А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 3

1 А.Нұрқатовтың өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5

2 А.Нұрқатовтың әдебиетке қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 11

2.1 Әуезовтануға қатысты
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.2 Абайтануға қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .18

2.3 С.Мұқановқа қатысты
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

2.4 С.Сейфуллин-халық
жазушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Филологияның өзі жеке ғылым ретінде XIX ғасырда қалыптасқанын
ескерсек, қазақ филологиясының ғылым ретінде шаңырақ көтерген уақытын өткен
XX ғасырдың бастапқы жылдарына телісек те, ғылыми филология көшінен кенже
қала қоймасымыз анық. Бұл жағдайда баршаның ойына ең әуелі Ахмет
Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанұлы, Халел Досмұхамедұлы, Әлихан
Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы т.б.
қазақтың біртуар зиялыларының еңбектері оралуы да заңды.
Қазақтың көркемдік таным дүниесінде жарқын із қалдырған
Ш. Уәлиханов, халқымыздың көркемдік әлемінде көсем болмысымен дара тұрған
А.Құнанбаев сияқты дара тұлғалардың өріс алып жатқан әдеби-сыншылық
пікірлердің XX ғасыр басындағы ұлт зиялылары еңбектерінде ұлттық-халықтық
мұрат тұрғысынан көрініс тапқаны да айдан анық.
Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің ғана емес, әдебиеттануы мен
сынының да көш басында болған С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Тоғжанов,
М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Е.Ысмаилов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин еңбектерінен
бастау алып,кешегі күнге дейін ізденіс аясы, бағыт-бағдары тұрғысынан түрлі
деңгейде, алуан сипатта болып келген үлкенді-кішілі зерттеулердің ғылым
дамуындағы маңызын ескермеу шындыққа қиянат болмақ. Әдебиет тарихының сан-
салалы мәселелері әр қырынан қарастыратын еңбектерден бөлек алғанның
өзінде, әдебиеттану және әдебиет сынына қатысты көптеген зерттеулер
жазылғаны мәлім.
Бұл тұста А.Байтұрсынұлының Әдебиет танытқышынан бастау алып,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, Б.Ыбыраимов т.б.
ғалымдардың әдебиеттің теориялық мәселелеріне арналған еңбектерін,
әдебиеттану мен сын тарихы мәселелеріне негізделген Н.Ғабдуллин, Р.Нұрғали,
М.Қаратаев, Т.Кәкішев сынды майталмандардың зерттеулерін айтуға болады.
Қайсы бір ғылым саласында болмасын, ғылымды жасаушы да, дамытушы да,
халық игіліне жаратушы да – жекелеген дарынды тұлғалар. Әдебиет ғылымы мен
әдебиет сынының даму тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған сыншылар мен
ғалымдардың еңбектерін жан-жақты саралай қарастырып, салыстыра бағалау
нәтижесінде ғана нақты кезеңге тән әдеби үрдістің шынайы бейнесі объективті
көрініс табатыны айқын.
Қазақ әдебиетінің әдебиеттануының сын мәселесіне өзінің үлесін қосып,
артынан мол мұра қалдырған қазақтың біртума перзенттерінің бірі, дарынды
ғалым – Айқын Нұрқатов еді.
Зерттеудің өзектілігі: XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы сын және
әдебиеттанудың дамуы, А.Нұрқатовтың әдеби сын, ғылыми-зерттеу еңбектерінің
маңызы және әдебиеттанудағы орны.
Зерттеудің мақсаты: А.Нұрқатовтың ғылыми-зерттеу еңбектерін зерделеп
қарастырып, олардың әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы маңызын айқындау,
оның сыни еңбектерінің әдебиетте атқарған міндеттері мен бүгінгі
әдебиеттану дамуындағы өзіндік орнын ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. А.Нұрқатовтың өмір кешкен кезеңнің өзіндік сипатына сай оның
сыни, ғылыми еңбектерін қарастыру арқылы қоғамдық-әлеуметтік,
танымдық көзқарасының қалыптасу жолдарын анықтау;
2. Қазақ қоғамының дамуында маңызды орын алатын демократ-
ағартушылар мен кеңестік дәуірдегі көрнекті қаламгерлер
шығармашылығы, олардың әдеби үрдіс дамуындағы ізденістері,
алатын орны, әсер-ықпалы туралы еңбектерін қарастыру
нәтижесінде А.Нұрқатовтың сыншы-зерттеушілік ролін анықтау;
3. М.Әуезов шығармашылығының ерекшелігі жайындағы ғалым
зерттеулерінің маңызын анықтап, көрсету;
4. Абайдың шығармашылық даралығы, ақын шығармаларындағы дәстүр мен
жаңашылдық, ақындық айнасы, ақын дәстүрінің жалғастығы, ақын
шығармаларындағы көркемдік-тілдік сипаттарын саралауға қатысты
еңбегінің маңызын ашу;

1 А.Нұрқатовтың өмірі мен шығармашылығы

Айқын Нұрқатов бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл
ауылында 1928 жылы, 1 қарашада дүниеге келген. Оның балалық шағы туған
ауылында туған-туыстарының арасында өтеді. 1934-1945 жылдар аралығында
Шұқыркөл ауылында орта мектеп көлемінде білім алады.Айқынның ата-анасы
колхозда жұмыс істейді. Әкесі – Нұрқат, анасы – Жанапия жанұяларында төрт
бала болды. Айқын – отбасында кең үлкені еді, ол әке-шешесіне өзінен кейін
туған інісі – Арыстанды, қарындастары – Мәрә мен Мәруані тәрбиелеуге
көмектеседі. Балаларының оқуға деген құлшынысын байқаған ата-анасы оның
оқуына ерекше көңіл бөледі.
1946 жылы Алматының Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық
институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, оны 1950 жылы
үздік бітіріп шықты. Әдебиетке ерте құмартып , институт қабырғасында озық
оқыған Айқын бірден қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына
қалдырылады. Кейіннен атақты Жұлдыз журналының сын бөлімінде жұмыс
істейді.
Айқын әдебиетке 50-ші жылдардың бас кезінде келіп қосылды. Қазіргі
Жұлдыз журналының сын бөлімін басқара жүріп, ол 1954 жылы В.Маяковский
және қазақ поэзиясы деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.
Алғашқы кезде республикалық баспасөз беттерінде бірлі-жарым өлеңдер
жариялап, кейініректе аударма мәселесімен де біраз шұғылданған Айқынның өз
талантын айқара ашып, жемісті еңбек еткен саласы – сын саласы еді..
Аталмыш салада Айқын қысқа ғұмырының ішінде қыруар еңбек беріп
үлгерді. Күнделікті баспасөз бетінде ол жүзден аса әдеби-сын мақалаларын
жариялады. Ш.Уәлиханов, В.Маяковский, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин
шығармашылығы туралы шағын-шағын очерк кітапшаларын басып шығарды. Сын
саласында жеке кітап болып басылған алғашқы бағалы еңбектерінің бірі -
М.Әуезов шығармашылығы жөнінде жазылған монографиялық очеркі. Бұл көлемді
еңбек М.Әуезовтың мол салалы, кең арналы шығармашылық жолына шолу жасауға,
оның басты-басты еңбектерін талдап, баға беруге жазушының қазақ әдебиетінде
алатын орнын айқындауға арналған.
Айқынның екінші көлемді еңбегі 1962 жылы жарыққа шыққан Идея және
образ атты мақалалар жинағы. Бұған оның 1956-60 жылдар арасында жазған
мақалалары енген. Бұл еңбектер қазіргі қазақ әдебиетінің келелі мәселелерін
қозғауға, жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығын, суреткерлік
шеберлігін, көркемдік ізденістерін талдауға арналған. Логикалық ойдың
жинақылығы, айтылмыш пікірдің айқындылығы, батылдылығы, дәлелдің күштілігі,
тілдің көркем де, өткірлігі-міне, жалпы алғанда, сыншы Айқынның,
әдебиетші–ғалым Айқынның қаламына хас қасиеттер осындай еді [24,163]
А.Нұрқатовтың жерлесі, филология ғылымдарының докторы Нығмет Ғабдуллин
өз естелігінде А.Нұрқатов жайлы былай дейді: өнерінін қырлары жарқылдап,
биікке самғап бара жатқан шағында, отыз жеті жасында қайтыс болды ол
[6,140].
Айқын Нұрқатов 1950 жылы ҚазПИ-дің филология факультетін үздік
бітіріп, осы жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің ұйғаруымен институт жанындағы
аспирантураға қалдырылады. Сол елуінші жылдан бастап, Айқын әдеби зерттеу,
сын саласындағы алғашқы еңбектерімен баспасөз бетінде көріне бастады...
Арада он үш жыл өтті. Осы аз мерзім ішінде ол Идея және образ, Абайдың
ақындық дәстүрі, М.Әуезовтың творчестволық жолы атты үш үлкен монография
және Ш.Уәлихановтың, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің өмірі мен
шығармашылық сапарлары хақында жеке-жеке очерк кітаптарын жазады, екі жүзге
жуық сын мақала мен рецензия жариялайды; көркем аударма өнеріне араласып,
венгер жазушыларының әңгімелерін ана тілімізге аударып, кітап етіп
бастырады; Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер
институты 60-жылдары шығарған үш томдық қазақ әдебиеті тарихын жазысуға
қатысады; орта мектептің 9-10сыныптарына арналған қазақ әдебиеті оқулығы
авторының бірі болады; 1954 жылы В.Маяковский және қазақ совет поэзиясы
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, 1963 жылы Абайдың ақындық
дәстүрі атты докторлық диссертациясын тәмамдайды,бірақ қорғауға
үлгермейді.
Ол Академияның әдебиет пен өнер институтында, Қазақстан Жазушылар
одағында әдебиет мәселелерін талқылауға арналған мәслихаттарға қызу
араласатын, сан талай баяндамалар жасап, әдеби шараларға әрқашан белсене
қатысатын тамаша қызметкер жан еді. Қатар жүрген құрбылары Айқынның
іскерлігіне таңданатын, алғырлығына сүйсінетін.
Нығмет Ғабдуллин сонымен қатар, Айқын екеуінің бір ауылда туып-өсіп,
бірге оқығанын, ауылдағы он жылдық мектепті бітірген соң, Алматыға бірге
аттанып, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны-ҚазПи-дің тіл-әдебиет факультетіне
қатар кеп түскендерін еске алады. Бүгін ортамызда жоқ Айқынды есіме алған
шақтарда, ол өзінің бала сияқтанаған сүйкімді, қызықты бір мінездерімен
көзіме елестейді – деп еске алады Айқынның жерлес бауыры [4,142].
1946 жылдың шілде айы болатын Алматыға оқуға аттануға бел буған, екеуі
паспорт алу үшін аудан орталығына жолға шығады. Аудан орталығы–Рузаевка
біздің ауылдан қырық бес шақырым тұрады. Соғыстан кейінгі алғашқы жыл,
ауылдың күйі онша мәз емес. Бригадирден ат-арба сұрап, ол көлік тауып
беруге қиналған соң, жаяу тартып, түске тармыса ауданға жетеді. Паспортты
сол күні алып үлгіреді.
Олар аудан орталығынан шыққан кезде күн кешкіріп қалып еді. Әрі аспан
бұлттанып, жел ызыңдап, жауын исі білініп тұрған. Бір кезде сытырлап жаңбыр
жауа бастайды. Осы мезетте бір жүк машинасы қуып жетеді де қол көтерсе де,
тоқтамай өте шығады. Жаңбыр күшейейін деді.
Таң ата басылған жаңбырдан кейін тұрған қос жолдас орындарынан тұрып,
қарындарының ашқанына, үстерінің суына қарамастан ауылға қарай тартады.
–Ал, кеттік!
–Жүгірейік,-деді Айқын.
Екеуі етіктерін шешіп алып, балақты түріп тастап, суы көлкіп жатқан жолдың
жиегімен бүлкілдеп жортып келіп, Көкшелі деп аталатын аласа шошақ таудың
төбесі көрінгенін, ауылға жақындап қалады.
–Көкшелінің төбесіне шыға кетейікші!-дейді Айқын біртүрлі құмарланып.
Жолдан бұрылып, боз көденің үстімен Көкшеліге төтелей тартады. Етегінен
ұшар басына дейін сыңсып жасыл қарағай өскен кішкене тау, жап-жазық дала
төсінде дөңгелек бөрік секілденіп, оқшау шошайып тұрғандықтан, аса биік
сияқты көрінетін. Таудың дәл төбесінде өрт қарайтын мұнара бар. Бүкіл
атырап, алақанда жатқандай, жайнап көрінетін. Бұл кезде аспан шайдай
ашылған. Күн нұры төгіліп тұр. Түні бойы жаңбыр сіңген дала бусанып жатыр.
Үстінде сағым ойнаған ылди беткейлер шалқып жатқан ақ теңіз секілденеді.
Көңілдері тербетіле жолдастар тербетіліп:
–Қосылып бір ән салайықшы, Көкшелі қуанышымыздың мәнісін білсін, бұл
да масайрасын! - дейді Айқын біртүрлі толқып, өңінде нұр ойнап: Ауылым
қонған Сырымбет саласына-а-ай...
Дауыстарын орман жаңғырықтырып көтеріп әкетіп, ән аспанда қалықтап, ән
қанатынан ұстап, ұшып бара жатқан секілденеді...
–Біз Алматыға оқуға кетіп барамыз. Сау бол, тілектес бол, Көкшелі!-деп
Айқын бар даусымен айқайлап қоштасады...
Сөйтіп, қос жерлес Алматыға оқуға аттанады. Бірақ астанаға жиырма күн
дегенде, Көкшетау вокзалында он үш күтіп билет болмай, әрең дегенде 500
веселый деген қызыл товарнякпен Алматыға жол тартады. Астанаға келісімен
олар институтқа келсе, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, олардың
кешіккендіктерін емтихандардың аяқталуына бір күн қалғандығын айтады. Олар
оқуға түсу қағаздарын алдын-ала поштамен жібергендерін айтып, себебін
түсіндіргеннен кейін хатшының рұқсатымен бір күннің ішінде алты бірдей
емтиханды тапсырып үлгереді. Жолдары болып ҚазПИ-дің филология
факультетінде оқуға түседі. Әдебиетке елуінші жылдардың алғашқы жарымында
келген бір топ талантты жастар: Т.Жабаев, Б.Соқпақбаев, С.Қирабаев,
Б.Сахариев, Ғ.Қайырбеков, Ш.Сәтпаева, Ә.Дербісалин, М.Рашев бірер курс қана
айырма бар,-бәрі ҚазПИ-де бір тұста оқиды. Шеттерінен өлең жазып,
жолдастарға ұнаған өлеңдерін қалтаға салып алып, ептеп редакциялады жағалай
бастайды. Баспасөз бетінде бірен-саран өлеңдері де басылған.
Бір күні Айқын менің жастар газетінде жарияланған өлеңімді оқып
отырып, күлімсіреп әзіл айтты.
– Сен өлеңді қойсаң қайтеді, ақындықтың жыны жоқ секілді сенде.
Өлеңді ақылмен ғана жазасың. Ал ақылмен ойлап тапқан сөз, дарымас бойға
сырғанар деп Абай атамыздың айтқаны бар ғой. Сенің өлеңнен гөрі әңгімең
түзу көрінеді маған, оңтайың проза жағында сияқты.
Баспасөз бетінде Айқынның да бірнеше өлеңі жарияланған еді.
– Ал саған ақындықтың жыны қонған ба?-дедім күліп.
– Маған да қонбаған болу керек.
– Қайдан білесің?
– Өлеңімде қызу жоқ.
– Біреу айтты ма?
– Өзім ішімнен сезіп жүрмін [4,143] ...
Айқын өзінің не нәрсеге икемі барын тани білу, сол жолға бар
ықыласымен шын беріліп түсіп, үлкен мұратқа ұмтылу - нағыз қабылетті адамға
тән қасиет болса керек. Өзін өзі дұрыс тани алған кісі басқаға да түзу жөн
айта алады. Жақсы іске ол әманда қуана білмек, кемшілікке қынжылмақ.
Бірақ, біреудің мінін көзге ұрып, артылам демес өзгеден, кемшілікті
сынағанда да жақсылық тілеп отырған көңілі өзгермес. Ең алдымен жылтыраған
шыраққа көзі түсер, соған қуанар.
Айқынның әдеби сынға араласып, алғашқы жазған мақалаларында-ақ оның
сыншылдық ойларынан осы қасиеттер көрінген еді. Сыншының қаламы ұшталып,
ойы биіктеген сайын сол сапа тереңдей берді... Айқынның әдеби еңбектерін
оқығанда пікірінің кеңдігіне, қиялының жүйріктігіне, тілінің орамдылығына
сүйсініп отырасың. Ол жадағай сөзден аулақ, мақтағысы келсе-лепілдетіп
сөйлеп кетпейді, жақсыны дәл танып, шын қуанып айтады. Кемшілікті көрсе-
көңілінде бүгіп қалмайды, тура сөйлейді. Біреулердің беделінен қаймығып,
қаламы маймақ тартып кетпейтұғын, жауырды жаба тоқу секілді қылық онда
болмайтын. Сол мінезі кейде біреулерге жақпай қалып, шамшылдың тікен сөзі
жанына батқаны да бар.
Өнер туындысының сыр-сипатын нәзік жүрекпен терең сезіне білуінен мен
Айқынның сыншы, зертеуші ретіндегі озық ерекшелігін көресің. Ол қазіргі
қаламдастарының көбінің шығармашылығы хақында ой толғады ол. Сонда,
жазушының жаңа шығармасына талдау жасағанда, барға баға беріп қана қоймай,
қаламгердің өнер жолының бет алысына, алдағы өрісіне көз жіберетін. Көш
жүре түзеледі дегендей, өнер сапарында мінеліп, қырланып өзі оңдалып
кететұғын ұсақ міндерді қазбаламай, тамыры жайылыңқырап бара жатқан елеулі
ақауларға айрықша назар салатын, қаламгерге достық кеңес беруге ұмтылып
отыратын.
Айқынның сыншылдық ойларында, осындай сипат бар. Сондықтан араға
жылдар түссе де, пікірлері ескірмей, сөздері айқын жарқырап, бұлардан
бүгінгі әдеби өмірдің де тынысы сезіліп тұр.
Айқынның сын мақалаларын, зерттеу еңбектерін оқығанда, оның әдеби
ойларынан шыншыл сырлар ұғасың. Толғаған пікірлері тереңдігімен,
сонылығымен сыншы ойының кең өрісін аңғартып отырады. Шынайы өнер
туындысынан суреткер жанының бүкіл рухы танылмақ.Бұл сырлы күйді көру, ұғу
үшін зерттеушіге жіті көз, сергек сезім керек. Домбыраның құлақ күйін, қос
шекті бармағымен бір қаққанда-ақ дәл табатын шебер де нәзік қасиет иесі
болуға керек. Айқын Нұрқатовта осындай қасиет бар еді. Сырт қарағанда
елеусіз сияқтанып, жұпыны көрініп тұратын кішігірім бір суреттерден де ол
терең сырлар түсініп, үлкен ойлар түйе білетін.
Мысалы, Абайдың Күз туралы өлеңін бәріміз білеміз де оқыдық. Бір рет
қана емес, талай қайталап оқыдық. Ұлы реалист ақынның осы өлеңі жөнінде
айтылған пікірлер де көп. Бірақ сол алты шумақ өлеңнің соңғы жағындағы екі
жолдың сырына назар аударыла бермепті. ...Осы екі жолда қаншалықты терең
мағына, ащы шындық жатыр. Тіпті итіне дейін қаңғырып, дала кезіп кеткен
ауылдың көрер күні не болмақ! Бұл ретте де Абай нысаналы ойын өзіне тән
асқан байқағыштықпен, тапқыр тұжырымдылықпен нағыз реалист суреткерше айта
білген [6,111],-деп түйеді Айқын. Қандай байқағыштық!
Айқынның Абайдың ақындық дәстүрі деп аталатын соңғы монографиясында
оның осындай нәзік байқағыштығы әсіресе мол көрінеді. Еңбектің ғылыми
тереңдігін танытып тұрған бір сыры осында.
Айқын Нұрқатовтың арманы да үлкен еді, тындыруға тиісті ісі де көп
еді...
15апрель... Сол күні Н.Ғабдуллин екеуі қызмет істейтін мекеме алдында
жолығады. Әдеби жылдың қорытындысына арналып өткізілетін жиналыста баяндама
жасауға тиісті кісінің бірі Н.Ғабдуллин болатын.
––Біздің ғылыми советте бір жас жігіт диссертация қорғайды, мен сонда
боламын. Сен мәжілістерің біткен соң кетіп қалмай, тосшы мені, саған
айтатұғын бір сөзім бар, - деді Айқын.
Біздің мәжілісіміз ұзаққа созылыңқырап кетті. Ал ғылыми советтің
мәжілісі бұрынырақ бітті. Есіктен Айқын көрінді. Тысқа шықтым.
––Әлі біткен жоқсыңдар ма?
––Менің баяндамам әлі қаралған жоқ.
––Көп сөйлейді екенсіңдер ,-деді ол күліп, - Жарайды ендеше,
екеуміздің әңгімеміз ертеңге қалсын.
––Не айтпақ ең? Айта бер қазір.
––Жоқ ертең айтам...
Ертеңіне, таңғы сағат төртте мен оның қайғылы қазаға ұшыраған суық
хабарын естідім. Осы күні ылғи ойлаймын: ол маған не айтқысы келді екен?
[4,145]...
Айқын Нұрқатов 1955 жылы үйленеді. Жарының есімі – Нәсипа. Дүние
есігін үш сәби ашады. Үлкен ұлы -Айдар. Мәскеу қаласында ғылыми жұмыспен
айналысады. Кіші ұлы - Рауан. Алматы қаласында бизнес саласында қызмет
етеді. Қызы -Зайра КазГУ-де мұғалім болып қызмет атқарады.
Әдебиет әлемінде, жауынгер сын саласында аз ған уақыт қалам тербеп,
артына мол мұра қалдырған Айқын Нұрқатов есімі әдебиет сүйер қауымның әлі
есінде. Бұл күнде жазушы есімімен аталатын Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл
орта мектебінде ғалымға арналған мұражай жұмыс істейді. Мұражайда ғалымның
естеліктері, әдебиет әлемінде алғаш қадам басқан шағындағы өлеңдері
сақтаулы. Шоқан, Ақан сері, Үкілі Ыбырай туралы аяқталмаған қолжазбалары да
мұражайда орын алған. Айқын Нұрқатовтың қазақ әдебиетінің заңғар жазушылары
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповпен жазысқан хаттары да сақтаулы.
Қаламгер досы, жазушы Ғафу Қайырбеков Айқын жайлы былай дейді:
Жиырма бесте докторлық қорғаймын деп,
Мына баспен қорғамай қоймаймын деп.
Өнер-білім жөнінде айтысқанда,
Орта жолда жете алмай қалушы еді [6,77].

Ендігі кезекте әдебиетші ғалымның ғылыми еңбегі игі істеріне кеңінен
тоқталсақ.

2 А.Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі

50-60 жылдар аралығында әдебиеттану ғылымының қазіргі биігіне
жетуіне өзіндік үлесін қосқан ғалымдардың бірі – Айқын Нұрқатов.
Ғылыммен айналысқан он бес жыл көлемінде ұшқыр ой, дәйекті
пікірлерімен әдебиетші қауым ортасында кеңінен танылып үлгерген Айқын
Нұрқатовтың ғалымдық болмысы, сыншылық даралығы хақында кеңінен ой бөлісіп,
сөз қозғайтын уақыт әлдеқашан жеткен.
Жиырма екі жасынан бастап әдебиеттану мен әдебиет сынына бел шеше
араласып, әр еңбегіне қисапсыз қуатын сіңірген Айқын Нұрқатов қаламынан
Мұхтар Әуезов, Абайдың ақындық дәстүрі аталатын екі монографиялық
зерттеу, В.В.Маяковский-совет дәуірінің аса талантты ақыны, Сәбит
Мұқановтың творчестволық жолы, Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы,
М.Әуезов творчествосы, Ғ.Мұстафиннің творчествосы, Қазақстанның
Россияға қосылуының прогрессивті маңызы, Мұхтар Әуезов, Идея және
образ, Тарас Шевченко және қазақ әдебиеті, Ғасыр перзенті, Жалғасқан
дәстүр атты ғылыми зерттеулері жарық көріп, баспасөзде екі жүзге жуық
мақаласы жарияланды. Бұл еңбектерде әдебиеттің жалпы мәселелері, әдеби
үрдіс пен қаламгерлер жайы сөз болды.
Жоғарыдағы жұмыстар қатарына А.Нұрқатовтың авторлық ұжым құрамында болып
шығарысқан IX, X сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті оқулықтарын, 1961
жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихын (2-том. 1-кітап) қосар болсақ,
тынымсыз еңбектің ұланғайыр нәтижесін танимыз.
Ғалым еңбегінің дәреже деңгейі жазғандарының санымен емес, сапалық
құндылығымен, яғни ойының ұщқырлығымен, пікірінің уәжділігімен, дерек-
дәйегімен, әділдік-ақиқаттығымен, парасат-пайымымен, тұжырым
тиянақтылығымен таразыланады. Бұл тұрғыда А.Нұрқатов жазбаларының қай-қайсы
да барлық болмыс-бітімімен сындарлы ой иесінің парасат сүзгісінен өткенін
аңғартады. Сыншы еңбектеріне зер сала қараған жан Нұрқатов бойынан екінің
бірінің еншісіне бұйыра бермейтін несібе – туғансыз бидің тура тартар
принципшілдігін жазбай таныры анық [ 6,7].
Өзі әр кез қадай көрсететіндей, ең алдымен, шұрайлы тіл.
А. Нұрқатов үшін кестелі тіл жоқ жерде, көркем шығарма да жоқ. Сондай-ақ,
шұрайлы ды шырайлы тілмен зерленген жанды суреттер, суреткердің көркемдік
елегінен сүзіліп шыққан сом образдар, сол образдардың болмыс-бітімімен
туындап жатқан соқталы тартыс, шынайы да шымыр сюжет, он саққа жүгірген
оқиғаларды жіпсіз байлап тұратын ұтымды композиция, қаламгердің қасиетті
тұғырындай авторлық позиция, міне, Нұрқатовтың көркемдікті бағалар критерий-
таразысы.
Шығармашылық жолы ұшқыр да өткір жанр - сыннан басталып, парасатты
зерттеулерге ұласқан сыншы – ғалым еңбегін үш топқа бөліп қарастырады
Кенжебай Ахметов. Олар:
1. Мерзімді басылымдарда жарық көрген әдебиеттің жалпы мәселелері, әдеби
үрдіс пен әдебиет қайраткерлері, әдебиеттер байланысы, жекелеген
көркем туындылар хақындағы
ой-пікірлерін қамтитын сыншылық еңбектері;
2. Арнайы зерттеу нысанасы тұрғысынан қарастырылған Ш.Уәлиханов,
С.Мұқанов, Т.Шевченко, В.В.Маяковский, Ғ.Мұстафин, т.б. жайындағы
ойлары тоғысқан зерттеулері;
3. М.Әуезов, А.Құнанбаев шығармашылықтары кең ауқымда қамтылып талданатын
монографияларынан тұратын ғылыми мұраларына негізделген, әдебиеттануға
қатысты еңбектері[6,12]
А.Нұрқатов қаламынан туған сын мақалалар, рецензиялар, әдеби шолулар
мен шығармашылық портрет үлгісіндегі әдеби сын мақалалары мен зерттеулер
ғалымның болашақ іргелі еңбектеріне бастаған сәтті баспалдақтар болғаны
анық. Сыншы еңбектеріне тән негізгі сипаттарға үңіліп көрер болсақ,
төмендегідей жағдайларды тани аламыз:
– кеңестік дәуірдегі коммунистік идеология үстемдік еткен кезеңге тұстас
келгендіктен де, жекелеген мақалалары мен шағын көлемді зерттеулерінде сол
жылдардағы қоғамдық санада үстем болған кеңестік шындық талаптарының
салқыны аңдалғанымен, А.Нұрқатовтың сыншылық болмысына тән негізгі сипаттар
ретінде сыни пікірлеріндегі жан-жақтылық, айқындық пен дәлелділік,
теориялық тұрғыдан біліктілік, әдеби туындыны көркемдік тұтастық ретінде
қарастыру, жеке тұлға мен әдеби-қоғамдық ортаның бір-біріне әсер-ықпалы
жайындағы объективті түсінік сияқты мәселелерді атауға болады;
– ғалымның жекелеген қаламгерлердің шығармашылық өмірі мен шығармаларын
талдап-тануға, олардың әдеби үрдістегі орнын анықтауға бағытталған
зерттеулері дерек көздерінің молдығы, ізденіс өрісінің ауқымдылығымен
ерекшеленеді. Бұл еңбектерінде сыншы-ғалым жеке қаламгердің шығармаларын
қоғамдық, саяси, экономикалық өмірдегі өзгерістермен тығыз бірлікте ала
отырып, соған сәйкес оның шығармашылық тұлға ретінде идеялық, тақырыптық,
көркемдік тұрғыдағы ізденістеріне баса назар аударуды мақсат тұтады;
–сын мақалалары мен шағын көлемді зерттеулерінде жеке туындының кемшілік-
жетістіктерін тізбелеумен шектелмей, олардың себептерін қаламгердің
өмірбаяндық, шығармашылық деректерімен сабақтастыра қарастыру А.Нұрқатовтың
сыншылық, зерттеушілік еңбектерінің жан-жақтылық сипатын танытатын
белгілердің бірі болып табылады;
– сыншы-ғалымның қандай да бір қаламгер шығармашылығын зерделеу барысында
өзі өмір сүріп отырған уақыт талаптары ауқымында ғана қалып қоймай, өнердің
эстетикалық мұраттары тұрғысынан пікір айтуға ұмтылуы – оның үлкенді-кішілі
еңбектерінің қай-қайсына да тән өміршең қасиет.
– сыншылық жолында кей тұстарда уақыт ықпалынан шыға алмай, кей-кейде
үстірттеу пікірлерге жол беріп қалып отырса да, негізінен тура бағытынан
таймаған А.Нұрқатовтың сыни еңбектеріне әділдік пен ақиқатты мұрат тұтқан
принципшілдік, көркемдік таным тазалығы тән.
– А.Нұрқатов мақалаларына тән бір ерекшелік ретінде оның өзі зерттеу
нысаны етіп алған мәселе жайында ең әуелі баға беріп алып, содан соң сол
бағасын жүйелі түрде дәлелдеуге көшетіндігін атап өткен жөн. Қандай мәселе
төңірегінде ой өрбітсе де, әркез объективті көзқарас тұрғысынан баға беруге
ұмтылатыны, ой-пікірді жеткізуде тілінің қасаңдықтан ада, оралымды әрі
әсерлі болып келетіні оның еңбектерінен айқын танылады.
Соның бір сипаты ретінде оның әдебиеттегі тау тұлғалар жайлы жазған
еңбектеріне тоқталуды жөн көрдік.

2.1 Әуезовтануға қатысты еңбектері

А.Нұрқатов әр жылдарда орай М.Әуезов шығармашылығына қатысты жазылған
еңбектерін жариялап отырған. Шындығында да ұлы дарынның өмірбаяны,
прозалық, драмалық шығармалары, очерктері, Абай жолы эпопеясы, жазушы
шеберлігі сияқты алуан мәселелерді қамтитын Творчестволық бастау,
Жылдар, ойлар, Ел өмірінің айнасы, Суреткер шыншылдығы, Дарынды
драматург, Индия көріністері, Шындық және шеберлік, Ақын туралы
эпопея, Абай жолы, Қазақтың тұңғыш эпопеясы, Кәнігі драматург,
Мұхтар Әуезовтың пьесалары, Счастье художника т.б. мақалалары, орта
мектептің әдебиет мұғалімдері үшін арнайы жазылған Мұхтар Әуезовтің
творчествосы аталатын қосымша оқу құралы, Мұхтар Әуезов атты
монографиясы Әуезов әлемінің сыншы Нұрқатовты қаншалықты қызықтырғанын
айғақтаса керек. А.Нұрқатовтың ұлы жазушы шығармашылығын кең ауқымда
қарастырып, эстетикалық, көркемдік дүниетаным тұрғысынан, сондай-ақ, уақыт
алға тартып отырған талаптар үрдесінен әділетті баға беруге ұмтылған
алғашқы қомақты еңбегі – 1957 жылы жарық көрген Мұхтар Әуезов атты
монографиялық очеркі.
Қаламгер шығармашылығы хронологиялық жүйемен қарастырылатын бұл
еңбегінде 1917-32 жылдар аралығында жазушы қаламынан туған көркем
дүниелерді зерттеу нысаны еткен тұста сыншының сол жылдары Әуезов
шығармашылығы жайында айтылып жүрген, таптық көзқарасқа негізделген таяз
қағидаларға тізгін ұстатып, көп ретте эстетикалық, көркемдік талдаудан
гөрі, идеологиялық көзқарас ырқында қалып қоятын тұстары аз емес [14,28].
Кез-келген суреткер сияқты, ғылым иесі де – қоғам перзенті. Сол
себепті Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармаларын бағалау барысында
А.Нұрқатовтың кей тұстарда әттеген-ай пікірлерге жол беріп алуының сыры
да үстем идеологияның салқынынан туындап жатқанын дұрыс түсінгеніміз абзал.
Десек те, А.Нұрқатов әдебиеттанушы, сыншы ретінде Әуезов шеберлігінің
бастау негізі осы кезеңде жазылған шығармаларда жатқандығын жіті аңғартады.
Бұл көркем дүниенің құдіретін тани білетін, уақыт талабынан шындықтың үстем
болуын көксейтін, эстетикалық-сыншылық танымы қалыптасқан арлы ғалымның
ақиқаттан аттап кете алмайтын қасиетінен өрбіп жатқан түйін екендігі
сөзсіз.
50-жылдар шенінде Әуезов шығармашылығы төңірегінде, әсіресе алғашқы
әңгіме, повестеріне қатысты әр түрлі пікірлердің болғаны таңсық жәйт емес.
Әйгілі Қараш-қараш оқиғасын талдай келе, А.Нұрқатов Әуезов қаламына тән
суреткерлікпен қатар, адамның психологиялық жай-күйіне дендей бойлайтын
даралығын да тап басып таниды. Сол тұстағы кейбір зерттеушілердің Қараш-
қараш оқиғасын М.Горький қаламынан туған Челкаштың әсерімен
байланыстыруға ұмтылған әрекеттерінің негізсіздігін повестегі оқиғалардың
қазақ өміріне ғана тән шындық болып табылатынын, сондай-ақ, шығарманың өн
бойынан ұдайы аңғарылатын Әуезовтың өзіне ғана тән қаламгерлік машығын
айқындай отырып жоққа шығаруы А.Нұрқатовтың ғылыми дәлдікке, тұжырым
дәлелдігіне әркез ден қоятындығын, құр болжам мен жағдай топшылауға
ымырасыздығын байқатады.
М.Әуезов дүниелерінің арасынан А.Нұрқатовтың бөле-жара, ерекше бір
ілтипатпен қарастырғаны – Қорғансыздың күні. Бұл тұрғыда А.Нұрқатовтың өз
пікірін: Бұл әңгімені жазған кезде М.Әуезов орыс жазушыларының
шығармаларымен жақсы таныс болатын. Осы тұста ол қазақ халқының өткендегі
әдеби мұраларынан ғана сусындап қоймай, орыс әдебиетінен үйренуге де бет
бұрады. Бірақ М.Әуезов орыс жазушысына жалаң еліктемейді. Әңгімеде
бейнеленген шындық нағыз қазақ өмірінен алынған, оның кейіпкерлері де –
нағыз қазақ адамдары. Сондай-ақ, соларды суреттегенде жазушы да өз
қаламының ізінен танбайды [11,2] деп түйіндеуі бүгінгі күн талабымен,
бүгінгі көркемдік талғам, таныммен үндесіп жатыр. Әңгіменің ұлттық бітімін
айту арқылы А.Нұрқатов оның бүкіл адам баласына ортақ көкейкесті арманды –
ізгілікті асқақтатып, зұлымдықты аластату идеясын көтеріп тұрған сүйікті
дүние екендігін аңдатады.
Жазушының драматургия саласындағы тұңғыш қаламалды еңбегі –
Еңлік-Кебек туралы да сөз қозғайды. 1917 жылы жазылған бұл пьесасында жас
драматург халық арасында ғасырлар бойы аңыз болып айтылып келген екі жас
Еңлік пен Кебектің трагедиялы тағдырын баян етеді, сол бір сүйіскен аяулы
жандардың өмірін жастай солдырып, құрбан еткен өгей заманға қатыбас
қорқауларға кейінгі ұрпақ атынан лағынат айтады. Еңлік-Кебек алғаш рет
ауылда сауыққор жастардың күшімен киіз үйде қойылған, кейін қазақтың
профессионалдық тұңғыш ұлттық театры да өзінің пердесін осы пьесамен ашады.
Драматургтік тәжірибесі молайып шеберлігі ұшталған сайын М.Әуезов Еңлік -
Кебек трагедиясына қайталап оралып отырады. Пьеса өңделген сайын оның
тынысы кеңейе, көркемдік бояулары құбыла да құлпыра түсті.
Сөйтіп қазақ совет драматургиясының ең үздік
үлгілерінің біріне айналғандығын әдебиетші А.Нұрқатов байыпты пікірімен
жеткізе білген.
30-40-жылдар шенінде М.Әуезов жиырмадан астам пьеса жазып, түрлі
халықтар әдебиетінен бірнеше озық драматургия үлгілерін аударғаны аян.
Драмалық шығармаларының ең тұлғалысы - Түнгі сарын. Пьеса қазақ халқының
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын суреттеуге арналған. Автор бұл
көтерілісті қалың бұқаралық қозғалыс ретінде бейнелейді. Тұтас алғанда
Түнгі сарын пьесасы қазақ қоғамының революцияға дейінгі өмірінің шындығын
типтік жағдайларда суреттейді және сол 16 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының
таптық мәнін де терең әрі мейлінше дұрыс ашатынын да сыншы өз еңбектерінде
қарастырған.
Түнгі сарын пьесасы өзінің тек идеялық тереңдігімен ғана емес, бұл
кезеңдегі шығармалардың авторлық ой мен идеяның ашылуы және көркемдік
қасиеті жағынан әртүрлі болып келетініне назар аударған А.Нұрқатов оларды
нақтылай атап-атап жіктемегенімен, М.Әуезовтің кеңестік тақырыптағы
пьесаларын сәтсіз, орташа деңгейге бөліп қарастыратыны айқын көрінеді.Ол
фольклорлық сюжеттерден драматургия талаптарына тән сипаттарды танып, жаңа
жанрдағы шығармалар жасаудың оңтайлы принциптерін М.Әуезов пьесаларынан
таба отырып, бұл қатарда драматургтің Айман-Шолпан, Қарақыпшақ
Қобыланды, Бекет пьесаларын қарастырып өтеді. Айман-Шолпан жырындағы
негізгі идея жастар еркіндігін аңсау, махаббатқа адалдық, беріктік
сарындары М.Әуезовтың пьесасының да негізгі мазмұнын құрайды. Сондай-ақ
жырда мол ұшырасатын халықтық әзілді де драматург өз пьесасының өн бойына
мол дарыта алған. Сол арқылы жазушы дәулеттің буына піскен Маман бай мен
адуын, даңғой батыр Көтібардың ұнамсыз қылықтарын келеке ете отырады [15,5
].
Бекет пьесасындағы негізгі тақырып – халықтың қалың бұқарасының хан-
сұлтандарға қарсы күресі. Бұл күресті Бекет батыр басқарады. Рас, Айман-
Шолпан пьесасында қозғалған негізгі тақырып-махаббат еркіндігі, Бекетте
де бар. Бірақ ол Бекетте негізгі тақырыптық желілердің бірін ғана
құрайды. Мұнда халықтың тағдыры, оның арманы мен азаттық жолындағы алыс-
тартысы ең алдыңғы жоспарда. Бекет пьесасы да белгілі тарихи оқиғалардың
негізінде жазылған және автор сол тарихи шындық шеңберінде қала отырып,
идеялық мақсатына жете алған. А.Нұрқатовтың Әуезов қаламынан туған
әңгімелер мен повестерге, драмалар мен аудармаларға байланысты айтқан
пікірлерін бір түйіндеп алар болсақ, бұл орайдағы сыншы-ғалым ойларынан
төмендегідей сипаттарды аңғаруға болады:
1. Зерттеуші Әуезовтің шығармашылық жолын үш кезеңге, яғни 1917-32
жылдар,1932-41 жылдар,1941-57 жылдар аралығына бөліп қарастырады да,
алғашқы кезеңге тән туындылардың жетістік,кемшіліктерін сараптау
барысында көп жағдайда эстетикалық , көркемдік талдаудан бұрын
идеологиялық көзқарас ықпалына ырық беріп алады. Қаламгер жетістігі
ретінде оның шығармаларындағы әшкерелеушілік сипатты баса көрсетіп,
көркемдік шеберлік мәселесінен гөрі саяси-идеялық жағынан көбірек көз
салады.Бұл – жалғыз Нұрқатовтың емес,сол тұстағы

сыншылық ойдың ортақ осалдығы екендігін де ескеруіміз қажет;
2. Аталмыш кезеңдегі шығармаларға уақыт талап еткен саяси-идеялық
тұрғыдан қаншалықты қатаң баға бергенімен, Әуезов қаламына тән
суреткерлікті, психологиялық сәттерді бейнелеудегі тереңдікті,сюжет пен
композиция түзудегі шеберлікті тап басып тануы және сол тұста айтқан
тұжырымдарының бүгінгі көркемдік талғаммен үндес шығуы А.Нұрқатовтың
эстетикалық – сыншылық тұрғыдан өзіндік ой-пікір,көркемдік танымы
қалыптасқан әдебиет зерттеушісі болғанын көрсетеді;
30-40 жылдардағы Әуезов шығармаларын қарастырған тұста
А.Нұрқатов оларды сәтсіз, орташа деңгейдегі және жоғарғы талапқа сай
туындылар деп топтап алып, туындыларға баға бергенде ұстанған негізгі
талаптарын дәлелдер арқылы көрсетуге ұмтылады. Бұл жылдарда жазушы
қаламынан дүниеге келген туындылардың дені кеңестік өмір тақырыбына
арналғандықтан, сыншының ол туындылардан ұнамды кейіпкердің кемел
бейнесін іздеуді де, соған орай туындының сәттілік - сәтсіздігіне
кеңестік қаһарман бейнесінің тұлғалану деңгейін басты өлшем етуі де –
заңды құбылыс;
3. Осы кезеңдегі Әуезов шығармашылығында байқалатын жаңа көркемдік
жетістіктер ретінде жазушының образ-характерлер жасау барысында
кейіпкерлер бойына жинақтаушылық және даралаушылық сипаттарды
ұштастыруға бейімділік танытуын, шығарма өзегіне алынған тартыстарға
әлеуметтік, көркемдік сипаттар дарытуға бағыт алуын айтады;
М.Әуезовтың өмірінің өзегіне айналған Абайды таныту ісін А.Нұрқатов та
өз ғылыми еңбектерінде жалғастыра білген.

2.2 Абайтануға қосқан үлесі

Ұлы ақын Абайдың творчестволық мұрасы өлшеусіз зор. Ол өз дәуірінің
шындығын, өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерді мейлінше кең, әрі көркем
бейнеледі. Оның шығармаларының тақырыбы сан алуан. Абай творчествосындағы
ең басты, өзекті тақырыптардың бірі - өнер-білімге, оқуға үндеу [3,15] деп
жазады А.Нұрқатов еңбектерінде.
Өзінің көптеген өлеңдерінде Абай жастарды білім үйренуге, өнерлі болуға
шақырды. Қатал әкенің үкімі мен кесірінен жас кезінде мектепте көп оқи
алмағанына Абай кейін ұлғайған шағында қатты қынжылады, орны толмас өкініш
білдіреді.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім [18,45 ].

Осы өлеңінде Абай оқудағы негізгі мақсат - білім алу, өнер үйрену болу
керектігін айтады және басқаларды да осыған үндейді:

Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытудағы жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын шен алсын деп бермедім [18,45]

Бұл ойын Абай басқа да өлеңдерінде де терең жырлады. Мысалы, Ғылым
таппай, мақтанба деп басталатын атақты өлеңінде ақын жастарды жексұрын
мінез-құлықтардан аулақ болуға, еңбекті сүюге шақырды. Абай білімді игеру
үшін шын ықыласпен еңбек ету, іздену, талаптану керек екендігін А.Нұрқатов
та зерттеуінің өзегі етеді. Сонымен қатар, ғалым ұлы Абайдың сауаттылықтың
қайнар көзі орыс халқында екенін дөп басып айтады.
Ұлы орыс классиктерінің творчестволық тәжірибесінен үйрене отырып,
Абай ақындық өнердің асқарына көтерілді, қазақ даласында бұрын естілмеген
көркем де ойлы жаңа сөз айтты. Орыс тілінің, орыс мәдениетінің қайнарынан
өзі ғана сусындап қоймай, Абай жарыққа ұмтылған, білімге шөліркеген халқын
да сол қайнарға бастады, содан нәр алуға шақырды. Ол өзінің жиырма
бесінші қара сөзінде былай деп жазды: Орысша оқу керек... Мал да, өнер
де, ғылым да бәрі орыста... тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның
себебі: олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең,
көкірек-көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті
Өз халқының білімді, мәдениетті болуын көксеген Абай бұл мақсатының
орындалуына бөгет болған кертартпа надандарды мейлінше жек көрді, оларды
өзінің өткір, ащы тілімен аяусыз әшкерелеп отырды. Қызмет қылып мал
таппай, ғылым оқып ой таппай, құр үйінде жататындар мен өтірік пен
өсекті жүндей сабап, терең ой, терең ғылым іздейтіндерді Абай жеріне
жеткізе сынады.
Орыс мектептерінде қазақ балаларының оқи бастағанына Абай сүйсінді,
мейлінше қуанды, олардан үлкен үміт күтті.

Интернатта оқып жүр,
Талай қазақ баласы
Жаңа өспірім, көк өрім
Бейне қолдың саласы [ 18,55]

Жастардың осылайша оқуға, білімге ұмтылуына, олардың ғылымға
құмарлығына қуануымен бірге Абай басқа бір жайдан яғни шен-шекпенге
сатылып кетуден сақтандырады. Оқалы киім кию үшін, әскери қызмет іздеп
көкірек керме, оязға қызмет етпе, онда жанбай жатып сөнесің,- дейді Абай.
Ол артық ғылым кітапта екенін айтып, пайда ойламай, ар ойлауға, артық
білуге талаптануға шақырды.
Кейбіреулер баласын білім алу үшін емес, заң білетін, арыз жаза
алатын, пәле қуған сұм болуы үшін оқытатынын Абай қатты мысқылдайды:

Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрін де ой [11,2 ]

Сөйтіп, Абай тілмаш, болмаса адвокат болуды ғана мақсат етіп
оқығандарды әжуа етеді, білім аңсаған талаптыларға орыс халқының ұлттық
мақтанышы болған кемеңгер ұлдары Салтыков-Щедрин мен Лев Толстойды үлгі
етеді, солардай болуға үндейді. Мұнда үлкен озық идея бар. Абай білімді
жастар бойындағы сол өнерін халық игілігіне жұмсауын, халық мүддесі үшін
қызмет етуін, әкенің ұлы болмай халықтың ұлы болуын талап етеді.
Творчествосымен де, іс-әрекетімен де Абайдың дәл осындай ұл болды, яғни ол
жүрегі мен жырын да, қайрат-жігерін де өз халқына қызмет етуге арнады.
Абай өзінің көптеген тамаша өлеңдерінде өнер-білімге үндеді,
мәдениетке шақырды. Бірақ, кемеңгер ақынның бұл қасиетті арманы тек біздің
советтік дәуірімізде ғана шындап жүзеге асты. Абайдың басқа да көптеген
шығармалары сияқты, оның өнер-білімді жырлаған өлеңдері де өздерінің
тәрбиелік құнын қазірге дейін жоғалтқан жоқ. Ұлы ақынның бұл өлеңдері оның
қазіргі ұрпақтарын да білім биігіне шығуға үндейді.
Әуезовтің 40-50 жылдардағы шығармаларының ішінен тек Абай
трагедиясына бөле-жара зейін аударып, бұл туындының өзін жазушының Абай
образын жасауға талпынуындағы алғашқы сәтті табысы ретінде ғана бағалап
өтуі - осы кезеңнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Абай жолы эпопеясының тілі - Абай шығармалары тілі мен ортақтастығы, әсері
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Мұхтар Әуезов - фольклортанушы ғалым
Мақыш Қалтаев
Пәндер