Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қазақстан Республикасы құқықтық қабілеттері.
1.1. Азаматтардың құқықтық қабілеті туралы түсінік, мазмұны және оның
шамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматттардың құқықтық
субъективтілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Азаматтардың құқықтық қабілеттерінің теңдігі, туындауы мен
тоқтауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың
процессуалдық ерекшеліктері.
2.1. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы арыздар
қабылдау ... ... ... 33
2.2. Азаматтардың іс-әрекет қабілеттерінің шектелуі жөніндегі істерге.
қатысушы
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 41
2.3. Азаматтардың іс-әрекет қабілетінің шектелуі бойынша айғақтау
және сот дәлелдерінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 44
3 Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі.
3.1. Азаматтардың іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы сот
шешімдерінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...48
3.2. Азаматтардың іс-әрекет қабілетінің шектелуі туралы шешімдерді
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
0
Кіріспе.
Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының сот
тарапынан қорғалуына негіз беретін Қазақстан Республикасы Конституциясының
қабылдануына байланысты құқықты қорғаудың сот жүйесін кеңейту мәселелері
ерекше мәнге ие болады. Конституцияда Әркімге құқығы мен еркіндігін сотпен
қорғауға кепілдік берілетіні бекітілген. Кез-келген құқықтық нормаларды
қолданудың барлық жағдайларында санкциялар қолдану да туындап, белгілі
субъективтік құқықтарды шектеуге әкеліп соғады. Мұны ғалым-заңгерлер әділ
соттылық әдістерін қолдануда ең тиімді деп есептейді [1].
Құқықтық қабілет – азамматың субъективтілік құқығына қабілетін
аңғартады. Азаматтық заңдылықта құқық нысаны туралы түсінік ең келелі болып
табылады. Оның астарында осв құқық саласы мен реттелетін мүліктік және
мүліктік емес қатынастарға қатысушы ретінде қатысатын тұлға айтылады. Ең
бастысы, оның іс-әрекет қабілеттігі шектеліп, қабілетсіздігі танылған
жағдайдағы құқығы мен міндетін осылай анықтауға болады. Себебі, бұл
азаматтық құқықтыңбарлық салаларына қатысы бар деп есептеледі. ҚР Азаматтық
кодексінің бірінші тарауының екінші тараушасы Тұлға деп аталады және оған
үш тарау енеді. Олардың біреуі Азаматтар. Жеке түлғалар деген атауға ие.
Сөйтіп, ол азаматтық құқықтың жеке нысандарына, ал қалған екеуі заңды
тұлғаларға және Қазақстан Республикасындағы азаматтық заңдылықтарды
реттеуге қатысты құрылымдарға арналады.
Біздің заңдарымыз бойынша азаматтық-құқықтық қарым-қатынас
нысандары қатарына ең алдымен қоғам мүшелері болып табылатын адамдар
кіреді. Оған қоса тұлғаның азаматтық құқықтық жағдайлары жайлы, адам мен
азамат құқықтары туралы да аз айтылмайды. Осы аталған түсініктердің ішінде
оған азаматтық құқық нысаны түсінігі қайсысы көбірек сәйкес келеді?
Осы мақсат үшін Тұлға түсінігін қолдану тура емес болар еді,
өйткені тұлға психология мен философия ілімдерінде айтылған ұғымдарға
белгілі психикалық даму деңгейін иеленетін қоғамдық қатынас нысаны екені
ауызға алынады. Белгілі жас деңгейіне жеткен, психикалық салауатты адамға
тұлға сапасы оған интеллектуалдық және рухани қырларына, қоғамдық
қатынастарға қатысуға, өз бағытын қалыптастыруға, өз іс-әрекеттеріне жауап
беруге қабілетін көрсетіп, соған тән екенін байқатады. Сәйкесінше, кез
келген адамды тұлға деп есептей алмаймыз. Тұлға түсінігі адам ұғымымен
салыстырғанда өте тар болып табылады.
Заң әдебиеттерінде адам тұлға болып тумайды, өмір сүре келе оған
қалыптасады[2] деп аталып көрсетіледі.
Азаматтық құқық нысандарын тану тек тұлға сапасын иеленбейтін
(жас балалар, жүйке дертімен ауратындар) адамдарды ғана танымау екенін
аңғартар еді. Мұндай шешім адамның жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан
әр адамның азаматтық құқығы нысанын танитын азаматтық заңнамаға қарама-
қайшы келер еді. Сондықтан “адам” ұғымы құқық нысанындағы мағынада
халықаралық әртурлі құжаттар мен заңдарда кеңінен қолданылады. Мысалы,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда
қабылданған “Адам құқығы жалпы декларациясының [3]” 6 бабында “Әр адам,
қайда болмасын оның құқықтық субъктивтілігін тануына құқық иеленеді” деп
жазылған.
Ал біздің басты заңымыз-конституцияда да бұл талаптар баса
назарға алынады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі декларациясында
“әркімнің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тоқтатуға құқық
иеленетіні” қарастырылады. Демек, адам мұндай жағдайларда өзіне тән
психикалық даму формасы-сананың биологиялық және әлеуметтік бастауларын
біріктіретін жаратылыс екені анық нәрсе. Адам-қоғамдық зат. Адам құқығы
декларациясында айтылғандай, “адамзат отбасының” мүшесі. Осылайша адамды
қабілетінен айырып, іс-әрекет кеқабілетін шектеу өте өзекті мәселе деп
түсіну керек. Сондықтан осы процеске қатысушылардан азаматтардың
конституциялық құқығының және заңдардың нақтылы, қатаң сақталуын талап
етелі.
Міне, бүгінгі диплом жұмысы да алдымен осы мәселелерге назар
аударады. Мен де өзімше бұған әрекеттеніп, құқық қабілеті мәселелеріне
талдау жасауға тырыстым.
Іс-әрекетке қабілеттілік-азаматтың өзінің іс-әрекеттерін иеленуге
және азаматтық құқығын жүзеге асыруға, өз іс-әрекетімен азаматтық
міндеттерді жасап, азаматтық қоғамның толыққанды мүшесі болып табылатын
қабілеті. Іс-әрекетке қабілеттілік негізінен кәмелет жасқа жеткенде, яғни,
18 жасқа толғанда, сол шақтан бастап алады. Іс-әрекетке қабілеттіліктің
құқықтық қабілеттен айырмашылығы адам 18 жасқа толуы бойынша,өз іс-
әрекетінің мәнін түсініп, оны басқару мен оның салдарларын көру мумкіндігі
болатынынан байқалады. Дәлірек айтсақ, осы жастан бастап, азамат шарттар
жасасып, өз меншігін басқарып, өзге де заңдық іс-әрекеттерді жасауға және
оған жауап беруге дербес қам жасай алады.
Шындығында, сот тәртібі де азаматтың іс-әрекет қабілетін шектеу
немесе айыру жағдайлары үшін қолданылады. Сондықтан азаматтардың құқықтық
қабілеті мен іс-әрекетке қабілеттілігін негізсіз шектеуден соттық кепілдеме
тұлғаға жанаспаушылыққа конституциялық ең өзекті бөлшектерінің бірі болып
табылады. Дене, ізгілік және әлеуметтік жағынан ғана емес, тұлғаның
құқықтық жанаспаушылық жағдайына кепілдік беретін тұлғаға жанаспаушылықтың
конституциялық құқығын кеңінен негізгі түрде сипаттау ұсынылады[4].
ҚР Азаматтық Кодексінің 14 бабын ауруы немесе кем ақылдылық
салдарынан болса, өз іс-әрекеттеріне есеп бере алмаса және оны игере алмаса
болатыны танылады. Іс-әректке қабілеттілікті шектеу ішімдік ішіп, есірткі
затын тұтыну салдарынан өз отбасын қиын материалдық жағдайда қалдыратын
азаматқа қатысты жол беріледі (ҚР Азаматтық Кодексі, 27 бап).
Осы зерттелетін жұмыста азаматтық шектелген іс-әрекеті
қабілетін тану туралы іс бойынша сот өндірісі тұлғаның өзін игеруі, және
еркіндіктерін, ар-ожданын қандай болмасын тараптан заңсыз қол сұғушылықтан
қорғау мүмкіндігін мемлекеттік жағынан азаматтық-процессуалдық заң
құралдарымен белгіленген тәртібі ретінде қарастырылады.
1 Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық қабілеттері
1.1 Азаматтардың құқықтық қабілеті туралы түсінік, мазмұны және оның
шамалары
Құқықтық қабілет туралы жалпы түсінік заңда беріледі.
Құқықтық қабілет-азаматтық құқықты иелену және міндеттерді атқару
қабілеті.
Бұдан, құқықтық қабілет осы құқықтар мен міндеттердің нысаны болу
қабілетін, заңда қарастырылған немесе жол берілетін кез келген құқық немесе
міндетті иелену мүмкіндігін білдіреді. Аталған жағдайдағы құндылық құқықтық
қабілет болған кезде нақтылы субъективті құқықтар мен міндеттер туындау
мүмкіндігімен көрініс береді. Ол-оның туындаудың қажетті жалпы алғы шарты,
сондай-ақ оны жүзеге асыру құралы.
Құқықтық қабілет еліміздің барлық азаматтарымен танылады. Ол адам
дүниеге келген сәттен туындап, ол қайтыс болғанда аяқталады. Демек,
құқықтық қабілет адамнан бөліп алуға болмайтын нәрсе, ол оның өмірі бойында
жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті болады.
Бірақ бұдан құқықтық қабілет адамның табиғи сипаты, көз, құлақ
және т.б. деп тұжырым жасау да жөн емес. Дегенмен, құқықтық қабілет адам
дүниеге келгенде туындайды, ол табиғаттан өз арнасын алмайды, заң қуатынан
табады. Осылай өзін заңдық мүмкіндікті анықтайтын қоғамдық-заңдық сипаты
екенін ұсынады. Тарихта адамдардың үлкен топтары сол әрекет еткен заңдармен
құқықтық қабілетінен айрылған замандарда болған. Бұған құл иеленушілік
қоғамдағы құлдарды қосуға болады.
Заң әдебиеттерінде азаматтың құқықтық қабілеті азаматқа тән
белгілі мінез-құлық (немесе сипаты) ретінде жиі қарастырылады.[6] Бұл
заңнан туындаған сипаты, сондықтан құқық пен міндет қабілетіиен көрініс
беруі мүмкін.
Қабілет заңдық мүмкіндіктен басқаны аңғартпайды ғой. Мұндай
мүмкіндік заңмен қарастырылып, онымен қамтамасыз етіледі. Ол өз алдына
белгілі субъективті құқықты әрбір нақтылы тұлғада ұсынылады.
“Құқықтық қабілет,-деп жазды С.П.Братусь,-ол құқық пен міндет
нысаны[7]”.
Құқықтық қабілетті белгілі бір субъективті құқық ретінде түсіну
біздің заң әдебиеттерімізде сөзсіз негіздемесін алды [8]. Құқықтық қабілет
туралы нормалар заңда басқа барлық субъективтік құқықтарға қарағанда ең
алдына қойылатынын атап өткен жөн. Сонымен заң шығарушы оны ерекше бағыт
екенін баса көрсетіп, субъективтік құқықтардың кез келгені үзіліссіз
байланыста болады, ал азаматтың құқықтық қабілетсіз ешқандай субъективті
азаматтық құқық мімкін емес.
Егер құқықтық қабілет өз алдына субъективтіқұқықты ұсынса, онда
оның ерекшеліктерін ашып, басқа субъективтік құқықтарға қарағанда шектеу
қажет. Ал басқа субъетивтік құқықтардан құқықтық қабілет ең алдымен осының
алдында айтылғандай дербес мазмұнымен өзгешеленеді, заңда қарастырылған
азаматтық құқықтыр мен міндеттерді иелену қабілетімен көрініс табады.
Бұған қоса, азаматтық құқықтың қабілеті басқа құқықтардан өз
бағыты бойынша да ерекшеленеді. Ол әрбір азаматқа заңдық мүмкіндікті
қамтамасыз етіп, нақтылы азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелену
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Үшінші ерекшелігі тұлға мен құқық қабілетінің
тығыз байланысымен байқалады. Себебі, заң оны жекелеуге жол бермейді.
Азаматтық кодекске сәйкес құқық қабілетін шектеуге бағытталған мәмілелер
қағыс қалады.
Сонымен, азаматтық құқықтық қабілеті-әрбір азаматқа тиесілі және
одан бөліп алуға болмайтын құқық, оның мазмұны кез келген заңмен азаматтық
құқық пен міндетке жол берілетін қабілетпен (мүмкіндікпен) ерекшеленеді.
Заң құқықтық қабілеті барлық азаматтармен тең дәрежеде
танылатын азаматтық құқықты иелену мен міндеттер атқару қабілеті. Сондықтан
ол абстрактілікке және жекеленбеушілікке тән болады. Азаматтардың құқықтық
қабілеті азаматтық кодекске сәйкес азаматтар иелене алатын құқықтыр мен
міндеттер кешені арқылы ашылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтық
қабілетіне сипаттама беріп, ол азаматқа психофизикалық ерекшелік ретінде
сипатталады. Бұл әлеуметтік-заң жағынан сапалық белгілерін көрсетеді.
Құқықтық қабілет субъективті құқық ретінде, оны жүзеге асыру
нәтижесінде туындаған нақтылы субъективті құқықтармен араластыруға
болмайды. Құқықтық қабілетті бөлу негізінен заңмен қарастырылып, жол
берілетін нақтылы құқықтар мен міндеттерді екенін көрсетпейді. Құқықтық
қабілет әдебиеттерде аталып көрсетілгендей, бұл құқықты иелену, оның алғы
шарты үшін негңз ғана бола алады[9]. Әрбір азаматпен заң көптеген мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену қабілетімен танылады, бірақ
нақтылы азамат ешқашан олардың барлық жиынтығын иелене алмайды, ол тек осы
құқықтардың бір бөлігін ғана иеленеді. Сонымен, әркім ашқан жаңалыққа
авторлық құқық ала алады, бірақ мұны барлығы бірдей иелене алмасы анық.
Нақтылы субъективтік құқықтарды алу және олармен иелену құқықтық
қабілеті жүзеге асыруды білдіреді. Бұл ретте субъективті құқықтар көлемі
азамат қалай жұмыс істейді, қанша табыс табады, онда қандай қажеттіліктер
бар, соған байланысты болады.
Кім көп және жақсы жұмыс істейді, кім табиғи талаптар мен
қабілеттерді иеленеді, оларды белсенді жүзеге асырады, кім саналы түрде
тапқанын пайдаланады, сол ең жақсы материалдық және өзге де игіліктерге,
интелектуалдық шығармашылық нәтижелеріне құқықтарды иеленеді. Бұл кез
келген қоғамдағы заңды құбылыс болып табылады.
Азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін азаматтар заңға сәйкес
иеленетін сол мүліктік емес құқықтарды қалыптастырады. Былайша айтқанда,
азаматтардың құқықтық қабілетінің негізін құқықтың нақ өзі емес оны иелену
мүмкіндігі құрайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары иеленуі мүмкін мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтардың болжамды тізбесі қарастырылатын
азаматтар мүмкін:
• меншік құқына мулікті иелену;
• мүлікті мұраға алуы және қалдыруы;
• кәсіпкерлікпен және заңмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуы;
• дербес немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірге заңды
тұлға құруы;
• заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауға және міндеттемелерге
қатысуы;
• тұрғылықты орын таңдауы;
• ғылым, әдебиет және өнер еңбектеріне, жаңалықтарына автор және өзге
де заңмен қорғалатын интелектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық иелену;
• өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену;
Заң азаматтардың құқықтық қабілетінің маңызын анықтап, тек
құқықтар жайлы айтады, бірақ міндеттемелер туралв тура еске салмайды.
Сонымен бірге Азаматтық кодексте азаматтардың міндеттер атқару қабілеті
де аталып көрсетіледі. Бұл жағдайда заң шығарушы құқықтық қабілеттігі
еңбасты мәселе-құқыққа баса назар аударады.
Дегенмен заңда міндеттемеге жанама назар салу байқалмайды. Мысалы,
азаматтардың міндеттемелерге қатысу құқығы туралы аталады. Міндеттеме
заңмен құқықтық қатынас, бір тұлға басқа тұлға пайдасына бір іс әрекет
жасауға не одан қалыс қалуға байланысты жағдайы тілге тиек етіледі. Ал
мұндай жағдайда екі тұлғаны, бірін қарызгер, екіншісін несиеші деп
қарастырсақ, онда несиеші қарызгерден өз міндеттемесін орындауды талап ете
алады. Демек, міндеттемеге қатысу құқығы міндеттемені көрсетіп, оны
иеленуді аңғартады. Міндеттемелер атқарумен мүлікті меншікке иелену құқығы
да байланысты болады. Азаматтық кодексте менш!к иесі міндеттемеде
анықталғандай. Осылайша құқықтық қабілеттің мәні сөзсіз міндеттеме атқару
қабілетіне кіреді.
Азаматық кодексте ең өзекті құқық азаматта болуы тиіс. Бұл заң
шығарушының көзқарасы. Мұндай пікір заң шығарушымен осы норманы өте
түсінікті және оңайлы ету мақсатында қалыптасқан сияқты. Сондай-ақ
Азаматтық кодексте азамат заңмен тыйым салынбаған кез келген азаматтық
құқықтар мен міндеттерді және азаматтық заңға жалпы мәні мен маңызы бойынша
қайшы келмейтін құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкін екенін жазса да
жеткілікті еді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық қабілеті шектеусіз деп
белгілеу тағы дұрыс емес.Оған басқа субъективті құқық кей жағынан тән
болғанымен, оның өз аясы бар ғой.
Кез келген субъективтік құқық, құқылы тұлғаның мүмкін болатын
мінез-құлқы шамасы бойынша, өз маңызы сияқты, оны жүзеге асыру сипаты
бойынша да белгілі шекарасы болады.[10]
Бұл шекаралар ережеде көрініс берген, өйикені азамат кез келген
заңды қызметпен тыйым салынбаған айналыса алатыны және кейбір құқықтарды
иеленуі туралы тыйым салынатыны белгіленеді.
1.2 Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық
субъективтілігі
Азамат (жеке тұлға) азаматтық құқық қатынасының қатысушысы ретінде,
оны жекелейтін және оның құқықтық жағдайына әсерін тигізетін қоғамдық және
жасанды белгілері мен қасиеттерін иеленеді. Осылайша бұған оның атын,
азаматтығын, жасын, отбасы жағдайын, жынысын енгізу қажет етіледі.
Азаматтың (жеке тұлғаның) аты. Әрбір адам азаматтық құқық
қатынастарына белгілі бір атпен қатысады. Тиісінше жамылғы (ойдан
шығарылған атпен) немесе жасырын (атаусыз) есіммен өте аракідік қана
салыстырылады. Есім-азаматтың азаматтық құқықтық қатынасына қатысушы
ретінде жекелену құралының бірі болып табылады.[5]
“Есім” Қазақстан халықтарының көпшілігінде тегін, өзінің аты мен
әкесінің атын қамтиды. Бірақ Қазақстанның кейбір халықтарының ұлттық
дәстүрлері мұндай түсінікті білмейді, әкесінің аты ретінде және ол ресми
жеке құжаттарында көрсетілмейді. 90-шы жылдардың басында еліміздің
бұқаралық ақпарат қүралдпрында батыс елдерінде қабылданған дәстүрге көп
көңіл бөлініп, жеке тұлғаның тегі мен атын ғана көрсету өмірге ене бастады.
Дегенмен, батыстық мұндай үлгі Қазақстан дәстүрлеріне сәйкес келе бермейді
жіне біздің жағдайымызда тек белгілі бір ортада ғана қолданылатын
“еркіндік” ретінде қалады.
Ал ресми құжаттарда азаматтық толық аты: тегі, өз аты иен
әкесінің аты (қашан ұлттық дәстүрлер әкесінің аты түсінігін білмеген
жағдайлардан басқасында) көрсетілуі тиіс.
Біздің азаматтық заңдылығымыз ҚР Азаматтық кодексін
қабылдағанға дейін азамат атына байланысты қарым-қатынастарды реттейтін
нормаларды анықтаған жоқ. Бірқатар нормалар еліміздің Неке және отбасы
туралы кодексінде жазылды. Онда ауыспалы аты, әкесінің аты және тегіне
қазіргі уақытта заң азаматтық есімі-бұл ең алдымен азаматтық заңдылық
дәрежесі екнін таниды. Мұндай шешім азаматтық құқық әрекеті саласын
анықтайтын негізгі талаптарға толығымен сәйкес келеді. Заңға сәйкес азамат
азаматтық құқық пен міндетті өз есімімен иеленеді және жүзеге асырады.
Сондықтан басқа тұлғаның атымен құқықтар міндеттерді иеленуге жол
берілмейді.
Өз атына құқық-азаматтық (жеке тұлғаның) тұлғаның мүліктік емес
құқғы болып табылады. Орыстың көрнекті ғалымы И.А.Покровский тұлғаның ішкі
сыры бай болған сайын, ол өз есімін қастерлеп, сақтауға тырысады, деп атап
көрсетеді. “Бәріне белгілі, өз есімін қастерлеп сақтайтын ақсүйектер, ол
құндылық деп түсінетін, уақыт өте келе адамды өзінің осы құндылықтары
арқылы санасын қалыптастыратынын адамның ортақ қағидаларын орнықтырады”.
Бұл біздің уақытымызда да толық қолдануға болатын сипат.
Азаматқа тиесілі ардақты есімі Азаматтық кодексте және басқа
заңдарда қарастырылған жағдайларда және тәртіпте қолданады. Басқа жолмен
жекеленбейтін және берілмеітін жақсылықтар қатарына қосылады. Әсіресе,
есіміне байланысты құқықтарды қорғау оның атын бұрмалау, не азаматтың
есімін оның ар-ожданына немесе іскерлік қасиетке қатысы болатын жүйелер
мен түрлерінде қорғау қарастырылады.
Азамат 16 жасқа толғанда заңда белгіленген тәртіпте (Азаматтық
кодекске сәйкес атын, тегін, әкесінің атын қоса) өз атын өзгертуге хақысы
бар. Бұл ретте о өзінің бұрынғы атына ресімделген құжаттарға сәйкес
өзгертулерді немесе оларды ауыстыруды (төлқұжат, туу туралы куәлік, неке
туралы куәлік, диплом және т.б.) өз есебінен енгізуді талап етуге құқылы.
Азаматпен атын өзгерту бұрынғы есімімен алған оның құқығы мен міндеттерін
тоқтатү немесе өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Бұған қоса, азамат өз
атының ауысуы туралы қарызгерлері мен несиешілерін хабардар ету үшін
қажетті шара қолдануға міндетті. Атының ауысуы туралы мәліметтердің осы
тұлғаларда болмауынан туындаған себеп-салдарларға жауапкершілік атқаруға
міндетті. Азаматтардың тегін өзгертудің кейбір жағдайлары отбасы заңында да
қарастырылады. Мысалы, некеге отырған кезде және некені бұзған шақта тегін
өзгерту тәртібі жүйеленеді. Ата-аналар арасында неке бұзылған кезде баланың
тегін өзгерту, сондай-ақ балалрдың тегін, атын, әкесінің атын 18 жасқа
толмағанда, оларды асырап алғанда да тиісінше шешімін табады.
Азаматтың туған кезде алған аты (тегі, аты, әкесінің аты) туралы
деректер, сондай-ақ атын ауыстыру азаматтық хал актілерін тіркеу үшін
белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады. Бұл тәртіп отбасы заңдарында да
қарастырылады.
1.3 Азаматтардың құқықтық қабілеттердің тепе-теңдігі, туындауы мен тоқтауы
Азаматтардың құқықтық қабілеттерінің сипаттамасы үшін заңмен
бекітілген азаматтардың тепе-теңдігі негізгі мәнге ие.
Конституциялық нормалар мен қарастырылған азаматтардың тепе-
теңдігі азаматтардың құқықтық қабілеті не тепе-тең сияқты басқаны
аңғартпайды.[11] Бұл ереже Азаматтық кодекстен құқықтық қабілет барлық
азаматтарға тең шамада танылатынына байланысты туындайды. Заңға сәйкес
барлық азаматтар құқықтық қабілетінің мәніне байланысты тепе-теңдікті
иеленеді, ешкімде құқықтарды иелену қабілетінде ешқандай артықшылықтар мен
басымдықтарды иелене алмайды. Қазақстан азаматтары толығымен жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, туған
орнына, дінге, көзқарасына, қоғамдық бірлестіктерге қатысты, сондай-ақ
басқа міндеттемелеріне байланысты тең құқылы деп танылады.[12]
Осы айтылған азаматтық тепе-теңдікті ситпаттайтын жағдайлары
толығымен, барлық көлемде іске асырылуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық
қабілетке кіретін тұрғын орнын таңдау құқын, кез коген азамат еліміздің
кез келген жерінде орналаса алады дегенді білдірмейді. Себебі, ерекше
тәртіп әрекет ететін аумақтар да бар (шекара сызығы әскери бөлім орналасқан
жар және т.б.) Екінші мысал, құқықтық қабілеті мәніне азаматық кәсіпкерлік
қызметпен айналысу құқығы кіреді.
Бірақ заңның тура мағынасында азаматтардың қызметтердің кейбір
түрлерімен айналысуына құқығы жоқ та делінеді. Мысалы, азаматтар сақтандыру
қызметін жузеге асыруға құқылы емес.
Бірқатар азаматтардың құқықтық қабілеті арнайы мағынаға ие болуы
мүмкін. Сонымен, шаруа қожалығының басшысы осы шаруашылық қызметі саласында
шаруашылықты құру мақсаттарын заңмен анықтаған талаптарға байланысты
құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін
өедіру, оны өңдеу мен өткізу құқығы беріледі. Бірақ жай азамат ретінде
шаруа қожалығының басшысы барлық азаматтарға ортақ құқықтық қабілеттерді
иеленеді. Бұл жағдайда құқықтық қабілеттің тепе-теңдік қағидасы бұзылмайды
Құқықтық қабілет тепе-теңдігі қағидасынан бас тарту немесе ауытқу
кейбір азаматтардың заң нұсқауын нақтылы немесе тура иелене алмауын
аңғартпаса керек. Мысалы, жас азамат “мүлікті мұраға қалдыру” немесе
кооператив мүшесі болуы құқығы сияқты құқықтық қабілет бәлшетерін иелене
алмайды ғой. Мұндай жағдайларда, барлық азаматтарға бірдей таратылатын
бірқатар құқықтарды иелене алмау туралы емес, керісінше, құқықтық қабілет
тепе-теңдігі қағидасы бұзылмайтыны айтылады.
Азаматтардың құқықтық қабілеті заңға сәйкес азамат туғанда
басталады және қайтыс болғанда тоқтатылады. Келтірілген заңда дегенмен
мәселелер бар. Ең алдымен, адам туғанда заңда қарастырылған құқықтық
қабілеттің баолық белгілері немесе тек жекелеген белгілері туындай ма, соны
анықтап алу керек.
Сондықтан құқықтық қабілеттің тепе-теңдігі қағидасы оның
көлемінің барлық азаматтарға еш айырмасыз тура келе бермейтіні аталып
көрсетіледі. Әсіресе, адам туғасын бірден барлық азаматтық құқықтар мен
міндеттерді иеленуге қабілетті емес. Біріншіден, туу фактісінің өзі жаңа
туған адамның азаматтық құқық қабілеттері толығымен туындады дегенді
білдірмейді. Оның кейбір белгілері белгілі бір жасқа жеткесін туындайды.
Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысу, заңды тұлға құру және басқалары.
Екіншіден, “туу сәтінде” деген ұғым практикалық мәнге ие
осындай сәтті белгілеуді аңғартады. Мысалы, мұрагерлерді анықтау туралы
мәселені шешу. Бала туысымен, белгілі медицина ғылымына сәйкес анықталады.
Құқықтық көзқараспен алып қарағанда, бала өмірге қабілетті болды ма дегенге
байланысты құқық сондай мәнге ие емес. Өйткені оның дүниеге келу фактісінің
өзі, онда құқықтық қабілет туындады дегенді білдіреді. Ол тіпті бірнеше
минут немесе бірнеше секунд өмір сүрсе де. Сондықтан заң кей жағдайларда
құқық пен мудде өмірге әлі келмеген адамның, яғни, болашақ тұлғаның құқын
қорғайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес мұраға
қалдырушының балалары, ол қайтыс болғансын туса да мұрагерлнрі болып
табыла алады. Бұл білақ дүниеге келмеген бала құқықтық қабілетті дегенді
білдірмейді.
Азаматтардың құқықытық қабілеті ол қайтыс болғанда тоқтатылады.
Адам тірі болғанша-ол денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілетті.
Қайтыс болу фактісі құқықтық қабілетті сөзсіз тоқтатуға, азаматты құқық
нысаны ретінде өмір сүруінің аяқталғанына әкеледі. Бұл жағдай бір
мезетте мұрагерліктің басталуына жол ашады.
Азамат үшін құқықтық қабілет заң болып танылады. Бұл ретте заңға
сәйкес азамат құқықтық қабілеттен немесе оны шектеуден бас тартуға хақылы
емес. Демек, құқықтық қабілет ушін шектелмеушілік тән. Азаматтық кодекс
құқықтық қвбілетті шектеуге бағытталған мәміле негізсіз екенін анықтайды.
Азамат заңмен сақталатын талаптарға сай өзіне тиесілі заттарды сыйлауға
немесе субъективтік құқықтырды жұмсауға құқылы, бірақ өзінің құқықтық
қабілетін азайта алмайды.
Бірақ заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте құқықтық
қабілетті шектеуге жол беріледі. Құқықтық қабілетті шектеу, әсіресе, қылмыс
жасағанда жазалауға байланысты болуы мүмкін, себебі, азамат сот үкімі
бойынша құқықтық қабілетінен толық айрылмайды, тек белгілі бір лауазымды,
жекелеген қызметпен айналысуға жекелеген құқықтарды иелену қабілетінен
айрылуы мүмкін. Яғни, Азаматтық кодексте заңмен азаматтардың жекелеген
топтары, ашық акционерлік қоғамдардан басқасында, шаруащылық
серіктестіктері мен қоғамдарына қатысуға тыйым салынуы немесе шектелуі
мүмкін екенін анықтайды. Әсіресе, тұлға бір ғана серіктестікте толық
серіктес бола алады, оның құқықтық қабілеті демек аз да болса шектеледі.
Мұндай жағдайларда құқықтық қабілеттің шектелуіне заңмен белгіленген
жағдайлар мен тәртіпті сақтағанда жол беріледі. Егер бұл жағдай сақталмаса,
мемлекттік немесе өзге де тиісті шектеуді белгілеген органның өзімен
сақталмаса, Азаматтық кодекс тәртібінде ол негізсіз деп танылады.
Құқықтық қабілетті мәжбүрлі шектеуді азаматты жекелеген
субъективтік құқын айырумен араластыруға болмайды. Мысалы, сотікімімен
мүлікті тәркілеу азаматты белгілі бір затпен құндылықтан оған деген
құқықтан айыруды аңғартады, бірақ құқықтық қабілетті шектеуге байланысты
емес.
Шетел азаматтары біздің елімізде Қазақстан азаматарымен бірге
азаматтық құқықтық қабілетті тепе-тең пайдаланады, оларға ұлттық режим
ұсынылады. Біздің еліміздегі шетел азаматтры нәсіліне, түріне, жынысына,
тіліне, дініне, саяси немесе өзге көзқарастары мен сенімдеріне, ұлттық
немесе әлеуметтік табына қарамастан тең құқықтық қабілетке ие болады[13].
Олар, Қазақстан азаматтары сияқты меншігінде мүлікті иеленіп, тұрғын
жайларды және өзге міліктерді пайдалана, мүлікті мұраға ала және бере алады
және азаматтық заңдармен тыйым салынбаған және оның бастапқы мүліктік және
жеке мүліктік емес құқытықтырды иелене алады. Белгіленген азаматтық
заңдылықтармен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, басқаша
заңдармен ештеңе қарастырылмаса қолданылады.
Сонымен бірге, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының
азаматтарына қарағанда құқықтық қабілетті көлемі бойынша одан көбін
пайдалана алмайды. Соңғы жылдары азаматтардың құқықтық қабілетінің мәні
бойынша шетел азаматтарының азаматтық құқығы мен міндеттерді иелену
мүмкіндігі кеңейе түсті. Мысалы, заңмен азаматтардың меншік құқғы аясы
едәуір кеңейді. Азаматтардың меншігіне қатысты заң ережелері сонымен бірге
біздің елімізде шетел азаматтарының меншігіне де қолданылады.
Шетел азаматтары үшін ұлттық тәртіпті бекітіп, азаматтық
заңнама негіздерінде бұл ережеден Қазақстандық азаматтардың құқықтық
қабілетімен салыстырғанда шетел азаматтарының құқықтық қабілетін шектеудің
бірқатар мүмкіндіктері қарастырылады. Мәселен, әуе және су кемелерінің
экипажы құрамында жалпы ереже бойынша Қазақстан азаматтары ғана болуы тиіс.
Шетел азаматтарының азаматтық құқығын шектеу, бұдан басқа жағдайларда, ҚР
Үкіметі қаулысы бойынша мүмкін. Егер ол сол мемлекеттерде арнайы шектеу
болса, онда ол елдің азаматтарына бұл талап қоданылады. Мәселен, қандай бір
елде біздің азаматтарымызға тұрғын үйлерді жеке меншігіне алуға тыйым
салынса, онда осы елдің азаматтарыаталған заңға сәйкес біздің аумағымызда
да тұрғын үйлерді меншігіне алу құқығын пайдалана алмайды
Азаматтығы жоқ тұлғаларға азаматтық құқықтық қабілет, яғни, біздің
еліміздің азаматы болып табылмайтын, шетел мемлекетінің азаматы екенін
айғақтайтын дәлелі жоқ, бірақ біздің елімізде тұратын тұлғалар. 160 баптың
1-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан азаматтарымен тепе-
тең дәрежеде азаматтық қүқытық қабілетті пайдаланады. Оларға шетел азаматы
ретінде, ұлттық тәртіп ұсынылған. Жекелеген алып қоюшылық ҚР заңдарымен
белгіленуі мүмкін.
Қазақстан аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
тұлғаларға оның заңдарында қарастырылған құқықтар еркіндіктерге, оның
ішінде мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы құқықтарға
кепілдік береді. Бұған қоса, оларға аталған заңдардың талаптарын сақтау
міндеті жүктеледі.
Бұл тарауда азаматтық құқық қабілетінің мазмұны ол туралы
түсінік, құқықтық қабілеттің туындауы мен тоқтатылуы, шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ тұлғаларға азаматтық құқықтық қабілет мәселесі
қарастырылады. Осылайша, азаматтық құқық қабілеті-бұл қолданыстағы заңға
сәйкес адам туғанда туындап және ол қайтыс болғанда тоқтатылатын азаматтар
иелен алатын азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Азаматтардың іс-әрекетке қабілеттігі заңда азаматтардың құқықты
алуы мен оны жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді жасау мен оны
орындау әрекеттеріне қабілеті ретінде анықталады.
Іс-әрекетке қабілеттікті иелену-әртүрлі заңдық іс-әрекеттерді:
шарттар жасау, сенімхаттар беру және т.б. Сондай-ақ келтірген мүліктік
шығынына (өзгенің мүлкін зақымдау немесе құрту, денсаулығын зақымдау және
т.б.), шарт және өзге де міндеттерді орындамауға жауап беруге жеке өзінің
(өкілі арқылы да) қабілетті иелену айтылады.
Осыған байланысты іс-әрекетке қабілеттілік біріншілен, мәмілелер
жасауға қабілеттілікті, екіншіден, заңсыз іс-әрекеттерге жауапкершілік
атқару қабілеті белгілейді.
Бірақ азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін аталған заңда (ҚР
АК 17-бабы) анықтауда, азаматтардың қабілеттілігі туралы өзінде бар
азаматтық құқықтар мен міндеттерді өз іс-әрекетімен жүзеге асыру деп
айтпайды. Бұл аталған нормалардың жетілмегенінен деп есептеуге болады, не
егер азамат дербес құқықты иелен алады, онда оның артында қабілет оны
жүзеге асырады деп тануға твғы болмацды.
Аталған категориядағы құндылық іс-әрекетке қабілеттілік заң
жағынан тұлғаның экономикалық айналымда, шаруашылық өмірде, белсенді
қатысуын, өзінің мүліктік құқықтарын ең алдымен меншік құқығы ретінде,
сондай-ақ жеке мүліктік емес құқықтар ретінде жүзеге асыруын қамтамасыз
етілуімен анықталады.
Бұдан кейін, азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілік дәрежесі үлкен
құндылықтарды ұсынады. Ол тұлғаның мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастар саласындағы “тәуелсіздік” еркіндігін аңғартады.
Іс-әрекетке қабілеттілік, яғни, азаматтық құқықтарды алуға және
жүзеге асыруға, өзіне міндеттерді алып, оны орындауға байланысты өз
әрекеттеріне қабілетті деген сөз. Азаматта ерте сияқты 18 жасқа толғанда,
сол бойынша туындайды. Бұл ҚР Азаматтық Кодексінің 22-бабында айтылады.
Бірқатар жағдайларда толық іс-әрекетке қабілеттілік 18 жасқа жеткенше де
басталуы мүмкін. Ол жағдайлар Азаматтық Кодексте белгіленген. Осы заңның 22-
бабының 2 тармағында бұрын әрекет еткен норма сақталған, онда қашан заңмен
18 жасқа дейін некеге тұруға жол берілгенде, некеге отырған кәмелетке
толмаған тұлғалар іс-әрекетке қабілеттілікті некеге отырған уақыттан бастап
толық көлемде алады. Бұл бапта неке аяқталғанда: оны бұзғанда немесе заңсыз
деп тапқандағы жағдайларда ерлі-зайыптылардың іс-әрекет қабілеттеріне
қатысты салдарлар қарстырылады. Олар бірдей де емес. Мысалы, егер неке
бұзылса, іс-әрекетке қабілеттілік кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың
артында сақталады. Егер неке заңсыз деп танылса, онда іс-әрекет
қабілеттілігін сақтау туралы мәселе кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың
ісін сот шешеді. Некені заңсыз деп тану туралы шешім де сот егер бұл қажет
деп тапса, кәмелетке толмаған ерлі-зайыптылардың некеге отыру барысында
алған іс-әрекетке қабілеттігінің жоғалғанын көрсете алады. Соңғы жағдайда
кәмелетке толмаған толық еркіндігінен айырылады, оған 14-тен 18жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандарға берілетін құқықтар ғана ұсынылады.
Азаматтық кодексте Біздің заңға әлі белгілі емес талаптың бірі
аталады, қашан азамат кәмелетке толғанға дейін толық іс-әрекет қабілетіне
иеленуі мүмкін. Мұндай қажеттілік кәсіпкерлік қызметті кеңінен дамытуға
байланысты туындады. 18 жасқа жетпеген тұлғалар арасында кәмелетке
толмағандардың өз мүдделері ғана емес, несиешілер үшін белгілі кепілдеме
жасауға азаматтық тұрақтылық туралы қамқорлық та бар.
Эмансипация жайлы айтуға болады. 16 жасқа жеткен кәмелетке
толмаған мүмкін іс-әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін, егер ол еңбек
шарты бойынша жұмыс істесе немесе ата-аналар келісімімен кәсіпкерлік
қызметпен айналысса, онда ата-аналары (асыраушылары, қамқоршылары) келісім
берсе, эмансипация қамқоршы орындар шешімі бойынша жүргізіледі. Сотта
кәмелетті толық іс-әрекетке қабілетті деп жариялау шешімін енгізуге
қамқаршы органның бастарту мәселесі де қаралуы мүмкін.
Некеге отырғаннан бастап іс-әрекетке қабілетті саналған тұлға
немесе оларды эмансипация тәртібінде іс-әрекетке қабілетті деп жариялау 18
жасқа толғантұлғаның құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Олар кез келген
мәмілені дербес жасайды, шартты міндеттемелерге сияқты шығын келтіру
салдарынан туындаған міндеттемелерге де жауап береді. Егер осындай
кәмелетке толмағандықтың астарында қамқоршылық белгіленсе, ол тоқтатылады.
Азаматтық кодекстің 18 бабында болған және бұрынғы жалпы ережелер
бекітілген. Онда азаматтардың құқықтық қабілеті мен іс-әрекетке
қабілеттігін шектеуге заңмен белгіленген жағдайлар мен тәртіпте ғана жол
беріледі. Бұл ретте тиісті шектеулер тек заңмен ғана енгізілуі мүмкін.
Өзінің қандай бір жеке қасиеттеріне қарамастан өз өмірінде барлық
азаматтар құқықтық қабілетті иеленелі. Сондықтан құқықтық қабілетті толық
шектеу мүмкін емес:азаматтар жекелеген құқықтарды жүзеге асыруда ғана
шектелуі мүмкін. Еліміздің Қылмыстық кодкесінде жааасаған қылмысқа
жазалауда белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметті орындау
құқығынан айыруға жол береді. Сот үкімі бойынша бұл жазалау бір жылдан бес
жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
ҚР “Психиатрлық көмектер және оны көрсету кезіндегі азаматтар
құқығының кепілдіктері туралы[14]”заңына сәйкес азамат уақытша психикалық
ауытқулар салдарынан жекелеген кәсіби қызметтер мен жоғары қауіптілік
көздерін орындауға байланысты жұмыстарды атқаруға жарамсыз деп танылуы
мүмкін екені айтылады. Мұндай шешімді медициналық психиатрлық көрсеткіштер
тізбесіне сәйкес азаматтың психикалық, денсаулық жағдайын бағалау негізінде
оған өкілетті денсаулық сақтау органының дәрігерлік комисииясы қабылдайды
Бұл шешімге сотта азаматпен шағымдануына да жол беріледі.
Азаматтық кодексте сондай-ақ заңмен жекелеген азаматтар тобының
акционерлік қоғамдардан басқа шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктеріне
қатысу құқығынан шентеуіне жол беруі мүмкін
Іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу немесе толық айыру Азаматтық
кодексте қаралған жағдайларда сот шешімі бойынша жол баріледі. Азаматтық
кодекстеегі 18 баптағы нормалар азаматтардың құқықтық қабілеті мен іс-
әрекетке қабілеттілігін шектеу мен айырудың дұрыс еместігін қарастырып
қана қоймайда, заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте де, бірақ осындай
тәртіпті сақтамау салдарынан да. Азамматтардың іс-әрекетке қабілеттілігін
шектелетінін немесе басқа да органның актілері заңсыз деп танылады.
Мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
актілерін заңсыз деп тану тәртібі заңдарда белгіленеді.
Іс-әрекетке қабілеттілік құқықтық қабілетке қарағанда, азаматтың
жекелеген қасиеттеріне байланысты болады. Сондықтан қабілетті өз іс-
әрекетіне байланысты оның мәнін түсіну, онымен иелік ету және оны жасау
салдарларын көре білу осы қасиеттерге байланысты қабілетке жатады.
Бұл қасиеттер жасына ғана байланысты болмайды, бірақ психикалық
жағдайына да қатысты. Сондықтан егер азамат өз іс-әрекеттерін дұрыс бағалай
алмаса, ол сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Азаматтық процессуалдық кодескпен, сотпен азаматты іс-әрекетке
қабілетсіз деп танудың арнайы тәртібі белгіленеді.
▪ Арыз беру.
Азаматты ішімдік ішіп немесе есірткі затын тұтыну салдарынан іс-
әрекеттілігін шектелді деп, не жүке ауруы салдарынан осылай деп тану туралы
іс оны отбасы мүшелерінең, кәсіподақтар мен өзге де қоғамдық ұйыдар,
прокурор, қамқоршы органдар, жүйке ауруларын емдеу мекемелерінің арызы
бойынша бастау алуы мүмкін.
Азаматты іс-әрекеті шектелді деп тану туралы арызда ішімдік ішіп
немесе есірткі затын тұтынып, сол арқылы отбасын қиын материалдық жағдайға
қалтырылған тұлғаны айғақтайтын жағдай айтылуы тиіс.
▪ Арызды қарау.
Азаматты іс-әректке қабілетсіз деп тану туралы істі сот міндетті
түрде прокурор мен қамқоршы органдар өкілдерінің қатысуымен қарайды.
Осындай істерді қарауға жұмсалған сот шығындары арызданушыдан
өндіріліп алынбайды.
Сот отбасы мүшелері арыз беріп, азаматты іс-әрекет қабілетінен
айырып, одан шектеу үшін қасақана әділетсіз әрекет еткенін анықтасы,
олардан сот шығындары өндіріліп алынады.
▪ Арыз бойынша сот шешімі
Соттың азаматты іс-әрекетінің қабілеті шектелді немесе іс-әрекетке
қабілетті деп танылған шешімі қамқоршы органдарға іс-әрекет қабілеттілерге
қамқоршы, ол іс-әрекетке қабілетсіздерге асыруашы тағайындау ушін негіз
болып табылады.
Азаматтың іс-әрекетке қабәлетін шектеу үшін екі жағдай негіз болып
табылады: ішімдік ішушілік немесе есірткі заттарын тұтынушылық және осының
салдарынан оның отбасында қиын материалдық жағдайдың басталуы. Егер азамат
жалғыз тұрса (отбасы болмаса) гол іс-рекетке қабілеттіліктен шектеле
алмайды. Іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу сотпен Азаматтық процессуалдық
кодекспен белгіленген ерекше тәртіпте жүргізіледі. Мұндай азаматтардың іс-
әрекет қабілетінің ауқымы: олар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға
құқылы. Мүлікті басқару (сатып алу, сату, сыйлау, айырбастау және т.б.),
сондай-ақ жалақы, зейнет ақы, өзге де кірістер алу және осы қаражатты
жұмсау бойынша кез келген өзге мәмілелерді жасауда олар қамқоршының
келісімімен ғана жүзеге асыра алады.
Сонымен бірге іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу мұндай
тұлғалардың дербес мүліктік жаупкершілікке әсер етпейді: олар өздері
шарттар мен басқа да жасалатын мәмілелерден туындаған міндеттемелер бойынша
жауапкершілік атқарады, сондай-ақ олрға келтірілген шығынға жауап береді.
Егер азамат іс-әрекет қабілеттілігінен шектелді деп танылса, сот
оны өзгертеді және сот шешімі негізінде қамқоршылық та ауыстырылады.
2. Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың
процессуалдық ерекшеліктері
2.1. Іс-әрекет қабілетінің шектеулі туралы арыздар қабылдау
Азаматтық процессуалдық заңнамаға сәйкес азаматтардың іс-әрекетке
қабілеттілігін шектеу туралы істер азаматтарды жүйке ауруы мен немесе есі
төмен деп тану туралы істер сияқты олар да ерекше өндірістерге жатқызылады.
Азаматтарды олардың іс-әрекетке қабілеттілігі бойынша дифференциация
нақтылы тұлғаға қатысты олардың заңдық іс-әрекетіне қарамастан жасы немесе
жүйке жағдайына байланысты жүргізіледі. Ішімдік пен есірткі тұтынатын
тұлғаларды іс-әрекет қабілетінен шектеу, осы белгілері бойынша азаматтардың
өзге іс-әрекетке қабілеттілік түрлерінен өзгешеленеді. Ол өте қатаң
мақсатты бағытқа ие болады. Заң өз құқын дербес басқару мүмкіндігін
шектейтін нысанға қатысты қатаң көрсетіледі. Бұл шектеу азаматтың арақ
ішіп, есірткі тұтынуына байланысты белгілі бір әрекеттеріне қатысты
туындауы мүмкін. Ол ең алдымен осы тұлғаның отбасының пайдасына, әрине,
оның мүдделерін қорғай отырып, қолданылады.
Екінші ерекше белгісі, жасы мен психикалық жағдайы бойынша іс-
әрекетке толық қабілетті тұлғаларға қолданылады. Олар саналы, дербес,
мақсатты іс-әрекеттерді жасауы мүмкін. Мұндайға арақ сатып алуға
жалақысының барлық немесе белгілі бөлігін жұмсау әрекеті енеді. Бірақ бұл
іс-әрекеттер заңмен өз отбасына заңға қайшы әрекет ретінде бағаланады.
Себебі, ол отбасын қиын материалдық жағдайға әкеліп соғады. Мұндай мінез-
құлық оның өзін де қолайсыздыққа ұрындырыды.
Осылайша, егер іс-әрекетке қабілетсіздік болған жағдайдың нақтылы
констатациясы ғана болса, онда іс-әрекетке қабілеттілікті шектеу заңмен
белгіленген жағдайда заңсыз іс-әрекетке жауапкершілік шамасы болады.
Жауапкепшілік шараларын салу үшін өз алдына біріңғай диалектикалық
объетивті және субъективті белгілер ұсынатын азаматық құқық бұзудың толық
құрамы бар екенін талап етеді. Бұған қоса бұл нақтылы негіздер
жауапкершілік алғышарты-белгілі мүмкін және арнайы қажетті мінез-құлықтың
құқықтық нормаларын түсінудің құқықтық негізі болып табылады. Құқықтық
норманың мемлекттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігін де айырады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік құқықтық қатынас болғанда ғана
орын алады. Онымен кімнің алдында, не үшін жауап беретінін анықтауға
болады. Міндеттіліксіз жауапкершілік жағдайы бола алмайды, заң бұзусыз
міндеттілік жауапкршілікке тартуға мүмкін емес[15]
“Жауапкершілік – бұл, егер міндеттілік еркін орындалмаса, көрініс
беретін міндеттілік сипаты ғана болады[16]”.
Зерттелетін іс дәрежесіне жауапкершілік туралы жалпы көрсетілген
ережелер қолданбалы ма? Бұл сауалға жауап беру үшін ең алдымен іс
қозғалатын тұлға мен оның отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас сипатын
анықтау жөн, сондай-ақ заңмен отбасы мүшелерінің міндетінде басқа отбасы
мүшелерін ұстау қарастырылған ба, егер солай болса, бұл міндеттілік
азаматтық құқық бұзу құрамына кіре ме, соны агықтап алу қажет.
Отбасын материалдық ұстау бойынша міндеттілік отбасының құқықтық
қатынасына қатысушы тұлғалар ғана атқара алады. Е. М. Ворожейкин отбасы
құқықтық қатынастарының қарама-қайшылық ерекшелікткріне тән жағдайларды
зерттеп, аталған құқықтық қатынасқа қатыспаған тұлға мінез-құлқының
нәтижесі ретінде қатыспайтынын атап көрсетеді[17] Іс қозғалған тұлғаға
қатысты және оның отбасы мүшелері де нақтылы отбасы қарым-қатынасының
нысандары болып табылады.
Отбасылық-мүліктік құқытық қатынастардағы отбасылық құқықтық
спецификалық түрі-өзара материалдық жағдайы бойынша міндеттеме болып
табылады[18].
Балаларды ұстау бойынша міндеттемені мәніне қарай, есірткі немесе
маскүнемдік салдарынан жалақыны жұмсау бойынша өз құқықтарын бұзу, отбасы
алдындағы аталған міндеттемелерді орындамауға әкеліп соғады.
Отбасылық құқықтық қатынастан туындайтын міндеттемелерді
орындамауға азаматтық заңнамамен белгіленген санкцияларды қолдану заңдылығы
туралы мәселе туындайды.
Құқықтың жүйелілігі жағдайында құқықтық талаптар аталған сала үшін
оңтайлы құрал ретінде қамтамасыз етілетіні әдебиеттерде аталып
көрсетіледі[19]. Әсіресе, отбасыны нығайту, оның мүшелерінің белгілі
дәрежедегі мүдделерін қорғау мақсатында жекелеген талаптар немесе отбасының
өмір сүру қырлары бола тұра, басқа сала құқығы нормалары қызмет атқарады.
Отбасы құқығына ең жақыны осы саладағы қарым-қатынастарды реттеуге
бағытталған азаматтық, көптеген институттар байланысты болады[20]
Тұлға жауапкершілігі барлық басқа заңдық жауапкершілік сияқты
құқықтық қатынас нысанының кінәсі болған кезде пайда болады. Зертелетін
құқықтық қатынас құрамына заңда тура айтылатын зиянды салдарлар енеді.
Сондықтан нысан кінасы оның жиындық факторларымен кірігеді: өз мінез-
құлқының заңға қайшылығын тұлғаның сезінуінде, олардың нәтижелерінен пайда
болған зияндылықтан. Сондықтан тұлғаның кінәсі туралы жай олардың араққа
немесе есірткіге үйірлігі сияқты, қашан маскүнемдік немесе нашақорлық
асқынған ауруға айналғанда да бұл жайлы айтуға болады. Асқынған
маскүнемдік немесе нашақорлық адамның психикалық іс-әрекетінің белгілі бір
дәрежеде бұзылуын көрсететін ауру болып табылады. Бірақ бұл дерт астарында
дұрыс емес мінез-құлықтың жатқанын да ұмытуға болмайды. Заңға қайшы
әрекеттерде кінәнің болмауын, қашан субъект өзінің психикалық жағдайы
бойынша өз іс-әрекетін түсінбеген де немесе оны игере алмаған да болатынын
аңғарамыз. Дегенмен, ауруларда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz