Мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І тарау. Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі.

І. 1. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары.

І. 2. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары.

ІІ тарау. Мектепте оқушылардың білім сапасын мониторингілеудің ғылыми әдістемелік мәселелері.

ІІ. 1. Оқу процесінің нәтижелерін бағалауда сабақтың орны. Баға, бағалау-бақылаудың құрамдас бөлігі.

ІІ. 2. Бағалауда ынталандыру әдістері, өзін-өзі бағалау және оның ықпалы.

ІІ. 3. Оқушылардың білім сапасын мониторингтік зерттеу, нәтижелерді салыстыру.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Зерттеу мақсаты

Педагогикалық бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  1. Педагогикалық бағалаудың мақсаты, жолдары және даму ерекшеліктері туралы ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
  2. Педагогикалық бағалаудың жеке тұлғаның қалыптасуында психикалық дамуында алатын орны.
  3. Педагогикалық бағалаудың психологиялық ерекешеліктерін анықтау үшін тестерді, сауалнамаларды, жаттығуларды қолдану.

Зерттеу объектісі: педагогикалық бағалаудың психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: педагогикалық бағалауға әсер ететін жағдайлар.

Ғылыми болжам: оқыту, тәрбиелеу, әрекеттестік жасалуындағы жеке тұлғаның дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер жасалып педагогикалық, психологиялық дамыту жолдары анықталса, педагогикалық бағалаудың психологиясын ескере отырып толыққанды тұлғаны қалыптастыруға болады.

Зерттеу әдістері:

Ғылыми әдебиеттерге шолу, жасау, сауалнамалар, тестер, мониторинг.

Кіріспе

Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағғытарында» бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: «Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет». Бұл талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.

Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы және кереғарлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының мазмұндық сипатының жоймауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана жойылды.

Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр.

Мотивация - психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып табылдаы.

С. Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде өрбіп дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге осып отырады.

Оқу мотивтерінің даму мәселесі үнемі психолог-ғалымдарды қатты толғандырып келген жәит. А. Н. Леонтьев, М. И. Божович, Н. Г. Морозова, Л. С. Славиналар өз еңбектерінде оқу мотивтерінің дамуы туралы зерттеді. Мектеп оқушылары үшін мотив жәй ғана оқу, үшінші, төртінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы, жетіншісі сыныптарда оқушылар үшін басты мотив-болашаққа дайындық болады. Яғни баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Қажеті мотивацияның бала бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді. Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Педагогикалық бағалау ерекше ынталандыру болып келгендігінен оқу және тәрбие әрекетіндегі табысты анықтайтын қызмет негізі. Педагогикалық бағалаудың бірнеше түрлері болады. Оларды пәндік және арнайы, материалдық және моральдық, нәтижелі және процестік, сондық және сапалық топтарға бөлуге болады.

Сонымен бірге педагогикалық бағалау түрлерімен қоса балалардың оқу және тәрбие жетістіктеріне орай ынталандырудың әдіс-тәсілдері бөлініп ерекшеленеді. Педагогикалық тұрғыда ең тиімді бағалау болып баланың өздігінен жетілуіне тырысуы, іскерлік және дағдыны, білім алу жолдарын таба білуі, өзінің бойына сапалы жақсы құныдылықтарды дағдыландыруы жатады. Педагогикалық бағалауда балалардың әртүрлі жас кезеңдерінің қолайлы шарттары мен тәсілдері бар.

Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі.

Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның негізгісі - дамытушылық қызметі, функциясы.

Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.

Оқыту динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру-өмір талабы. Білім беру саласында оқу таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп оның технологиясың әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексерумен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану-ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы. Оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас-ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдіс тест болып отыр.

Оқу барысында оқушылардың даму динамикасын және мектептің өзін-өзі бағалау жолымен дамуын қадағалайтын білім сапасын мониторингілеу жүйесін жасау қажеттігі туындап отыр. Мониторинг - бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі.

Сабақтың шынайы құндылығы - оның нәтижесі, оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі.

Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен сәттіліктерін оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай теріс құбылыстарына алып барады.

  1. Психикалық дамудың тежелуі
  2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер.
  3. Жаман мінездің қалыптасуы.

Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес. Мадақтау сөздерін пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады.

І тарау. Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және

бағалаудың маңызы, қызметі

І. 1. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары

Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейден бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизимнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.

1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды.

Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты.

Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.

Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды қорлардың болғанымен, бірақ тәжірибиеде мотивацияның жеткіліксіздігінен барлығы қолданылмайды.

Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі. Біріншіден , барлық мотивтердің белгісіздігі, балалардың әртүрлі жасы, әртүрлі индивидуальді ерекшеліктері оқуда қалыптасады. Жеке, сапалы, жаңа қарым-қатынастар, білім, дағды және әдеттер қызығушылықтың негізінде байқалады. Екіншіден, біздер өсіп жетіліп және педагог қызметін атқарғаннан кейін барып алғаш рет балалардың оқу мотивтері жөнінде ойлана бастаймыз, бала бақшадан шыққанымыздан соң барып балалардың тәртібі жөніндегі мотивтер, түпнұсқалар мен болжамдар туралы ойланамыз. Біздің берген болжамдарымыз бен ойларымыз дұрыс шығуына кепілдік бере алмаймыз. Біз негізінде балалардың бойында жоқ нәрсені бар деуіміз мүмкін және оларға ненің маңызды екеніне мән бермеуіміз де мүмкін, оқыту және тәрбиелеуде дәлеліміз дұрыс болуы да мүмкін. Үшіншіден, балалар арасында әртүрлі индивидуальді айырмашылықтар болады, бір балаға бір нәрсенің оған маңызды болуы, келесі балаға мүлдем қызықсыз болуы да мүмкін. Ең соңында төртіншіден, мотивацияның өзі, жинақталған мотивтің өзі де кейде бір жағдайға орай өзгермелі болады. Бұл себепке орай оқыту және тәрбиелеу негізінде жағдайдың бірі қызықты болып келесі біреуіне қолайсыз болады. Оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеті осы негізгі айтылған төрт мотивацияның өзгеру себебіне байланысты. Мотивацияның төмендеуіне жол бермей тәжірбие жүзінде тиімді шартты қолдана білуге үйрену.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе қызығуды қарастырсақта сайып келгенде мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді. Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкәрттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсаты- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.

Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол, әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының көре-тұра оны жазаламаудың да кесір - кесапаты аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.

Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер:

біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет.

екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.

үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.

төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез- құлқы, т. б) . ескертіліп отырылсын.

бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) формалар ұйымдастырылғаны абзал.

Баланың психологиялық дамуына мадақтау, жазалауда ынталандырудың рөлі барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал, жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялау да қажет. Оқыту және тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір - бірімен өзгеріп отыру керек. Егер оқу - тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім, дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі мақұлдау. Егер шәкірттің іс - әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, "Бәрекелді", "Дұрыс", "Жақсы", "Тамаша", "Мынауыңнан нәтиже шығады", т. б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Бірақта өзін төмен бағалау, баланың өзіне-өзі сенімсіздігі кезінде мадақтауды ынталандыру жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.

Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:

  1. Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
  2. Мақтау арқылы тәрбиелеушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
  3. Мадақтаудың қылық- ісіне сай болуы.
  4. Мадақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
  5. Мадақтаудың шыңдыққа негізделуі.

Осылайша тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.

Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалау - тәртіп пен іс - әрекетке қарсы келетін қылықтарға сөгіс айту, теріс бағалау дей келіп, жазалаудың мынадай түрлеріне тоқталайық.

  1. Қосымша тапсырма беру;
  2. Белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;
  3. Моральдық кемшілігін таныту.

Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шараттар:

  1. Жазаның ұжым тарапынан туындауы;
  2. Жазаның нақты болуы;
  3. Жазаның міндетті түрде орындалуы;
  4. Оқушының не үшін жазаланғанын түсінуі;
  5. Тәрбиелеушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;
  6. Жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;
  7. Жазаның қате қылықтары толық түсіну негізінде орындалуы;
  8. Жазаның өш алу құралы болмауы;
  9. Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;
  10. Балалардың дара псхологиясын біліп барып жазалау.

Баланың өз бетімен дамуына және жас деңгейінің өзгеруіне орай осы екі ара қатынаста бала наразылық білдіреді. Егер мұндай наразылық тудыру шектен тыс көп болған жағдайда баланың өз еркімен жіберген қателіктері болып бақылауға алынып тұрғанымен өз міні болса жазалауды қатаң түрде қолдану қажет. Көбіне наразылық тудыру баланың өз бетінше дамуына жеткіншек шақта байқалады. Себебі бұл кезде осы балаларға деген талаптар күшейеді, әрі шектен тыс қатал талаптар қойылады осының әсерінен олардың бойында наразылық тудыру, келіспеушіліктер дами береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру, бағалаудың инновациялық әдістері
Жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Бақылау жұмыстарының түрлері және оларды бағалау
Білім беру саласындағы маркетинг
Ағылшын тілі сабағында оқушының білімін бақылау және бағалау
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Бейінді оқытуды ұйымдастыру жолдары
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz