Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы. Тарих және тұлға


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе бөлім . . . 2-3 б.

ІІ. Негізгі бөлім . . . 4-56 б.

І-тарау Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы.

1. 1. Таным туралы түсінік . . . 4-6 б.

1. 2. Танымдық қабілет . . . 7-11 б.

1. 3. Әдебиет - көркем өнердің озығы . . . 12-14 б.

1. 4. Көркем әдебиетті оқыту мәселесі . . . 15-23 б.

ІІ-тарау

2. 1. Тарих және тұлға . . . 24-30 б.

2. 2. « Тар жол, тайғақ кешудің» тағдыры . . . 31-39 б.

2. 3. Шығарма арқылы оқушы танымын арттыру . . . 40-47 б.

2. 4. Сабақ жоспары . . . 48-56 б.

ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 57 б.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58-59 б.

І. Кіріспе бөлім

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпысынтар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде белсенді, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғам дамуына үлес қоса алады. Сол себепті, қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - орта мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Осы орайда жекелеген пәндердің маңызын атап өту қажет. Математика - ой қисындылығын үйретсе, дене тәрбиесі - тән саулығын әкеледі. Ал әдебиет оқушыдан өнер адамын жасап қоймай, сол өнерді түсіне, сүйе білуге, одан жан жүрегіне қажет нәр, ләззат алып, рухани рахаттана білуге тәрбиелейді, эстетикалық таным мен талғамын қалыптастырады. Әдебиет жас жеткіншекке өмірдің сан алуан қырларын танытып қана қоймай ақ пен қараның, асыл мен бақырдың парқын салмақтай білуге, әр нәрсені өзінше бағалап, өзінше ой түюге, саналы өмір сүруге баулиды. Бұл, ең алдымен сабақ үрдісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда оқушы - даму үстіндегі жеке тұлға, мұғалім - жеке тұлғаға бағыт-бағдар беруші екенін атап өткен жөн. Оқушылардың зияткерлік деңгейінің төмендеп бара жатқаны, ойларын байыпты, дәл, анық, сауатты, көркем жеткізе алмауы, көркем әдебиетке деген құштарлықтың төмендеуі жан дүниенің жұтаңдалып, сезімінің жалаңаштануына алып келетін жайлар. Бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда «технократия» жаулаған санамызды, жаһанданудың астарында жатқан ұлтсыздандыру пиғылынан тек туған әдебиет сақтап қалатыны анық. Бұл мәселенің бір ұшы бүгінгідей ақпарат көздері көбейген заманда оқушылардың техникаға бейімділігінде жатса, бір ұшы әдебиетші мұғалімдердің оқушы қызығушылығын оята алмауында жатыр. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы - әдебиеттің маңызы зор екендігі, осыдан-ақ айқын көрінеді.

Жұмыстың басты мақсаты : Туған әдебиеттің қадірін таныту . Оқушы санасына ұлттық дүниетаным мен қасиетті дарыту жолдарын қарастыру. Осы орайда алынып отырған белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ақын Сәкен Сейфоллаұлының «Тар жол, тайғақ кешу» романын оқыту бұйырып отыр.

Жұмыстың өзектілігі: Әдебиет пәнінің, өзге пәндерге қарағанда, адам жанына, болмысына жақындығын таныту болып табылады.

Тарихтың шырғалаңынан сыр шертетін мемуарлық шығарма арқылы көтерер жүгі ауыр туған тілдің қадір-қасиетін жеткізу. «Естеріңізде болсын қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениеттті адамның қазақ болуы қиын. Баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. »[19; 200] - деп Жүсіпбек Аймауытов жанұшыра айтса, Ахмет Байтұрсынұлы « Көркем әдебиет оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп тұрмысындағы төңірек. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады. Өнер, ғылым бар адамдар тәрбиені ата-анадан да, төңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. »[30; 156] депті. Жүсіпбек Аймауытов айтқан ұлттық рухтың бірден-бір қайнары туған әдебиет екені сөзсіз. Ұлттық болмыс-бітімді, салт-сананы танытудың басты құралы - әдебиет.

«Тар жол, тайғақ кешу» романын оқыту барысында деңгейлеп оқыту әдісін, дамыта оқыту технологиясын, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіру жұмыстары ұсынылады.

Оқушының қоршаған ортаны қабылдау, ол туралы өз ойын қалыптастыратын тұжырым жасау қабілетін дамыта оқыту технологиясы жүзеге асырса, асқақ қиялын шығармашылық дәрежесіне деңгейлік тапсырмалар жеткізеді. Бұған көркем таным ұғымын қосуға болады. Өмірдің отты өзенінің ыстық толқынына көмілген тарихи тұлғалардың өмір мен қызметі әдебиетте қалады. Сөйтіп, әдебиетті оқыта отырып, шәкірттің көркем де әсерлі танымын арттыру көзделді.

ІІ. Негізгі бөлім

І. Әдебиеттің оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырудағы маңызы.

1. 1. Таным туралы түсінік.

Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Білім беру мен оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушыларды оқу материалын түсінуге өткенді жаңамен байланыстыруға ұмтылысынан көрінеді. Оқушылардың белсенділік танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі қолдана білуі болып табылады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.

Бала - тұтастай адам және ең алдымен, педагогикалық үрдіс оны толығынан, бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс. Бала өз өмірін ұдайы байыту, өзінің өсіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандыру сезімін басынан кешіреді. Егер оқу баланың позициясымен басқарылып, дамуға, дербестікке, адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады. [19; 57]

Балаларды түсіну - мұның өзі, «олардың кейпін кию», олармен бірге қуанып, бірге күйіну, олардың өмірін кешу деген Н. К. Крупская. «Әркім өз өмірін саналы түрде құруы үшін өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек. Ешнәрсеге ебі жоқ, қабілетсіз адам болмайды. » дейді Б. М. Теплов.

Біз сөз етіп отырған оқушылардың танымдық қабілетін зерттемес бұрын, таным ұғымына түсінік беруді дұрыс санадық.

Аристотель таным теориясын белгілі бір даму ретінде қарай отырып, әуелі жеке танушы субъектінің жалпыны түсінуге ұмтылатынын өзінің «Метафизика» атты еңбегінде жан-жақты талдап көрсетті. Таным процесі сезімдік қабылдаудан басталады екен. Одан соң тәжірибеге келеді де, ол сезімдік таным процесімен тығыз байланыста болып, санада сақтауды тудырады. [5; 124] Сөйтіп, тәжірибеде адамға жеке заттар туралы білім беріледі. Осы тәжірибеден кейін адам білімінің практикалық негізі қалыптасады. Білім қуаты жағынан - жалпыға, актуалдығы жағынан - дараға бағытталады.

Дүниетану деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқаттың критерийі(өлшеуіші) не - бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы гносеология (гректің gnosis - білім және logos- сөз, ілім) қарастырады. [7; 181]

Сонымен, адамның жаңа білімді игеру процесі таным деп аталады. Танымның субъектісі адам екені түсінікті. Л. Фейербах танымның субъектісі сана деп түсіндірген идеалистік көзқарасты сынай отырып, сана адамға тән рухани құбылыс екенін дұрыс атап көрсетті. Дүниені танып білу сезімдік қабылдаудан басталады. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету жатады. Түйсік дегеніміз - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін обьективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларының бейнеленуі. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Қабылдау - заттың біртұтас бейнесі. Сезімдік танымның үшінші формасы елестету деп аталады. Бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекі бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі. Елестетудің физиологиялық шарты - бұрын қабылданған нәрсенің бейнесінің ізі сақталып, қажетті кезінде қайта жаңғыртылуы. Таным процесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз ететін бұл функциясы ес, есте сақтау деп аталады. Есте сақтаусыз тану мүмкін емес.

Ерте замандардан-ақ өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін өзі, өзінің табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып білуге тырысты. Адам өмірі қоршаған ортада өтетіндіктен, сол қоршаған ортаның ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Оның сан алуан сырларын балаларға ұғындыру, таныстыру мәселесі ерте заманның өзінде -ақ ұлағатты тәлімгерлер назарында болған. Айналадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі деректер жиынтығы, әдетте, білім деп аталады. [15; 56]

Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін, қоршаған ортаны игеруге үйренеді. « Таным» - философиялық ұғым: « . . . айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі». Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелеріне материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылдаған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың белгілері ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Сөйтіп таным - өмірлік қызмет барысында іске асады. Таным - обьективті шындықты адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың болмысына дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты процесс барысы ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың диалектикалық жолы. Нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады( анализ, синтез, индукция, дедукция т. б. ) Оқушының іс-әрекеті танымдық іс-әрекет ретінде жүзеге асады, себебі, оның оқу іс-әрекетінің нәтижесі оның таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді. Ол үшін жаңа білім, білік пен дағдылардың көзі ашылады.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды тәжірбиесін береді. Тәрбие берудің басты құралы болып табылатын оқыту үрдісінде балардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру олардың рухани дамуын жетілдіру мұғалімнің басты міндеттеріне кіреді. Демек, оқыту - таным үрдісі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы басты міндет - оқушыны табиғат, қоғам мен адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Осыған орай, оқушылардың дүниені тануға бағытталған қабілеттеріне назар аудару қажет сияқты.

1. 2. Танымдық қабілет

Оқушы білім алу үшін оқу үрдісінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау, түстерді жақсы ажырата білу, қолдың икемділігі т. б. ) қиысып келуін яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет болады. Ақылдың оралымдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез сақтау, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т. т. осы секілді ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілетке жатады. Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Адамның бір іске қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік - адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бала айналасындағы нәрселерді танып-білуде өзі белсенділік көрсетпейінше, оны дұрыс ұғына алмайды. Бала қабілетінің дамуы үшін оның белсенділігі аса қажет. Іс-әрекетсіз оны меңгеруге бағытталған белсенді қимыл-қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес. Қорыта келгенде, қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы, творчестволықпен іс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Жаңа білім мен қабілеттің қалыптасуының стратегиясын П. Я. Гальперин былайша түсіндіреді. «В ходе воспроизводства деятельности ориентировочная деятельность свертывается, автоматизируется, обобщается, переносится во внутренний план - формируются новые знания, умения, способности и психические свойства. »[4; 509]

Жас өспірімге сыншылдық, ымырасыздық жеке басының қасиеттерін пір тұту, тәуелсіздікке, еркіндікке ұмтылу, еліктейтін обьект іздеу, өз орнын табуға ұмтылу, елеулі болуға ұмтылу тән. Есею кезінде оқуға саналы кірісу жиі байқалады. Белсенді қызығушылық, шама келгенше дүниені тану өзіндік ақпарат ізденісіне әкеледі. Оқушының танымдық әрекетіне қабылдау, ес, ойлау, қиял оған қоса сергектік, зейіннің шоғырлануы, қысқасы, белгілі бір әрекетке ішкі дайындығы мен қатысы жатады. Танымдық әрекеттің негізгі компоненті ойлау мен қиялдау. Қиялдау мен ойлау арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейі, олардың ойлау қабілетінің бір сатыдан екінші сатыға өтуі байқалады. Сабақта оқушының танымдық әрекетін ұйымдастыру - оқыту үрдісіне практикалық және логикалық тұрғыдан тиімді жағдай жасау болып табылады.

Оқушының ағзасында барлық физикалық және психикалық процестердің белгілі бір әрекетті атқаруға бейімделуі үшін ұстаз қолайлы жағдай жасайды. Бұл орайда мұғалімнің не айтқаны емес, қалай айтқаны маңызды. Озық тәжірибелі ұстаздар «жүректен шықпаған сөз, жүрекке жетпейді» деп тектен-текке айтпаған. Сабақ барысында оқушының материалды қабылдауы мен байқағыштық қасиетін тудыру да зор рөл атқарады. Қабылдау - зат бейнесінің тұтастай көрінісі(живое созерцание), басқаша айтқанда, таным процесінің баспалдағы. Оқу үрдісінде қабылдау ойлаумен, зат не құбылыс болмысын түсінумен айқындалады Таныс заттарды қабылдау оларды қаншалықты танитындығына келіп саяды. Затты тану - іштей оны атап, оның маңызын анықтап белгілі топқа жатқызуынан туындайды. Қабылдау кейін бақылауға көшеді. Бақылаудың дамуы өздігінен жүрмейді. Әр сабақ сайын оқушыларды жай ғана қарап қою емес - мұқият қарауға, жай ғана тыңдау емес - мұқият құлақ түруге, таңдау мен талғауға, оған қоса осының барлығын біріктіруге төселдіру қажет. Зейіннің шоғырлануы - материалды анық қабылдауға жол ашады. Оқушы зейінін жинақтау дегеніміз - олардың санасын оқу процесіне бағыттау, іске қосу, ойлануға итеру. Есті жаттықтыру да танымдық қабілетке айтарлықтай әсер етеді. Ес - барлық психикалық процестердің реттеушісі. Адамның болмыс-бітімін ес сақтайды.

Кез келген зат жайлы түсінік қалыптастыру - таным процесінің басты элементіне жатқызуға болады. Түсінік - логикалық ойлау, заттың болмысын бейнелеу. Кез келген танылатын нәрсе санада не сұрақ, не сұрақтар жүйесі ретінде қалыптаса бастайды. Ол сұрақ түсінуге деген қажеттіліктен туатыны заңдылық. Жауабы әзір болса - бірден танылады, кері жағдайда - жауап жоғары белсенділікпен ізделеді. Жауапты іздеу барысы ойлау әрекетінсіз жүзеге аспайды. Бұл жерде оқушының өзіндік белсенді шығармашылық ойлауы басты орынға шығады. Шығармашылық ойлауда оқушыларды проблемалық ситуацияға түсіру қажет. [1; 27]

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, кұштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну ушін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда оның жолдары мен дағдыларына белсенділіксіз жету мүмкін емес.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. [10; 8]

Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагог-әдіскерлер көптеген еңбектер арнаған.

Мектептің ғасырлар бойғы даму жолында алдыңғы қатарлы педагогикалык ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде жалпы төрт бағытты бөліп көрсетуге болады.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне ежелгі грек оқымыстылары: Сократ, Платон. Аристотель баланың белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, өз бетімен білім алудағы жетістіктері өзін-өзі тәрбиелеуде маңызды екендігін, жан-жақты жетілудің әрі объекті, әрі субъекті екендігін жан-жақты негіздеген. Олардың пікірінше белсенді ойлау адамның заттық., тәжірибелік іс-әрекетінің алғышарты болып табылады және ойлай отырып оқушы іздену арқылы өз бетімен білім алады. Өзіндік іс-әрекеті барысында балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруде белсенділігі артады деген пікірде болды. Бұл пікірлср ғасырлар бойы педагогтардың талдау нысанасы болып келді. Ол Мишель Монтень, Томас Mop, Томаззо Компанелла еңбектерінде жалғасын тапты. Енді баланы өз бетінше әрекет ететін саналы, ойлы сыншыл азамат тәрбиелеу талабы туындады. Ол үшін жаңа білімді игеруде өз бетінше жұмыс жасап, өзі таным жолына бет бұрып, таным өрісінің жаңа шеңберіне жету жолын дұрыс таңдап алуы қажет болды.

Дидактикалық-әдістемелік бағыт Я. А. Коменский еңбектерінен бастау ала оның «Ұлы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптері ұсыныла келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелері қарастырылды. Бұл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды. Бұл Ж. Ж. Руссоның, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервегтің және т. б. еңбектерінде дами түсті.

Үшінші психологиялық-дидактикалық бағыт К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин еңбектерінен бастау алады. Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудың педагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес , сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады. К. Д. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, "өз бетіншс жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы" деп есептеді. Осы жұмыстың нәтижесіне жету үшін мұғалім мен оқушының оқу үрдісіндегі еңбегін дұрыс бөлуі деп түсіндірді. К. Д. Ушинский педагогика ғылымында алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық- педагогикалық тұрғыда талдау жасайды.

Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, іс-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Ал К. Д. Ушинский мұғалімнің рөлін ескере отырып, ол оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу, көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. К. Д. Ушинскийдің пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамытты. Оның пікірінше, сабақта мұғалім бағыттаушы ғана, ал оқушының білімді игеруі өзіндік ішкі мүмкіндіктеріне байланыстылығын атап көрсетгі.

Төртінші жаңашыл педагогикалық бағыт . Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі өзгерістермен айқындалады.

Қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге баланың шығармашылық рухани дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады. Оқытудың жаңа технологиясы (инноватика, танымдық белсенділікті дамыту, модуль жүйесі, саралап, көп деңгейлік негізде, мультимедия жүйесін колдану т. б. ) озат зерттеушілер, жаңашыл педагогтар идеясы орта мектеп жағдайындағы білім берудің қызметіне жаңаша сипат әкелді. Танымдык. іс-әрекет, танымдык белсенділік, танымдык. ізденімпаздық мәселелері жөнінде оқу-әдістемелік, психология-педагогикалық әдебиеттерге ғылыми зерттеулерге шолу жасау барысында танылган жаңашыл педагогикалық бағытты бөліп көрсетуге болады. Ю. К. Бабанский білім беруді оңтайландыру жүйесін ұсынса, М. А. Данилов пен Б. П. Есипов оқушының танымдық міндеттерін шешуде танымдық белсенділікті қалыптастыратын оқыту әдістерінің дидактикалык тұрғыдағы классификациясын жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Оқушыларды сыныптан тыс креативтік шығармашылыққа баулу
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы
Теориялық оқу материалын оқып-үйренудің әдістері
Ойын технологиясын қолдану арқылы тарих сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz