Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қадырбаев Адилбек

Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: «050608» - Экология

Көкшетау 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы

Мамандығы: «050608» - Экология

Орындады: Қадырбаев Адилбек

Жетекші б. ғ. к. аға оқытушы Зандыбай А.

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушіс і Зандыбай А.

Көкшетау 2011

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Орман-тіршілік тынысы (Әдеби шолу)

1. 1 Орман және олардың биосферадағы орны . . . 7

1. 2 Қазақстан Республикасының орман қоры және оны пайдалану мәселесі . . . 11

1. 3 Ормандардың экологиялық қызметін бағалау . . . 14

1. 4 Қазақстан Республикасында орман қорғаудың құқықтық жағдайы . . . 17

2 Зерттеу нысанына сипаттама

2. 1 Ақмола облысының географиялық зонасы . . . 20

2. 2 Ақмола облысының орман қорлары және оларды

тиімді пайдалану . . . 21

2. 3. Ақмола облысының Мемлекеттік орман қорларының категориялары . . . 28

2. 4 Ақмола облысында орманды қорғаудың іс шаралары және экологиялық жағдайы . . . 33

3 Зерттеу нәтижелері

3. 1 Ақмола облысында орман шаруашылығын дамытудың бағыттары мен міндеттері . . . 39

3. 2 Орман шаруашылығын дамытудың экономикалық және ұйымдастыру шаралары . . . 41

3. 3 Ақмола облысындағы «Жасыл ел» бағдарламасының іске асырылуы . . . 43

3. 4 Ақмола облысының орман қорын сауықтыруға қатысты техникалық шешімдер . . . 48

3. 5 Табиғи климаттық шарттар және орманды қайта қалпына келтіруге арналған кескіндер . . . 51

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58

Қосымша мәліметтер . . . 60

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі:

Экологиялық жағдайдың жер бетінде барған сайын ауырлап бара жатқаны, бұл күндері әркімге-ақ белгілі. Соңғы 40-50 жыл бойы бұл проблема күн тәртібінен түскен емес. Табиғи ресурстарды адам баласының ойланбай жыртқыштықпен пайдалануының әсерінен, қандай қауіп пен қатер тұрғанын адамзат көп уақытқа дейін білмей де келеді. Табиғи ортаның ластануын, ешқандай экономикалық табыстар ақтай алмайтындығын адамзат түсінуі керек.

Ал бүгінгі күннің тәртібінде, қоршаған ортаны қорғау проблемасы, қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Қоршаған ортаны күйзелтпеу, оны асқындырмау әрбір адамның қасиетті борышы.

Бүгінгі күні - ауаның, судың бүлінуі, судағы тіршілік қорының азаюы, жер құнарлығының кемуі, өсімдік пен жануар әлемінің жоғалып кету қаупі бар. Сондықтан экологтардың алдында тұрған негізгі міндет - қоршаған ортаның ары қарай ластануына ешқандай да жол бермеу.

Орман қатынастарының құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алып отыр. Конституцияның 6-бап 3-тармағында жер, жер қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, өзге табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке тиесілі деп нақты көрсетілген (Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж. 30 тамыз) .

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы қалалар мен ауылдарды, даланы, елді мекендерді жасыл желекке бөлеуге бағытталып, осы бағдарлама аясында көптеген іс - шаралардың атқарылуы да қуантарлық іс.

Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және келісімді шараларды қабылдауды талап етеді. 1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі (8шілде 2003жыл) Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.

Қазақстан Республикасының экология және Биоресурстар Министірлігі Ақмола облыстық мемлекеттік «Отрадненское» ағаш қорғау ұйымы. Ақмола облысының солтүстік ауданында, яғни Макинск қаласының маңында орналасқан. Почталық мекен - жайы: 020501 Ақмола облысы Бұланды ауданы Тасты өзек - ауылы. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 50км Шығыстан батысқа дейін 27км жерді алып жатыр. 1993ж. қарастыру бойынша Мемлекеттік Ұйымның алып жатқан жері 17505га.

Мемлекеттік Ұйымның мекемесі Тасты өзек ауылында орналасқан Аудан орталығы Макинск қаласының 45 шақырым және Ақмола облысы орталығы Көкшетау қаласынан 192 шақырым жерде. Орман шаруашылық ұйым құрылымы бойынша 4 орман шарына бөлінген және ағаш цехы бар.

Егістік шаруашылығы 1993ж. Қазақстан Республикасының Микроресурстар орман шаруашылық комитеті мен Қазақстан ағаш отырғызу ұйымының келісім шарты бойынша өткізілген.

Ақмола облысының орман қорының жалпы алаңы 905, 7 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл жалпы территорияның 2, 6 процентін құрайды.

Ақмола облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Онда - орман және дала зоналарының бөліктері алмасып отырады. Облыстың жер бедері тегіс, қыратты, таулы кейде жазық болып келеді.

1гектар орман тәулігіне ауадан 220 - 280кг көмір қышқыл газды алып, орнына 180 - 200кг оттек береді. Ағаштың жапырақтары, бұталары, қабықтары қурап, жерге түсіп, топырақты органикалық заттармен байытады. Оларды топырақтағы бактериялар біртіндеп шірітіп органикалық тыңайтқышқа (азотқа) айналдырады. Атмосферадағы 3 газдың (оттек, көмірқышқыл газ және азот) қалыптасқан теңдестігін сақтауға көмектеседі. Сондықтан орманды жұмыр жердің өкпесі деуге де болады. Төрт толысқан ағаш бір адамның оттегіне тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Орта есеппен орманның 1 тонна органикалық заттары атмосферадан 1, 5-1, 8 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 1, 4 тоннаға дейін оттегіні бөліп шығарады.

Қазақстан Республикаы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті 2011 жылғы 31 қаңтарда «2010 жылдың өрт қаупі бар маусымының қорытындылары және 2011 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттер туралы» №29 бұйрық шығарды. Сонымен бірге, биылғы жылдың 2 ақпанында облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімдерінің, облыс әкімдігі орман шаруашылығының құрылымдық бөлімшелерінің, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің және облыстың табиғат қорғау мекемелерінің, инспекция мамандарының қатысуымен өткен жылғы осы бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, 2011 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындығы мәселесін талқылауға арналған кеңес өткізді. Өрт қаупі бар маусымда облыстағы ормандарды күзету «Қазавиаорман қорғау» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 3 тікұшағымен жүзеге асырылады. Олар облыстағы ормандарды күн сайын ұшып бақылайды. Әуе және жердегі қадағалау қызметінің басты міндеті - ормандағы өрттің жайылып кетпеуін қадағалау және оны дер кезінде сөндіру. Ормандардың өрт қауіпсіздігін арттыру бойынша қолданылатын шаралар орман және авиабақылау қызметіне олардың орман өрттеріне қарсы тұруларына сенімділік береді.

Ормандағы ағаштар мен шөптерден 300 - ден астам түрлі химиялық белсенді заттар атмосфераға бөлінеді. 1гектар жапырақты орман тәулігіне 2кг, қылқанды орман - 5кг осындай заттар бөледі.

Cондықтан орман шаруашылығын экологиялық тұрғыдан зерттеп, оны сақтап, қалпына келтіру мәселелерімен айналысу бүгінгі күнде кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.

Мақсаты: Ақмола облысының орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайына баға беру.

Міндеттері:

- Ақмола облысының орман қоры жағдайына сипаттама беру;

- Ақмола облысының Мемлекеттік орман қорларының негізгі категорияларын анықтау;

- Ақмола облысындағы «Жасыл ел» бағдарламасының іске асырылуы жағдайын талдау;

- Ақмола облысындағы орман шаруашылығын дамытудың бағыттары мен міндеттерін айқындау.

1 Орман-тіршілік тынысы (Әдеби шолу)

1. 1 Орман және оның биосферадағы орны

Өмірде адам баласы онша елей бермейтін қарапайым құбылыстар бар. Мәселен, ауа . . . Біз ауамен дем аламыз. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Ауа адамзаттың бүкіл тіршіліктің тірегі. Бірақ, байлықтың, қайнар көзі қайда екенін ойлап көрдіңіз бе, сірә?!

Ғалымдар адамзаттың жаралғанына 3 миллион жыл шамасы болды деген болжамдар айтып жүр. Содан бері қаншама ұрпақ ауысты. Қеңістіктегі ауа қорын баяғыда-ақ жұтып тауысатын мезгіл жетті емес пе? Адамды былай қойғанда жер бетінде тіршілік ететін жан-жануар, құрт-құмырсқа мен ұшқан құсқа дейін осы ауамен дем алады, оның құрамындағы оттегін бойына сіңіріп, көмір қышқыл газын бөледі. Сондай-ақ барлық органикалық зат атаулы шіріген кезде осы бір улы газды түзеді екен. Мұның үстіне бүгінгі фабрика мен заводтардың алуан түрлі машиналардың шығаратын көмір қышқыл газын қосыңыз . . . Ендеше біздің уланып қалмай, тірі жүруіміздің сыры неде? Шынында ғажап емес пе?

Әзірге ауа құрамы адамзаттың тыныс алуына жетіп жатыр. Ал осы оттегі неге таусылмайды десек - орманның, жалпы жасыл желек атаулының, планетадағы тіршілік үшін маңызына келіп тірелеміз. Жер бетіндегі барлық әсемдіктің жасыл жапырағындағы хлорофилл деген зат көмір қышқыл газын жұлып, ауаға ұдайы таза оттегін бөліп отыратындығы белгілі. Фотосинтез деп аталатын осынау ғажайып құбылысқа, оны жасаушы жасыл желек атаулыға күллі тіршілік иелері жер басып жүргендері үшін де қарыздар . . .

Ғылыми есептеулер жер шарындағы жасыл жапырақ жылына 150 миллиард тонна көмір қышқыл газын өзіне сіңіріп, тіршілік үшін 120 миллиард тонна оттегін бөліп шығаратындығын анықтады. Осы астрономиялық санды түсінікті болу үшін карапайым мысалмен айтар болсақ - 1гектар орман бір жылда 18 миллион текше метр ауаны тазартады деген сөз. Немесе, сол орман бір күн ішінде 11 тонна улы газды (көмір қышқыл газын) бойына сіңіріп, ыдыратып отырады екен. Мұның өзі 15 мың адамның, бір тәуілікте шығаратын көмір қышқыл газына тең.

Шахталардың маңайында жыл санап көбейіп бара жатқан қалдық үйінділер ауаны газбен улап, көмір шаңымен ластайды. Бұл проблеманы шешудің бір амалы тау-тау үйінділерді елді мекеннен алысқа тасу болатын. Мұндай тәсіл әрі ауыр, әрі аса қымбатқа түсетін еді. Ауыл шаруашылық академиясының ғалымдары соңғы жылдары террикондарды алысқа тасымай-ақ сол жерде залалсыздандырудың тәсілін ұсынған. Олар үйінділердің үстіне ағаш пен гүл егіп тастау керек дейді.

Күл тәрізді «өлі топыраққа» қалайша ағаш егуге болады? Әрине, терриконның өзіне ештеңе де өспейтінін ғалымдар да мойындап отыр. Ол үшін терриконның беткі қабатына тыңайтқыштар сеуіп, алғашқы кезеңде еккен өсімдіктерді суарып, үстеп қоректендіріп отыру керек. Мұның бәрі сырт көзге ғана қиын шаруа сияқты, ал соның құны террикондарды тасуға қарағанда әлдеқайда арзанға түседі.

Қазір бұл мәселе шындап қолға алынып жатыр. Алғашқы тәжірибенің өзі мұндай күл жоталарда ақ қарағанның, боз қарағанның, итмұрынның, шетеннің, үйеңкінің, жабайы алмұрттың, орман алмасының, қысқасы отызға тарта бұта мен ағаш түрінің өсе алатынын дәлелдеп береді. Ал террикон қабықтарына қаулай шыққан шөптерді былай қойғанда, раушан гүлінің де «жаңа ортаға» бейім екені анықталды. /15/

Жер бетіндегі тұщы судың ең тазасы да, міне, осы ормандағы су. Бұлақты қазақ халқы тазалықтың үлгісі деп біледі. Ендеше, осы бұлақтың тазалығын да, өзін де сақтап тұрған тағы да сол орман.

Суға деген өнеркәсіп мұқтажын былай қойғанда, адамның өзі де сусыз өмір сүре алмайды емес пе? Оны мүмкіндігімізше пайдаланамыз. Ал, орман болса біз өзенге қарай ағызған лас суды тап-таза күйінде бізге қайта қайырады. Адамдар ағашқа бұдан 20 мың жыл шамасы бұрын табына бастаған дейді ғалымдар. Ол кездің адамдары ағаштан қару жасады, баспана тұрғызды, отын ретінде пайдаланды, ал онын, қабығы мен жапырақтарынан киім киді. Олар еменнің жаңғағын да, қайың мен қарағайдың шел қабығын да тамаққа жаратты, ағаштардың гүлді бүршіктерін қорек етті, қайың мен үйеңкінің шырынын ішті. Ең қызығы - олар үйеңкіден қант та дайындай білген екен.

Ағаштың бой көтеріп өсуі, көктеуі, жазда жапырақ жайып, күзде сарғая солуы алғашқы адамдарды кереметтей тандандырған. Бұл құбылыстарға қарап ертедегі адамдар ағашты тірі жанға балаған. Олардың ойынша ағаш адам тәрізді сезіне біледі, ауырады, жылайды, тіпті ашу шақырып, кектене де алады. Сондықтан ертедегі отын кесушілер алдымен ағаштың түбіне май жағып, құрбандық шалып сыйынып, ағашты «иіндіріп» барып кесетін болған.

Адамзат тас көмір мен мұнайды жағып, металды тапқанға дейін мыңдаған жылдар өтті. Металдың ашылуы адам өмірінен ағашты алып тастаған жоқ. Тіпті бүгінгі атом ғасырында да ағаштың құлы қаз қалпында. Әрбір қадам аттаған сайын ағаш! Оңай өңделеді, ыңғайлы, әрі берік, әдемі әрі зиянсыз!

Ал оның құрылыстағы маңызын тізіп жатудың қажеті жоқ сияқты. Жалпы, ағаш шикізатынан қазір 20 мыңнан астам өнім, сонымен бірге азық-түліктік заттар шығарылады. Оның бәрін көріп жүрміз, бірақ ескере бермейміз. Қоршаған ортада су мөлшерден тыс көп болған жағдайда да орман адам игілігіне қызмет етеді. Қайыңды орманның 1гектар алқабы күніне 47 мың литр суды буландырып, ауаны ылғалдандырып отырады. Ағаш түбіндегі мүкке дейін пайдалы, оның 1 килограмы жаңбырдан соң бойына 4литр су сіңіріп, қажетті кезде буландырады. /9/

Көптеген ағаштардың ауру таратқыш микробтарды құртатын ерекше қасиеті барлығы анықталуда. Мәселен, еменнің жапырағы дизентерия мен сүзек, ал қара самырсын мен қарағай инелері дифтерия таратқыш микробтарды жояды.

Орманның халық шаруашылығы үшін ғаламат маңызының бірі- егістік алқаптарды эрозиядан, қуаңшылықтан, желден қорғағыштық қасиеті болып табылады. Мамандардың зерттеулері еліміздегі орманның су айналымын реттегіш қабілетінің аса зор екендігін анықтады. Оның пайдалы сыйымдылығы 200 текше километрге тең деп есептелуде. Тіпті құрғақшылық болған жылдың өзінде ашық даламен салыстырғанда орманды алқаптардағы егістік өнімі 20-30 процент, мәдени өсімдіктер 50-70 процент, ал шабындық шөп 200 процент артатындығы анықталып отыр.

Мұның барлығы орманның ғаламат жомарттығының болмашы бір мысалы ғана. Орман адамзат жаратылысынан бері оның тек қана таусылмас игілік қорына айналып келеді.

Дүние жүзінде 300 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдік түрлері бар. Олардың адамдар мен биосфера үшін маңызы зор. Өсімдіктер топырақтың құнарлылығын арттыруға, қара шірікті көбейтуге қатысады. Ауадағы көмір қышқыл газдан фотосинтез арқылы көміртекті алып, ауаға оттек бөледі. Теңіз суларының газдық құрамы да өсімдіктермен байланысты болады. 1 миллиард жылдан астам уақыт бұрын басталған фотосинтез процесі арқылы өсімдіктер орасан көп оттек пен органикалық заттар өндірді. Олардың бір бөлігі көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек сияқты пайдалы заттарға айналып сақталуда. Қазіргі тірі организмдермен салыстырғанда мұнай мен көмірде жиналған көміртек 50 есе көп. Осының бәрі өсімдіктердің тек жер шары үшін емес, бүкіл әлем үшін маңызды екенін көрсететін болуы керек.

Адамзат тарихында көптеген жаңа өсімдіктер түрлері пайда болып, олардың тараған аудандары кеңейді. Көп өнім беретін жаңа ауыл шаруашылық дақылдар түрлерін шығару үшін жабайы өсімдіктер өте құнды және орны толмайтын тұқымдық қор болып есептеледі. Өйткені олар желге қарсы тұра алады, жерге құлап, шашылып төгілмейді. Вирус пен саңырауқұлақ ауруларына, қуаңшылыққа төзімді, өсу мерзімі қысқа, құнары аз жерлерге көндіккіш. Олардың құрамындағы белоктардың сапасы өте жоғары. Өкінішке орай, адамдар жоғары сатыдағы жаңа өсімдік түрлерін шығарумен қатар қолда бар өсімдік түрлерін сақтауға қалай болса, солай қараудан арылған жоқ. Осы күнге дейін 30 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдік түрлері түгел жойылып кетсе, тағы 24 мыңына сондай қауіп төніп түр. Олардың тағдырына немқұрай қарауға болмайды. Себебі жоғалған түрлерді қайта шығара алмасақ, қалғандарын сақтау қолдан келетін іс. Барлық өсімдіктер дүниесінің 88 проценті ағаштардан құралған.

Жер жүзіндегі ормандар көлемі 4 млрд. гектар, оның тең жартысы тропикалық ормандарға жатады. Соңғы 300 жылда 8 миллиард гектар жердің ормандары жойылды.

Қазір әрбір минут сайын 30-35гектар немесе бір жылда 20 - 25 млн. гектар ормандар кесілетінін ескерсек, жақын арада олардың көлемі тым қысқарып, Индонезия, Малайзия, Таиланд сияқты елдер ормансыз қалатын түрі бар. Осының салдарынан климат және топырақтың химиялық құрамы өзгеріп, қалыптасқан су мен оттек қоры азайып, кейбір экологиялық жүйелердің жойылып кетуі мүмкін.

Тропикалық ормандарды есептемегенде орманы көп елдер қатарына Ресей (көлемі 700 млн. гектар, ағаш қоры 80 млрд м 3 ), Канада (250 жэне 24), АҚШ (202 және 18, 4) Швеция (23 және 2, 3), Финляндия (22 және 1, 5) және Франция (13 және 1, 3) жатады.

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі болуы себепті мұндағы өсімдік түрлері де көп, «Қазақстан флорасы» деген еңбекте Республикада 4750 түрлі жоғары сатыдағы өсімдіктер бары көрсетілген. Бұлардың көбі шөпті өсімдіктер, ағаштар мен бұталардың үлесі аз.

Таулы аудандарда ағаштардан - шырша, қарағай, самырсын, көктерек, қайың, бұталардан - тобылғы, ешкі-сабақ, шөптерден -астық тұқымдастар, боз туыстылар, жусан, түрлі түсті шөптер, эфемерлі шөптер, бау - бақша өсімдіктері өседі. Ағаштардын адамдар мен биосфера үшін зор маңызы бар.

Орман - жер бетінің көркі. Ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер түрге, түске және бейнеге өте бай болғандықтан жағалай әсем көрік беріп, көз тартып тұрады. Сондықтан да ағаштарды қалаларды, елді -мекендерді көріктендіруге, демалыс орындарын ұйымдастыруға көп пайдаланады. Орман құстар мен аңдардың мекені. Азық - түлікке (жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ т. б. ) және дәрі - дәрмекке жарамды өсімдіктер өсетін жер.

Орман су қорлары көп жиналатын жер. Қар қалың болғандықтан жер қыртысы терең қатпайды да, жазғытұры тез жібиді. Сондықтан еріген қар суы сай - салаға ағып кетпей, топыраққа жақсы сіңеді. Өсімдік қалдықтарынан құралған жамылғы, нөсер жауын мен қар сулары топырақтың жуылып кетуіне кедергі болады.

Ормандар - ауыл шаруашылығына да пайдалы. Топырақты жел және су эрозиясынан сақтап, жердің құнарлылығын арттырады. Аңызақ жерден сақтайды. Қысты және жазғытұры эрбір гектар жерге 540 тоннадай су жиналып, эсіресе өсімдіктердің жаңа өсе бастаған кезінде оларды ылғалмен қамтамасыз етеді. Қар тоқтатуға, сай-саланы болдырмауға ағаштардың көмегі көп.

Орманды - жердің өкпесі деуге де болады. 1гектар орман тэулігіне ауадан 220 - 280кг. көмір қышқыл газды алып, орнына 180 -200кг. оттек береді. Ағаштың жапырақтары, бұталары, қабықтары қурап, жерге түсіп, топырақты органикалық заттармен байытады. Оларды топырақтағы бактериялар біртіндеп шірітіп органикалық тыңайтқышқа (азотқа) айналдырады. Атмосферадағы 3 газдың (оттек, көміркышқыл газ жэне азот) қалыптасқан теңдестігін сақтауға көмектеседі.

Ормандағы ағаштар мен шөптерден 300 - ден астам түрлі химиялық белсенді заттар атмосфераға бөлінеді. 1гектар жапырақты орман тәулігіне 2кг., қылқанды орман - 5кг. осындай заттар бөледі.

Ормандар, әсіресе қылқанды ағаштар, фитонцид (гректің рһуіюп -өсімдік, саесіо - өлтіру деген сөздерінен құралған) деп аталатын жеңіл химиялық заттарды бөліп ауру тарататын микробтарды (бактерия, саңырауқұлақ, жабайы микроб т. б. ) өлтіреді, ауаны тазалайды.

Ормандар - ауаны ластаушы химиялық заттарды, әсіресе газдарды, тотықтырып өзгертіп, олардың зиянды әсерлерін азайтады. Мұндай тотықтыру қасиеті әсіресе қылқанды ағаштарға, жөкеге, қайыңға, қызыл талдың бірнеше түріне тән.

Ормандар - ауаны шаң - тозаңнан тазалайды. Ағаш жапырақтарына жиналған шаң - тозаң жауын жауғанда жер бетіне жуылып түседі. Қала ауасымен салыстырғанда ормандарда бактериялар 300 есе кем болады.

Ормандар - адамдар денсаулығына пайдалы. Орман климаты қыста өте салқын, жазда ыстық болмай, ағашсыз жерлермен салыстырғанда қыста 7-8 °С- қа жылы, жазда салқын болады. 1м көгал алаң ауаға сағатына 200 гр. ылғал бөледі. 1гектар қылқанды орман жылына 40 тонна жапырақты орман - 300 тонна шаң -тозаң ұстайды. Орман күн сәулесінің әсерін кемітіп, адамға зиянын азайтады. Топырақ бетіндегі органикалық жапқыштар радиоактивті сәулені сіңіріп, ортаны бейтарап жасайды.

Орман - шуды (дыбысты) азайтып, оның әсерінен адамдарды қорғайды. Орманға жеткен дыбыстың 26 проценті жоғалып, 74 проценті жан - жаққа шашырап кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
Қарағайлы орман зиянкестері
Елді мекен шекарасын өзгерту жобасы
Халықтың өмір сүру деңгейінің және кедейшіліктің индикаторлар жүйесі
Қазақстан топырақтары туралы
Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
Қармақшы орман шаруашылығында аңшылықтың жануарлар санының жағдайына әсері
Туристік - рекреациялық ресурстар классификациясы
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz