Азаматтық іс жүргізу тараптары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
1.1 Азаматтың процестегі тараптар
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ..12

2 ІС ЖҮРГІЗУГЕ ТЕҢ ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Іс жүргізу
құқықмирасқорлығы ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22

3 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР
3.1 Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес
тараптар ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.3 Азаматтық іс жүргізудегі өкілдің
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..60

КІРІСПЕ
 
Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және
өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға
қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.. Әркiмнiң өз құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. . Әркiмнiң бiлiктi
заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн
көрсетiледi Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. Тегiне, әлеуметтiк,
лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне,
дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды. [1,13-бап]
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
және тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне анықтама беру болып
табылады Сонымен қатар азаматтық іс жүргізудегі үдеріске үшінші тұлғалардың
қатысуы, олардың түрлеріне тоқтала кетуіміз керек. Азаматтық процестегі
тараптардың әр қаисысына жекелей тоқтала отырып олардың құқықтарын
мүдделерін қорғауды негізгі мақсат ретінде аламыз. Азаматтар мен
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысаны құқық саласы оның
ішінде азаматтық іс жүргізуді пән ретінде әдісі мен жүйесіне тоқталуымыз
керек. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасын
зерттеп қайнар көздеріне анықтама береміз. Қазақстан Республикасының
азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы, принциптері түсінігі және
олардың біздің қоғамда алатын орны мен маңызын айқындаймыз,Азаматтық іс
жүргізу құқығы принциптерінің жүйесі. жіктеледі және құқықтық қатынастар
болып ерекшеленеді. Азаматтық іс жүргізушілік кұқықтық қатынастардың пайда
болуының алғы шарттары, мазмұны және объектісіне осы жұмыста жекелей
тоқтала кеттім. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі іс жүргізу
құқықтары мен міндеттері, біздің мемлекетімізде жеке институттар ретінде
қалыптасып дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Зерттеу маңыздылығы Азаматтық
іс жүргізу тараптарының жалпы мәнін анықтауында.Маңызды болып ғылыми және
тәжірибиелік әдіске сүиену. Осы түсініктің басты рөлі осы мән-жайларды
мінездейтін объективті шындығын бейнелеуі болады. Аталынған мән-жайлардың
түсінігі бөлек түрлердің (тектік) қасиеттерінде негізделінеді, олардың
ішіндегіні жалпы және ортақты тіркейді, оларды бiріктіретін жақтарына
назарын тоқтатады. Ол немесе басқа кұбылыстың жалпы түсінігін аныктауы -
оның ең маңызды белгілерін ашу, дегенді белгілейді [3.17-бет]. Сондықтан
еліміз жаңа деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойып
отыр.Солардың бірі азаматтық іс жүргізу құқығындағы тараптардың тең
құқылығы.Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
нысандары. түсінігі. пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу
құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасын атап өтеміз. Зерттеу
әдістері Азаматтық іс жүргізу тараптарының негіздері бойынша бөлуге
болады.Оларға мына қалыптасқан институттарды атауға болады.Тараптар - сотта
субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары
қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.Тараптар деп талап қоюшы
мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-
ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар
(мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады. Талап қоюшы - сотқа
талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын
мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап
қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1-ден, талап
қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден,
басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс
жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат
сұрайды.Жауапкер - талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін
тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе
заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен
жауапкер - сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен
қорғалатын мүдденің субъектілері. Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде
қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45-бабы)
болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін
азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет. [2,24]
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі - азаматтың іс жүргізу құқықтары мен
міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субъектілері болып
табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.
Азаматтарға азаматтың іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп,
өлгенде ғана тоқтатылады. [3,19] . Зерттеудің пәні ретінде, зертелінетін
объектінің бөлек аспектілері шығады: қарастырылынатын институттің
тарихы; анықтаған жағдайда жасалынған әрекеттерді ,әрекеттің
қылмыстылығын жоятын мән-жайлар категориясына бөлек апаратын, азамматтық-
құқықтық нормалар шығады [4. 135-бет] Зерттеудің мақсаты – азаматтық іс
жүргізудегі тараптарды анықтап, мінездемесін жасау болып табылады. Жоғарыда
айтылған мақсаттарға жету үшін келесі тапсырмалар орындалу керек : -
азаматтық іс жүргізудегі тараптарды ашу; - іс жүргізуге тең қатысушылық
және оның түрлерін қолдану;- азаматтық процестегі тиісті және тиісті емес
тараптарды қарастыру. -азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау. -құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының
түсінігін ашу. -азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесін
ашып көрсету. -азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен
арақатынасын көрсету. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар кездеріне
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы Зерттеудің әдістемелік және
теоретикалық негіздері. Зерттеудің тақырыбының мазмұнын толық түрде ашу
мақсаттарымен, автор салыстырмалы, логикалық, жобалаулы, нақты-әлеуметтік,
статистикалық, технико-заңгерлік және салыстырмалы-құқықтық тәсілдерді
пайдаланады. Зерттеу обектісі азаматтық іс жүргізудегі тараптардың
процестері. Зерттеу пәні – азаматтық іс жүргізудегі тараптарды мемлекеттік
реттеу болып табылады.Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері
нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей
Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар
статистикалық мәліметтер қолданылды. Ғылыми жаңалығы Ғалым-заңгерлердің
әділ соттылық әдістерін қолданудағы ең тиімді әдістерін қолданған сот ісін
жүргізудің ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың
қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х.
Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, Щ.Ф. Елисейкин, С.З.
Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов Ғ. Төлеуғалиев, Брагинский М.,
Витрянский В., Сарбаш С., Фалькович М., Басин Ю.Г және т.б. жатқызуға
болады . Осы авторлардың құжаттамаларында азаматтық іс жүргізудегі
тараптардың процестері мен міндеттемені орындау зерттеу ілімдерінің
негіздері көрсетілген.Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер
қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық
және қорытындылау әдістері.Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы, автормен
Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізудегі тараптарды бағытталған
негізгі шараларды ұсынуынан тұрады. Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс
кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде таңдалған жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу
пәні, зерттеу тәсілдері, ғылыми жаңашылдығы мен құрылымы көрсетілген.
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары.
Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс
жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының
басқа құқық салаларымен арақатынасын қарастырған. Бірінші тарауда азаматтық
іс жүргізудегі тараптар анықталған. Тараптар - сотта субъективтік құқықтары
немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге
тиіс іске қатысушы тұлғаларды атаймыз. [4,37-бап] Екінші тарауда іс
жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері көрсетілген. Іс жүргізуге тең
қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында
немесе сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін
ескеріп жасалатын іс-әрекет.Үшінші тарауда азаматтық процестегі тиісті және
тиісті емес тараптардың мәселелері толықтай зерттелген. Тиісті тараптар
(талап қоюшы мен жауапкер) - нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс
жүргізге нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы
құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау.Тиісті емес тараптар
(талап қоюшы мен жауапкер) - нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс
жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі
болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған
тарап.Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген
ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген. Қорытындыда, зерттеудің
нәтижелері, автордың пікірлері мен қортындылары келтіріледі, көзделген
азаматтық міндеттемені қарастыру үшін тиімді әдістер және құқықтық тәртіп
пен заңдылықты нығайту сұрақтары қарастырылды.

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ

1.1 Азаматтың процестегі тараптар түсінігі

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына
жатады (АІЖК-нің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын
(кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп
алуға хақысы бар.
Тараптар - сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке
мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.
[4,37]
Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен
жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және
азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және
кәсіпорындар) болып табылады.
Талап қоюшы - сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік
құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық
іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі
көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап
қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші
жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске
қатысуға соттан рұқсат сұрайды.
Жауапкер - талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін
тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе
заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен
жауапкер - сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен
қорғалатын мүдденің субъектілері. [5,18]
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс
жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс
жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет
қабілеттігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі - азаматтың іс жүргізу
құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық
субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей
дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтың іс жүргізу құқық қабілеттері
туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі - сотта құқықтарын өз іс-
әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге
тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі
мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны
куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу
әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.
16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша
кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу
әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда,
сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі
деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс
жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің
іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын
жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-
бабы) қажет.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу
құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық
субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей
дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері
туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-
әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге
тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі
мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны
куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу
әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады.
16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша
кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу
әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін
сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда,
сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қаббілеті
шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын
тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер
жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарслықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме
табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК-нің 47-бабы).
Арнайы – ҚР АІЖК-нің 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген.
Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап
қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе
талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп
бөлініп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс
жүргізу құқықтарын адал пайдалануға,сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта
төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс
жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне
байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті
түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы);
әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және
қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс
(ҚР АІЖК-нің 65-бабы).
Іс жүргізуге тең қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап
қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер)
жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.
[6,124]
ҚР АІЖК-нің 50-бабында: Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы
немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе
жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.
Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап
қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда ол тең талап
қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер
деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1 - процессуалдық-құқықтық мағынада.
2 - материалдық-құқықтық мағынада. [7,154]
Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:
1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде
бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 3 талап
қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;
2-ші түрі – енжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше
тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы, 1 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы;
3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен
жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы, 3 талап қоюшы мен 3
жауапкердің қатысуы. [8,100]
Материалдық-құқықтық мағынады 2 түрде қарастырылуы мүмкін:
1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық
қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде
тілейді, мысалы, ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;
2-ші түрі факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті
түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана
талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай
қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар
бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды
неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге
бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171-бабы 2-бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде
дәл сол тараптардың қатысатын біртектес, не бір талап қоюшылардың бір
жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы
бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп
тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖК-
нің 171-бабы 3-бөлігі).
Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі
сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59-баб 6-бөлігі).
Іс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын
құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты
істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру.
Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша мынадай
жағдайларда болады:
1. Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуы);
2. Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке суьбективтік құқық мирасқорлығы
(талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару). [9,115]
Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда
іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап
қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу,
алименттер өндірі алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар бойынша),
сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АІЖК-нің 190-бабы).
Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық
мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық
мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс,
мысалы, мұрагерлікте мұрагерлік құқығы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта
ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты
ауыстыру туралы сәйкесті шарттар.
Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер
құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға
қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.
Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс
бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары, яғни тарапты іс
материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субьектісі болуы мүмкін деген
болжау.
Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс
бойынша азаматтық іс жүргізудің негізгі азаматтық іс бойынша азаматтық іс
жүргізудің негізгі қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субьектісі
болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.
[10,216]
Тиісті тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы
мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі бар
тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады,
яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап
қобшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан
бас тартуға болмайды.
Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:
1) Сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК-нің 170-бабы 3-бөлігі).
2) Талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК-нің 51-бабы 1-бөлігі).
Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді
тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК-нің 51-
бабы 2-бөлігі), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда
келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы
сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап
қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша
тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.
Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті
ұйғарымын шығарады.
Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру оның екі жолы
болады:1) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын
ауыстыруға келісім берсе; 2) талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті
жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе.
Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау
басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа
тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша
қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болуы мүмкін, яғни тиісті
емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал
тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан мұнда
тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды. [11,185]
Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен
орын ауыстыра алады.

1.2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

ҚР АІЖК-і 48-бабының 5-бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын
тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген.
Тараптардың азаматтың іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы-бұл тараптардан басқа да іске қатысушы
тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер
жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме
табыс етуге жене оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК-нің 47-бабы).
Арнайы - ҚР АІЖК-нің 32, 49, 50, 156, 158 жене т.б. баптарында көзделген.
Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап
қою талабының мөлшерін үлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас
тартуға қүқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе
талаптан бас тартуға құқылы.
Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп
бөліп қарастырса болады. Жалпы-тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу
құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта
төрағалың етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы - ол азаматтық іс
жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне
байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі үсынған талап арызында міндетті
түрде заңда керсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК-нің 150-бабы);
әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және
қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс
(ҚР АІЖК-нің 65-бабы).
Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара
алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық
субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. [12,83]
Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың
пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы
бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс
жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу
міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады.Бұл
қатынастардың ерекшеліктері мыналар:
- олар азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен тікелей белгіленген;
- ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы;
- бірлігі мен біріктік;
- арақатынасында.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым
берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс
жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтың іс жүргізу құқық қатынастарының
мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек
көрсетушілік.
Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше
талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер)
арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады.
Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін
прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57-баптары), сондай-ақ үшінші
тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 52, 53-баптары) туындайды.
Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша
өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының,
куәлардың, қоғамдың өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік
сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық
қатынастарының субъектілері - сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы
билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот
билігін бекітуі.
Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының
түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс
жүргізу құқық қатынасы - бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын
мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары
арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп
қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект - сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын
материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект - нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда
жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу
құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі
негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы). [13,64]
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны - азаматтық
процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір
процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы,
яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын субъектілері азаматтар мен заңды
тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына
шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар
қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына
орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот
төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.
Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде
қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған
жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.
Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика
заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге
асырады, іс жүргізу нысаңында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс
мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім
шығарады. [14,38] Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген.
Сот азаматтың және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі
тараптарды (талап қоюы немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды
міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп-
шотынан талап қоюшылық пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін
өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР
Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы
бөлімінің 2-тарауында аталған принциптерге негізделеді.
Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың
субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 44-бабына сәйкес:
• тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді);
• үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін);
• прокурор;
• мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
• ҚР АІЖК-нің 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске
қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар;
• арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК-нің 289-
бабы) жатқызамыз.
Сот төрелігін жүзеге асыруын жәрдемдесушілер – азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастарының субъектілері. Олардың қатарына: аудармашы, куә,
маман, сот приставы, сот хатшысы, сот ұыймдастырушысы, өкіл және т.б.
жатқызылады.

2 ІС ЖҮРГІЗУГЕ ТЕҢ ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері

Іс жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап
қоюшы не жауапкер жағында немесе сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу
заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары
әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқық
қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын
және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің
принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы: азаматтық
істер бойынша сот төрелігі дұрыс жене уақтылсы атқарылады. Егер сот
қолданыстағы заң нормалары белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса,
онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық; нормаларын
қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді
қолданады.
Осылай, азаматтың сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін
белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп,
ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан
қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулермен
айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке
белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян,
М.А. Гурвич, Щ.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов
және т.б. жатқызуға болады.
Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық принциптері - бұл
белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана
тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдың өмірдегі болмыстарға
көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар.
Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалық және; салааралық
принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің
принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы
бастапқы идеялар деп түсінеміз. [15,72]
Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық
іс жүргізудің демократиялық және шын немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз
байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта
тұрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа
қайшы болса (ҚР АК-нің 190-бабы).
Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді
қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық
істерді сотқа дейін әзірлеу, жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып
табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін
жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және
прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша
ықпалды нысан болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот
азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап
қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен
жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап
қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге немесе мүліктерін өндіруге
мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 13-бабының 2-тармағына сәйкес
әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы.
Алайда, іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке,
мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді
қорғаудың ең тиімді тәсілі - азаматтардың сотқа жүгінуі. Сотта азаматтық
іс:
- өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
- прокурордың арызы бойынша;
- заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін
сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және
азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады (ҚР АІЖК-нің 8, 56, 57-баптары).
Азаматтық іс қозғау - процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
Азаматтың іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс
бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа
түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым
шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе
бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым
(арыз) береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу - арыз, шағым берумен
қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй
және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе
заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. [16,92]
Сотта азаматтық істердің көпшілігі азаматтық іс жүргізу кодексінің
150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған,
яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы
қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен
рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат
қоса табыс етілуі қажет.
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші
тұлғалардың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы
мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың
көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (ҚР АІЖК-і 151-бабының 4)
тармақшасы).
Талап арыз бен қос құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі,
мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы,
"Мемлекеттік баж туралы" заңының нормасына сәйкес).
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым
шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол
кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі
шешімдердің біреуін қабылдайды:
1 - талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
2 - талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
3 - талап арызды (арыз, шағым) қайтару;
4 - талап арызды қозғалыссыз қалдыру. Азаматтық іс бойынша талап
арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-
дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья ұйғарым шығарады. Сот
ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс процестің келесі сатысына өтеді.
[17,7]
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтың сот ісін жүргізу
тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың
арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша
шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап
қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы
немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса
судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден
бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды
қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол
негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске
қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен - жеке наразылық
келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды
қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья ұйғарым шығарады.
Мұндай ұйғарым шығарады, егер:
- талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала
шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану
мүмкіңдігі жойылмаса;
- іс осы соттың соттауына жатпаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар - арасында,
сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
- коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке
құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған
күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті
тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
- бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес
күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз
берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына
жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін. Егер талап қоюшы жол
берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол
жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа
қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-
бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген
жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бүл ұйғарымда
талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және
оларды түзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және
ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз
оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья
азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына
мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз
берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген
барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы
арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына
сәйкес сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын
ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті
қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17
қаңтар № 284 - II);
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны
беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол
мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар
болса;
- тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне
беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе;
- өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру
бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты
қолдамаса;
- талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі
мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі
бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі
өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп
бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске
қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі
мүмкін.
"Теңдік" пен "Тең құқылық" терминдерін ажырата білген жөн. Адамдар
өздерінің физикалық, психологиялық қабілеттері бойынша, өмір сүру деңгейі
бойынша, басқа да сипаттары бойынша тең емес және ешқандай құқық оларды
теңестіре алмайды. Әлеуметтік теңдіктің де болуы мүмкін емес. Конституция
адамдарға тек тең құқықтар бере алады, осы құқықтарды қолдануға заңды
мүмкіндік жасай алады және бірдей міндеттер жүктей алады. Әрине, барлық
адамлардың құқықтары мен міндеттері бірдей болмайды. Олар әртүрлі адамдар
тобына қатысты әртүрлі болуы мүмкін, мысалы: шетел азаматтарына қатысты
белгілі бір шектеуліктер болуы мүмкін, барлық адамдарда сайлау құқығы бар
емес, бірақ сол топ адамдарына берілетін құқықтар мен бостандық жүктелетін
міндеттер болуы қажет. [18,99]
Тең құқылық әлеуметтік теңсіздік жағдайында жүзеге асуы мүмкін, бірақ
белгілі бір шекке дейін, себебі, әлеуметтік теңсіздік адамдардың тең
құқылығына үлкен әсерін тигізеді (мысалы, шетел практикасында қолданылатын
айыптаушыны кепіл тұлға босату бас бостандығына шығады, ал кедей түрмеде
қалады).
Заңда азаматтардың құқықтық теңсіздігін бекіту дискриминация деп
аталады. Фашистік Германияда афилік ұлты бар адамдар жағдайы бойынша басқа
адамдардан жоғары тұрады деп саналады. ОАР 1994 жылы қабылданған
Конституцияға дейін апатрид болды (ақ емес адамдар сол елдің азаматтары
болып есептелмеді).
Көптеген конституциялар көбіне ескі. Тең құқылық қағидасын үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Атқарушылық іс жүргізу азаматтық іс жүргізудің сатысы ретінде. атқарушылық іс жүргізудегі тарапта
Медиацияға қатысушылар - медиатор және медиация тараптары
Топтар арасындағы қақтығыстың жағы - әлеуметтік топ
Медиация дауларды реттеудің соттан тыс тәсілі ретінде
Медиация туралы
Тараптардың келісімімен айқындайды медиатор медиацияны жүргізу күні мен уақытын
Аралық соттардың құзыретін шектеу
Шарт жасасу кезеңдері
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Пәндер