Коммерциялық банктегі кірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктегікірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары:

Коммерциялық банктегі

кірістер мен шығындар және оларды оңтайландыру жолдары

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КІРІС-ШЫҒЫС ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 6

1. 1. Банк қызметтері мен өнімдерінің мәні . . . 6

1. 2. Банк қызметтерін жіктеу . . . 9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ КІРІС ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ІС ЖҮЗІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ . . . 29

2. 1. Қазіргі кезеңдегі депозиттік рынок . . . 29

2. 2. Банктің несие іс-әрекетінің анализі . . . 43

2. 3. Банк карточкаларымен қызмет көрсетудің ерекшеліктері . . . 50

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 53

3. 1. Жаңа қызметтерді енгізу проблемалары . . . 53

3. 2. Банктердің клиент тарту жолындағы тәуекелдік шығындары . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

КІРІСПЕ

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды құрылымының бірі. Банктер нарық делдалдары ретінде шаруашылық қызметі барысында босатылатын шаруашылық органдарының капиталдарың халықтың жинағын және басқа да бос ақша қаражаттарын тартады және оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақша есебін жүргізеді және қоғамның өнімнің айналымы мен өндірістің тиімділігіне тікелей әсер ете отырып, экономика үшін басқа да көптеген қызметтерді көрсетеді.

Яғни банк өзінің ерекше құрылымы бар мемлекеттің өте маңызды секторы және ол кірістер мен шығыстар нәтижесінде қызмет атқаратын ұйым.

Елде жүргізілген экономикалық реформа банк қызметінің дамуына жаңа кезең ашты. Нарыққа өту жағдайының ерекше өзекті мәселесі еліміздегі банктермен басқа несие институттарының даму болашағы, оның тәжірибелік жүзеге асырылуы. Банк қызметінің кірісті болуы оның дұрыс жолға қойылғандығымен сипатталады.

Алға қойылған мақсаттарды шешу Қазақстандық және де шетелдік банктердің қызмет өрісін кеңейтуді тәжірибе жүзінде негіздеп және тәжірибеге біршама прогрессивті, нақты нысандары мен жұмыс әдістемелері жаңалықтарын енгізу. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Соңғы жылдары қаржы нарықтарының - ақша нарығы және капитал нарығы қалыптасуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Кірістердің негізгі көзі ақша нарығын дұрыс ұйымдастыра алу болып табылады.

Соңғы дамыған екі біртұтас, өзара байланысты жинақтарды мобилизациялау мен қаржы құралдарын инвестициялау процесін жүзеге асырмай болмайды. Жинақтау кіріс пен тұтыным арасындағы өз айырмашылығын ұсынады. Яғни шығыс операцияларын жүргізе отырып, алға прогноздарды дұрыс жасай отырып, табыстарға қол жеткізу мүмкіндігі коммерциялық банктердің негізгі мақсаты.

Кіріс саласында аса маңызға ие банк әрекеттерінің бірі инвестиция тарту болып табылады.

Инвестициялар - пайда алу мақсатында қаржы құралдарын алу. Жинақтарды инвестициялау нысаны әр түрлі болуы мүмкін: жинақ иесі мен олардың соңғы «тұтынылымына» сол немесе басқа да қаржы делдалдары арасында болған кезде өндіріске ақша қаржыларын тікелей және жанама салу.

Маңыздысы, салынған қаржы өндірістің дамуы мен экономиканың сауығуына ықпал ететін фактор ретінде қатынасуы болып табылады.

Банк өз қызметі барысында әр түрлі типтегі аудиториялармен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. банк табысты оптимизациялау мақсатына бұлармен бірлесіп қызмет жасайды.

Бірақ нарықта банктер, басқа қызметін кеңейтуді көздейтін бұл жалғыз ғана мақсат емес. Бұдан басқа банктер қаржы ресурстарының табыстылығы мен өтімділігін есепке алудың қолайлы банктерді репутацияларын құру мен қолдануды қамтамасыз етуге талпынады және болып табылады.

Өз кезегінде, банктің танымалдылығының жақсы репутациясы нақтылы осы банкке назар аударатын клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттермен қатынасы банктік өнімдерді сатып-алу барысында туындайды.

Олар мыналардан тұрады: несиелер беру, депозиттік шот ашу, шығару жөніндегі операциялар, құнды қағаздар сатып алу мен сату, валюталық қатынастар, есеп айырысу операциялары және де трасталық қызметтер, бағалы заттарды сақтау және тағы басқа.

Көлемді клиенттермен қазіргі банк қызметінің маңызды ерекшелігі дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдерінде банк операцияларын жүзеге асыру.

Қазақстандағы коммерциялық банктер өз табыс базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату, өз клиенттері үшін операциялар мен қызметтерді кең көлемде жүргізуге талпынатыны белгілі.

Бұл үшін дамыған банк қызметінде банктық қызмет көрсетуді ұсынуды клиенттер мен банктың өзі үшін шығындардың ең төменгі мөлшерінде клиенттерге қажетті қызмет көрсетудің тиімді бағасы болуының маңызы зор.

Көлемді клиенттермен тиімді икемді банк операцияларының жүйесі ішкі жинақтарды мобилизациялауға ықпал етуге тиіс.

Бұл байланыстың ерекше мәні икемді банк қызметін көрсету экономиканы өзгертетін тұтынымның қалыптасуына әсерін тигізеді.

Банктік қызмет нарығындағы бәсеке банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді.

Ғасыр бойы дамыған ақпараттық технологияларды пайдалану тұжырымдамаларын классикалық банктық қызметтерге ұсынуға талпыныс жасалды, жаңа технологияларға назар аудармау банкроттыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық банктер іс жүзіндегі жүзеге асушы және жаңа қызмет жаңалықтарына көп көңіл бөледі.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей мақсаттарды алға қоюмен шешу:

-кірістер мен шығындарды коммерциялық банктер тұрғысында алып қарастыру;

-коммерциялық банктерде ұсынылатын қызметтердің теориялық

аспектілерімен танысу;

-коммерциялық банктерде ұсынылатын қызметтердің іс жүзіндегі

талдануы мен бағалануын жүргізу;

-банктік қызмет нарығының негізгі даму бағытын анықтау;

-банктік қызмет нарығында туындайтын проблемаларды қарастыру

мен оларды шешу жолдарын анықтау.

Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктердің іс әрекетін анықтайтын заңдық және нормативтік актілері. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары. Жұмыс барысында жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер пайдаланылды.

Жұмыстың тәжірибелік негізі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінінің нормативтік және қаржылық құжаттары болып саналады.

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КІРІС-ШЫҒЫС ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Банк қызметтері мен өнімдерінің мәні

Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарастыра отырып, біз банктік институттардың қысқартылғанын байқаймыз: егер 1993 жылы елде 204 банк болса, 1997 жылы олар 82-ге түскен, ал 2000 жылғы шілденің басында 48 банк есептелсе, 2002 жылы 44 болған.

Бұл жағдайлардың себебі сыртқы факторлар ретінде (жалпы республикадағы экономикалық жағдайлар нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк заңнамаларының даму сатысы банктық қызмет нарығындағы бәсеке және басқалар) сонымен қатар ішкі факторлар ретінде (қажетті ресурстардың бар болуы, жүргізілетін операция қатынасына банк саясаты және т. б. ) болуы мүмкін. Сонымен, себептердің бірі ұсынылатын қызметтер саласындағы банктердің бәсекесі болып саналады.

Біз «банк қызметі» деген не екенін анықтап алғымыз келді, ол үшін банктер немен айналысатыны немесе айналысуы мүмкін екеніне тоқталып алу қажет.

Банктердің әр түрлі операциялармен қызметтерді жүзеге асыратыны белгілі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері мен банк қызметі туралы» заңы банк қызметін «банк операцияларын жүзеге асырады сонымен қатар осы бапта белгіленген басқа да банк операцияларын жүзеге асырады» деп анықтайды. «Ресей Федерациясының банктері мен банк қызметі туралы» заңында банк қызметін - бұл осы заңмен, Ресей Федерациясының өзге заңнамалық актілерімен банк және несие мекемелеріне банктық операцияларды жүргізу үшін рұқсат етілетін банктық операциялар және басқа да мәмілелері» деп көрсетілген.

Осы аталмыш заңдарда «банк операциясы» түсінігі бар екенін көреміз, сонымен бірге барлық банк іс-әрекетіне қатысты үнемі «банктық қызмет көрсету» түсінігі қолданылады. Экономика ғылымында бұл екі түсінікті талқылаудың көптеген жолдары бар В. Ф. Гарбузовтың редакциясымен ұсынылған «Қаржы - Несие сөздігінде» банк операциясына келесідей анықтама береді: «банктік операция - қаржы құралдарына және оларды айналымға шығару, кеңейту мен одан ақша алу үшін, есеп айырысуларды жүзеге асыру және т. б. әсер ету жөніндегі банктердің операциялары».

Банк немен айналысады деген сұраққа - қызмет көрсетумен немесе операция жүргізумен-деп жауап беру қиын. Бұл мәселені алдымен «банк» түсінігінің өзін қарастыру арқылы анықтауға тырысамыз.

«Банк» - заңды және жеке тұлғалардан жинақталған ақша айналымының кезеңдерімен байланысты, осы ақша құралдары есебінен банк қызметін ұсынатын ерекше өнім жасайтын, арнайы экономикалық институт.

Басқа қаржы делдалдарынан банк несімен ерекшеленеді? Біріншіден, банктер үшін қарыз міндеттемелерімен екі айырбас жасау сипатталады: олар меншікті қарыз міндеттемелерін кеңейтеді, осы негізде мобилизацияланған қаржылар қарыз міндеттемелері мен құнды қағаздарды өсіреді және басқа шығарылымдарды өсіреді.

Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар алдында бекітілген қарыз сомалары міндеттемелерін өзіне алумен ерекшеленеді.

Үшіншіден, банктер кассалық есеп айырысу қызметін, электрондық ақша, пластикалық карталар шығарумен қызмет көрсетуді жүзеге асыра отырып мемлекеттер, кәсіпорындар, халық арасында ақша құралдары айналымына делдалдық етеді.

Банктердің әрекет етуі өндіріс процесінде және осы капиталдың жаңа игілікпен қызмет жасау мақсатында іске, еңбекке, ұсынылуын есепке алмайтын капиталдың шоғырлануы деп айтуға болады. Яғни банктер өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы делдал болып саналады, сондықтан бұлар екіжақты айырбас қатынасына түседі.

Тауарлар мен қызмет көрсетулер

«Банк» түсінігінің мәні мен клиент - банк - клиент схемасы құрылымын анықтау мұндай кәсіпорынның банк ретіндегі іс-әрекетінің қорытынды нәтижесін жариялау үшін қажет. Егер материалдық өндіріс саласына қорытынды іс-әрекеті дайын өнім болса, онда банк саласына - банктық материалдық игілік жасалмайтын, бірақ процес ретінде пайдалы, өзіндік еңбектің тиімділігі деп түсінетінін атап өту қажет.

Қызмет көрсету - бұл жаңа бұрын болмаған материалдық заттық өнім құрылмайтын бірақ орындаушылық процестегі іс-әрекеттің, жұмыстың түрі бар өнімнің сапасы өзгереді.

Бір сөзбен айтқанда, қызмет көрсету - бұл еңбек өнімдерінің немесе нәтижелерінің ерекше түрі ретінде материалдық емес игілік. Яғни банк

операциялары олардың тиімділік нәтижесі тұрғысынан алғанда мұндай іс-әрекет - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Клиенттің қолма қол ақшасы банк операциясы қызметінің трансформациясын анықтайды.

Банк операциясының бағытын мұндай трансформацияның қандай болатынымен бақылап отыруға болады.

Коммерциялық банктердің барлық кіріс операциясын үш топқа бөлуге болады:

Пассивтік (қаржылар тарту)

Активтік (қаржыларды таратып, үлестіру)

Коммерциялық-делдалдық және сенім білдіру (трасталық) операциялар.

Бұл операциялар тобының әр бірі оларға клиенттердің болжап сонымен

қатар банк ұсынатын қызмет көрсетудің анықталған үлесін көрсету. Банк тарататын қаржының маңызды бөлігі клиенттердің тікелей қатысуымен банкке талап еткенге дейін депозит түрінде ақша сомасын салу, сонымен бірге мерзімді жинақтар немесе басқа салымдардан қалыптастырылады. Бұл жоғарыда келтірілген схеманың бірінші кезеңі, ол «клиент-банк» қатынасы, ненің нәтижесінде қызмет көрсетуді ұсыну процессі басталатынына қатысты.

Банк клиент талғамына қарай оған кез келген қызмет көрсетуді ұсынады, бұл үшін клиент пайдасына шешілетін операциялар жүргізеді. Пассивтік операцияға клиенттің өзі қатынасу сатысы банк тарататын ақша құралдарының ролі болса да, тиімді емес шығында банк үшін маңызды.

Активтік операциялар жүргізу кезінде клиенттерге қызмет көрсету ұсынылғанда банк рөлі маңызды, бұлардың ішінде банктер жүргізетін құнды қағаздармен (қор жинау операциясы) операциялары несиеліктен бөлінеді, өзіндік саясат шеңберіндегі сияқты клиент есебінен тапсырыс береді. Тәжірибелік тұрғыдан клиенттердің толық қатынасуы үшін банк операцияларының келесі тобы ұсынылады: Комиссиялық бастамада және клиенттерге тапсырыс бойынша жүргізілетін комиссиялық-делдалдық және сенім білдіретін.

Бұл операциялардың барлығы «клиент-банк-клиент» схемасындағы және банк қызмет көрсетуінің түсінігінің тең мәнділігіне жауап береді. Банктердің клиент қаражаттарын жинау мақсаты тек тікелей пайда алу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қажетті төлем функцияларын орындай отырып, оларды келесідей пайдалану мақсатында осы қаржыларды шоғырландыру мүмкіндігі. Бұл үшін өз клиенттеріне ұсынылатын қызмет көрсетулер үшін негізінен комиссия тартады.

Сондықтан қорытындылай келгенде банк - бұл банктік қызмет көрсетуі және соңғы анықталған төлем пайдасына клиент тапсырысы бойынша жүргізілетін банк операциясы түсіндіріледі.

  1. Банктің кірістік қызметтерін жіктеу.

Банктердің іс-әрекеттерінің мәнін оларды басқа органдардан ерекшелейтін анықталған немесе жүзеге асыратын қызметінен байқауға болады.

Банк қызметін клиент мүддесіне анықталған қызметті банктің жүзеге асыруы ретінде сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай бір тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі жатыр. Банктің негізгі қағидасы -кіріспен, табыспен жұмыс жасау, сараптамаларды дұрыс анықтау әрқашан назардан тыс қалмайды.

Қазіргі уақытта бәрінен бұрын негізгі дәстүрлі қызметке салымдар жинау мен несиелер ұсыну қатысты. Банктер осы қызметтері бойынша пайыз айырмасына пайда үлесін алады. Бірақ, тек осы екі қызметтің шеңберіне банктық өнімнің көптеген әр түрлі нысандары жасалады.

Бүгінгі күні әмбебап банктер қаржылық қызмет пен банктық іс-әрекеттің барлық аспектілерін барлығын дерлік қамтитын өнімнің кең көлемін ұсынады. Сонымен бір мезетте басқа банктер бәсекелестікті жеңіп шығумен ұстап қалу мақсатында қатаң анықталған қызмет түрлерін көрсетуге мамандандыруға талпынады.

Коммерциялық банктердің жүйесі ақша рыногының қалыптасуына заңды және жеке тұлғалардың қолма қол уақытша бос қаржыларына экономикалық негіз қалыптастыруға ықпал етеді, сонымен қатар мемлекет және оларды экономика мен халықтың тұтынымын қысқа мерзімде қанағаттандыруға пайдаланылады.

Коммерциялық банк өз клиенттеріне шаруашылық іс-әрекеттерімен қызмет көрсетумен байланысты несие есеп айырысу және қаржы операцияларының барлық түрлерімен айналысады.

«Қазақстан Республикасының банк және банк іс-әрекеті туралы» заңына сәйкес банктер келесідей қызметтерді жүзеге асыруы мүмкін:

-ақылы негізде депозиттерді тарату;

-банк корреспонденттерімен клиенттерінің есептерін жүргізу мен оларға
кассалық қызмет көрсету;

-заңды және жеке тұлғаларға қайтарымдылығы, мерзімділігі,
толымдылығы шартымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер
ұсыну;

-инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

-заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді), төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

-ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;

-тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет
көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың,
-инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;

-банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
-клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;

-клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру
бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;

-коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг) ;

-клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
(қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;

-банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

-лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішіңде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .

Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:

-уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік
операциялар) ;

- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;

- қолма-қол емес есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;

-инвестициялық қызметті;

-клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал-банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.

Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптілігін төмендетеді.

Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.

Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет.

Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ (банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. ) Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі (Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. ) Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ. Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын.

Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттік банкінінің бөлімшелерімен құрастырылған, қарыздық қор өз кезегінде КСРО Мемлекеттік банкінің өзінде орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлімшелер бойынша бөлінген, сонымен қатар, мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялармен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік саясаттары зерттелмеген.

Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі. Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

-банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;

-депозиттік операциялар әрекет ету керек;

-банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;

-банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударуды қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз ету қажет;

-депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.

Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация табыстарының жіктелуі
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Ағымдағы салық активтері
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның атқарымдары
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Қазақстан Республикасында екінші денгейлі банктердің табыстары мен шығыстарын талдау ( Цесна-Банк АҚ мысалында)
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz