Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 153 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК
Қолжазба құқығында

Нашанова Гулим Саматовна

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі

13.00.02 – Оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта
және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі)

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекші:

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Н.Ж.Құрман

КІРІСПЕ

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие
берудің психологиялық қырлары

1.2. Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие
берудің лингвистикалық негіздері

1.3. Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие
берудің дидактикалық проблемалары

1.4 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту арқылы ұлттық тәрбие берудің
тәрбиелік негіздері

1.5. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту арқылы ұлттық тәрбие беруді
сипаттаудың алғашқы тәжірибелеріне шолу

ІІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Қазақ тілінің ұлттық тәрбиелік әлеуеті және оны қазақ тілі
сабақтарында пайдаланудағы әдістер жүйесі

2. 3-4 сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие беру
бағдарламасы

3. 2.2.1 Бастауыш мектеп оқушыларын қазақ тілін оқыту арқылы ұлттық
тәрбие берудің бағдарламасы

4. Ұлттық тәрбиелік мақсаттағы қазақ тілі жаттығулары

5. Қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие беруге арналған дидактикалық
материалдар

6. Қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие беруге арналған сыныптан тыс
жұмыстар

7. Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелерін талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің әлемдік өркениетке кірігуіндегі басты
мақсат қазақ халқының мәдениетін дүниежүзілік және жалпы адамзаттық
құндылықтар ретінде таныту болып отыр. 2009-2011 жылдарға арналған Мәдени
мұра ұлттық жобасының стратегиялық концепциясында Тәуелсіз Қазақстанның
бүгінгі өмірі мәдени мұрасыз мүмкін емес. Мәдени мұра өзіндік сананы
қалыптастырудың бір негізі болып табылады. Сондай-ақ мәдени мұра гуманистік
және отансүйгіштік құндылықтардың сабақтастығын белгілеуде үлкен әлеуетке
ие делінген [О Концепции стратегического национального проекта "Культурное
наследие" на 2009-2011 годы Постановление Правительства Республики
Казахстан от 6 ноября 2008 года № 1016
http:go.mail.rusearch?q=%E3%EE%F 1]. Қазақстан Республикасының Білімді
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында болашақ
ұрпақты ұлттық мәдениетті сыйлау мен құрметтеуге тәрбиелей отырып, олардың
бойында өзге де мәдениет көздеріне деген сый-құрмет сезімін қалыптастыру
мақсаты қойылған. [Государственная программа развития образования в
Республике Казахстан на 2005-2010 годы
http:www.pavlodar.comzakon?dok= 03118&all=06001]. Бүгінгі күні тіл
арқылы ұлт мәдениетін тану және оған тәрбиелеудің негізін тіл мен
мәдениеттің белгілі бір деңгейде ортақ белгілері арқылы анықталып отыр. Ол
халық пен адамның көзқарастары мен өмірлік танымдарын көрсетуші және
қалыптастырушы формалар, кез келген коммуникацияның субъектісі әрқашан
нақты бір мәдениеттің өкілі, олар жеке және қоғамдық формада өмір сүреді,
ол екеуіне де нормативтілік пен тарихилық, сонымен қатар олардың арысынедағ
өзара тығыз байланыстар сияқты ортақ белгілері бар. Осылардың барлығы
қазіргі кездегі лингвомәдени тәрбие беру бағытындағы зерттеулердің адам-
тіл-мәдениет үштігі негізінде жүргізіліп отырғанын көрсетеді және де
бүгінгі еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпақты өз ана тілдерінің
асыл қазынасын таныту арқылы тәрбиелеу мәселелерінің зерттелуінің
өзектілігін танытады.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектепте қазақ тілін лингвомәдени бағытта
игерту оқушының ана тілдерінің құндылықтарын тану мен оны өз өмірлерінің
қазығы ретінде ұстануына тәрбиелеу мәселелері әл күнге дейін жүйеленген
және жүйелі түрде зерттеу объектісі болған жоқ. Осыған орай біз өзіміздің
зерттеу тақырыбымыздың мақсаты деп бастауыш мектеп оқушыларының ана тілінен
алатын білімдерін лингвомәдени тұрғыдан негіздемелеу және оның әдістемесін
жасап ұсыну деп айқындадық.

Зерттеу міндеттері:

1. Дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, философиялық,
лингвомәдениеттану мен коммуникация теориясыа атналған зерттеулер мен
әдістемелік еңбектерді талдау негізінде бастауыш мектеп оқушыларына
қазақ тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің ғылыми-
категориалды аппаратын айқындау және лингвомәдени тәрбие беруге
берілген ғалымдардың анықтамасы негізінде жұмыс анықтамамызды белгілеу.

2. Ана тілін оқытуда лигвомәдени тәрбие беруге байланысты әдіскер
ғалымдардың пікірлерін, тұжырымдарын, көзқарастарын және де анга тілін
оыту барысындағы лингвомәдени тәрбие беру мәселелерінің қарастырылуын
айқындау.

3. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лигвомәдени тәрбие
беру әдістемесін теориялық тұжырымдар негізінде жасау.

4. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лигвомәдени тәрбие
беру әдістемесінің тиімділігін және сенімділігін эксперименталды күйде
тексеру, дәлелдеу, сәйкес тұжырымдар шығару.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы
лингвомәдени тәрбие беру үдерісі.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы
лингвомәдени тәрбие берудің мазмұны мен тиімді әдістері және формаларының,
тәсілдерінің ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін
оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің тиімділігі мына жағдайларда іске
асырылады:

1. Ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің теориялық
тұжырымдарға негізделген әдістемесі жасалғанда.

2. Ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің кешенді
бағдарламасы жасалғанда.

3. Ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің сабақтар,
жаттығулар, сыныптан тыс жұмыстар жүйесі жасалғанда.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту
арқылы лингвомәдени тәрбие беру оқушылардың ана тілін адами құндылық деп
танып, оның барлық ішкі байлығын игеруіне және ол игерілген білімді өз
өмірлеріне бесенді қолдануына жол ашады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеудің
әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде түрлі ғылымдар кешенінде
қалыптасқан қағидалар алынды: лигвомәдениеттанудың мәні мен мағынасы
туралы философиялық тұжырымдар, педагогикалық жүйелерді құрылымдау
теориясы, лингвомәдениеттанудың психологиялық, педагогикалық аспектілеріне
қатысты теориялық тұжырымдар.

Зерттеу әдістері: Теориялық талдау әдістері, (салыстырмалы
ретроспективті, перспективті), сұрау әдісі (анкеталау), бақылау жүргізу
(тікелей және жанама), эксперттік бағалау әдісі, статистикалық өңдеу
әдістері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Зерттеудің бірінші кезеңінде (2004-2005жж.) зерттеу тақырыбы бойынша
ғылыми әдістемелі әдебиеттер жинақталып, талданды, ақырыптың базалық
ұғымдары айқындалды, тақырыптың қаншалықты бастауыш мектепте ана тілін
оқытуда лингвомәдени тәрбие беру бағытындағы зерттеулердің жай күйі
айқындалды, диссертацияның құрылымы, мақсаты мен міндеті, әдістері
белгіленді.

Зерттеудің екінші кезеңінде (2005-2006 жж) зерттеу тақырыбымзы бойына
қойылған мәселеміз ен міндеттерімізді шешу бойынша бастауыш мектеп
мұғалімдерінің тәжірибелері зерттелді, оқушылардың бйында лингвимәдени
тәрбиенің қалыптасу деңгейін анықтау үшін экспериментіміздің анықтаушы
кезеңі іске асырылды (оқушылардан анкета алынды, олар тестілеу, бақылау
жүргізілді), олардың нәтижелері өңеліп, сәйкес тұжырымдар шығарылды,
эксперименттің қалыптастырушы кезеңінің бағдарламасы жасалды.

Үшінші кезеңде (2006-2010 жж.) эксперименттің қалыптастырушы кезеңі
іске асырылды. Оның нәтижелері талданып, жүйеленіп, қорытындыланды және де
диссертацияның мәтіні ресімделді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық құндылығы:

- бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени
тәрбие беру әдістемесі ғылыми тұрғыдан дәйектелді;

- лингвомәдени тәрбие берудің жалпы оқытудағы ерекшеліктері
анықталды;

- ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің психологиялық,
дидактикалық қырлары айқындалды;

- ана тілі арқылы лингвомәдени тәрбие беру арқылы бастауыш мектеп
оқушыларында ана тілін құндылық деп тануын қалыптастырудағы
тиімділігі эксперимент негізінде дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңызы: Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін
оқыту арқылы лигвомәдени тәрбие беру бойынша жасалған әдістемелік жүйені
бастауыш мектептің әдістемелік базасын қалыптастыруда қолдануға болады.
Бастауыш мектеп мұғалімдеріне ана тілін оқыту әдістемесі туралы теориялық
дәрістер оқуда, ана тілі, қазақ тілі оқулықтарын жасауда жетекшілік ете
алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени
тәрбие беру оның ғылыми-әдіснамалық негіздерін әдіскер
ғалымдардың пікірлерін, тұжырымдарын, көзқарастарын және де ана
тілін оыту барысындағы лингвомәдени тәрбие беру мәселелерінің
дидактикалық, писхологиялық, лингвистикалық негіздерін анықтап
белгілеу және олардың негізінде тиісті тұжырымдар жасау арқылы
мүмкін болып табылады.

2. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени
тәрбие беру оның ғылыми-әдіснамалық тұжырымдарына сүйене отырып
жасалған әдістеме негізінде жүзеге асырылады.

3. Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени
тәрбие беру оның жүйелі кешенді бағдарламасын жасау арқылы мүмкін
болып табылады.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация Кіріспеден, 2 тараудан, Қорытынды
мен Пайдаланған әдебиеттерден, Қосымшадан тұрады.
1 тарауда бастауыш мектепте ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие
берудің ғылыми негіздері оның психологиялық қырларын ашу, бастауыш
мектеп оқушыларына ана тілін оқыту барысында лингвомәдени тәрбие берудің
лингвистикалық негіздерін айқындау, ұстанымдарын анықтау, проблемалары
бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту арқылы лингвомәдени тәрбие берудің
тәрбиелік негіздерінің маңызын ашу арқылы қарастырылды.
1. тарауда қазақ тілін оқыту барысында лингвомәдени тәрбие берудің
әдістемесі қазақ тілінің ұлттық тәрбиелік әлеуеті және оны қазақ тілі
сабақтарында пайдаланудағы әдістер жүйесін, оқу және тәрбие
бағдарламаларын, жаттығулари жүйесін жасау, сыныптан тыс жұмыстардың
бағдарламасы мен әдістемесін беру арқылы жасалды және олардың тиімділігі
эксперимент арқылы дәлелденіп, нтәижелер мен шығарылған сәйкес
қорытындылары берілді.

Қорытынды бөлімінде диссертациялық зерттеу бойынша тұжырымдар жасалды.

І Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту арқылы ұлттық тәрбие берудің
ғылыми негіздері

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие
берудің психологиялық қырлары

Қазіргі кезде лингвомәдени тәрбие беру проблемасына көп назар қойылуда .
Оның негізгі себептерінің бірі қазіргі ғаламдану үдерісінің белсендірілуі
жағдайында халықтың мәдени идентификациясын сақтап қалу үшін, оның
мәдениетін зерттеп білу болып табылады. Сондықтан да кез келген
гуманитарлық тәрбиенің міндетті элементі ретінде тілді оқыту
бағдарламасына лингвомәдениеттану компонентінің қосылуы аталмыш проблеманы
шешудің бір саласы болып табылады .

Тілді оқу және оқыту арқылы сол тілде сөйлеуші халықтың тарихын тану
міндетті түрде ол халықтың тарихын білумен байланысты болады. Фон
Гумбольдтың пікірі бойынша, тіл ұлттың рухани күшін қалыптастыратын қызмет,
сонымен қатар тіл үдеріс, рухтың қызметі болып табылады. Рухтың қозғалысы
ол халықтың мәдениетін көрсетуші ой, интеллект шығармашылығы. Ал мәдениет
тікелей тілге байланысты және өзі де тілге тікелей әсер етеді [1, 123].
Сондықтан да бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту әдістемесінде
ұлттық мәдениет проблемаларына зейін қоюдың туындауы заңды блып табылады.

Лингвоәдістемеде ұлттық мәдени компоненттің енгізілуі ұлттық мәдениетті
көрсетудің жаңа және тиімді жолдары деп айтуға болады. Осыған байланысты
тұлға қалыптастыруда да ұлттық мәдениеттің үлкен әлеуметтік-педагогикалық
әлеуетке ие екендігі белгілі. Осының ішінде бастауыш мектеп оқушыларына ана
тілін оқытудағы лингвомәдени тәрбие беру аспектілерінің қарастырылуы өзекті
мәселе деп танимыз.

Мәдениет әлемді тану мен көрудің, оны тілмен сипаттаудың тәсілі,
сонымен бірге әлеммен өзара әрекеттесу мен сол өзара іс-қимылдардың
нәтижесі, - дейді Г.Мухаметзянова [2,54]. Осыған орай соңғы жиырма
жылдықта тілді халықтың мәдениеті арқылы оқыту оқушының коммуникативтік
құзіреттілігін қалыптастырудың бір факторы болып табылатыны ғылыми түрде
дәлелденіп, негізделіп те отыр. Соның ішінде лингвоелтану тілдің
мәдениетпен сәйкестігін және оның тілді оқытуға тікелей әсер етуін
зерттейтін әдістеменің саласы болып қалыптасқанын көруге болады. Бұл
проблеманы көптеген ғалымдар қарастырған, соның ішінде: орыс ғалымдары
Ф.И.Буслаев, К.Д.Ушинский, В.В.Виноградов, Л.В.Щерба, Е.Д.Поливанов, қазақ
әдістемеші-ғалымдары: А.Байтұрсынов, К.Аханов және т.б.

Егерде осы күнге дейін ана тілін оқыту тек қана грамматканың негізінде
қарастырылған болса, қазіргі кезде оқушының ана тілін танып білуі мен ана
тілінде сөйлеуі үшін тек қана тілдік кодты ғана игеру емес, сонымен қатар
ана тілі бойынша аялық (фондық) білімнің де игерілуі талап етіліп отыр.
Оқушылар ана тілін өз халқының тарихы мен мәдениеті арқылы меңгеріп, игеруі
оның өзін қоршаған әлем мен болмысты өзгеше қабыдауына тікелей әсер етеді
және де тілдің ішкі астарын толық түсініп, сөздің маңызын байқауға үлкен
көмек берері де сөзсіз. Ана тілін оқытудың өзекті және өнімді формасы
оның қазақ халқының мәдениетімен өзара әрекеттесуі болып табылады.
Сондықтан да ана тілін толық меңгеру мен сол тілдің ерекшелігін игеруді
қосатын ол оқушылардың мәдениеттанушылық білімі деп айтуға болады.

Ана тілін оқыту барысында елтанушылық материалдарды берудің үлкен
тәрбиелік этикалық маңызы бар, яғни ана тілі бойынша білім алушы оқушының
бойында өзінің тума мәдениетіне деген құрмет пен ата дәстүрге деген
сүйіспеншіліктің қалыптасуына жол салатын тәсілдердің бірі деп айтуға
болады.

Мәдениеттану терминін алғаш рет американдық Лесли Уайт енгізген.
Ю.В.Бромлей өзінің Этнические функции культуры и этнографии деген
еңбегінде мәдениеттің инструментальды, нормативті, сигникативті
(символикалық) және коммуникативті сияқты төрт функциясын атап көрсетеді.
Мәдениеттің этникалық функциясы мәдениеттің этнодифференциациялық және
этноинтеграциялық қасиетін көрсетеді. Сондықтан мәдениеттің
этнодифференциациялық функциясы бір этносты екінші этностан
айырмашылықтарын көрсетсе, этноинтеграциялық функция этностың өмір сүруінің
маңызды шарты болып табылады. Өйткені этнос тек қана өзінің ішкі мәдени
байланыстарының негізінде ғана қызмет ете алады. Мәдениеттің барлық
компоненттерінің ішінде тек қана тіл этностың ерекше айқын көрінетін
белгісі болып табылады.

Сонымен қатар Е.М.Верещагин және В.Костомаров пікірлерінше, мәдениет
қоғамның пайдаланатын және мәдени дәстүрлерін құраушы материалдық және
мәдени дамуындағы жетістіктерінің жиынтығы болып табылады, сондықтан
бастауыш мектеп оқушыларына сол қоғамның жинақтаған мәдени мұраларын ана
тілі арқылы дарыту тек қана лингвомәдени тәрбие арқылы іске асырылады
деуге болады. Мәдениет сонымен қатар белгілі бір ұлтқа тән индивидтер
арасындағы құндылықтар, идеалдар, сенімдер, өзара қарым-қатынастардың
жиынтықтары да болып табылады, сондықтан 1995 жылы ЮНЕСКО тарапынан
өткізілген халықаралық конференция мәдениеттің рухани компоненті білім
саласындағы жетекші рөлін айқындап көрсетті. Ғылымда тіл мен мәдениет, тіл
мен қоғамның бірлігі шешілген проблема болып табылатындығы да сондықтан.
Бүгінгі күні қазақ тілі қазақ халқының мәдениетін сақтаушы және ұрпақтан
ұрпаққа жеткізуші құрал болып табылады.

Лингвомәдениеттану мәденитетану мен филологияның синтезінде пайда болған
сала. Ю.В.Бромлей лингвомәдениеттанудың зерттеу пәніне еңбек және
күнделікті тұрмыс құралдарынан бастап адамдардың әдеті, дәстүрі және өмір
сүру салты, ғылым мен өнер, дін мен атеизм, мораль мен философияны
жатқызады [3,45]. Мазмұндық жағынан лингвомәдениеттану әлемнің тілдік
суреті, тілдік тұлғаны да қосады. Мәдениеттану, сонымен, халықтың тілде
бекітілген мәдени мұрасын зерттеу мақсатында көптеген іргелес ғылымдарды
біріктіретін біртұтас лингвистикалық және мәдениеттану пәні болып табылады.
Тіл ұрпақтан ұрпаққа сол тілде сөйлеушілердің қоршаған орта туралы
ақпараттарын сақтаушы және ол ақпараттарды жеткізуге зор мүмкіндік беретін
құрал.

Лингвомәдениеттану пайда болған негіздерін сызба түрінде былай көрсетуге
болады:

1-сурет. Лингвомәдениеттанудың негіздері

2-сурет. Лингвомәдениеттанудың зерттеу пәні

Лингвомәдениеттанудың зерттеу пәндері ол мәдениет пен тілдің өзара
байланыстары, өзара қарым-қатынастары, әлемнің тілдік картинасы. Әлемнің
тілдік картинасы өз ретінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінен
тұрады.

Лингвомәдениеттанудың зерттеу пәндерінің әрқайсысының мағынасын ашып
көрсететін болсақ, адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы оның әлемнің
тілдік картинасына сәйкес келеді. Осы ретте қазіргі лингвистикада кең
қолданылатын ұғым ұлттық әлем картинасы. Мысалы, қазақтың ұлттық әлем
картинасы оның ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру салты, дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары және оның географиялық орналасуының әсерімен қалыптасқан
болып табылады. Ұлттық әлем картинасы тілсіз қалыптаспайды, тіл кез келген
халықтың таным құралы. Ол халықтың әлемді танудағы ерекшеліктерінің
нәтижелерін бекітіп отыратын күші бар бірден бір құрал болып табылатыны
белгілі. Сондықтан да бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқытуда
лингвомәдени тәрбие беру дидактика тұрғысынан білім алушы (оқушылардың)
мәдени санасы мен білім беруші (мұғалімнің) мәдени санасы ретінде
қарастырылатынын айтуға болады.

Бастауыш мектеп оқушыларына лингвомәдени тәрбие берудің мақсатын мына
сызбамен көрсетуге болады.

3-сурет. Бастауыш мектеп оқушыларына лингвомәдени тәрбие берудің негізгі
мақсаттары

Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында лингвомәдени
тәрбие берудің бір қыры - ол қазақ халқының психологиялық ерекшеліктерінің
есепке алынуы болып табылады. Бұл проблема қазіргі кезде этникалық
психология саласында кеңінен қарастырылуда. Соның ішінде бастауыш мектеп
оқушыларына қазақ тілін оқыту барысындағы лингвомәдени тәрбие беруде ұлттық
мінез-құлықтың әлеуметтік тұрмыстық ортада, өзін қоршаған ортаға, еңбекке,
өзін қоршаған әлемге деген қарым-қатынастарында көрінулерін және олардың
барлығының тіл арқылы өрнектелуі ана тілін игерту мен ана тілі арқылы
лингвомәдени тәрбие берудің негізін салушы элементтердің бірі деп
қарастыруға болады.

Әсіресе этникалық психология қарастыратын ұлттың мотивациялық- аялық-
ұлттық психологиялық [4,106-107] ерекшеліктерін айқындау және оның тілде
көрініс табулары оқушыға өз ұлтының психологиялық ерекшеліктері арқылы оның
тілін тану мен игеруде өзінің қажетті рөлін атқаратынын атап өткен жөн.
Мысал ретінде Ы.Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелеріндегі қазақ
халқының тұрмыстық ерекшеліктері және сол әңгімелер аясында айтылатын
моральдық құндылық принциптері, еңбекке деген қазақ халқының көзқарастары
мен жалпы олардың тұрмыс салттары арқылы көрініс тауып отыратын қазақтың
өмірлік құндылықтарының айқын мазмұнда берілуін атауға болады.

Ұлт мәдениетінің оның тілінде көрініс табуы және оның балаға тәрбие
берудегі рөлі мен функциясының белгіленуі ауқымды проблемалардың бірі болып
табылады. Уорф тілдің тұлға үшін тек қана қарым-қатынас құралы емес,
сонымен қатар оны каждый язык представляет собой огромную модель -
cистему, отличную от других, в которой существуют культурно предписанные
формы и категории, посредством которых личность не только общается, но
также анализирует природу, замечает или игнорирует отношения и явления,
направляет свои рассуждения и строит мир своего сознания, - деп айқын
көрсетіп береді. [5, P.134-156, 246-270]. Сонда ана тілінің әрбір тұлға
үшін өзінің жеке санасын өз ұлтына сәйкестендіріп қалыптастыруында басты
роль атқаратынын көруге болады.

Бастауыш мектеп оқушыларына өздернің ана тілі болып табылатын қазақ тілі
пән ретінде оқыту барысында лингвомәдени тәрбие беру идеясы және оның
толыққанды зерттелуі қазақ тілі пәнінің оқытылуының толығымен өзгеруіне
әкеледі деген пікірдеміз. Осыған байланысты, қазақ тілін оқытудың
педагогикалық алғышарттары өзгереді, соның ішінде: пәннің мазмұндық аясы
кеңеюі тиіс, қазақ тілі сабақтарының ұйымдастырушылық және әдістемелік
негіздері өзгереді. Сонымен қатар сабақтың мақсаттары мен міндеттері қайта
топтастырылып, алдыңғы қатарға оқушылардың ішкі шығармашылық әлеуеттерін,
қабілеттерін дамыту мен тәрбиелеу қойылады.

Қазақ тілін оқыту барысында маңызды болып табылатын лингвистикалық және
коммуникативтік құзіреттіліктерді қалыптастырудан басқа, оқушылардың
лингвомәдени құзіреттіліктерін қалыптастыру талаптары қойылады. Осы
талаптардың сабақ жүйесінде орын алуы оқушының белгілі бір деңгейде
психологиялық жай-күйін бағдарлауды талап етеді.

Қазақ тілін оқытуда лингвомәдени тәрбие беру бастауыш мектеп оқушысына
халық мәдениетін, дәстүрлерін, салттарын оқыту тілдік тұлғаның ұлттық
санасын қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Қазіргі білім беруде негізгі
мақсат оқушыға білім бере отырып, тәрбиелеу болып табылады.

Қазіргі ғаламдану жағдайында лингвомәдениеттану этностардың мәдени
болмысымен көрініп, тілдік қорды толықтырып отырады. Тілдің осындай
тұрғыдан қарастырылуы халықтың мәдени кодының қалыптасуына жағдай жасап
отырады. Тіл осындай жағдайда халық мәдениетінің өнімі мен продуценті болып
табылады. Сондықтан да тіл, басқаша айтқанда, мәдениеттің қалыптасуының
факторы.

Лингвомәдениеттану қазіргі лингвистикадағы антропологиялық парадигманың
өнімі болып табылады. Ал антропологиялық парадигма зерттеушінің зейінін
таным объектісінен субъектіге аударады. Сондықтан да оның зерттеудегі
талдауы тілдегі адамды және адамдағы тіл болып табылады. И.А.Бодуэн де
Куртенэнің пікірінше, тіл тек қана индивидтің миында,тек қана адамның
жанында, сол тілдік қауымдастықтың құраушысы ретінде индивидтердің
психикасында болады.

Антропологиялық парадигманың қалыптасуы адам феноменін зерттеу
проблематикасына ауысты. Лингвомәдениеттанудың бірыңғай әдіснамалық негізін
салу адамның көзқарасын көрсетуші сана формасы болып табылады. Егерде
мәдениеттану адам санасының табиғатқа, мәдениетке қарым-қатынасын
қарастырса, тіл мен мәдениет, лингвомәдениеттану тілдегі ментальдық
модельдер түріндегі әлем картинасын және тіл мен мәдениеттің диалогтық
өзара қарым-қатынасын зерттеуді мақсат етеді.

Соңғы уақытта писхолингвистикада сөйлеудің ұлттық мәдени
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты тідік тұлғаның
қалыптасуының негіздері де айқындалуда. Тілдік тұлға қалыптастыруда ерекше
рөл атақаратын фактор тұлғаның ана тілін игеруі болып табылатыны белгілі.
Бұл тіл мен мәдениеттің ана тілін оқытуда жүйе құраушы ұғым болып
табылатынын көрсетеді және де ол бастауыш мектеп оқушысының санасында
идеалды тілді маңыздылық пен мәдени шығармалардың бейнелерінің бір бірімен
сәйкестенетінін көрсетуге арқау болуы тиіс. Бұл жерде ана тілі мен мәдениет
тұлғаның әлеуметтенуінің негізі болып табылатындығына аса назар аударып
отырылуы тиіс.

Ал бұл негіз интрамәдени қарым-қатынас үдерісінде жүзеге асады.
Сондықтан да бұл бағыттағы психолингвистикалық зерттеулер ана тілін оқыту
әдістемесінің негіздерін құрауы тиіс. Өйткені ана тілі ұлттық тілдік
тұлғаны қалыптастырушы мәдениет және мәдени-тарихи ортаның феномені болып
табылатыны белгілі. Ана тілін оқыту барысында лингвомәдени тәрбие берудің
психологиялық негіздерін қарастыруда маңызды болып табылатыны
этнолингвистикалық зерттеулердің нәтижелерін саралау және оны ана тілін
оқытуда ұлттық тәрбие беру негіздеріне айналдыруды көздеу.

Этнолингвистикалық зерттеулерден бастау алатын бұл проблеманы
экспериментальды психология, паралингвистикалық зерттеулер, қазақ тілінің
семантикалық модельдерін зерттеу, тілдегі деректер негізінде рухани
этникалық мәдениетті тану мен қайта жасау, фольклористикаға аса көңіл
бөлуді талап етіп отыр. Сонда этнолингвистикадағы тіл мен адам және де
адамның тілысыарқылы тілге деген қарым қатынасы зерттеліп отырады.

Ана тілін оқыту барысында лингвомәдени тәрбие берудің психологиялық
негіздерін қарастырудың басты мақсаты - ол бастауыш мектеп оқушыларының жас
ерекшеліктік психологиялық күйлерін ескере отырып, тұжырымдар жасау.

Қазіргі білім беруде тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адами
құндылықтарды игеруі басымдылықтары алға тартылуда. Осы ретте ана тілін
оқытуда бастауыш сынып оқушыларының линвгомәдени құзіреттіліктерін
қалыптастыру мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр. Өйткені аталып отырған
проблемада тіл мен мәдениет және қоғамның үштұғырлығы өзінің көрінісін
тауып отырғаны белгілі.

Бұл жерде мәдениеттану әдіс ретінде қарастырылып, негізгі қорытындылар
білімді мәдениет феномені ретінде қарастырылуды мақсат етеді және де
мәдениет білімді дамытушы және оны гуманизациялауды жүзеге асырушы құрал
деп танылуды көздейді. Осы үрдісте еліміздің төл тілі қазақ тіліне аса
маңызды көңіл бөлінуі тиіс. Аталмыш мақсат аясында дамушы тұлғаны
қалыптастыруда маңызды орын алатын және үлкен рөл атқаратын қазақ тілінің
әлеуметтік беделін өсіру өмірдік балық саласындағы өзекті мәселе ретінде
қаралып отыр. Осы жерде адамзаттың рухани өмірін бейнелеуші тіл тәрбие
берудің күшті құралы болып табылады. Тіл арқылы адам тек қана әлемді танып
қоймайды, сонымен қатар осы тіл арқылы сол әлемде өмір сүреді, оның
құндылық бағдарларын алып, ұлттық және бүкіләлемдік мәдениетке кірігеді.

Әрбір қоғам мүшесі шынайы жолдармен тіл арқылы ғана сақталып қалатын
және тілде сақталатын рухани байлыққа жақындап, өзінің ана тілін өзі оқитын
пән арқылы танып, сол пән арқылы өзінің алған білімін салыстырып,
күнделікті өмірімен сәйкестендіреді осының неәтижесінде өзі өмір сүріп
отырған қоғамда ана тілі арқылы орнын тауып, әр түрлі жағдайларға сәйкес
қарым-қатынастар құру дағдыларын алады, яғни ана тілі арқылы әлеуметтенеді.
Сондықтан да бастауыш буында қазақ тілі пәні арқылы лингвомәдени тәрбие
беру оқушының келешектегі және сол кезеңдегі әлеуметтенуіне оң әсер етуші
құрал болады.

Бүгінгі білім беру концепциясы тек қана жоғары білімді маман
дайындауды емес, сонымен қатар рухани байлығы мол, шығармашыл, мәдениетті
тұлға қалыптастыруды да мақсат етіп отыр. Қазіргі білімдегі коммуникацияның
өзі де осы бағытта дамытылып, ол міндетті түрде негізінде сыйластық,
толеранттылық, танымдылық, эмоциональды-эстетикалық принциптерді ұстануды
талап етуде.

Бастауыш мектеп мұғалімі өзінің алдында отырған шәкіртінің жеке
мәдениетін қалыптастыра отырып, ол субъектінің мәдениет өнімімен қатар
әлемдік мәдениеттер диалогының субъектісі де болатынын үнемі ескергені
жөн. Осындай мақсатқа жету міндетті түрде бастауыш сыныптарда ана тілін
оқытуда оның мәдениеттанушылық қырларына аса көңіл бөліп отыруды талап
етеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени даму тұжырымдамасында
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму жолы дегеніміз, ең алдымен,
адамзат қазыналарына аса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрдері мен әдет
ғұрыптарының толымды үдеуі, гуманитарлық, моральдық байлықтарына қайтып
оралу, мәдениеттің барлық салаларын, ұлттық мәдениеттердің қазыналарары мен
дербестігін мойындау деп көрсетілген. Мемлекетімізідің әлеуметік мәдени
дамуы мен әлемдік мәдени құндылықтарды бала бойына сіңіруде маңызды рөл
атқаратын құралдың ана тілі болып табылатыны да белгілі.

Ал қазақтың адам тәрбиесі мен оның әлемді тануына аса назар қойғанын
халықтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарынан көруге болады. Әсіресе
тәрбие қағидаларына әсер ететін факторлар да бар. Олар:

1. Қазақ халқының әлеуметтік экономикалық жағдайы.

2. Қоршаған орта (табиғат).

3. Қазақ халқының рухани өмірі: аталы сөздер, ән мен күй, шешендік
өнер, фольклор, мақал мәтелдер, фразеологиялық тіркестер.

Осыған байланысты халықтың тәлім-тәрбиесінің мазмұндық ерекшеліктері
ажыратылады. Олар:

• Мағыналылығы (халықтың дүниетанымы, символдары);

• Ұрпақтан ұрпаққа ауысуы;

• Тәлім-тәрбие идеяларының жалғасып, жаңаруы;

• Заман талабына сай, қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынастар
ағынына сәйкес толықтырылып отыруы;

• Басқа халықтардың тәлімтәрбеи үлгілерімен байланыстылығы,
ұқсастығы мен айырмашылықтары;

• Қоныстанған аумаққа байланысты принциптер мен ұстанымдардың
өзгеріп отыруы және қалыптасуы.

Этнограф Ә.Диваев қазақтың сөздеріне түсініктер беруде оны халықтың
тұрмыстық жағдайына байланысты танып білуді ұсынады.

Әр халықтың мәдениеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып, көзге
шалынады. Алайда басқа халықтың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдениет тіпті
де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материалдық жеке рухани байланысы,
қарым-қатынасы арқылы олар бір бірін мәдени байлығы жағынан толықтырады, -
деп көрсетеді С.Н.Артановский.

Осы жерде қазіргі әлеуметтік мәдениет жағдайында ұлттық сана сезімді
жаңғырту әркеттерініқазіргі әлеуметтік мәдениет жағдайында ұлттық сана-
сезімді жаңғырту әрекеттерінің сауатты және жүйелі түрде жүргізілуі ана
тілі сабақтарының құзіретінде болуы керек демекпіз. Сондай-ақ ана тілін
оқыту әдістемесінің мазмұнына мәдениетаралық диалогтар мақсатында
лингвомәдени, мәдениеттану мазмұнындағы ақпараттарың қамтылуы қажет.
Ұлттық мәдени және мәдениетаралық коммуникация компоненті бар материалдар
ана тілін оқыту жүйесіне мақал-мәтелдерді оқыту фразеологиялық тіркестерді,
синтаксис, сөзжасамды оқыту барысында пайдаланылғаны жөн болмақ.

Мәдениетаралық коммуникация сонымен қатар ұлттық ерекшелік реңкке ие
болады. Оның Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров мына тармақтарын ажыратады:

• дәстүр ретінде қабылданатын дәстүрлер, ғұрыптар;

• дәстүрлі тұрмыстық мәдениет;

• күнделікті мінез-құлық:

• қоршаған ортаны қабылдаудың ерекшелігін көрсететін ұлттық әлем
бейнесі;

• этнография мен этнология элементтеріне жатқызуға болатын көркем
мәдениет (Верещагин Е.М.,Костомаров В.Г. Страноведение и
преподавание русского языка как иностранного. М., Наука, 2001,
311-б.).

Осыған байланысты ана тілін оқытудың басты мазмұны Е.Пассовтың айтуы
бойынша, мәдени бағдарланған тіл арқылы мәдениет мәдениет арқылы
фомуласымен айқындалуы қажет. Яғни мәдениет фактілері тілді қолдану
үдерісінде қарым қатынас құралы ретінде пайдаланылса, мәдениет фактілерімен
тіл арасындағы өзара қарым қатынастың айқын көрініс табуына әкелетіні
сөзсіз. Б.З. Библердің пікірінше, мәдениет бұл жерде әр түрлі мәдениет
адамдары болмыстарының бір мезгілде қатынасқа түсіп жатуы. (Библер. 1993.
С. 24-25). Ал Ю.Е. Прохоров мәдениетаралық байланыстарды коммуникация
арқылы түсідіре отырып, оны ... структура коммуникации содержит три
взаимосвязанные составляющие, находящиеся в постоянном взаимодействии и
взаимовлиянии: интровертную фигуру - текст, экстравертную фигуру - дискурс,
реальную фигуру - действительность ситуации общения, деп көрсетеді.
(Прохоров. 2003).

Мәдениетарылық диалогтар проблемасын көтеруші әдіскерлер оны тек қана
лингвистика шеңберінде қалдырып қоймай, ол проблеманы лингвомәдени тәрбие
беру және оны лингвоелтану және прагматикалық тұрғыдан шешуді ұсынады. Оны
анығырақ мына сызбадан көруге болады.

... сурет. Мәдениетаралық тұлға қалыптастыру градациясы.

Бұл сызбадан кез келген тұлға үшін жалпы адамзаттық мәдениет болатынын
көруге болады, яғни жалпы мәдениеттен базалық мәдениетке келіп, білім
алушының базалық (ұлттық) мәдениеті арқылы және оны негізге ала отырып,
өзге де мәдениеттерді ана тілінде таныстыру арқылы мәдениетаралық оқытуды
жүзеге асыру керек. Осыдан кейін ғана білім алушының бойында мәдениеттер
диалогы орын алып, оның екі мәдениеттің тоғысуындағы үшінші мәдениет
қалыптасып мәдениетаралық құзіреттілік пайда болатынын кқруге болады.

Бұл қазіргі Қазақстандық идея тілдердің үштұғырлығына сәйкес келуін
көруге болады. Кез келген мәдениеаралық құзіреттілік ана тілі арқылы
қалыптасып соның негізінде қалануы тиіс екендігін жоғарыдағы сызбамыздан
көруге болады. Ал халықтың төл мәдениеті оның халықтың уақыт пен кеңістікте
жинаған әдеби және мәдени мұрасы болып табылады.

Көркем мәдениет туындысы болып табылатын мақал-мәтелдер мен тұрақты
тіркестерде, тұрақты теңеулерде халықтың барлық ішкі жан дүниесі мен әлемді
тану үдерісі анық көрініс береді. Әсіресе бастауыш мектеп оқушыларының
әлемді қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері - ол баланың сыртқы әсерге
деген қажеттілік деңгейінің жоғары болуы. Осы қажеттіліктер негізінде
баланың жаңа рухани қажеттіліктері соның ішінде танымдық қажеттіліктері
жылдам дамиды, яғни жаңа білімді игеру, біліктер мен дағдыларды меңгеру
сияқты қажеттіліктер пайда болады. Сондай ақ оқушы сол игеріп отырған
білімі мен біліктерінің мәнін түсінуге талпынып отырады. Сондықтан да
сыртқы әсер ету мен сыртқы әсер алу бастауыш мектеп оқушысының білім
алуындағы қозғаушы күш болып табылады. Танымдық қажеттіліктердің пайда
болуына байланысты оқушының бойында білім алуға деген әр түрлі
уәждемелерді туындатады. Бастауыш мектеп оқушыларының білімге деген осындай
ұмтылыстары мұғалім тарапынан ана тілін сабақтарының балалар үшін қызықты
және танымдық жағынан мол материалдармен қамтылған сабақ жүйелерін құруды
талап етеді.

Осындай сабақтар барысында ана тілін игеруші бастауыш мектеп
оқушысының бойында өзінің төл мәдениетіне және өзге мәдениетке деген
сүйіспеншілігін оятып, оқу қызметін атқара отырып, танымдық қызметін
жоғарылататыны белгілі. Фольклорлық шығармалардың мазмұнын меңгеру жолдарын
айқындап алып, түрлі қызықтырушы оқу әрекеттерін жасай отырып, ұлттық
мәдениеттің негізін игерту мақста етілгені дұрыс. Соның ішінде қазақ
ертегілерінің баланың бойындла өзінің талабына сәйкес ой туғызып, сыртқы
әсер арқылы оң тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Жалпы, фольклор әлеуметтік психологиялық зерттеулер ретінде
алғашқылардың бірі болып табылады. Өйткені мақал мәтелдер халық
даналығының шағын және мәнді нұсқасы болып табылады, осыған сәйкес адамға
әсер етудің үнемді құралы болып табылады. Халықтың писхологиясын зерттеуге
арналған В.Вундтың, К.Гиллебрандтың, Г.Лебоның, Г.Штейнтальдың еңбектерінде
де алғашқы болып халықтың фольклоры тұрды.

Қазіргі кездегі фольклорды зерттеулер писхосемнатика және
психолингвитсика аясында жүргізілуде. Мақал мәтелдер, қанатты сөздер,
ертегілер шешендік өнерді қалыптастыру, психотерапияда және тәрбие беру
үдерісінде қолданылуда. Көтеген зерттеулерде мақакл мәтелдер қоғам және
жеке тұлғалар санасында қалыптаса отырып, адамға әсер етудің маңызды
құралына айналады екен.

Мақал-мәтелдер белгілі бір жағдайдың әлеуметтік тарихи контексінде
әсер ету құралы бола отырып, әсер етудің түрлі әлеуетіне ие болып табылады.
Ол туралы психолог ғалымдар әрбір мақал мен мәтелдің субъектілерге әр түрлі
әсер ете алатыны туралы тұжырымдарын алға тартып отыр. Оның негізі күрделі
құрылым болып табылады және де ол эмоциональлды, когнитивті, мінез-құлық
компоненттерін қосады. Мақал мен мәтелдердің әсер етуі жоғарыда аталған
компоненттердің әр қайсысын әр түрлі деңгейде белсендіре алады. Мақал-
мәтелдердің адам сана-сезіміне әсер етуі топтық факторлармен айқындалады.
Оның ішінде: топтың құндылық бағдарлық бірлігі, олардың бірігуі мен достық
қарым-қатынаста болуы, негізінен әсер ету мақсатына, құралына, тәсіліне
байланысты болады.

Бастауыш мектеп оқушысының эмоциональды-еріктік аясы оның мектепке
дейінгі кезеңінен әлдеқайда өзгеріп, оқу қызметі оның сезім мазмұнын да
өзгерістерге ұшыратады. Оқушының іщкі күйзелістері оның оқу қызметінің
нәтижелері арқылы айқындалып отырады. Ана тілінің баланың эмоциональды
еріктік аясын қалыптасуына үлкен әсер ете алатын құрал. Қазақ халқының
ұлттық ойындары мен оның барысында айтылатын жаттамақтар мен тақпақтар
оқушының белгілі бір деңгейде ана тілін меңгеруіне және оның құндылықтарын
түсінуге жол ашады.

Әсіресе баланың сабақтардағы белсенді интеллектуальды қызметі оның
еріктік қасиетіне де әсер етеді. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің
мағынасының ашылып көрсетілуі, қазақ батырлар жыры мен эпостарындағы
батырлар тұлғасының қалыптасуын суреттеп көрсету, баланы батылдық пен
батырлыққа бағыттаудың және баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың бір
жолы деуге болады.

Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті бүгінгі күні
көптеген халықтарды қызықтырып отыр. Ежелгі ұлы жиһангездер мен саяхатшылар
зерттеушілер қазақ халқының ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз
әдебиеті туралы соның ішініде еор адамдар менәйел адамдардың моральдық
этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы,
ауылдағы, әулеттегі, рудағы, әлеуметтік орны туралы, ұлттық таным, наным,
сенім ұғым, әдет ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі мен құлқы туралы
жүзден астам рулардан бірігіп қалыптсқанынан қарамастан салты мен
дәстүрінің біртұтастығы туралы, осынау кең ұлы далада көшпенді өмір
сүргеніне қарамастан біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу
өнерінің, ауыз әдебеті мен музыка өнерінің, ауыз әдебиеті мен музыка туралы
таңдай қаға айтып, баяндайды.

Мұның барлығы қазақ халқының бүгінгі моральдық психологиялық, мәдени
әлеуметтік ахуалының түп тамыры тереңде екендігін тарих, философия,
филология, психология, педагогика, этнопсихология ғылымының зиялы ғалымдары
дәлелді [Наурызбаева Р. Бастауыш мектепте халықтық тәлім тәрбие берудің
шығармашылық жолдары. Алматы, 2006. 11-12 б].

Бастауыш мектеп оқушыларының бойында ана тілі оқыту арқылы лигвомәдени
тәрбие беру проблемасын қазақ халқының салт дәстүрлері н оқыту арқылы да
жүзеге асырылады. Қаза халқының салт дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық
мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Сондықта мәдениетіміздің бай да
мазмұнды бөлігі болып табылатын салт дәстүрлері ана тілін оқыту барысында
линвоәдени тәрбие беруде маңызды роль атқарады. Бұл жерде салт дәстүрдің
адам санасына әсер ету факторы ескерілгені жөн. Салт дәстүрді тану баланың
дүниеге келуінен басталады десек қателеспейміз. Баланың дүниеге келу тойы,
оның қырық күндік қырқынан шығару тойы, баланың тұсауының кесілу тойы,
ашамайға отырғызу, тілашар жасау т.с.с. дәстүрлерді көріп өскен бала
мектепке келгенде сол салт дәстүрлердің оның қу қызметі барасында жалғасуын
көруі оның сыртқы әсер алу уәждемесінің бірі болып табылады. Осы жерде
қазақ дәстүлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде оның
писхологиялық қырлдарын тани отырып қолдану жүйесін қалыптастыруда
мұғалімнің атқаратын рөлі зор бомақ. Салт дәстүр тәрбиесінің нәтижелі болуы
мұғалімдердің толық білім сапасынан және оны оқушылар тәрбиесінде пайдалана
білу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді. Қазақтың ұлттық дәстүрлері өзінің
бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан ерекшеліктерімен тәрбиеші мен
тәрбиеленушілерге рухани, эстетикалық, эмоциоанльдық, интеллектулаьдық
тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалыөқ және сапалық қасиеттерін дамыта
түсетіні сөзсіз.Қазақ халқының ұлттық салт дәстүрлерін ұтымды пайдалану
жолымен ұлттық санасы жоғары,үлкен өркениеттің көшіне әлесе алатын жан
жақты жетілген, заман талабына сай тұлға тәрбиеленеді.

Білім беру жүйсіне ұлттық салт дәстүрлердің мазмұнын айқындау, тәрбеи
беру әдітерінің психологиялық негздерін айқындау, ұлттық тәрбие берудің
соның ішінде лингвомәдени тәрбие берудің маңызын арттырады, ана тілін
игеруге және соның негізінде оқушының тілін дамытуға зор көмегін тигізеді.

Бастауыш мектеп оқушысының тұлғасы оның қарым қатынасы негіінде
дамиды. Кез келген бастауыш мектеп оқушысы үшін сабақ және оқу қызметі
жетекші рөл атқарып отырады. Мұғалімнің тұлғасы оқушы үшін маңызды болып
табылады. Оқу қызсеті арқылы мұғалім оқушының білімі мен оны қоғамдық
өмірде пайдалана білудің алғашқы жолдарын салып отырады. Өмірлік
құндылықтарды тану мен ол құндылықтардың өмірдегі көрінулерін бастауыш
мектеп оқушысы мұғалім көзқарасымен қабылдап отырады. Сондықтан мұғалім
әрбір оқушының рухани деңгейі биік, шығармышылқ тұлға болуына аса назар
аударып отыруы тиіс. Мұғалім тұлғаның табиғи қабілеті мен бейімділігін
танып оның қойға мақсатына жетуін бағдарлаушы болып табылады. Осы жағынан
мұғалім бастауыш мектеп оқушысына ана тілін оқыту арқылы лингвомәдени
тәрбие беруде мына принциптерді ұстанғаны жөн:

• оқушының ішкі талабына сай онымен біріге жұмыс істеу. Халық
даналығын тануда, адамды қалыптастырушы қағидаларға басты назар
аудартып, оқушының бойында қазақи сөз өнерін игеру жолдарын
таныту;

• оқушыға лингвомәдени тәрбие берудегі еркіндік. Оқушы мен мұғалім
тараптарынан қойылған мақсатқа жетудегі әрекеттердің еркіндігін
сақтау, яғни оқушы тек қана өзінің ой санасынан өткен және оны
толығымен түсінген оқу ақпараттарын таңдай алу еркіндігінің
болуы.

Концепттік әдіс оқушының мәдени тілдік тұлға ретінде концептуальдық
... обобщенный білімге ұмтылуын мақсат етіп қояды. Лингвомәдени міндеттерді
шеше отырып, оқушы өз елінің, халқының мәңілік құндылықтарын игере
бастайды, сондай ақ өз елінің болашағына деген ой өрісін, көзқарасын
қалыптастыруға талпыныстар жасайды.

1.2. Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында ұлттық тәрбие
берудің лингвистикалық негіздері

Тіл барлық кезеңде этностың айқын идентификациялық сипаттамасы болып
табылады. Халықтың ішкі жан дүниесін танып білу үшін міндетті түрде оның
тілін үйрену керек деп көрсеткен Пифагор. Тіл мен мәдениеттің де өзара
тыңыз байлаыстылығы және олардың бірінсіз бірі болмайтыны да ешқандай дау
тудырмайтын мәселе болып табылады. Лингвомәлениеттану қазірі кезде
этнолингвистиканың ең жас тармақшасы. Жоғарыда атап өткендей
лингвомәдениеттанудың өзі бүгінгі күні бірнеше тармақтан тұратын өзінің
зерттеу объектілерін анықтаған. Ол әлемні тілдік картинасы, мәдениет пен
тілдің өзара байланыстары, этностың материалдық мәдениеті, этностың рухани
мәдениеті.

Лингвомәдениеттанудың міндеттері тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың
және халық ділін зертету мен оларды сипаттау деп анықталдып отыр. Мұны
сондай -ақ Бенвенистің айтуы бойынша, тіл, мәдениет және адам тұлғасы
үштігінің негізінде пайда болған ғылыми пән десек те болады. Осы үштік
арқылы кез келген зертетуші халықтың, этностың материалдық және рухани
ерекшеліктерін айқындап сипаттай алады. Лингвомәдениеттанудың категориалды
аппараты тілдік тұлға мен концепт болып табылады.

Бастауыш мектеп оқушыларына ана тілін оқыту барасында лингвомәдени
тәрбие берудің лингвистикалық негіздерін жоғарыда көрсетіліп отырған
лингвомәдениеттанудың мақсаттары мен міндеттері және категориалды аппараты
мен пайда болған негіздеріне сүйене отырып айқындауға болады.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті арқылы ана тілін оқытуда басты мақсат
оқушылардың бойында ұлтқа тән сөз мәдениетін қалыптастыру болуы тиіс. Бұл
мақсатқа жетуде қазақ ғалымдары сөз мәдениетін коммуникативтік
прагшматикалық, когнитивтік, лингвомәдениеттік, этикалық, лингвоэколоиялық
тұоғыдан қарастырудың концептуалдық негіздерін айқындауды, сөздің
комуникативтік сападарын анықтау сөзбен өрілген қазақ мәдениетін
жаңғыртуды Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің негізері: филол. Ғылым.
Доктор. ... автореф. Алматы, 2007ұсынады.

Сонымен бірге ұлттың болмыс мамұнын тұтас мәдени жүйе ретінде өз
бойында сақтаған құнды этномәдени дерек ретіндегі тілдік бірліктерді ұлт
пен тіл біртұтас деген қағидаға сәйкес Манкеева Ж. Қазақ іліндегі
этномәдени атаулардың танымдық негіздері. Алматы, 2008.4-6-бб бстауыш
мектептен басталып кез келген қазақстандық оқушының бойына сіңірілуі керек.
Ал олардың негіздерін ертеден келе жатқан халықтың даналық сөздерінен
бастап, бүгінгі халық арасында кеіңнен таралып отырған барлық салт дәстүр,
әдет ғұрыптардан тауып қазақ тілін оқыту жүйесіне енгізген дұрыс деп
ойлаймыз.

Халықтың өмір сүруінің әр кезеңіндегі материалдық және рухани мұрасын
өз бойына сақтаған ұлттық мәдениетінің этнографиялық, археологиялық,
өнертану, әдеби және т.б қырларын оқушыларға танытуда құнды болып табылатын
Ш.Уәлиханов жазбалары, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов мұралары мен қазіргі
фольклористтердің жинаған еңбектері негізге алынуы тиіс. Осымен қатар төл
мәдениетіміздің жарқын шығармаларының авторлары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов, Ы.Алтынсариндердің орындары ерекше деп айтуға болады.

Ана тілі арқылы этномәдени тәрбие беру негізерін, біріншіден, қлттық
тілдік лексикалық қорынан бастау керек еген ойдамыз. Осы орайда біз
Ж.Манкееваның мына тұжырымын ұстандық: тілдің жүйелілік қасиеті рухани
мұралардан жинақталған этнотанымдық тілдік бірліктерден тұрады, оны
саралау, сипаттау ққұрылымдық лингвистиканың қалыптасқан әдіс тәсілдерін
қолдануға негіз береді. Сондықтан этнолексика түрінде сақталған осындай
ұшан теңіз байлық кез келген жеке тілдік фактіге емес, белгілі бір жүйе
бойынша мағыналық тақырыптық топтарға бөлініп, өзара жіктеліп, сараланып
беріледі. Оның себебі: кезк елген тілдің лексикасы белгілі бір қарым
қатанастар мен байланыстардағы тақырыптық және семантикалық топтардың
негізіндегі құрылымдық жүйесінен құралады. Осыған орай мәдени атауларға
байланысты этнолексика тілдік ішкі байланыстар мен ішкі байланыстардан
құралатын жүйелік құбылыс ретіне қарастырылады:

• сөздің аталатын мәселемен байланысы;

• сөдің аталуының ұлттық ерекшелік, тарихи мәдени, әлеуметтік
экономикалық жағдайлармен байланысы;

• функционалдық негіздегі аналогиялық байланыстар. Манкеева Ж.
Қазақ іліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері.
Алматы, 2008.4-6-бб

Сонымен бірге Ж.Манкеева қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының
негізін салушы акад. Ә.Қайдаров тіл байлығына этнолингвисткаық зерттеу
жүргізуді екі жүйеде қарастыруды ұстанытын атайды:

• Макрожүйе Табиғат, Адам, Қоғам.

• Микрожүйе табиғи жүйе бойынша әртүрлі топтар, салалар.

Нақты айтқанда , микрожүйелік құрылымның негізінде сан түрлі мәдени
теримндер (зергерлік, тағам, халықтық космоним, соматкикалыөқ атаулар,
антопонимдер, топонимдер, фитонимдер, халықтық наым сенімдер мен салт
дәстүрге, ал шаруашылығы, аңшылық т.б. кәсіпке байланысты фразеологизмдер
мен парамиологиялық жүйе т.б) арнайы этнолингвистикалық зерттеу нысаны
ретінде қарастырылуы қажет. Осы ізбен кез келген мәдени лексиканың жүйесін
құрайтын ұлттық болмыстың рухани қазынасын сипаттайтын сан түрлі сапалық
ұғымдар мен тұрмыста қолданылатын зат, бұйымдар, еңбек құралдары, үй
жиһаздары, киім атаулары дәстүрлі кәсіпке байланысты терминдер де жоғарыда
аталған микрожүйелер бойынша қарастырылып, ана тілін оқыту мазмұнын
белгілегенде ескерілуі тиіс жағдай болуы керекМанкеева Ж. Қазақ іліндегі
этномәдени атаулардың танымдық негіздері. Алматы, 2008.4-6-бб .

Бастауыш мектеп оқушыларына ана ілін оқыту барасында лингвомәдени
тәрбие беру проблемасында маңызды әрі көлемді орын оның лингвистикалық
негіздеріне беріледі. Н.Ж.Құрманова лингвистикалық негіздердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Пәндер