Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . . . 3

1 Адам және азаматтың конституциялық құқықтары: түрлері мен міндеттері . . . 6

1. 1. Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі . . . 6

1. 2. Адам құқығының түсінігі, саяси құқықтары мен бостандықтары . . . 8

1. 3. Адамзат ұғымы олардың құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу . . . 16

2 Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы . . . 31

2. 1. Кеңес дәуіріндегі қазақстандағы адам құқығының мәселелері . . . 31

2. 2. Қазақстан адам құқығын қорғаудың әлемдік жүйесінде . . . 38

2. 3. Қазақтан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесінде . . . 49

3 Қазақстан республикасындағы адам құқығын қорғаудағы институттардың қалыптасу мәселелері . . . 59

3. 1. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық мемлекеттік институттар . . . 59

3. 2. Адам құқығын қорғаудың мемлекеттік емес институттары . . . 61

Қорытынды . . . 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Кіріспе.

Бұл тақырыптың өзектілігі: Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен бостандықтарын әрқашанда белсенді түрде қорғап, сендіру керек. Республикада адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек. Осы дипломдық жұмысты таңдап алғандағы негізгі мақсатым, халықаралық құқықтағы адам құқығына терең үңіле отырып, қазіргі кезеңдегі айтулы келеңсіздіктер мен олқылықтардың орнын алу жолдарын қарастыра отырып, осы құқықтар мен бостандықтарды қорғауды жүйелі түрде ұйымдастыру үшін қандай мәселелер шешілуі керек екендігін талдадым.

Зерттеу объектісі: Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында. Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың, тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын. Әскерге шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің қорғау системасы дұрыс қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы, мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары, адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп тастады.

Зерттеу пәні: Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының оқиғалары кездеседі. Адам ар абыройын қорлайтындай негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады. Зерттеу әдістері: Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек алуға, қосымша құқықтық механизмдер құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз әрекет етуін қамтамасыз ету қажет. Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ, "аралас мәртебесі" бар халықтар санаты да болуы мүмкін, яғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады. Тар мағынадағы "халық" ұғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халық деп айтады.

Ғылыми жаңалығы: Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғұрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердің, қос азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-кұқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын, халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-біріне беру туралы мәселені де шешіп отырады. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, онда ғарыш кемесі экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларында көмектесудің құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай қарулы жанжал жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі екі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім- туындайды. Халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әр түрлі болатыны сөзсіз, осыған орай халықаралық құқықтағы сапалық өзгерістердін ішкі заңдарға әсер ету дәрежесі мен сапасы да артып келеді.

Зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, кіріспеден тұрады. Бірінші бөлім Қазақстандағы адам, адамзат құқығы тарихы, кеңес дәуіріндегі қазақстандағы адам құқығының бұзылу тарихы, Қазақстан адам құқығын қорғаудың әлемдік жүйесінде, Қазақтан адам құқығын қорғаудың аймақтық жүйесі қарастырылады. Екінші бөлімде мемлекет және құқық теориясы бойынша жеке тұлға, адам, адамзат ұғымының теориялық аспектілері талдау жасалынады. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы институттардың қалыптасу мәселелері, Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық мемлекеттік институттар, адам құқығын қорғаудың мемлекеттік емес институттары үшінші бөлімде көрсетіледі.

Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген.

  1. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары: түрлері мен міндеттері.

1. 1 Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т. б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.

Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.

Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.

Индивид - жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.

Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.

Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.

Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.

Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.

Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем - бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т. б. қамтиды.

Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т. б. қамтиды.

Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.

Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:

а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;

ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:

Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.

Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.

1. 2 Адам құқығының түсінігі, саяси құқықтары мен бостандықтары

Заң адам құқығын, оларды пайдаланушы жеке тұлғаны мемлекеттің теріс пайдалануынан қорғауы тиіс деген қағида 1690 жылы Джон Локктың "Басқару туралы екі трактаты" еңбегінде алғаш рет шыққан.

Джон Локк заттардың табиғи тәртібіне байланысты бірінші орында мемлекет құқығы емес, адам құқығы тұруы тиіс деп ойлаған. Өз еңбегінде Джон Локк ағылшындарға билікті сыйлаушы кезең 1688 жылғы Революция нәтижесінде пайда болған құқықтық көтерді. Ұлы Британияның жазылмаған Конституциясы нақты басымдылығын, француз саясаткер философы Монтескье 1748 жылғы "Заңдар жаны туралы" шығармашылығында өзара заң шығарушы, атқарушы және билік сот тармақтары құзіреттерінің айрықша бөлінуін анықтады және түсіндіріп берді. 1762 жылы Жан Жак Руссо адам құқығының революяциялық қабілетін айтты: "Адам тәуелсіз болып туылады, бірақ бүкіл жерде шынжырмен байлаулы". Кейінірек Америкада бүкіл Европада демократиялық революциялар басталды. 1776 жылы 4 шілдеде Филодельфияда Американың тәуелсіздік Декларациясы қабылданды. Томас Джефферсонның бұл құжатында Дж. Локк, Монтескье және Руссоның интеллектуалды ықпалы көрінеді. Адам құқығының оларды өкіметтің қорғау міндетін салтанатты қабылдап, хабарлап, он үш Америка Құрама Штаттарының делегаттары жариялады:

- біз өз айқындылық ақиқаты деп ойлаймыз. Бүкіл адамдар тең жаратылған және жаратушы мен бөлінбейтін құқықтар берілген, соның ішінде бостандық, өмір сүру және бақытқа ұмтылу құқығы кіреді;

- осы құқықтары қамтамасыз ету үшін адамдар үкімет құрады, әділетті үкімет басқарылатындардың келісіміне негізделеді;

- егер қандай да бір мемлекет құрылымы осы құқықтарды бұзса, онда халық оны өзгертуге немесе қысқартуғажәне жаңа құрылым орнатуға құқылы. Олар халықтың игілік іс-әрекеттерін және қауіпсіздігін өте жақсы қамтамасыз ететін қағидаларға негізделуге тиіс. Саяси қатынаста XVIII ғасырдың соңғы он жылдығы адам құқықтарын бекітуде қолайлы уақыт болды. Бастилияның құлауынан кейін бірнеше апта өткен соң, 1789 жылы 27 тамызда халық жиналысы Лафайеттің құжаттар жобасы адам және азамат Декларациясы ретінде қабылданды. Көбі оның ой-желісі философ Руссоның және Филадельфиялық тәжірибенің жалғастырушысы ретінде танылды.

Француз Декларациясы "жоғарғы тәңір алдында және оның игілік еркімен төмендегідей адам және азамат құқықтарын" растады және жариялады. [16]

  1. Адамдар тәуелсіз және тең құқылы болып туылады және қалады.

Қоғамдық өзгешеліктер тек қоғам қажеттіліктерінің пайдасын ойлау негізінде ғана жүргізіледі;

  1. Бүкіл саяси бірлестіктердің мақсаты табиғи және бөлінбейтін адам құқықтарын қамтамасыз ету. Мұндай бостандық, жеке меншік, қауіпсіздік және езгілікке қарсылық.
  2. Егеменділіктің қайнар көзі халыққа тікелей байланысы бар. Ешқандай да корпорация, бірде-бір жеке дара осы қайнар көзден шықпайтын билікті иемдене алмайды.
  3. Бостандық басқаға зиян келтірмейтін бүкіл нәрсе істеуге мүмкіндік беруден тұрады. Сондықтан да адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру шекарасы басқа да қоғам мүшелерінің дәл сол құқықтарды пайдалануды қамтамасыз ететінділігі. Шекараларды тек заңмен ғана анықтауы мүмкін.
  4. Заң тек қоғамға қауіпті әрекеттерге тиым салады. Заңмен тиым салынбаған нәрсенің бүкілі рұқсат етіледі және заңмен рұқсат етілмеген әрекетке ешкім де мәжбүрленуі тиісті емес.
  5. Заң - жалпы ерікті білдіруші. Бүкіл азаматтар оның құрылуына тікелей немесе өздерінің өкілдері арқылы қатысуға құқылы. Ол барлығы үшін, өзінің қорғаушылығын көрсеткенде не жазылғанда тең болуы тиіс.
  6. Ешкім де айыпталуға, қамауға немесе тұтқынға тартылмай, егер заңмен көрсетілген және заңда жазылған тәртібін сақталу жағдайымен жүзеге асырылмаса. Сондай заңсыз бұйрықта шығарған, жүзеге асырған оны орындау туралы бұйрық берген кімді-кім жазаланады, бірақ заң күшіне сәйкес шақырылған немесе ұсталған әр азамат сөзсіз бағынуы керек, қарсылық көрсеткен жағдайда ол жауаптылыққа тартылады.
  7. Заң тек дәлме-дәл даусыз қажетті жазаларды орнатады. Заң күшін тиісті қолдану шығарылғанға және жарияланғанға дейін құқық бұзушылық жүзеге асырылса жазаланбайды.
  8. Әр адамның кінәліліге белгілі болғанға дейін кінәсіздеп боджаланады.
  9. Ешкім де өз пікірін білдіруде ыңғайсызданбауы керек, діни пікірдің өзінде де, өйткені мұның сипаты заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті бұзбайды.
  10. Ойларын және пікірлерін тәуелсіз білдіруі адамның қымбат бағалы құқығының бірі.
  11. Адам және азаматтар құқығын қамтамасыз ету қарулы күштерді пайдалануды керек етеді.
  12. Қарулды күштерді және әкімшіліктерді қаржымен қамтамасыз ету үшін жалпы алымда қажет, ола бүкіл азаматтардың жағдайына байланысты бөлінуі керек.
  13. Барлық азаматтардың өздеріне өкілдері арқылы мемлекеттік алымдардың қажеттілігін белгілеуге, оны алуға әркім келісім ьеруге, оның шығындалуын бақылауға және оның бөліктің мөлшерін, негізін алу тәртібіін және ұзақтығын анықтауға құқықтары бар.
  14. Қоғам әр лацуазымды тұлғадан оған сеніп тапсырған басқару саласына байланысты есеп беруді талап етуді құқылы.
  15. Құқықтық пайдалануды қамтамасыз ту және билікті бөлу жүргізілмеген әр қоғам конституциясына ие болмайды.
  16. Меншік қасиетті әрі қол сұғылмайтын құқық болғандықтан, алдын-ала және әділетті түрде орнын толтыру шартымен тек заңмен белгіленген, қоғамға аса қажетті реттерден басқа кезде ешкімді де ол құқығынан айыруға болмайды.

Өздері мойындаған және жариялап отырған бастамалар негізінде Франция Конституциясын бекіте отырып Ұлттық жиналыс құқықтардың теңдігі мен еркінділігіне зиян келтіретін, бекітулердің күшін жояды. Американың Тәуелсіздік Декларациясы, Францияның адам және азамат құқық Декларациясы XVIII ғасырдың интеллектуалдық және құжаттық негізін құрады және кейінгі екі ғасырда адам құқықтарын қорғау заңдылықтарын жүзеге асырды. Қазіргі таңда адам құқықтарының конституциялық кепілі кең ауқымда тараған. Бір зерттеудің көрсетуі бойынша, адам құқығын және негізгі бостандықтарын 1788 жылдан 1948 жылдар аралығында қабылданған Ұлттық Констиитуцияның 82 процентінде 1949 жылдан 1975 жылдар аралығында қабылданған ұлттық конгституциялардың 93 процентінде ескерілінген. Бүгінгші таңда адам құқықтарын қорғау қағидасы жүзден аса ұлттық конституцияларда бекітілген. [29]

1789 жылғы француздық "адам және азамат құқығы" декларациясынан кейін көптеген ел конституцияларында осы екі субъектілердің құқықтық жағдайына байланысты нормалар пайда бола бастады.

Адам құқығы - бұл тұлғаға тумасынан берілетін одан бөлінбейтін құқықтар. Бодандық және тәуелділіктен құтылу үшін буржуазиялық революционерлер монархтен және шіркеуден олардың негізгі құқықтарын мойындауды талап етті. Ал қазіргі уақытта мұндай талаптар тоталитарлық және авторитарлық мемлекеттерде қойылып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы теориясы
Мамандықтың пәндер каталогы
Қазақстан Республикасында жер құқықтық қатынастарын реттеу тарихы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Ислам шығуының идеялық бастауы
Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Адам құқығының тарихы
Мемлекет және азаматтық қоғам қағидаларын қарастыру
Меншіктің қазіргі формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz