлі шешімін
тапқан жоқ. Оның өзіндік де себептері жоқ емес.
Атап айтатын болсақ:
- уақыт бір орнында тұрмайды, заман ілгерілеген сайын оқыту үрдісіне де
көптеген жаңалықтар енеді, яғни сабақтың ұйымдастыру формасы, оқыту
әдістері мен тәсілдерінің жаңа түрлері пайда болады;
- сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшелігіне, оқушылардың жас және таным
ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді;
- сабақты жіктеу мәселесін анықтауда әрбір автордың көзқарасы әр түрлі
болды. [5.288]
Сабақтың мазмұны мен дидактикалық мақсаты сабақтың түрін анықтайды.
Көрнекті педагогтардың зерттеулері бойынша сабақтың сан алуан түрлері бар.
Түрлі белгілеріне қарай сабақ жіктеуінің бірнеше принципі қалыптасқан.
Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай сабақтың 10 түрін ұсынған:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан
өтетін бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалды өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақ.
7. Қайталау - қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды
қайталау сабақтары.
8. Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10. Қорытынды сабақ - оқу жылының соңында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары.
Сабақты негізгі дидактикалық мақсаттарына (білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік) қарай М.А. Данилов, Б.П. Есипов, И.Т. Огородниаов т.б.
төмендегідей 6 түрін ұсынады::
- жаңа материалды алғаш қабылдау сабақтары;
- қайталап жинақтау, қорыту сабақтары;
- пысықтау сабағы;
- аралас сабақ;
- оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
- білім сынау сабағы. [3.181]
Ғалым М.И. Махмутов та осы мәселеден тыс қалмай Мектепте проблемалық
оқытуды ұйымдастыру деген еңбегінде сабақтың типтері мен түрлерін негізгі
дидактикалық мақсаты бойынша сабақтың негізгі үш түрін көрсетеді:
1. Жаңа материалды оқып үйрену сабағы – жаңа үғымдар мен өздігінен ізденіс
қызметінің дағдыларын меңгеру сияқты бірқатар дидактикалық міндеттерді
шешеді, яғни бірінші типтегі сабақ оқу үрдісінің барлық буындарын
қамтиды. Бұған: лекция, әңгіме түрінде өтетін сабақ түрлерін, оқушылардың
өздігінен ізденіс жұмысы сияқты сабақ түрлерін жатқызуға болады деген.
2. Білімді, шеберлікті мен дағдыларды жетілдіру сабақтары. Бұл
меңгерілгенді жүйелеу және қорыту, қайталау және бекіту, оны практикада
қолдану сияқты әдістемелік міндеттерді шешуді көздейді. Осыған – диспут,
семинар сабақтарын, лабораториялық сабақ түрлерін жатқызады.
3. Бақылау сабақтары. Оқушылар жұмысының нәтижелерін, ұғымдар жүйесін
меңгеру дәрежесін, репродуктивтік және шығармашылық оқу-танымдық қызметі
шеберліктерінің, дағдыларының қалыптасқандығын бағалау қызметін атқарады.
Мұнда ғалым: жазбаша бақылау жұмысы, қорытынды мақсатында жүргізілетін
семинар сабағы, аралас сабақ сияқты сабақ түрлерін жатқызады. [11.187]
Сонымен қоса автор мынадай түйінге келеді: Өткендегі тәжірибеге
сүйене отырып және оқушылардың танымдық дербестігін дамыту идеясын
басшылыққа алып, сабақтың барлық түр-түрін екі негіз бойынша
классификациялауға болады. Проблемалық принципінің негізінде олар
проблемалық және проблемалық емес сабақтарға бөлінеді (11.12(
Әдейі жасалған проблемалық ситуацияны шешуге, оқушыларды ойландыруға
бағытталған сабақ түрін – проблемалық сабақ деп, ал мұғалім оқу материалын
түсіндіру кезінде проблемалық ситуация жасамай, егер де ол өзінен - өзі
пайда болса, онда ол проблемаларды қоюдың және оларды шешудің әдісін
көрсетпейтін сабақ түрі – проблемалық емес сабақ болып есептеледі. Екі
сабақ түрінің бір-
-бірінен айырмшылығы – оқушылардың белсенділігінде және өздігінен
орындайтын жұмыстарының сипатына байланысты болады. Кез келген сұрақ
проблемалы бола алмайтындай, кез келген сабақ та проблемалы бола алмайды.
Проблемалық және проблемалық емес сабақтар бір-бірінен құрылымы,
әдістері, жүйесі жағынан да ерекшелінеді, проблемалық сабақтың негізінде
проблемалық принцип жатыр. Мысалы, жаңа материалды оқып үйрену сабақтарын
екі түрде өткізуге болады. Проблемалы емес жаңа материалды меңгерту сабақ
түрін көбіне құрылымы дәстүрлі болып, түсіндіру, баяндау, әңгімелесу,
лекция, көркем тексті мәнерлеп оқу т.б. сияқты әдістерді қолданып немесе
проблемалы баяндау, іздендіру т.б. әдістерін қолданып проблемалы сабақ
түрінде өткізуге болады. Ал, диспут сабағы көбіне проблемалық баяндау
арқылы жүзеге асады. М.И.Махмұтов барлық сабақ түрлерін екіге бөліп
қарастырып, оқушыларды жетілдіру, ой-өрісін кеңейту мақсатында ерекше
қолданылатын сабақ түрін – проблемалық сабақтар деп ерекше атап көрсеткен
болатын.
Аталған сабақ жіктелулерінің топтастыру жолдарының негізгі принциптері
әр түрлі болса да, сабақ түрлерінің ішкі мазмұндары бір-біріне өте жақын.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде ең жиі қолданылатын
дәстүрлі (классикалық) сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. жаңа білім үйрететін сабақ;
2. білімді, білікті, дағдыны бекіту сабағы;
3. қайталау қорыту сабақтары;
4. бақылау сабағы;
5. аралас сабақ.
Бұлай топтастыру дидактикалық мақсат пен міндеттерге, сабақ құрылымына
байланысты болады. Олар оқу материалын меңгеру барысында жүйелі түрде
бірізділікпен сатылай өткізіледі. Мектеп тәжірибесінде осындай сабақ
түрлері кеңінен қолданылады да, әрқайсысы бір ғана негізгі мақсатты
көздейді – оқыту үрдісі үстінде оқушыны біліммен қаруландырып, жан-жақты
дамыту.
Сөз болған сабақ түрлері барлық пәндерге ортақ болғанымен, әр пәннің
ыңғайына қарай сәйкестеніп келеді.
Сабақ жіктеуінің бірыңғай типологиясының болмағаны, әрине, мұғалім
жұмысын қиындатады. Дегенмен, сабақ жіктеуінің көп түрлілігі мұғалімдердің
сабақты нәтижелі, сапалы етіп өткізу үшін көп септігін тигізеді.

1.3 Сабақ құрылымы мен сабаққа қойылатын
талаптар.
Сабақ құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері - деп сабақтың барысында
(45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып,
белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. [3.183]
Сабақ құрылымы – сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің
жиынтығы.
1. Оның басты элементтерінің бірі - жалпы дидактикалық мақсат. Ол үшеу:
А. Білімділік - (іскерлік, дағды) жүйесін қалыптастыру;
Ә. Дамутышылық - баланы ынталандыру; шығармашылық қабілетін, логикалық ойын
дамыту:
Б. Тәрбиелік - оқушының рухани дүниесін кеңейту, адамгершілік қасиетін
дамыту.
2. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (оқушылардың сабаққа назарын аудару; сабақтың
тақырыбын, мақсатын хабарлау)
3. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа материалды баяндау түсіндіру.
5. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
6. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
7. Үйге тапсырманы түсіндіріп беру.
Бұл ұсынылған құрылым дәстүрлі деп те аталады. Дәстүрлі құрылымның
негізінде көбіне мұғалімнің өзінің қызметі жатады.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру үшін
керек. Аталған құрылым элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Олар
біріктіріліп барып сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарын шешеді.
Мұғалім сабақ жоспарын құрғанда осының барлығын ескереді.
Бұл үлгі барлық сабақ түрлеріне міндетті болып келмейді. Әрбір құрылым
сабақ түрінің өзіндік ерекшелігіне сай өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа
білімді хабарлау сабағының құрылымы: ұйымдастыру кезеңі, жаңа материалды
түсіндіру, жаңа материалды пысықтау, бекіту, сабақты қорытындылау, үйге
тапсырма беру. Ал, қайталау сабағының құрылымы өзгешелеу болып келеді.
Қайталау сабағының құрылымы: ұйымдастыру кезеңі, өткен материалды қайталау,
бекіту, сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ
әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Яғни сабақтарды топтастыру, оның
құрылымын белгілеу дидактикалық мақсат пен міндеттерге, сабақ кезеңдеріне
оқытудың әдістеріне, тәсілдеріне, оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты
болып келеді.
Әр мұғалім міндетті түрде сабаққа қойылатын талаптарды жете білуі тиіс.
Сонда ғана ол оқу материалының мазмұнын оқушыларға меңгерте алады.
Сабаққа қойылатын кейбір талаптарды атап кететін болсақ:
1. Сабақтын мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын-ала
белгілі болуы тиіс.
2. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
түсінікті болуы қажет.
3. Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы міндетті
нәрсе.
4. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
5. Сабақта оқушылардың білімге деген ынтасы мен қызығуын арттыру үшін
сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық
құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. "Баланың ынтасын
арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек" деп Ж.Аймауытов
бекер айтпаған.
6. Оқытудың ұтымды әдістерін таңдап алудың сабақ түріне, сабақтың әрбір
кезеңдегі оқу материалының мазмұнына сәйкестігі.
7. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-
бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет. [3.179]
Осы талаптарды ескеріп барып қана сабаққа дайындалу керек. Сабаққа
қойылатан талаптар оқу мен тәрбие міндеттерін жүзеге асырады. Бұл талаптар
білімге қойылатын жоғары талаптармен тығыз байланысты болып келеді.

4. Оқыту әдістері және олардың жіктемесі.
Мектептегі оқыту үрдісі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдіс –
оқыту үрдісінің күре тамыры, алға қойған мақсат пен одан шығатын нәтиженің
арасындағы байланыстырушы тәсіл. Ол мақсат – мазмұн - әдіс – форма – оқыту
құралы жүйесінде ерекше рөл атқарады.
Белгілі бір ғылымды оқыту үстінде қолданылатын әдістерді ғылым тілінде
білім беру әдістері деп атаймыз.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең
бастысы - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. [5.264]
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі,
оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары
және міндеттерімен анықталады. [3.162]
Ал, оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады.
Оқытудың әдістері мен тәсілдері деген ұғымдарға түсініктеме беретін
болсақ,
бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не
қолданылу ерекшелігі бар сөздер. Әдіс metҺodos деген сөз грек тілінен
ауысқан. Әуел бастағы ұғымы – зерттеу немесе таным жолы тәсілдер жиынтығы.
Кейін сол бұрынғы тар көлеміндегі мағынасында қалып қоймай, белгілі бір
шындықты танудың әрі танылғыш шындықты оқытудың, яғни белгілі бір пәнді
оқытудың амал-тәсілдері деген ұғымды білдіріп кеткен. Бүгінгі таңда метод
дегенде сол тұрғыдан анықтама беріліп, сол тұрғыда түсіндіріледі.
Оқыту әдістерін зерттеуге көптеген еңбектер арналған, әрбір автор өз
анықтамасын берген.
Педагогикалық энциклопедияда оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар
жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді іскерлікті және дағдыны
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды деп
жазылған болса, В.В. Голубков мынадай ой қорытады: Оқыту әдісі - бұл
жүйелі түрде қолданылатын және педагогикалық жұмыстың жалпы бағытына үлкен
әсер тигізетін оқытудың жолы[12.69].
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерінің басқа да
анықтамалары кездеседі. Дидакт-ғалымдар М.Н.Скатин, И.Я.Лернер мынадай
пікір айтқан болатын: ... мұғалім мен оқушы арасындағы оқу мазмұнын
меңгеруін қамтамасыз ететін іс-әрекет жүйесі. Оқыту әдісі үш белгімен
сипатталады: оқыту мақсатының, меңгеру жолының, оқыту жолының байланасу
сипатын белгілеу.
Ал, М.И. Махмутов Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру деген
еңбегінде келесідей анықтама береді: Оқыту методы (немесе оқытудың жалпы
методы) – белгілі бір көлемдегі дидактикалық міндеттерді шешудің
методикалық әдістерін ұштастыру арқылы жүзеге асырылатын мұғалім мен
оқушылар ұжымы нысаналы қызметтің регулятивтік принциптері мен ережелер
жүйесі [9.135]
Қазақстан ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) осы орайда мынадай
түйінге келеді: Оқыту әдістері – бұл балалардың сабаққа, ғылымға,
өздігінен білім алуға ынталандыратын, сезімін оятатын жол. [5.220]
Әдіс, жалпы мағынасында, мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру
тәсілдерінің жолы. Сонымен, оқыту әдістері оқушылардың танымдық
қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни оқушылардың ойын
дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. [5.264]
Оқыту әдістеріне берілген анықтамалардың бәріне де ортақ ой – оқыту
әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін
шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеті.
Оқыту үрдісінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе -
мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының
өзара әрекеттері, әр түрлі оқу қызметтері оқыту әдістеріне жатады. Оқыту
процесі сияқты оқыту әдісі де екі жақты үрдіс болып саналады. Оқыту
әдістері әрі педагогтың, әрі оқушының бірігіп жасайтын тиімді сапалы
әрекеттерді керек етеді.
Әдіс құрылысына қарай екі жақты болып келеді: объективті, субъективті.
Кез келген әдістегі дидактикалық жайыттарының барлық мұғалімге ортақ болуы,
әдістің объектілік жағы деп танимыз. Ал әдістің субъектілік жағы мұғалімнің
жеке тұлғалық ерекшелігіне, оқушылардың қабілетіне, сабақты өткізу
жағдайына байланысты болады. Яғни мұғалімнің әрбір оқыту әдісінің жалпы
принциптерін ұстанып өзінше пайдалануы.
Оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады, шындықты тануға
әрекет жасайды, идея нақты өмір мәліметтерімен қорытылады. Оқыту әдісі
сабақтың мақсатына жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ол мақсатқа
жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне,
оқушылардың арақатынасына байланысты.
Оқыту әдісі ұғымымен әдістемелік тәсіл және құрал ұғымдары
тікелей байланысты. Тәсіл – бұл әдістің сабақтас бөлігі немесе оның жеке
жағы, яғни әдіс деген жалпы ұғымға қарағанда жеке ұғым. [4.68]
Оқыту әдісі - қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі
ретінде анықталады, өйткені, әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар
міндетті түрде қарастырылады.
Әдіс пен тәсіл бір-біріне өте ұқсас болғандықтан, оларды анықтау өте
қиын.
Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады.
Мысалы, қайталау сабағының мәнін және мағынасын нақты анықтайтын әңгіме
әдіс ретінде қолданылады. Егер оқушылар сабақтағы тапсырманы өз бетінше
орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме эле-
менттерін қолданылса, әңгіме тәсіл ретінде пайданылады. [5.264]
Сонымен, әдіс және тәсіл ұғымдары тызыз байланыста болғандықтан жеке
қолданылмай сабақ тиімділігін арттыру мақсатында бір – бірінен ажырамай
бірге қолданылады.
Оқыту әдісін құралдарынан ажырата алуымыз керек. Әдіс тек әрекетпен
тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы қажет. Әр түрлі
құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Себебі оқыту құралдарын оқыту әдістері
барысында пайдаланамыз. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын
өзгертуге өз ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытатын болсақ, белгілі бір ғылым
саласын үйрететін, сол жайында жаңалық ашудың амал-тәсілдерін - әдіс деп
атаймыз. Оқыту әдістері оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа
білімді игеруге ықпал жасайды.
Белгілі педагог Ю.К. Бабанскийдің пайымдауынша оқу тәрбие үрдісінде
әдістер төмендегідей қызмет атқарады:
- білімділік,
- дамытушылық,
- тәрбиелік,
- қозғаушы,
- бақылау-түзетуші [13.25]
Оқыту әдісі – тарихи категория. Сабақ мақсатының өзгеруіне байланысты
оқыту әдістері де өзгереді. Ерте кездерде еліктеуге негізделген оқыту
әдістері үстем болды. Орта ғасырларда сөздік әдістері басым болды. Кейін
алған білімін тәжірибеде пайдалануға көмек жасайтын, оқытудың көрнекі әдісі
дами бастайды. ХІХ ғасырдан тәжірибеге практикалық әдістер ене
бастады.[4.69]
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесінде дәстүрлі әдістермен қоса
педагогикалық технология әдістері басым болып келеді.
Педагогикалық әдебиеттерде көптеген масаттарға қол жеткізуге мүмкіндік
беретін әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі
модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті таңдауға
сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады. Әдістердің жіктелуі –
анықталған белгілеріне қарай құрылған әдістер жүйесі.
Оқыту әдістері талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып
саналады. Қазірдің өзінде оқыту әдістерінің анықтамасы және жіктеу мәселесі
жайында ортақ пікір қалыптаспаған.
Теория мен практикада оқыту әдісінің 200-ден астам түрлері бар. Соңғы
ғасырларда көптеген ғалымдар оқу әдістерін жіктеу мәселесімен айналасып,
әрбір автор өзінше дәлелдейді. Әр автор әдістерді топтастырғанда түрлі
белгілерді негізге алады. Ғылыми әдебиеттерде жіктелудің жиырмадан астам
түрі бар. Осының бәрі әдістер жайлы теориялық мәселенің шешілмегенін
көрсетеді. Оқыту әдіс-тәсілдерінің өзіне тән тарихы бар.
XX ғасырдың 20–жылдарында белгілі педогог – ғалымдар Б.Е.Райков,
К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек,
эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасаған.
30–шы жылдары М.М.Пистрак П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа
әдістерін ұсынған. Бұларға: әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация,
лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-ші жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу мәселесіне айрықша
көңіл бөлінген. Грузин педагогі Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін
топтастыру үшін
білім көзін негізге алып, үшке бөлген: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу
әдістері, оқыту-практикалық сабақ әдістері.
50-ші жылдардың аяғы, 60-шы жылдардың басына Е.Я. Голант, Н.М. Верзилин
С.Г. Шаповаленко, деген орыс ғалымдары да білім көзін негізге алып, оқыту
әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлген:
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелесу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс
2. Көрнекілік әдістер тобы: демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері
жатады.
3. Практикалақ әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық
жұмыстар.
Бұл әдістер оқыту үрдісін ұйымдастыруда үлкен рөл атқарады. Бірақ оқыту
әдістерін жіктеудің мұндай жүйесі оқушылардың танымдық іс-әрекетін
толық бейнелемейді.[5.265]
Осы жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда
сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға
сүйенген. Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі – оқытушының шеберлігіне, осы
үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты.
Қазіргі оқытуда бұл әдістердің (әрқайсысы өз түрлерімен қоса)
дидактикалық мақсаты, қолданылу методикасы жағынан көп өзгеріске ұшырап
отыр. Атап айтқанда, осы күні экскурсия, лабораториялық жұмыстарды
әдістерге қоспайтын болды. Тәжірибеде олар көбіне оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың қосымша формалары ретінде қолданылды.
Ал, М.Н. Скатин мен И.Я. Лернер жасаған классификация басқаша. Олар
оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін әдістерді
топтастырудың негізі деп қарастырып әдістерді беске бөледі. И.Я. Лернердің
дәлелдеуі бойынша: Мұғалім сабақ үстінде оқушыларға көп түсіндіреді,
олардан тапсырмаларды орындауы, яғни көрсетілген іс-әрекетінің тәсілдерін
еске түсіруді талап етеді, ал жаңа проблеманы шешу үрдісінде білімді
шығармашылықпен пайдалануға аз көңіл бөледі,- деп сабақта оқушылардың өз
пікірін білдіруге көп көңіл бөлінбейтінін атап өтеді. Осы ерекшеліктерді
ескеріп олар оқытудың мынадай әдістерін ұсынған:
1.Түсіндірме-иллюстративті әдіс - мұғалім сөзінің, баспа сөзінің, көрнекі
құралдарын, практикалық жұмыстардың көмегімен сабақта оқушыға білім
беруді іске асырады.
2. Репродуктивті әдіс (қайталау) – бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру
және мұғалімнің тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау
болады.
1. Проблемалы баяндау әдісі – мұндағы мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларға
проблемалық ситуация туғызатын проблемалар, яғни сұрақтарды қою,
тапсырмалар беру, оқушыларды іздендіру, ойландыру. Проблемалы сұрақтар
қолдануға негізделген тиімді оқыту үрдісін ұйымдастыру проблемалы
баяндаудың мәнін құрайды.
2. Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс – бұл әдіс бойынша оқушыларды
бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін алдын-ала
зерттеудің жеке кезендерін орындауға үйрету қажет. Оқушы материалды
мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның мәнін
ашады.
3. Зертту әдісі – бұл әдістің мәні жаңа проблемаларды шешуге байланысты
оқушылардың іздеу, шығармашылық іс-әрекеті тәсілдерін ұйымдастыру.
Оқушылар бұрын ғылым шешкен, бірақ оларға таныс емес мәселелерді шешеді.
Аталған әдіс білімді шығармашылық түрде пайдалануды қамтамасыз етуге
арналған. [5. 270]
Сонымен, түсіндірме-иллюстративті және репродуктивті әдістері оқушыларды
біліммен, іскерлікпен, дағдымен байытады, олардың ойлағыштық қасиеттерін
қалыптастырады. Бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың
кепілі бола алмайды. Осы мақсатқа проблемалы баяндау әдісі, ішінара іздену
немесе эвристикалық әдісі арқылы біршама қол жеткізуге болады.
Педагог-ғалым Т.А.Ильина оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай
әдістерді былай жіктейді:
1. Жаңа білім беру әдісі.
2. Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі.
3. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі.
4. Өздік жұмыс әдісі.
5. Білімді тексеру әдісі.
6. Проблемалы, программаланған оқыту әдісі.
Осы әдістердің әрқайсысы мұғалімнің оқыту және оқушылардың оқу
әрекетінің мазмұнын белгілейді.
Оқыту әдістерін жіктеудің басқа да жолдары бар. И. А. Данилов пен Б.П.
Есипов әдістер жіктеуін жасағанда оқыту үрдісінде іске асырылатын
дидактикалық міндеттер – жаңа білімді меңгеру; іскерлікті, дағдыны
қалыптастыру; білімді қолдану; білімді бекіту; шығармашылық іс-әрекетін
дамыту негізінде қарастырады. Мысалы, жаңа білімді меңгеруде дидактикалық
міндетке сәйкес, мұғалім сабақта ауызша баяндау әдістерін, ал іскерлікті
және дағдыны қалыптастыру дидактикалық міндетін іске асыруда оқытудың
практикалық әдістерін қолданады.
Академик Ю.К. Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру
деген еңбегінде бірсыпыра Ресей ғалымдарының ( Е.Я. Голант, С.Г.
Шаповаленко
М.Н. Скатин, И.Я. Лернер, А.Н. Алексюк, М.И. Махмутов, Б.П.Есипов т.б.)
оқыту әдістері жіктеуіне сүйеніп тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне
қарай үш топқа жинақтайды.

Оқу – танымды іс-әреретін Оқу-танымдық Оқу танымдық іс-әрекетінің
ұйымдастыру және іске іс-әрекетінің ынталандыру тиімділігін бақылау және
асыру әдістері әдістері өзін-өзі бақылау әдістері
Сөздік әдістері ( әңгіме, Оқушылардың танымдық Ауызша бақылау әдістері;
лекция, пікірлесу); ықыласын қалыптастыру лабораториялық бақылау
көрнекілік әдістер әдістері; оқудағы әдістері; өзін-өзі бақылау
( иллюстрация, жауапкершілікті әдістері.
демонстрация, мүсіндеу); қалыптастыру әдістері;
практикалық әдістер: оқудағы жауапкершілік және
(жазбаша жұмыстар, міндетті ынталандыдыру
поэтикалық талдау, көркем әдістері.
мәтінмен жұмыстар т.б.);
индуктивті және дедуктивті
әдістер, репродуктивті,
проблемалы ішінара іздену
әдістері, өз бетіеше жұмыс
істеу әдістері.

Мәселен, бірінші топтағы кейбір әдістерге тоқталатын болсақ.
Сөздік әдіс - берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді
қалыптастыру, сонын ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға
жеткізу үшін бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің
күре тамыры деуге болады.
Көрнекілік әдіс - берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда,
уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте
тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру үшін де
маңызы зор.
Практикалық әдістер - оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана
білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл әдіс көркем шығарманы талдау кезінде
жазушы тілін, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі – берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша
материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблема шештіру
мәселесіне тиімді. [14. 13]
Ю.К.Бабанский ұсынған топтастыруы барлық әдістердің жіктеуінің
қорытындысы іспеттес. Олар бірінен соң бірі оқушылардың материалды тану
ерекшеліктеріне қарай орналасқан.
Ал Р.Г. Лемберг әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай мына
түрлерін көрсетеді:
1. Ауызша баяндау әдісі.
2. Есеп шығару әдісі
3. Өнер құралдарын пайдалану әдісі.
4. Творчестволық әдіс.
Жоғарыда көрсетілген сұрыптауларды жалпы әдістер тобына жатқызуға
болады. Өйткені, олар барлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады.
Оқыту әдістерінің бұдан басқа да жіктелуі жоқ емес. Әр жүйенің алдына
қойған мақсаты, өзіндік ой жүйесі бар, сан түрлі оқыту әдісінің сан алуан
қырын ашып көрсету. Оқыту үрдісінде оқытушы сол жүйелердің бірнешеуін бір
мезгілде қолдануына да болады.
Өзінің білімі мен әдісін жетілдіруге ұмтылған оқытушы барлық жүйенің қыр-

-сырын толық меңгеріп ала білу керек.
Оқыту әдістерін жіктеуде мына мәселелерді ескеру қажет:
- әрбір әдіс оқыту процесінде дидактикалық міндетті шешеді;
- мұғалім мен оқушылардың өзара байланыс іс-әрекеті таным қабілетін
дамытудың негізгі құралы;
- әрбір автордың пікірін ескеріп, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру.
[5.275]
Оқыту әдіс - тәсілдерін жіктегенде ғалымдардың алдына қойылған негізгі
мақсаты – оқушыларға саналы білім беретін жолдарын табу.
Мектеп алдында тұрған жаңа талаптарды жүзеге асыру жолында әдіскерлер
мен педагогтар оқыту әдістері мен тәсілдерінің басқа да түрлерін
іздестіруде.
Дегенмен, оқыту әдістерін жіктеу де әлі көп мәселе шешілген жоқ, алдағы
уақытта зерттеуді қажет етеді.

ІІ-тарау: Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын
әдіс – тәсілдер жүйесі.
1. Әдебиет сабағының түрлері.
Басқа пәндерде сияқты әдебиет пәнінің де өзіндік сабақ түрлері бар.
Белгілі әдіскерлер, педагог-ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, әдебиет
пәніне тән мазмұнда сабақтар жүйесі жасалған болатын. Мұнда да бірнеше
принцип қалыптасқан. Мәселен, оқыту үрдісіндегі жеке тақырыпты оқытудағы
алатын орнына байланысты сабақ түрлерін алғашқылардың бірі болып В.В.
Голубков жіктеді.
Оның пікірінше: Әдебиет пәнінен өткізілетін әр сабақтың алға қойған
нақты мақсаты болуы қажет және ол көркем шығарманың табиғатын, құрылысын
толығымен ашатындай болуы керек, оқушылардың білімдерін тереңдету, белгілі
бір дағдыны жаттықтыру, яғни әдеби дамуының жаңа сатысына көтеруі керек.
Бұл жерде сабақтың мақсатына, мазмұнына қарай сабақ түрлері туралы сөз
етуге болады, - дей келе мынадай сабақ түрлерін ұсынады:
- кіріспе сабақ;
- көркем мәтінді оқу сабағы;
- мәтін бойынша әңгімелесу сабағы;
- шығарманы талдау сабағы;
- қосымша материалды зерттеу;
- қорытынды сабақтары. [15.276.]
Осы жіктеуде сабақ түрлерімен қатар сабақты ұйымдастыру тәсілдері де
көрсетілді, яғни аталған сабақ түрлерінің бірі екінші бір сабаққа
біріктіріліп элементі ретінде қолдануы жиі кездеседі.
Қазіргі таңда білім меңгеру үрдісінің зерттелуіне, жетілуіне оқушылардың
іскерлігіне, ақыл-ой қабілетінің дамуына басты назар аударылғандықтан,
сабақтарды түлеріне қарай жіктеуде тек қана оның мақсаты мен мазмұнымен
шектелуге болмайды. Сонымен бірге, оқыту әдістерін, мұғалім мен оқушылардың
сабақ үстіндегі оқу және оқыту іс-әрекетін ескеру керек.
Сабақтарды жіктеудің тағы бір принципі – оқу пәні ретіндегі әдебиеттің
дербес ерекшелігі негіз болады. Әдебиет – ойландыратын сабақ. Басқа
пәндермен салыстырғанда, мұнда сезім, эмоция, қиялдау, армандау әсері
ерекше байқалады. Әдебиет – адамның жан-дүниесін жаулап, оны өз еркіне
жетелеп алатын қасиетті дүние. Осыдан оны оқытудың маңыздылығы және
күрделілігі көрінеді. Бұл ерекшеліктерді сезген Н.И. Кудряшев: Көркем
шығармаларды оқу шәкірттердің тілін дамытумен тығыз байланысын ескере
отыра, оқушылардың әдебиет тарихы, әдебиет теориясы бойынша білімді
меңгеруіне қарай, сабақ үстіндегі бір элементінің басым болуына
байланысты әдебиет сабағының негізгі үш түрін атап көрсетуге болады, -
дейді. Олар:
1. Көркем шығарманы оқыту сабақтары:

- шығарманы көркем қабылдау сабақтары;

- мәтінмен терең жұмыс істеу сабақтары;
- көркем шығарманы жинақтау – қорыту сабақтары.
2. Әдебиет теориясы және тарихин оқыту сабақтары:
- әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру сабақтары;
- әдеби-сын мақалаларын зерттеу сбақтары;
- ақын-жазушы өмірбаянына арналған сабақтар;
- тарихи-әдеби материалдар бойынша сабақтар;
- пысықтау, бекіту сабақтары.
3. Тіл дамыту сабақтары:
- өмірден, өнерден, көркем шығармадан алған әсерлері бойынша шығармашылық
жұмыс сабақтары;
- ауызша әңгімеге және ауызша баяндама жасауға үйрететін сабақтар;
- шығарма жазуға үйрететін сабақтар
- шығарманы талдау сабақтары. [10.169]
Енді әрқайсысына жеке тоқталып, сипаттама берейік. Әдебиет пәнінің
негізі көркем шығармаға құрылатыны белгілі.
Көркем шығарманы оқыту сабақтарының негізгі мақсаты – көркем шығарманы
қабылдаудағы оқушылардың эстетикалық және адамгершілік қабілеттерін дамыту,
олардың санасын көркем бейнелермен байыту, адамгершілік эстетикалық, қоғами-
саяси тәрбие беру, көркем кітаппен өнермен қарым-қатынас жасау қажеттілігін
сезіне, өздігінен кітап таңдауға, оқылған шығарма туралы пікірін еркін
білдіруге үйрету болып табылады.
Осы топ ішіндегі сабақтардың біріншісі – шығарманы көркем қабылдау
сабақтары. Көркем шығарманы оқығаннан кейін әрбір адамда қандай да болсын
әсер қалатыны белгілі. Оның міндеті, Н. И. Кудряшев айтқандай: Сөз өнері
туындысымен тікелей қарым-қатынас жасау, оны қабылдау арқылы көркем
сезгіштікті дамыту, көркем қабылдаудың мәдениеттілігін қалыптастыру,
шығарманы тыңдауға немесе оқуға бейімдеу. Сондықтан шығарманы оқытуда бұл
сабақтарының алатын орны ерекше.
Оқушы шығарманы оқығаннан кейін жүргізілетін мәтінмен терең жұмыс істеу
сабақтарының міндеті – саналы түрде жазушы ойын, мақсатын, жасаған
бейнелерінің күрделілігін байқау, туындыны көркем бірлік ретінде түсіну.
Мұның барлығы ойлануды, салыстыруды, талдауды қажет ететін іскерлік арқылы
жүзеге асады.
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін көп еңбектену керек екендігі өзінен-ақ
түсінікті. Сабақтан мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеттері арқылы
ғана нәтиже шығады. Әдетте, алғашында мұғалім көркем шығарманы талдаудың
үлгісін өзі көрсетеді. Кейін оқушылар оған дағдыланып, сынып жоғарылаған
сайын көркем туындыны талдауды терең меңгеріп, шығармадағы жазушы ойын,
идеясын , т.т. логикалық түрде жеткізетін болады.
Көркем шығарманы талдау - қорыту сабақтары әдебиетте елеулі орын алады.
рөлі зор. Ол жүйелі, логикалық тұрғыдан дұрыс ойлауды дамытады, өз ойын
нақты факторлармен, мысалдармен дәлелдеуге үйретеді, оқылған талқыланған
шығарма бойынша оқушының өз ойы қалыптастырады.
Бірінші типтегі сабақ түрлері барлық сыныптарда, әсіресе, ортаңғы буында
өткізіледі.
Әдебиет теориясы және тарихин оқыту сабақ түрлері жұмыстың басқа
формасын қажет етсе де, бірінші жіктеудегі сабақ түрлерімен тығыз
байланысты.
Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарының оқу әрекетінің
сипатына қарай шығарманы оқыту сабақтарынан айырмашылығы бар. Әдебиеттің
негізінде көркем шығарма жатса да әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру
сабақтары көркем шығарманы оқыту сабақтарынан мақсаты, оқыту әрекетінің
түріне қарай біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру жағынан ерекшеленеді.
Мұнда оқушылар әдебиеттануға сүйеніп, көбірек ізденеді. Шығарманы талдау
барысында оның әрбір компоненті (бейне, тіл, композиция, т.т.) тұтастай
алынып, шығарманың бірыңғай өзіндік стилінде қарастырылады. Ал, теориялық
сабақтарда бірнеше көркем шығармадан бәріне ортақ бір компонент (мысалы,
композиция) әрбір шығармада өзінше көрініс тапса да, алынып салыстырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Әдебиетті тереңдетіп оқыту
Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Көрнекі құрал оқу моделі
Пәндер