Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары


Мазмұны
Кіріспе
1тарау: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері
- Бала тілінің даму тарихына шолу
- Сөйлеу әрекетінің психологиялық физиологиялық тілдік сипаттамасы
- Кіші жастағы оқушылардың диалогтың және монологтың сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру мәселелері
1. 4 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін психологиялық факторлар
II тарау. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
2. 1 Бастауыш сыныпта монологтік және диалогтік әдіс-тәсілдері
2. 2 Монологтік және диалогтік сөзге үйретуде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары
2. 3 Бастауыш сынып оқушыларының монологтік диалогтік сөйлеу дағдысын экспериментік тәжірибе жұмыстар нәтижесі
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Бәсекелестік өмір сүрудің басты шарты болып отырған өзгермелі кезеңде жоғары білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да күшейіп отыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде [1] .
Соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып (не жазып) бере алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан, білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше, мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп санайды.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу әрекетін, соның ішінде диалог және монолог арқылы сөйлеуін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бірақ бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын (диалог және монолог арқылы) қалыптастыру әдістемесі бүгінгі күнге дейін әлі толық зерттелген жоқ. Бір жағынан, оқушылардың тілін дамытатын мұғалімдеге арналған ғылыми әдістемелердің жоқтығы өз алдына қиындық туғызады.
Оқушылардың тілін дамытуға байланысты түрлі қазақ, шетел ғалымдары өз пікірлерін білдірген.
Тіл дамытуда қандай тілдік материалдарды пайдалануға болады, яғни бұл мәселеде пікір айтқан ғалымдарды мынадай топқа бөлуге болады:
а) тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілерімен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу (В. А. Малаховский, П. О. Афанасьев т. б. ) ;
б) тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағазда-
рының тілін пайдалану (А. М. Пашковский, А. Б. Шакиров, т. б. ) ;
в) тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу (М. Н. Петерсон, М. А. Рыбникова т. б. ) .
Бұл мәселе жөнінде казақ ғалым-әдіскерлердің пікірлерінде де бірізділік жоқ. Т. Әбдікарімова бастауыш сыныптарда оқушы тілін дамыту мәтінмен жұмыс жүргізу қажет және «Ана тілі» оқулығымен тікелей байланысты жүргізілуі тиіс деп біледі.
Бала тілін дамытудың теориялық негіздері жайында көптеген тұжырымдар мен пікірлер айтқан әдіскер ғалым С. Рахметова тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі: 1) сөздік жұмыстар; 2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлетуге дағдыландыру жұмыстары. Әдіскердің пікірінше, бұл жұмыстар бір-бірімен тығыз байланыстырыла, қатар алып жүруі тиіс.
X. Арғынов тіл дамыту жұмыстарына: әңгіме құрастыру, шығарма, мақала, күнделік жаздыруды жатқызады. Тіл дамыту жұмыстары тіл туралы мәлімет, қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы тақырыптарына байланысты жүргізіледі. Олар мәтін талдау, әр түрлі жазба жұмыстарын орындау, әңгімелесу т. б. түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзіне асырылады», - дейді.
Зерттеудің мақсаты:
- Кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау;
- әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, диалогтік және монологтік
сөйлеуін қалыптастыруға байланысты талдаулар жүргізу;
- а уызекі тілдің оқытудың әдістері мен ғылыми негіздерін, дағдыларын
қалыптастыруды анықтау;
- кіші жастағы оқушылардың қазақ тілі сабағында ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен мәтіндер жүйесін жасау;
- оқушы тілін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу пәні: . Кіші жастағы мектеп оқушысының диалогтік және монологтік сөйлеу дағдысы.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздемесін жасау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, эксперименттік әдістер және математикалық-статистикалық әдістер т. б. қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ тілі сабағында кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог және монолог арқылы қалыптастыру әдістемесі ұсынылды;
- кіші жастағы мектеп оқушысының тілін дамытуда тілдік қатысым әдісі үлкен қызмет атқаратындығы анықталды;
- оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу арқылы ғылыми стильге жаттықтыруға, тіл терминдерімен сөздік қорын байытуға болатындығы және ол жұмыстардың оқушылардың ауызша және жазба тілін дамытуда маңызды екендігі анықталды;
- оқушының сөйлеу әрекетін дамытуда, қалыптастыруда, белсенді әдіс ретіндегі іскерлік ойындардың мүмкіндігі және диалогті оқыту технологиясы, интерактивті әдістерді пайдалану технологиясы, кейс-стади технологияларының маңыздылығы айқындалды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса; оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- кіші жастағы оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін диалог және монолог арқылы қалыптастыруда оқушылардың дағдысын, сөйлеу шеберлігін қалыптастыратындығы; төменгі сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың танымдық әрекетін арттыратындығы; қазақ тілі тіл білімінің барлық саласымен байланысты болғандықтан, тіл дамытуды тіл теориясымен де, практикалық сабақпен де байланысты жүргізетіндігі.
Диссертациялық тақырып бойынша апробациялық жұмыстың нәтижесі.
Педагогикалық эксперименттік тірек ретінде Қызылорда қаласындағы №7 орта мектебі және №3 мектеп-лицейі алынды. Зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Еңбектегі өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектеп мұғалімдері мен әдіскер ғалымдар қолдана алады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы: Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, тұжырымдары, нәтижелері Қызылорда гуманитарлық университетінде болған «Әбілдә Тәжібаев - поэзия алыбы» атты III Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру » атты мақаласы, 2009 жылы 22-23 желтоқсанында Абылай хан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінде өткен «Шет тілі біліміне көзқарас: Әдістер және технология» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын диалог арқылы қалыптастыру» тақырыбындағы мақаласы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми мақалалар» жинағына «Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдысын монолог арқылы қалыптастыру» атты мақаласы жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
Кіріспеде зерттеу нысаны айқындалып, тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы негізделіп, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар айқындалды.
«Кіші жастағы мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері » атты I тараудың
1-бөлімінде сөйлеу әрекетінің психологиялық, физиологиялық және тілдік сипаты қарастырылды.
Қазақ тілі - әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі. Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде XX ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А. Шахнарович, Л. Щерба, Е. Кубрякова, С. Канцельсон, Т. Аяпова т. б. А. Шахнарович, бала тілін жан-жақты зерттеудің қаншалықты маңызды және керек екендігін білдіреді. Л. Щерба: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз - үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», - деген. Т. Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі - баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - дейді [2] . Тіл білімін зерттеуде көптеген мәселені шешу жолын XX ғасырдың өзінде-ақ Ф. Де Соссюр бала тілінен іздестіру керек деп айтқан. Бала тілін ғылыми тұрғыдан зерттеу - адам баласының сөйлеу әрекеттерінің дамуы және қалыптасу ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Кіші жастағы балалардың, ең алдымен, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Себебі, олардың сөйлеу әрекеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қалыптаса бастайды. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипап-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болады. Егер адамның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды.
I тараудың 1-бөлімінде Бала тілінің даму тарихына шолу мәселесі қарастырылған.
1. 1. Бала тілінің даму тарихына шолу.
Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен
кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі.
Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа) . Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А. Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл -асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып біраз, сөздердің мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиеленген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым-қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларда адам кейпіне келт іріп тәрбиелеуде, сөйлеп үйретуі де қиын, кейде мүлдем мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2 айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды. 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде әсіресе жарты жасқа дейін, балаларды бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тоғыз айында былдырықтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге айналады. Екі жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес. Екі жастан соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады. Бір жарым жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, екі-үш сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, 5-6 жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әр түрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың тілінің дамуына 3-4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Төрт жаста баланың тіл байлығы молайып, сөзге байланысты нақтылы сапасы артады. Осы кезде баланың сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аудару қажет, онымен көбірек сөйлесіп қателерін жөңдей маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан шыдамдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлімет алуға ынтасы күшті сұрақты көп қояды. Бір сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады. Дегенмен баланы дөрекі тоқтатып тастамай, сыпайы көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің балалармен қыдырып жүрген кезін, сыртқы ортаның танысуының маңызы зор.
7 жасқа дейінгі балалардың белгілі бір жағдайда, нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды. Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланың жауап беруге үйретуден бастап оның «ішінен» қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнда баланың дұрыс сөйлетіп ойын дәл айтуға үйретуде мұғалімнің, тәрбиенің орны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойыішкі тіл байлығына байланысты. Сондықтан мұғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, дұрыс дамиды.
Баланың жасы ұлғая келе абстрактілі ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz