КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (мысал ретінде Тұран - Әлем Банк АҚ)


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТІТІН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ . . . 7
1. 1. Банк қызметі түрлерінің маңызы мен мақсаттары . . . 7
1. 2. Банк қызметі түрлерінің жіктелуі . . . 13
1. 3. Банктік қызметтердің ұйымдастырылуы . . . 34
2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ
(мысал ретінде Тұран - Әлем Банк АҚ) . . . 41
2. 1. Банк туралы жалпы мағұлмат . . . 41
2. 2. Банктің көрсететін қызметтерінің негізгі бағыттары . . . 46
2. 3. Халыққа банктік қызмет көрсету нарығының ұйымдастырылуын талдау . . . 52
2. 4. Банктің 2002-2005 жылдар аралығындағы негізгі көрсеткіштерін талдау . . . 59
3. БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ДАМЫТУДА МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ . . . 71
3. 1. Банктік қызмет көрсетуде халықтың қажеттілігін анықтаудың әдістемелік тәсілдері . . . 71
3. 2. Коммерциялық банктің инновациялық саясатының маркетингтік тәсілдері . . . 76
3. 3. Жеке қызмет көрсету нарығындағы банктің өтімділігі мен коммуникациялық саясатының маркетингтік тәсілдері . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 82 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 86
КІРІСПЕ
Қарастырылатын мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы. Соңғы жылдарда Қазақстанда нарықтық экономиканың инфрақұрылымы мен оған қатысты механизмдер қалыптасуы жүзеге асырылуда. Мұнда бәсекелестіктің дамуымен байланысты сұраным мен ұсыным механизмі ерекше орын алады.
Отандық банктер үшін жағымсыз, көбіне ішкі ортадағы факторлармен байланысты, республикадағы әлі де өркендемеген нарықтық қатынастар, экономиканың «өтпелі» жағдайы, кейде қарама-қайшы және шалағай сипаттағы экономикалық реформа және заңнамалардың болмауы.
Қазақстандық құқық саясатында қарыздарды төлеудің механизмінің болмауы бұқаралық төлем қабілеттілігінің жоқтығының туындауына және қаржы нарығына қатысушылардың ортақ қарыздар болуына әкеледі. Салық және бюджеттік заңнамалар жеткіліксіз жетілдендірілген. Республиканың банк жүйесін халықтың ақша қаражатын салуды ынталандыру мүддесінде банк құпиясы туралы заңды жетілдіру талап етіледі.
Тәжірибе көрсеткендей заңды ұйымдар үшін, корпоративтік клиенттерге банктік өнімдер мен қызмет көрсетулер нарығы коммерциялық банктер арасында әлдеқашан бөлінген. Олардың арасындағы жеке салымшыларды тартудағы бәсекелестік әртүрлі нарықта айналымға түсуі тиіс.
Нарықтық қатынастардың даму қисыны отандық банктерді мынадай маркетингтік міндетерге тоқталу мен шешуге әкеледі: қаржы нарығын зерттеу мен сигменттеу; банк қызметіне деген хылықтың төлем қабілеттілігі сұранысын сандық және сапалық бағалау; баға және ассортимент саясатын оптимизациялау; банк өнімдерін позиционировать ету; нарықтың қызмет көрсету үлесін анықтау; сәйкестендірілген мақсатты сегменттерді; банкілік қызметтердің өтімін ынталандыру мен коммуникация құралдарын пайдалану. Қазіргі маркетингке банк тәжірибесін еңгізудің мәні тек қана банк қызметін ынталандырумен шектелмейді, сонымен қатар нарыққа бейімделген Қазақстанның жаңа банк жүйесін қалыптастыруды жеделдетумен байланысты. Банк маркетингінің мақсаты барлық банк жүйесінің түсімділігі мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға ықпалын тигізетін, нарықтың талаптарына бейімделген қажетті шараларды құру. Банктік маркетинг стратегиясы өз өнімдері мен қызметтерін жүзеге асыруды ғана болжамайды, сонымен бірге өз клиенттерінің қажеттіліктерінің үлкен деңгейімен есептеледі. Бұған байланысты банк маркетингі Қазақстан экономикасында банк қызметі тұтынушылардың талғамы мен икемділігін талдау мен түбегейлі зерттеуді қарастырады.
Сондықтан маркетинг теориясын қарастыру оның методологиясын әзірлеу мен нарық коньюнктурасының өзгеруіне тез сезіну қажеттілігін шақыратын өзіндік спецификация есебінен отандық коммерциялық банктердің тәжірибесін еңгізу жеке тұлғалар үшін банк қызметінің жаңа түрлерін негіздеу мен қажеттілікті еңгізу.
Маркетинг саласындағы кең дамыған зерттеулерді шетелдік тәжірибелерді талдайтын шетел маман-маркетологтардың жұмыстарынан алуға болады. Бірақ бұл жұмыстардың көпшілігі тауар нарығын зерттеу кезінде қолданылатын өнеркәсіптік маркетинг мәселесін зерттеуге арналған. Қазақстанда маркетингті қолдану көзқарастары бойынша олардың көпшілігі осы салаға концептуальды тұрғыда келуді ұсынады, сонымен қатар хылыққа қызмет көрсету нарығында меншікті банктік маркетинг тұжырымдамасын құру үшін авторлардың ғылыми база ретінде пайдаланған кейбір негізделген теориялары.
Бірақ та, Қазақстанның банк жүйесінде маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ғылыми-әдістемелік аспектілері қазіргі кезеңде іргелі және кешенді өңделген жоқ. Республикадағы халыққа қызмет көрсету нарығындағы банктердің маркетингтік стратегиясын еңгізу мәселесінің зерттелуін талдау осы тақырыпта арнайы зерттеудің болмағандығын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанда халыққа қызмет көрсету нарығында банктік маркетингтің дамуы жөнінде маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныснамалар оны шешуді қамтамасыз ететін ірі ғылыми мәселелердің жобасын әзірлеу.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылған:
1. Халыққа қызмет көрсету нарығында банктік маркетингтің дамуының теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау. Халыққа қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін негіздеу.
2. Халыққа банктік қызмет көрсетудің халықаралық тәжірибесі мен оны қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын қарастыру.
3. Халықтың ақша қаражаттарын шоғырландыру, кассалық-есеп айырысу қызметі мен несиелік қызметті ұсыну, бөлшек нарықтың ерекшелігі мен заңдылығын зерттеу жөніндегі коммерциялық банктердің отандық тәжірибесін жария ету.
4. Халық пен коммерциялық банктер арақатынасындағы тәуекелдер факторлары мен оларды реттеудің жолдарын ашып көрсету.
5. Банк қызметіндегі халықтың қажеттілігін анықтауда әдістемелік тәсілдерді негіздеу.
6. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайын және оның несие қабілеттілігін талдаудың әдістемесінің жобасын әзірлеу.
7. Жаңа банктік қызмет көрсетулерді құру мен олардың бәсекелестік артықшылығы жөнінде банктің инновациялық саясатына маркетингтік тәсілдерді анықтау.
8. Банктің коммуникациялық және өтімділік қызметі саласында маркетингтік тұжырымды моделдеу.
9. Халық сенімінің деңгейіне банк имиджінің әсерін көрсету.
10. Хылыққа қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің менеджментте маркетингті қолданудың концептуальдық бағытын айқындау.
Банктердің коммуникациялық және өтімділік саясаты, банктің жаңа өнімдері мен қызметтерін құру жөнінде маркетингтік зерттеулердің методологиялық және әдістемелік жобасын әзірлеу, халыққа қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің қызметіндегі маркетингтік бағыт зерттеу пәні болып саналады.
Халыққа қызмет көрсету барысында қызмет көрсету нарығында республикадағы коммерциялық банктердің іс жүзіндегі тәжірибесі мен олардың нарықтық стратегиясы зерттеу обьектісін құрайды.
Дипломдық жұмыс деңгейінде хылыққа қызмет көрсету нарығында банктік маркетингтің даму мәселесін экономикалық зерттеуге талпыныс жасауда жұмыстың ғылыми жаңалығы анықталады.
Зерттеу барысында алынған біршама маңызды мәселелер және олардың ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
• кешенділік, үзіліссіздік, әлеуметтік жағдайға бейімделу қағидаларына негізделген; «банк өнімі» мен «банк қызметі» түсінігінің мазмұны мен мәнін материалдық және идеальдық диалектиканы нақтылаудан шығатын, халыққа қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің маркетингтік стратегиясын құрудың теориялық аспектілерін тереңдету.
• азаматтардың жинақтау мүмкіншілігінің есебінен банк қызметіне халықтың әлеуетті сұранысын болжау мен анықтау жөнінде кешенді ұсыныс түрінде жобасы әзірленген.
• банктің инновациялық саясатының негізделген жолын жүзеге асыру, несие және депозит нарығында, соның ішінде тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу жөнінде халыққа банктік қызмет көрсетудің жаңа және модернизацияланған түрлерін енгізу.
Зерттеу нәтижесін жүзеге асыру мен тәжірибелік мәні. Халыққа қызмет көрсету нарығында банктік маркетингтің теориясы мен тәжірибесі саласында ары қарай өңдеу үшін зерттеу нәтижесінде алынған қортындылар мен тәсілдер өз негізін ұсынады.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ КӨРСЕТІТІН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1. 1. Банк қызметі түрлерінің маңызы мен мақсаттары.
Қаржы -несие қатынастарында орын алған несие қатынастарын ұйымдастырудың жаңа нысанының пайда болуы өзгермелі экономикалық жағдайға қаржы - несие институттарын біртіндеп бейімдейтін және банк жүйесін құрылымдық қайта ұйымдастыру барысын талдау бөлігінде зеттеудің қажеттілігін көрсетеді. Коммерциялық банктердің тиімді жүйесін қалыптастыру оны қайта құру республикада нарықтық қатынастардың ары қарай дамуы жөніндегі шаралар кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның экономикалық дамуының бүгінгі кезеңі банктерді қаржы нарығының әр түрлі жаңа құралдарын еңгізе отырып, өз қызметін жан-жақты дамытуды мәжбүрлейді. Онымен бір мезгілде халықтың ақша қаражаттарын тарту оларға әртүрлі банк өнімдері мен қызметтерін ұсыну саласында, түрлі инвестициялық қаржы компаниялары мен сақтандыру және зейнетақы қорларын ұсынатын ішкі банк жүйесінде, сонымен бірге банктер арасында және банктік емес институттарда бәсекелестік күшейеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл жағдайда клиенттердің сұраныстарына бейімделген, өз нарықтық сигментін таба алатын банктер ғана өмір сүре алады.
Халықтың өмірлік деңгейінің жалпы төмендеуі кезінде оның анықталған бөлігінің ақша қаражатын жинақтауы үшін мүмкіншілігі болады. Осыған байланысты 1999 жылғы Қазақстан қаржыгерлерінің екі реткі Конгресінде қаржы нарығын жетілдіру халықтың жинақтарын шоғырландыру есебінен ішкі резервтік капиталдағы ресми ақша айналымын тарту белгіленді, оның сомасы 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде мамандармен бағаланады. Сондықтан халықпен жұмыс жөніндегі коммерциялық банктердің стратегиялары мәселелерінің әлі күнге дейін ғылыми жобасын жасаудың төмен деңгейде қарастырылуы, банк өнімдері мен қызметтерін дара тұтынушылардың жоғары бағалауын табу жөнінде, осы сұранысқа қайда көңіл бөлінетінін, жеке орынды анықтап, кең көлемдегі маркетингтік зерттеулер жүргізуді талап етеді.
Бірақ республикадағы коммерциялық банктер арасындағы маркетингтік стратегияның танымалдылығы біртіндеп өсуде. Олардың көпшілігінде маркетинг бөлімдері мен департаменттері бар. Соған қарамастан, бүгінгі күні банк қызметінде маркетингтің даму мүмкіншілігін шектейтін және оның батыстық моделден сапалық айырмашылығын анықтайтын факторлар бар.
Банк қызметін стратегиялық жоспарлаудың теориялық негізінде Қазақстанның қазіргі банк нарығы ұсынылған және негізгі қаржылық көрсеткіштері қарастырылған, банк секторының сапалық және сандық өсуін куәландыратын коммерциялық банктердегі стратегиялық жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері, сонымен қатар өзінің жоғары тиімділігін көрсеткен, банк жүйесін ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Өткен жылдардағы ел экономикасын нарықтық қайтақұруда Қазақстан банктері құрылу мен қалыптасу жолынан өтті, бұл аралықта олар сандық және сапалық қайта құрылып орнына түсті. Қазақстандағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарастыра отырып, біз банктік институттардың қысқартылғанын байқаймыз: егер 1993 жылы елде 204 банк болса, 1997 жылы олар 82-ге түскен, ал 2000 жылғы шілденің басында 48 банк есептелсе, 2002 жылы 44 болған, 2003 жылы ол 38-ге дейін қысқартылды. Квазибанктік институттар құрылды: ломбардтар, зейнетақы және инвестициялық қорлар, несие серіктестіктері, ипотекалық компаниялар, сақтандыру ұйымдары, Қазпочта құрылды. Бұл жағдайлардың себебі сыртқы факторлар ретінде (жалпы республикадағы экономикалық жағдайлар нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк заңнамаларының даму сатысы банктық қызмет нарығындағы бәсеке және басқалар) сонымен қатар ішкі факторлар ретінде (қажетті ресурстардың бар болуы, жүргізілетін операция қатынасына банк саясаты және т. б. ) болуы мүмкін. Сонымен, себептердің бірі ұсынылатын қызметтер саласындағы банктердің бәсекесі болып саналады.
Біз «банк қызметі» деген не екенін анықтап алғымыз келді, ол үшін банктер немен айналысатыны немесе айналысуы мүмкін екеніне тоқталып алу қажет.
Банктердің әр түрлі операциялармен қызметтерді жүзеге асыратыны белгілі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері мен банк қызметі туралы» заңы банк қызметін «банк операцияларын жүзеге асырады сонымен қатар осы бапта белгіленген басқа да банк операцияларын жүзеге асырады» деп анықтайды. «Ресей Федерациясының банктері мен банк қызметі туралы» заңында банк қызметін - бұл осы заңмен, Ресей Федерациясының өзге заңнамалық актілерімен банк және несие мекемелеріне банктік операцияларды жүргізу үшін рұқсат етілетін банктік операциялар және басқа да мәмілелері» деп көрсетілген.
Осы аталмыш заңдарда «банк операциясы» түсінігі бар екенін көреміз, сонымен бірге барлық банк іс-әрекетіне қатысты үнемі «банктік қызмет көрсету» түсінігі қолданылады. Экономика ғылымында бұл екі түсінікті талқылаудың көптеген жолдары бар В. Ф. Гарбузовтың редакциясымен ұсынылған «Қаржы - Несие сөздігінде» банк операциясына келесідей анықтама береді: «банктік операция - қаржы құралдарына және оларды айналымға шығару, кеңейту мен одан ақша алу үшін, есеп айырысуларды жүзеге асыру және т. б. әсер ету жөніндегі банктердің операциялары». (38)
Банк немен айналысады деген сұраққа - қызмет көрсетумен немесе операция жүргізумен-деп жауап беру қиын. Бұл мәселені алдымен «банк» түсінігінің өзін қарастыру арқылы анықтауға тырысамыз.
«Банк» - заңды және жеке тұлғалардан жинақталған ақша айналымының кезеңдерімен байланысты, осы ақша құралдары есебінен банк қызметін ұсынатын ерекше өнім жасайтын, арнайы экономикалық институт.
Басқа қаржы делдалдарынан банк несімен ерекшеленеді? Біріншіден, банктер үшін қарыз міндеттемелерімен екі айырбас жасау сипатталады: олар меншікті қарыз міндеттемелерін кеңейтеді, осы негізде мобилизацияланған қаржылар қарыз міндеттемелері мен құнды қағаздарды өсіреді және басқа шығарылымдарды өсіреді. Екіншіден, банкілер заңды және жеке тұлғалар алдында бекітілген қарыз сомалары міндеттемелерін өзіне алумен ерекшеленеді. Үшіншіден, банкілер кассалық-есепайырысу қызметін, электрондық ақша, пластикалық карталар шығарумен қызмет көрсетуді жүзеге асыра отырып мемлекеттер, кәсіпорындар, халық арасында ақша құралдары айналымына делдалдық етеді. Банктердің әрекет етуі өндіріс процесінде және осы капиталдың жаңа игілікпен қызмет жасау мақсатында іске, еңбекке, ұсынылуын есепке алмайтын капиталдың шоғырлануы деп айтуға болады. Яғни банктер өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы делдал болып саналады, сондықтан бұлар екіжақты айырбас қатынасына түседі. Мұны келесі схема түрінде көрсетуге болады:
Тауарлар мен қызмет көрсетулер
Еркін ақша қаражаты Несие
Несие Несие өсімі
Бұл схемада ақша құралдарының әсері мен өсуі олардың толымдылығы жағдайындағы жалдамдылғы мен қайтарымдылығымен байланысты банк іс-әрекетінің негізгі түрі көрінеді. Бірақ, банк қаржылық қызметтің кең спекторын көрсететін және әмбебап кәсіпорын болып саналады.
Банктермен клиенттердің өзара іс-қимылы схема түрінде көрсетілген:
«Банк» түсінігінің мәні мен клиент - банк - клиент схемасы құрылымын анықтау мұндай кәсіпорынның банк ретіндегі іс-әрекетінің қорытынды нәтижесін жариялау үшін қажет. Егер материалдық өндіріс саласына қорытынды іс-әрекеті дайын өнім болса, онда банк саласына - банктік материалдық игілік жасалмайтын, бірақ процес ретінде пайдалы, өзіндік еңбектің тиімділігі деп түсінетінін атап өту қажет.
Қызмет көрсету - бұл жаңа бұрын болмаған материалдық заттық өнім құрылмайтын бірақ орындаушылық процестегі іс-әрекеттің, жұмыстың түрі бар өнімнің сапасы өзгереді.
Бір сөзбен айтқанда, қызмет көрсету - бұл еңбек өнімдерінің немесе нәтижелерінің ерекше түрі ретінде материалдық емес игілік. Яғни банк операциялары олардың тиімділік нәтижесі тұрғысынан алғанда мұндай іс-әрекет - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Клиенттің қолма қол ақшасы банк операциясы қызметінің трансформациясын анықтайды.
Банк операциясының бағытын мұндай трансформацияның қандай болатынымен бақылап отыруға болады.
Коммерциялық банктердің барлық операциясын үш топқа бөлуге болады:
Пассивтік (қаржылар тарту) Активтік (қаржыларды таратып, үлестіру) Коммерциялық-делдалдық және сенім білдіру (трасталық) операциялар. Бұл операциялар тобының әр бірі оларға клиенттердің болжап сонымен қатар банк ұсынатын қызмет көрсетудің анықталған үлесін көрсету. Банк тарататын қаржының маңызды бөлігі клиенттердің тікелей қатысуымен банкке талап еткенге дейін депозит түрінде ақша сомасын салу, сонымен бірге мерзімді жинақтар немесе басқа салымдардан қалыптастырылады. Бұл жоғарыда келтірілген схеманың бірінші кезеңі, ол «клиент-банк» қатынасы, ненің нәтижесінде қызмет көрсетудіұсыну процессі басталатынына қатысты.
Банк клиент талғамына қарай оған кез келген қызмет көрсетуді ұсынады, бұл үшін клиент пайдасына шешілетін операциялар жүргізеді. Пассивтік операцияға клиенттің өзі қатынасу сатысы банк тарататын ақша құралдарының ролі болса да, тиімді емес шығында банк үшін маңызды.
Активтік операциялар жүргізу кезінде клиенттерге қызмет көрсету ұсынылғанда банк рөлі маңызды, бұлардың ішінде банкілер жүргізетін құнды қағаздармен (қор жинау операциясы) операциялары несиеліктен бөлінеді, өзіндік саясат шеңберіндегі сияқты клиент есебінен тапсырыс береді. Тәжірибелік тұрғыдан клиенттердің толық қатынасуы үшін банк операцияларының келесі тобы ұсынылады: Комиссиялық бастамада және клиенттерге тапсырыс бойынша жүргізілетін комиссиялық-делдалдлық және сенім білдіретін.
Бұл операциялардың барлығы «клиент-банк-клиент» схемасындағы және банк қызмет көрсетуінің түсінігінің тең мәнділігіне жауап береді. Банктердің клиент қаражаттарын жинау мақсаты тек тікелей пайда алу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қажетті төлем функцияларын орындай отырып, оларды келесідей пайдалану мақсатында осы қаржыларды шоғырландыру мүмкіндігі. Бұл үшін өз клиенттеріне ұсынылатын қызмет көрсетулер үшін негізінен комиссия тартады.
Сондықтан қортындылай келгенде банк - бұл банктік қызмет көрсетуі және соңғы анықталған төлем пайдасына клиент тапсырысы бойынша жүргізілетін банк операциясы түсіндіріледі.
1. 2. Банк қызметі түрлерінің жіктелуі.
Банктердің іс-әрекеттерінің мәнін оларды басқа органдардан ерекшелейтін анықталған немесе жүзеге асыратын қызметінен байқауға болады.
Банк қызметін клиент мүддесіне анықталған қызметті банктің жүзеге асыруы ретінде сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай бір тұтынушылықты қанағаттандыру қажеттілігі жатыр.
Қазіргі уақытта бәрінен бұрын негізгі дәстүрлі қызметке салымдар жинау мен несиелер ұсыну қатысты. Банкілер осы қызметтері бойынша пайыз айырмасына пайда үлесін алады. Бірақ, тек осы екі қызметтің шеңберіне банктік өнімнің көптеген әр түрлі нысандары жасалады.
Бүгінгі күні әмбебап банктер қаржылық қызмет пен банктік іс-әрекеттің барлық аспектілерін барлығын дерлік қамтитын өнімнің кең көлемін ұсынады. Сонымен бір мезетте басқа банктер бәсекелестікті жеңіп шығумен ұстап қалу мақсатында қатаң анықталған қызмет түрлерін көрсетуге мамандандырылуға талпынады.
Коммерциялық банктердің жүйесі ақша рыногының қалыптасуына заңды және жеке тұлғалардың қолма қол уақытша бос қаржыларына экономикалық негіз қалыптастыруғаықпал етеді, сонымен қатар мемлекет және оларды экономика мен халықтың тұтынымын қысқа мерзімде қанағаттандыруға пайдаланылады.
Коммерциялық банк өз клиенттеріне шаруашылық іс-әрекеттерімен қызмет көрсетумен байланысты несие есеп айырысу және қаржы операцияларының барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасының банк және банк іс-әрекеті туралы» заңына сәйкес банктер келесідей қызметтерді жүзеге асыруы мүмкін:
ақылы негізде депозиттерді тарату; банк корреспонденттерімен кленттерінің есептерін жүргізу мен оларға кассалық қызмет көрсету; заңды және жеке тұлғаларға қайтарымдылығы, мерзімділігі, толымдылығы шартымен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер ұсыну; инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру; заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ; төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу; ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру; - тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардын, инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ; коммсрциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ; клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ; банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету; лизингтік операцияларды жүзеге асыру. Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz