Банктік міндеттемелер есебі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Бөлім. Субъект міндеттемелерінің есебі . . . 5
1. 1 Қысқа мерзімді вексельдік міндеттемелер есебі . . . 5
1. 2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі . . . 12
II. Бөлім. Банктік міндеттемелер есебі . . . 16
2. 1. Банктердің несиелерін есепке алу есебі . . . 16
2. 2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу . . . 19
III-Бөлім. Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі . . . 21
3. 1Салық міндеттемесінің есебі . . . 21
3. 2 Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар . . . 22
3. 3. Есептеу мен басқа да кредиторлық қарыздарды есептеулердің есебі . . . 28
Қорытынды . . . 33
Қолданылған әдебиеттер . . . 35
Кіріспе
Курстық жобаның тақырыбы «Міндеттемелердің есебі». Курстық жобаның басты мақсаты кәсіпорындардың міндеттемелердің есебінің дұрыс ұйымдастырылуын, болған есеп айырысу операцияларын дер кезінде құжатпен жабдықталуын, міндеттемелер түрлерін анықтау.
Қаржылық міндеттеме - келісім-шарт нәтижесінде басқа компанияға берілген ақша қаражаттары немесе басқа да қаржылық активтер тиімсіз жағдайда басқа компаниялармен қаржы құралдарын алмастыру болып табылатын кез келген міндеттеме.
Бағалаушылық міндеттемелер- бұл сомасы немесе мерзімі белгісіз міндеттемелер.
Міндеттемелер - бұл:
- ұйымның бар міндеттемелері (бұл не құқықтық міндеттемелер, не тәжірибеден туындаған міндеттемелер) ;
- өткен оқиғалардан туындаған міндеттемелер;
- экономикалық олжа жасасқан ұйымдардан келген ресурстарды реттеу.
Міндеттемелерді есепте көрсету үшін мыналар қажет:
1. Алдағы уақытта экономикалық олжа жасасқан ұйымдар ресурстарды пайдаланып осы міндеттемелерді жабу (ақша қаражаттары немесе басқа да активтер) ;
2. Осы міндеттемелерді жабуға қанша ресурстар қажет екендігін анықтау мүмкіндігі, яғни оны бағалау.
Міндеттемелердің есебі тек оқиға болған жағдайда ғана көрсетілуі мүмкін, егерде тұрағына міндеттемелері бойынша жабу сомасын жібере алатындай қарама-қарсы жақ (кредитор) бар болса.
Міндеттемелейтін оқиғалар - бұл оқиғалар не құқықтық міндеттемелер, не тәжірибеден туындаған міндеттемелермен байланысты болса, нәтижесінде ұйымның бұл міндеттемелерді жабуда нақты альтернативы жоқ.
Яғни, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына әкелетін өткен оқиғалар міндеттемелейтін оқиғалар деп аталады.
Нарықтық экономикада кредиттің негізгі формасы банк кредиті. Бұл жағдайда кредит қатынасының обьектісіне қарызы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай кредит уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандындырылған қаржы-кредит ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк кредитінің бірінші ерекшелігі- банк өз қарыз алушыларына кредитті өзінің капиталына ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардың да (заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің кредит ресурстарындағы өзіндік капиталының үлес шамамен алғанда
18-20%-ті құрайды, ал қалғаны-тартылған ресурстар( депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар) .
Осы кредит формасының екінші ерекшелігі шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк қарызға береді.
Банк кредитінің үшінші ерекшелігі -банк ақшалай қаражатты қарызға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл қарызды пайыздалғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы кредитті өндіріс саласында пайдаланған кейін табыс алады әрі оның есебінен пайыз төлейді. Кредитке қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк кредитінің айналыс саласына ғана қызмет ететін комерциялық кредиттен айырмашылығы, ол сонымен қатар өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк кретитінің қолданылуы аясы коммерциялық кредитке қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциалық кредит-кредит мәмілесінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен шектеліп қалған. Банк кредиті банк пен қарыз алушының арасында кредит келісім-шарты немесе кредит келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк кредитінің мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу, халықты кредиттеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарыздық капиталдың қозғалысына білдіреді.
Банк кредиті берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді кредит қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларының қалыптастыруына, еңбекақы төленуіне және де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді кредит ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылуы оған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк кредитінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған кредитті өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т. б төлеуге болмайды.
Кредит есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл-шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.
Кредит қарыз алушыға тек кредит келісімшартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Және кредит қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, кредитті өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Кредит келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.
I. Бөлім. Субъект міндеттемелерінің есебі
1. 1 Қысқа мерзімді вексельдік міндеттемелер есебі
Қысқа мерзімді вексельдік міндеттемелер есебі 3000-Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер шот бөлімінде жүргізіледі.
Вексель. Вексельдiк қарым - қатынастардың дамуына орта ғасырдағы Италия банкирлерiнiң тәжiрибесi түpткi болды. Вексельдiң пайда болуы ақша қаржыларын бiр елден екiншi елге аударғанда, сонымен қaтap бiр елдiң тиындарының екiншi ел валютасына айырбастау кезiндегi қажеттiлiктен туындады. Осы мәселелердi шешу үшiн ақшаны айырбастау және аударумен байланысты мәмiле пайда болды, яғни вексель дегенiмiз - белгiлi бiр тұлғаға белгiлi бiр жерде вексель бойынша мiндеттемесiн орындап, сол соманы төлеу жөнiндегi мiндеттеме, (wechel) - ағылшын тiлiнен аударғанда - айырбастау дегендi бiлдiредi.
Вексельдiк операциялардың 3 қатысушы тұлғасын анықтауға болады:
- Ремитент - вексельдi ұстаушы және вексель бойынша төлемдi алуға құқығы бар тұлға;
- Трасант - (вексельдi берушi) вексельдi жазып берген тұлғa;
- Трассант - төлем жасаушы тұлғa.
Бұл 3 тұлғa арасындағы қатынас тратамен безендiрiлген. Ол бiр жағынан ремитенттiң белгiлi бiр жерден төлем алынатынын анықтайтын куәлiк ретiнде, ал екiншi жағынан - бұл құжaт талап ету құқығының дәлелi болып табылады.
Вексельдi төлемге алып, акцептантқа алынған трассант вексель бойынша негiзгi қарызгер болып табылады. Айналым кезiнде вексель бiр кесімнен екiншiсiне аудармалы жазу - индосамент арқылы берiледi. Әрбiр индосамент
ремитент сияқты акцепт пен вексельді төлеуге жауапкершілік атқарады. Вексель бойынша тұлғалардың мiндеттемелерi қосымша сақтандыру ретiнде вексель сомасын толық немесе бөлшекпен авальдау қолданылады, яғни аваль - вексельдiк тапсырыс (франц-аvаl) - авальды жасаған тұлғa вексельге жауапты тұлғалардың бiреуiнiң жауапкершiлiгiн бөлiседi. Вексель арқылы, яғни есептiк несиелiк инструмент ретiнде қолданылып, өзара қарыздарды өтеуге, несиенiң мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуге болады.
Вексель негiзгi eкi қызмет атқарады:
- Несиелiк
- Есеп айырысу
Есеп айырысу функциясын қарастырайық:
Вексель берушi тұлғаға вексельдердi айналымға шығару, ол бойынша есеп шығаруды жүзеге асыру кезiнде, вексель есеп айырысу құрамының рөлiн атқарады, яғни негiзгi мiндетi - айналым құpалы болып табылатын ақша қаржыларының орнын толтырады.
Вексель эволюциясына көз салайық:
Бартердiң орнына ақша 🡪 келдi натуралды айырбас 🡪 сату мен сатып алуды ажырату арқылы вексель белгiлi бiр көлемде ақшаның орнын алды, яғни төлем aктісі мен aқша алу aктісін ажырату арқылы. Ақша жүйесiнiң көмегімен бiр өнімнің бағасы басқа өнiмдер арқылы көрсетiледi. Бұл жағдайда вексельдiң келесi peті бар: ақшаның функциясын аккумуляциялау.
Яғни тауар құнын aқшалай көрсетiп, ақшаны есептеу, аудару, сaқтay процестерiнен босатады және универсалды төлем құpалы болып саналады.
Вексель көмегімен тек есеп айырысу жүргiзiп қоймай, ақшаны айырбастауға болады. Барлығын қорытa келе, вексельдiң aқшa функцияларының барлығын орындайтыны анық. Вексель жазбаша құжат болып табылады. 3аңды күшке ену үшiн ол белгiленген ережеге сәйкес құрастырылуы тиiс. Жазбаша құжaт ретiнде оның бiрнеше мiндеттi реквизиттерi бар.
Вексель - бiржақты сөзсiз орындалатын ақша мiндеттемесiн қамтитын қатаң нысанда белгiленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келедi.
Жай вексель (соло-вексель) - талап eтyi бойынша немесе белгiленген мерзiмде келешекте вексельде керсетiлген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтiнi туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын мiндеттемесiнен тұрады.
Жай вексельдiкi төмендегiдей:
- Құжaт жазылған тiлде «вексель» деген аты болуы тиiс.
- Белгiлi бiр соманы төлеу жөнiндегi жай мiндеттемесi.
- Төлем мерзiмiн көрсету.
- Төлем орнын көрсету.
- Кімнің бұйрығымен, кімгe төлем жасалатыны.
- Вексельдiң жасалу орны мен мерзiмi.
- Вексель берушiнiң қолтаңбасы.
Жай вексельдiң мазмұны мен қозғалысын көрсететін сызбаны төменде келтіреміз.
(тауарлар, қызметтер,
ақша қаржылары)
Вексель ұстаушы
(қарызгер)
Вексель алушы
(кредитор)
(жай вексель)
1. 1. Сызба. Жай вексельдiң мазмұны мен қозғалысы.
Аудармалы вексельдiң мiндеттi реквизиттерi бар:
- Құжат жазылған тiлде «вексель» деген аты болуы тиiс.
- Белгiлi бiр соманы төлеу жөнiндегi төлеу мiндеттемесi.
- Вексель бойынша төлеушiнiң аты.
- Төлем yaқыты көрсетiлуi керек.
- Төлем орны көрсетiлyi керек.
- Кімнің бұйрығымен және кімгe төлем жасалатыны.
- Вексельдiң жасалу орны мен мерзiмi.
- Вексель берушiнiң қолы.
(тауарлар, қызметтер,
ақша қаржылары)
Вексель ұстаушы
(қарызгер)
Вексель алушы
(кредитор)
(аудармалы вексель)
1. 2. Сызба. Аударма вексельдiң мазмұны мен қозғалысы.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трассатқа) бiрiншi вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгiлi бiр уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетiлген ақшаны төлейтiнi туралы басқаша ешбiр шарт койылмайтындығы туралы мiндеттемесi. Аударма вексель өз табиғаты бойынша "бұйрыққа" ұқсас болып келедi.
Вексель: құжат мәтінінe (текстінe) енгiзiлген, құжат қай тiлде толтырылса, онда сол тiлде "вексель" деп жазылған атауды, белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негiзделмеген бұйрықты; төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы тек аударма вексельде, төлеу мерзiмiн, төлем жасалатын орнын көрсетедi; кімгe немесе кiмнiң бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетедi және онда вексельдi берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетiлген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек төмендегi белгiленген жағдайларды қоспағанда, вексельдiң күшi болмайды. Төлем мерзiмi көрсетiлмеген вексель ұсынғанда талап eтyi бойынша төленетiн вексель ретiнде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушымен қaтap белгiленген орны, төлем жасау орны және сонымен бiрге төлем жасаушының тұратын орны болып есептелiнедi. Вексельдiң жасалғaн орны көрсетiлмеген жағдайда вексель берушiнiң атымен қaтap белгiленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушiнiң бұйрығы бойынша aқы төлеуге жататын вексель ретiнде берiлуi мүмкін. Ол вексель берушiнiң өзiне немесе үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкін. Аударма вексель үшiншi тұлға тұpғaн жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерiнде немесе қандай да бiр басқа орында төленуi мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттiк ставкасы) көрсетiлуi тиiс, мұндай нұсқay болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күнi көрсетiлмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелiнедi.
Кез келген аударма вексельдiң бұйрығы көрсетiлмей берiлсе де, ол өзiнiң индоссаментi арқылы берiлуi мүмкін.
Егер вексель берушi аударма вексельде "бұйрыққа емес" немесе oсыған ұқcac мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтасa, онда ол қарапайым сессиямен берiлуi мүмкін. Индоссамент вексель берушiнiң пайдасына, не вексель бойынша мiндеттi басқа кез келген адамның пайдасына вексельдi акцептегенiне, не акцептемегенiне қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар өз кезегiнде, вексельдi табыстай алуына болады.
Индоссамент қарапайым, алдын ала ешбiр келiсiм-шарт қойылмаған болып келедi. Оның шартты жағдайларының бiрi шектелетiн болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелiнедi.
Индоссамент ұсынушыға бланктiк күшi бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе oған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиiс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелiк етедi. Егер индоссамент бланктiк болса, онда вексель ұстаушы бланктi өз атына немесе басқа бiр адамның атына толтыра алады; өз кезегiнде вексельдi банк аркылы немесе баска бiр адамнын. атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельдi үшiншi адамға бере алады.
Егер басқаша кepi шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап бередi. Ол кейiнгi индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель кейiнгi табысталғaн адамдардың пайдасына шешiлсе де, ол олардың алдына жауап бермейдi.
Қолында аударма векселi бар тұлғаның құқығы үздiксiз бiрқатар индоссамент жасау арқылы негiзделсе де, соңғы индоссамент бланктiк болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретiнде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп есептелiнедi.
Бланктiк индоссаменттен кейiн баска индоссамент жасалса, соңғысына қол қойған тұлға бланктiк вексельдi сатып алған индоссамент болып есептелiнедi.
Аударма вексельдi төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексель ұстаушы немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу үшiн тұрған жерiнде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзiнiң келiсiмi туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың бiрiне хабарласса, онда ол олардың алдында өз келiсiмiнiң шарттарына сәйкес өз мiндеттерiн орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бiр бөлiгiн аваль аркылы қамтамасыз eтуінe болады. Мұндай камтамасыз етудi үшiншi адам немесе тіптi вексельге қол қойған адамдардың бiрi бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта берiледi. Аваль берiлген орын көрсетiлсе, онда ол жеке aктімен де берiлуi мүмкін. Ол "аваль деп есептелсiн" деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгiлi мәтіндeгi формуласымен бiлдiрсе, онда oған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшiн төлем жасаушы немесе вексель берушi қолын қоймаған болса, аударма вексельдiң бет жағына авальшының қойғaн қолы жеткiлiктi. Авальда ол кімнің есебiнен берiлгенi көрсетiледi. Ол көрсeтiлмеген жағдайда аваль вексель берушi үшiн берiлген деп есептелiнедi.
Авальшы ол үшiн аваль берген адаммен бiрдей жауап бередi. Аударма вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепiлдiк берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында мiндеттi адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленедi.
Аваль - вексель бойынша кепiлдiк, оған байланысты аваль жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi баска адамдардьщ мiндепемелерiн орындауы үшiн жауапкершiлiктi өз мойнына алады. Авальшы- аваль жасаған тұлға.
Аударма вексель ақы төлеу үшiн ұсынғанда; ұcынғaннaн кейiн белгiлi бiр уақытта; вексель жасалғаннан кейiн белгiленген бiр күнде берiлуi мүмкін. Тағайындалғaн өзге мерзiмдер немесе төлемнiң бiр iздi мерзiмдерiн қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзiмiнде төленуi тиiс. Ол жасалған күннен бастап бiр жылдың iшiнде төлем жасауға ұсынылуы мұмкін. Вексель берушi аудармалы вексельде төлемге ұсынылатын мерзiм белгiленуi мүмкін, бiрақ белгiленген мерзiмнен бұрын төленуiн талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзiмi осы мерзiмнен бастап жүредi. Ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзiмi не акцептелген күнімен, не қарсылық бiлдiру күнімен айкындалады. Қарсылық бiлдiру болмаған жағдайда күнi қойылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшiн көзделген мерзiмнiң coңғы күнiнде жасалған болып есептелiнедi.
Мерзiмi белгiлi бiр күнге немесе жасалғаннан кейiн немесе ұсынғаннан кейiн белriлi бiр уақытқа белriленген аударма векселдi ұстаушы вексельдi төлеу күнiнде, не келесi eкi жұмыс күнінің бiрiнде ұсынуға тиiс. Аударма вексельдi есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынылғанымен бiрдей болып есепелiнедi. Вексель ұстаушы бөлiп төлеуден бас тарта алмайды. Бөлiп төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы бiлген болса, онда ол бұл туралы қолхат беруi тиiс.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемдi мерзiмiнен бұрын алуға мәжбүрленбеуге тиiс. Мерзiмi келгенге дейiн төлем жасауды төлем жасаушы өз тәуекелдiлiгiне алады.
Егер аударма вексель төлем жасау орнында жүрмейтiн валютада жасалса, онда оның сомасы жергiлiктi валютада төлем мерзiмi келген күнiндегi бағам бойынша жергiлiктi валютамен төленедi. Егер борышкер төлемнiң мерзiмiн өткiзiп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергiлiктi валютада төлеу мерзiмi келген күнгi бағаммен төлеудi талап ете алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регистерге өз құқығын төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады;
- акцептпен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
- егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкінен өтем нәтижесіз болмаған жағдайда;
- вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға регрестік талабы вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынулы мүмкін.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға қарсылық бiлдiру) фактi куәландыратын aктімен расталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz