Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін және жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе . . . 3

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс -әрекетін қалыптастыру

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама . . . 8

1. 2. Төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту және мұғалімнің ролі . . . 12 1. 3. Ана тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудің теориялық негіздері . . . 18

2 . Жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру

2. 1 Ана тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту . . . 36

2. 2 Бастауыш сыныпта шығармашылыққа үйретудiң әдіс- тәсiлдерi . . . 38

2. 3. Тәжірибелік бөлімнен . . . 55

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Кiрiспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу - тәрбие процесін жетілдіру талаптарын қояды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: “ . . . Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған . . . І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым - қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін - өзі көрсетуді, мінез - құлық мәдениетін, жеке гигиенасы және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған”, - деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беруді дамыта, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру қажет екенін бүгінгі заман талабына сай білім парадигмалары айқындай түсуде. Ал іс-әрекеттік тұрғысынан негізгі компоненті ретінде шығармашылық іс-әрекеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеуді негізгі қажеттілік деп есептейміз.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой- өрісін байыту”, - деп атап көрсетілген. Осы міндетке сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде жаңа жағдайларда қолдану біліктілігі мен шығармашылық іс-әрекетке түсе алатын тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 12 жылдық білім беруге көшу екенін тәжірибе дәлелдеп отыр.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушылардың баурап жететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді, - делінген. Білім беруде оқушы мұғалімнің объектісі ғана емес, білімді меңгеруде жеке субъект ретінде көрінеді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі маңызды болмақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш мектептің негізгі міндеті: “Баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту”, - делінген. Осы міндетті шешудің бірден бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауының он жетінші бағытын - Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, - деп көрсетті. Ал мұны өз кезегінде білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасаудың алғы шарты деп атауымызға негіз болады. Өйткені, әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты білім саласында жүріп жатқан реформа осының айғағы. Мұның өзі ұлттық білім үлгісін жасауды талап етіп, оның негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігі және іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.

Тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға қатысты мәселелер ұлы ғұламаларымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Х. Дулати, М. Қашқари, А. Құнанбаев, А. Яссауи шығармаларында өз бастауын алған.

Зерттеу тақырыбымыздың әдіснамалық, теориялық негіздері философия ғылымы бойынша Ғ. Есім, Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, М. Орынбеков, Ұ. Сыдықов, Ә. Тұрғынбаев, сондай-ақ шетел философтары Б. С. Гершунский, Г. Гегель, Декарт, Д. Дьюи, Г. Лейбниц, И. Кант, Платон, А. Спиркин, И. Фихте және т. б. еңбектерінде жан-жақты талқыланған. Қазақстандық әлеуметтанушылар Ж. Алтаев, Н. А. Аитов, А. И. Артемов, Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов, Қ. У. Биекенов, Г. Нұрышева және т. б. тұлғаның шығармашылық іс-әрекетке бейімділігін оның әлеуметтенуімен байланыстыра қарастырған.

Оқушыларды таным әрекеті және шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамыту мәселесінің психологиялық аспектілерін отандық психолог-ғалымдар Ж. Аймауытов, Ә. Алдамұратов, С. Қ. Бердібаева, Қ. Б. Жарықбаев, С. Жақыпов, М. Мұқанов, Ж. Намазбаева, К. Оразбекова, Т. Тәжібаев, Х. Т. Шерьязданова және т. б. зерделеген. Сонымен қатар шетел психологтары Б. Г. Ананьев, А. В. Брушлинский, А. А. Люблинская, А. В. Петровский, А. Я. Пономарев, Л. С. Рубинштейн, Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Н. Ф. Талызина, О. К. Тихомиров, В. К. Шабельников, И. С. Якиманская, т. б. арнайы зерттеу объектісі етіп алған.

Елімізде білім мен тәрбие ісінің дамуы және теориялық аспектілерін К. И. Адамбеков, Б. А. Әлмұхамбетов, Т. О. Балықбаев, А. А. Бейсенбаева, Р. Қ. Бекмағамбетова, Қ. Б. Бержанов, Ш. К. Беркімбаева, Қ. Бөлеев, М. Жұмабаев, А. Н. Ильясова, Ж. У. Кобдикова, С. Қ. Қалиев, К. Қ. Құнантаева, К. Ж. Қожахметова, Ш. К. Майғаранова, Е. У. Медеуов, Г. Ж. Меңлібекова, Ж. Ж. Наурызбай, Г. К. Нұрғалиева, О. Е. Омарұлы, М. Н. Сарыбеков, Ә. І. Сембаев, Ә. Сыдықов, Ш. Т. Таубаева, Р. К. Төлеубекова, С. А. Ұзақбаева, І. Р. Халитова, Г. М. Храпченков, Қ. Т. Ыбырайымжанов т. б. зерттеу жұмыстарында қарастырған.

Әр түрлі білім беру саласы бойынша оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың дидактикалық және әдістемелік аспектілерін Қ. А. Аймағамбетова, З. Ш. Айдарова, Е. Алимухамбетова, А. Х. Аренова, А. Е. Әбілқасымова, М. Әбдікәрім, А. Байтұрсынов, Д. С. Байғожанова, Е. Ы. Бидайбеков, Қ. Л. Болатбаева, Е. А. Вьюшкова, М. Дулатов, Р. Қ. Дүйсембінова, Ә. Т. Жұмабаева, Б. Т. Қабатай, А. Ғ. Қазмағамбетов, Ж. А. Қараев, М. Ә. Құдайқұлов, А. Қ. Құсайынов, Р. М. Қоянбаев, Т. Ә. Қышқашбаев, Л. Х. Мажитова, Б. И. Муканова, К. С. Мусин, Ә. Муханбетжанова, Ж. Б. Мырзабаев, Т. Қ. Оспанов, В. К. Павленко, С. Рахметова, А. Қ. Рысбаева, Т. С. Сабыров, Ә. Ә. Сағымбаев, О. Салимбаев, Ж. С. Сардарова, Б. А. Тұрғынбаева, Г. Ж. Уәйісова, Н. Н. Хан, Н. Д. Хмель, В. В. Шахгулари, Р. О. Ізғұттынова және т. б. зерттеген.

Шетел педагог ғалымдары Ш. А. Амонашвили, Ю. К. Бабанский, Л. И. Божович, М. А. Данилов, Б. П. Есипов, З. Зак, И. П. Иванов, И. А. Зимняя, Я. А. Коменский, В. С. Кукушина, И. Я. Лернер, А. С. Макаренко, М. И. Махмутов, Н. Морозова, М. И. Моро, В. Оконь, М. П. Осипова, П. И. Пидкасистый, А. М. Пышкало, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, В. Сухомлинский, К. Д. Ушинский, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина және т. б. аталған мәселені әр қырынан зерттеген. Аталған ғалымдардың педагогикалық зерттеулерінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, таным әрекетінің белсенділігін арттыру мәселелерін айқындап, жеке тұлғаны дамытуға болатынына қарастырылған. Ал, бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесін арнайы зерттеу объектісі етіп алмаған. Білім саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекет арқылы тұлға ретінде қалыптастыруды басты міндеттердің бірі деп қарастыруды талап етіп отыр. Бұл өз кезегінде жалпы орта білім берудің бастауыш сатысында педагогикалық процесті тұлғалық-бағдарлы тұрғыда ұйымдастыруды қажет етеді. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысының көкейкестілігі сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда мұғалімдердің педагогикалық процесті тұлғалық-бағдарлы, нәтижелі іс-әрекеттік тұрғыда ұйымдастыруда және онда жаңа нәтиже алуда педагогикалық технологиялардың тиімділігін, оны жүзеге асыруда ақпараттық технологияларды барлық пәндерде құрал ретінде пайдалану ерекшелігін білмейтіндігімен айқындалады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды нақты теориялық және практикалық мәселе ретінде зерттеу қажеттігі бүгінгі білім берудің басым бағыттарына байланысты олардың жас және жеке ерекшелігіне сәйкес шығармашылықпен ізденуде, кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ғылыми зерттеу жұмыстары мен педагогикалық-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми тұрғыда негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:

- қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу қажеттілігі мен білім парадигмасының өзгеруіне байланысты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың арнайы зерттелмеуі;

- бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу қажеттілігі

мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруды теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі.

  • қазіргі қоғамның тұлғаның шығармашылық белсенділігін жүйелі, сапалы

дамытуға байланысты мектептердегі білім беруге қоятын талаптар мен бас- тауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды

қамтамасыз етуге негіз болатын тұжырымдаманың және оны жүзеге асыру моделінің жоқтығы;

- бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптас-

тыру үшін тұлғаға бағдарланған білім беру мен оның мазмұнын жүзеге асыратын технологияларының сараланбауы, ақпараттық технологиялардың құрал ретінде пайдаланбауы;

  • тұлғаға бағдарланған білім беруде бастауыш сынып оқушыларының

шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мен оның ғылыми-әдістемелік жүйесінің жасалмауы.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу мәселеміздің көкейкестілігін айқындап, тақырыпты “Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін қалыптастыру (Ана тілі сабағында) ” деп таңдауымызға негіз болды.

Бастауыш сыныптарда оқу программасы көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлi бейнелер, олардың iс - әрекетi арқылы өмiрдi түсiнуге көмектеседi. Жазушының идеясы, көңiл-күйi шығарманың мазмұны арқылы оқушыға берiледi, сөйтiп оларда алуан түрлi сезiм, ой туғызады, дүниеге көз қарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшелiктерi бастауыш сыныптарда олардың өзiндiк әдiстемесiн қажет етедi. Бүгiнгi жас ұрпаққа жан-жақты бiлiм беру, тәрбиелеу - әрбiр ұстаздың басты мiндетi.

Қайсыбiр мұғалiмдер сабақтың жаңа түрiн пайдаланса, кейбiреуi жаңашыл мұғалiмдердiң тәжірибелерiн қолданады. Қай әдiстi пайдаланса да, мақсат бағдарламадағы материалдардың мазмұнын шәкiрт бойына сiңiру.

Бiлiм негiзi бастауышта болғандықтан, оның мұғалiмi басты тұлға. Демек, бастауыш мектептiң жаңа жүйеге көшуi әрбiр мұғалiмнен жаңаша жұмыс iстеудi, батыл шығармашылықты талап етедi. Бастауыш мектептiң алдында тұрған негiзгi мiндетi - оқушыларды дамыта оқытуды, яғни оқушыны оқу әрекетiне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Алайда бұл арада ерекше көңiл бөлiп, ойлануды талап ететiн мәселе, бұл оқушылардың шығармашылық бағытта дамуына жете мән берiлмеуi.

Мұғалiм мына қағидаларды үнемi назарда ұстағаны жөн деп есептеймiз:

- Бала бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмау, оның шығармашылығын жетiлдiру.

- Бiлiмдi өз бетiнше iздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

- Өзiн - өзi дамытатын тұлға қалыптастыру.

Рас, iзденушi мұғалiм бала бойындағы туа бiткен түрлi қасиеттердi дәл байқап, сапалық баға берiп, әрi қарай өз бетiнше дамытуы қажет. Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бiрi - бiлiм берудiң жаңа жүйесiнiң жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас бiр педагогикалық процестермен тығыз байланысты. Бұған дәлел жаңа базистiк оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдiстемелiк кешендер, тiптi жаңаша ойлау қалыптастыру. Мәселен ойлау тақырыбында ойлау туралы жалпы түсiнiк ойлау ерекшелiктерi, ойлаудың жеке адамның сипаты жайлы Л. З. Занковтың “Бастауыш оқыту жүйесi” тақырыбындағы арнайы курстан жақсы көруге болады.

Тек қана оқу бағдарламасына сүйене отырып және ұлттық ерекшелiктердi ескере отырып, тақырыптарды сәйкестендiрiп шығармашылықпен пайдалану мүмкiндiктерiн игеруге болады. Мысалы: Ана тiлi және қазақ тiлi сабақтарында ойлау, аңғаруға байланысты және iздену дәлелдеуге қатысты бiрнеше шығармашылық тапсырмаларды топтастыруға болады. Атап айтсақ:

а) Тақырыпты схемалау немесе схема бойынша толықтыру.

ә) Өз бетiнше диафильм құрастыру;

б) Ойдан ертегнi құрастыру.

Сол сияқты Ш. А. Амонашвилидiң шығармашылық деңгейде жұмыс iстеу әдiсiн, шеберлiгiн үйрене отырып мына айтылған мәндi ойына құлақ түрсек. «Oқушылардың шығармашылық қабiлеттерi деп бiз iс-әрекет қорытындысында жаңа бiр нәрсенi үйренулерi және олардың даралық бейiмдiлiктерiнiң, қабiлеттерiнiң, тәжiрибелерiнiң көрiнуi болып табылады», - делiнген.

Сондықтан да әрбiр педагог балалық кезде ерекше көзге түсетiн бейiмдiлiк, қабiлет көрсеткiштерiн ұмытпай дамыту парыз. Ол үшiн берiлетiн оқу мiндетiнiң мазмұны мен мәнi айқын, белгiлi бiр проблеманы шешетiнде әр түрлi пiкiрталас тудыратындай, өзiндiк қиыншылығы бар, шығармашылық ойлау қабiлетiн тудыратын болуы қажет.

Ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жатық та түсiнiктi тiлмен: «Жақсы дерлiк те, жаман дерлiк те бiр әдiс жоқ, олақтың белгiлi - бiр ғана әдiстi болу, шеберлiктiң белгiсi -түрлi әдiстi табу да қолынан келу. Мұғалiм әдiстi көп бiлуге тырысуы керек және қолдана бiлуi қажет», -деп атап кеттi. Олай болса қазiргi таңда мектебiмiздiң мiндетi: Оқушыны жеке тұлға ретiнде дамыту, мұғалiм жұмысына жаңа технология енгiзу.

Ондағы мақсат:

1 Жаңашылдық технология негiзiнде шығармашылық қызметiнiң тәжiрибесiн қалыптастыру.

2 Оқушының жеке тұлғасының психологиялық-педагогикалық нұсқаудың негiзiн енгiзу арқылы оқушының бiлiм-бiлiктiлiгiн қалыптастыру, дамыту.

3 Мұғалiм жаңа әдiстердi өзiнiң iс-тәжiрибесiне енгiзу және шеберлiгiн арттырудағы жұмысты жүйелендiру, оқушылардың шығармашылық жұмыс iстеу қабiлетiн дамыту.

Демек, бастауыш мектептiң жаңа жүйеге көшуi әрбiр мұғалiмнен жаңаша жұмыс iстеудi, батыл шығармашылықты талап етедi. Қазiргi сабақтың тағы бiр ерекше құнды жағы бар, ол - сабақ мазмұнын саралай отырып, сабақта сөз болатын тақырып мазмұнын аша бiлу, жаттығулардың ең тиiмдi дегендерiн іріктеп алып, берiлетiн тапсырмалар көлемiне, оның күрделiлiгiне, ауыр - жеңiлдiгiне мұқият мән берiп, ойластырып, оларды орындау амал - тәсiлдерi түсiндiрiлуi керек.

Сабақты жоспарлауға қойылатын бұл талаптар оқу-тәрбие жұмысын тұтас қамти алатын сабақ түрiн дұрыс таңдауды қамтамасыз етедi. Оқытудың тұтастық принципiн сақтау мұғалiмге де, оқушыға да уақытты барынша аз жұмсауға септiгiн тигiзедi. Мұғалiм өзi өткiзген сабағын өзi бағалауға тиiс, оқытуда мұғалiмнiң өз сабағын өзi бағалауы оқытудың ұтымды жолын дұрыс таңдай бiлуiнiң кепiлi болмақ. Әрбiр сабақта оқушылардың әрқайсысымен жеке - дара жұмыс жүргiзу әдiстемесiн әр мұғалiм сабақты жоспарлау кезiнде ойластыруы тиiс және солай талап етiледi. Жеке жұмыс өте жақсы оқитын оқушымен де, орта, одан төмен оқитын оқушымен де жүргiзiледi.

Осы диплом жұмысында зерттеліп отырған жалпы білім беретін мектептерде, яғни бастауыш сыныптарда қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру мәселесі болғандықтан, зерттеуде осы күрделі процесте көзделген мақсатқа жетудің жолдары, құралдары, педагогикалық шарттары қарастырылады.

Зерттеу объектісі: сабақ барысында оқушылардың шығармашылығын, қабілетін жетілдіру үрдісі (процессі), танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

Зерттеу пәні: оқушылардың шығармашылығын, қабілеттілігін, танымын жетілдірудегі тәжірибелердің іске асу жолдары әдістемесі.

Зерттеу мақсаты: ана тілі сабақтарында жаңа технология негіздерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, дамыта оқыту негізінде оқушыларды шығармашылық әрекеттерін белсенді субъектісі ретінде даму шарттарын белгілеу.

Зерттеу міндеттері:

  • шығармашылық белсенділік әрекет ұғымын теориялық жағынан айқындау;
  • бастауыш сыныптардағы оқушыларды дамыта оқыту негізінде шығармашылық әрекеттерін белсендіру жолдарын анықтау;
  • шығармашылығын белгілерін айқындау жолдарының тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеу болжамы: Егер мұғалімнің басшылығымен жұмыс барысында орта білім берудің бастауыш сыныптарында - шығармашылыққа үйрету жұмыстары үнемі жүргізіліп отырса, онда балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамып, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болу жолдары айқындала түседі

Зерттеудің жаңалығы: Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін ізденіс керек-мұғалімге, өзінің білім-біліктілігінің сапасын арттыруға көмектеседі. Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән ана тілі. Ана тілін үйрету, сөзді түсініп меңгеріп оқу, жаттау ғана емес сөзді мәтінге байланыстыра тілін жаттықтыру, сол мәтіннің мазмұнын ойлау сезімімен, сурет үлгілерін, сөйлеу жүйесін де меңгерту жаңа технологиялармен. Ана тілі сабағында жаңа технологияның жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы бастауыш білімінің негізі болып табылатыны.

1. Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама.:

1. Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама.

Бастауыш мектеп өскелен ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп өркендеуіне, ел талап- тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылады. Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды.

Бала психологиясын жан жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына, балабақшада болу- балмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байланысты.

Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс әрекеттері мен жүйке қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Жекеленген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті жоғары деңгейге ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын менгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда цифрлық білім беру ресурстарды қолданудың маңыздылығы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы
Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Танымдық дидактикалық ойындар
Балалар әрекетінің мотивтері - қызығушылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz