Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім:
І тарау. Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1. Сөйлем – коммуникативтік
тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
1.2. Атаулы сөйлемнің қазақ тілінде зерттелуі
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ тарау. Атаулы сөйлем туралы түсінік
2.1. Жай сөйлемнің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..11
2.2. Атаулы сөйлем – жай сөйлемнің бір түрі,
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3. Реплика ретіндегі лепті
сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...45
Кіріспе
Синтаксис саласы сөйлемді зерттейтін басты сала. Сөйлем белгілі бір
тиянақты ойды білдіретіні анық. Ол белгілі бір дәрежеде хабарды жеткізу
үшін қарым-қатынас қызметін атқарады. Сөйлемнің қолданысын зерттелуін
саралау, теориялық пікірлерді айқындау, сөйлем құрылымы өзекті мәселе болып
табылады. Синтаксистегі басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем –
пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың
біртұтас бөлшегі.Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін
айқындайтын басты белгілері мыналар:
- сөйлем біршама ойды, модальділікті білдіреді;
- сөйлем өз ара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен
құралады;
- сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық
қатынасты білдіреді; әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады.
Тіл – адам қоғамы туындылары ішіндегі асылдың асылы, қымбаттың
қымбаты, адамды адам еткен ұлы күштердің бірі.Ол қоғам тарихының барлық
дәуірінде де оның күресі мен дамуының құралы, рухани өмірінің, бүкіл
мәдениетінің тұтқасы болып келеді. Қоғамдық ой-сана, дүниетаным тіл арқылы
ғана қалыптасып, тіл арқылы ғана жарыққа шығады, басқаларға білінеді. Тіл –
адам баласын қазіргі прогреске жеткізген ұлы да бірегей туынды. Өйткені тіл
– қарым-қатынас құралы.Оның басты қызметі – коммуникативтілігі.
Коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу,
хабарласу, байланыс деген мағыналарды білдіреді. Ал тілдік коммуникация –
тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы , қоғамдық, ұлттық тіл арқылы
ұғынысуы, түсінісуі, яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуін айтамыз.
Тілдік қатынас – адамдарға тән. Ол – ойлау мен сөйлесім үрдісінің белгілі
бір қоғамдық қатынаста тіл арқылы жарыққа шыққан көрінісі. Сөйлем тілдік
қатынастың орындалуына тікелей себепкер болады. Өйткені, сөйлем –
коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін жұмсалатын тұлға. Тілдік
тұлға ретінде сөйлем біршама тиянақты ойды білдіреді,әрі адамдар арасындағы
қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлесу құралы болып табылады.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Атаулы сөйлемдер жайлы теориялық тұжырымдарды бір арнаға тоғыстыру
өзекті мәселе болып табылады. Атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми көзқарастарды
жүйелеу, сонымен қатар, атаулы сөйлемнің көркем туындыға қаншалықты әсер
ететіндігін, оның шығарма мәнін ашудағы қызметін ашу негізгі мәселе болып
табылады. Құрылымдық грамматикада жай сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктері,
айырмашылықтары жайлы айтылғанмен, сөйлемдердің динамикаға түскендегі күйі
жайлы сөз қозғала бермейді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі атаулы
сөйлем түрлерін, жасалуын, зерттелуін, тілдік табиғатын анықтау. Сондықтан,
біздің мақсатымыз – жай сөйлемдердің сөйлеу синтаксисіндегі орнын анықтау,
коммуникативтік қырларын ашып көрсету.
Сөйлемге коммуникативтік тұрғыдан қарау дегеніміз – оны сөйлеу
единицасы ретінде қарау. Ал сөйлеудегі сөйлем – контекстегі сөйлем. Тіл
тұрғысынан алғанда біз оқшау алынған сөйлемдерді, олардың семантикалық
құрылыммен берілуін қараймыз.
Жай сөйлемдердің барлығы дерлік коммуникативтік қызмет атқара
бермейді. Атап айтсақ, атаулы сөйлем қарым-қатынас құралы ретінде
жұмсалмайды, яғни коммуникативтікке қызмет етпейді.
Тек статикалық күйде жұмсалатын атаулы сөйлем динамикаға түскен
реплика мәнді сөйлемдермен салыстырылады.
Жоғарыдағы мәселелердің барлығы сөйлемдердің коммуникативтілік
қырларын зерттеудің өзектілігін айқындай, дәлелдей түседі:
- суретті мәнді атаулы сөйлемдердің жазушы тілін байытып шығарма мәнін
ашуда қосқан үлесін айқындау;
- суретті мәнді атаулы сөйлемдерді қолданудағы авторлық қолтаңбаны
дәлелдеу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
туындайды:
- жай сөйлемдер туралы теориялық көзқарастарды жинақтап, атаулы
сөйлемді ғылыми негізде тұжырымдау;
- қазақ тіл біліміндегі атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми еңбектерді
саралау;
- атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипатын айқындау;
- атаулы сөйлемнің көркем шығарма тілінде қолданысын талдау;
- Коммуникация, тілдік қатынас терминдерінің мәнін ашу;
- Сөйлемге қатысты толық мәліметтерді жинақтап, жүйелеу;
- Соңғы кезде атаулы сөйлемге байланысты айтылып жүрген пікірлер;
- Жай сөйлемдердің сөйлеу синтаксисіндегі сипаты.
Зерттеу нысаны. Диплом жұмысының зерттеу нысаны, атаулы сөйлем – жай
сөйлемнің бір түрі. Жай сөйлемдердің бірі – атаулы сөйлемнің өзіндік
ерекшеліктері, оның коммуникативтілікпен ара-қатынасы, коммуникативтілікке
қызмет ететін реплика мәнді сөйлемдер, олардың атаулы сөйлемдерден
айырмашылығы сияқты мәселелер диплом жұмысымның басты нысаны болмақ.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Мұртаза Ш. Төрт томдық шығармалар
жинағы. – Алматы: Жазушы, Т.1-2 , 1994; Ғ.Мүсірепов Үш том т,повесть
әңгімелері А. Жазушы 1999 ж.10 к.- 542 .

1.1. Сөйлем – коммуникативтік тұлға
Тіл - қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда
кісінің ойын айтудың негізгі формасы.
Сөйлем - тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең
қажетті тұлға.Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын
қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның (қабылдаушының)
қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші де болып табылады. Тілдік тұлға
ретінде сөйлем біршама тиянақталған ойды білдіреді, әрі адамдар арасындағы
қарым-қатынасты жүзеге асырушы - сөйлесу құралы.
Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация
беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті
атқара алмайды.Сөз де, сөз тіркесі де өз алдына, өз сапаларында пікір алысу
тұлғалары болып жұмсала алмайды.Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады,
ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара
қатынасы негізінде құралады.Солай болғандықтан сөйлем де сөздерден, сөз
тіркестерінен құралады.Сөйлем - өзіне тән грамматикалық құрылысы бар,
грамматикалық формасы бар категория. [1; 51]
Тіл білімінде сөйлемге берілген анықтаманың саны 300-ге жетіп қалады.
Мұның басты себебі зерттеушілердің сөйлемді әр түрлі категорияның қатарынан
түсіндіруінде.
Тіл білімі - философия мен логиканың қойнауынан шыққан ғылым.
Сондықтан да бұлар сөйлем сипатын ашуда логикалық категорияларға сүйенеді.
Аристотель заманынан бастап XX ғасырдың соңғы шеніне дейін сөйлем логикалық
байымдаумен тығыз байланыста қаралып келеді. Бұл екі ұғымды теңестіре қарау
да орын алған. Неміс тілі синтаксисінің маманы К.Ф.Беккер, орыс тілі
синтаксисінің көрнекті маманы Ф.И.Буслаев сөйлемге осы тұрғыдан келген.
Ф.И.Буслаевтың бұндай көзқарасы оның өзінен кейінгі синтаксис мамандарына
үлгі болып келді.Сөйлемді логикалық байымдаумен тікелей байланыстыру түркі
тіл білімінде де бар. Мәселен, Н.К.Дмитриев сөздердің тобы, байымдауды
білдірсе, сөйлем, байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі болатынын жақтайды.
Айта кету керек, мектепке арналған оқулықтарда Сөйлем дегеніміз аяқталған,
тиянақты ойды білдіреді дейтін анықтама осы күнге дейін бар. Бұған дәлел
ретінде 2004 жылы Ү.Ә.Асылов, Ә.Е.Жұмабаеваның авторлығымен шыққан 4-сынып
оқулығын келтіруге болады. Онда сөйлемге мынадай анықтама берілген:
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді жай сөйлем дейміз. [2;46]
Бұның нышанын жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілі оқулықтарынан да,
тіпті, академиялық грамматикамыздан да көруге болады. Тек бұл аталған
еңбектерде сөйлемнің аяқталған, тиянақты ойды білдіретініне қосымша
біршама деген мөлшер айтылған.
Тіл білімінде 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында сөйлемді түсіне
білуде психологиялық бағыт көрініс тапты (Ф.Ф.Достунтов, А.А.Шахматов). Бұл
екі бағыттың өкілдері де сөйлемге анықтама беруде оның өзіне тән айырым
белгілерін ескеріп жатпады.Сөйлемді таза тілдік, синтаксистік категория
ретінде қарастыру кейінгі жылдарда жүзеге асты. Соның нәтижесінде сөйлемнің
тұлғалық және мағыналық жақтарынан тығыз байланыста зерттеліп, оның өзіне
тән заңдылықтары әр түрлі әдістің негізінде жан-жақты ашылуда. [3; 365]
Сөйлем табиғаты - қарама-қайшылыққа толы.Ол - күрделі синтаксистік
тұлға. Сөйлемнің аяқталған тиянақты ойды әрдайым білдіре бермейтіндігі
қазақ тіл білімінде байқалды. Сондықтан да аяқталған тиянақты ой деген
сипаттың алдына біршама деген белгісіз мөлшердегі анықтауыш қосылды.Осы
тұрғыда айтылған пікірлердің деңгейін көрсету үшін ортақ сипаттагы кейбір
дәйектерді келтіруге болады. Олар төмендегідей:
... сөйлем ... жеке ұғымдардың синтезі ретінде байымдауды, хабарлауды,
сұрауды, модальділікті білдіреді. Әдетте бұлар жеке сөйлеммен аяқтала
бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруі оның маңындағы басқа тіл
бірліктерімен қатынасына қарай да айқындалады. ...Контекстен бөліп алынған
сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама
(относительно) ғана аяқталған ойды білдіреді.[4; 6]
Бұл біршама тиянақты мағына (біршама тиянақты ой) дегенді аяқталған
ой тұрғысынан түсінуге болмайды.Себебі аяқталған ой абзац (бірнеше сөйлем)
мазмұнын, кейде кітаптың тарау-бөлімі мазмұнын да қамтуы мүмкін. [5; 12]
Сөйлем - ойды жарыққа шығарушы материалдық көрсеткіш. Бірақ сөйлем
арқылы берілетін ойды аяқталған, тиянақталған ой деу онша дұрыс болмайды.
Өйткені ойды аяқтау үшін бір емес, толып жатқан сөйлемдер айту керектігі
тәжірибеден белгілі.Сөйлем аяқталған ойды ғана емес, жеке ойды білдіреді.
Ондай жеке ойлар логикалық жағынан аяқталмауы мүмкін. Сөйлем - жеке ойды
оған тетелес басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникативтік дербес тұлға.[6;
101]
Ендеше, жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, сөйлемге мынадай
анықтама берген жөн: Сөйлем - предикаттық қатынастың негізінде құрылған,
мағыналық бірлікте жұмсалған, біршама аяқталған ойды білдіретін
синтаксистік тұтастық. [7; 365]
Сөйлемнің сөзсіз құралуы мүмкін емес. Сол сөйлемді құрайтын әрбір
сөздің орны, өзіндік қызметі, мағынасы ерекше болады. Тіл білімінде сөйлем
құрайтын сөздер сөйлем мүшелері делінген. Сөйлем мүшелері - сөйлем
құрамында қалыптасқан функциялық қатынастың компоненті. Сөйлем мүшелері
ретінде толық мағыналы сөздер жұмсалады. [1; 116]
Сөйлем бір сөзден тұрса да, өзара байланысты бірнеше сөзден құралса
да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден
пауза арқылы оқшауланады.Әрі олармен мағыналық қатынасқа түсіп, ұласып,
ұштасып отырады.
Қазақ тілінде сөйлемдердің ішінде ең көп жұмсалатыны - екі мүшелі
сөйлем. Бұл кездейсоқ емес.Тіл мен ой тығыз байланысты.Сөйлем пікірді
хабарлаудың амалы болғандықтан, құрылысы жағынан да оған ұқсамай, оны
қайталамай тұра алмайды. Пікір - әр уақыт екі мүшелі.Ол субъект пен
предикаттан құралады.Пікірдің осы екі мүшесіне сөйлемде бастауыш пен
баяндауыш мүшелер сай келеді.Пікірді құраған субъект пен предикаттың
қатынасы сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы көрінеді.
Дегенмен сөйлем құрамы жағынан пікірдің құрамына сайма-сай келе бермейді.
Жай сөйлемдер құрылымдық ерекшелігіне сай екі негізді сөйлем және бір
негізді сөйлем болып бөлінеді.
Құрылымында екі негізді мүше - бастауыш, баяндауыш мүше болып, сөйлем
соларды тірек етіп құрылған болса, ол екі негізді болып танылады.
Екі негізді сөйлемнің басты мүшелері, кейде екеуі де түсіріліп айтылуы
мүмкін. Бірақ олардың лексикалық, грамматикалық белгісі белгілі болып
тұрады. Мысалы:
- Газет-журнал оқисындар ма?
- Сендер қайдан келдіңдер?
- Егістен.
3. - Самолет қай кезде ұшады?
- Түнгі он екіде.
4. -Недейсің?
1. Қоя бер деймін.
2. Неге?
3. Баланың жазығы жоқ.
5. - Қандай сурет?
- Нәзікеттің. (Д.И.)
Екі негізді сөйлемдердің басты белгісі түпкілікті құрылысына қарап
танылады. Олардың нақты коммуникативтік көрінісі (манифеститация) түрліше
бола береді.
Сөйлемдерде бір-ақ негізгі мүше болып, конструкция сол мүшені ғана
тірек етіп құрылған болса, олар бір негізді сойлем болып танылады. Бір
негізді сөйдемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі. Бір түрі арнаулы
құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Оны бұзуга болмайды.
Оған танданбауға мүмкін емес. Оны ұстауға болмайды. Білмегенді сұраудан
арланбау керек. Қою керек ғой! Әзір реті келмей қойды. (Ғ.М.)
Екінші түрі бастауыш деп те, баяндауыш деп тануға келмейтін - тірек мүше
деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады.
Мысалы: Мидай дала. Жарқыраған ай. Боран. Қар бораны...(Б.М.) Күз...
Кәдуілгі қарбалас жабдықтың қабындаған уағы. (Ғ.М.) Жалпаң жаз. Сай-салада
сағым ойнаған саршаның тамызы.(Ғ.М.)
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесінде екі негізді сөйлемдер базистік,
түпкі құрылым ретінде танылуға тиіс. Олар - пікірдің құрылысына сай
ұйымдасып, алғаш пайда болған конструкциялар. Екі негізді сөйлемдер тек
жақты болып құрылады. Бір негізді сөйлемдер екі негізді сөйлемдердің
грамматикалық, функционалдық баламасы ретінде қалыптасқан. Бұл бір.
Екінші ескеретін жай - бұл екі типті конструкциялардың жұмсалу аясы
бірдей емес. Екі негізді сөйлемдер - басты функционалдық конструкция. Ол
элдеқайда жиі жұмсалады.
Үшінші ескеретін жай - екі негізді сөйлемдердің құрылымдық потенциясы
да үлкен. Мұндай сөйлемдер көп сөз қатыстыра алады, күрделенуі де алуан
түрлі. Осындай бастауыш-баяндауыш болып қалыптасқан мүшелері бар сөйлемдер
құрылысына сай екі негізді сөйлем деп аталады. [1; 58]
1.2. Атаулы сөйлемнің қазақ тілінде зерттелуі жайы
Сөйлем – синтаксистің басты зерттеу объектісі, сан қырлы, көп аспектілі,
өте күрделі құрылымды тілдік бірлік. Сөйлем түрлерінің қайсысы бұрын,
қайсысы кейін пайда болғаны туралы пікір ғалымдарды ойландырары хақ.
Түркі тілдерін тарихи – салыстырмалы тұрғыда зерттеуші ғалымдардың
қайсысы да түркі тілінде есімді (номинативті) сөйлемдер қолданылғанын жоққа
шығармайды. Мұндай пікір есімді сөйлемдер қалыптасқан құбылыс ретінде
қолданылатын көне түркі жазба ескеркіштері арқылы дәлелденді. Осы айтылған
пікірді бір құрамды сөйлемдер үшін де қолдануға әбден болатынын
Е.Ағмановтың мына сөзінен байқауға болады: Сөйлемдер жүйесінің тарихын
айтқанда мына мәселені есте сақтау керек: біздің тіліміз де тілдік
элементтердің номенативтік және коммунативтік қызметтердің сараланбаған
көне бір кезеңін бастан өткізсе керек. Ол кезде сөздердің, сөз
тіркестерінің, сөйлемдердің бір-бірінен ара жігі ажырамауы толық мүмкін,
яғни бір тілдік бірлік (сөз) ұғымның атын да, аяқталған ойды да білдіру
үшін жұмсалған.
Қазіргі тіліміздегі атаулы сөйлемдердің болуы, кейде субъекті-
предикаттық қатынастардың бір ғана сөйлем мүшесі арқылы берілуі (айттым)
осыны дәлелдейді [8; 35]. Егер ғалымның осы ойын шындыққа жақын дейтін
болсақ, онда барлық сөйлемдердің қалыптасу негізі атаулы сөйлемдер деуге
болады. Шындығында, адамдар ойының қарапайым да, балаң кезінде
сөйлемдердің осындай құрылымда келіп-ақ қатынас құралы болу міндетін атқара
алуы әбден мүмкін. Ал күрделі құрылымды сөйлемдердің қалыптасуы адамдар
ойының, қоғам дамуының күрделенуімен байланысты екені автордың мына
пікірінен байқалады: Кейін адамдардың өзін қоршаған сыртқы дүниені тануы
кеңейіп, ой өрісі дамыған шағында істі істеуші мен сол әрекетті білдіретін,
олардың істің объектісін ажырататын тілдік бөлшектер қажет болды, ол
бөлшектердің қызметін саралау қажеттігі туды. Бұл жағдайлар сөйлемдердің
осы күндегі құрылымдық элементтерінің қалыптасуына (бастауыштық,
баяндауыштық, толықтауыштық, пысықтауыш және анықтауыштық) тікелей әсер
етті. Сөйтіп, ғалымның пікірінше, атаулы сөйлемдер сөйлемнің ең алғашқы
құрылымдық үлгісі болып табылады да, сөйлемнің қалған құрылымдық түрлері
кейінірек пайда болған. Міне, осы пікірді қуаттау бізді түркі халықтарының
ең көне ортақ мұрасы болып табылатын Орхон-Енисей ескерткіштерінің өзі
халықтың ақыл-ойы әбден толысып қалыптасқан дәуірде жазылған деген
қорытынды жасауға мәжбүр етеді. Себебі бұл мұрада сөйлемнің барлық
синтаксистік мүшелері толық қатысқан әржақты құрылымда келген түрлері мол
кездеседі.
Ғалым Ғ.Айдаров айтқандай, көне түркі жазбаларында бірлі-жарым атаулы
сөйлемдер кездесетін болса, оны қазіргі атаулы сөйлемдердің пайда болуының
басы деп түсінген орынды [9; 56].
Қазіргі орыс және басқа түркі тілдеріндегі зерттеулерде бір құрамды
есімді сөйлемдердің түріне жатқызылатын атаулы сөйлемдер жай сөйлемнің
ерекше құрылымдағы түрі ретінде қазақ тілінде алғаш С.Аманжолов пен
С.Жиенбаевтардың еңбектерінде сөз болды. 1940 жылы жарыққа шыққан Қазақ
әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы деп аталатын оқулық еңбегінде
С.Аманжолов жай сөйлем жүйесін зерттеуге, тануға елеулі үлес қосты. Жай
сөйлемнің грамматикалық түрлерін толық тануға себепші болды. Сөйлемді тұтас
тұлға ретінде танып, оның грамматикалық сипатын тануда да Сәрсен Аманжолов
жасаған құнды. Әрі бүгінде бағасын жоғалтпаған тұжырымдар бар. Жай сөйлем
жүйесін тануда С.Аманжолов ілгерілеткен жағдайдың тағы бірі – атаулы
сөйлемдердің аталуы. Бұл сөйлемдердің грамматикалық белгілері көрсетілген,
негізгі түрлері де аталған [10; 135].
Синтаксисті зерттеген ғалым М.Балақаев. Атаулы сөйлем түрлеріне өзіндік
көзқараспен анықтама береді, жасалу жолдарын толықтырады.
1954 жылы қазақ тілі мамандарының көп жылғы зерттеу жұмыстарының
қорытындысы іспетті алғашқы академиялық грамматика жарыққа шықты. Бұл
еңбекте де жай сөйлемнің құрылымдық түрлері ретінде атаулы сөйлемдер
аталды. Еңбекте сөйлемдерді жіктеуде олардың негізінен синтаксистік
ерекшеліктері ескерілгені байқалады.
1967 жылы шыққан академиялық "Қазақ тілі грамматикасында" атаулы сөйлем
бөлек қаралып, А.Әбілқаев "атаулы сөйлем құрылымы мен мағынасы жағыан жай
сөйлемдердің бірде-бір түріне ұқсамайды деп, мынадай бслгілерін атап
көрсетеді: а) ... тұрлаулы мүшелерге талданбайды, ө) ... баяндау қасиеті
болмайды, б) өзіне тән айырым интонациясы бар сөйлем деп атайды. [11; 89].
Бұл сипаттамаларға қарағанда, сөйлем мүшеленбейтін немесе сөз-сөйлемге
жакындатылатын сияқты. Бірақ бұл жағы анық көрсетілмейді.
Жазылуы осы еңбектпен тұстас келетін О.Төлегеновтың "Жалпы модальді және
мақсат мәнді жай сөйлем типтері" еңбегінде тіл білімінің көз аясына түскен
сөйлемдерді мағыналык, құрылымдық формаларын түгел қамтитын, әрі саралап
танытатын топтау прииципін атады. Құрылымына қарай жай сөйлемдерді екі бас
мүшелі (екі кұрамды) сөйлемдер, бір бас мүшелі (баяндауышты) сөйлемдер,
мүшеленбейтін сөйлемдер деп, негізгі үш топқа бөлген.
Мүшеленбейтін сөйлемдер деп автор "қалыпты құрылымды емес", яғни сөйлем
мүшесіне талдауға келмейтін құрылымды атаған. Мүшеленбейтін сөйлемдерді
лексикалық-грамматикалық жасалу ерекшеліктері жағынан қарағанда үш топқа
бөледі: есімдерден құралған (атаулы) сөйлемдер, арнаулы модальдік сөздерден
құралған сөйлемдер және одағайлардан жасалған сөйлемдер. Одан кейін автор
бұл жіктеу түрін негіздейтін фактілерге немесе аталған сөйлем түрлеріне
тоқталмайды. Бірақ бір байқалатын нәрсе - сол тұстағы ғалымдар атаулы
сөйлемді мүшеленбейтін сөйлем қатарына жатқызады [12; 42].
ІІ тарау. Атаулы сөйлем туралы түсінік
2.1. Жай сөйлемнің түрлері
Сөйлем - синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде
синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің
орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарықка шығарады,
екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және
тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік
болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге
жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.
Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана
зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис
ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол
нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да
кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н.Ю.Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге
тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз
тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай жағынан
да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты
құрайды деп есептейді [13; 129]. Қазір осы аталғандардың ішінен тек
сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану
жөніндегі көзқарастар басым.
Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көқарастар
қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі.
Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем
мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана
зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.
Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл
көзқарасты Ф.Ф.Фортунатов, В.К.Поржезинский, Н.М.Петерсон,
А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы
дейді.
Үшіншіден, В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.Н.Ярцева, О.С.Ахманова сияқты
ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар
қарастырады.
Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев
т.б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп карастырса, профессор
М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз
тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ.Есенов оған
күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады.
А.Ж.Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен
шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны-сөз формаларынан басталуы тиіс
дейді [14; 111].
Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі
зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров,
Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар қазақ тілі
синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.
Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты категория
екендігін мойындайды. Біріншіден, сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем
мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де,
айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің бойынан бірнеше тілдік
категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем - құрмалас сөйлемді құраудың
да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде
құрала келіп, күрделі ойды білдіреді.
Тіл-тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем ойды білдіре ме, әлде
біршама аяқталған ойды білдіре ме деген сұрақ төңірегінде әр түрлі
көзқарастар бар.
Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайрамбаев: Сөйлемнің
негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және интонация -
үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек
жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік
жүзеге аса алады, - дейді [15; 6]. Ал модальділік белгісі ретінде - рай
категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және интонацияны көрсетеді.
Структура-семантикалық компоненттерінің қатысына қарай жай сөйлем:
толымды және толымсыз, жалаң және жайылма болып та жіктеледі.Толымды
сөйлем. Тұрлаулы мүшелері түгел, мазмұны толық сөйлем толымды сөйлем деп
аталады.
Мысалы: Кірешілер Қарағандыдан шұбап шыға берді (Ғ.М.).Толымды сөйлем
толымсыз сөйлемге қарама-карсы сөйлем.
Толымсыз сөйлем. Ойға қатысты сөйлем мүшесі жоқ сөйлемнің түрі толымсыз
деп аталады.
Мысалы: 1. Күндізгі ала шабыр бұлт көк жүзінде тұтасып зілдей боп басып
апты. 2. Бірақ бұл жолы тағы да жаумай тарқайтын түрі бар. (Ә.Н.) Осы
мысалдағы бірінші сөйлем толымды сөйлем (екі негізді). Ал екінші сөйлемнің
қимыл иесі (бұлт) бастауышы түсірілген толымсыз сөйлем екендігін мәтінге
қарап байқаймыз.
Толымды сөйлем мен толымсыз сөйлем айырмашылықтарын тануда мәтін мен
ситуацияның рөлі айрықша. Толымсыз сөйлемдердің кұрылымдық жағынан
мәтінмен, ситуациямен байланып жататындығы байқалады. Бұндай жағдай жақсыз
сөйлемдер мен атаулы сөйлемдерде айқын көрінеді. Жақсыз сөйлемдердің
логикалық субъектісі немесе толыктауыш мүшесі түсіріліп айтылуы осы
мәтінмен байланысты болса, ол атаулы сөйлемде контекстен тыс, еш уакытта
жеке дара сөйлем бола алмайды.
Толымсыз сөйлемдерде бас мүшелердің біреуі немесе екеуі де, кейде
тұрлаусыз мүшелер де түсірілгені айқын байқалып тұрады. Бұл сөйлемнің
синтаксистік құрылымынан да көрінеді. Толымсыз сөйлемдердің сөйлем ретінде
өмір сүруі мәтін мен ситуацияға байланысты.
Толымсыз сөйлемнің басты ерекшелігі -түсіп калған сөзді (түсірілген)
орнына қойғанда сөйлемге айналады.
Жай сөйлем құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жай
сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы мүшелерден
құралса, онда ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Қыс
қатты, қар қалың (М.Ә.). Ақбала тоқтай қалды (Ә.Н.). Әлиза келді. Әңгіме
үзіліп кетті (Ә.Н.).
Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе бірнешеуінен
құралған сөйлем жайылма сөйлем болып саналады. Мысалы: Күздің таңы баяулап
атып келеді екен (М.Ә.). Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты (Ә.Е.). Теңіз
оған таныс. Жаз ортасы ауғасын-ақ ұлы теңіздің жел-кұзы көбейді (Ә.Н.).
Субъекті - жақтың қатысына қарай жай сөйлем: жақты және жақсыз болып
бөлінеді.
Жақтылық және жақсыздық бір негізді сөйлемге де, екі негізді сөйлемге
де тән. Бұл сөйлемнің ішкі мағыналық және сыртқы құрылымдық
ерекшеліктерінің тығыз байланысынан туындайды.
Жақты сөйлем - сөйлемнің бастауышы болуына негізделеді. Бастауышы бар
немесе бастауышы жасырын тұрған сөйлем жақты сөйлем деп аталады. Мысалы:
Тек үйдің пешін жаққалы Назыкеш төбеге шығып еді. (Ғ.М.) Көк жүзін суық
бұлт торлапты (Ә.Н.).
Кейде бастауыш айтылмай, түсіп те қалады. Бірақ оны баяндауыш арқылы оңай
тауып алуға болады. Торы атқа тақымы тигесін-ақ асықпады. Күпі сыртынан
қайыс белбеуін буып алды (Ә.Н.).
Кейбір жай сөйлемдерде бастауыш мүлде болмайды, баяндауыштың өзі
сөйлемге ұйытқы болып тұрады.
Бастауышы жоқ, бастауышты баяндауыш арқылы айқындауға болмайтын сөйлемнің
түрі жақсыз сөйлем деп аталады.
Жақсыз сөйлемнің баяндауышы:
-қы, -ғы, -кі, -гі жұрнакты қалау райлы етістіктен болады. Бұл кітапты
менің оқығым келді.
Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген
көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады: Бұл судан балық аулауға
болмайды.
Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін
деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады: Біздің жақсы
оқуымыз керек.
-ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің
болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады: Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып
болмайды.
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады: Біраздан
кейін ымырт жабылды. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды (М.М.)
Бір негізді сөйлемдердің бір түрі - атаулы сөйлемдер. Бұл
сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түсетін
мүшелер болмайды. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек
мүше болады:
Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше құбы-
лыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемге тірек болады. Негізгі мүшелері
ретінде зат есім, сын есім, есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін)
формалары, тұйық етістік тұлғалары жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі
мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелерде кіреді.
Атау сөйлемдерде предикативтілік қатынас болмағанмен, предикативтіктің
өзі болады. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ойды, оқиғаны
болмысқа шақ, жақ тұрғысынан қатыстырып білдіреді .[29;457].
2.2. Атаулы сөйлем – жай сөйлемнің бір түрі
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы жағынан,
мағынасы жағынан жай сөйлемдер жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды,
толымсыз сөйлемдердің бірде-бір түріне ұқсамайды:
1. Атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды;
2. Оған ұйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп айта
алмаймыз;
3. Тірек мүше зат есімнен болып, атау септікте тұрған соң ғана, оны
бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деуге болады;
4. Бірақ оны сыртқы ұқсастығына қарап бастауыш ыңғайындағы сөйлем
дегеніміз болмаса, бастауышпен тең мүше бола алмайды;
5. Атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құбылысты, болмысты атап қана
көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті
болмайды;
6) Атаулы сөйлемде интонация бар;
7) Шаққа қатысты мағына бар;
Атаулы сөйлем, негізінде, хабарлау интонациясымен, кейде лептік
интонациямен айтылады. Бірақ интонацияның қай түрімен айтылса да, атаулы
сөйлемдегі интонациялық рең тұрлаулы мүшелері бар басқа сөйлемдердің
хабарлы не лептік интонациясына сәйкес келмейді, дауыс ырғағында қандай
да бір өзгешелік сезіліп тұрады. Мысалы: Дала. Егін даласы. Егін даласы
рақат құшағында (Әбішев). Алғашқы екі сөйлемнің айтылу әуені соңғы
сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезіледі. Дала деген атаулы
сөйлем қалпындағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш қызметін атқарып
тұрғандағысымен немесе диалог жағдайында толымсыз сөйлемнің баяндауышы
болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде өзгешелік байқалады:
баяндауыш қызметін атқарғанда (Бұл — бала. —Мынау не? — Дала.), дала сөзі
дауыс қарқынының бәсеңдеуі жағдайында айтылып, тиянақты интонацияға
ауысады; бастауыш қызметін атқарғанда (Дала — мидай жазық), көтеріңкі
әуенмен айтылып, интонация жағынан тиянақсыз болады; қаратпа сөз ретінде
келгенде де (Тыңда, дала, Жамбылды!), ол жалпы қаратпа сөзге лайық әуенмен
айтылады. Дала сөзінің атаулы сөйлем болып тұрғандағы әуені баяндауыш
қызметіндегі әуенінен гөрі сәл көтеріңкі болады да, жеке сөздің өзін
айтқандағы әуенге жуықтайды. Атаулы сөйлемнің интонациялық ерекшелігін
эксперимент жолымен зерттеу арқылы ғана толық сипаттауға болады.
Кез келген сөзді не сөз тіркесін атай берсек, өздігінен атаулы сөйлем
бола қалмайды. Атаулы сөйлем болу үшін ол сөздің не сөз тіркесінің
әңгімеленбекші болып отырған оқиғаға, шындық болмысқа қатысы болу керек.
Мысалы. Түн. Бұлт астында қ а л қ ыған ай. Жай басып Төлеп келеді
(Ерубаев). Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның
кейде жоны ғана көрінеді (Мұстафин). Бұл мысалда түн, тоғай, егін, шалғын
дегендер тіліміздегі басқа сөздер сияқты лексикалық мағына, ұғымды
білдіретін атау ғана болып тұрған жоқ, сол ұғым, лексикалық мағыналарының
қазіргі кезде сөз болып отырған оқиғаны суреттеуге тікелей қатысы болып
отыр. Түн деген атаулы сөйлемді айтқанда, көз алдымызға түннің бейнесі
елестеп, бұдан былайғы сөйлемде оқиғаның сол түн ішінде болғаны не болатыны
жайында айтылатындығын алдын-ала сезетіндей, сондай жайды күткендей қалыпта
боламыз.
Демек, атаулы сөйлем оқиғаны, құбылысты жай ғана атай салмайды, белгілі
бір мақсатқа байланысты атайды және оның мағынасы өзінен кейін тұрған
сөйлемдердің мағынасымен сабақтас болады. Тоғай, егін, шалғын деген
сөздерді жай атағанда, біз олардың зат атаулары екендігін ғана білетін
болсақ, ол сөздерді атаулы сөйлем қалпында атағанда, олардың бүкіл заттық
бейнесі көз алдымызға елестеумен бірге, соған байланысты басқа бір оқиғаның
баяндалатындығын күні бұрын хабарлап та тұрады. Ендеше, жеке сөз не сөз
тіркесі атаулы сөйлем болуы үшін, біріншіден, олардың оқиғаға қатысы болу
керек, екіншіден, өзінен кейін тұрған атаулы емес сөйлеммен сабақтас болуы
керек, ол сөйлем атаулы сөйлемде атап қана көрсетілген оқиғаның нақты өзін
баяндайды, мазмұнын ашады, атаулы сөйлемнің не себепті қолданылып тұрған
мақсатын көрсетеді. Осы тұрғыдан қарағанда, мекеменің маңдайшасына жазылған
атаулар, газет-журнал, кітап аттары атаулы сөйлем бола алмайды. Өйткені
бұларда хабарлау мақсаты көзделмейді, оқиғаға қатысты жағдай көрсетілмейді.
Атаулы сөйлемнің шаққа қатынасы бар. Жай сөйлемдердің басқа түрлері
сияқты, атаулы сөйлемде де шақ болады: ол осы шақтағы құбылыс, болмысты
білдіреді. Мұңдағы шақтық мағына да арнаулы шақтың көрсеткіш арқылы
берілмей, сол сөйлемнің өзінен аңғарылатын синтаксистік шақ арқылы
беріледі.
Мысалы: Август айы. Есіл өзенінің бойы. Жайдақ өткелдің жағасында қалың
талға ғана қонған ауыл.
Кешке жақын алты қанат үйдің ішінде екі адам әңгімелесіп отыр (Талжанов).
Атаулы сөйлем құрылысы, құрамы жағынан жай сөйлемнің басқа түрлері
сияқты жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді, мыс.: Кеш. Ел орынға
отырып, үйлерге шам жағылды (Жансүгіров). 9-май. Таң мезгілі. Жараланған
солдаттардың арасында отырмын (Лекеров).
Әдемі, бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи жібек түстеніп, аспанның батыс жағы
сары қызыл тартты (Жансүгіров). Бұл мысалдардағы кеш, 9 май, таң мезгілі
дегендер — жалаң атаулы сөйлемдер де, әдемі, бір қоңыр кеш деген құрамында
анықтауышы бар (әдемі, бір қоңыр) жайылма атаулы сөйлем.
Құрылысы жағынан тұрлаулы мүшеге талданбайтын, мағынасы жағынан оқиғаны,
құбылысты, болмысты тек атап қана көрсетіп, ол туралы баяндамайтын, өзіне
тән айырым интонациясы бар жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлемнің жасалуы. Атаулы сөйлемнің жасалуын сөз еткенде,
алдымен, оған ұйытқы, тірек болатын сөздің қай сөз табынан болатындығын
қарастырамыз.
1. Атаулы сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз — негізінде зат есім. Ол
әрқашан атау септік формасында айтылады. Алайда кез келген зат есім атаулы
сөйлем жасауға қатыса бермейді (мысалы, кісі аттары, дерексіз зат атаулары
т. б.), көбінесе мекен, мезгіл, табиғат болмысы, нәрсе, бұйым атауларын
білдіретін зат есімдер атаулы сөйлем жасауға арқау болады.
Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басын ала тұлымшақтай болып өскен шоқ-
шоқ ағаш. Осы бұйрат-адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап
(Мұстафин). Серуен көңілді болды. Сұлу көктем. Көк масаты тау. Жұпар ауа.
Әндетіп, сайрап жатқан бұлбұл. Алуан бояулы әсем гүл. Қала тәртібін көп
көрген Нұрғали Бағилашына гүл жұлып беріп, көтертіп қойды (Әбілев).
Алынған мысалдағы атаулы сөйлемдердің қай-қайсысында болсын оның
жасалуына арқау болып тұрған сөздер— бұйрат, адыр, ағаш, көктем, тау, ауа,
бұлбұл, гүл деген сияқты конкретті зат атаулары.
Зат есімдердің ішінде дербес тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те
атаулы сөйлем түрінде айтылуға бейім сөздер болады. Олар: қыс, жаз, көктем,
күз, түн, кеш деген мезгіл мәнді зат есімдер мен ай, күн аттары: аяз, жел,
боран, тұман, дауыл деген сияқты табиғат құбылысын білдіретін атаулар:
қала, ауыл, өндіріс және басқа да мекен мәнді білдіретін жер-су аттары т.
б. Алайда бұл сияқты дербес тұрып, атаулы сөйлем бола алатын сөздердің
толық тізімін беру, тек осылар ғана болады деп үзілді-кесілді айту мүмкін
емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей сөздер тобының үнемі дерлік
атаулы сөйлем жасауға қатысатынын айтпай кетуге тағы да болмайды.
Мысалы: Жаз. Қар кеткеннен кейінгі қара жер жасыл желек жамылған сұлу
келіншекше жасарған (Сейфуллин). Тамылжыған ыстық жаз. Шағырмақ көк аспанда
селдіреп ақша бұлттар қалықтайды (Соқпақбаев). Кеш. Ымырт жабылып барады
(Майлин). Күзгі кеш. Әлі ымырт жабылмаған кез. Терезе алдындағы, жапырағы
сарғайып, тербелген сайын, түсіп сұйыла бастаған селдір ағаштардың ішінде
төрт-бес бала ойнап жүр (Лекеров). Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып,
далаға шықтым (Жансүгіров). Жалпақ дала. Ұзын жол. Әскер жүріп келеді
(Есенжанов). Көктем. Ауыл Достық дөңіне кеп үй тігіп жатыр (Мұқанов).
Алынған мысалдарда жаз, кеш, дала, түн, көктем деген сөздер дербес тұрып
та, тамылжыған ыстық жаз, күзгі кеш, жалпақ дала деген сияқты басқа
сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем жасауға арқау болып тұр.
Кейбір зат есімдер дербес тұрып, өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды,
тек басқа сөздермен тіркесіп, атаулы сөйлемге арқау болады. Мысалы, түн
деген сөз дербес тұрып, атаулы сөйлем жасаса, оның антонимі күн деген сөз
өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, басқа сөзбен тіркесіп барып, атаулы
сөйлем жасайды. Сол сияқты жыл, ай, уақыт, мезгіл, шақ, кез деген мезгіл
мәнді зат есімдер де басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда, атаулы сөйлемге
арқау болады.
Мысалы: Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Колхозда ұйықтамаған
үй кемде-кем (Мұстафин). Күн кешкірген мезгіл. Жаңа салынған үйлердің
біріне шаңданған бір автомобиль келіп тоқтады (Сейфуллин). Май айы. 1918
жыл. Петрконың күйген кірпіштен салған екі қабат тас болат үйі. Үстінде
Совдеп, астында Жас қазақ ұйымы.(Талжанов). Ымырт жабылған кез. Ауыл тағы
да үрпиісіп отыр (Сейфуллин).
2. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі көмекші есімнен де болады. Бі-
рақ көмекші есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байла-
нысып, тәуелдік формада тұрады. Арқау сөзі көмекші есімнен болған
атаулы сөйлемдер оқиғаның болған мекені мен мезгілінің тұтас қал-
пын емес, оның бөлшегін, белгілі бір кезеңін, шегін көрсетеді.
Мысалы: Май айы. Таң алды. Ауыл Нұра бойында (Сейфуллин). Мамыр
айының басы. Көк әлі шыққан жоқ (Жансүгіров). Июль айының жуан ортасы. Мал
базарында халық сапырылысып жүр (Талжанов). Қараңғы. Шахта асты. Сүлеймен
етпетінен түсіп жатыр (Ерубаев). Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы
көлшімектің қасы. Көлшімектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар —
айнаның жиегіне салған әдемі өрнек сияқты (Сейфуллин).
Алынған мысалдардағы таң алды, мамыр айының басы, июль айының жуан
ортасы деген көмекші есімді атаулы сөйлемдер мезгілдің белгілі бір жуық
шамасын көрсетсе, шахта асты, Көкшетау маңы, айнадай тұнық сулы көлшімектің
қасы деген атаулы сөйлемдер мекен-орынның жуық шамасын білдіреді.
3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен
болады. Бұл да көмекші есімдер сияқты, өзінен бұрынғы сөзбен
матаса байланысып, тәуелдік жалғауда тұрады; көбінесе мезгіл мәнді
сөздермен тіркеседі және мезгілдің болжалды, белгісіз шегін көрсетеді.
Мысалы: Октябрь айы еді. Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай аулы
Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді
(Сейфуллин).
9 май. Соғыстан кейінгі жылдардың бірі. Өзіміздің Алматы. Көгілдір
аспанда жүзген күннің шұғыласында да ерекше бір жылылық бар (Лекеров).
4. Кейде атаулы сөйлем мезгіл мәнді үстеуден, шылаулы сөз тір-
кесінен де болады.
Мысалы: Қыстыгүні. Сақылдаған сары аяз. Бес төсектің иелері бәріміз де
қазір үйдеміз (Соқпақбаев).
Сонымен, атаулы сөйлемнің жасалуында оның арқау сөзі болып, негізінде,
зат есім, одан соң көмекші есім, бір деген белгісіздік есімдік, кейбір
мезгіл мәнді үстеу мен шылаулы сөз тіркесі қатысады.
Атаулы сөйлемнің құрылымы. Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден,
негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болады.
Бұлай деуіміз, бір жағынан, атаулы сөйлемнің қандай жолдармен
жасалатындығын аңғартса, екінші жағынан, оның өз ішінде бір-бірінен
құрылымдық (структуралық) айырмашылығы болатынын да аңғартса керек. Ол
айырмашылық сыртқы түр-тұрпат, ішкі мазмұн-мағыналық жақтан да анық
көрінеді. Негізгі сөз бен көмекші сөздің байланысынан болған атаулы
сөйлемде көмекші сөз негізгі сөзге грамматикалық мағына үстейтіндіктен,
оның лексика-грамматикалық мағынасы бір сөзден болған атаулы сөйлемге
қарағанда күрделірек, ойдың саралануы басымырақ болып келеді. Ал, сөз
тіркесінен болған атаулы сейлемде лексикалық та, грамматикалық та
мағыналардың бірдей қатысатындығынан зат, болмыс туралы кеңінен түсінік
беріледі, сипаттау, суреттеу сияқты бейнелік әсер күшті болады.
Мысалы, март деген атының қатысуына байланысты атаулы сөйлем мына
құрылымда кездеседі: март— марттың іші (басы, ортасы, аяғы) — март айы,
март айының басы — март айының бас кезі — 10 март т. т. Бұлардың бәрі
мезгіл мәнді атаулы сөйлем болса да, сол мезгілдік мағынаның берілуі
бәрінде біркелкі емес: март және март айы дегендер оқиғаның басқа айда
емес, тек сол айда болғанын жалпы көрсетеді; март айының іші — мағынасы
жағынан март, март айы дегенге жуық келгенмен, оның тұтас қалпын емес,
бөлшектелетін қалпын көрсетіп тұр; марттың басы — марттың аяғы — марттың
ортасы дегендер марттың іші деген бөлшектелетін мезгілдік ұғымның нақты
бөлшегін атайды; март айының басы — март айының бас кезі дегендер мағыналық
жақтан марттың басы дегенмен тең түседі; 10 март деген атаулы сөйлем мезгіл
мәнін тұспалдап айтпай, нақты көрсетеді. Мағыналық жақтан осындай өзгешелік
болса, олардың құрылымында сол мағынаға әсер ететіндей тағы да ерекшеліктер
бар: март — март айы дегендер мезгілді көрсетуі жағынан ешбір айырмасы
болмаса, март айы тіркес түрінде болғандықтан, олардың арасында жекенің
жалпыға қатысы, жалпылық ұғымды анықтау, нақтылау сияқты грамматикалық
мағына беріледі. Марттың басы — марттың бас кезі дегендерде мезгілдік мәнде
беруде айырма жоқ, бірақ олардың құрылымында сөздердің өзара байланысуы
жағынан айырма бар: марттың басы — матасу жолымен байланысып тұр; марттың
бас кезі дегенде де матасу байланысы бар, алайда ондағы матасу ілік септік
пен тәуелдік жалғау жалғанған сөздердің жалаң өздері арқылы болмайды, бас
деген көмекші есімді де қоса қамтиды; демек, бұл байланыста кез деген сөз
өздігінен март сөзімен байланыспай, бас деген сөз арқылы ғана, яғни бас
кезі деген түрде ғана байланысады. Атаулы сөйлем негізгі сөз бен көмекші
сөздің байланысынан немесе сөз тіркесінен болғанда, оның құрамындағы сөз
саны екіден бастап әлденеше сөзге шейін жетеді.
Мысалы: Май айы. Таң алды. Түнгі Москва. Октябрь вокзалының алды.
Паровоздың гүрілі. Трамвай жүре бастаған (Ерубаев). Жаздың бір желсіз күні.
Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол. Бір
автомобиль бұрқыратып, дүрсілдете зымырап келе жатыр (Сейфуллин). Алынған
мысалдарда май айы, таң алды, түнгі Москва, паровоздың гүрілі дегендер екі
сөзден болған атаулы сөйлем болса, жаздың бір желсіз күні деген атаулы
сейлемнің құрамында төрт сөз, Қарсақбай заводынан Сарысу өзенін жанай өрлеп
шұбалған қара жол деген атаулы сөйлемнің құрамында тоғыз сөз бар.
Кейде атаулы сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлем де болады. 1919 жылдың
көктемі. Қар жаңа ғана еріп, ала сапыран болып жатқан уақыт. Екі жігіт Есіл
өзенінің жар қабағын жағалап келе жатырмыз (Мұқанов). Күн суытып, солтүстік
участоктардың бойына қар жауа бастаған кез. Түн тастай қараңғы. Қатты жел
ышқына соғып тұр (Тыныкин).
Алынған мысалдардың ішінде уақыт деген сөзге аяқталған атаулы сөйлемнің
құрамында қар жаңа ғана еріп деген бағыныңңы сөйлем, кез сөзіне аяқталған
атаулы сөйлемнің құрамында күн суытып деген бағыныңқы сөйлем қатысқан.
Атаулы сөйлемнің бұл сияқты көп құрамды түрі, яғни құрамында әлденеше сөзі
бар түрі бір сөзден не екі сөзден болған түріне қарағанда контекске онша
тәуелді болмай, өздігінен сөйлем бола береді.
Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бірыңғайласып, шоғырланып та келе береді,
мысалы: Жер барактың іші. Әйел мен баласы. Сүлеймен отыр (Ерубаев). Салқын
кеш. Мәдениет сарайының алды толған халық, дырду шу, шат-шадыман
өмір... Пар-пардан қолтықтасқан қыз бен жігіт. (Мұқанов). Кең алаңда
митинг. Толқыған халық теңізі. Теңіз толқынында жүзген желкендер — қызыл
тулар. Жиылыс. Парад. Митинг. Ту, топ, қару, халық. (Жансүгіров).
Келтірілген мысалдардың ішінде әйел мен баласы, пар-пардан қолтықтасқан
қыз бен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz