БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СӨЙЛЕУІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Диплом жұмысын бастамас бұрын ең әуелі тақырыпты таңдауды қарастырдым.
Ол үшін тақырыптардың бүгінгі таңдағы маңыздылығы, жұмыс жазған кездегі
оның өзектілігі, практика жүзінде эксперименттік тәжірибелер жүргізген
кезде қандай нәтижелер бере алады дегенді ең басты назарда ұстадым.
Бұл орайда бастауыш сыныптарда өзімді ойландырып, толғандырып жүрген,
әрі қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты білімді, тәрбиелі,
саналы азамат болып шығуы үшін мен не істей аламын деген сұрақтарды өзіме
қойып, өз тәжірибемде сынап көруді зерттеуді мақсат етіп қойдым.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Респбликасында 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқытудың, білім берудің алғашқы
деңгейінің мазмұнында баланың сөз байлығын дамытудың, оның ойы мен тілін
дамытуда еркін сөйлеуге үйретудің алатын орны жайлы ерекше атап көрсетеді.

Өкінішке орай, қазіргі кезде өзіміз көріп – біліп жүргеніміздей,
отбасында, көптеген ата – аналар бала тілін дұрыс тәрбиелемеуден, олармен
қарым – қатынаста екі тілде сөйлеуі, дұрыс тәрбие қалыптастырмаудың
салдарынан баланың тілін дамытуда немқұрайлылық, салғырттық танытуы бала
тілін дамытуда кері әсерін тигізіп, мұндай баланың саны жылдан – жылға арта
түсуде.
Бастауыш сыныптағы балалардың сөйлеу тілінің дамуын зерттеген
ғалымдарды атап өтсек: сөздік қорының шектелуі жайлы зерттеген, (Т.В.
Егорова, С.Г. Шевченко) сөз жасау процесінің қалыптасуының өзгешелігін,
(Е.С.Слепович, Г.Д. Тригер) күрделі грамматикалық құрылымдарды қолдану және
түсінудегі қиындықтарын, (Г.Н.Рахмакова, Л.В.Яснан), жазба тілінің
қалыптасуының ерекше өзгешелігін ( Н.А.Сыпина, Р.Д.Тригер, Г.Н.Рахмакова)
тілдің реттеу функциясының жеткіліксіздігін (Д.П. Пускаева, А.Д.Кошелева,
И.А. Коробейников) зерттеген ғалымдармен қатар қазақстанда Қ.Молдабеков
бастауыш сынып оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндерін лингво –
статистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар тілінің даму динамикасын
анықтауға біраз еңбек сіңірді.
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының оқу және сөйлеу тілін
дамыту мәселесі ана тілімізде толық, арнайы зерттелген емес.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының оқу және сөйлеу тілін дамыту
ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай ана
тіліміздегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы мені
дипломдық жұмыс тақырыбын Сөйлеу мәдениеті, тіл өнері жайында мақал-
мәтелдер және қазақ зиялыларының ой-пікірлері мен педагогикалық
көзқарастары деп таңдауыма себепші болды.
Зерттеу мақсаты: Мен таңдаған тақырыптың негізгі мақсаты –
оқушыларға ана тілін көркем, таза, мәдениетті, тіл нормаларын дұрыс
сақтап, таза, дұрыс сөйлеп, ұлттық тіліміздің мәртебесі мен алар орнын
нығайтуға үлес қосу
Тіліміздегі шеберлік пен үйлесімді терең танытуға, ана тіліміздің
әсемдік ерекшеліктерін сақтап, сауатты да білікті сөйлей білуге
негізделеді.
Зерттеу міндеттері:
- Сөйлеу мәдениеті, тіл өнері жайлы қазақ зиялыларының көзқарастарына
талдау жасау.
- Қазақ зиялыларының шығармалары, айтқан ойлары, идеялар мен ұлттық мақал-
мәтелдерімізді әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы талдай отырып, оқушылардың
сөйлеу мәдениетін, тіл өнерін, ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушыларды қазақ зиялылары ойлары мен мақал-мәтелдердің сөйлеу
мәдениетіндегі алатын орны мен маңызына талдау жасата отырып, ана тілін
сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, ерлікке, табиғатты сүюге, елне деген
сүйіспеншілігін ана тілі арқылы оятуға, қорғауға, еңбек етуге тәрбиелеу.
- Тіл өнері, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, ана тіліне деген
көзқарастарын өзгерту.
- Қазақ зиялыларының шығармаларын талдата отырып, оқушының сйлеу мәдениетін
арттыру, қабілеттерін шыңдау;
- Көркем шығармаларды оқм отырып ана тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
Зерттеу әдістері:
- сұрақ-жауап әдістемесі;
- сараптау, талдау әдісі;
- диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық әдісі
- индуктивтік әдісі;
- жекеден жалпыға өту әдісі;
- сарамандық-тәжірибе жасау әдісі;
- байқау, бақылау әдісі;
- оқушы өзінің онтогенезінде адамзаттың сөйлеу мәдениетіндегі жолын
қайталайды;
- тілді игеру ерік пен жігерге негізделген спонтандық процесте де,
ұйымдастырылған әрекетте де жүргізіледі;
- оқушы тіл өнерін игеруде тек жай ғана тыңдау, көру, сезіну арқылы емес,
оқытудың субъектісі ретінде өзіндік білім алуға қажеттілік пайда болғанда
ғана игереді.
Бұл жағдайда "оқушы дайын тілдік білімді игеруші" түсінігі орнына
"адам – тілді таза сөйлеуші тұлға" түсінігі қалыптасады. Соның нәтижесінде
оқушы оқу үрдісіне қатысушы "орындаушылар" емес "әрекетті жүзеге
асырушылар" болып есептеледі. Тілді игеру, меңгеру, таза сөйлеу, сөз
мәдениетін меңгеруде оқушы мен мұғалім өзара диалогтік, ынтымақтастық,
бірлескен шығармашылық әдістер нәтижесінде өзара байланысты әрекеттер
жасайды. Сөйтіп оқушы тұлғасына бағдарланған білім беру технологиясы жүзеге
асады.
Ғылыми болжам: Егер оқушылар қазақ әдебиеті, қазақ тілі пәнінен
жақсы білім алып, көркем әрі мәдениетті, сауатты, сөйлей алатын болса,
болашақта ана тіліміз еліміздің міндетті түрдегі қажеттілікке айналып,
қоғамда нық орны алады. Себебі, мәдениетті, көркем сөйлеу ана тіліміздің
сапасын арттыру мен қатар оның қоғамдағы орны мен маңызын арттырып,
қоғамдағы бірінші қажеттілікке айналды. Отанын сүю-ол ана тілін сүю екенін
ескерсек оны қорғауға әрқашан дайын болатын, ана тілінде таза мөлдір
бұлақтай сөйлейтін, ұлттық санадағы адамгершілігі мол, табиғат-ана, отан-
анасын сүйе білетін азаматтар қалыптасар еді.
Зерттеу объектісі. Оқушының тілдік білімін дамытуы өз білімі үшін өз
жауапкершілігін көтеру оның "көптің бірі" немесе "көптің ең жақсысы"
болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің
ерекшелігімен, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды болып саналады.
Сондықтан жеке тұлға ретінде Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Кеңащы орта мектебінің 1- сынып (2009-2010 оқу жылы) оқушылары зерттеу
обьектісі ретінде алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні. Субъектінің тәжірибесі
– тұлғаның өзінің басынан өткергендері негізінде құрылатын жеке
тәжірибесі. Осыған орай тіл білімін беру - бұл тек оқыту емес оқу, ал оқу
оқушының жеке субъектілік тәжірибесі ретінде қалыптасып, тіл білімі өмірде
таза сөйлеу, тіл мәдениетіне дағды, амалға айналуын ғылыми теориялық
негізде зерттеу басты жаңалық болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі. Оның мәні – оқушының тіл білімін
жетілдіруде өзінің әрекеттеріне талдау жасауға, өзі үшін маңызды
мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау.
Зерттеудің басты мәнділігі - оқушыларға таза тіл білімінің өзін бере білу
емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра
білуге үйрету.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады: Рефлексиялық әрекеттер барысында
тіл білімін оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай
туғызылады.
-тіл білімін оқыту үрдісіндегі сөйлеу мәдениетін меңгеру ұғымының мәні;
- тіл білімін оқыту үрдісіндегі сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің қалыптасу
моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкіндік болатын деңгейлері;
-қазіргі кезеңде тіл білімін оқыту үрдісіндегі сөйлеу мәдениеті, тіл
өнерінің белсенділігін қалыптастыру әдістемесінің мазмұны мен нәтижелері;
- тіл білімін оқыту үрдісіндегі сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің
белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар негізделеді;
- тіл білімін оқыту үрдісіндегі сөйлеу мәдениеті, тіл өнерін қалыптастыру
технологиясын қолдану, мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасындағы
ынтымақсыздықты болдырмау, сөйлеу мәдениеті, тіл өнерін қазіргі кезеңдегі
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімдеу.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым және оның функциялары
мен сөйлеу түрлері және олардың дамуы

Заттарды барында да, жоғында да дауыспен қол сермеу, ишарамен
(мылқаулар немесе артистер солай ететіні сияқты) немесе жазу мен түрлі
белгілер; жарнамалар арқылы бейнелеу - сөйлеу болады. Ол үшін мыналар:
1) Бір ойды басқаға беру үшін түйсіну;
2) Ойды көрсете алатын сыртқы белгілер;
3) Өзара түйсіну, сол арқылы ойды қалай беретін болса, сол күйінде қабылдап
алу қажет. Ойсыз сөйлеу - сөйлеу емес, ал сөйлеу дегеніміз ойдың бейнесінен
басқа түкте емес. (Я.А.Коменский).
Сөйлеу - адамның ішкі ойларын жарыққа шығару. Ойдың тілі-сөз. Біз сөз
арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз. Атын атап, сөзбен
бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен
адамзаттың бір-бірімен ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат
тұрмысы деген тұрмыста болмас еді... Тіл-адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек
түбіндегі сөзімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып
қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан
сырын ұға алады.
Сөйлеу мен тілді зерттеуге адамзат өмір сүрген барлық кезеңдерде
Платон мен Аристотель заманынан бастап, осы кезге дейін қызығушылық болып
отырған. Платон өзінің еңбегінде: сөз - оқыту мен мәндерді таратудың
құралы -деген. Сонымен бірге, ол сөздердің формасы кездейсоқ емес, ол оның
функциясы мен мазмұнына байланысты деп есептеген. Аристотель Платоннан
басқаша түсіндіреді. Ол жаратылыс түрінде емес, конвенциялық (шартты)
ұстаным жағынан қарастырып, тіл адамдар арасындағы келісім жемісі деп
санаған Тіл мен сөзге үлкен мән бере отырып, Аристотель тілдің негізгі
элементтерін (дыбыстар, буындар, шылаулар, атаулар, сөйлемдер) сипаттауды
қажет деп есептеген. Сонымен бірге, ол күрделі және жай сөздерге, жалпы
қолданыстағы сөздерге қоса (қолжазбаның шетіне жазылған ескерту),
метафоралар, көркемдеуші сөздер, созылмалы, қысқарған және өзгерген
сөздерге талдаулар жасаған. Сөйлеу мен шешендік сөздер арнаулы талдауға
алынған.
Әл-Фараби ғылымдардың шығу төркінін атағанда, оқу мен оқыту, ойды
білдіру, мәселенің мазмұнын баяндау, сұрақ беру мен жауап қайтару жағынан
алғанда, ғылымдардың ең алғашқысы -нәрселерге яғни субстанция (заттану) мен
акциденцияға (заттың елеусіз қасиеті) атаулар беретін тіл ғылымы болып
табылатынын айтады. Сөйтіп, ол тіл ғылымын басқаларынан жоғары қояды.
Жүсіп Баласағұнның Құтты Білік дастанында тіл туралы өте көп ойлар
бар. Тілдің қадір-қасиеттерін түсіндіреді: Тура сөзден өзге сөзді сөз
деме, Кеп сөйлеме, сөзің су боп кетпесін жұрт зерігіп, сөзден жапа
шекпесін - деген ол ХІХ-ХХ ғасырларда сөйлеу өте қарқынды зерттелді.
Ғалымдар В.Вунд,Ф-де Соссюр, И.П.Павлов, А.Г.Смоленский, Н.И.Красногорский,
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, т.б. зерттеулері құнды болды. Олардың
қорытындылары бойынша, таным құралы ғана емес, сонымен бірге жоғары
психикалық процестерді реттеуші құрал болып табылады.
Баланың үлкендердің айтқанына бағынып, өзінің психикалық әрекетіне
өзгерістер енгізуі тілдің реттеушілк қызметіне мысал бола алады. Мұны
дәлелдеген Л.С.Выготский және А.Р.Лурия (27).
Зерттеушілердің қорытындысында адамның маңызды психологиялық
функцияларының қатарында тіл қатысымен сөйлеудің алатын орны ерекше
екендігі дәлелденді. Сөйлеу арқылы адам өзінің ішкі дүниесін сыртқа
шығарады, оны басқалар түсіне алады. Сөйлеудің мағынасы сананың ағымдағы
бағыттарын баяндайды. Сөйлеу психикалық феномендікті психологиялық өнімге
айналдырады яғни ой тіл арқылы көрініс табады.
Сөйлеу адамның дербестік санасының феномені болып табылады. Сөйлеу
процесінде тіл қолданылады. Сөйлеудің негізгі ерекшеліктері: ағымдағы
өзектілігі, аумалылығы, құбылмалылығы, диалогиялығы. Психология ғылымында
сөйлеу - іс-әрекет ретінде қабылданады, оның құрылымына бағыт-бағдарлылық,
жоспарлау, іске асыру және бақылау процестері енеді.
Психология мен лингвистика сөйлеу мен тіл айырмашыльғын мойындайды. Ф-
де Соссюр деген тіл маманы сөйлеуді психологиялық құбылысқа жатқызады,
өйткені ол қарым-қатынастық ситуацияға байланысты, ал тілді әлеуметтік
құбылыс деп есептейді, себебі лингвистикалық жағынан зерттелуге жатады.
Сөйлеу көркемдігімен (эмоциялдық қанықтығына сәйкес), әсер етуімен
(адамдардың ойлауына, сезіміне және мінез-құлқына ықпалы), түсініктілігімен
және мазмұндылығымен сипатталады. Сөйлеу арқылы тілек айту, кеңес беру,
ойлау нәтижелерін білдіру, адамның ішкі жан-күйін таныту, деректерді
айқындау әрекеттері, т.б. іске асырылады. Сөйлеу бірқатар функцияларды
атқарады:
- сигнификативтік (сигнал беру, хабарлау) көрсөту, атау, (жануарлар
қатынасынан басқаша) бірдеме туралы сөзбен елестету;
- коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) ақпараттандыру, мәнерлілендіру
және көңіл-ниет білдіру;
Сөйлеудің өзінің негізінде төмендегі тетіктері (механизмдері) болады:
- мағыналылық негізін құру (мағыналы айтылымдарды бейнелеу, көз алдына
келтіру, елестету, кесте түрінде бағдарламалау);
- сейлеудің бағдарламалықтан грамматикалық құрылымына ауысу
- грамматикалық болжам жасау, сөздерді таптастыру, сөйлемдерді, сөз
тіркестерін құрастыру типтерінің бір түрінен басқа түріне ауысу;
- семантикалық және дыбыстық белгілеріне қарай қажетті сөздерді іздестіру;
- дыбыстарды іріктеу және бағдарламаларды дыбыстармен толтыруға ауысу;
- сөйлеуді нақтылы дыбыстау арқылы іске асыру. Сөйлеу бірқатар
физиологиялық тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі:
- синтагматикалық - сөйленетін сөзді динамикалық ұйымдастыру;
- парадигматикалық - сол жақ жарты шардың артқы бөлігіндегі сөйлеу
орталықтарымен фонемалық, семантикалық, т.б. байланысы;
- сөйлеуді қабылдау;
- сөйлеу жауаптарын ұйымдастыру.
Сөйлеудің физиологиялық негізін екінші сигнал жүйесінің қызметі
құрайды. Ми жарты шарларының сөйлеу зоналары бар: сөзді тыңдау арқылы
талдау- Верника орталығы. Неміс ғалымы ашқан. Біреудің сөзін сөздің
қозғалысын талдау -есту процесі: - Брока орталығы. Француз ғалымы ашқан.
Сөзді қабылдау, оның мән-мағынасын түсінуде ми жарты шарларының бірлескен
қызметімен байланысты жүзеге асады. Сол жақ ми сыңарларының төбе, самай,
желке бөліктерінің де қызметі де ерекше. Олар да қатысады.
Егер сол жақ ми бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар
болады. Бұны - афазия дейді. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары
толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару
қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа
біреудің сөзін, айтқанын түсінбейді. Үшіншісі, мидың бір жеріне қан
құйылғандықтан оның тамырларының тығындалуы, қабынуы, ісінуі.т.б. афазияға
соқтырады. Бұндай да логопед дәрігерлер көмекке келеді.
Сөйлеу түрлері және олардың дамуы Еркіндік дәрежесіне және жігерлену
күшіне қарай еркін және еріксіз сөйлеу болып бөлінеді. Экстериорикалық
(сыртқы) және интериорикалық (ішкі) жағына қарай сыртқы және ішкі сөйлеу
болады;
Жоспарлаудың рөлі бойынша (бағдарламалылық-программалық) белсенді
сөйлеу, реактивтік сөйлеу (құрылымы жағынан бәсеңдеу дәрежеде), қосалқы
сөйлеу болады.
Психофизиологиялық механизмнің күрделілігіне қарай хор, жаңғырық
(эхоламикалық), атаулы және коммуникативтік (қарым-қатынастық) сөйлеулер
болады.
Сыртқы сөйлеу-ауызша және жазбаша болады. Сыртқы сөйлеу немесе
коммуникативтік сөйлеу монолог және диалог болып бөлінеді. Коммуникативтік
- белсенді сөз (монолог түрінде) - бұл кең мағыналы сөйлеу түрі, жүйелі
ойларды айтуға бағытталады. Логикалық жағынан күрделі, түсініктілігі мен
мағыналылығы ерекше болады. Бұл баяндама, дәріс, жарыс сөз болуы мүмкін.
Монолог сөз дайындықты талап етеді.
Диалог - үнемі кезектесіп айтылатын ықшам, пікір алысуға арналған, екі
немесе бірнеше адамдардың өзара тілдесуі. Диалог әр сөзге реакция туғызады
және жауап күтіледі. Сөз бөгелмей еркін айтылады, әркім өз ойын кең жайып
салады. Диалогта грамматикалық қателер болуы ықтимал әркім әдеттенген сөз
тіркестерін де қолданады.
Диалог сөйлеудің мәнін әдебиетін және психолингвист М.М.Бахтин
зерттеген. Ол Эстетика словестного творчества кітабын жазған. Өмір сүру -
диалогке қатысу: өтіну, сұрау, түсінісу, жауапкершілік, келісушілік, т.б.
Диалогқа адам бүкіл жан-тәнімен, көздерімен, еріндерімен, қолдарымен,
қылығымен рухымен барлық денесімен беріле қатысады. Ол өзін барлық сөзінде
көрсетеді, сол үшін жан дүниесін салады. Өмір өзінің табиғатында диалогқа
құрылғандығын атап көрсеткен
Психологтар Брушлинский А.В., Поликарпов В.А. Мышление и общение
еңбегінде диалог туралы басқаша талдаулар жасаған және біркелкі
анықтамаларды тиянақтаған. Диалогқа қатысқандар арасында көзбе-көз, бетпе-
бет, қарым-қатынастар болатындығын, бірін-бірі рухани байытатының өздерінің
ойлары мен сезімдерін айтатынын, білдіретінін, дамытатынын, қайта
өзгертетінін, жалпы бір қорытындыға келетінін, немесе өз пікірлерінде
қалатынын көрсетеді. Осыдан барып диалог адамдардың үздіксіз әрекеттесуінің
маңызды формасы болып табылады (дүниемен, заттармен, т.б. әрекетке түсуі) -
деген қорытындыға келеді. Сөйтіп, субъект пікірсайыста, сұрақтар беруде,
жауаптар қайыруда дамиды. Бұл қорытындысында зерттеушілер методологиялық
субъект принципін іске асырады.
Сөйлеудің күрделі түрі - жазбаша сөйлеу: жазбаша мәлімдеме, хабарлама,
ойын жазбаша білдіру, тағы басқалар. Ауызша диалог пен монолог сейлеуден
жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері бар: ең бастысы - жазбаша сөйлеуде
әңгімелесушінің болмайтындығы. Оның мазмұнын мотивін және ой-ниетін
субъектінің өзі белгілейді, өзі іске асырады, өзі бақылайды, өзі түзетеді.
Жазуда грамматикалық ережелер түгел сақталады. Психолог А.Р.Лурия жазбаша
сөйлеуді зерттеген және берілетін, айтылатын мәлімдеменің мазмұнын толық
қамту үшін қолданылатын грамматикалық құралдар жеткілікті болуы керектігін
айтқан. Жазбаша сөйлеуді қалыптастырудың алғашқы деңгейінде-ақ техникалық
құралдарды меңгеруді талап етеді: дыбыстардың, әріптердің, буындардың, т.б.
тиісті орындарын табу керек. Балаға өз ойын жазбаша айта білудің саналы
әрекет екені ұғындырылады.
Жазбаша сөйлеуде міндетті түрде бірқатар операцияларының сақталуын
қамтамасыз ету қажет: фонемаларды бөліп, оларды әріптермен бейнелеу,
әріптерді біріктіру, бір сөзден басқа сөзге ауысу. Жазбаша сөйлеу біртіндеп
автоматтанады және өз ырқымен жүретін операцияға айналады. Жазбаша сөйлеу
бірқатар фонемалық деңгейдегі процестерді өндіреді: жеке дыбыстарды іздеу,
оларды әріптерге айналдыру, кодпен жазу, жеке әріптер мен дыбыстарды
тұтас сөз тіркестеріне айналдыру. Жазбаша сөйлеу сонымен бірге лексикалық
деңгейді де сөз құрамына ендіреді: сөздерді іріктеу, ойды білдіруге лайықты
сөздерді таңдап алу, оларды соған пара-пар, тепе-тең келетін басқа
лексикалық құрамдарға салыстыру, оның тиімдірегін қолдану.
Жазбаша сөйлеу синтаксистік деңгейдегі операцияларды да қамтиды:
фразаларды құрастыруда жазушы адам сөйлеу дағдыларын қолданып қана қоймай,
сонымен бірге морфология мен синтаксистік ережелерді де қолдануы тиіс. Олай
болса, жазбаша сөйлеу грамматикалық ережелерді кең түрде қолдану арқылы
ғана оның мазмұнын түсінікті ете алады деген сөз. Жазбаша сөйлеу ауызша
сөйлеуден гөрі ұзағырақ болады, ол жай қарқынды болады, жазылғандарды қайта-
қайта қарауға тура келеді, бұлар саналы түрде өтетін операциялар. А.Р.Лурия
жазбаша сөйлеуді ойлау операцияларын анықтау, жинақтау және өңдеу құралы
ретінде қарастырады. Сондықтаң жазбаша сөйлеу ойлауды қалыптастыру үшін
пайдаланылуы мүмкін (27. 269-274).
Жазбаша сөйлеудің сапасы адамның мәдениетінің, білімдарлығының
деңгейіне тәуелді болады. Жазбаша сөйлеу адамды мәдениет әлемімен
қауыштырады. Өйткені, жазбаша сөйлеу қабылдаушыға үлкен әсер етеді, қиялын
дамытады. Көркем сөз көркем өнер саласына жатады. Көркем сөз оқушыларды,
әңгімешілерді, артистерді және көркем сөз саласының мамандарын әдейі
дайындықтан өткізеді, оқытады, үйретеді, қабілеттерін ұштайды.
Сөйлеудің бір түрі - іштей сөйлеу, бұл да реттеуші функциясын
атқарады. Сөйлеудің бұл түрін швейцария психологі Жан Пиаже, орыс ғалымдары
Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, т.б. зерттеген. Ішкі сөйлеудің физиологиялық
негізі тітіркендіргіштерге орай туып отыратыны анықталған. И.М.Сеченов
былай дейді: Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның аузымның жабық,
қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық
еттерінің қозғалуымен қоса қабаттасуы өте жиі болады. Ішкі сөйлеу
адамдармен тікелей қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау
әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Адам әр кез өз ойлауының
мазмұнын жақсы біліп отыру үшін оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын
деген Сеченов.
Психолог Б.Г.Ананьев ішкі сейлеудің сыртқы сөйлеуге дайындық тетіктері
мен оның өту фазаларын жазған:
- айтылуға тиісті ойға бағдар беру (сөйленетін сөздің мазмұнының
көкейкестілігін санада ұялату);
- іштей сөйлеу (іштей сыбырлап айтып алу);
- айтылатын ойдың пайымдауда және ой қорытуда алатын орнын анықтап алу.
Сөйлеудің бұл түрін әлемге танымал швейцариялық психолог Жан
Пиаже(1896-1980) зерттеп, өзінің жұмыстарында оны эгоцентрлік сөз ретінде
қарастырады. Ол басқа адамдарға қарата айтылмайды, коммуникативтік емес,
тек қана өзім үшін ретіндегі сөз болып табылады. Оның дәлелдегені
-эгоцентрлік сөз әуелі ойды өрістету сипатында болады онан соң балаларда
біртіндеп қысқара бастайды, сыбыр сөзіне айналады, ал кейіннен жойылып,
іштей сөйлеу түріне көшеді.
Ж.Пиаже өзінің теориясындағы тұжырымы бойынша, іштей сөйлеуге берген
бағасында бала ешкімге жоламай өзімен өзі болатын, сыртқы дүниемен үндесуі,
дидарласуы аз түпкі тегі тірі жәндік, кішкентай дәруіш болып туады.
Сондықтаң балаға алғашқыда аутистік немесе эгоцентрикалық сөз тән ол өзіне
ғана бағыт табатын құрдастарымен немесе үлкендермен қарым-қатынасқа
арналмаған сөз ғана болады. Баланың мінез-құлқы біртіндеп әлеуметтене
бастайды, сонымен бірге, сөзі де әлеуметтенеді, сөз қарым-қатынас немесе
коммуникативтік құралға айналады.
Ішкі сөйлеу ұғымына коррекция (түзету) енгізген Л.С.Выготский болды.
Енгізген жаңалығы сод ол Пиаженің пікіріне қарсы болып,бала туғаннан-ақ
әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады деп дәлелдеді. Бала әуелі
үлкендерге әлеуметтік сөзін бағыттайды жәрдем күтеді, көмек болмаған соң,
сөздің көмегімен ситуацияға анализ жасайды. Ақырында әрекетке кірісіп,
ситуациядан шығу мүмкіндігін іздейді. Сонымен Л.С. Выготский баланың өзінде
ақыл-ой, реттеуші қызметін атқаратын сөз пайда болады деп санайды (30).

1.2 Тіл мен сөйлеудің теориялық жағы.

Профессор Қ.Жұбанов былай дейді: Тілдің негізгі атқаратын қызметі -
адам мен адам арасындағы пікір қатыстыру. Дыбыс тілінің арғы атасы магиелі
дыбыстар... ым тілінің ым қалдықтары бізде көп... Аузын шылп еткізу, аузын
быртылдатулар дыбыс пен ымды қосып ұстаған синкретизм түрі... дыбыс тілі
жүйесіне қосылмайды. Бүгіндегі адам баласының тілі - дыбыс тілі...Тілдердің
ілгері басуы, дамуы, өсуі дегеніміз әлімсақтан бері келе жатқан өзгермес
дыбыстардың құраласу жөніндегі өзгерістер ғана болып көрінеді. Шешендік
өнердің ерте дәуірде өте биікке жеткенін білеміз. Аристотель бұқаралық
сөйлеудің төрт бөлшегін көрсетті: Кіріспе (негізгі тақырып), сөйлеп айту
(деректерді жүйелі түрде бере білу), дәлелдеу (деректерді түсіндіру) және
қорытынды (сөйлеудің мақсатын еске алу және орын-орнына жайғастыруға
ұмтылу).
И.П.Павлов сөйлеуді екінші сигнал жүйесі ретінде түсінуді, ұғынуды
ендірді. Екінші сигнал жүйесі - бұл күшті физиологиялық тетік, сөйлеу
қызметің әрекетін жүзеге асыру құралы. Сөз-мидың үлкен жарты шарларынан
келетін барлық сыртқы және ішкі тітіркендіргіштермен байланысты процесс...
ол ешбір теңдесі жоқ кең көлемде, жануарлардың шартты тітіркендіргіштеріне
сан жағынан да, сапа жағынан да ешбір салыстыруға болмайтын өте күрделі
тітіркендіргіш - деген еді ол (8.43). В.Гумбольт сөйлеу операциясын рухпен
байланыстырады. А.А.Потебня тіл ойды қалыптастыратынын айтты. В.Бундт
адамдардың сезімі мен аффектілерін тіл арқылы жеткізетіндігің тіл де ым,
ишара сияқты түптегі бар құбылыс екенін дәлелдеді.
Бихевиоризмде ойлау процесі көмейдің ойлау дағдысы болып табылады деп
санаған. Сөйлеу - бұл артикуляторлық ақпараттың рефлекторлық әрекеті
(қызметі). Б.Скиннер ауызша айтылатындарды кез-келген басқа Қылықтармен
теңдестіреді. Адамның сөйлеу қылығы дербес тәжірибелерге көмектесудің
немесе сөйлеу реакциясының Қуаттанбауының нәтижелері болып саналады. Ф.де
Соссюр сөйлеу қызметінің (тілдің және сейлеудің) ауызша формаларын бөліп
көрсетеді. Сөйлеу - бұл тілді пайдалану. Тіл - сөйлеу әрекетінің орнықты
дербестік басы ретінде түсіндіріледі.
Психолингвистика - бұл дербес ғылым, ол сөйлеу және оны қабылдау,
тілдік құрылым мәселелерін зерттейді.
Әл-Фараби ғылымдардың шығу төркінін талдағанда екінші ғылым -
грамматика екенін айтады. Ол нәрселерге берілген есімдерді тәртіпке келтіру
жолдарын және субстанцияның, оның акциденциясының (елеусіз қасиетінің)
орналасуың осылардан шығатын салдарларды баяндайтын сөздер мен нақылдарды
құрастыру жолдарын үйретеді .
А.Байтұрсыновтың пайымдауынша, Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл
болатын заңдарын шарттарын танытатын ғылым... Сөзден құрастырып пікірлі
әңгіме шығару үшін жұмсалатын жат - сөздер... Айтушы ойын өзі үшін
айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол өзгелер қиналмай түсінетін қылып
айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни
әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс... Тілді
қолдана білу деп -айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді
және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз

3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу және сөйлеу тілі
құрамының бөліктері және олардың дамуы

Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар, сөздіктер және
грамматикалық құрылысы болады. Ауызекі сөйлеу тілінің диалогиалық және
монологиалық деген екі тұлғасы кіреді.
Диологиалық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей
қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құралатын
сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз
қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы.
Монологиалық сөйлеу тілінің ерекшелігі жүйелілікпен және дәлелдеп
сөйлеу,сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіре байланныстыру
болады.Ауытқуы бар тілде диологиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі
көбірек бұзылады.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың
бейнелеуі негізінде графикалық безендірілуі. Толық дамымаған сөйлеу тілінде
дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.
Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары-бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы
ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады. Баланың іштей сөйлеу тілі
негізінде сыртқы және ішкі құрылыстарының негізгі бір бөлігінің ойлауынан
қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тілінен ішкі сөйлеу тіліне көшуі баланың 3 жасқа дейінгі
шамасында,өзінің істеген әрекеттерін естіртіп сөйлеп және оған жоспар жасай
білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу
барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың
монологиалық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы
бірнеше жайды көрсетуі мүмкін.
Бірінші жай-фонематикалық есту қабілетінің және ана тілі фонемасын
сөйлеуде дағдылануы.
Екінші жай-сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру .
Үшінші жай-сөйлеу тілінің мағыналық жағын меңгеру.
Баланың барлық сөйлеу тілі дамуының алғы шартын 3 кезеңге бөлуге
болады;
1. мектеп жасына дейінгінің алдындағы;
2. мектеп жасына дейінгі;
3. мектеп жасындағы.
1. Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен үш жасқа дейін
созылады. Бұл кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу
аппараттарының қалыптасуы және дайындығы жүріп жатады,сөздерді түсіне
бастайды. Бұл кезенде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль
атқарады. Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе, оның сөйлеу тілі соғұрлым
тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Аксаринаның зерттеулері бұл
кезенде айналасындағылармен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің
тоқырағаны байқалатындығын дәлелдейді.
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-мөте қарқынды
дамиды. Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды,
дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді.
Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Жасының екінші жылының соңында
шамамен 300 сөзге дейін,үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, 5-6 жасқа
келгенде шамамен 3000 сөзді меіңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды-дауысты және
ерінді, ерінді-тісаралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т, дыбыстарды меңгереді. Ауыр
жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды,сонымен бірге Р-Л
дыбыстарын айту өте қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс аита алмайды.
Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның себебі,баланың
фониматикалық есіту қабілеті әлі жеткілікті дамымандығы. Мектепке барар
алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек,әйтпесе, ондай мүкістіктер
баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында
тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді.Ол сөйлемді дұрыс
құрастырады және ойын білгірлікпен сөйлейді.
3. Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдері грамматикалық
үйлесімінің жеңілділігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың
сөйлеу тілі дамуының іргесі қаланады,сондықтан бұл жастағы баланың сөйлеу
тіліне ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Дәл
уақытында ескертіп және жою үшін сөйлеу тілінің әр кезеңдегі бұзылуының
себептері қандай болуы мүмкін екендігін тәрбиеші мен мұғалімге білудің өте
зор маңызы бар.
Көбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда
балады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынмен дамуы болса,екінші жағынан
баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық
аяқталмағандықтан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы
күштердің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті. Бұл кезенде тіл
дыбыстарын айту кемістігі,тұтықпа,сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі өте жиі
байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуы ның көпшілігін алдын ала ескертуге болады.Ол
үшін баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібін,әр түрлі
сырқаттардың асқындырмауын,оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық
жасауын,сөйлеу тілінің бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ
салмауын қадағалау қажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және педагог
немесе логопедтің тіл кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын
ұйымдастырудың да маңызы зор. Бұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі
мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.
Сөйлеуі мен естуінде ауытқулары бар балалар.Бастауыш сынып оқушылардың
арасында сөйлеуі мен естуінде түрлі ауытқулар бар балалар кездеседі.
Сөйлеу-орталықтық ең маңызды психикалық функциалардың бірі. Оның
баланың жалпы дамуы мен психикалық процестерін қалыптастырудағы әсері зор.
Сөйлеудің негізі сауат ашу мен түрлі тәртіптерде жатыр.
Сөйлеу адамдар арасындағы негізгі қарым-қатынас құралы. Ол баланың
тәрбиесі мен іс-әрекетінің қалыптастырудың барлық кезендерінде үлкен
рольге ие. Сөйлеу функциясын дамуту өте қиын процес. Оны қалыптастыруға
есту анализаторлары қатысады. Ол қабылдау рецепторлары өткізгіш нерв
жолдары және ми клеткалары немесе бас ми жарты шарының түп аймағындағы
анализатордың орталық түбі сөйлеу қозғалыс анализаторы-перефериялық
бөліктен яғни үлкен ми жарты шарының түбіндегі орталыққа өткізетін
жолдармен ми клеткаларынан тұрады.
Сөйлеу қозғалыс анализаторының әрекеті ең алдымен есту анализаторына
тәуелді. Қалыпты балаларда фонематикалық есту сөз дыбыстарын қабылдаудан
әлде қайда тез дамиды. Баланың сөйлеуінің қалыптасуына сөйлеу қозғалыс
саласы үлкен роль атқарады. Балалардың сөйлеуін зерттеген ірі ғалым
А.Н.Гвозьдев былай жазады; Жалпы дыбыстық сөйлемдерді меңгерудің жолын
есту мен қимыл қозғалыс саласы бірлесіп анықтайды. Бұл орайда естудің
маңызы зор. Естудің арқасында бала түрлі фонемалық элементтерді айыра
білуге үйренеді. Бала сөйлеуінде сөздердіңпайда болун білу үшін есту
қабілеті мен артикуллиярлық білім де қажет.
Баланың сөйлей бастауы сөйлеудің қалыптасып біткендігін білдірмейді,
ол баланың мектепке дейінгі тіпті мектеп жасында да дамуын жалғастыра
береді. Балалар сөйлеуіндегі алқуларды зерттеген профессор Р.Е.Левина
потология нормасындағы балалардың сөйлеуіндегі қалыптасуын зерттей келе
бала сөйлеп үйренуге дейінгі бес кезеңді атап өтеді.
І кезең Фониматикалыққа дейіңгі кезеңде балада дыбыстар дефференциясы
толығымен жоқ. Сөзді түсінуі мен белсенді сөздік мүлде болмайды.
ІІ кезең Балаларда түрлі алыс фонемалар пайда болады. Бірақ жақын
фонемалардың дифференциясы жоқ.Бала теріс дыбыстап,бұрмалап сөйлейді. Ол
өзге адамның дұрыс не бұрыс сөйлегенін айыра алмайды.Өз сөйлегенін ерекшелі
білмейді.
ІІІ кезең Маңызды іргелмушіліктер орындалады. Балатілі тән фонематикалық
бояулармен ести бастайды. Дұрыс айыбталған сөздерді біледі және қанмен
айтады,сөздерді ажыратады. Бірақ өз сөзі әлі де қате болады.
Бірақ үлкендермен кішілер арасындағы дұрыс және бұрыс сөздерді ажырата
білуге дағдылана бастайды.
ІV кезең Дыбыстарды қабылдаудың жаңа түрлері пайда болады. Алдында пайда
болған қабылдаулардың бәрі жоғалады да бала дұрыс айтылған сөздерді
қабылдап оның белсенді сөздері дұрыс айтыла басталады.
V кезең Фонетикалық даму процесі аяқталады.Бала дұрыс естіп сөйлейді.
Оларда сөйлеу мен дыбыстарды қабылдаудың өзіндік дифференцияналдық құрылымы
пайда болады. Баланың сөйлемінің дұрыс дамуы тек қана фонемалық қабылдаудың
деңгейінде ғана емес сондай-ақ оның дыбысталу жағынан ең негізгісі сөз
дыбысын анықтай алу қабілеті және де сол сөздің құрамындағы дыбысты ажырата
білу болып табылады. Осы процесте оқушы сөздегі дыбыстың құрамын айқын
меңгеруді және әр сөздегі жеке дыбыстың дыбысталуын басқа дыбыстардан
ажырата алады.
Бұл сөйлемдегі дыбыстық қабылдаудың жақсы әсер тигізеді. Бала оқу мен
жазу процесті меңгеру барысында есту қабілетінің дұрыс дамуы үлкен маңызға
ие. Сондықтан сауаттатылықты меңгеру барысында есту қабілетінің дұрыс
дамымау салдарынан қиындықтар туындап үлгермеуліктер саны көбейеді.
Сөйлеу процесінің анатомия-физиологиялық механизмі Сөйлеу процесі адам
баласына ғана тән, өте күрделі жоғары психикалық қабілет және ол шартты
рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске
қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу
аппараты орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ
барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе болып
саналады.
Орталық сөйлеу аппарты адымның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан
(көбінесе сол жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан, ми өзегі
ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс
және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен
тұрады.
Адам сөйлеу үшін мидың әр түрлі бөлігі қатысады, дегенмен де ми
қыртысының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Олар ми қыртысының шеке,
самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми
қыртысының шеке бөлігіне орналасқан (төменгі қыртысына) Брок орталығы,
адамның дауыс шығарып сөйлеу процестері осы орталықтың арқасында іске
асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігіне, Вернике орталығына басқа адамның
сөйлеген сөзін есітіп -–түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан.
Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін есітіп, түсінеді.
Ми қыртыстарының төбе бөлігі де естіген сөзді түсініп, адамның жазу
және жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқан көру орталығы арқылы
көзбен көріп, түсінуге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар балаларда ересек
адамдардың сөйлеген кездегі оның біт-аузының қимылын көзбен көріп, бақылау
арқылы сөйлеу қабілеті арта түседі. Ми қыртысы астындағы ядролар адамның
сөйлеген кездегі анық та, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.
Жүйке жүйелері ми қыртыстарын сөйлеу органдарымен байланыстырады.
Сөйлеу аппаратының барлық органдары (ағзалары) мидан шығатын
жүйкелермен қамтамасыз етілген. Олардың ең бастылары ҮІІ, ІХ, Х, ХІ және
ХІІ қос жүйелер.
Үшкіл жүйке адамның жағын ашып-жабуға қатысы бар еттерді, бет жүйкесі
(ҮІІ-қос) – бетті әртүрлі қимылға түсіретін еттерді, ерінді және ұртты
қимылға түсіретін еттерді, тіл-жұтқыншақ (ІХ-қос) жүйкесі мен жылжымалы
жүйке (Х-қос) сіңірлері мен көмекей еттерін, жұтқыншақ пен таңдай еттерінің
қиымылдауларын қамтамасыз етеді. Қосымша жүйке (ХІ) мойын еттерінің, ал тіс
асты нерві (ХІІ) – тілдің әр түрлі қимыл жасауын қамтамасыз етеді.
Осы жүйке жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары (Брока
мен Вернике) шетте жатқан сөйлеу аппаратының органдарымен тікелей
байланысып, бір-біріне серпіндерін (импульстарын) жіберіп отырады. Осылайша
адамның сөйлеу қабілеті пайда болады. Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш
бөліктен тұрады.
І демалу бөлігі
ІІ. Дыбыс шығару бөлігі
ІІІ. Дыбысты құбылтып-өзгерту бөлігі
(артикуляциялық сөйлеу бөлігі)
Демалу бөлігіне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары кіреді.
Себебі адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей
байланысты. Адам әдетте дем шығару арқылы сөйлейді, өкпе ауа толтырып алып,
әшейін кездегі демалумен салыстырғанда адамның сөйлеген кездегі демалуы дем
шығаруы өзгеше болады.
Сөйлеген кезде адам дем алып, дем шығару арқылы әр түрлі дыбыс шығарып,
әр түрлі сөз құрап, сөйлеу қабілетіне ие болады. Бұл құбылыста: әсіресе дем
шығару процесі өте маңызды роль атқарады, дем шығару процесі дем алу
процесімен салыстырғанда ұзаққа созылады. (1:20 тіптен 1:30), ересек
адамдар бір минутта орта есеппен 16-18 ре дем алып, дем шығаратын болса,
сөйлеген кезде бар-жоғы 8-10 рет алып, дем шығарады екен.
- сөйлеген кезде өкпеге ауаны жай кездегімен салыстырғанда 4 рет көп
жұтады.
- ауыз арқылы дем алады;
- сөйлеген кезде дем алу процесіне диафрагма да қатысады.
Адамның сөйлеу қабілеті бұзылып: дизартрияға, ринолалияға және тұтықпаға
шалдыққанда, оның дем алып, дем шығару процесі де бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртыстары бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз
конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар
сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдыңғы жағына
орналасқан, үстіңгі жағында жұтқыншаққа, ал төменгі жағында өкпенің тыныс
жолдарымен жалғасып жатады.
Көмекеймен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып тұратын
қалқанша (нагортанник) орналасқан, соның арқасында жұтқан тамақпен сілекей,
көмекей қуысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары
шын дауыс сіңірінен және оның төменгі жағындағы жалған сіңірінен тұрады.
Адамның дауысы (фонация) қалай шығады?
Дауыс шыққан кезінде дауыс сіңірлері бір-біріне қабысып жақын тұрады. Дем
шығарғанда ауа сол дауыс сіңірлерінің арасынан қысылып өтіп, олардың арасын
ашады. Көмекей еттерінің жиырылуы арқылы дауыс сіңірілері қайтып өз орнына
келеді. Дауыс сіңірлерінің арасының осылайша ашылып-жабылуы дауыс шығаратын
өкпеден сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше созылады. Осылайша фонация
кезінде дауыс сіңірлері дірілдеп, көмекей қуысындағы ауаны да әр түрлі
дірілге түсіріп, қозғап, соған байланысты әр түрлі дыбыс шығады. Сыбырлап
сөйлеген кезде дауыс сіңірлерінің бір бөлігі ғана қозғалысқа түседі.
Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына және тембіріне қарай бөлінеді.
Дауыстың жіңішке-жуандығы дауыс сіңірлерінің қозғалуының жиілігіне және
дауыс сіңірлерінің ұзындығына, жуандығына және керілу дәрежесіне тікелей
байланысты. Ал дауыстың тембрі көмекейдің формасына, көлеміне және
құрылысына байланысты.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де
болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың
қиналатындығы байқалады: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан,
ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда, қорытындысында дыбыстардың дұрыс
айтылуының дамуындағы мұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен
бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі
алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің
қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін, ал егер олай болса қалған жағдайда оның
салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқылуының
бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.

1.4 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудағы халық
педагогикасының әсері және орны.

Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінде жалпы білім беретін
мектептердің орны ерекше. Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасында білім беру деңгейлерінің бірінші сатысы-бастауыш білім, 1-
4 сыныптар деп белгіленген. Бұл жаста баланың ақыл-ойының дамуы, оқу мен
тәрбие ісіндегі оқу мен жазу жұмыстарының саналы, сапалы ұйымдастырылуы оң
нәтиже беретіні сөзсіз.
Ал оның негізгі кілті оқу, сөйлеу дағдысын жетілдіру, дамыту,
қалыптастыру болып табылады. Қоғамда қызмет істеуге және өмір сүруге
қажетті білім көлемі оқушылар үшін бастауыш сыныптан басталатыны белгілі.
Бастауыш мектептегі балалардың оқуға, білім алуға деген ықыласын ояту, оқу
дағдыларын тұрақтандыру арқылы сөз байлығын сыныптан-сыныпқа көшкен сайын
дамыту, жетілдіру, қалыптастыру ісі оңай шаруа емес. Бұл ретте халық
даналығының қайнар көзіне бойлаған ұстаз ғана нәтижеге жетеді. Психолог
ғалымдардың анықталу бойынша, баланың ой-өрісін, интеллектің дамуы ана
тілінде оқып, білім алу арқылы жүзеге асады. Адам қай кезде де өз ойын сөз
арқылы жеткізетіні мәлім. Ал сөзге шебер, сөз қадірін білетін қазақ ұлтының
ерекшелігін талай ойшылдар, орыс ғалымдары айтып кеткендігі тарихтан аян.
Республикада жалпы білім беру жүйесінің мазмұнының ғылыми-әдістемелік
негізін айқындаумен айналысатын Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу
институты, кейінде Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының
мамандары бала тәрбиесінде оқыту мазмұнын анықтауда халықтық педагогиканың
таусылмас қайнар көзін ұтымды пайдалану турасында көп тың ойлар айтты.
Педагогикалық ойлардың анталогиясына арналған жинақ шығарылды. Осы
материалдарда бастауыш сынып оқушысының сөз байлығын дамытуда ертегі, мақал-
мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, хикая, аңыздардың өлшеусіз мүмкіндігі бар
екендігі айтылған. Отбасында бастауыш сынып оқушысы алдымен ата-анасының
әлдиін естіп, ертегіге қанып өссе, біз үшін бұл мәселе айтулы дәрежеде
проблема болмас еді. Бала тәрбиесі-бесіктен деген тәрбиелік ұғымды
әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде
тәрбиелеуді ұстанған.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен
қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз
әдебиетіндегі шағын жанрлар-мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар,
жаңылтпаштар, ойын өлеңдерінің әрқайсысының баланың ой-өрісін,
дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер-ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген
даналықтың жемісі. Мақал-мәтелдер әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз,
парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар-көлемі жағынан
шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі,
көңілге түйген ақылының кені жатыр. Мысалы, тіл өнері, сөз қадірі туралы
мақал-мәтелдердің де үйретері мол.
Тіл қылыштан өткір.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле,-деп ескерткен.
Мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді,
сөз қадірін түйсінтеді.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің
бірі-жұмбақ. Ол халықтың ойынан, қиялынан туған ұтқыр да бейнелі шығармасы.
Қазақ халқында жұмбақ ерте заманнан қолданылып, қарым-қатынас жасаудың
ерекшк бір құралына айналғаны белгілі. Үлкендер арасында адамды тану,
сынау, әзіл-қалжың, шешендік шеберлігін байқату ойын түрінде қолданылса,
балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білдіртуге, танымы мен қиялын
ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданған.
Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау,
ішкі мазмұнын білдірту, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу,
ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі. Жұмбақтардың мазмұнында
тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.
1. Жұмбақталатын нәрсенің ішкі және сыртқы сапа белгілерін сипаттау.
Бір нәрсе іші қуыс сырты томпақ.
Болады денесінде үш-төрт құлақ.
(қазан)
2. Тұспалдау мағынасында.
Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің мекнінен шығып кетсе,
Тіршілік көремін деп үміт етпес.

(балық)
3. Екінші бір нәрсемен салыстыру.
Екі кісі қарауыл қарайды,
Бір кісі шөпшек тереді.
(түйенің
өркеші,ерні)
4. Ауыстыру мағынасында (метафора)
Сұм жүзді, құралай көзді
Киікше секірген
Бура санды,жолбарыс тонды.

(құрбақа)
5. Эпитет қолдану мағынасында.
Зер –зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем, зор кілем.
(Жер)
6. Теңеу мағынасында.
Тұрса түйедей,
Жатса қояндай. (Ер тоқым)
7. Баламалау мағынасында.
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
(Түтін)
Төрт бала бірін-бірі қуалайды.
(Арбаның дөңгелегі)
8. Әсірелеу мағынасында. (Гипербола)
Бір балуан өзі күшті қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәріненде ол.
(Құмырысқа)
Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу,
туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға,
сөз саптау, сөйлеу мәдениетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаргон сөздердің сөздігі
Әдістемелік әдебиеттерге шолу
Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Сауат ашу кезеңінде бірінші сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық негіздері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
Психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Зияты бұзылған балалардың байланыстырып сөйлеуінің жағдайы
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Пәндер