Бюджеттің білімге арналған шығындарының тиімділігін талдау


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы:
На тему: Бюджеттің білімге арналған шығындарының тиімділігін
талдау
Мамандығы 050509 «Қаржы»
Специальность 050509 «Финансы»
Орындады:
Выполнил : Магзумова Т. Р., ФК-41 б/в
Жетекші
Руководитель э. ғ. к . , Есмагулова Н. Д.
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой э. ғ. к., доцент Искендирова С. К.
Көкшетау 2010
Мазмұны
Кіріспе
1 Мемлекеттік бюджеттен білім саласына бөлінетін қаражаттарды талдаудың теориялық негіздері
1. 1 Бюджет және оның шығыстары туралы жалпы түсінік 6
1. 2 Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және қаржыландыру 13
1. 3 Білім жүйесіне қашықтан оқыту технологиясын енгізудің ерекшеліктері19
2 Білімге арналған бюджет шығыстарының тиімділігін талдау негіздері (Ақмола облысының білім беру басқармасы мысалында)
2. 1 Білім беру салысындағы даму көрсеткіштері 22
2. 2 Ақмола облысында білім саласын дамытуға бөлінетін қаражаттар және атқарылатын бағдарламалар 25
2. 3 Ақмола облысы бойынша білім саласына бөлінген бюджет шығыстарын талдау 38
3 Білімге арналған бюджет шығыстарының тиімділігін жетілдіру жолдары
3. 1 Бюджет шығыстарының білім саласына жұмсалу бағыттары 45
3. 2 Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы 51
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58
Қосымшалар
Кіріспе
ХХІ ғасыр - білім ғасыры болып табылады. Ғылым мен технологияның алға шығу уақыты болып табылады. Бүгінгі таңда білім саласына үлкен мән беріліп отыр. Соған орай мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан Республикасының халқына жолдауынан біз ең басты қарастырылатын мәселелердің бірі білім саласы екенін байқап отырмыз. Дамыған елу елдің қатарына кіру үшін Мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың білімін көтеру, арнайы кәсіптік және жоғары оқу орындарында сапалы білім беру. Жұмысшылардың кәсіби біліктіліктерін көтеру болып табылады.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастыққа қосылудың экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани бағыттарын түбірлі реформалар арқылы жүзеге асыруда. Әрбір адамға мемлекеттік деңгейде өмір сүруге кепілдік беретін азаматтық қоғам құру процесі жүруде. Өтпелі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуында болып жатқан реформалар қоғамның әртүрлі топтардың рольдері мен көзқарастарының өзгеруіне әкеліп соқты.
Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясында адам ресурстарын дамытуға, оның ішінде әлеуметтік мәселелерге айрықша көңіл бөлінген. Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін ұзақ мерзімді басымдық болып табылатыны - стратегиялық міндеттер қатарында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылдың 29 қаңтарынан «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты» деп атап көрсеткен. Сондықдан да қазіргі уақытта білім беру саласындағы елеулі өзгерістерге ұшырап жатыр.
Еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің және өнердің қосатын үлесі ұшан теңіз. Қазіргі таңда қоғам бәсекелестігіне төтеп беретін жан-жақты өнерлі, мәдениетті, жоғарғы білімді маман дайындау басты мәселеге айналып отыр.
Егемендігімізді алып, ел қатарлы еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп, білім сапасын көтеру мақсатына орай, заман талабы отандық білім беру жүйесін әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етіп отыр. Ондай дәрежеге жету үшін біздің еліміз жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып қана қоймай, әрқашан қатаң бәсекеге әзір тұрып оны өз мүддемізге пайдалана алатындай қабілетті болу қажет. Сондықтан да “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі мемелекеттік бағдарламасын ” іске асыру- бүгінгі күннің ең басты талабы.
Білім саласында мемлекеттік сатып алуларды қаржыландыру және өткізу атты тақырыбын зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.
Экономикалық дамуы нарықтық өзгертулер процесі арқылы дамитын елдердің негізгі және қиын әлеуметтік-экономикалық табандылығын және сенімділігін қамтамасыздандыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «100 мектеп» атты бағдарламасы жақсы іске асып жатыр. Көптеген жерлерде мектептер және мектепке дейінгі мекемелер ашылып жатыр. Бүгінгі күнде Республикамызда Білім саласы жақсы дамып жатыр деп айтуға болады. Сондықтан да біз бұл тақырыпты өзекті деп санаймыз.
Дипломдық жұмыстың тақырыптық зерттеу дәрежесі. Білім саласында мемлекеттік сатып алуларды қаржыландыру және өткізу есеп айырысу операцияларын зерттеу жалпы отандық білім қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім саласын қаржыландыру, шығындарын талдау, мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, төлемдік есептесудің тәртібі мен формаларын анықтайды. «Қазақстан-2030» стратегиясының өтпелі экономиканы реформалауды одан әрі тереңдету туралы тактикалық мақсаттары Қазақстан Республикасындағы банктік іскерлікті реформалау мен реттеудің процесін терең зерттеу мен талдау жөніндегі объективті қажеттіліктен туындады.
Дипломдық жұмысының мақсаттары: Мемлекеттік мекемелердің, солардың ішінде білім беру саласындағы мекемелерді қаржыландыру барысын зерттеу және дамуының бюджеттік қаржыландыруын қарастыру.
білім беру мекемелерін қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулардың қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер жүзеге асырылады:
- білім беру мекемелерін қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар рөлінің теориялық негіздерін зерттеу.
- білім беру мекемелерін қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар және олардың мінездемелеріне зерттеу жүргізуді іске асыру.
- Ақмола облысы бойынша білім беру мекемелерін қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар мониторинг жүргізіп, оларды жетілдірудің жолдары мен әдістерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі - білім беру мекемелерін қаржыландыру және шығындарын талдау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде Қазақстан Республикасының төмендегідей ақпарат көздері пайдаланылды: ҚР заңдары, нормативтік және құқықтық актілер, ғылыми әдебиеттер, жылдық есептер, статистикалық мәліметтер, жоспарлар және басқа да құжаттар, оқулықтар және көмекші оқу құралдары.
Жұмысты жазу барысында экономикалық талдау, салыстыру және т. б. әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Негізгі бөлімде білім беру жүйесіндегі объектілерде қаржыландыру және мемлекетітк сатып алуларды өткізу қарастырылған.
1 Мемлекеттік бюджеттен білім саласына бөлінетін қаражаттарды талдаудың теориялық негіздері
1. 1 Бюджет және оның шығыстары туралы жалпы түсінік
Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір - бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым - қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым - қатынастардың жалпы белгісі, біріншіден олар мемлкеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналаған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым - қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4- бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым - қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болса да мазмұндары біріңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық - экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория дәл дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым - қатынаста жатыр
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктерден қалыптасады деп айтуға болады:
- ол өз алдына жеке бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша - қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы) ;
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол барлық бюджеттік қарым - қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Экономикалық теория тұрғысынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрлымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік - экономикалық құрлысын, мемлекеттік құрлымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрлымы, жалпы елдің мемлекеттік құрлымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:
- республикалық (мемлекеттік) бюджет
- жергілікті бюджет [4]
Қазақстан Республикасында бюджеттің бірінші деңгейі болып республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті - экономикалық дамуының басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты ынталандыруға мүмкіншілік туады. Ақша ресурстарын орталықтандыру мемлекет тарапынан жылдан жылға ұлғаятын әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, мемлекеттік займдар бойынша пайыздар төлеу мен мемлекеттік борышты өтеуге, қорғаныс қабілеттілігі мен қоғамдық тәртіпті бекініс ету мен мемлекеттік басқару аппаратын ұстау және басқа да шығындарды өтеуге мүмкіндік береді.
Айтылғандай, анықтама бойынша республикалық бюджет өз алдында Бюджетті кодексте бекітілген салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасатын орталықтандырылған ақша қорын құрайды. Ол орталық мемлекеттік органдар мен оларға жататын мемлекеттік функцияларын орындау мен мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған. Республиклық бюджет, қаржы ресурстар терімшілдіктің негізгі құралы болғандықтан, мемлекеттік билікке өз уәкіліктігін шынайы іске асыруға, экономиканы, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыруға, ал бастысы - әлеуметтік саясатты орындауға мүмкіншілік береді.
Республикалық бюджеттің мазмұны оның құрамындағы ерекше экономикалық формалар болуымен шарттанады, яғни кірістер (түсімдер) және шығындар. Осы формалар арқылы ақша құралдарының орталықтырылған қорын қалыптастыру мен пайдаллануы іске асырылады. Кірістер мен шығындардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік - экономикалық шартта жүргізіп жатқан орта мерзімді фискалдық саясатты іске асыру бағыттарына сәйкес. Кірістерді қалыптастыру мен бюджеттік құралдарды жұмсау формалары мен әдістері де осыған сәйкес болуы тиіс.
Қазіргі кездегі экономиканың дамуына байланысты мемлекеттік бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге маңызды әсерін тигізеді.
Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті әкімшілік - аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік бойынша биліктің жергілікті органдары өз функцияларын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақша - қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының құрылымы республикалық бюджеттікіндей Бюджеттік кодекс ережелерімен анықталған, бірақ әлдебір ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктері әрбір мемлекеттік басқару деңгейі бойынша өздерінің өкілеттіктерін іске асыру мақсатта тұрақты кірістік қайнар көздерді бекіту мен билік құрылымдардың өкілеттіліктерін шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге сәйкес бюджет деңгейлері арасында шығындарды бөлумен шарттасады. Шығындық өкілеттілікті бөлудің жүйелігін қамтамасыз ету мақсатта басқару деңгейлері бойынша мемлекеттік органдардың белгілі функциялар орындау құзіреттері анықталып оларға шығындық өкілеттілік бекітіледі. [5]
Мемлекеттік қаржының негізгі бөлігі бұл мемлекеттік бюджетке тиесілі. Сондай - ақ, мемлекеттік қаржының мәні негізінен мемлекеттік бюджет арқылы анықталады.
Мемлекеттік бюджет - қоғамның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған және осы мақсатты шараларға жұмсалатын мемлекеттің ақша қоры. Сонымен қатар, бюджеттегі қаржылық ресурстрадың шоғырлануы мемлекеттің қаржылық саясатты жүзеге асыру үшін қажет.
Мемлекеттік бюджет, ең бастысы мемлекеттің жоспары. Ал, мемлекеттік жоспар, бір жылға да, бірнеше жылға да қарастыруы мүмкін. Бірқатар елдерде мемлекеттік бюджет ағымдық табыстар мен шығындардан және орта - ұзақ мерзімді бюджеттен құралады. Мұнда бюджет түсінігіне мерзім бойынша шектеу жоқ. Белгілі бір міндетті аударымдар арқылы қалыптасқан орта немесе ұзақ мерзімдегі мақсаттарға жинақталатын, қаржыландыратын қорды бюджет деп атайды.
ҚР бюджеттік кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі - бұл Қазақстан Республикасы бюджеттердің және Ұлттық қордың, бюджеттік процестер мен бюджетаралық қарым - қатынастардың жиынтығы ретінде танылады.
Мемлекеттік бюджет келесідей бөлімдерден тұрады:
- табыстар (салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, ресми трансферттер) ;
- шығыстар;
- операциондық қалдық;
- таза бюджеттік несиелеу (бюджеттік несиелер, бюджеттік несиелерді өтеу) ;
- бюджет тапшылығы немесе артықшылығы;
- бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе бюджет артықшылығын қолдану (қарыздық ресурстардың түсімі, қарызды өтеу, бюджет қаражаттар қалдығының қозғалысы) . [6]
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан, бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторды есептеу қажет:
- Басқару органдар арасындағы функцияларды шектеу;
- мемлекеттердің бағынушылығы;
- мекемелердің іс - әрекет шекарасы;
- шығыстарды тиісті бюджетке апару.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
- тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы;
- ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;
- өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;
- көлік және коммуникация;
- басқа да бағыттар.
Мемлекеттік білім беру - мемлекеттік құратын және ішінара мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылған ұйым. [7, 147 бет]
Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған «Білім беру туралы» Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-экономикалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етеді. Қазақстан Републикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта және алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджетік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру арқылы іске асырылады. [2, 160 бет]
Жоғары оқу орнының қаржылары әр түрлі экономикалық қатынастарды құру туралы, пайда болу көздері арқылы жоғары оқу орындарының ақша қаражаттарының децентрализденген қорлары үшін олардың өз қызметтерін дамыту мен жүзеге асыру мақсаттарында қолданылады. [8, 107 бет]
Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін анықтайды, азаматтардың білім алу құқын қамтамасыз етеді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып келесілер табылады:
- барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
- әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
- білім берудің діннен тыс сипаты;
- тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
- білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлестілігі;
- білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
- білім берк, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
- оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен арақатынсата болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын көрсетіледі. [2, 161 бет]
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ол ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым және тәжірибе жетістіктеріне негізделіп, тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби жаралуына бағытталған білім алу үшін қажетті шарттар жасау. Оның басымды мақсаттары болып келесілер табылады:
- білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
- тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, өнегелік пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негізін қалыптастыру;
- азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздер құрметтеуді, халық дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-қайсы қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
- тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді сезімді қатынасын және республиканың қоғамдық-саяси, экномикалық және мәдениеттік өміріне қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
- әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру қазақ және республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
- білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- оқутыдың жаңа технологияларын енгізу мен білім беруді ақпараттандыру;
- еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта дайындау;
- әр-түрлі және көпфункционалды білім беру мекемелердің тиімді дамуына жәрдем беру.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру бағдарламалардың сипатына байланысты олардың 2 түрі - жалпы білім беру (негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар іске асырылып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz