Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Заңтану және кеден ісі кафедрасы
Қорғауға рұқсат беріледі:
Кафедра меңгерушісі:
з. ғ. к. Тасым Ж. К.
«»200_ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Рента шартының шарттардың бір түрі ретіндегі құқықтық аспектілері
ОРЫНДАҒАН СТУДЕНТ: Туктубаева А. Т.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: З. ғ. к. Тасым Ж. К.
(қолы, мерзімі)
Көкшетау, 2009
ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ, СИМВОЛДАРДЫҢ, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҮЕҰ - Үкіметтік емес ұйымдар
КЕҰ - Коммерциялық емес ұйымдар
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
ӘҚСК - Әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ, СИМВОЛДАРДЫҢ, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ
ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ 5
1 ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ
1. 1 Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі азаматтық қоғамның қалыптасу концепциялары
1. 2 Орта ғасырдық Еуропада азаматтық қоғамның түсінігінің даму жағдайлары
2 АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ 30
2. 1 Азаматтық қоғамның түсінігі 33
2. 2 Азаматтық қоғамның ғылыми концепциялары 35
3 ҚР-ҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 45
3. 1 ҚР-да азаматтық қоғамның қалыптасуы мен даму жолдары 48
3. 2 Азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің ерекшеліктері 57
3. 3 Азаматтық қоғамның қалыптасуының құқықтық аспектілері 61
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 70
ҚОСЫМША 75
КІРІСПЕ
Мемлекетіміз алдына құқықтық демократиялық және азаматтық қоғам құруды мақсат етіп қойған. Конституцияның 1-бабында «ҚР-сы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде, орнақтырады»-деп айқын жазылған[1] . Азаматтық қоғам жайлы кең әңгіме болғанымен, оның құқықтық мәселелері азаматтық қоғамның қалыптасуы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі, оның мәнің түсіну, жетекші институттарын саралау, мемлекеттік органдардың азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалын анықтау, т. б. күрделі мәселелер әлі күнге дейін кешенді түрде айқындалмаған.
Қазақстан Республикасы үшін азаматтық қоғам институттарын дамыту басты қажеттілік болып табылады. Азаматтық қоғам институттарның өсуі белгілі кезең шегінде жүзеге асырылады. Жаңа замаңда осы институттары өсу үшін жаңа алдынғы қатарлы механизм қажет.
Тақырыб өзектілігі азаматтық қоғамның дамуына әсер ететің негізгі мәселелерді анықтаумен байланыстырылады.
Сол үшін: біріншіден, ҚР-сы қол қойған халықаралық шарттар мен пактілерді ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру; екішіден, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; үшіншіден, халықтың жоғарғы саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау; адам құқықтарын қорғаудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру; азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту қажет.
Зерттеу мақсаты - азаматтық қоғамның пайда болуын анықтап және оны қадағалау саласындағы мемлекет қызметінің мінездемесін жасау болып табылады. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар орындалды:
- азаматтық қоғам зерттеуіндегі теоретикалық аспектілерді ашу;
- азаматтық қоғам зерттеуінің методологиялық аспектілерін қолдану;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамға жетілдіру мен
дамытуға бағытталған саясатты қарастыру.
Зерттеу обектісі азаматтық қоғам институттарының пайда болуы мен қызмет етуін қадағалайтын ұйымдастырушы-құқықтық процестер.
Зерттеу пәні - жаңа замаңда азаматтық қоғамды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер қолданылды.
Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және қорытындылау әдістері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, автормен Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам саясатың қолдауға бағытталған негізгі шараларды ұсынуынан тұрады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде таңдалған жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу пәні, зерттеу тәсілдері, ғылыми жаңашылдығы мен құрылымы көрсетілген.
Бірінші тарауда Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі азаматтық қоғамның қалыптасу концепциялары, Орта ғасырдық Батыс Европадағы азаматтық қоғам түсінігінің даму жағдайлары анықталған.
Екінші тарауда азаматтық қоғамның түсінгі мен ғылыми концепциялары көрсетілген.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен даму жолдары, негізгі элементтерінің ерекшелігі, қалыптасуының құқықтық аспектілері толықтай зерттелген.
Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген.
1 ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ПРОЦЕСІ
1. 1 Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі азаматтық қоғамның қалыптасу концепциялары
Философиялық анықтама ретінде азаматтық қоғам ғылымға Аристотельмен енгізілген. Ол айтқан, мемлекеттің түсінігін анықтау үшін ең біріншіден «азамат» деген анықтаманы анықтау қажет, өйткені мемлекет ол азаматтардың бірлігі, азаматтық қоғам. Аристотельдің «Саясат» еңбегінде айтылған: Нағыз азаматтық, яғни қауым азаматтарынан құрылған қоғамда, жоғарғы билік қауым мүшелерінің мүделерін қорғайды, азаматтар ретінде танылған тұлғалар (құлдар емес) «қоғамдық өмірдің барлық тиімді жердерінде тең қатысқан жағдайда» ғана бола алады. Осындай демократияның қазіргі демократиядан айырмашылығы, ежелгігрециялық демократиядағы конституция, мемлекеттік билікке жүктелетін конституциялық шектеулер және де мемлекеттегі құқықтық идея сияқты түсініктердің болмағандығына байланысты.
Ежелгігрециялық ойшылдарда философиялық аспектілер полиске тіреледі. Өзінің дамыған нысанында полис өзін-өзі ұйымдастырушылықтың дамыған жүйесін қалыптастырған, ондағы басым рөлді көндіруге ие болған институттар атқарған. Полис азаматтары бірін бірі білген және оның барлық территориясын таудың шынынан көруге болар еді. Полистің жалпы мүдделері жеке азаматтардың мүдделерімен байланысты болған, ал егер олардың мүдделерінің арсында қайшылықтар болған кезде, басымдылық біріншілерге берілген. Адам, еркше тұлға болғанмен, мемлекет-полиске тәуелді болған.
Б. з. д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылыстан қоғамдық өмірдің ерте таптық және қоғамдық формасына көшу халықтың әлеуметтік жіктелу процесін одан әрі күшейтіп ру ақсүйектерімен мен қайыршаланған қауым мүшелерінің, байлар мен кедейлердің, еріктілер мен құлдардың арасындағы күресті шиеленістіре түсті. Осындай жағжайда ежелгі грек полистерінде басқару формасының өздері жақтаған түрін орнату жолында әртүрлі әлеуметтік топтар арасында аяусыз күрес жүреді. Ол кездегі басқару формасының негізгі түрлері мынадай еді: аристократия (ескі немесе жаңа ақсүйектер тобы), олигархия (байлар мен дәулеттілер тобы) және демократия (халық билігі) . Осындай күрес нәтижесінде б. з. д. VI-V ғғ. әртүрлі полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болып, одан әрі дамыды. Афиныда демократия, Фивыда олигархия, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы процесс Ежелгі Грецияның саяси және құқықтық ілімінде көрініс тапты.
Ежелгі грек полистерінде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Ерте кезең (б. з. д. IX-VI ғғ. ) ежелгі грек ме, млекеттілігінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «жеті данышпан») байқалады және азаматтық қоғам проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екінші кезең - (б. з. д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құқықтық ойлардың гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т. б. ) . Үшінші кезең - (б. з. д. IV ғасырдың екінші жартысы мен II ғасырлары) элинизм кезеңі, ежелгі грек мемлекеттілігінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер, Полибий және т. б. ) .
Б. з. д. V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына азаматтық қоғам, мемлекет, саясат туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың тереңдеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б. з. д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, азаматтық қоғамның пайда болуы мен тұрақтануын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Дамудың осы процесі барысында адамдар қажеттілік әсерінен, табиғат пен оның ерекшеліктеріне бақылау жасай отырып қоғамдық өмірге қажетті негізгі білім мен қабілетті қалыптастырады.
Азаматтық қоғамның бір белгілерінің бірі - халық билігінің болуы болып табылады. Мемлекеттік басқаруда халық билігі - демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, «Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік қасиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады». Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және сондай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс. Адамдардың табиғи теңдігі туралы қағиданы негізге алған ол адамдардың барлығы да элиндіктер мен варварлар да, дәулеттілермен қарапайым адамдар да табиғи қажеттілікті тұтынады дейді. Адмдардың теңсіздігі табиғаттан емес, (бұл теңсіздік) адамдардың өздері шығарған заңдардан пайда болды деген қорытынды жасайды. «Табиғат бойынша біз барлық қарым-қатынаста теңбіз» - деп жазады Антифонт. Ол бұл жерде барлық адамның табиғаттан қажеттілігі бірдей екеніне ерекше көңіл бөлу керектігін айтады. «Полис заңдары» мен «табиғат заңдарын» бөле отырып, ол негізгі басымдықты табиғат заңдарына» береді.
Антикалық азаматтық қоғамның саяси құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонның шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б. з. д. 384-322жж. ) есімімен тікелей байланысты. Кейбір деректер бойынша, ол азаматтық қоғам жөнінде 20-дан 50-ге дейін ғылыми еңбектердің авторы болып табылады. Оның «Саясат», «Афины политиясы», «Никомах этикасы» және т. б. еңбектер әлі күнге дейін құндылығын жоймаған ғылыми шығармалар болып саналады. Ол өзі өмір сүрген замаңдағы құл иеленуші мемлекеттің әртүрлі формаларын зерттеп, оның үш түрін көрсетті. Аристотель тұнғыш рет азаматтық және азаматтық қоғам жөнінде талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде азаматтық қоғам ретінде құқықтық мемлекетпен байланысты. Оның көз қарасы бойынша азаматтық қоғамды ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясатың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін - теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы - азаматтық құқықтық мәмлелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т. б., ал үлестіру әділдігі «геометриалық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге қарай негізделеді.
Азаматтық қоғамның Афина мемлекетінде көрініс табуы мемлекеттің басты билік органдарындағы - халық жиналысы, бес жүздіктер кеңесі, ареопаг болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы - эклексия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театырында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа тлған афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар антиканың қала тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру үйрену үшін Пир ауданында бірге жиналады. Афина азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап ұстау, өзі тұрған полиске көмек беру, отанды қорғау, үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді қатысу кіретін.
Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер өмір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы жөнінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жұмсалғаның тексеру, жоғары сот қызметін өткізу, халық жиналысы басқару органдары болды. Антикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып тұрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды. Бесжүздіктер кеңесі, архонт, Ареопаг дегендер болды.
Әлемдік ақыл-ой тарихындағы ұлы адамдар қатарынан көрнекті орын алған Сократ азаматтық қоғам жөніндегі кейбір көзқарастарын сынға алғанымен, олардың көптеген идеяларын одан әрі дамытты. Өзін «даналыққа құштар» философпын деп есептеген ол алғашқы философиялық білімді ұстазы Продиктан алды. Ол басқалар сияқты өз мектебін құрған жоқ. Оның замандастары мен шәкірттерінің айтуына қарағанда ол азаматтық қоғам идеяларын кез келген жерде, ел аралап, көпшілік жерде берген. Ол өзінің идеяларын сұрақ-жауап түріндегі диалог арқылы өткізген. Қарастырып отырған мәселені әңгімелесу, сұрақ беру, сұраққа жауап қайтару арқылы түсіндіруге, оның ақиқатына жетуге тырысты. «Мен өзінің түк білмейтіндігімді білемін, ал басқалар тіпті мұны да білмейді» деген ұлағатты сөзін өз философиясының басты қағидаларының бірі ретінде ұстанады. «Басқаны білу үшін алдымен «өзінді-өзін таны» деген қағида оның «мемлекетті басқарғын келсе, алдымен өзінді-өзін басқаруды үйрен» деген тұжырымына сәйкес келеді.
«Заң» деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымының екінші жобасын ұсынды. Онда маңызды рөлді азаматтық қоғам атқарған. Екінше мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскілерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түрінде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттің жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлықтың заң шеңберіндегі шегі анықталады. Жеке меншік иелерінің ешқайсысы да алтынға немесе күміске ие бола алмайды. Азаматтар қатарына (5040) құлдар мен шет елдіктер жатқызылмайды. Платон мемлекетінің басында көп сатылы сайлау жолымен сайланған 37 билеуші тұрады. Билеушілер жасы 50-ден 70-ке дейін шектелді. Билік басында бір билеушінің 20 жыл тұруға мүмкіндігі болды. 360 мүшеден тұратын (әр топтан 90 адамнан) сайланбалы кеңес едәуір билікке ие бола алады. Халық жиналысына бірінші және екінші топ азаматтарының қатысуы міндетті еді, ал үшінші және төртінші топ азаматтарының халық жиналысына қатысуы міндетті болмады. Заңдылықтың сақталуына әділ сот жауап берді, жекелеген және қатал заңдар азаматтардың бұқаралық және жеке өмірін реттеп отырды. Сотта қаралған істерді қорғау мүмкіндігі қарастырылды.
Платонның идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналасуынан және басқаның ісіне араласпауынан азаматтық қоғамды көрді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Платон идеалдық мемлекетті құру туралы жобасында азаматтық қоғам мәселесімен аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының құндылықпен болса да жүзеге асатына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды. Өйткені, билік басына келгендердің бәрі де қайырымды бола бермейді, адамдық қасиетке зорлық-зомбылық қасиеттері де қосылады. Сондықтан да басқа мемлекеттік құрылым түрі келеді.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бестүрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі. Осындай мемлекеттік құрылымда азаматтық қоғам ешқашан болмайды.
Тұтыну теңдігін жақтаған Платон құлдар мен шет жерліктерден басқаларында мүлік артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жеке отбасылар мойындалғанымен, тәрбие ісі түгелдей заңдастырылған арнайы лауазымды адамдар қолына беріледі. әйелдер ерлермен тең құқылы болғанымен, олар жоғары билік қатарына ене алмады. Осыдан біз Ежелгі Грециядағы азаматтық қоғамның орнығуында гендрлік проблемалардын болуын көріп отырмыз.
Ежелгі Римдегі азаматтық қоғамның институттарары мен сол жөніндегі көзқарастар халықтың әр түрлі топтары - патрицилер мен плебейлер, нобилиттер (патрицилер мен байыған плебейлер) мен кедейлер оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен популярлар (төменгі халықты қолдаушылар), еріктілер мен құлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.
Ежелгі Римнің атақты шешені, заңгер, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б. з. д. 106 жылы туып, б. з. д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа азаматтық қоғам мәселелерін қарастырған, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында азаматтық қоғам, мемлекет пен құқық мәселеріне көп орын берілген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы арнайы жазған мемлекет туралы соның ішінде азаматтық қоғам құру жөнінде «Заңдар туралы» еңбегінде кең қамтылған. Саяси құқықтық мәселелер оның басқа да еңбектерінде (мысалы, «Міндеттер туралы») және сонымен бірге оның көптеген саяси және сот баяндамалары мен сөздерінде көрініс тапқан.
Цицеронның азаматтық қоғам мен мемлекет және құқық саласындағы теориялық көзқарастары ежелгі грек ойларының, ең алдымен Платонның, Аристотельдің, Полибийдің және стоиктердің едәуір ықпалында болды. Сонымен бірге Цицерон Рим патриоты және қайраткері ретінде бұл «жат жерлік» ықпалдарды мемлекеттік-құқықтық тәжрибе мен саяси құқықтық ойларды Рим мемлекеті мен құқығының өзіндік сипаты бар тарихымен, сол кезеңдегі әлеумет пен саясаттағы нақты жағдаймен, өзекті міндеттермен байланыстыруға тырысты. Нақтылап айтқанда Цицеронның азаматтық қоғам ілімінде өзіне дейінгі идеалдарды шығармашылықпен пайдалану бар. Ол азаматтық қоғам теориялық аспетілері туралы жаңа қағидаларды одан әрі дамытты. Цицерон азаматтық қоғамға халық еңбегінің жемісі ретінде анықтама берді.
Цицерон шығармасында жағымды мемлекет қайраткерлері мен оның ерікті азаматтарына көп көніл бөлінген. Мемлекетті басқару тек білім мен қайырымдылықты ғана емес, ғылым мен өнерді де қажет етеді деп есептеген Цицерон, оны жалпы мүдде үшін пайдалану «адамдарды қауіпсіз және дәулетті етеді» деп санайды. Оның айтуынша, ақылды мемлекеттік қайраткер мемлекеттік басқару ісінде болатын қолайсыз сәттер мен сәтсіздіктерді алдын-ала көре білуі керек. Мемлекет билеушісіне тән мұнадай қасиет мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығына, жалпыға бірдей құқық тәртібін сақтауға жәрдемін тигізеді. Мемлекет басшысы, сонымен бірге, мемлекет туралы ілім мен құқық негіздерін жақсы білуі шарт. Мұндай білімі жоқ мемлекет қайраткері билеген елде әділдік болмайды. «Әділдік салтанат құрғанда ғана әркімнің сыбағасы өзіне тиесілі болмақ».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz