КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ТАРАУ1.КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .5
1.1 Банк қаржылық қызметтерінің мәні және мақсаттары
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банк қызметінің түрлері және олардың жіктелу белгілері
... ... ... ... ... ..8
1.3 Банктің қаржылық қызметін дамытудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ..20

ТАРАУ 2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (АҚ Тұран Әлем
Банк ) ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...26
2.1.АҚ Тұран Әлем Банкінің Қазақстан Республикасының банк секторындағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 26
2.2. Банктің қаржылық қызметтерінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... 28
2.3. Банктің қаржылық қызметтерінің тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... 3 7

ТАРАУ 3. ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ
ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...47
3.1 Қаржылық қызметтерді бағалау әдістерінің
мәселелері ... ... ... ... ... ... 4 7
3.2 Қаржылық қызметтерді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 7

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...61

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық қызметтерінің даму
бағыттарын зерттеудің маңыздылығы банктердің экономикалық жүйедегі орнымен
анықталынады.
Біріншіден, банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды
құрылымының бірі. Экономикалық жүйенің бүгінгі жағдайы мен болашағы, тиімді
жұмыс істеуі және дамуы банк секторының қызметіне тығыз байланысты. Банктер
нарық делдалдары ретінде қаржылық қызметі барысында босатылатын шаруашылық
органдарының капиталдарын, халықтың жинағын және басқа да бос ақша
қаражаттарын тартады және оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалануға
береді, ақша есебін жүргізеді және қоғамның өнімнің айналымы мен өндірістің
тиімділігіне тікелей әсер ете отырып, экономиканың дамуына ықпал етеді.
Жалпы Қазақстан экономикасының, оның ішінде нақты сектордың
бүгінгі күнде жоғарғы қарқынмен дамуының бір себебі елдегі банк жүйесінің
даму деңгейі. Қазақстан Республикасының алдына қойған стратегиялық
мақсаттарының жүзеге асуы үшін, оны қаржылық және несиелік тұрғыда
қамтамасыз ету қажет. Бұл қазіргі кезеңдегі банк жүйесі мен несие
институттарының қаржылық қызметтерінің негізгі мақсаты. Алға қойылған
мақсаттарды шешу қазақстандық банктердің қаржылық қызметінің өрісін
кеңейтуді тәжірибе жүзінде негіздеп және тәжірибеге біршама прогрессивті,
нақты нысандағы жұмыс әдістемелерінің жаңалықтарын еңгізуді талап етеді.
Екіншіден, екінші деңгейдегі банктердің экономикадағы ролі банк
жүйесінің тиімді жұмыс істеп, ары қарай дамуын талап етеді. Қазақстандағы
коммерциялық банктер өз табыс базасын кеңейтіп, рентабельділігі мен
өтімділік деңгейлерін жоғарылату, өз клиенттері үшін операциялар мен
қызметтерді кең көлемде жүргізе отырып, ішкі бәсекеге шыдауға тырысады.
Бұл үшін халыққа қаржылық қызмет көрсететін банктердің рөлін ынталандырудың
мәні - аз шығын шығарып, ең жоғары деңгейде тиімді әрекет ету, банктің
қаржылық қызметтер көрсетуінде клиенттердің тұтынымын толық қанағаттандыру,
жеке және заңды тұлғаларға банктің қаржылық қызмет көрсетуін жақсарту,
банктік қызмет спекторын кеңейту олардың өзіндік құнын төмендетудің маңызы
зор болып табылады.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының жаһандық экономикалық
процестерге араласуы, дамыған 50 елдің қатарына қосылу, Дүниежүзілік Сауда
ұйымына мүше болу мақсаттары отандық банк жүйесінің алдына жаңа міндеттер
қояды. Бұл қазақстандық банктерден дүниежүзілік қаржылық қызметтер
нарығындағы бәсекеге шыдауға қажетті іс-әрекеттер жасауды талап етеді.
Дамыған ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, классикалық банктік
қаржылық қызметтерді ұсынуды жетілдіру, жаңа технологиялардың негізінде
қазіргі заманның талабына сай, жаңа қаржылық қызметтер мен өнімдерді
енгізудің жолдарын іздеу, дүниежүзілік қаржылық қызметтер нарығына шығу
арқылы бәсекелестік мүмкіншіліктерін арттыру отандық банктердің алдарында
тұрған негізгі міндеттер болуы қажет.
Осы аталған міндеттер мен мақсаттар екінші деңгейдегі банктердің
қаржылық қызметтер нарығының мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда
талдаудың маңыздылығын көрсетеді.
Банктердің қаржылық қызметтер нарығының өзекті мәселелері отандық
экономикалық ғылыми әдебиеттерде, мерзімдік басылымдарда қарастырылады.
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму мәселелері
Сейітқасымов.Ғ.С, Қамаев.В.Д., Қалиева.Г.Т. Кенжегузин С. сияқты белгілі
экономистердің еңбектерінде қарастырылады. Соған қарамастан, жалпы отандық
банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, қаржылық қызметтер
нарығының проблемалары туралы жазылған фундаменталды монографиялар әлі
жеткіліксіз деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банктердің қаржылық қызметтерінің
даму бағыттарын зерттеудің маңыздылығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен
міндеттерін анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - АҚ Тұран Әлем Банкінің негізінде
коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің даму бағыттары мен
мәселелерін талдау және банктік қызмет көрсету нарығындағы туындайтын
проблемаларды шешу жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер
қойылған:
- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің мәнін ашып көрсету;
- қаржылық қызметтердің ұйымдастырушылық әдістерін талдау;
- АҚ Тұран-Әлем Банкінің негізінде қаржылық қызметтердің қазіргі даму
бағыттарын қарастыру;
- банк жүйесіндегі қаржылық қызметтердің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қызметтердің бағалау әдістерін жетілдіру жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың методологиялық және тәжірбиелік негізі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау
заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық
материалдары, АҚ Тұран-Әлем Банкінің жылдық есептері, отандық және
шетелдік экономистердің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері? Мерзімдік
басылымдардағы материалдар қолданылады.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік обьектісі ретінде АҚ Тұран-Әлем
Банкінің қаржылық құжаттары, проблемалары жөніндегі зерттеу
материалдары, Қазақстанның және Батыс елдерінің коммерциялық банктерінің
жұмысын талдау материалдары қолданылды.

ТАРАУ 1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1. Банк қаржылық қызметтерінің мәні және мақсаттары

Банк қызметтері мен мақсаттарын түсіну үшін алдымен
қаржы ұғымын түсінуіміз керек.Қаржы –несие қатынастарында орын алған несие
қатынастарын ұйымдастырудың жаңа нысанының пайда болуы өзгермелі
экономикалық жағдайға қаржы – несие институттарын біртіндеп бейімдейтін
және банк жүйесін құрылымдық қайта ұйымдастыру барысын талдау бөлігінде
зеттеудің қажеттілігін көрсетеді. Коммерциялық банктердің тиімді жүйесін
қалыптастыра отырып республикада нарықтық қатынастардың ары қарай дамуы
жөніндегі шаралар кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстанның экономикалық дамуының бүгінгі кезеңі банктерді қаржы нарығының
әр түрлі жаңа құралдарын еңгізе отырып, өз қызметін жан-жақты дамытуды
мәжбүрлейді. Онымен бір мезгілде халықтың ақша қаражаттарын тарту оларға
әртүрлі банк өнімдері мен қызметтерін ұсыну саласында, түрлі инвестициялық
қаржы компаниялары мен сақтандыру және зейнетақы қорларын ұсынатын ішкі
банк жүйесінде, сонымен бірге банктер арасында және банктік емес
институттарда бәсекелестік күшейеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл
жағдайда клиенттердің сұраныстарына бейімделген, өз нарықтық сигментін таба
алатын банктер ғана өмір сүре алады.
Банк қызметін стратегиялық жоспарлаудың теориялық негізінде
Қазақстанның қазіргі банк нарығы ұсынылған және негізгі қаржылық
көрсеткіштері қарастырылған, банк секторының сапалық және сандық өсуін
куәландыратын коммерциялық банктердегі стратегиялық жоспарлаудың өзіндік
ерекшеліктері, сонымен қатар өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен, банк
жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Өткен жылдардағы
ел экономикасын нарықтық қайтақұруда Қазақстан банктері құрылу мен
қалыптасу жолынан өтті, бұл аралықта олар сандық және сапалық қайта құрылып
орныға түсті. Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарастыра
отырып, банктік институттардың қысқартылғанын байқаймыз: егер 1993 жылы
елде 204 банк болса, 1997 жылы олар 82-ге түскен, ал 2000 жылғы шілденің
басында 48 банк есептелсе, 2002 жылы 44 болған, 2006 жылы ол 35-ге дейін
қысқартылды. Квазибанктік институттар құрылды: ломбардтар, зейнетақы және
инвестициялық қорлар, несие серіктестіктері, ипотекалық компаниялар,
сақтандыру ұйымдары, Қазпочта құрылды. Бұл жағдайлардың себебі сыртқы
факторлар ретінде, сонымен қатар ішкі факторлар ретінде болуы мүмкін.
Банктердің әр түрлі операциялармен қызметтерді жүзеге асыратыны
белгілі. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының банктері мен
банк қызметі туралы заңы банк қызметін банк операцияларын жүзеге асырады
сонымен қатар осы бапта белгіленген басқа да банк операцияларын жүзеге
асырады деп анықтайды. Осы аталмыш заңда банк операциясы түсінігі бар
екенін көреміз, сонымен бірге барлық банк іс-әрекетіне қатысты үнемі
банктік қаржылық қызмет көрсету түсінігі қолданылады. Экономика ғылымында
бұл екі түсінікті талқылаудың көптеген жолдары бар В.Ф. Гарбузовтың
редакциясымен ұсынылған Қаржы - Несие сөздігінде банк операциясына
келесідей анықтама береді: банктық операция – қаржы құралдарына және
оларды айналымға шығару, кеңейту мен одан ақша алу үшін, есеп айырысуларды
жүзеге асыру және т.б. әсер ету жөніндегі банктердің операциялары [29. 28
].
Банк немен айналысады деген сұраққа – қызмет көрсетумен немесе
операция жүргізумен-деп жауап беру қиын. Бұл мәселені алдымен банк
түсінігінің өзін қарастыру арқылы анықтау қажет.
Банк - заңды және жеке тұлғалардан жинақталған ақша айналымының
кезеңдерімен байланысты, осы ақша құралдары есебінен банк қызметін ұсынатын
ерекше өнім жасайтын, арнайы экономикалық институт[23.18].
Басқа қаржы делдалдарынан банктің ерекшелігі. Біріншіден, банктер
үшін қарыз міндеттемелерімен екі айырбас жасау сипатталады: олар меншікті
қарыз міндеттемелерін кеңейтеді, осы негізде мобилизацияланған қаржылар
қарыз міндеттемелері мен бағалы қағаздарды өсіреді және басқа
шығарылымдарды өсіреді. Екіншіден, банктер заңды және жеке тұлғалар алдында
бекітілген қарыз сомалары міндеттемелерін өзіне алумен ерекшеленеді.
Үшіншіден, банктер кассалық-есеп айырысу қызметін, электрондық ақша,
пластикалық карталар шығарумен қызмет көрсетуді жүзеге асыра отырып
мемлекеттер, кәсіпорындар, халық арасында ақша құралдары айналымына
делдалдық етеді. Банктердің әрекет етуі өндіріс процесінде және осы
капиталдың жаңа игілікпен қызмет жасау мақсатында іске, еңбекке, ұсынылуын
есепке алмайтын капиталдың шоғырлануы деп айтуға болады. Яғни банктер
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы делдал болып саналады, сондықтан
бұлар екіжақты айырбас қатынасына түседі. Мұны келесі сурет түрінде
көрсетуге болады

Тауарлар мен қызмет көрсетулер
Еркін ақша қаражаты
Несие

Сурет 1.1.1 Банктің айырбас қатынастарындағы орны

Бұл схемада ақша құралдарының әсері мен өсуі олардын
толымдылығы жағдайындағы жылдамдылығы мен қайтарымдылығымен байланысты
банк іс-әрекетінің негізгі түрі көрінеді. Бірақ, банк қаржылық қызметтің
кең спекторын көрсететін және әмбебап кәсіпорын болып саналады.
Банктермен клиенттердің өзара іс-қимылы клиент-банк-клиент
түрінде көрсетілген.
Банк түсінігінің мәні мен клиент – банк - клиент схемасы
құрылымын анықтау мұндай кәсіпорынның банк ретіндегі іс-әрекетінің
қорытынды нәтижесін жариялау үшін қажет. Егер материалдық өндіріс саласына
қорытынды іс-әрекеті дайын өнім болса, онда банк саласына – банктік
материалдық игілік жасалмайтын, бірақ процес ретінде пайдалы, өзіндік
еңбектің тиімділігі деп түсінетінін атап өту қажет.
Қызмет көрсету – бұл жаңа бұрын болмаған материалдық заттық өнім
құрылмайтын бірақ орындаушылық процестегі іс-әрекеттің, жұмыстың түрі бар
өнімнің сапасы өзгереді [37.40].
Атап айтқанда, қаржылық қызмет көрсету – бұл еңбек өнімдерінің
немесе нәтижелерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни
банк операциялары олардың тиімділік нәтижесі тұрғысынан алғанда мұндай іс-
әрекет – бұл клиенттерге қаржылық қызмет көрсету. Клиенттің қолма қол
ақшасы банк операциясы қызметінің трансформациясын анықтайды.
Банк операциясының бағытын мұндай трансформацияның қандай
болатынымен бақылап отыруға болады.
Коммерциялық банктердің барлық операциясын үш топқа бөлуге
болады:
1. Пассивтік (қаржылар тарту)
2. Активтік (қаржыларды таратып, үлестіру)
3. Коммерциялық-делдалдық және сенім білдіру (трасталық) операциялар.
Бұл операциялар тобының әр бірі оларға клиенттердің болжап сонымен
қатар банк ұсынатын қызмет көрсетудің анықталған үлесін көрсету. Банк
тарататын қаржының маңызды бөлігі клиенттердің тікелей қатысуымен банкке
талап еткенге дейін депозит түрінде ақша сомасын салу, сонымен бірге
мерзімді жинақтар немесе басқа салымдардан қалыптастырылады. Бұл жоғарыда
келтірілген схеманың бірінші кезеңі, ол клиент-банк қатынасы, ненің
нәтижесінде қызмет көрсетудіұсыну процессі басталатынына қатысты.
Банк клиент талғамына қарай оған кез келген қызмет көрсетуді
ұсынады, бұл үшін клиент пайдасына шешілетін операциялар жүргізеді.
Пассивтік операцияға клиенттің өзі қатынасу сатысы банк тарататын ақша
құралдарының ролі болса да, тиімді емес шығын да банк үшін маңызды.
Активтік операциялар жүргізу кезінде клиенттерге қызмет көрсету
ұсынылғанда банк рөлі маңызды, бұлардың ішінде банктер жүргізетін бағалы
қағаздармен (қор жинау операциясы) операциялары несиеліктен бөлінеді,
өзіндік саясат шеңберіндегі сияқты клиент есебінен тапсырыс береді.
Тәжірибелік тұрғыдан клиенттердің толық қатынасуы үшін банк операцияларының
келесі тобы ұсынылады: Комиссиялық бастамада және клиенттерге тапсырыс
бойынша жүргізілетін комиссиялық-делдалдық сенім білдіретін.
Бұл операциялардың барлығы клиент-банк-клиент схемасындағы және
банк қызмет көрсетуінің түсінігінің тең мәнділігіне жауап береді.
Банктердің клиент қаражаттарын жинау мақсаты тек тікелей пайда алу ғана
емес, сонымен қатар қоғамдық қажетті төлем функцияларын орындай отырып,
оларды келесідей пайдалану мақсатында осы қаржыларды шоғырландыру
мүмкіндігі. Бұл үшін өз клиенттеріне ұсынылатын қызмет көрсетулер үшін
негізінен комиссия тартады.
Сондықтан қортындылай келгенде банк – бұл банктің қаржылық қызмет
көрсетуі және соңғы анықталған төлем пайдасына клиент тапсырысы бойынша
жүргізілетін банк операциясы .

1.2 Банк қызметі түрлерінің жіктелуі және оларды ұйымдастыру әдістері

Банктердің іс-әрекеттерінің мәнін оларды басқа органдардан
ерекшелейтін анықталған немесе жүзеге асыратын қызметінен байқауға болады.
Банк қызметін клиент мүддесіне анықталған қызметті банктің
жүзеге асыруы ретінде сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде
қандай бір тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі жатыр.
Қазіргі уақытта бәрінен бұрын негізгі дәстүрлі қызметке салымдар
жинау мен несиелер ұсыну қатысты. Банктер осы қызметтері бойынша пайыз
айырмасына пайда үлесін алады. Бірақ, тек осы екі қызметтің шеңберіне
банктік өнімнің көптеген әр түрлі нысандары жасалады.
Бүгінгі күні әмбебап банктер қаржылық қызмет пен банктік іс-
әрекеттің барлық аспектілерін барлығын дерлік қамтитын өнімнің кең көлемін
ұсынады. Сонымен бір мезетте басқа банктер бәсекелестікті жеңіп шығумен
ұстап қалу мақсатында қатаң анықталған қызмет түрлерін көрсетуге
мамандандырылуға талпынады.
Коммерциялық банктердің жүйесі ақша нарығының қалыптасуына заңды
және жеке тұлғалардың қолма қол уақытша бос қаржыларына экономикалық негіз
қалыптастыруға ықпал етеді, сонымен қатар мемлекет және оларды экономика
мен халықтың тұтынымын қысқа мерзімде қанағаттандыруға пайдаланылады.
Коммерциялық банк өз клиенттеріне шаруашылық іс-әрекеттерімен
қызмет көрсетумен байланысты несие, есеп айырысу және қаржы операцияларының
барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасының банк және банк іс-әрекеті туралы заңына
сәйкес банктер келесідей қызметтерді жүзеге асыруы мүмкін:
- ақылы негізде депозиттерді орналастыру;
- банк корреспонденттерімен кленттерінің есептерін жүргізу мен оларға
кассалық қызмет көрсету;
- заңды және жеке тұлғаларға қайтарымдылығы, мерзімділігі,
толымдылығы шартымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер
ұсыну;
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару
(чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін
кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет
көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардын,
инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сейфтік бизнес);
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, коммерциялық
банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел
валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау;
ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
5. уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
6. экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
7. қолма-қол емес есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
8. инвестициялық қызмет;
9. клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті
капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің
несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі - біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл
салымдарды жаппай кері алу қауіптілігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық обьектілерінде
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және
нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне
мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін
қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбек-ақыны төлеу,
сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды
төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы
сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады,
банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін
банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік
операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары
бөлігін пайдаланады, сондай-ақ (банктер өз клиенттерінің уақытша бос
ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі
бөлігін депозиттер құрайды.) депозит пен банктің клиенттерінің жинақ
салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы
түсіндіріледі (Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды
пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп
аталады.) Осылардың негізінде коммерциллық банктердің несиелік
ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Банк мекемелері алдында олармен жинақталатын несиелік
ресурстардың мөлшері мен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді
қамтамасыз ету міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Депозиттік
саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел тәжірибесіне назар аудара
аламыз. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке
кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік
кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық
банкітерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептерімен түсіндіріледі.
Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар
табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен
ұйымдастырылады:
10. банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай
жасауға;
11. депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансынын оперативтік өтімділігін демеу мақсатында
икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру
процесінде ерекше назар аударуы қажет; депозиттік операциялармен
қарыздарды беру бойынша операциялардын арасында мерзім және сомалар
бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді
дамытуға шаралар қолдану;
Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап
еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта
салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай
қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта
салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап
еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір
жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекетгерде
пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап
еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда - қолма-
қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып
клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім
білдіреді. Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз
шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, комппьютерлік техникаларды
қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердін шығындарының
маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте
жүздеген немесе мындаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады. Талап
еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын болсақ,
олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін
толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде
компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкімен
пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен
қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері
өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше
күннен немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырулары
нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу
үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық
сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі
шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере
алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе
контокорренттік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында
айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын
ғана алуы немесе аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады.
Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін.
Депозиттердін екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің
өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары
мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні
жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит
тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға
қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады.
Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын
ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті
мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар
болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала
белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз
қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні
соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот
секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде
кері ала алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. Әдетте ескерту
мерзімдері - 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңірек
тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот
деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері
алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің
басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ
салымдарын құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде
сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ
салымдарын кеңінен қолданады. Халықтың салымдарын тарту мақсатында
жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға
мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық,
телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының
тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала
ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозиттік
сертификаттар болып табылады. Ол банкте тұрақты пайыздық мөлшерлемемен
белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын
ақшалай құжат. Ақшаны мерзімінің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну
арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін болуы
мүмкін [31.36]
Халықтын көбірек бөлігіне 500, 1000 және 2500 доллар номиналымен
1 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы
мүмкін.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп аталады. Оларға банкаралық нарықтан займ алу бағалы
қағаздарды кері сатып алу шартымен сату, вексельдерді есепке алу және
орталық банктен қарыз алу, кепілге салу қағаздарын, банктік облигацияларды
эмиссиялау және т.б. жатады.
Банкаралық нарықта Орталық банктің резервтік шотында
сақтандырылатын депозиттер сатылады және сатып алынады. Міндетті минимуммен
салыстырғанда резервтік шотта артық қаражаттыры бар көптеген банктер
олардың қосымша пайда алуы үшін қысқа мерзімді қарызға ұсынады.
Банк ресурстары шоғырландырылған және толық берілетін қаржылардан
құралады.
Меншікті қаражатқа акционерлік және резервтік капитал, сонымен
қатар бөлінбеген пайда жатады. Меншікті қаражат банк ресурстарының азғантай
бөлігін құрайды, ресурстардың негізгі бөлігі салымдар, депозиттер, сонымен
қатар корреспонденттік шоттар түрінде болады.
Жинақтаудан басқа банк клиенттерінің барлық мерзімді, мерзімсіз
салымдары депозит деп танылады. Депозиттер екі түрлі болады: талап еткенге
дейінгі және мерзімді салымдар. Талап еткенге дейінгі салымдар – бұл
клиенттердің ағымдағы шотына арналған қаражаты, олар кез келген сәтте талап
етілуі мүмкін, олардан төмен пайыз төленеді және олар ағымдағы есеп
айырысуға арналған. Депозиттердің екінші нысанын мерзімді салымдар құрайды.
Бұл салымдардың ағымдағыдан айырмашылығы біршама ұзақ мерзімге беріледі.
Салымшылар жоғары пайыз төлейді, банк осы салымдарданберілген несиелер
есебінен пайыздап табысты өсіреді.
Осы операциялардан жинақталған қаржы ауыл шаруашылығы саласын
қаржыландыру үшін жұмсалады.
Пассивтік операцияларға басқа банктерден алынған несиелер жатады.
Жинақталған қаражат – операцияның бұл түрі банк бастамашылығымен
жүргізілетін кәдімгі несие мәселесі болып саналады.
Несие операцияларын белгілеріне қарай жіктеуге болады. Несие
ұсынылатын мерзімі бойынша қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді
болып бөлінеді.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалык қызметі -
экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету
аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның
арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының
арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық
шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар.
Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік
операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер,
керісінше, банк қарыз алушы рөлінде, ал клиенттер - несие беруші рөлінде
болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны
болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші
қызмет - бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит
формасында.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша
қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық
делдалдар рөлін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардын барлық
қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл
қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінін қажеттілігін
қанағаттандырады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше
несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің
несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей
банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық
субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға
трансформацияланатын жанама несиеледендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей
қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы - шаруашылық
субъектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз
алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы
да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға
тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни
қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат
-вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз
(ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық несие банкілік
несиеге түрлендіріледі.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі
белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша -қысқа мерзімді (1-
ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету
түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген
және қамтамасыз етілуі жоқ блактер) және қамтамасыз етілген; банктің
роліне байланысты (несие беруші немесе қарыз алушы) - активтік және
пассивтік қарыздық операциялар (активтік - бұл клиентті және басқа
банктерді несиелеу; пассивтік - Орталық банктен және басқа
коммерциялық банктерден банкаралық несие алу); несиелендіру мақсатына
байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын
қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады:
қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері
бойынша, ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың
түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын
мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық,
қаржы органдарына және т.б.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және
тұтынушылық қолма-қол және қолма-қол емес (тұрғындардың қажеттілігін
қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жіктелуінің негізінде
формалды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық
әдебиетінде несиенің және несиелік операциялардын бірыңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің "несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара
қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік
келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісім-шарттың
шарттары коммерциялык банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты
сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар
несиенің қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал
банктер - несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу
шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып
пайыздық саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер
негізінде іріленген объект құрамын және несиелердің жекелеген объектілерін,
несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз
қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет
ететін басқа шаралар және де несиелік келісім-шартты сақтандыру жақтары
бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісім-
шарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктін клиектке
әсеріне байланысты.
Соңғы жылдары лизинг және факторинг сияқты банктік операциялар көп
тарауда.
"Лизинг" ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды
білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды
(ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға
ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір
уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті
пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдынғы
техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті
формасы[34.59].
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары
мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы - мүлік иесі (лизинг беруші), екінші
- мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші - мүлікті сатушы. Олардың
өзара қатынасы келесідей түрде қальштасады: болашақ лизинг алушы ақша-
қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол
лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға
төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі
ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға
(оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктін
несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің
барлық приципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық).
Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті
төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл
өндірістік, негізгі қорларға тауарлық несие. Лизинг түрлері:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі.
Оның объектісі болып моральдік тозу қарқыны өте жоғары
машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім
машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес
келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті
лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған
құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі
бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы
лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-
жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің
артықшылығы - лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу
үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын
жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты
материалдық қамтамасыз етілген.
Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар
(шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға
(банкіге) беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем
құжаттарды (олардың девиторлық қырызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай
мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған
қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін
қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді[24.64 ].
Факторинг - жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін
шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988
жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі
қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1) қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің
болуында;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен
өткізу есебін;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;
4) несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие
беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады.
Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді
алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады.
Сонымен қатар; банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті,
тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады, Жабдықтаушы
шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және
факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік
комиссияның пайдасы.
Факторингтік келісімнін бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету
туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ
қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды:
күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік
түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір
мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу.
Регресстік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан
айырмашылығы - факторингтік компания жабдықтарушы керсететін несиелік
тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары
төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі -
агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім. Бұл жағдайда
жабдықтаушы факторингтік компанияға тек несиелік тәуекелдің қорғау
функциясын береді, ал қалған элементгер жабдықтаушыда қалады, яғни ол
факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті
болады.
Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық
немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін.
Факторингтік компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді
болып келеді.
Банктік операциялардың келесі түрі банктік қызмет болып саналады.
Банктер үшін бұлар жарнаманың маңызды бөлігіне қызмет етеді. Банк қызмет
көрсетуінің үш түрі әрекет етеді: мүлікпен басқару (сенім білдіретін немесе
трасталық операциялар), бағалы қағаз шығару, сақтау мен тарату және олармен
басқару жөніндегі операциялар; төлем айналымы, векселдер мен чектер
инкассациясы, бағалы металдармен валютамен операция.
Төлем айналымы болып банктердің клиенттер есебінен немесе олардың
меншікті есебінен қолма - қол және қолма – қол емес төлемдерін жүзеге асыру
танылады.
Әр бір кәсіпорын өз қызметінің барысында басқа шаруашылық
субьектілері мен мемлекетпен, банклермен, жұмысшылар және қызметшілермен,
басқа әріптестермен үзіліссіз байланыста болады.
Кәсіпорын мұндай қатынастарды ақша көмегімен жүзеге асырады, ал
олардың жиынтығы ел көлемінде өзінің ақша айналымын ұсынады.
Ақша айналымы екі формада жүзеге асырылады – қолма –қол ақша
айналым формасы және қолма – қол ақшасыз есеп айырысу формасында.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысушылар ақша құралдарын төлеушілер мен
аударушылардың шотпен алушының шотына аудару жолымен сонымен бірге
міндеттемелерді қарсы алу жолымен.
Қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың арқасында айналым шығындары
үнемделіп, есеп айырысушылар жеделдетіліп және жеңілдейді, ақша
құралдарының сақталуы қамтамасыз етіледі, ақша айналымын ұйымдастыру
жақсарады.
Республикадағы ұлттық төлем жүйесінде қолма – қол ақшасыз есеп
айырысу, есеп айырысуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін және банктегі
біртұтас құжаттар айналымын анықтайды: барлық ұйымдастырушылық-құқықтық
формадағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан қабылданатын қолма – қол
ақшасыз есеп айырысу мен есеп айырысу құжаттарының формасын қарастырады.
Қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары:
- төлем тапсырмасы;
- акцептелген төлем тапсырмасы;
- төлем талап - тапсырмасы;
- аккредитив;
- чек;
- инкассалық тапсырма.
Төлем тапсырмасы – анықталған ақша сомасымен сатып алушының есебіне
аудару, осы төлеушінің қызмет көрсететін банкке тапсырмасы.
Акцепт төлем тапсырмасы төлемшінің банкке – төлеушіге ақша құралын
белгілі бір азаматтың атына жеке өзіне белгілі ақша сомасын почта арқылы
аудару туралы өз тапсырмасын ұсынады.
Төлем талап-тапсырмасы – төлемшінің банкіне жіберілген есеп
айырысу және жүк жөнелту құжаттары негізінде шарт бойынша жеткізілген
өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын төлеу
жөнінде жеткізушінің сатып алушыға қойған талабы.
Аккредитив – банктің бекітілген кезеңдегі қызмет көрсеткені
немесе тауарларды жібергенін нақтылайтын құжаттарын мәлімдегенде
көрсетілген қызмет немесе жөнелтілген тауар үшін төлемшінің белгілеген ақша
сомасын төлеу туралы өз міндеттемесін ұсынады.
Чек – есеп айырысу құжаты, чек ұстаушылардың чекті мәлімдеген кезде
чек беруші банкіге – төлеушіге белгілеген ақша сомасын төлеуге құралдарымен
өкім береді.
Инкассалық тапсырма – келісімсіз көшіріп алу құқығын қарастыратын
заңдық актілер немесе басқа атқарушылық құжаттардың негізінде оның
келісімінсіз төлемшінің есебінен белгіленген ақша – қаражат сомасын бене,
фициардың даусыз көшіріп алу тапсырмасы.
Клиринг. Кәсіпорындар арасында келісім бойынша банк атынан
бірлескен қарыздар есебі жүргізілуі мүмкін. Есеп бойынша айырма сомасына
банк төлем тағайындау графінде сілтеме жасалып төлем тапсырмасын немесе
чек ұсынады.
Клиенттерге көрсетілетін ағымдағы ақша операциялары мен
қызметтерінен басқа, банктер клиенттерді капиталды басқару мәселелерінен
консультация береді. Клиент оның сұранымы мен талабы оларды қанағаттандыру
– банк жұмысының маңызды аспектісі.
Банк, оның жұмысшылары тек қаржы операциялары тарапынан ғана емес,
сонымен бірге клиенттердің консультанттар ретінде қатысуын шақыруға мүдделі
оның қаржылық жағдайы, жетістіктеріне қызғанушылық білдіреді. Клиенттер
банктің тең құқықты әріптесі ретінде қатысуы маңызды. Бұл үшін оған мүмкін
болатын мәмілелердің варианттарына жеке-жеке анықтап ол үшін ұтымдыларын
ұсыну қажет.
Мысалы банк несие бергенде банк несиесінің тиімді мөлшері мен
оның мерзімінің өтуін өзі ұсынады және талдау жасайды.
Банк бағалы қағаздарды инвестициялау жөніндегі консалтингпен
айналысады.
Клиенттермен қатынасудың әр бір сатысында соның ішінде келісім
шартты дайындау мен орындау шеңберінде клиент оның мүмкіншілігін, жүзеге
асыру жолдарының тиімділігін клиент жағдайының жақсы болуы – оның банктың
жағдайының жақсы болуы екенін түсіндіріп отыру керек.
Трасталық қызметтер – клиенттерге болатын басқа активтермен
меншікті басқару жөніндегі операциялар.
Қазіргі уақытта трасталық операциялар біршама маңызды болып
саналады. Банк клиент пен рынок арасында құзыретті ұсынушы – делдал және
олардың
жүзеге асуына пайда алса да.
Банктік трасталық операциялар келесідей түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардан трасталық қызметтер:
- коммерциялық кәсіпорынның трасталық қызметтір.
Жеке тұлғалардың трасталық қызметтері өсиет қалдырушы және көзі
тірісінде болып бөлінеді.
Өсиет қалдырушы трасталар меншік иесінің өлімінен кейін ғана
күшіне енеді. Көзі тірісінде оның иелік етушінің өмір сүруінде әрекет
етеді. Өсиет қалдырушы трасталар негізінен ол активтерін бенефициарларға
траста формасында бөліп бергісі келген кезде құрылтайшылармен құрылады.
Көзі тірісіндегі трасталар иелік етуші мүлікті басқарумен байланысты
инвестиция жөніндегі күн сайынғы шешімдерді қабылдау немесе салықтан қашу
алатындай активтерге меншік құқығын беру үшін құрылады.
Коммерциялық кәсіпорындардың трасталық қызметтері агенттік және
қамқорлық болып бөлінеді.
Банктердің трасталық бөлемдері іскер фирма агенттер сияқты әрекет
етеді. Бұл іс-әрекет негізінен коммерциялық клиенттердің мүдделігімен
бағалы қағаздар шығару дивиденттерді төлеу және оларды акционерлердің талап
етуі бойынша қайта инвестициялау және мерзімі өтуі бойынша бағалы
қағаздарды өтеу жұмыстарын жүргізеді.
Қамқорлық операциялар ірі компаниялардың қамтамасыз етілмеген
салынған мүлігінде сатылатын коммерциялық қағаздар рыногының
қалыптастырылуымен байланысты. Банктердің трасталық бөлімдері коммерциялық
қағаздарды сатып алу шотын жүргізеді өтеу мерзімі өтіп кеткен бағалы
қағаздар иелерінің төлемдерін жүргізеді және инвесторлар жүзеге асыратын
барлық бағалы қағаздардың қойылуын бақылайды. Тапсырыс ету – несиегер
қарызданушының алдында оның міндеттемелерінің толық немесе бөлігінің соңғы
орындалуына жауап беру міндеттемелерін өзіне алатын алатын тапсырушының
келісімі.Көрсетілген келісім жазбаша түрде келісім шартпен рәсімделеді.

1.3 Банктің қаржылық қызметін дамытудың негізгі бағыттары

Коммерциялық банктердің қаржылық қызметін дамытудың орталық
міндеттерінің бірі банктың өтімділігі оның операцияларының пайдалылығы,
табыстылығы арасындағы оптимальды өзара қатынасты ұстап тұру болып
саналады.
Банктер өз төлем қабылеттігінде күмәнділік болмас үшін анықталған
өтімділік деңгейін тұрақты қамтамасыз етіп отыруға тиіс.
Тұрақты өтімділік бағалы қағаздарды инвестициямен тікелей
байланысты.
Коммерциялық банктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі банктік маркетинг
Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту
Банктік қызметтер нарығын талдау
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі
Банк жүйесіндегі маркетингтік басқарудың теориялық негіздері
ҚР банк қызметін даму ерекшеліктері мен экономикадағы рөлі
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Пәндер