Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы. Азаматардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы


Кіріспе
Осы дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы: “Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы”.
Азаматтық құқық ұғымын, оның әдістерін, басқа салаларымен шекарасын, ғылымын, субъектісін, объектісін, мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды нақты зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, азаматтық құқықтың ең бір қымбат қазынасы - адам. Адамның құқықтары, міндеттері болып табылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіз алғаннан бастап нарықтық эканомикасына өткеннен соң айырбас және сыйға тарту шарттары жоғары деңгейде дамып, азаматтардың арасындағы ең жиі қолданып келе жатқан шарттардың бірі болып отыр. Затты, мүлікті немесе жеке меншікті екі тарап келісуі арқылы талап қою немесе сол сияқты шарт қою арқылы заңды түрде айырбас шартына отырады . Айырбас шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі 506 - 516 баптары арқылы жүзеге асырылады.
Менің ойымша, Конституцияда және осы кодексте көзделген баптарға әлі де өзгерістер енгізуге тиіс деп ойлаймын. Себебі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты түрде қарастырылған мен әрбір азамат өз құқықтары мен міндеттерін қадірлеуге Конституцияда баптарға қайшы келмеуге, халқының қадір-қасиетін құрметтеуге және таңдауға тиісті. Қазақстан Республикасының Конституцияның 14 бабында көзделген : заң мен сот алдында әрбір азаматтардың құқықтары мен міндеттері немесе бостандықтары тең. Олардың лауазымына, біліміне, кәсібіне, дініне, нәсіліне, ұлтына, мүліктік жағдайына қарамастан заң алдындағы құқықтарының бірлігі. Егер де, осы кодекс пен Конституциямызда осы баптар қарастырылмағанда елімізде бейбіт -татулық, ұлттық бірліктігі дамымас еді.
Біз өзіміздің Конституция және кодекстеріміз арқылы елімізде тұрып жатқан әрбір ұлттар жиынтығын сот пен заң алдында барлығының теңдігін нақты зерттелінгендігін атап көрсеткен. Кез келген адамның өзгелерге қатысты алғанда - басқа адамдардың, қоғамның, мемлекеттің алдында атқаруға тиісті белгілі бір міндетті болады. Бұл міндеттер заңмен белгіленген, оларды орындамау азаматтың өзін ыңғайсыз жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Адамдармен бірге өмір сүре отырып, олардан мүлдем тәуелсіз болу мүмкін емес. Азаматтың Конституциялық міндеттерінің бірі - басқа адамдар құқығын, бостандығын, ары мен абыройын құрметтеуден тұрады. Азаматтардың құқығы, бостандығы, абыройы, ар-ұжданы оның баға жетпес байлығы болып табылады.
Дипломдық жұмысты Азаматтық құқығының ұғымы жөнінде жаза отырып оны жан - жақты қарастырып жазуға тырыстым.
- Азаматтық құқықтың ұғымы
Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бер белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарыны құқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы) . Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарың реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде заматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civile» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминалогиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп дүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты деп аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекетер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз . . . », ендеше тосы бағытта әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салакға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен құқықтық реттеу әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшелітерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1 бабы 1 тармағы) . Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, оларды өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушыладың құн заңына сүйенетін мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықты экономика жағдайында тауар-ақша азаматтық құқықты ретеудің негізгі өзегіне айналады.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар мен мүліктік қатынастарды реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады.
Бұл жердегі «байланыстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т. б. қатынастар) . Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және бсқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.
Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын - мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т. 6. ) .
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
- Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Конституциясымен реттеледі. Конституцияның 2 тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысыжоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің әні, міне, осындай.
1. 1. Азаматтық құқықтың әдістемесі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде, құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санцияларында топтастырыла көрсетілген.
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
- Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы оладың тауар-ақша және басқа заңды түрдегі теңдігімен сипатталады. К. Маркс «Капиталда» былай деп жазды: «Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билей тін адам ретінде, қатысуға тиіс:сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді. Демек, олар бірін бірі жекеменшікті деп білуге тиіс».
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежед әрекет етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
- Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. Демек, азаматық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
- Тараптар азаматтық құқық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі) . Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғаға тиіс. Егер қандай да бір ққық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана осы сотқа беруге болады.
Азаматтық кодекстің 9-бабының 1 тармағына мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілі атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғанға деін көптеген ұқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен с жүзінде оның қолднып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағаныа талай мәрте көз жеткізген болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;
- Азаматтық құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсініңқандай екендігіне де байланысты болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктіік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
1. 2. Азаматтық құқықтың басқа салаларымен шекарасы
Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық құқықтың сонымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді. Бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару қажет: жаңа Азаматтық кодекс (1994ж) қабылданғанға дейін азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Айталық, Қазақ КСР Азаматтық кодексі (1963 жылы қабылданған) бойынша отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ колхоздардағы өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі қатынастар тиісінше - отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі заңдарымен реттеліп келді. Ендігі жерде Азаматтық кодекстің 1-бабы 3 тармағына сәйкес азаматтық құқық осы баптың 1-тармағында аталған белгілерге сай келетін отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны орғау жөніндегі қатынастарға (мәселен, мүліктік қатынастар және тараптардың заңдық теңдігіене негізделген болса) , егер де тиісінше отбасылық, еңбекзаңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуде ағаттықтар кеткен кезде, қлданылады.
Азаматтық және еңбек құқықтарының ара жігін ашу белгілі бір жағдайда өзіндік қиындықтар да туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім-шартты жасасу мүмкндігі жөнінде болып келегн дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, еңбек қатынасына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында ап-анық өрсетілген. Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты өзінің Пленумында №10 қаулысын (нормативтік сипаты бар) қабылдады. Бұл қаулы «Моральдық зиянды өндіртіп алу туралы заңды соттардың қолдануы туралы» деп аталды. Оның 5-тармағында былай делінген: «Еңбек туралы заңдарда рухани немесе дене зардабын шеккендерге өтем төлету жөнінде тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші зиянның орнын толтыруға құқығы жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң Негіздерінің 131-бабына сәйкес отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедектікке, кәсіби ауруға ұшыратқан үшін, сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы».
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы- оның еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның істеген ісінің саны мен спасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда, жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды.
Отбасы құқығы некеге және отбасына қатысты қатынастарды реттейді. Отбасы құқығы некеге тұру, некені бұзу және оны жарамсыз деп танудың жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал актілерінің тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен басқа адамдар арасындағы жағдайлар заңда көзделген ретте қаралады.
Отбасы құқығына реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады, ал жарлық ету түріндегісі- императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы екі бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
Отбасы құқығының дербестігіне қарамастан ол туралы заңмен реттеуге келмейтін отбасылық қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі отбасы қатынастарына қайшы қоймайды. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны, не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірескен меншігі болып табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабындағы 2 тармаққа сәйкес, егер некеде тұрған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т. б. ) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі деп танылуы мүмкін. Осы мысалдың өзі-ақ азаматтық заңды отбасы қатынастарына қолданудың айқын бір көрінісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz