КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ ( ҚАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР, ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР АКТИВТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .10
1.1 Банк активтері: түсініктері, түрлері,
классификациялары ... ... ... ... .. ... ... 10
2. Активтерді басқару
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 18
1.3 Активтерді басқару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .23
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ (ҚАЗКОММЕРЦБАНК АҚ
МЫСАЛЫНДА) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 29
2.1 Қазкоммерцбанк АҚ экономикалық көрсеткіштерін талдау
... ... ... ... 29
2.2 Банк активтерінің құрылымы мен динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... 3 6
2.3 Коммерциялық банк активтерінің сапасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...46
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ САУАТТЫ БАСҚАРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..63
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .65

АҢДАТПА

Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің
активтерін басқарудың мәні мен маңызын зерттеуге арналған.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, маңыздылығы, мақсаты мен
міндеттері, дипломдық жұмыстың тақырыбы сондай-ақ әдістемелік негіздері
бейнеленген.
Бірінші бөлімде коммерциялық банк активтерін басқарудың теориялық
көріністері қарастырылған.
Екінші бөлімде банктің қаржылық қызметі мен экономикалық
көрсеткіштеріне талдау жүргізілген. Осы бөлімде Қазақстан Республикасы
коммерциялық банктерінің активтер құрылымы мен динамикасының талданулары
бейнеленеді.
Үшінші бөлімде банк активтері мен пассивтерін сауатты басқару
Қазақстан банктері үшін өзекті болып табылатыны, сонымен қатар қазақстандық
банктердің активтер сапасының өтімділіктің жетіспеушілігімен байланысты
қиындықтарға төтеп беруі анықталады.
Зерттеу нәтижелері қорытындыда жалпыланған.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

АЖО – автоматтандырылған жұмыс орындары
АҚ – акционерлік қоғам
АПБ – активтер мен пассивтерді басқару
АПБК – активтер мен пассивтерді басқару комитеті
БОК – банктің операциялық күні
ЕДБ – екінші деңгейлі банктер
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҰБ – Ұлттық банк
ШОБ – шағын және орта бизнес
ЭЕМ – электр есептеуіш машина

АННОТАЦИЯ

Дипломная работа разработана в целях исследования функций и
значении управления активами коммерческих банков Республики Казахстан.
Во введении обосновывается актуальность исследования,
рассматриваются степень разработанности темы, цель и задачи работы, предмет
дипломного исследования, а также методологическая основа.
В первой главе рассматриваются теоретические основы управления
активами коммерческих банков.
Вторая глава является практической, содержит анализ экономических
показателей АО Казкоммерцбанк. В ней рассматривается анализ структуры и
динамики коммерческих банков.
Третья глава содержит в себе проблемы управления активами
коммерческих банков, также рассматриваются некоторые предложения
граммотного управления активами .
В заключении приводятся основные выводы дипломного исследования.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Банк активтерін сауатты басқару
қажеттілігі туралы шетелдік Дж. Синки мен Питер Роуздың еңбектеріне
қызығушылықтар ұсынылады.
Активтерді басқаруда тиянақты талдау мен несиенің қайтарылуының
сенімділігін басқару өте маңызды мәнге ие. Сондай- ақ несиеден келетін
залалды жабу үшін резервті құруға тоқтамды назар аударған жөн.Оның көлемі
өтемпаздық активтердің несиелік қарызына кері әсерін жоюға мүмкіндік
береді.
Банктер – негізінде іскерлік серіктестік басталатын және
аяқталатын орталықтар. Банктердің сауатты қызмет етуінен экономиканың
саулылығы тәуелді болады. Коммерциялық негізде әрекет етуші банктердің
дамыған тармағынсыз нақты әрі тиімді нарықты механизмді құруға талпыныс тек
игілікті қалау ғана болып қалады.
Коммерциялық банктер – төлеу және қайтару шартымен ақшалай
құралдарды тарту және орналастыруды, сонымен қатар, басқа да көптеген
банктік операцияларды жүзеге асыру үшін жасалатын әмбебап несиелік
мекемелер.
Активтер мен пассивтердің банктік қоржыны – бұл жоғары пайда мен
тәуекелдің жарамды деңгейіне қол жеткізу үшін қолданылатын біріңғай бүтін
болып саналады.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Екінші деңгейлі банктердің
активтерін басқару мақсаты – меншікті және тартылған қаржыларды тиімді
орналастыру негізінде банктің ең үлкен пайда алуына қол жеткізу.
Активтер мен пассивтерді бірлесе басқару банкке депозиттері
мен заемдарын кезеңді тербелістер мен іскерлік белсенділіктің циклдері
тербелістерінің әсер етуінен қорғау үшін ықпал жасайды, сонымен қатар банк
мақсатын реализациялауына жағдай жасайтын активтер қоржынын құруға
қаражаттар беруге себепші болады. Активтер мен пассивтерді басқарудың мәні
баланс құрылымын оның стратегиясымен сай келуіне әкелетін шаралардың жүзеге
асуы мен тактиканың қалыптасуында.
Банк активтерін басқару – бұл жеке және тартылған қаражаттарды
орналастырудың жолдары мен реті, яғни, ол қолма-қол ақшаларға,
инвестицияларға, ссудалар мен басқа да активтерге орналастыру. Қаражаттарды
орналастыру кезінде ерекше назар ссудалық операциялар мен бағалы қағаздарға
инвестициялауға аударылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің
активтерін басқару мен талдаудың мәні мен маңызын теориялық түрде зерттеу.

Жұмыстың мақсатынан шығар кезде келесідей міндеттер қойылды:
- коммерциялық банктер активтерінің мәні мен маңызын анықтау;
- банк активтерінің құрылымын анықтау;
- Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің активтер талдауының
негізгі аспектілерін оқып білу;
- Қазақстан банктерінің активтер сапасының проблемаларын анықтау;
- банк активтерін сауатты басқаруды оқып білу.
Зерттеу тақырыбы болып, төлеу және қайтару шартымен ақшалай
құралдарды тарту және орналастыруды, сонымен қатар, басқа да көптеген
банктік операцияларды жүзеге асыру үшін жасалатын әмбебап несиелік
мекемелердің активтерін басқару табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан
Республикасының нұсқамалары, шетелдік экономисттердің еңбектері және
Қазкоммерцбанк АҚ мағлұматтары мен баспасөз баптары, статистикалық
берілгендер алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен,
қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР АКТИВТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банк активтері: түсініктері, түрлері, классификациялары

Банк активтерін басқару мақсаты – меншікті және тартылған
қаржыларды тиімді орналастыру негізінде банктің ең үлкен пайда алуына қол
жеткізу.
Активтерді басқару сапасы тікелей бірнеше көрсеткіштерге ықпал
жасайды:
- өтемпаздығы;
- пайдалылығы;
- сенімділігі;
- банктің тұрақтылығы.
Банктің активтерін басқару кезінде мынадай негізгі қағидалармен
жетекшілік жасалады:
- банк активтерінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету;
- әртараптандыру (актив операциясын кеңейту);
- тәуекелділікті анықтау және резервті құру;
- активтердің тұрақты табысын қамтамасыз ету.
Банк активтерінің құрылымы баланстағы активтердің әр түрлі
баптарының сапасына қатынасы ретінде көрінеді. Ал, активтердің құрылымы мен
сапасы олардың өтемпаздығынан көрінеді.
Банктің өтемпаз активтерін банк міндеттемелерін жабу үшін тез
пайдалануға болады.
Өтемпаз активтерге жататындар:
- кассадағы қолма-қол ақша;
- Ұлттық банктегі, шетел банктеріндегі корреспонденттік
шоттардағы қаржы қорларының қалдығы;
- банкпен сатылып алынған мемлекеттік займдар, Ұлттық банктің
бағалы қағаздары.
Көрсетілген активтердің өтемпаздығы тұрғысынан қарастырамыз [1].
Қаржылық қор белгілі болғандай, сөзсіз өтемпаз, сондықтан оларды
кез келген уақытта банк міндеттемесін жабу үшін пайдалануға болады.
Корреспонденттік шоттардағы қаржылардың қалдығы оларда өтемпаз болып
саналады және олар өтемпаздық ресурстарының қоры болып табылады.
Корреспонденттік шоттарда қаржы үнемі өзгеріп отырады, сондықтан,
банк ағымдағы шоттардағы өз міндеттемелерін орындау үшін оның көлемі жетуі
өте маңызды. Осы мақсатта корреспонденттік шоттың және оның тиімді
басқарылуының жағдайын тұрақты бақылау жүргізіледі. Егер корреспонденттік
шотта қаржы жетпей қалған шақта, банк банкаралық қарыз бен қаржы нарығының
жедеғабыл депозитін алуы мүмкін.
Келесі өтемпаз активтер – мемлекет шығарған немесе муниципалдық
бағалы қағаздар. Дамыған елдерде мемлекет кепілдік беретіндіктен, үкіметтік
қарыздық міндеттемелер жоғары өтемпаз болып саналады, оларда тәуекелділік
өте аз.
Бірақ бағалы қағаздар нарығы жеткілікті дамымағандықтан белгілі
бір дәрежеде оларды өткізуде қиындықтар мол болғандықтан, өтемпаздығы
төмендейді.
Соған қарамастан мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздарды
тез өткізілетін активтерге жатқызуға болады, сондықтан олар көп жағдайда
өтемпаз бола алады.
Экономиканы реформалау және оның дағдарыстан шығуы банк активтері
мен бағалы қағаздардың үлесінің молаюына көмектеседі.
Өтемпаз активтерге банкпен 30 күн мерзімге берілетін қысқа
мерзімді несиелерді жатқызуға болады. Бірақ мұндай жағдайда, берілген
несиенің сапасын есепке алу керек.
Экономиканың жеткіліксіз дамуы кезінде, отандық қаржы рыногында
кредиттік салымдардың тәуекелі елеулі өседі. Сондықтан банктің несие
қоржынының сапасына, әрі ондағы күдікті уақыты өткен несиелердің үлесінің
төмендеуін басқару маңызды мәнге ие болады.
Несиенің мерзімін ұзартудағы іс жүзіндегі тәжірибе банктің
балансының өтемпаздық деңгейін негізсіз көтеріп, өтемпаздықтың
коэффициентін орынсыз биіктетеді. Сондықтан өтемпаз активтерге жататын
несиелер сапасы төмен өтемпаз құралдарына жатады.
Активтердің өтемпаздығы құрамындағы несиелердің үлестік
салмағының тұтастай көбеюі банктің өтемпаздық көрсеткіштерінің және
активтерді басқарудың нашарлауына әкеледі.
Яғни, банк балансының өтемпаздығына несиелердің қайтарылуының
сенімділігі және банктердің несие қоржынының сапасын дұрыс басқару тікелей
ықпал жасайды.
Қайтарылмаған несиені жабу үшін, сондай-ақ өтемпазсыз
тәуекелден қорғау үшін және банктің несие қоржынын дұрыс басқармаған
жағдайда арнаулы резервті қарастыру қажет.
Несиелер қайтарылмай қалған жағдайда құрылатын резервтер банк
активтерін тәуекелден сақтайды, сондай-ақ мынадай мақсатпен:
- активтердің сапасын жақсартуға әсер ету;
-оларды сапасыз басқарудан болған өтемпаз активтердің
баланстанбағанының тәуекелін төмендету;
- келешектегі несие залалын жабу үшін пайдаланылуы мүмкін банк
пайдасын бөлшектеуге болмайтындығы.
Резервтің мөлшері есеп берген күндегі несиелердің жалпы сомасының
көлеміне байланысты. Резервтің ең төменгі деңгейі 2 пайыздық мөлшерде
белгіленген.
Қажетті резервтердің мөлшерін анықтау тәуекелдің дәрежесіне
байланысты, несиелік активтер (несиелік қарыз) бес топқа бөлінеді.
Бірінші топқа – қаржылық тұрақты, жоғары рейтингті төлемге
қабілетті қарыз алушыларға берілген несиелер, сондай-ақ, берілген несиені
қосылған пайызымен өз уақытында қайтаруға қабілетті, сенімді клиенттерге
жататын несие алушылар жатады.
Екінші топқа – қаржылық жағдайы тұрақты, сенімді қарыз алушыларға
берілетін несиелер қосылады. Бірақ, кейбір аспектілер мұндай қарыз
алушыларға күдік тудырады (мысалы, арттырылған өнімдерге түсетін
қаржылардың мүмкіндігі, 30 күнге дейінгі төлемнің уақытының өтуі).
Үшінші топқа – қаржылық жағдайы күдікті, қарыз алушыларға
берілген несиелер (несие бойынша үлкен қарыздың болуы, өнімдерді өткізудегі
қиындықтар, төлемнің 60 күнге дейін созылуы) қосылады. Одан басқа, қарыз
алушылар несиені жабу мерзімін бірнеше рет ұзартып, басқа банктен несие алу
арқылы, несиені өндіріп алу фактысы болды.
Төртінші топқа – жеткілікті пайда ала алмаған және ұзақ мерзімді
қарызы бар (60-тан 80 күнге дейін) өз айналым қаржысы жеткіліксіз құрылған
қарыз алушыларға ұсынылған несие жатады.
Бесінші топқа – өтемпаздығы жоқ балансты қарыз алушы мен
банкроттығы мойындалған (қарыз алушы берешегін жабуды 180 күннен астам
уақытқа созған) қарыз алушыға берілген несие жатады.
Несие тәуекелі резервінің сомасы банктің байланысты жасау күнімен
анықталады және олар мына көрсеткіштерге байланысты:
- несие тәуекелінің шәкілі;
- тәуекел тобы;
-тәуекелдің несиелік қарыздың көлеміне байланысты пайызбен
көрсетілген белгіленген коэффициенті.
Несиелік берешектің құрамына уақыты өткен 30 күннің пайызы
қосылады.
Несиеден келген залалды жабу үшін резерв құрудың экономикалық
мәні банк қызметіндегі пруденциялық нормативтерді анықтағанда ғана оның
меншікті қорының құрамына резерв сомасы қосылмайды. Бұл өз кезегінде
банктің өтемпаздық әлеуетін азайтады, активтерінің сапасын төмендетеді,
банктің несиелік басқаруына назар аударылуын күшейтеді.
Күрделі шығындар, дебиторлық берешекті қосқандағы басқа да
активтер және негізгі қорға салынған банк салымы едәуір аз өтемпаздыққа ие.
Активтердің бұл түрлері банктің меншікті қоры есебінен қалыптасады.
Сондықтан активтердің көлемі өтемпаздықтың деңгейіне, банктің активтерді
басқаруына ерекше әсер ете қоймайды.
Жоғарыда айтылғандардан мына мәселелер шығады:
-біріншіден, коммерциялық банктердің актив құрылымдары
оңтайланбаған және әртараптандырылмаған;
- екіншіден, активтердің құрылымында банк өтемпаздығы деңгейіне
және активтердің басқарылуына шешуші ықпал ететін өтемпаз активтер мен
несиелік салымдардың басымдылығы бар;
- үшіншіден, несиелік салымдар банктерді қосымша ресурстарды
пайдалануға, қарызды уақытында жаба алмау несиенің мерзімін ұзартуға мәжбүр
етуімен ерекшеленеді.Бұл белгілі бір дәрежеде өтемпаздық пен төлем төлеу
қабілетіне әсер етеді.
Сөйтіп, активтерді басқаруда тиянақты талдау мен несиенің
қайтарылуының сенімділігін бағалау өте маңызда мәнеге ие. Сондай-ақ
несиеден келетін залалды жабу үшін резервті құруға тоқтамды назар аударған
жөн. Оның көлемі өтемпаздық активтердің несиелік қарызына кері әсерін жоюға
мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктің активтері оның табыстылығының басты қайнар
көзі болып табыла отыра негізгі ерекшелікке ие [2].
Банк активтері мынадай сипаттарға ие:
- банктің барлық активтері пассивтер құрамымен анықталады;
- банк активтері жоғары өтімді және төмен өтімді бола алады;
- негізгі құрамдардан басқа барлық активтер қаржылық ресурстармен
көрсетілген;
- банктің шаруашылық субъектілерімен, Ұлттық банкпен және басқа
да банктермен, мемлекет және халықаралық қаржылық институттармен қарым-
қатынасын белгілейді.
Сонымен банктің қаржылық активтері – бұл ақша құралы ретінде кез
келген компанияның (банктің) үлестік құрал-жабдығы түрінде белгіленген кез
келген активтер.
Банк активтері өзіне мыналарды енгізеді: қолма-қол ақша мен
корреспонденттік шот, банк қоржынындағы бағалы қағаздарды, дебиторлық
қарыздар мен негізгі құрал және материалдық активтер түріндегі айналыстан
тыс активтерді. Активтердің негізгі бөлігі банктегі банктік операцияларды
жүргізу қорытындысымен жүзеге асырылады.
Активті операциялар – бұл болашақта табыс алу үшін және
өтемпаздықты ұстау мақсатымен банк басқаруындағы бар ресурстарды
орналастыру операциялары.
Банк активтерінің құрылымы төмендегідей көрсетіледі:

Ескерту: автордың құрастыруымен [2]

Сурет 1 – Банк активтерінің құрылымы

Қолма-қол ақшалар мен оған теңестірілген эквиваленттер – бұлар
кассадағы, айырбас пунктеріндегі, банкоматтардағы, жол чектеріндегі ақшалай
құралдар; Ұлттық банктегі және басқа да банктердегі корреспонденттік
шоттардағы бос қалдықтар. Бақылау және реттеу органдары банктерден
қаражаттарының бір бөлігін қолма-қол формада ұстауын немесе басқа банктер
шоттарындағы талап етуге дейінгі салымдар түріндеұстауын талап етеді.
Сонымен қатар, кассалық қолма-қол ақшалар салымдарды қайтару, ақшаларды
айыру, ссудаға сұранысты қанағаттандыру, түрлі операциялық шығыстарды жабу
үшін қажет. Қолма-қол ақшалар мен оларға теңескен қаражаттар бабы
қаражаттарды Орталық банкпен басқа да банктер шоттарында көлемдейді.
Басты резерв болып, әрине, банк сейфтеріндегі қолма-қол ақшалар
табылады. Бірақ банк жетекшілігі олардың шамасын ең төменгі деңгейге дейін
азайтуға ынта көрсетеді. Қазақстанда қолма-қол ақшаларды сақтандыру мен
қорғау шығасылары аса маңызды, қолма-қол ақшалар табыс әкелмейді. Сондықтан
Қолма-қол ақшалар мен оларға теңескен қаражаттар бабы банк үшін анағұрлым
өтімді, бірақ соғұрлым пайдалылығы аз.
Клиенттер мен банктерге талап етулер – заңды және жеке тұлғаларға
ақылы, қайтарымдылық негізіндегі және жедел түрдегі шарт негізінде
банктерде орналасқан немесе банктермен ұсынылған ссудалар мен құралдар.
Инвестициялар – қаржылық құралдарға банктің ақшалай ресурстарын
салулары (банк қоржынындағы бағалы қағаздар, т.б.). Қысқа мерзімді
үкіметтік қағаздарға инвестициялар салу аз табыс әкеледі, бірақ өтемеудің
нөлдік тәуекелі бар активтердің жоғары өтімді түрі болып табылады және
нарықтық мөлшерлеменің өзгерісінің аз ғана тәуекелі болып саналады. Ұзақ
мерзімді бағалы қағаздар созылмалы кезең ішінде, әдетте, жоғары кіріс
әкеледі. Банктің кірісін молайту үшін, әдетте, қаражаттарды мемлекеттік
мекемелердің облигацияларына инвестициялайды, сонымен бірге шектеулі ауқым
бойынша корпорациялардың бірінші классты облигацияларына инвестициялайды.
Коммерциялық банктердің кірістерді алу тұрғысынан қызметінің
негізгі түрі болып ссудаларды беру табылады.
Қайсы бір несиелік операцияларға қаражаттарын салған кезде банк
жетекшілігі бірінші кезекте клиенттердің несиедегі қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуының кезі мен жоғары табыс алу кезін міндет қалайды.
Айналыстан тыс активтер – ғимарат, жиһаз және құралдар, гудвилл,
көлік құралдары түріндегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтер.
Дебиторлар (басқа да активтер) – жабдықтаушылардың,
қызметкерлердің, бюджеттің (салықтың аванстық төлем түріндегі) банк
алдындағы дебиторлық қарызы.
Активтердің жалпы құрылымындағы негізгі бап рөлінде – несие орын
алады [2]. Несие арқылы құралдардың уақытша жетіспеушілігі жабылып отырады,
сонымен қатар ғимараттар, көлік, өнеркәсіп үшін шикізаттарды сатып алу
жүзеге асырылады және бағалы қағаздар сатылып алынады, жалақы төленуі мен
ақшалай айналыстағы ақша массасының көлемі артады.
Банктің несиелік операциялары оның несиелік саясатымен тең
жағдайда жүзеге асады. Банктік несиелеудің субъектілері болып жекеменшік
компаниялар мен ұйымдар, мемлекеттік кәсіпорындар, басқарушы ұйым, халықтар
және басқа да банктер табылады. Банктік несиелеудің кредиторы рөлінде
өзінің уақытша бос құралдарын белгілі бір уақытқа қарыз алушыға иелену үшін
берген коммерциялық банк орын алады.
Қарыз алушы – ол қажетті құралдарды (ссуданы) қолдануға алатын
және оларды белгіленген мерзімде міндетті түрде қайтаратын несиелік
қатынастар жағы.
Банктік несиелеудің объектілері болып материалдық және
материалдық емес құндылықтар табылады: ғимараттар мен құрал-жабдықтар,
шикізат, негізгі және көмекші материалдар, аяқталмаған өнеркәсіп, дайын
өнім, тұрғын үй және тағы басқалар.
Инвестициялар – бұл банк активтерінің құрылымындағы өтімділігі
жағынан жоғары, өзіне бағытталған бағалы қағаздар мен операцияларға
салынатын салымдарын кіргізеді.
Банктің бағалы қағаздар мен операцияларына инвестициялық
операциялар – бағалы қағаздарды сату-сатып алу және кері РЕПО жатады.
Банктің инвестициялық операциялары жоғары, сонымен қатар тұрақты табыс
әкелетін банктің бағалы қағаздар қоржынының қалыптасуына бағытталған.
Қоржынды инвестициялар инвестициялық портфельдің қалыптасуымен,
басқа да активтер мен бағалы қағаздарды иеленумен байланысты жобаларға
салынатын капитал салуды айқындайды. Берілген процесте инвестор қор
нарығындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларымен құрылатын
оптималдық инвестициялық қоржынды қалыптастыру мен басқаруға талпынуы
керек. Сонымен қатар, қоржын өзімен бірге қаржылық құралдар түріндегі
жиналған түрлі инвестициялық құндылықтардың жиынтығын ұсынады.
Кері РЕПО – бағалы қағаздарды қайтадан кері сату шартымен
байланысты сатып алу операциялары.
Банк операциясы негізіндегі қаржылық активтерді иелену және
қалыптастыру тобына өтеу мерзіміне дейінгі ұсталынып отыратын бағалы
қағаздар және саудалық бағалы қағаздар түріндегі құнды қағаздар жатады.
Саудалық бағалы қағаздар – сату үшін сауда жасауға арналған қолда
бар қаржылық активтер.
Сауда жасауға арналған қаржылық активтер – бағалардың қысқа
мерзімді тербелісі нәтижесінде пайда алу мақсатында иеленілген активтер.
Қолда бар сауда жасауға арналған қаржылық активтер – банк
портфеліндегі және келесі 3 категориялы активтердің біреуіне де жатқызуға
болмайтын активтер: сауда жасауға арналған активтер, банкпен ұсынылған өтеу
мерзіміне дейінгі ұсынылып отыратын ссудалар мен дебиторлық қарыз. Берілген
активтер тобына банк арқылы сату мақсатында алынған бағалы қағаздар жатады.

Банктің ұзақ мерзімді активтеріне материалдық емес активтерді
(ақпараттық қамтамасыз ету, лицензиялар, авторлық құқық, т.б.) жатқызуға
болады.
Банктің ұзақ мерзімді активтері түріндегі негізгі құралдар ұзақ
мерзімді функцияналдандыру кезеңін иеленетін материалдық құндылықтар болып
табылады. Банктің негізгі құралдары ғимараттар, көлік құралдары, құрал-
жабдықтар және тағы басқалары көрсетіледі.
Банк активтерін басқаруда топ-менеджменттің басты тапсырмасы
болып жоғары сапалы активтердің қалыптасуы саналады. (Активтер банк
қызметінің нәтижесі болып табылатын банк өнімдерін құру және банктік
қызметтердің қызмет ету барысында қалыптасады ). Сапа өнімнің бәсекеге
қабілеттілігінің негізгі белгісі болып табылады, сондықтан берілген
тапсырманың қорытындысы бүгінгі күні ерекше маңызға ие.
Банк активтерінің сапалылығы олардың провизияларының қалыптасуы
процесінде анықталады [3].
Банк активтерін келесідей критерийлермен классификациялауға
болады:
- тағайындалуы бойынша;
- өтемпаздығы бойынша;
- тәуекел деңгейі бойынша.
Активтерді өзінің тағайындалуы бойынша 5 категорияға
бөлуге болады:
- банк өтімділігін қамтамасыз ететін кассалық активтер;
- банкке ағымды табыс әкелетін әрекет етуші активтер;
- болашақта табыс алуға арналған және басқа да стратегиялық
мақсаттарға қол жеткізуге арналған инвестициялық активтер;
- банктің шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған айналыстан тыс
активтер;
- басқа да активтер.
Активтер классификациясының басты критерийі болып есептелген сый-
ақымен оны толық немесе бөлшектеп өтеудің қабілеттігі табылады.
Классификацияға айналыстан тыс активтерден басқа барлық активтерді
жатқызуға болады.
Өтемпаздық деңгейіне қарай банк активтері келесі топтарға
бөлінеді:
- жоғары өтімді активтер: қолма-қол ақшалар және бағалы металдар;
- ақшалай құралға айнала алатын банктегі өтімді активтер
(ағымдағы активтер немесе екінші кезекті резервтер), биржадағы оңай жүзеге
асатын құнды қағаздар мен басқа да тез жүзеге асатын құндылықтар;
- ұзақ мерзімді активтер: банк ұсынған несиелер;
- аз өтімді активтер: ұзақ мерзімді инвестициялар, төлеу
мерзімінен асқан берешек, қажетсіз қарыздар.
Жоғары өтімді (жедел өтімді) активтерге қолма- қол ақшалар және
оларға теңестірілген қаражаттар, мемлекеттік қарызды міндеттемелер, тағы да
басқалар жатқызылады. Бұлар өтімділерге жатады, себебі банк айналымынан
алып тастауға тиіс.
Өтімді активтер құрамына аталып кеткен жоғары өтімді активтерден
басқа, несиелік ұйыммен өтеу мерзімі 30 күн, теңге және шетел валютасымен
берілген барлық несиелер, сонымен бірге несиелік ұйым пайдасына, арадағы 30
күн ішінде аударылымға жататын басқа да төлемдер кіреді.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге несиелік ұйыммен теңге және шетел
валютасымен берілген, өтеу мерзімі бір жыл көлемінде қалған несиелер
жатады, сонымен қатар, әрекет ету мерзімі бір жылдан жоғары банкпен
берілген 50% кепіл мен кепілдік жатады.

Ескерту: автордың құрастыруымен [4]

Сурет 2 – Коммерциялық банктер активтерінің өтімділік деңгейі
бойынша топтасуы

Активтердің рационалды құрылымын құра отыра, банк өтімділікке
деген талаптарды орындауы қажет және жедел, ағымдағы, ұзақ мерзімді
өтімділік нормативтерін орындауы керек [4].
Жедел өтімділік нормативі банктің жоғары өтімді активтерінің
қосындыларын талап етуге дейінгі шоттары бойынша оның міндеттемелерінің
қосындысына қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік нормативі несиелік ұйымның өтімді активтер
қосындысының оның 30 күн мерзімге және талап етуге дейінгі шоттарына
қосындысы қатынасын өзімен бірге ұсынады.
Ұзақ мерзімді өтімділік нормативі өтеу мерзімі бір жылдан жоғары
банкпен берілген несиелердің несиелік ұйым капиталына және бір жылдан
жоғары міндеттемелерге қатынас ретінде анықталады.
Сонымен қатар активтердің сапасы тәуекелдік, табыстылық
белгілерімен (критерийі) анықталады.
Тәуекелдік – жоғалтулардың потенциялдық мүмкіндігінің ақшалай
формаға айналуын білдіреді.
Несиелік тәуекел дәрежесіне қарай банк активтері 150 баллды
шәкілмен (шкала) бағаланады, активтердің көлемі толық есепке алған кезде
(0 балл) немесе тәуекел дәрежесі есебімен 0-ге дейін төмендеуі (100 балл,
есепке алынбайды) немесе минус 50 пайызға дейін (150 балл). Несиелік
тәуекелдік деңгейі жағынан активтерді бес топқа, яғни бағалау және
классификациялауға болады: 1 топ – тәуекелсіз (0 балл), 2 топ – төмен
тәуекелді (20 балл), 3 топ – тәуекелді (50 балл), 4 топ – жоғары тәуекелді
(100 балл), 5 топ – жоғары тәуекелді (150 балл) [4].
Егер активтердің нарықтық және нақты құндары бар банк есебінде
көрсетілсе, онда активтердің сапасы нарықтық тәуекел дәрежесімен
бағаланады. Ондай активтерге саудалық бағалы қағаздар, нақты айтқанда сауда
жасауға арналған қаржылық активтер жатады.
Активтердің табыстылығы олардың сапалылығының критерийі ретінде
активтердің тиімділігі мен әрекет ету деңгейін бейнелейді, нақты айтатын
болсақ, табыс табу қабілеттігі түрінде банктің дамуы және оның капитал
базасының нығаюы үшін қайнар көзді тудыруды көрсетеді. Табыстылық дәрежесі
бойынша активтер табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді:
табыс әкелетін активтердің бөлігі неғұрлым жоғары болса, банк басқа да тең
жағдайларда соғұрлым мол табысқа (пайдаға) ие болады. Бұл жағдай банктің
алдына қойған тәуекелдерге қарсы тұра алуын айқындайды.

1.2 Активтерді басқару теориялары

Банктің активтерін басқаруды 3 түрлі теориялық көз қараспен
қарастыруға болады: коммерциялық ссудалардың теориясы – бұл теорияның
түбірі ХVIII ғасырдағы Англиядағы банк практикасына кетеді. Бұл теорияны
қорғайтындар, коммерциялық банктер өз өтімділігін оның активтері іскерлік
белсенділікке байланысты қысқа мерзімді ссудаларға салынған жағдайда
сақтайды деп бекітеді. Басқа сөзбен айтқанда банктер өз қаржысын тұтыну
тауарларының өндіріс бағытына жұмсайды. Қазіргі уақытта бұл ссудалар
тауарлық запастарға немесе айналым капиталын толықтыруға арналған ссудалар
деген атқа ие болар еді. Банк тарихының барлық кезеңдерінде дерлік былай
деп есептелуі: олар бағалы қағаз сатып алуға, жылжымайтын мүлік, тұтыну
тауарларына және ауыл-шаруашылығына ұзақ мерзімді несиелер беруге болмайды.

Отарлау кезеңінен өткен ғасырдың 30 жылдарының аяғына дейін АҚШ – та
коммерциялық ссудалар теориясы банк теориясында алдынғы орында болды.
Бұл теорияның негізгі қағидалары ертеңгі банк заңдылықтарында
көрсетілген, оның басымдылығы қазіргі кездегі мүше – банктердің
белсенділерін қайта есептеуде көрсетілген. Есепке алынатын ауыл –
шаруашылығы және коммерциялық вексельдер стандарттық өнімдермен, басқа да
тауарлар мен немесе басқа материалдық құндылықтар мен кепілденуі тиіс: ары
қарай олардың мерзімі есепке алынған күні қарсаңында 90 күннен аспауы
керек, ал ауыл шаруашылық вексельдердің мерзімі есепке алынған күні
қарсаңында 9 айға дейін жетуі мүмкін.
Теорияның негізгі жетіспеушілігі оның дамып келе жатқан экономикадағы
несие сұранысын есепке алмады. Бұл теорияның қатал пайдалануы өнеркәсіпті
кеңейту мен құрал – жабдық, жер, мал, үйлерді сатып алуға банктердің сатып
алуын шектеуі. Банктердің мұндай қажеттіліктерді несиелендіре алмауы
мамандай қаржылық институттардың дамуындағы негізгі фактор бола алады.
Олар: ссуда сақтайтын ассоциациялар, бірін – бірі сақтандыратын банктер,
тұтыну несиелерін қаржыландыратын компаниялар және несие одақтары.
Бұл теория банктік салымдардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді де
есепке ала алмады. Банктік салымдар талап бойынша қайтарылуы мүмкін бірақ,
салымшылар өз құралдарын бір сәтте қайтарып алуы екі талай, салымдардың
тұрақтылығы өтімділікке зиян келтірместен орналыстыра алуын қамтамасыз
етеді. Әрі қарай бұл тарих бойынша іс ойдағыдай жүзеге асқан жағдайда
барлық ссудалар уақытылы жабылады. Жоғары іскерлік белсенділік жағдайында
өндірістік компаниялар өз міндеттемелерін орындауда ешқандай қиындықтарға
тап болмайды. Бірақ та экономикалық құлдырауымен қаржылық дағдарыс
қарсаңында мына тізбек қолма-қол төлем – тауарлық қор – сату – дебиторлық
есептер – қолма – қол төлем бұзылады. Сондықтан фирманың банктік ссуданы
қайтаруы қиындап немесе мүлде қайтарылмауы мүмкін.
Ақырында бұл теорияның соңғы кемшілігі өзін-өзі өтейтін қысқа
мерзімді коммерциялық ссудалар өтімділікті қалыпты экономикалық даму
жағдайында ғана өтемділікті қамтамасыз ете алады, бірақ өтімді құралдарды
ерекше талап ететін экономикалық құлдырауы жағдайында дәрменсіз. Бұл
кезеңде тауар қорларының айналымы бәсендеп, көптеген фирмаларды дебиторлық
қарыздарды қайтаруы қиындап ссудаларды уақытында жабуы қиынға соғады. Егер
жекелеген банктер өзінің өтімділігін қамтамасыз ететін ссудаларға
құралдарын орналастыра отырып өтімділігін тұрақтандыра алса, жалпы банктік
жүйе өтімді құралдардың жетіспеушілігін сезінеді.
Орын ауыстыру терминологиясының негізі мынада: егер банк өз
активтерін басқа несиелендірушілерге немесе инвесторларға қолма-қол ақшаға
сататын немесе ауыстыратын болса, бұл банк өтімді деп саналады. Егер
несиелер уақытында қайтарылмаса орталық банк қамтамасыз етуге берілген
ссудалар мен тауарлық , материалдық құндылықтарды нарықта қолма-қол
құралдарға сатылуы мүмкін, қажет болған жағдайда ссудалар қайта
қаржыландырылады. Жекелеген коммерциялық банктің қажеттіліктерін жабу
мақсатында әрдайым сатуға болатын өтімді құралдардың, активтердің болуын
қамтамасыз етеді. Дәл осындай жағдаймен орталық банк өзіне ұсынылған
активтерді еркін сатып алатын болса, банк жүйесі өтімді деп саналады.
Оңай сатылатын нарықтық бағалы қағаздар ұзақ уақыт бойы өтімді
ресурстар есебінде қарастырылды. Мұндай бағалы қағаздар қолма-қол құралға
оңай айналады. Соңдықтан оларға екінші кезектегі қорлар есебінде сілтеме
жасалады. Осындай жолмен ықшамдылықты уақытында шығынсыз қамтамасыз ету
үшін екінші кезектегі қорлар 3 талапқа сай келуі қажет: жоғары сапа қысқа
мерзімдегі өтімділік, сатымдылық олар несиелік тәуекелділіктен бос болып
нарықтағы пайыздық өзгерістерді және нарықта қысқа мерзімдік сенімділікпен
сатылуы тиіс .
Өтімділік қоры ретінде қолданылатын активтердің қайтарымдылық
уақытына қатысты ерекше талаптар қойылмайды. Бірақ жалпы ереже мерзімі
қысқа болған сайын жақсы. Номиналдық қойылымдардың өзгеру тәуекелділігі аз
болса, онда шындыққа көбірек жақын деп саналады. Бірінші кластағы оңай
сатылатын бағалы қағаздардың екінші кезектегі банктің қорларына жатқызылады
егер өтімділік уақыты бір жылдан кем болса. Бірақ, бұл бағдар ақша
нарығының номиналды ставкаларының әсер етуі мен өзгеруі мүмкін. Егер
ставкалар күшті ауытқуларға ұшыраса немесе жоғарласа, онда мерзімі қысқа
қағаздар талап етіледі.
Бағалы қағаздардың бір қатары сатымдылықпен сапаның талаптарына жауап
береді. Екінші деңгейдегі қорларға жақынырақ келетіндер: казыналық
вексельдер мен қатар федералдық басқарманың және оның органдарының бағалы
қағаздары. Пайыздық номиналдық нормасының өзгеруінің қауіпті мерзімі қысқа
болған сайын азаяды. Сондықтан мемлекеттік облигациялардың өтелу мерзімі
жақындаған сайын пайдалы бола түседі және де мемлекеттік мекемелерден қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды да қабылдауға тұрарлық олар: ауылды жерлердегі
тұрғын үй құрылысын несиелендіру, экспорттық, импорттық банк несиесі,
тұрғын үй құрылысын несиелендіретін федералдық банк, кооперативтерді
несиелендіретің банк.
Кейбір бірінші кластағы мемлекеттік емес сектордағы қысқа мерзімді
бағалы қағаздар да екінші дәрежелі резервтер есебінде қолданыла алады.
Оларға ашық нарықта сатылатын банктік акцептермен коммерциялық қағаздар
жатқызылады. Банктік акцепт мерзім 180 күнге дейінгі траттаны білдіреді.
Банктік акцептердің пайда болуы негізінен халықаралық сауданы
қаржыландырумен байланысты. Бірақ ол кейде ішкі нарықтағы тауарлардың
айналымымен қорлануын қаржыландыру нәтижесінде пайдаланылады. Банктік
акцептер нарығы жоғары белсенділікпен ерекшеленеді. Ал қағаздардың өздері
федералдық резервтік банктердің қайта есептеулерінде пайдалы.
Банктер екінші кезектегі резервтер есебінде коммерциялық бағалы
қағаздарды сатып алуы мүмкін. Соңғы мерзімі 4-5 айдан аспайтын
корпарациялардың қысқа мерзімге шығарған вексельдерін білдіреді. Мұндай
жолмен ақша қарыздап алу үшін коорпарацияның өте жоғары деңгейдегі несие
қабілеттілігі болуы қажет. Ережеге сай вексельдер ірі артықшылықтармен
шығарылып, эмитенттік төленеді және шектеусіз индоссарланады. Сондықтан
олар ұсынылатын құжат есебінде жүреді және қолдан қолға келесі
индоссаментсіз өте алады. Коммерциялық бағалы қағаздар көбіне банкте уақыты
өткенге дейін сақталады. Бірақ, кейде делдалдар оларды болжамды келісім
бойынша сатып алуы мүмкін.
Орын ауыстыру белгілі дәрежеде негізделген болса да жүздегеен банктер
20-30 ж.ж. өтімділік мәселесінен қашып құтыла алмады. Кейбір банктер бағалы
қағаздар мен қамтамасыздандырылған аккальдік ссудаларға мөлшерден тыс
сүйене отырып, олар 24 сағаттың ішінде қайтарылып алынады деп есептеген.
Өкінішке орай бұл бағалы қағаздардың бағаларының құлдырағанын байқаған
банктер бұл ссудаларды төлеу зиян шектіретінін көрді.
Күтілетін табыс теориясына сәйкес банктік өтімділікті, қарызданушының
келешектегі табысына сүйене отырып, өтімділік графигі негізінде болжайды.
Бұл график жоғарыда көрсетілген теорияларды теріске шығармайды, бірақ
несиені қамтамасыздандыру акцентіне қарағанда қарызданушының ссудаларды
қайтарудағы күрестер пайдалы деп есептейді. Теория банктің өтімділігіне
несиелер мен инвестициялардың мерзімінің құрылымын өзгерте отырып әсер
етуге болады деп сендірген. Жедел ссудаларға қарағанда өндірістік қысқа
мерзімді несиелер өтімдірек, ал тұтынушыларға тауарларды сатып алуға
берілген несиелері тұрғын үй құрылысына берілген ипотекалық ссудаларға
қарағанда өтімділігі жоғары.
Теория жекелеген несиелердің жедел дамуымен өсуін мойындайды,
олар қазіргі таңда коммерциялық банктің несиелік портфелінің ауқымды
бөлігін құрайды: олар іскерлік фирмаларға берілетін жедел несиелер,
жылжымайтын мүлікке ссуда ретінде берілетін тұтыну несиелері. Бұл
ссудалардың бір үлкен ортақ ерекшелігі бар, бұл ерекшелік өтімділікті
жоғарлатады, атап айтқанда оларды мерзімінен кейін жабуға болады. Қолма-қол
тұрақты құралдардың тұрақты ағымын болжау оңай болғандықтан ай сайынғы
немесе мезгіл сайынғы негізгі несиелерді жабу пайызы портфельдің көп
бөлігін қамтиды. Болашақтағы өтімділікті қолдау үшін құралдар қайта
инвестицияланатындықтан өтімді құрал қажет болған жағдайда қолма –қол
құралдарды дер кезінде жұмсау қажет.
Күтілетін кіріс теориясы көптеген банктердің инвестициялық портфелін
құру негізінде сатылылықты таңдауына себеп болды: бағалы қағаздарды өтеу
мерзіміне қарай түсімдер тұрақты және болжамды болатындай етіп
сұрыпталынады. Бұл жағдайда инвестициялар көрсеткіші бойынша қарыздар мен
пайыздарды тұрақты төлейтін несиелер портфелінің көрсеткішін
сәйкестендірілді.
Активтерді басқару түсінігі жеке және тартылған, құралдарды
орналастыру жолы мен реті дегенді білдірді. Коммерциялық банктерге қатысты
айтқанда – бұл орналастырулар қолма – қол ақшалар, инвестициялар, ссудалар
және басқа активтер. Басты назар бағалы қағаздар мен ссудалық операцияларды
қаржыландыруға, яғни өтелінбеген ссудалар мен бағалы қағаздар портфелінің
құрамына аударылады.
Мәселенің айқын шешімі, банк басқармасының, пайда әкелетін
активтерді қаржыландыру тәуекелдігіне дайындығы. Алайда, коммерциялық
банктерде қорларды басқару бірқатар факторлардың әсерінен қиындайды.
Заңдық актілер мен ережелер коммерциялық банктердің активтеріне 2
жолмен әсер етеді: банктік құралдар бөлігінің инвестициялану ретін қолдай
отырып сол және басқа активтік операцияларды жүзеге асыру.
Тартылған құралдардың басым бөлігі тұтынушылардың бірінші
талабымен қайтарылады. Банкті саналы түрде басқарудың бірінші кезектегі
талабы салымшылардың талабын орындау болып табылады. Екінші шарты банктік
несиенің пайызының сұранысын негізделген және жеткілікті түрде қамтамасыз
ету. Мұндай несиені ұсыну – коммерциялық банктің жұмысының негізгі түрі.
Банктің тұтынушыларының негізделген несиеге сұраныстарын қанағаттандыра
алмауы – банктің тиімді операцияларын жоғалтуына әкеліп соғады –
нәтижесінде банк коммерциялық кәсіпорын ретінде тоқырауы мүмкін.
Коммерциялық банктер, іс-әрекеті қауіпсіздік пен өтімділік
қатынасында пайдалы іскер жеке меншік ұйымдар қатарына жатады. Елдегі ақша
массасының басым бөлігі ұсынатын мекеме ретінде экономиканың бұл сапасының
өкілдеріне қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Қоғамның банктік
жүйенің өтімділігі мен төлем қабілеттілігіне күмәндануына негіз тумауы
қажет, ал салымшылар кез келген банктің тұрақтылығына сенімді болуы керек.
Кейбір жағдайларда банк салымшыларының және оның акцияларын ұстаушылардың
мақсатын сәйкестіруге келмейді. Бұл сәйкессіздік өтімділікті талап ету мен
коммерциялық банктің әр қаржылық келісімінің ойдағыдай табыстылығының
арасында болады. Бұл табыстылық пен өтімділік арасындағы қақтығыс банктің
құралдарды орналастырудағы шешетін негізгі мәселесі болуы мүмкін. Бір
жағынан банк басшылығы акция ұстаушылар тарапынан қысым сезінеді. Өйткені
олар құралдарды,ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға, төлем қабілеттілігі
күмәнді қарызданушыларды қаржыландыру және қолданылмаған қалдықтарды
қысқарту есебінен, көбірек пайда тапқысы келеді. Ал басқа жағына қарағанда
көптен бергі тұтынушыларының несиеге деген сұранысын қанағаттандыру үшін
салымдарды қайтарып алу банктік өтімділігіне айтарлықтай нұқсан
келтірілетіндігін банк басшылығы жақсы біледі.
Несиелік және инвестициялық тәуекелділікті табыс табу жолы ретінде
қарастырады. Табыс көзінің мұндай ауытқуы кезінде инвестордың бұл салаға
ақша салуына тек жоғары пайыз ғана себеп бола алады. Және ол уәделенген
табыстың бір бөлігін жоғалту тәуекелділігіне бара алады.
Тәуекелділік өскен сайын күтілген табыс көлемі де өседі. Капитал
нарығындағы көрсеткіш тәуекелділік деңгейі мен талап етілетін табыс нормасы
арасындағы қатынасты көрсетеді. Осыған байланысты жоғары табысты
инвестициялар мен несиелерге ақша салған банк сонымен қатар өте жоғары
тәуекелге бас тігеді. Өтімділікті – кассадағы қолма-қол ақшаның деңгейін
жоғары деңгейде ұстай отырып, құралдарды жоғары өтімі активтерге сала
отырып, басқа қаржы көздерінен ақша қарыздай отырып немесе банкке қосымша
салымары тарту мүмкіндігіне кепілдік бере отырып қамтамасыз етуге болады.
Салымдар сомасының жоғары деңгейде өзгеруі және қарыздардың тез жабылуын
талап етілуі банктің активтерінің өтімділігін көбейтуге негіз болады. Бір
жағынан банктің салымдарымен қарыздық құралдарының арасындағы тікелей
байланыстың болуы, екінші жағынан әртүрлі активтік операциялардан түскен
түсім.

1.3 Активтерді басқару тәсілдері

Өтімділіктің табыстылығын төмендетпестен коммерциялық банктер
активтік операцияларға тартылған құралдарды дұрыс орналастыруы қажет. Осыны
есепке ала отырып коммерциялық банктер құралдарды орналастыруды 3 тәсілмен
жүргізеді.
Пайдалану тұрғысынан қарапайым әдіс болып қаражаттардың жалпы
қоры атанған тәсіл табылады. Көптеген банктер бұл тәсілді, әсіресе, ақшалай
ресурстардың артылу кезеңінде кең көлемде пайдаланады. Коммерциялық банктің
басшысы жауап беретін құралдардың орналастырылуы, әртүрлі қаржы көздерінен
түседі, оларға талап етуге дейінгі салымдар жедел және сақталатын салымдар,
банктің жеке капиталы жатқызылады. Қарастырылған тәсілдің негізінде барлық
ресурстарды біріктіру идеясы тұрады. Содан соң құралдар активтердің
керекті деп тапқан түрлеріне салынады. Белгіленген активті операцияларды
жүзеге асыру үшін алдағы мақсаттарды орындауда құралдардың қандай көздерден
түскендігі ешқандай мәнге ие емес. Берілген тәсіл банк басшылығынан
өтімділік пен пайдалылық принциптерін тең дәрежеде орындауын талап етпейді.
Сондықтан талаптар бұл принциптерге көбірек сәйкес келетін активтік
операциялар түріне орналастырылады. Құралдар оперативтік бөлімнің
басшыларына өтімділік пен табыстылықтың сәйкестігінің мәселесін шешуге
көмектеседі. Бұл бастапқылықтар табыс әкелу үшін доллардың немесе теңгенің
бір бөлігі бірінші немесе екінші кезектегі резервтерді қайсысына, яғни
ссудаларға немесе бағалы қағаздарды сатып алуға орналастырылуын айтып
береді. Жер учаскелерін немесе басқа да жылжымайтын мүліктерді сатып алуды
қаржыландыру жеке қарастырылады.
Қандай болмасын тәсіл немесе тәсілдер комбинациясы банкпен әр
түрлі активтерге қаражаттарды орналастыру моделі түрінде қолданылмасын,
активті операциялардың бөлек категориялары мен әрбір категория ішіндегі
несиелер мен инвестициялардың бөлек түрлерінің арасындағы тәуекел мен
пайдалылықтың рационалды қатынастарының сақталуы бастысы болып қалады.
Максималды пайда алуға қол жеткізу мақсатында пайдалы құрал болып, соңғы
шығасыларды мұқият салыстыру табылады.
Құралдардың жалпы қоры тәсіліне толығырақ тоқталып өтелік.
Орналастырылуына коммерциялық банк жауап беретін қаражаттар талап етуге
дейінгі салымдарды, шұғыл жинақ салымдарды, сонымен бірге банктің жеке
меншік капиталын қоса, түрлі қайнар көздерден түседі. Берілген тәсіл
негізінде барлық ресурстарды біріктіру идеясы жатыр. Содан соң жиынтық
қаражаттар мейлінше қолайлы деп есептелетін активтер түрлері (ссудалар,
үкіметтік бағалы қағаздар, кассалық қолма-қол ақшалар және тағы басқалар)
арасында бөлінеді.Аталған тәсіл банктен өтімділік және пайдалылық
қағидаттарын тең көлемде сақтауын талап етеді. Сондықтан қаражаттар
берілген қағидаттарға анағұрлым толық сай келетін активті операциялар
түрлеріне жиналады.
Қаражаттарды орналастыру белгілі анық басымдықтар мен сай келуде
жүзеге асады.
Қаражаттарды орналастыру құрылымын анықтау кезіндегі бірінші
кезекті міндет – ол бастапқы резерв ретінде белгіленетін олардың үлесін
белгілеу. Активтердің бұл категориясы функционалды сипатты ұстанады,
коммерциялық банктердің есептік баланстарында қарастырылмайды. Сонда да
банкирлер оны несиеге сұраныстарды қанағаттандыру үшін салынатын салымдарға
жатқызып бірінші резервтегі активтерге қосады. Бұл коммерциялық банктердің
өтімділігінің негізгі түрі. Көп жағдайларда бірінші рольдегі корсчетындағы
құралдар жән басқа да банктердің корсчетындағы құралдар мен сейфтердегі
чектер және басқа да төлем құралдары жатады .
Атап өтетін жайт, брінші кезектегі резервтерге, салымдарға
міндетті резервтермен қатар банк басшылығының ұйғарымы бойынша жеткілікті
деңгейдегі қалдық ақшалар да жатады. Тәжірибеде бірінші кезектегі резервтер
қатарына бірдей деңгейдегі банктердің қолма – қол активтерінің барлық
активтеріне қатынасы мен анықтайды.
Екінші тапсырма белгілі дәрежеде табыс әкелетін кассалық емес
өтімді активтердің орналастырылуын ұйымдастыру. Бұл резерв өз қатарына өз
тәуекелділікпен, жоғалтумен және төмен ұсталыммен қолма – қол құралдарға
тез айналатын табысты активтерді қосады. Екінші кезектегі резервтердің
негізгі орны - бірінші дәрежедегі рзервтерді толтыру көзі. Соңғысы сияқты
бұл бухгалтерлік емес экономикалық категория және ол банктік баллансқа
қатыспайды. Екінші деңгейдегі резервтерге бағалы қағаздар портфелін
құрайтын активтер, - кейбіржағдайда ссудалық шоттағы құралдар кіреді.
Екінші деңгейдегі резервтердің көлемі, сол факторлардың көлемі,
сол факторлармен – олардың әсерінен ссудалар мен салымдар өзгереді
қосымша анықталады. Салымдарымен несиелерінің көлемі тұрақты банктерге
қарағанда салым соммасымен несиеге деген сұраныс арасы қатты ауытқып
тұратын банктерге екінші кезектегі резервтер көбірек қажет.
Жалпы банктік жүйенің өтімділігінің индикатордың болжамдылығы
үлгісінде қолма-қол ақша сомасымен үкіметтік қағаздардың барлық
коммерциялық банктердегі салымдардың жалпы соммасына қатынасын коэфициент
қолданылады.
Үшінші кезең қорларды жалпы этап көрсеткішінің тәсілімен
орналастыру - ол несие қоржынын қалыптастыру. Банк бірінші және екінші
дәрежедегі резервтерінің көлемін анықтағаннан кейін ол өз тұтынушыларына
ссуда ұсына алады. Бұл банк жұмысының пайда келетін маңызды түрі. Ссуда –
банк активтерінің ең негізгі түрі ол ссудалардың түсетін табыс – банк
табысының ең құрамдас бөлігі. Сонымен қатар ссудалық операциялар банк
жұмысындағы тәуелділігі жоғары операциялар қатарына жатқызылады.
Банктік активтерді басқаруда жалпы құрал қоры тәсілін таңдауы
банкке активті операциялардың категориясын таңдауда кең мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл жалпы қалыптасуларда үстемдік тоқтатады. Алайда көрсетілген тәсіл
құралдарды активтерге орналасуда айқын критерийлер құралмайды және мына
диллеманы өтімділік - табыстылық шеше алмайды. Соңғысы банк басшылығының
тәжірибесі мен интуициясына байланысты.
Бұл тәсілдің тағы жетіспеушілігі, қаржыландыру көздер оны қолдану
жолымен тәуелсіз болуына жол береді. Бірақ нақты істе бұл олай емес.
Басқа жетіспеушіліктер тең дәрежеде жалпы қор қорлары тәсіліне
және активтерді орналастыру тәсілдеріне қатысты.
Аталған екі тәсілде тұтынушыларға несие беруді қанағаттандыруға
аз көңіл аударылған және салымдардың қайтарып алу мүмкіндігімен міндетті
резервтердің өтімділігіне акцепт жасайды. Белгілі болғандай іскерлік
белсенділік өскен сайын салымдар мен несиелер де өседі. Егер банкте
мынандай жағдай болса, банкке міндетті резервтердің, тоқтатылған
нормаларынан тыс, салымдарды жабуға аз мөлшерде ғана қосымша өтімді
құралдар қажет болады, егер банк экономисі іскерлік белсенділікпен
салымдардың ағымының азаятын уақытын дәл айта алса. Бұл жағдайда өтімді
құралдар негізінен несиеге деген сұранысты жабу үшін талап етіледі, мұнда
олар салымдарға қарағанда анағұрлым жоғары қарқынмен өсуі мүмкін.
Есепке алатын нәрсе, кейбір банктерде салымдар көлемі төмендеп
несиеге деген сұраныстың өсуі мезгілдеп ауытқуы болуы мүмкін. Оның үстіне
жүргізіліп отырған ақша –несие саясатының әсерінен несиелерге деген сұраныс
өсуі қарсаңында салымдарға деген сұраныстың жоғарлығы қарсы тұра алады.
Қарастырылған екі тәсілдің тағы да бір кемшілігі бар. Олар
өтімділіктің жоғарғы деңгейіне емес, орта деңгейіне келіп тіреледі. Банктік
жүйенің өтімділігін бағалау үшін мемлекеттік бағалы қағаздармен кассадағы
қолма-қол құралдардың, салымдардың жалпы сомасына орташа қатынасы
жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ ол басшылыққа несиелер мен салымдарға
сұранысты қанағаттандыру үшін келесі аптада кассадағы құралдардың
мөлшерінің қандай болуы керек екенін көрсете алмайды. Тек банктің жекелеген
тұтынушыларының шоттарына талдау жасау арқылы және жергілікті нарықтағы
қаржылық шаруашылық жағдайларды ақша-қаражатқа деген сұранысты анықтауға
мүмкіндік береді.
Қарастырылған екі тәсіл біраз жеңілдетілген болып саналады.
Оларды шешім қабылдауға негіз болатын нормативтік нұсқаулар ретінде емес,
банк басшылығының активтерді басқарудағы бағытын анықтайтын жалпы схема
ретінде қарастырған жөн. Бұл тәсілдердің кез-келгенін қолдану білікті
басшылардың, банктің жалпы жағдайы мен шешім қабылдауы зерттеуді
күрделендіруге мүмкіндік береді.
Активтерді ғылыми тәсілдердің көмегімен басқару және зерттеу өте
күрделі модельдерді, заманауи математикалық ақпараттарды, табыстар мен
шығыстардың байланысының арасындағы қатынастарды анықтау үшін қолдануға жол
ашады. Бұл тәсілдер банк басшылығына шешім қабылдауға зор көмек көрсетуі
мүмкін.
Алдыңғы бөлімдерде қарастырған екі тәсіл активтер мен
пассивтердің арасындағы әртүрлі байланыстарға қарапайым ғылыми талдау
жасауға нұсқайды. Олар банк басшылығының (банк ішінде) немесе банктерді
қадағалайтын органдардың (сырттан) өтімділікке қойған шектеулерінің аясында
жеткілікті көлемде пайда табу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Коммерциялық банктің активті операциялары»
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың дамуы
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
Банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты банктік тәуекел түрлерін мәнін жәні жәктелімін қарастыра отырып, оларды қазіргі жағдайларға сай басқару әдістері
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
Пәндер