БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 5

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ МЕН

ДАМУ ТАРИХЫ 8

1. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымының бір саласы - халықаралық ұйым құқығы 8

1. 2 Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты 10

1. 3 Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы

бейнесі - Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты 17

2 БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ

ҚҰРЫЛЫМЫ 25

2. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы, БҰҰ-ның

мақсат-міндеттері, қағидалары, оған мүшелікке өту мәселелері 25

2. 2 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы 29

2. 3 Қазақстан Республикасы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі 41

3. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ 46

3. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 46

3. 2 Қазақстанның - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық

ұйымындағы төрағалығы 50

ҚОРЫТЫНДЫ 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ:

АХАЖ -Азаматтық хал актілерін жазатын бөлім

АҚШ - Америка Құрама Штаты

АІЖК - Азаматтық іс жүргізу кодексі

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ГАЕ - Герман азаматтық ережелері

КСРО - Кеңестік Социалистік Республика Одағы

ҚР ҚК- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

МКАС - Мәскеу коммерциялық арбитраж соты

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттердің достастығы

ҚР АК - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

ҰОБ - Ұлттық Орталық Бюро

ХҚПК - Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия

ХҚҚ - халықаралық қылмыстық құқық

ХЖҚ- халықаралық жария құқық

Инкотермс - шетелдік коммерциялық терминдер

ЮНИДРУА-Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық институт

ЮНСИТРАЛ-Халықаралық сауда құқығы жөніндегі БҰҰ-ның комиссиясы

КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптерi мен нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тартады. [1]

Қазақстан Республикасының әмбебап халықаралық ұйымға мүше болуы, тәуелсіз мемлекеттің сыртқы саясатындағы тарихи оқиғаның бірі. КСРО құрамына кіретін одақтас республика болған Қазақстан халықаралық құқық субьектілігін жанама түрде ғана жүзеге асыратын. Соған орай, мемлекет Халықаралық бірлестік алдында тұрған проблемаларды шешуге өз ыңғайымен келе алмады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" атты кітабында: "Дүние жүзі қоғамдастығына ену саясатын нарықтық жүйенің үш басты орталығы - АҚШ, Жапония және Батыс Еуропамен серіктестік мүмкіндігін тиісті бағалай отырып құру қажет және нақ осылардың дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтудің қозғаушы күші болғанын есте сақтаған жөн. Олармен өзара іс-қимыл сондай-ақ халықаралық қаржы және басқа институттарына жол ашады, ал олардың рөлі дүние жүзінде айтарлықтай өсті. Халықаралық ұйымдар-Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіл дүниежүзілік банкі, тарифтер мен сауда жөніндегі Бас Келісім, Халықаралық даму және қайта құру банк және басқаларымен көпжақты ынтымақтастық пен тиімді қатысуды біз өз қоғамымыздың ашықтығына деген бағыттың, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытының қисынды жалғасы ретінде қараймыз" деп атап өткен болатын.

Қазақстанның БҰҰ құрамына кіруінің үлкен саяси маңызы бар, себебі ол біздің мемлекетіміздің дербестігі мен тәуелсіздігін барлық халықаралық бірлестіктің тануын білдіреді. Қазақстан Республикасы халықаралық бірлестікке интеграцияланып, басқа мемлекеттердің арасында өзінің лайықты орнын таба білді. Қазақстан Республикасына мемлекеттің саяси тұрақтылығы, елдің геосаяси артықшылығы, өзіне жүктелген халықаралық міндеттемелерді орындауы осы заманғы халықаралық құқықтың негізін қалаған қағидалар мен нормаларды құрметтеуі халықаралық бірлестік тарапынан оң көзқарасты қамтамасыз етуі талас тудырмас. Қазақстан Республикасы Президентінің Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі және аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шаралар туралы бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдауға ие болды. БҰҰ Бас Ассамслеясының 47-сессиясында алғаш рет қозғалған Азиядағы әрекеттестік және сенім шаралары туралы Кеңесті шақырту идеясы әмбебап халықарлық ұйымның мақсаттары мен қағидаларына толықтай үйлеседі.

Зерттеудің мақсаты: Біріккен Ұлттар Ұйымының әдістемесінің теориялық алғышартын талдау. Көпшілікке аян болып отырғандай Бүгінгі күннің ірі саяси халықаралық ұйымы болып табылатын БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыс барысында басқыншылық пен фашизм күштерін күйрету нәтижесінде пайда болды. Антигитлерлік одақ державаларымен соғыс жылдарында БҰҰ-ны құруға дайындық жүріп жатты және ол соғыстан кейінгі кезеңдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы аса маңызды шаралардың бірі болатын.

Сондықтан осы жұмыстың мақсаты- негізгі мәселелердің Біріккен Ұлттар Ұйымының ұғымын анықтау болып табылатынын көрсету.

Мақсаттына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:

- халықаралық ұйымдардың құқық ұғымы мен даму тарихын зерттеу;

- біріккен ұлттар ұйымының механизмі және құрылымын жүргізу;

- біріккен ұлттар ұйымының әмбебап құрылымдарын қарастыру;

Зерттеу объектісі бүгінгі күннің ірі саяси халықаралық ұйымы болып табылатын БҰҰ екінші дүниежүзілік соғыс барысында басқыншылық пен фашизм күштерін күйрету нәтижесінде пайда болды. Антигитлерлік одақ державаларымен соғыс жылдарында БҰҰ-ны құруға дайындық жүріп жатты және ол соғыстан кейінгі кезеңдегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы аса маңызды шаралардың бірі болатын. Әлем халықтары Ұлттар Лигасы ыдырағаннан кейінгі салдардың залалын бастан кешіп жатқан кезеңде БҰҰ құрылды (негізінде Ұлттар Лигасы 1940 жылы-ақ өз әрекетін тоқтатқан еді, ал қағаз жүзінде 1946 жылы ыдырады) .

Ұлттар Лигасының екінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға шамасы келмеді, сөйтіп ұйым ретінде алдына қойған басты мақсаты халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады. Сол кездері Ұлттар Лигасындай кемшіліктері жоқ, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алатын жаңа халықаралық ұйым құру қажеттігі сезіле бастады.

Зерттеу пәні: Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің қызмет ету кезеңінде бірінші орындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемаларына назарын жете аударып келеді. БҰҰ-ның бейбітшілік операциялары бейбітшілік туралы келісімдерді орындауға көмектеседі, қол жеткізілген татуластықты, әскери әрекеттердің тоқтатылуына көмектеседі. БҰҰ-ның өз армиясы жоқ. Бітімгершілік миссияларын жүргізу үшін оған мүше-мемлекеттер ерікті негізде әскер мен жасақ береді. Арнайы бітімгершілік бюджетінен оларға белгілі бір өтемақылар төленеді. Бітімгершілік миссияларын Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері құрайды және айқындайды. БҰҰ-ның барлық мүше-мемлекеттері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау тәуекелін бөліседі.

Ғылыми жаңалығы: Халықаралық ынтымақтастық аясы кеңейген сайын объектілер аумағы да кеңейе береді. Мысалы, Қазіргі заманғы спутниктік байланыс құқығы атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану, құрлық ішіндегі мемлекеттердің мәртебесі жаңа объектілер жүйесін қалыптастырады.

Халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтан құқықтық нормаларды қамтамасыз ету әдістеріне қарай ерекшеленеді. Құқық субъектілерінің еріктерін келістіру мен халықаралық құқықтық мәжбүрлеуді де қолданады. Ол ұжымдық сипатта да, жеке сипатта да болуы мүмкін.

Халықаралық құқық нормасы мемлекеттер арасындағы келісім процесінде орнай бастайды. Басқаша айтқанда, халықаралық құқық құқықтың барлық басқа салалары мен жүйелерінен "келісімді сипатының" болуы арқылы ерекшеленеді. Осындай қысқаша сипаттамамен халықаралық құқықтың негізгі ерекшелігін аз да болса нақтырақ көрсетіп беруге болады.

Зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибелік фактілер: Бұл жұмысты зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды. Соның ішінде М. А. Сарсембаев, Панов В. П. еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар нормативтік құқықтық актілер мен тәжірибелік жұмыстар қолданыла отырып, ҚР Президенті мен Үкіметінің акт жинақтарын қолдандым.

Практикалық маңыздылығы: дипломдық зерттеу нәтижелері халықаралық ғылым саласындағы халықаралық құқықтық зерттеуде, ғылыми мақсатта және оқытушылық мақсатта қолдануы мүмкін.

Зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде халықаралық ұйымдардың құқық ұғымы мен даму тарихы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бір саласы - халықаралық ұйым құқығы, Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты, Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі - Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты қарастырылады.

Екінші Біріккен Ұлттар Ұйымының механизмі және құрылымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы, БҰҰ-ның мақсат-міндеттері, қағидалары, оған мүшелікке өту мәселелері, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы, Қазақстан Республикасы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне талдау жасалынады.

Үшінші бөлімде Біріккен Ұлттар Ұйымының әмбебап құрылымдары, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясы, Қазақстанның - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы көрсетіледі.

Соңында қорытынды жасалып, қолданылған әдебиеттердің тізімі берілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымының бір саласы - халықаралық ұйым құқығы

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатқызылады. Олар мемлекетпен бірге доктриналық, сондай-ақ конвенциялық тәртіпте халықаралық құқықтың субъектілері болып есептеледі. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдасуының ең бір күрделі проблемасын - мемлекеттік тәуелсіздік пен үкіметаралық ұйымдардың құзыретіндегі мемлекеттен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.

Мемлекеттің тәуелсіздік проблемалары мемлекеттің және халықаралық ұйымдар құзыреттерінің арақатынасындағы мәселелермен айқындалады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзыретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша түсіндіріледі. Халықаралық ұйымдар мемлекеттердің бірлескен ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше-мемлекеттердің еркін білдіруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзыреттеріне, уәкілеттіктеріне, органдарының құрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарына тікелей тәуелді болып келеді.

Ұйым Жарғысының заңды күшіне енуі белгілі бір құқықтық салдарды қамтамасыз етеді. Мәселең халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен аңықталады.

Дегенмен халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъктілеріне тән маңызды ерекшелігіне - мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін - дербестігін қорғап, күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет кез келген халықаралық ұйымға кірген кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік - бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзыреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдардың жарғыларында бір белгі - құзыреттер бойынша ғана шектеу қойылады (Халықаралық Даму және қайта құру Банкінде, Халықаралық Валюта Қорында - бұл экономикалық мәселелер, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелері) .

Халықаралық Ұйым - халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен жағдайлар жүйесі болады. Олар мынадай:

• шаруашылық қызметін интернационалдау;

• ғылыми-техникалық процесс;

• осы заманғы маңызды проблемалардын ғаламдық сипаты. Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық нысанының біреуі болып табылады. Осы заманғы ғаламдық проблемаларды қарастыру халықаралық ұйымдардың қызметінде бара-бара өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеуде айтарлықтай рөл атқаратыны жалпыға мәлім.

XIX ғ. ортасында қоғам дамуының табиғи қажеттіліктері тұрақты әрекет ететін, халықаралық әкімшілік одақ деп аталатын халықаралық ұйымдардың пайда болуына себеп болды. Халықаралық ұйымдардың қазіргі дәуірдегі дамуының кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық құрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі, отарлық жүйенің күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдін интернационалдануы, сондай-ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.

Халықаралық ұйымдар құрылуының объективті негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық қатынастарға құқықтық реттеудің тұтас шегінде, халықаралық ұйым аясында құқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес. Халықаралық ұйым құқықтарын халықаралық құқықтық дербес саласы ретінде бөліп шығару мәселесінде олар белгілі бір рөл атқарады. [2]

Халықаралық ұйымдардың құқығы күрделі нормативтік құрылымға ие. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары, jus cogens қағидаларына бейбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттердің тең құқықтылығы және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың құқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың көпшілігі БҰҰ жарғысындағы 2-баптың мазмұнына сәйкес келеді. Онда нақты халықаралық ұйым қызметінің қағидалары айқындалған. Көпке дейін халықаралық шарттар құқықтарының теориясында 2 түрлі тенденция өмір сүріп келді:

• халықаралық ұйым құқықтарының мәліметтері; бұл тұжырымдаманың жақтастарының көзқарасы бойынша БҰҰ-ның төтенше құқықтарына жалпы халықаралық құқықтан бөлек әрекет ететін жаңа құқық кіреді;

• халықаралық ұйымдар құықтарының ұғымы, БҰҰ-ның құқықтары деген ұғымнан әлдеқайда кең, сондай-ақ осы құқықтың жалпы халықаралық құқықтан бөлінуін және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар әрекет ету мүмкіндігін мойындау.

Байқап отырғанымыздай, бұл тұжырымдаманың екеуін де қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.

Халықаралық ұйымдар құқығы - халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Көп жағдайларда халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық-құқықтық жүйенің ішкі құрылымының проблемалары шешілмеген, оның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орны әлі айқындалмаған. XIX ғ. ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайда болғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келді. Кейінірек, халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде халықаралық қатынастар пайда болды, олар:

• мемлекеттердің халықаралық ұйым мүшелері есебінде өзара байланыстары;

• мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қатынасы;

• халықаралық ұйым органдарының өзара қатынастары;

• ұйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың байланыстары.

Жоғарыда аталғандардан басқа, ұйымдардың өзара арақатынастары да пайда болады. Сонымен, жаңа халықаралық қатынастардың пайда болуы оларды халықаралық құқықтың нормалары арқылы реттеу қажеттілігін негіздеп берді.

Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің арнаулы бір пәні пайда болды, ол халықаралық ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынастар. Халықаралық ұйымдардың қызмет ету процесінде нормативтік база құрылады. Халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар көлемінің артуы халықаралық ұйымдарда шарт құқығының қалыптасқанын көрсетеді.

Құқық ғылымында құқықтың салалануының өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу тәсілдерінің рөлі жөнінде бірнеше көзқарастар өмір сүріп келеді. Бұдан сала жүйелерінің ішкі құрылымын айқындау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Халықаралық-құқықтық реттеу әдістерінін мазмұнын қарастыра отырып, біз бұл әдістің құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдік жағдайында, міндеттемелерді ерікті түрде қабылдауы және құқықтарды күштеу элементтерінсіз, тараптардың келісуі жолымен құқықтарының орнатылуымен сипатталатынынан көреміз. [3]

Халықаралық ұйымдардың жұмыс істеуі, олардың органдарының әр түрлі қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіп орнатуға негізделеді. Халықаралық құқық жүйесінде халықаралық ұйымдардың құқықтарынан тыс бірде-бір салада құқықтық реттеу әдістерінің мұндай ерекшелігі жоқ екенін ескерсек, бұл саланың дербес сала жағдайында тұрғанын атап айтуға болады.

1. 2 Халықаралық ұйымдар ұғымы және құқықтық табиғаты

Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың туынды субъектісі болғандықтан, мемлекеттің әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді, осы заманғы ғаламдық проблемаларды шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілігін алуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық, жүйелеушілік және бақылау қызметтерін жүзеге асырады. Аталған қызметтерді жүзеге асыру халықаралық ұйым қызметтерін халықаралық-құқықтық реттеу тетігіне ықпал етуді қамтамасыз етеді.

Халықаралық ұйымдар нормашығарушылық процеске қатыса отырып, халықаралық-құқықтық санкцияларды пайдаланады. Ол халықаралық құқықтың туынды субъектілерінің құқықты пайдалану процесіндегі рөлінің күшейгенін көрсетеді.

Халықаралық ұйымдардың даму процесі ішкі ұйымдастыру тетігінің дамығынын және жақсарғанын қуаттайды. Сөйтіп, халықаралық ұйым өзінің заңдық табиғаты бойынша мемлекеттің ынтымақтастық органы болып табылатындықтан, ұйымның қызметін өз мақсаттары үшін кейбір белгілерін жетілдіре отырып пайдаланады. Бұған мысал ретінде халықаралық ұйымдардағы дауыс беру рәсімінің эволюциялық дамуын айтуға болады. Мәселен, Ұлттар Лигасына мүше мемлекеттер БҰҰ жүйесінде бірауыздан шешім қабылдау қағидасынан дауыстың көпшілігіне қарай ойысты, ал кейінірек халықаралық ұйымдарда дауыс беру тәртібінің консенсус сияқты кеңінен таралған түрі қолданыла бастады. Консенсус - шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ үйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы тән.

Ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттердің нысандары мен әдістері бара-бара түрленіп, белсенді болып келеді. Халықаралық ұйым құқығы саласының нормативтік базасы кеңеюде. Халықаралық ұйым халықаралық құқықтың субъектісі болғандықтан, құқықтық нормалар шығарады. Бұл ұйымның бірінші нормашығарушылық қызметі болып табылады. Ал, екінші түріне квазинормашығарушылық қызметі жатады. Бұл жағдайда халықаралық ұйым құқықтық норма шығармайды, алайда нормашығарушылық қызметті:

• халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар;

• халықаралық ұйымдардың нормашығарушылық процесіне тікелей қатысуы;

• халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыруы;

• халықаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы арқылы қамтамасыз етеді.

• Халықаралық ұйымдардын қатысуымен жасалатын шарттар.

Қазіргі таңда, халықаралық ұйымдардың шарттық тәжірибесі қалыптастырған нормалар саны өсіп келе жатқаны байқалады. Осындай жағдайда мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері бола отырып, халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің шарттық тәжірибелерінің маңызы артып келе жатқанын ескермеуі мүмкін емес. Халықаралық құқық комиссиясы 12 жыл (1970-1982 жж. ) көлемінде мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқықтары туралы конвенцияның жобасын дайындады. Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Конвенцияда "Халықаралық ұйымдардың шарт жасаудағы құқық қабілеттілігін" айқындайтын бап бар. [4]

Конвенциялық нормаға сәйкес, бұл құқық қабілеттілік осы ұйымның тиісті ережелерімен реттеледі.

♦ Халықаралық ұйымдардың нормашығарушылық пропеске тікелей қатысуы.

БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғыларындағы тиісті баптарды сараптағанда, аталған мамандандырылған мекемелердің халықаралық конвенциялардың, келісімдердің және регламенттердің жобаларын қабылдау құқығына ие екенін білуге болады. Мұндай норма шығару процесінің мақсаты - олардың тиісті құзыреттері аясында тиімді халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету. Бұған екі түрлі жолмен қол жеткізуге болады: көп тарапты конвенциялар мәтінінің халықаралық ұйымдардың аясында және бақылауында қабылдануы, сондай-ақ халықаралық әкімшілік және техникалық регламенттерді қабылдау.

♦ Халықаралық ұйымдардын жүйелеу және бакылау қызметтерін жүзеге асыруы.

БҰҰ жарғысының Кіріспесінде ұйымдардың басты міндеттерінің бірі "шарттар және халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздерінен туындайтын міндеттерді әділ бағалау және құрметтеу сақталуы үшін жағдай жасау" керектігі бекітілген. Халықаралық ұйымдардың жүйелеу және бақылау қызметтері осы міндеттерді орындауға бағытталады.

♦ Халыкаралық-құқықтық санкцияларды қолдану жолы. Соңғы кездері халықаралық құқық нормаларын сақтауды мәжбүрлеп қамтамасыз етуде халықаралық ұйымдардың рөлі өсіп келеді. Халықаралық ұйымдардың мұндай санкциялары шарттың құрылтай құжаттарының нормаларында, олардың органдарының қаулыларында болуы мүмкін. Санкцияларды қолдануды құқықтық мәжбүрлеудің әр түрлі шаралары қамтамасыз етеді. Мысалы, көбірек қолданылатыны мыналар:

1. Халықаралық ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілген құқықтар мен артықшылықтарды тоқтату;

2. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің органдарының жұмысына қатысудан, халықаралық ұйымның қатысуымен жасалатын шарттардың арнайы мәселелері бойынша ынтымақтастықтан шығарып тастау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы. Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы
Адам құқығын қорғау
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі еңбек көші-қонының құқықтық механизмдері
ТАРАУ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның қызметі
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz