Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1 Қазақстан Республикасының аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
3: 6
Кіріспе: 1. 1
3: Аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі туралы жалпы түсінік
6
Кіріспе: 1. 2
3: Аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау түрлері және ерекшеліктері
17
Кіріспе: 1. 3
3: Қазақстан Республикасында аз қамтамасыз етілген халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
27
Кіріспе: 2 Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау
3: 32
Кіріспе: 2. 1
3: Бурабай ауданын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөліміне сипаттама
32
Кіріспе: 2. 2
3: Бурабай ауданы бойынша аз қамтылған халықтың экономикалық жағдайына талдау жасау
38
Кіріспе: 2. 3
3: Бурабай ауданы бойынша аз қамтылған халықтармен жұмыс нәтежесі
46
Кіріспе:

3 Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтылған халықтарды әлеуметтік қорғауға арналған экперементтік бағдарлама

3. 1 Аз қамтамасыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған жобалық ұсыныс

3:

51

51

Кіріспе: Қорытынды
3: 59
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 61

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сипаттағы аз қамтылған халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерінің жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен үрдістерде алатын орны теориялық әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, әлеуметті-экономикалық талдауға ұмтылыс жасалды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау және қолдау проблемаларының деңгейін айқындауға, олардың шешу жолдарымен негізі бағыттарын анықтауға бірқатар көңіл бөлінді.

Әлеуметтік саясаттың тиімділігінің критерилеріне мемлекеттің экономикалық дамыту деңгейі тұрғындардың табысына байланысты теңсіздіктің өсуі немесе төмендеуі, жұмыс күшінің мобильділігінің жоғары не төменгі, зейнеткерлер жағдайының жақсаруы не төмендеуі жатады. Осы критеридің жиынтығы Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейінің не өскенін, не құлдырығанын көрсетеді. Сондықтан да мемлекеттік саясатының міндеті тек қана экономикалық көрсеткіштерді ғана жақсарту емес, қазіргі заманға сәйкес тұрғындарды әлеметтік қорғау жүйесінің болуында. Әлеуметтік қорғау дегеніміз азаматтардың өмірлік қажетті қорларға қол жеткізудің белгілі деңгейін және жағдайларында денсаулық жағдайына, асыраушысына не жұмысынан айырылуына байланысты экономикалық белсенді және ақылы еңбекке қатысу арқылы өзін табыспен қамтамасыз етуге бағытталған жүйе.

Сол себепті дипломдық жұмыстың тақырыбында қарастырылатын мәселелер еліміздің әлеуметтік саясатын шешу барысында өте өзекті мәселелердің бірі деп қарастыруға болады. Біздің қоршаған ортада болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеледі және өзінің негізгі оңтайлы шешімін табады. Әлеуметтік құбылыстар мен нақты әлеуметтік жағдайды талдау, бағалай білу, әлеуметтік проблемаларды тиімді шешу жолдары мен тәсілдері білікті түрде анықтау осы әлеуметтік жұмыс теориясында алатын орны орасан зор.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік жұмыстың даму болашағын жүйелі зерттеу өзекті және ерекше маңызды міндет болып келеді, бұл міндетті жүзеге асыруда аз қамтылған азаматтармен әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік қорғау үлкен роль атқарады, осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Зерттеудің мақсаты аз қамтылған халықтың өзекті мәселелерін зерттеу арқылы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау заңының негізгі қағидаларын қарастыру және жетілдіру жолдарын зерттеу.

Осы қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай келесі міндеттер қарастырылуы қажет:

  • Қазақстан Республикасында аз қамтамасыз етілген халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
  • Бурайбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаржылық экономикалық қызметін талдау;
  • Аз қамтылған халықтарға арналған экперементтік бағдарлама жасау.

Мәселені зерттеу дәрежесі: Қазақстанда әлеуметтік қызметтің қазіргі жағдайын зерттеуге әлеуметтік, экономика, облысындағы зерттеушілердің еңбектері қолданылды. Бұл дипломдық жұмыс зерттеуі негізінен әлеуметтік мәселесімен арнайы айналысатын шетелдiк және отандық зерттеушілердің жұмыстарына сүйенеді, атап айтқанда: Холостова Е. А. ; Курбатова ; Павленок П. Д. ; Фирсов М. В. ; Студенова Е. Г. ; Агафонов А. Н. ; Меңлібаев Қ. Н. ; және т. б. авторлардың еңбектері таңдалған тақырып бойынша зерттеушімен жеке ғылыми ізденісті өткізу үшін негіз болды.

Зерттеу объектісі Бурайбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасының аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің жайы және оны реттеудің жолдарын көрсету.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыстың жаңашылдығы ең алдымен Қазақстанда әлеуметтік саланың қазіргі жағдайына, даму перспективасына жаңа жолмен кешенді зерттеу жүргізілді. Қазақстанда әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының тиімділігін арттыру, дамуы ісінде тәжірибені жүзеге асыру үшін нақты қорытындылар және ұсыныстар жасалған. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылығын шарттайтын көбіне нәтижелер қатарына келесілерді жатқызуға болады:

  • Бурайбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін талдау нәтижесі;
  • Бурабай ауданы бойынша аз қамтылған халықтармен жұмыс нәтежесі;
  • берілген бағдарлама Бурабай ауданы бойынша аз қамтылған әлеуметтік қамтамасыз ету қызметін жақсартуға мүмкіндік береді.

Дипломның теориялық және әдістемелік негізі . Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін экономика және әлеуметтік сала облысындағы отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттер және диплом тақырыбына қатысты кезеңдік басылымдар мәліметтері құрайды. Материалды өндеу барысында логикалық, салыстырушылық, жүйелік және статистикалық талдаудың әдістері қолданылды. Зерттеудің нормативті - құқықтық базасын әлеуметтік жұмысқа және әлеуметтік іс - әрекетке қатысты мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстан Республикасының Президенттің, Үкіметтің және әлеуметтік жұмыста реттеушілік іс - әрекетпен айналысатын жергілікті мемлекеттік билік органдардың басқа да іс -жүзіндегі құжаттары; дипломдық жұмыстың ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жастар саясатын дамыту стратегиясы департаментінің, статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің материалдары құрайды.

  • Жазылған жұмыс зерттеушілердің сапасымен нормативті құжаттарымен, Бурайбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі есебімен, сонымен қатар, оқытылатын мамандықтардың материалдарымен қамтамасыздандырылды.

Жұмыстың ғылыми - тәжірибелік құндылығы алынған ғылыми нәтижелерді келесі бағыттар бойынша қолдануға болады:

  • Аз қамтамасыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған жобалық ұсыныс ұсынылды.
  • дипломдық жұмыстың ұсыныстарын Бурайбай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтылған халықтарды әлеуметтік қорғауда жұмыс жүргізгенде практикалық түрде қолдана алады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, ұсыныстар мен пікірлердің қорытындысынан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстан Республикасының аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері

1. 1 Аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі туралы жалпы түсінік

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.

Әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз - қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз - адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

Әлеуметтік қорғау - бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

Әлеуметтік жұмыстың және әлеуметтік саясаттың басты субъектісі ретінде мемлекет қоғамда нарықтық қатынастардың басты әлеуметтік қорғау функцияларын өзіне алады. Негізгі әлеуметтік кепілдіктер ҚР конституциясында бекітілген және әлеуметтік саясатта расталған.

Мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінде екі негізгі функция қарастырылыды: әлеуметтік төлемдер және мүгедектерге, жалғыз басты адамдарға, қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі, әлеуметтік қайырымдылық және қоғамдағы әлеуметтік сезімтал мүщелеріне мемлекеттің қамқорлығы принципіне негізделген. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау тұрғындардың барлық категорияларына әлеуметтік кепілдіктер жүйесінен таралуы керек. Әлеуметтік қорғау - келеңсіз жағдайлардың әсерінен (қарттық, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылу) экономикалық белсенді және лайықты төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін кіріспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтардың жеткілікті әл-ауқаты деңгейі мен өмірлік қажетті игіліктеріне қол жеткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ететін жүйе. Әлеуметтік қорғау жүйесінің көрсеткіштері елеулі дәрежеде мемлекеттің экономикалық дамуы деңгейімен өлшенеді. 2010 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға республикалық және жергілікті бюджеттен 175, 8 млн. теңге қаржы бөлінген болса, оның 51, 7 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 124, 0 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен төленді. Диаграмма қою

Жалпы алғанда, Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып, халықтың табысы мен еңбекақылары артуда. 2011 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік көмекке жұмсалған мемлекет шығыны 1 трлн. 75, 4 млрд. теңгені құрайды, бұл 2007 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 2, 3 есеге көп. Еліміздегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының ұсыныстары мен ұстанымдарына толық сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының аз қамтылған халықтарына әлеуметтік көмек көрсету түрлері әр түрлі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында және қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру. Осының аясында жыл сайын үкімет пен министрлікте ауқымды бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітіледі. Елдегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру “Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасында (2001 жыл) белгіленген, онда әлеуметтік қорғаудың негізгі салалары:

1) мемлекеттік жәрдемдер;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;

4) әлеуметтік көмек көзделген.

Бүгінде қазақстандықтардың табысы айтарлықтай артқан. Ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі 2010 жылы 6, 5 пайызға дейін азайды. Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі құрылды:

Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдендірген әлеуметтік төлемдер, яғни барлық азаматтарға қоғамның дамуына азаматтың қосқан жеке үлесін есепке алмай бірдей деңгейдегі төлемдер (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемдер, баланың дүниеге келуіне біржолғы төлем) .

Екінші деңгей - жұмыс өтілі мен еңбекке ақы төлеу мөлшеріне қарай жалпыға бірдей зейнетақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен әлеуметтік төлемдер, яғни, азаматтарды олардың қоғамды дамытуға жеке қосқан үлесін есепке ала отырып, қосымша әлеуметтік қамсыздандыру.

Үшінші деңгей - халықтың ерікті немесе кәсіби жинақтау жарналары есебінен әлеуметтік төлемдер.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, кедейлік шегінен төмен кірісі бар 137, 4 мың қазақстандыққа 2, 3 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар арқасында, бүгінгі таңда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер тиісінше 28, 9 және 11, 1 пайызға төмендеген.

Мемлекетіміздің басшысы Н. Ә Назарбаев айтқандай халқымыздың әл -ауқатын жақсару біздің ең басты масаттарымыздың бірі деп атап кеткен. Аз қамтамасыз етілген халықтардың жағдайын жақсарту яғни, әлеуметтік қолдау көрсету туралы мемлекеттік атаулы көмек көрсету туралы заңы Қазақстан Республикасында 2001ж 17-ші шілдеде қабылданды. Жалпы әлеуметтік қорғау дегеніміз жағдайы нашар азаматтардың өмірлік мәселелері мен жағдайларында, денсаулық жағдайына, экономикалык белсенділігінің төмендігіне асыраушысынан не жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік көмектермен қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Бұл жүйе 4 элементтерден тұрады:

  • мемлекеттік жәрдемақылар
  • мемлекеттік түрдегі әлеуметтік сақтандыру
  • жинақталған зейнетақылармен қамтамасыз ету

әлеуметтік көмектер Бұл қызметті мемлекеттік мемлекеттік емес жүйедегі мекемелер атқарады. әлеуметтік қызмет 2 бағытта өткізіледі:

  • Әлеуметтік қорғау.
  • Әлеуметтік жәрдем.

Әлеуметтік қорғауды ұйымдастырумен 1996 жылы Президент жарлығымен құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты. 2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар: базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер. Қалада халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтары, оның ішінде ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар аз қамтылған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үлкен жұмыс жүргізіледі. 2011 жылы әлеуметтік көмекпен 62 мыңнан астам адам қамтылды.

Қоғамның тағы да бір әлжуаз таптарына арналған мемлекет тарапынан жасалынатын қолдаулар жүйесі көрсетілген. 2008 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13371 теңгені құрады
Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген. ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша әзірленген Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік шаралары Қазақстанда кедейлікті 8, 2-ден 6% дейін төмендетуге мүмкіндік береді, жұмыссыздық деңгейі 5, 5% пайыздан аспайтын болады. Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға пилоттық тәртіпте республикалық бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар жергілікті телеарнада аумақтық орталықтың демеушілердің көмегімен кемтар балаларға және жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары туралы 9 бейнематериал жұртшылық назарына ұсынылды.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетедi. Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi мемлекеттiк қызмет алу үшiн кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне (бұдан әрi - ауылдық округтiң әкiмi) өтiнiш жасайды.
Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
Мемлекеттiк қызмет «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тарауының, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http://www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органның, ауылдық округ әкiмiнiң стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тұтынушыға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi тұтынушыларға) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
уәкiлеттi органға - он күнтiзбелiк күн iшiнде;

тұрғылықты жерi бойынша ауылдық округ әкiмiне - отыз күнтiзбелiк күннен аспайды;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн кезекте күтудiң ең жоғары шектi уақыты бiр өтiнiш берушiге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты - 15 минуттан аспайды. Уәкiлеттi органның және ауылдық округ әкiмiнiң үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай болады, үй-жайға кiру режимi - еркiн. .

Әлеуметтік кепілдіктер - көпуақытты механизмінің әрекеті, мемлекеттің міндетті заңдармен қарастырылған, азаматтардың құқықтарын орындауға бағытталған. Мемлекеттің әлеуметтік негізі минималды әлеуметтік стандарттар болуы тиіс. Минималды әлеуметтік стандарттар - әлеуметтік қорғаудың минималды деңгейді бекітетін, ҚР заңдылықпен бекітілген нормалар мен нормативтер. Мемлекеттік әлеуметтік стандарт жүйесін өзара байланысқан мемлекетік минималды әлеуметтік стандарт саласында құрайды:

Мемлекеттік минималды стандарт сапасында еңбекті төлеу саласында бекітіледі:

  • еңбекті төлеудің минималды мөлшері;
  • бюджет саласында жұмыскерлердің еңбекті төлеудің біркелкілігі.

Мемлекеттік стандарттар білім саласында келесілерді ұйғарады:

  • білім беру мекемелерінде тегін қызмет көрсету
  • оқитындарды әлеуметтік экономикалық қолдаудың нормалары
  • мемлекеттік оқу мекемелерінде тегін жоғары білім алатын студенттер санының нормативі және стипендияның мөлшері.

Сурет 1 Мемлекеттік әлеуметтік стандарт жүйесін өзара байланысқан мемлекетік минималды әлеуметтік стандарт саласы

Мемлекеттік кепілдіктердің минималды шектеулері басқа да заңдылық актармен расталады, соның ішінде «Денсаулық сақтау туралы», «Білім туралы», «Мәдениет туралы» және т. б.

Денсаулық сақтау саласында минималды әлеуметтік кепілдіктер ҚР заңымен бекітіледі. Медициналық көмек көрсетуде қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады: аудандарда мың тұрғынға амбулаторлық мекемелерді дәрігерлермен қамсыздандыру.

Минималды еңбекақы - жұмыскердің мамандандырылмаған еңбегінің еңбекақы деңгейі. Ол заңдылықпен немесе арнайы келісіммен бекітіледі.

Еңбекті төлеудің минималды мөлшерінің кепілді мінездемесі бар. Бұл жұмыскердің еңбегі үшін нақты бір айда сыйақы алуға құқығы бар екендігін көрсетеді.

Минималды еңбекақының мөлшері күн көріс минимуммен анықталады. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда бұл мемлекеттің экономикалық дамуының артта қалуы немесе реттейтін жүйенің жетілдірілмегенін көрсетеді, өйткені минималды еңбекақы - мемлекеттің минималды кепілдіктерінің бірі болып саналады.

Минималды еңбекақы тұтынушылық минимумымының сәйкестігі тек экономикалық тұрақтылық жағдайларымен ғана мүмкін және өндірістің нақты биік деңгейімен.

Минималды әлеуметтік кепілдіктерінің ең негізгі аспектілерінің бірі жұмыссыздықтан қорғау кепілдігі болып саналады. Бұл мәселелерді шешуде екі жағы бар: бір жағынан, жұмыспен қамту үшін экономикалық жағдайларды жасау және тұрғындардың өзін жұмыспен қамтуы, екінші жағынан, мемлекеттік қолдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру
Бурабай аудандық маслихатының жергілікті басқару құрылымы мен қызметтерін бағалау
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Кедейшілік жайлы
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын теориялық талдау
Жұмыспен қамту бөлімі
Студенттің өндірістік тәжірибе кезіндегі міндеттері
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Астана қаласының әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz