СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ ММ-НІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҰЖЫРЫМДАМА


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Басқару шешімдерінің пәні мен мазмұны . . .

1. 2. Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру әдістері . . .

1. 3. Басқару шешімдерінің сипаттамасы және оған қойылатын талаптар . . .

2 «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ» ММ-НІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҰЖЫРЫМДАМА

ММ-нің қызметіне тұжырымдама

2. 1. Мемлекеттік мекеменің жалпы мәліметі мен құрылымы . . .

2. 2. Мемлекеттік мекемедегі қаржылық қызметінің мәні . . .

2. 3. Мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметіне тұжырымдама . . .

3 АЙЫРТАУ АУДАНЫ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНДЕ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. Мемлекеттік мекемедегі әкімшіліктендіру тиімділігін арттыру жолы . . .

3. 2. Шешім қабылдау және тәуекелділікті бағалау технологияның қызметінде алатын орны . . .

3. 3. 2010-2014жылдарға арналған стратегиялық даму жолдары . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды.

Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді мемлекеттік іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек.

Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын б. гінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан, менеджментті басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.

Басқару шешімдері - менеджмент жүйесін талдаудың, жобалаудың, оптималдандырудың, экономикалық зерделеудің және нақты мақсатқа жету дегі ең оңтайлы вариантты тандаудың нәтижесі. Шешуге қажетті мәселені жою немесе оны шешу жолдарын іздестіру, басқару шешімінің импулсі болып табылады.

Басқару шешімдерінің тиімді жүйесін құру үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек, бұнымен бірге ұжыммен және жеке адамдармен қалай жұмыс істей алатындығын да білуі қажет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Сапалы басқару шешімдерін калыптастыру, қабылдау, жүзеге асыру және ынталандыру технологиясын зерттеуі жөнінде шешімінің негізгі мақсаты болып табылады.

Міндеттері:

- Басқарушылық шешімдерінің теориялық аспектілері мен технологиясының мәнін анықтау

- «Солтүстік Қазақстан облысы айыртау ауданының қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің қызметіне талдау жұмысын жасау.

- Мемлекеттік мекемедегі әкімшіліктендіру тиімділігін мен тәуекелділікті бағалау технологияның мемлекеттік қызметіндегі арттыру жолын дәлелдеу.

Зерттеу объектісі: «Солтүстік Қазақстан облысы айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің қызметі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі: аталған жұмыс бойынша Қазақстан Респуликасының заңдарымен және ұлттық әдебиеттерін мен шетел әдебиеттерін қолдандым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен тұрады және әр бөлім үш бөлімшеден, қорытынды, қолданылған әдебиеттерден құрылған.

1 Бөлім. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Басқару шешімдерінің пәні мен мазмұны

Басқару шешімдері - менеджмент жүйесін талдаудың, жобалаудың, оптималдандырудың, экономикалық зерделеудің және нақты мақсатқа жету дегі ең оңтайлы вариантты тандаудың нәтижесі. Шешуге қажетті мәселені жою немесе оны шешу жолдарын іздестіру, басқару шешімінің импулсі болып табылады.

«Басқару шешімдерін жасау» пәнінің мақсаты:

  • сыртқы жэне ішкі анықсыздық жағдайында қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын қамтамасыз ету эдістерін зерттеу;
  • сапалы басқару шешімдерін калыптастыру, қабылдау, жүзеге асыру және ынталандыру технологиясын зерттеу;
  • менеджмент жүйесі шеңберіндегі баскару шешімдерін талдау, жобалау, оптималдандыру және экономикалық зерделеу әдістерін зерттеу;
  • компьютерлік техниканы қолдану арқылы басқару шешімдерін жасаудың эдістемелік мәселелерін қолданудатәжірибелік іскерлікті иелену;
  • курсты оқып аяқтаған соң алынған білімді тәжірибеде қолдану мақсатында бекіту. «Басқару шешімдерін жасау» курсының құрылымы мынадай тақырыптардан түрады:
  • Басқару шешімдерінің сапасы мен тиімділігіне койылатын талаптар;
  • Басқару шешімдерін жасау және оны жүзеге асыру технологиясы;
  • Басқару шешімдерін талдау әдістері;
  • Басқару шешімдерін жобалау әдістері;
  • Басқару шешімдерін экономикалык зерделеу әдістері;
  • Тәуекелділікті басқару негіздері.

Белгілі бір мәселені шешу үшін мынадай сұрақтарға жауап беру керек:

  • не үшін жасау қажет (идеяны жүзеге асыру, мәселені шешу) ;
  • қандай шара қолдану қажет (тұтынушылардың қандай жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру керек немесе бұрынғы қажеттіліктерді қандай сап алы деңгейде қанағаттандыру керек) ;
  • қалай жүзеге асыру керек (қандай технология бойынша) ;
  • қандай өндірістік шығындар арқылы;
  • қандай мөлшерде;
  • қандай уақыт аралығында;
  • қандай өндірістік орында (ғимарат, персонал) ;
  • кімге жеткізу керек және қандай бағамен;
  • алынған нәтиже инвесторға немесе жалпы қоғамға қалай әсер тетеді.

Шешілетін мәселелердің сапасын арттыру үшін оларды талдау керек, ал талдау классификациялау негізінде жүргізіледі. Басқару шешімдерінің классификациясы төмендегі белгілер бойынша жүргізіледі:

  • тауардың өміршендік циклыының стадиясы (стратегиялық маркетинг) ;
  • менеджмент жүйесінің кішігірім жүйелері (максатты, қамтамасыз ететін) ;
  • қызмет ету саласы (техникалық, экономикалык,, т. б. шешімдер) ;
  • мақсаты (коммерциялык және коммерциялық емес) ;
  • басқару сатысы (жоғарғы, орта және төменгі) ;
  • ауқымдылығы (жиынтық және жеке шешімдер) ;
  • жүзеге асу уақыты (стратегиялық, тактикалық және оперативті) ;
  • әсер ету объекті (сыртқы жэне ішкі) ;
  • қайталануы (қайталанбайтын және қайталанатын) ;
  • айқын формасы (жоспар, бағдарлама, бұйрық, өкілет (распоряжение), жарғы, өтініш) ;
  • қиындығы (стандартты немесе стандартты емес шешімдер) ; жеткізілу әдісі (ауызша, жазбаша немесе электронды түрде) .

Басқару шешімдерінің сапасына әсер ететін факторларға мыналар жатады: ғылыми принциптерді қолдану, менеджмент жүйесіне модельдеу әдісін қолдану, сапалы шешім жасауға ынталандыру, т. б.

Әдетте, кез-келген шешімді қабылдауда мынадай 3 кезең орын алады: интуиция, ойлау (суждение) жэне рационалдылық. Интуитивті шешім кабылдауда адам өзінің таңдауы дұрыс екендігіне сенеді. Мұнда адам өзінің сезіміне сүйенеді. Орта звенодағы менеджерлер алынатын мәліметтерге және ЭВМ-ға сүйенеді.

Ойлау қабілетіне негізделген шешім интуитивті шешімге ұқсас, бірақ негізгі айырмашылығы мынада: интуитивті шешімге қарағанда мұнда алдыңғы тәжірибелерге сүйенеді. Алдыңғы тәжірибені қазіргі күнге сәйкестендіріп, неғүрлым жоғары жетістіктерге жеткізетін вариантын тандап алады. Шешім қабылдаудың бұл әдісі де онша қолайлы емес. Бұл әдіс бойынша шешімдер бірнеше тұрге бөлінеді:

  • Салмақты шешім. Менеджерлер мұндай шешімді ұсынылатын гипотезаларға сүйене отырып және оны толықтексеруден өткізгеннен кейін ғана қабылдайды.
  • Импульсивті шешім. Мұндай шешімді менеджерлер өздерінің шексіз идеяларын үсынып, бірақ оны талдаудан, тексерістен өткізбей, жедел қабылдайды.
  • Инертті шешім - менеджерлердің үздіксіз ізденісінің нәтижесінде қабылданатын шешім. Мұндағы идеялар бақылаудан өткізіліп нақтыланады.
  • Тәуекелді шешім импульсивті шешімге қарағанда тексерісті қажет етпейді. Менеджер өзінің шешіміне еш күмән келтірмейді және кез-келген қауіптен қорықпайды.

Менеджмент жүйесін стратегиялық және тактикалық басқару үшін рационалды шешім қабылдау қажет. Бұл шешім экономикалық талдау, негіздеу және оптималдандыру әдістеріне негізделеді.

Басқару шешімінің сапасы - нақты түтынушыларды қанағаттандыратын шешімдердің және оны жүзеге асыратын параметрлерінің жиынтығы. Мұндай параметрлерге мыналар жатады:

  • жүйенің енуі, яғни нақты шешілуге қажетті мәселе (тұтынушылардың талаптары, тауар сапасы, сату көлемі, тауарды жеткізу уақыты, баға, т. б. ) ;
  • жүйенің шығуы, яғни мөлшерлі және сапалы түрде қабылданған шешім;
  • сыртқы орта. Бұған басқару шешімінің сапасына әсер ететін фирманың макро және микро ортасы, аумақтың инфрақұрылымы жатады. Бүл факторларға халықаралык интеграция, елдегі саяси жағдай, экономика, салалардың техникалық жагдайы; әлеуметтік-демографиялық, табиги-климаттық, мәдени факторлары, әлеуметтік инфрақұрылым, өнеркәсіп, транспорт, байланыс және фирманың байланыс жасайтын үйымдарының, бәсекелестерінің, делдалдарының арасындагы байланысты көрсететін факторлар жатады.
  • кері байланыс шешім қабылдаган адамга түтынушылардан келген әртүрлі мәлімет. Мұндай мәліметтер сапасыз шешім қабылдауга, тұтынушылардың қосымша талаптарына немесе ноу-хау, жаңалықтардың пайда болуына байланысты болады.
  • шешім қабылдау процесі мынадай операцияларды қамтиды: жұмысқа дайындық, мәселені айқындау және мақсат қою, мәліметтер іздестіру, оны өңдеуден өткізу, ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігін айқындау, тапсырмаларды бекіту, қажетті қүжаттарды рәсімдеу, тапсырмаларды жүзеге асыру.

Осындай басқару шешімдерінің сапасы мен тиімділік параметрлерін айқындап алганнан кейін шешімнің сапасы мен тиімділігіне әсер ететін сыртқы факторлар талданады, одан кейін нақты мәселе талданып, оның сапасын арттыру жолдары қарастырылады. Кейін шешім қабылдау технологиясы тақдалып нақты бір шешім қабылданады.

Анықсыздық жагдайы дегеніміз жобаны немесе шешімді жүзеге асыру мәліметтерінің толық болмауы және нақты еместігі. Анық емес жобаны жүзеге асыру кезінде қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін, ал бұның зардабы тэуекелділік түсінігімен сипатталады. Тәуекелділік жэне анықсыздық факторлары есепке алынуы тиіс.

Жобаны талдау кезінде анықсыздықтың мынадай түрлері белгілі:

  • экономикалық заңдылықтардың түрақсыздығына, ағымдағы экономикалық жағдайларға, инвестициялау мен пайданы қолдану шартына байланысты болатын тәуекелділік;
  • сыртқы экономикалық тәуекелділік (шекараның жабылуы, сыртқы сауданы шектеу, т. б. ) ;
  • саяси жағдайлардың анықсыздығы, елдегі және аумақтағы қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістердің тәуекелділігі;
  • жаңа технологиялар параметрлерінің, технико-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы жөніндегі мәліметтердің толық және нақты болмауы;
  • нарықтық конъюнктураның, бағаның, валютаның ауытқуы;
  • табиғи-климаттық жағдайлардың анықсыздығы, стихиялық қауіптің болу мүмкіндігі;
  • өндірістік-технологиялық тэуекелділік (техниканың істен шығуы немесе техникалық апат, өндірістік брак, т. б. ) ;
  • кәсіпорынның іскерлік репутациясы, қаржы жағдайы жөніндегі мәліметтердің толық және нақты болмауы (төлеу қабілетінің болмауы, бакротқа үшырауы, келісім-шарттардың бұзылуы) .

Мұндай тәуекелділікті төмендету немесе оны болдырмау мақсатында анықсыздық және тәуекелділік факторларын есепке алу үшін мынадай 3 әдіс қолданылады: тұрақтылықты тексеру; экономикалық нормативтер мен жоба параметрлерін жөндеу; анықсыздық жағдайын толық сипаттау.

1. 2 БШ-ін дайындау және жүзеге асыру әдістері

Аналитикалық әдіс дегеніміз БШЖ кезіндегі ережелер мен инструкцияларды дәл таңдау мен орындау үшін қолданылатын әдістер жиынтығы. Ол формулалар, кесінді, таблицалар, елдің заңдылықтары мен жарғылық құжаттарының мақалалары түріндегі математикалық және логикалық байланыстар моделін қолдануға негізделеді. [2] БШЖ кезіндегі аналитикалық әдістің нақты моделіне мыналар жатады: БШ-не қойылатын талаптар, шешім құрылымы, БШЖ кезіндегі процедураларды орындау кезегі және құрамы, компания моделі, жарғылық құжаттар мен шарттардың статьялары.

Кез-келген компанияда қателіктер кездеседі, сондықтан осы аналитикалық әдісті қолданып белгілі бір шаралар жүргізген дұрыс. Мұндай шараларға ревизиялық комиссия құру, ішкі аудитті ұйымдастыру, т. б. жатады.

Кез-келген іс-әрекет қатаң ережелерге негізделген процедуралар арқылы орындалады. Мұндай ережелердің көп бөлігі объективті сипатта болады. Мысалы сүраныс пен ұсыныстың арасындағы, персонал мамандығы мен еңбек өнімділігі арасындағы, компания қызметінің сипаты мен басқару стилі арасындағы және БШ сапасы мен ақпараттың құндылығы арасындағы байланыстар. Әрбір басшы өз интуициясына жүгініп мұндай байланыстар жөнінде бірнеше жылдар бойы ойланып толғанады немесе оқу арқылы, қателіктерді түзеу нәтижесінде жетілдіріп отырады.

Бүл әдісті қолданудың негізгі шартына мыналар жатады:

  • ұйымның немесе оның бөлімшелері жұмысшыларының шексіз саны;
  • БШЖ шексіз уақыты;
  • математикалық және логикалык байланыстардың жоғары сенімділігі және тиімділігі және басшының оған үлкен сенім артуы.
  • БШ-ін даярлау және жүзеге асыру.

Аналитикалық әдіс БШ-нің неғүрлым жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.

Статистикалық әдіс аналитикалық әдіске өте үқсас, ол да БШЖ кезіндегі ережелер мен инструкцияларды дәл таңдау мен орындау үшін қолданылатын әдістер жиынтығын көрсетеді. Ол БШ-ін дайындау және жүзеге асыру кезінде басқа компаниялардың тиімді нәтижесі жөніндегі ақпаратты модель ретінде қолданады. Бұл модельге инструкциялар, ұсыныстар, мысалдар, т. б. ақпараттар жиынтығы, сондай-ақ интернеттегі сайттар да жатады. Модель статистикалық модельдеу жолымен алынған статистикалық мәліметтерді жинау, жөндеу және талдау процесінде қүралады.

Статистикалық әдіс БШ-ін таңдау және жасау кезінде де қолданылады. БШ-ні жасау кезіңде тек модель таңдалынады, ал әдістер мен тәсілдерді жасаумен компания айналысады. Ал БШ-ін таңдау кезінде шешімді таңдау жөнінде шаралар жүргізеді.

Статистикалық әдіс өзінің пайдалылығымен өте кең қолданылады. Мысалы көптеген компаниялардың басшылары жүмыс тәжірибесін талқылау үшін балық, аң аулау немесе моншаға түсу секілді жиындарда жиналады. Симпозиумдар, конференциялар мен жиналыстар да осы статистикалық әдіске мысал болады.

Статистикалық әдіс БШ-нің орташа тиімділігіне кепілдік береді.

Математикалық әдіс аналитикалық әдістің жеке мысалы болып табылады. Ол БШЖ кезіндегі математикалық есептеулерді дәл таңдау мен орындау үшін қолданылатын әдістер жиынтығын көрсетеді. Модельге экономикалық және басқару процестерін талдау кезіндегі есептеу тәртібі мен формулалар жүйесі жатады. Математикада бүл процедура математикалық бағдарламалау деп аталады.

Сонымен математикалық бағдарламалау әдісінің мәні мынада: талданатын процесті теңдеу жүйесіне енгізіп оны шешудің неғүрлым тиімді жолын табу керек.

Бүл әдісті тиімді қолданудың негізгі шартары:

  • БШ-ін орындауға қатысатын атқарушылардың саны шексіз;
  • БШ-ін орындау уақыты шектеулі (тез шешім табу талап етіледі;
  • БШ жасау сипаты, басқару объектісі - инновациялық;
  • Шешімді қолданушылар бір типті болады;
  • Мақсат, өлшенетін жағдай және талданатын параметр нақты анықталған. Математикалық бағдарламалау әдісі БШ-нің тиімділігіне кепілдік бермейді.

Басқару шешімдерін жасауды және жүзеге асыруды ұйымдастыру белгілі бір шараларды орындауды талап етеді.

Бұл шаралар ұйымдастырушылык (процессорлык) технология деп аталады.
Мұндай технологияға мыналар жатады:

  • Нәтижелер бойынша басқару;
  • Қажеттіліктер негізінде басқару;
  • Үнемі тексерістер мен бұйрық беру арқылы басқару;
  • Қажетсіз жағдайда басқару;
  • Жасанды интеллект негізінде басқару;
  • Персоналдар қызметін ынталандыруды басқару.

Нәтижелер бойынша басқару жоспарлаудың соңгы нәтижелеріне негізделеді. Бүл технология бойынша басшының қызметі - алынган нәтиже бойынша координация (корректировка) жүргізу. Бұл орта және кіші компанияларда қолданылады. Соңгы нәтиже бойынша басшы үнемі түзету жұмыстарын жүргізіп отырады: еңбекті ұйымдастыру, кадрларды оқыту, ұйым пайдасын тексеру, т. б.

Қажеттіліктер негізінде басқару адамдар арасындағы қатынасқа негізделеді. Бұл технологияны жүзеге асыруда басшы мен қарамағындағылардың арасында өзара байланыс орнайды, өйткені белгілі бір міндетті орындау - басшының да және персоналдың да қажеттілігін көздейді.

Үнемі тексерістер мен бұйрық беру арқылы басқару персоналды қатаң бақылау мен басқаруга негізделеді. Мұндай технология арқылы басқару әдетте кішігірім ұйымдарда жүзеге асады. Қажетсіз жағдайда басқару технологиясы орындаушылардың кәсіптілігіне негізделеді. Мұнда басшы орындаушыларға сенімділік білдіреді. Бұл технология да әдетте кішігірім ұйымдарда жүзеге асады.

Жасанды интеллект негізінде басқару әдетте ЭММ-ге, қазіргі жагдайдагы ақпараттық-компьютерлік технологияга негізделеді. Мұндай технологияны қолдану әдетте шығарылатын өнім номенклатурасын үнемі өзгертіп отыратын ұйымдарда жүргізіледі. Персоналдар қызметін ынталандыруды басқару жұмысшыларды сыйақы төлеу, жеңілдіктер жасау негізінде жүргізіледі. Бұл әсіресе қол еңбегінде қолданылады, өйткені еңбек өнімділігі жұмысшының көңіл-күйімен, психологиялык қабілетімен, денсаулық жағдайымен және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатпен анықталады.

БШ-ін жасаумен бір адам немесе ортақ ұжым айналысады (басшы және басқару аппараты) . Ал жауапты жағдайда қиын мәселені шешуде сырттан ғылыми-зерттеу институттарының көмегі де қолданылады.

БШ-ін жасау процедурасы үшін мынадай әкімшілік шаралар орындалады:

  • Жұмысты орындауды бастау, накты бір міндетті белгілеу, персоналдардың құрамы, міндеттерді орындау уақыты көрсетіледі;
  • БШ-ін жасайтын адамдарды ұйымның қүжаттарымен таныстыру;
  • БШ-ін жасайтын адамдардың жұмысты орындаудагы құқыгы, жауапкершілігі және құзыреті түсіндіріледі;
  • БШ-ін жасаудағы жұмыстың маңыздылыгына көңіл бөлінуі керек;
  • БШ-ін жасайтын адамдарға қажетті оргтехника, кеңсе бөлініп, қажетті ақпарат көзі көрсетіледі;
  • Орындалған тапсырыстың компанияның жарғылық құжагтарына және заңдылықтарга сәйкес келуін қадағалау;
  • Тапсырыстың орындалуы туралы техникалық, экономикалық жэне ұйымдастырушылық қорытынды жасалынады;
  • Тапсырманың экономикалық, экологиялық салалардағы қауіпсіздігі туралы сыртқы эксперттерден қорытынды алу;
  • Мақсатты технологияны таңдау;
  • Процессорлық технология жиынтыгын жасау;
  • БШ-ін жасау варианттар тізімін жасау.

Мұндай әкімшілік шаралар инициативті шараларға қарағанда оң нәтижеге тез жетуге болады. БШЖ процедурасын орындау үшін мынадай үш процессорлық технология қолданылады: қажеттіліктер негізінде басқару, жасанды интеллект негізінде басқару, персоналдар қызметін ынталандыруды басқару. Келісу процедурасы құжаттың мазмұнын жан-жакты тексеру үшін қажет. Өйткені БШ-ін жасайтын басшы мен оның командасы сертификатталған маман болып табылмайды; мысалы, экологияда, санитарияда, өрт қауіпсіздігінде, т. б. кездеседі. Келісу ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Сыртқы келісу клиенттермен, тапсырыс берушілермен немесе мемлекеттік бақылау органдарымен арасында жүргізіледі. Ішкі келісу бақылау қызметін атқаратын ұйымның ішкі мамандары арасында жүргізіледі. Ішкі келісу процедурасы сондай-ақ виза қою деп те аталады.

Келісу процедурасын орындау үшін 4 процессорлық технология қолданылады: қажеттіліктер негізінде басқару, үнемі тексерістер мен бұйрық беру арқылы басқару, қажетсіз жағдайда басқару және персоналдар қызметін ыңталандыруды басқару.

БШ-ін тандау процедурасы ұсынылған варианттыц ішінен тек бір БШ-ін ғана тандау. Бұл процедураның жауапкершілігі тек басшыға ғана жүктеледі.

БШ-ін тандау процедурасын жүзеге асыру үшін мынадай экімшілік шаралар қолданылады:

  • БШ-нің вариантының ҚР зандылықтарымен сәйкестілігі тексеріледі;
  • БШ-нің вариантында баска шешімдерге тигізетін қарама-қайшылықтардың болмауы тексеріледі;
  • ГОСТ талаптарына сай қабылданған шешім ресми түрде рәсімделу үшін құжаттар формасы таңдалынады.

Бұл процедурада мынадай процессорлық технология қолданылады: қажеттіліктер негізінде басқару, жасанды интеллект негізінде басқару және персоналдар қызметін ынталандыруды басқару.

Бекіту процедурасы БШ-ін соңғы рәсімдеу үшін қажет. БШ-ін бекітуді жоғарғы инстанциядагы органдар, тапсырыс берушілер немес клиенттер жүргізеді. Ол үшін мынадай әкімшілік шаралар қолданылады:

  • компания инструкциялары бойынша БШ-ін бекітетін лауазымды тұлға анықталады;
  • БШ-ін бекітетін заңды немесе жеке тұлғаның құжаттары рәсімделеді;
  • Құжатта бекітілу уақыты анықталынып, құжаттың аты және мазмұны көрсетіледі.
  • БШ-ін бекіту процедурасын тексеретін техникалық орындаушы тағайындалады.
  • Бекіту акті жасалынады.
  • БШ-ін бекітуде кездесетін ескертпелер жөнінде акт жасалынады.

БШ-ін бекіту процедурасын орынлау үшін мынадай технологиялар арқылы жүзеге асырылады: қажеттіліктер негізінде басқару, үнемі тексерістер мен бұйрық беру арқылы басқару және персоналдар қызметін ынталандыруды басқару.

БШ-ін орындауды ұйымдастыру процедурасы өте жауапты іс. БШ-не жұмысшылардың аса интеллектуалды потенциалы жүмсалады: акпараттық дайындық, БШ-нің варианттарын жасау, келісу, бір шешімді тандау және оны бекіту.

БШ-ін орындауды ұйымдастыру процедурасы үшін басшы мен басқару аппаратының төмендегідей әкімшілік шаралары қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Солтүстік Қазақстан
Жергілікті бюджеттерді ұйымдастыру
Солтүстік Қазақстан облысының демалыс орындары мен туризмнің біртұтас туристік қарқынын сипаттап, туристік қызметтің ролін анықтау
Ұлттық мәдениеттің даму мәселелері
Экологиялық туризмнің мәні
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Зеренді ауданына кешенді географиялық анализ
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы. Тың жерлерді игеру және оның нәтижесі мен зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz