Көкшетау Минералды су акционерлік қоғамының қызметін қаржылық – экономикалық тұрғыдан талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Бөлім. Басқару шешімдерін қабылдаудың теориялық негізі
1. 1. Басқару шешімінің теориялық мәні, қасиеті және ролі . . . 8
1. 2 Басқару шешімдерінің мәні және оларды қабылдаудың рационалды
алгоритмі . . . 13
1. 3. Басқару шешімдерін қабылдау механизмі және олардың өндіріс нәтижесіне әсер ету . . . 18
ІІ Бөлім. «Көкшетау Минералды су» акционерлік қоғамының қызметін қаржылық - экономикалық тұрғыдан талдау
2. 1 «Көкшетау Минералды су» акционерлік қоғамы туралы жалпы
мәлімет . . . 24
2. 2 Негізгі экономикалық көрсеткіштерді талдау . . . 30
2. 3 Қаржылық анализ . . . 39
ІІІ Бөлім . Басқару шешімдерінің кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайындағы алатын орны
3. 1. Менеджмент жүйесіндегі компаненттерінің сапасын арттырудағы басқарушылық шешімдердің экономикалық негізделуі . . . 46
3. 2. Өнім бәсекелестігін басқару барысындағы ғылыми көзқарас негіздері . . . 49
3. 3. Бәсекеқабілеттілікті басқарудың басты принциптері . . . 57
Қорытынды . . . 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Қосымшалар . . . 68
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шешім қабылдау процесі - альтернативаларды таңдауында. Бұл негізінде бірнеше сұраулардың жауабы. Бүгінгі күрделі әрі шапшаң өзгеретін ұйымдардың өмірінде көптеген альтернативалар менеджерлердің қоластында, сондықтан, адамдар тобының алдына мақсат қойып және оған жету үшін көптеген сұрауларға жауап беру қажет. Әрбір басқарушылық қызмет өмірде іске асырылуы тиіс бірнеше жалпы маңызы бар шешімдермен байланысты.
Әрбір басқарушының өзіндік қызметіне сәйкес міндеттерді орындауындағы таңдау ұйымдық шешімнің негізін көрсетеді. ¥йымдық шешімнің мақсаты - ұйым алдына қойылған міндеттердің іске асыруын қамтамасыз ету. Сондықтан, нәтижелі ұйымдық шешім шынымен іске асырылған және соңғы мақсаттарға жетуге үлкен үлесін қосқан таңдау болып табылады. Ұйымдық шешімді бағдарланған ұйымдық және бағдарламаған деп бөліп қарастыруға болады.
Шешім қабылдау қажеттілігі соған байланысты мәселелердің баршылығымен анықталады, яғни ненің бар және ненің болуы керек тәжірибелік сұрақтарымен сипатталады. Мысалы, мұндай ашықтық ұйымның өз мүшелері, іскерлік серіктестері және жалпы қоғамның тұтастай сол ұйымынан күткен мүмкіндіктері мен оның күткен ойларда қанағаттандыру қабілеттілігінің арасында болуы мүмкін.
Нәтижелі шешім - коммерциялық кәсіпорынның тіршілік етуінің кепілі. Бұлар басқарудың әрекеттегідей өз бөлімшелерінің жемісті еңбегіне қажет шешімдер шығаруды, ал жаңа бастаған басқарушы шешімнің маңызын тез түсініп, дұрыс шешім қабылдаудың қиын екендігін сезінеді. Шешім қабылдау - басқарушының күнделікті жұмысының бөлігі. Профессор Ф. Харисонның айтуы бойынша шешім қабылдау бұл - әр түрлі ұйымның басқаруындағы интегралды бөліп, берілген аумақтағы жауаптылық менеджерді менеджер еместен және, ең бастысы, нәтижелі жұмыс атқаратын менеджерді өзінен белсендігі төмен қызметтесінен ерекшелейді.
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кезкелген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім кабылдаудан басталады.
Кабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге колайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ыкпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалык ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т. б. ) кездесетіндіктен, оны тузету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан караудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін кабылдануы, сөйтіп бірынғай өндірістік міндеттерді кезең-кезенімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан да дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі өте зор.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық механизмдерді іс жүзіне асыруда мемлекеттің экономикалық қызметі ерекше маңызға ие. Біз қарастырып отырған проблема Рахымбаев Б. О, Сабатаев А. Қ, Белгібаев Тәмпішева Қ. Б, Жакенова Б. Қ, Мақсатова Л. М. Дәуренбекова, Ә Н Мейірбеков А. Қ, Әлімбетов Қ. Ә: Ахметов К. Ғ, Сағындықов Е. Н, Байжомартов Ү. С және басқа ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Басқару шешімінін маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлык факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім кабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, баска да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «шектен тек қол қусырып отырғанша, онша негшелмеген болсада, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімінін шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты кәсіпорынның бәсекеге қабілетін арттыру жағдайындағы басқарушылық шешімдердің орнын анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді көрсетуге болады:
- Басқару шешімінің теориялық мәні, қасиеті және ролін айқындау;
- Басқару шешімдерінің мәні және оларды қабылдаудың рационалды алгоритмін жасау;
- «Көкшетау Минералды су» акционерлік қоғамы туралы жалпы
мәліметтерді талдау;
- Менеджмент жүйесіндегі компаненттерінің сапасын арттырудағы басқарушылық шешімдердің экономикалық негізделуін анықтау.
Зерттеудің пәні және объектісі. Берілген дипломдық жұмыстың объектісі - «Көкшетау Минералды су» акционерлік қоғамы. Зерттелу пәні - кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер кызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау кабілетін зерттеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне әлемдік және қазақстандық ғалымдардың экономикалық теория бойынша іргелі еңбектері, ғылыми идеялары мен тұжырымдары алынды.
Зерттеудің ақпарттық базасы - ҚР статистика бойынша Агенттігі, министрліктер мен ведомстволардың, академиялық және салалық ҒЗИ мәліметтері, тұжырымдамалар мен экономиканы дамыту бағдарламалар және, ең алдымен агроөнеркәсіптік кешені мен оның кәсіпорындарының ұйымдарын дамыту бағдарламалары, шетелдік және республикадағы мерзімді баспа материалдары.
Дипломдық жұмыста республиканың заңдық және нормативтік актілері, әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім өндіріп отырған елдерде жинақталған тәжірибелер пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І Бөлім. Басқару шешімдерін қабылдаудың теориялық негізі.
1. 1Басқару шешімінің теориялық мәні, қасиеті және ролі
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кезкелген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім кабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер кызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау кабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дурыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті. технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім кабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Кабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге колайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдағаи әрекет жопарын, қаулы-қарарларды т. б. екінші жағдайда - проблемалармен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудын ең қолайлы вариантын білдіреді. (Қосымша А)
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ыкпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалык ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т. б. ) кездесетіндіктен, оны тузету үшін шешім қабылдауға тура келеді. [1]
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан караудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін кабылдануы, сөйтіп бірынғай өндірістік міндеттерді кезең-кезенімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінін маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлык факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім кабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, баска да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «шектен тек қол қусырып отырғанша, онша негшелмеген болсада, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімінін шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі - мақсаткерлік, Шешім ұжымының мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылык шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды. [2]
Кез келген шаруашылык шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса, кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылыми жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жакты болуы яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабыпданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, онын көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
Шешімдерді жіктеу
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардын алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.
Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1. Әкімшілік шешімі.
2. Қоғамдық ұйымдар шешімі т. б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімінің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сырткы және ішкі леп бөледі.
Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады. [3]
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі кызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп бөледі.
Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уакыт (3-5 жыл және одан астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т. б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі каржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды камтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындыктан, перспективалық жоспарларда көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
Баскару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
Жекелей шешім - бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінін шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудын принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше манызды шешім болуы мүмкін. Жекелей шешімнің сипаты мен мазнұны басқарудың орталықтану деңгейіне карай айқындалады. [4]
А. И. Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында баскару шешімдерін былайша жіктейді.
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшынын дербес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару), . агрономиялык, инженерлік және зоотехникалық-малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т. б. жатады. Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдынғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
2. Ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшынын жекелей үлесі басым болуы мумкін.
3. Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық максатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін. Атап көрсететін жайт, мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті турде сол шаруашлықгың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс. [5]
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған (запрограммированный) және бағдарланбаған (незапрограммированный) деп жіктейді.
Бағдарланған шешім - дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте балама мү. мкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым максаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын калай жақсарту керек. Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманын нағыз себептері аталған факторлардын біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады. (Қосымша Б)
Практикада таза түрінде бағдарламаланған немесе бағдарламаланбаған шешімдер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.
Осы келтірілген жіктеулер баскару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарасгыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудін практикалық пайдасы да бар. Сонын арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы кызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі денгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнынын біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл - шешімнін маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: Іс-әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар (ұйымның, кызмет адамынын аты және фамилиясы көрсетілген), орындаушылар арасындағы, үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі. [6]
Шешім қабылдау процесіне ықпал ететін факторлар
Басқару шешімдері адамдар арқылы қабылданады және шешім қабылдау процесіне әр түрлі факторлар ықпал етеді. Басты факторлар мыналар:
• жетекшінің жеке бағасы;
• тәуекелділік деңгейі;
• уақыт және өзгеріп отыратын орта;
• ақпараттың және іс-әрекеттік қатынастар;
• теріс салдар;
• шешімдердің өзара тәуелділігі.
Стратегиялық жоспарларды жасау мен жүзеге асырудың жапондық және американдық үлгілері
Американдық үлгі:
- Оңтайлы жоспарды таңдау;
- Шешім қабылдаудағы жетекшілердің рөлін атқару;
- Жоспардың жүзеге асуы бойынша шаралардың кезектілігі.
Нәтижелер:
- Шешім қабылдаудың жылдамдығы;
- Жоспардың жүзеге асуына орындаушылар жағының қарсы лықтары;
- Жоспардың жүзеге асуын қамтамасыз ету;
Шешімнің жүзеге асу мерзімінің жоспарланғандармен салыстырғанда ұзаруы.
Жапон үлгісі:
- Орындаушыларға арналған жоспарды жасау;
- Жоспардың тәжірибеде жүзеге асуын қамтамасыз ету;
- Жоспардың жүзеге асуы бойынша қозғалыстарды оңтайлау;
- Жоспардың жүзеге асуы бойынша шаралардың параллельдігі. [7]
Нәтижелер:
Шешім қабылдаудың ұзақ мерзімі;
- Орындаушылардың жоспар жасауға қатысуы;
- Жоспардың жүзеге асуының қысқа мерзімі;
- Жоспардың жүзеге асуын орындаушылардың активті қолдауы.
Басқару ғылымының ерекшеліктері
Басқару мәселелеріне ғылыми әдістің жүйелік қосылуы ғылыми басқарудың негізі болды. Басқару ғылымы Англияда екінші дүниежүзілік соғыста пайда болды. Басқару ғылымының орталық тармағын ұйым жетекшілерінің мәселелерін шешуге қолдана бастады.
"Басқару ғылымы", "Шешім қабылдау туралы ғылым", "Жүйелік талдау", "Жүйелер туралы ғылым", "Операцияларды зерттеу" түсініктері өзара алмасатын әдістер ретінде қолданады. Басқару ғылымының негізгі әдістері мынадай:
- ғылыми әдісті қолдану;
- жүйелік бейімдеу;
- үлгілерді қолдану.
Кез келген ғылыми зерттеудің негізгі процедурасы ғылыми әдіс болып табылады.
Ғылыми әдіс 3 кезеңнен тұрады:
Бақылау - мәселені оқиғалар бойынша талдау және объективті жинау.
Гипотезаны құру - мәселелердің компоненттері арасындағы тәуекелділікті бақылау бойынша бекіту. Мысалы, егер ұсыныс бір айда 10 пайызға өссе, қор төмендейді, жетекші қор белгілі бір көлемге теңесуін ұқсас жағдайда қысқаруын ескертетін гипотезаны қолдана алады.
Ғылыми әдісті қолдана отырып, басқару мәселелерін шешу үшін ұйымның ашық жүйе екенін есте ұстау керек. Сондықтан ғылыми амалдың екінші ерекшелігі жүйелік бейімделу болып табылады (элеметтері: адам, құрылым, міндет, мақсат, технология) .
Басқару ғылымының үшінші ерекшелігі - үлгілерді қолдану. [8]
1. 2. Басқару шешімдерінің мәні және оларды қабылдаудың рационалды алгоритмі.
Басқару шешімі ұйым мен оның мүшелерінің алдында тұрған мақсатына жетуіне тура немесе жанама байланыс әрекеттерді іске асыру қажеттілігі және олардан тартылу жөніндегі ойластырылған қорытынды. Шешім қабылдау қажеттілігі соған байланысты мәселелердің баршылығымен анықталады, яғни ненің бар және ненің болуы керек тәжірибелік сұрақтарымен сипатталады. Мысалы, мұндай ашықтық ұйымның өз мүшелері, іскерлік серіктестері және жалпы қоғамның тұтастай сол ұйымынан күткен мүмкіндіктері мен оның күткен ойларда қанағаттандыру қабілеттілігінің арасында болуы мүмкін.
Мәселе әрдайым белгілі бір мағынада (не?) нақты бір жермен (қайда?) байланыстылығында пайда болуы және шешілу уақытымен, қайталану (қашан?) жылдамдығымен; мөлшерлік параметрлерімен (қанша?) соған қатысты адамдардың аясымен (кім?) болады. Бұл адамдар мәселенің тууына себепкер, сақталуында қызығушылығы бар оның шешілуіне жол табушылар болуы мумкін әдетте. Мәселенің туу себебі не оны шешудің жолдары немесе екеуі де анық болмайды.
Сондықтан, шешім табу мәселелердің өзіндік құрылымын түсіну мен оның жеке элементтерінің ішкі өзара байланысына жол ашатын арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Кепнер мен Трего мәселені айқындаудың қызықты алгоритімін жасап шығарды. [9]
¥йымдық шешімдер
Нәтижелі шешім - коммерциялық кәсіпорынның тіршілік етуінің кепілі. Бұлар басқарудың әрекеттегідей өз бөлімшелерінің жемісті еңбегіне қажет шешімдер шығаруды, ал жаңа бастаған басқарушы шешімнің маңызын тез түсініп, дұрыс шешім қабылдаудың қиын екендігін сезінеді. Шешім қабылдау - басқарушының күнделікті жұмысының бөлігі. Профессор Ф. Харисонның айтуы бойынша шешім қабылдау бұл - әр түрлі ұйымның басқаруындағы интегралды бөліп, берілген аумақтағы жауаптылық менеджерді менеджер еместен және, ең бастысы, нәтижелі жұмыс атқаратын менеджерді өзінен белсендігі төмен қызметтесінен ерекшелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz