Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беру мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Дипломдық жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларына оқу –
тәрбие процесінде экологиялық тәрбие
беру мәселелері

Кіріспе
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық
тәрбие берудің теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің
педагогикалық, психологиялық мәні.
1.2. Мектепте экологиялық тәрбие берудің
мазмұны мен міндеттері.

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларына
экологиялық тәрбие беру әдіс – тәсілдері.
2.1. Оқушыларға оқу – тәрбие процесінде экологиялық
тәрбие беруге қойылатын талаптар.
2.2. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы
экологиялық тәрбие беру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі:
Адам баласының өмір сүру ортасы – табиғат әлемі. Сондықтан да ол оның
біртұтастығының сақталуына, тазалығына, үйлесімділігінің болуына және
ондағы биологиялық өзара қарым – қатынасы мен тепе – теңдіктің бұзылмауына
мүдделі. Сондықтан да экология, бір жағдайға қоғамдық, ал екінші жағдайда
аумақтық көлемдегі маңызды мәселе.
Бүгінгі таңда жасөспірімдерге экологиялық білім беру жүйесін жаңаша
құру және оларды өміршең ету республикамыздың білім беру тұжырымдамасында
жан – жақты қарастырылған. [1]

Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның
өнеркәсіпті өндірістің қазіргі тандағы көптеген жарамсыз технологиялармен
қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат
тіршілігінің өзіне қаупі төніп табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті,
ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай
апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі),
БатысҚазақстан, Орталық Қазақстан (Саршаган, Байқоңыр, Балқаш),Оңтүстік
Қазақстан аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе
түрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық
әлеуметтік түрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экология
қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға
арналган қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы, "Экологиялық білім
бағдарламасы", (1999) құжаттарында қарастырылған мәселелер (жаһандық
экологиялық проблемалар, қоғамды экологияландыру, экологиялық білім мен
тәрбие берудің инновациялық тетіктерін мемлекеттің оқу жүйесінің орта білім
беретін мектептерге енгізу т.б.) бойынша қабылданған шешімдер нәтижеге
бағытталған білім мазмүнын жүзеге асыру арқылы экологиялық білім негіздерін
меңгерген мектеп түлегінің тұлғасын қалыптастыру проблемасы тұр.
Жас баланы табиғаттың сұлулығымен сусындандыру, көріністерін таныту,
жас өспірімдердің табиғатпен қарым-қатынасын орнықтыру, дүние танымын
дамытуда қазақ халқының ағартушы галымдары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов еңбектерінің орны ерекше. Соңғы жылдары көптеген философтар,
психологтар, педагогтар саналы экологиялық тәрбие мәселесіне байланысты
күрделі міндеттерді шешуге атсалысуда.
Экологиялық тәрбиенің философиялық негізі ретінде республикамыздың
философ-ғалымдары Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Д.К.Кішібеков, Ж.М.Әбділдин,
Ә.Н.Нысанбаев, А.Қ.Қасабеков, Ү.Е.Сыдықов еңбектерін басшылыққа алдық.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатпен таныстыру мүмкіндіктері мен
экологиялық мәдениетін қалыптастыру заңдылықтары туралы ой-пікірлер
түйіндеген психологтар С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский,
В.В.Давыдов, И.С.Кон түжырымдары зерттеуімізге өзек бола алады.
Қазақстандық белгілі психолог ғалымдар Т.Тәжібаев, М.Мұқанов,
Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданованың зерттеулерінде жалпы мектепке
дейінгі балалардың табиғатты қорғау туралы ұғымының қалыптасуы және
табиғатты қабылдаудағы психологиялық ерекшелігі туралы ішінара ой қозғап,
құнды пікірлер айтылған.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбиенің
теориялық және әдістемелік аспектілері Н.А.Гладков, Я.И.Габеев,
А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина, А.П. Сидельковский, Л.А.Родова,
В.Н.Максимова, М.Н.Фомин, И.Т.Кондакова және тагы басқалардың
зерттеулерінде айқындалып жүйеленгне. Сонымен қатар С.Н.Соломина,
И.Д.Лаптиев, С.Д.Деряво, В.А.Ясвин экологиялық іс-әрекеттің мәні мен
мазмүнын зерттеген.
Қазіргі таңда елімізде мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие мен білім
берудің түрлі мәселелерін ғалым- зерттеушілер Ә.С.Бейсенова, Н.С.Сарыбеков,
Ж.Ж.Жатқанбаев, Ә.Б.Бірмағамбетов, Қ.А.Аймағамбетова, Қ.Ж.Жүнісова,
Л.К.Керімов, Р.М.Қоянбаев, И.Н.Нүғыманов, А.Е.Манкеш, М.Н.Сарыбеков,
А.А.СОТНИКОВ, К.Ж.Сарманова, С.Т.Тілеубергенов, Н.Т.Торманов, Ж.Шілдебаев,
Е.А.Мөмбетқазиев, К.Ж.Сыбанбеков, және тағы басқалар өз зерттеулерін арнап,
экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің теориясы және әдістемесін дамытуға
үлес қосуда.
Бүгінде Қазақстан Республикасы бойынша Мектептерде оқушыларға
экологиялық білім және тәрбие беру концепциясы (1987), Қазақстан
Респубикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы
(1998), сонымен бірге өткізілген ғылыми – педагогикалық конференциялар
Қазақстан Республикасында жас жеткіншектерге және халықты үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздерін
жасауға мол ғылыми деректер жинақталып, экологиялық білім мен тәрбие беру
проблемалары жақсара түсті.
Бүгінде Қазақстан Респубикасында көпшілікке және жас жеткеншіктерге
экологиялық білім мен тәрбие берудің құқылық негіздері жедел түрде
жасалынып, іс жүзінде жүзеге асырылуда. Мысалы, Қазақстан Респубикасының
Жарлығымен қабылданған Қазақстан Респубикасының тұрақты даму
проблемаларына арналған 2030 бағдарламасы (1996), Қазақстан
Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы (1997),
Экологиялық білім бағдарламасы (1999), т.б. заң актілері. Бұлардың ғылыми
– теориялық, практикалық, педагогикалық маңызы орасан зор. [2]
Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін қазақ мектептерінде бастауыш
сынып оқушыларға оқу – тәрбие процесі арқылы экологиялық тәрбие беру
ерекшіліктері мен мүмкіндіктерін айқындап дәлелдеу.
Зерттеудің объектісі:
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде бастауыш сынып оқушыларға оқу
- тәрбие процесі арқылы экологиялық тәрбие беру.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық талғамының дамуындағы
тәрбие мүмкіндіктерін анықтау.
2. Жасөспірімдердің экологиялық тәрбие беру арқылы қазіргі уақыттағы
дайындығын зерттеу.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің тиімді тәсілдері мен
нысандары анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Экологиялық тәрбие мен білім беру балаларға табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын
жасөспірімнің экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру,
адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Зерттеудің әдістері.
Балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға
ретінде экологиялық білімінің дамытуда пайдаланылған мынадай әдістер:
тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды тудыру және қолдау әдісі,
бақылау, табиғатты бейнелеу әдісі.
Диплом жұмысының құрылымы.
Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің теориялық
негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық,
психологиялық мәні.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылар бойында экологиялық білім,
көзқарас, сенім әсірін қалыптасырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған
ортаға парасаттылық, жауапкершілігін қарым – қатынасын жан – жақты
қалыптасырып, дамыту.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке
тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру.
Сондықтан, экологиялық білім беру, оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын
қалыптастырудың негізі болса, әртүрлі формаларда жүргізілетін экологиялық
тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның эмоциялық – сезімдік әлеміне бағытталады,
адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелейді.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын
философиялық-әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған. IX- XV ғғ. ғұламалары Әл-
Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, М.Қашқаридың тіл ғылымы, логика,
психология, география, этика және т.б ғалымдар жайлы жазған еңбектерінің
мәні ерекше. Соның ішінде Әл- Фараби медицина, биология, география
ғылымдарын теориялық- философиялық тұрғыда негізделген.
Табиғат- сұлулықтың өмір бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол
тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына
игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы
ғұлама ғалым К.Ушинскийдің "Табиғат дауыс- дыбысын, үнін ата- аналар да,
қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы
тиіс.Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның
зандылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды " дегеніне
құлақ асатын мерзім әлде қашан жетті. Солай екен, жер тағдыры- ел тағдырын
ойлап, қаласақ та, қаламасақ та ата бабаларымыздың атамекен, туған жер
топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жеткізу тиіспіз.
Экологиялық тәрбиенің бұлбағыттары экологиялық сананың барлық негізгі
аспектілерін қамтиды, ол табиғи ортаға іс-әрекеттік тәжірибеліі
эмоциональдық-сезімдік қарым-қатынасқа сүйенеді. Бұл жеке тұлғаның
экологиялық мәдениетін қалыптастыруда сана мен мінез-құлықтың, сөз бен
істің, сенім мен қылықтың ,арасындағы қауіпті алшақтықтан сақтандырады.
Ал, В.И.Вернадский экологиялық сананы адамның дүниеге, озіне
шығармашылық қарым -қатынасы деп көрсетеді.
Э. В. Гирусов экологиялық сананы "табиғи ортамен қоғамның арақатынасы
проблемаларын нақты әлеуметтік және табиғи мүмкіндіктерге сәйкес оптимальды
шешуді көрсететін козқарастардың, ілімдердің және сезімдердің жиынтығы", —
деп қарастырады.
Экологиялық санаға жақын ұғымдардың бірі — экологиялық ойлау.
Экологиялық ойлау экологиялық құбылыстар мен процестердің негізін танып
білуге, нақты экологиялық жағдайларды талдауға мүмкіндік жасайды.

Қорыта айтқанда, экологиялық сана — нақты әлеуметтік және табиғи
мүмкіндіктерге сәйкес қоғам мен табиғаттың арақатысының проблемаларын
тиімді шешудегі көзқарастардың, теориялар және сезімдердің жиынтығы және
экологиялық мәдениеттің "қоғамдық жады" қызметін атқаратын бір бөлігі деп
тұжырымдалады.

Экологиялық сана Экологиялық сенімді туғызады. Экологаялық сенім
болашақтағы қарым-қатынастың іргетасын құрап, баланың іс-әрекетінен, мінез-
құлқы мен әдет-дағдысынан көрініс табады.
Экологиялық сенімді қалыптастыру үшін теорияның нәтижесін практикалық
іс-әрекетте қолданудың маңызы зор. Оқушы табиғи ортаны қорғаудың нақты
жұмысына қатыса отырып, бұліс-өрекетгің ерекшелігімен танысып ғана
қоймайды, сонымен қатар, нақты мысалдарда экологиялық заң мсн ережелерді
сақтау қажеттігін түсініп сезінеді, түрлі сипаттағы экологиялық маңызды
жағдайлардың нөтижесін ойлайды. Ол тұлғаның эмоционалдық сферасын қозғап,
санасында тсрең із қалдырады. Нәтижесінде оқушыда табиғатты пайдалану
практикасымен байланысты фактілер мен құбылыстарға тұрақты тұлғалық қарым-
қатынасқа дағдыланады, экологиялық принциптер мен ережелерді сақтау,
қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне сенім қалыптасады. Қорыта келгенде,
экологи-ялық сенім теория мен практиканың, білім мен мақсатты бағытталған
іс-әрекеттің арасындағы байланыстырушы буынның қызметін атқарады.
Экологиялық қарым-қатынастар — адам тіршілігінің табиғи жағдайларын
танып білуге, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, реттегіш және
табиғат қорғау қызметтерін атқаратын экологиялық мәдениеттің маңызды
бөлігі. "Адам — қоғам — табиғат" жүйесіндегі қатынастарды ізгілендіру
адамның іс-әрекетінің түрлі сферасын экологиялан-дырмайынша мүмкін емес.
Ф. Я. Полинчак және Г. В. Платонов экологиялық қарым-қатынастарды
..."адам мен табиғат, сонымен қатар, "табиғат—қоғам" жүйесінің оптимальды
жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында " пайда болады деп
есептейді.
Бұдан шығатын қорытынды, адам биосферасыз өмір сүре алмай-ды және
барлық қарым-қатынастардың жүйесі адам мен табиғат арасындағы зат алмасу
процестерін қолдау үшін болады, онда қарым-қатынастардың жиынтығы,
экологиялық қатынастар сияқты бір жағынан, адамды қоршаған табиғатпен
байланыстырса, ал, екінші жағынан, адамдардың бір-бірімен қарым-
қатынастарының қажетті буыны болып табылады. Олай болса, экологиялық
мәдениет экологиялық сана, экологиялық іс-әрекет сияқты элсменттері арқылы
өзінің негізін құрайтын экологиялық қарым-катынастың деңгейін көрсетеді.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және
табиғатқа жақын қарым- қатынаста жүргізілсе ұтымды болады. К.Д. Ушинский
өзінің "Детский мир ", "Родное слово" кітаптарында табиғат және онда
тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі
жөнінде көптеген деректер келтіреді. Үлкен педагогтар балалардың ойлау
қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер
пайдалана білген. [23,24,25]

Халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин – табиғат –сүйіспеншілік пен адамгершілік көзқарастарының
негізі- деп түсініп, жастарға оны аялауға, оның тепе- теңдігін сақтауға
ақыл- кеңес берген.

Жалпы бұл бағытта табиғат әсемдігін түсіну арқылы адамдықтың жаңа
сапаларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Бала табиғатты сұлу және нәзік
түрінде қабылдауы тиіс. Ол үшін экологиялық тәрбие процесінде әсемдік жайлы
жан – жақты білім беріліп, адам баласының шығармашылық мүмкіндігі туралы
сенімдерін қалыптастырса, үлкен маңызға ие болуға тиіс. Дүниежүзілік
тәжіриебелерді саралай келіп, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің оқу жүйесінде
экологиялық білім берудің ғылыми бағдарламасын жасау қажеттігі туындады. Ол
бағдарлама 1999 жылы жасалынды. Жалпы алғанда үздіксіз экологиялық білім
берудегі ғылыми – теориялық және әдістемелік – педагогикалық негіздерін
жасауда ұлы ағартушылардың, соның ішінде қазақ ағартушыларының еңбектері
басшылыққа алынады. Мысалы, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
М.Жұмбаев, Ә.Бөкейханов, С.Сейфуллин еңбектерінде үздіксіз экологиялық
тәрбие және білім беру қағидалары айтылды.
Экологиялық білім берудің қазіргі замандағы тұжырымдамасы – ғылыми
теориялық негіздері. Оларды жүзеге асыру проблемалары мен бағдарламалары
1968 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының және ЮНЕСКО комитетінің үйлесімділігінің
халықаралық симпозиумдары мен конференцияларда жан – жақты талқыланып,
белгілі түрде шешімдер қабылданды. 1992 жылы әлемге әйгілі халықаралық
симпозиум мен конференциялар өткізілді. Мұнда экологиялық білім мен тәрбие
беру проблемаларын қайтадан қарап, бірнеше қосымшалар енгізілді. Оның
негізгі қағидалары үш бағытта жүретінін айқындап берді.
1) Биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экология бойынша ғылыми –
педагогикалық жүйені құру;
2) Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің ғылыми –
педагогикалық әдістемлерін құрып, оларды іске асыру,
экологиялық тәрбие және білім беруді ғылыми – практикалық
жолға қою;
3) Халық арасында экологиялық үгіт – насихат жұмыстарын кең
көлемде жүргізу.
Қазақстан Респубикасының 15.07.1997 ж. Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңының 73 – 74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға
бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бүгінде Қазақстан Респубикасында көпшілікке және жас жеткеншіктерге
экологиялық білім мен тәрбие берудің құқылық негіздері жедел түрде
жасалынып іс жүзінде жүзеге асырылды. Мысалы, Қазақстан Респубикасының
Жарлығымен қабылданған Қазақстан Респубикасының стратегиялық тұрақты даму
проблемаларына арналған 2030 бағдарламасы (1996), Қазақстан
Респубикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы (1997),
Экологиялық білім бағдарламасы (1999). Бұлардың теориялық, практикалық –
педагогикалық маңызы орасан зор.
Мектепте экология пәнін оқыту – экологиялық мәселелердің мәнін
түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына
талдау жасауға үйретеді. Оқушылар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс
бар екендігін түсініп, адамның табиғатты орында пайдалану мәселесімен
біртіндеп танысады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру – Табиғат – адам - қоғам
жүйесіндегі қарым қатынасты оқушылардың игеруін қамтамасыз етуді көздейді.
Соған орай экология сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың
экологиялық санасын көтеру, ақыл – ой дамыту, теориялық білім беру іс
жүзінде қолдана білуге үйрету.
Экологиялық білім беру - өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер, құстар,
егістіктер, баулар, бір – бірінің тіршілік етуіне жағдай жасап, табиғи тепе
– теңдікті сақтайтыны туралы теориялық білім беру. Оқу – тәжіриебелік
жұмыстарында оқушылар өндірістік орындарға, аң шаруашылығы, орман, мал
шаруашылығы, су қоймаларына, астық дайындау элеваторына, жылу, энергетика
орындарына барып, олармен іс жүзінде танысу, қоғамдық пайдалы шараларға
қатысады.
Оқушылар әртүрлі пәндерді оқу нәтижесінде экологиялық білімдерін
байытады. Ол үшін экологиялық тәрбиені табиғат пен қоғамның өзара
әрекеттесуін оқушылардың игеруі мен байланысты жалпы білімін элементі
(бөлшегі) ретінде қарау қажет. Соған байланысты орта мектепте білім беру
жүйесінде экологияның түрлі мәселелерін пән аралық байланыс негізінде қарау
тиімді болмақ.
Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс - әрекеті оқу
болғандықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады,
баланың қоршаған орта мен қарым – қатынасы жаңаша қалыптасады.
Егер осы жастағылырдың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға
келгеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі
қызметке айнылып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай
баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының
себебі: ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.
Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас
жасап, осының нәтижесіне өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман –
жақсыны ажырата бастайды. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына
бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек.
Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақта әртүрлі. Мысалы,
экология пәнінен сабақты ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған
ықыласы болуы шарт. Оқу әрекеті ойынға қарағанда қиын болғандықтан
балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Сондықтан оқуға
деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, сонымен нәтиже
шыққанда мадақтау керек.
Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі таным процестері (қабылау, зейін,
ес, қиял, ойлау) мектепке келгеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды.
Мәселен, 1 сыныптың оқушылардың нақты затқа не солардың көшірмесінде
(табиғат суретіне негізделе отырып, тапсырманы орындайды).
Қарастырып отырған кезеңнің ерік – қайраты недәуір қалыптасып қалса
да, кейде өзін - өзі меңгере алмай тәртіпсіздікке баруы мүмкін.
Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы
бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі
жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтармен әлем назарына ілігіп
отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез – келген азаматы экологиялық жоғары сауытты
болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдар мен
тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық ғылымдармен ғылыми негізі қазіргі таңда
жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде
экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастап өте қажет. Себебі
бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен қатар осы
экологиялық оқу – тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген
сүйіспеншіліктерін білімдерін қатар қалыптасыра алады. Оған психологиялық
жағынан толық мүмкіндіктері бар.
Каменский Я.А. атап көрсеткендей Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам
– табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо көзқарасы бойынша өзінің педагогикалық
еңбектерінде Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың
ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды.
Ал, психологтар Л.С. Выгожский, С.А. Рубейтин, И.С. Кан, Н.М.
Кудрявенва, Қ.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым – қатынаста психологиялық
жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің негізі, жас ұрпақ үшін
маңыздылығы, табиғат сұлулығына қатысты эстетикалық қатынас, экологиялық
аспектідегі адамгершілік қатынас қалыптасады. Осы тұрғыда белгілі ғылым –
эколог И.Д.Зверев Педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу
пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып, істелген жұмыстар
қажет дейді. Сондай – ақ, ол пәндерді экологияландыру басты мәселе деп
қарайды. Ол экологиялық мақсаты ғылыми білім жүйелерінің көзқарастары мен
икемді моральды нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның хал – жағдайына
азаматтық белсенді қатынасуды қамтамасыз ету болып табылады дей отырып,
экологиялық білім беру мен тәрбие оқушының табиғат сұлулығына ықластығының
табиғатты эстетикалық түсіну; осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік,
азаматтық борышты ұғымы сияқты дамытушылықты қалыптастырады деп атап
көрсетеді.
Бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүние танымының,
болашақ білімдарлығының түп – тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық
тәрбие мен білімді сол қабылдауы мен құштарлығы басым кезде үйрету абзал.
Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез келгені экологиялық
сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен дүние
танымы кең болып тәрбиеленеді.

1.2 Мектепте экологиялық тәрбие берудің мазмұны мен міндеттері.

Қазіргі кезеңдегі оқушылар тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі – бұл
экологиялық білім мен тәрбие.
Әлемдегі экологиялық деректерді, ғылыми мағұлматтарды білім және
тәрбие процесінде пайдалануын мұғалімінің терең білімділігіне, шеберлігіне,
жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Осыған орай, ең басты міндеттердің бірі
– табиғатты қорғау мәселері мен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және
практикалық білім мен қаруландыру.
Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері – бастауыш сынып
оқушыларында – табиғаттану, сурет. Бағдарламаларындағы оқу материалдарын
дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық
жұмыстарды тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдаландыру керек.
Оқушыларды экологиялық білім негіздерімен қаруландыру үшін осы пәндер
бойынша мектеп өзінің мүмкіншілігін еске алып, экология бағдарламасын
жасайды.
Мысалы, табиғаттану пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану;
орман – тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен сақтау; өзен,
көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу; ауаның тазалығын сақтау; өндіріс
орындарын, топырақ, ауа жағдайдайларын есепке алып, тұрғын жерлерді дұрыс
орналастыруды қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін кейбір теориялық және
практикалық мәні бар экологиялық мәліметтерді бағдарламаға кіргізу қажет.
Оқушылар олармен практикалық жұмыстар, саяхаттар арқылы танысады.
Енді экологиялық тәрбие – жұмыстарының бірнеше түрлерін қарастырайық:
1. Ауыл мектептерінің оқу – тәжірибе үлесіндегі бағалы ағаштар
тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық
жерлерді көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашығына үнемі көмек
көрсетіп отырады. Өйткені олар мектеп орманшылығының мүшесі.
Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да
белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарының
түрлері:
• көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен,
ұрылардан қорғау, орман - тоғайдағы зиянды жәндіктермен күресу;
• дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ, т.б. жемістерді
жинау;
• пайдалы хайуандары қорғау және олардың есебін алып отыру;
• фенологиялық бақылау жүргізу.
Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепке жаппай шаралар
ұйымдастырылады. Олар: әңгімелер, кештер, көрмелер, оқушылардың
шығармалары, табиғат қорғау тақырыптарына арналған плакаттар, т.б.
Осылардың бәрі оқушылардың экологиялық мәдениеті саналы, жете түсуіне,
табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті
құралдардың бірі.
Егер экологиялық құлық еңбек іс - әрекеттін ұштастырып, тікелей табиғи
байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән
келтіруге болмайды.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
1. Өмірде және нақты еңбек іс - әрекетінде экологиялық білімді қолдана
білу, іскерлікке төселу.
2. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай
қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
3. Әрбір мектепке экологиялық білім және тәрбие қоғамын ұйымдастыру.
Қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын
қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің
әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына
айналдыру.
4. Қоғам мүшелері мектептегі оқушылар ұйымы мен ынтымақтасып,
тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар
ұйымдастырады.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс
- әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді.
Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие мазмұны
әртүрлі сыныптар және пәндер бойынша, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік
еңбек арқылы іске асырылады.
Бастауыш сынып оқушыларды оқу бағдарламасының; табиғат байлығының ауыл
шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады.
Олар үй – мүліктерін, киім – кешек, тағам және т.б. жасайтын табиғат
заттарын қалай пайдаланумен танысады.
Бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы оқушыларды төмендігі іске дағдыны
қалыптастыруға бағытталған: өсімдіктерді даму кезеңіне фенологиялық бақылау
жүргізу; мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту; тұрмысты
электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану.
Адам баласының өмір сүру ортасы табиғат әлемі. Сондықтан да ол оның
бір тұтастығының сақталуына, тазалығына, үйлесімділінің болуына және ондағы
билогиялық өзара қарым – қатынасы мен тепе – теңдіктің бұзылмауына мүдделі.
Сонымен бірге адам баласы өзінің қайта жаңғарту белсенді әрекетімен қатар,
ондағы табиғи процеске араласады, оларды бұзады. Табиғат байлығын өз
қажеттіліне пайдаланады. Егер де оның бұл әрекеті қадағалаусыз болып, ол
экологиялық заңдылықты ескермесе, онда адам баласының өміріне қатер төніп,
табиғаттағы биологиялық тепе – теңдік орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін.
Сондықтан да экология бір жағдайда қоғамдық, ал екінші жағдайда аумақтық
маңызды мәселе. Ол үшін жекелеген әрбір ел өзінің аумағындағы қоршаған
ортаны сақтауға аса жауапкершілікпен көңіл бөлуге міндетті: ауаның таза
болуын қадағалау, орман, тоғайды құртып, жойып жібермеуді болдырмау, сол
үшін де күресу, өзен, көлдердің ластанбауын, жер қыртысын сақтап, оны
орынды пайдалануға ықпал ету және т.б.
Экология ұғымын тұңғыш рет 1866 жылы неміс биологы Э.Геккель
қолданды. Бұл ұғым гректің ойкос (үй немесе тұрғын үй) (жилище) және
логос (ой, мысыль), яғни, тұрғын үйді ойлау деген ұғымнан пайда болса
керек.
Қазіргі кезде экология ұғымына анықтама да:
Экология – организмдердің бір – бірімен және қоршаған ортамен өзара
қарым – қатынасын зерттейтін ілім.
Экология – жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердің өзара және
қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін биологияның құрамдас бөлігі.
Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасы мен ара қатынасын
зерттейтін биологиялық ғылым ретінде қарастырады.
Экология саласында қолданылған өзекті мәселелерді шешу, ең алдымен
адаммен оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді.
Экологиялық салаға экологиялық білім жатады: фактілер, деректер, жануарлар
әлемі мен өсімдіктер дүниесі және олардың өмір сүру ортасы жолында, жалпы
қоршаған ортада болып жатқан құбылыстардың өзара қарым – қатынастының
қорытындысы мен талдауы. Эстетикалық сезім және экологиялық жауапкершілінің
құрамдас бөлігі болып табылады. Олар адам баласын табиғатты сақтауда қырағы
болуға түрткі болады, табиғи сулар, жер қойнауын, атмосфера және орман,
тоғайларды өндіріске пайдалануда келеңсіз оқиғаларға тап келуін,
болдырмауды алдын ала ескертеді.
Жалпы орта бiлiм беретiн және кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелерде
беру Заңының негiзгi бағытына сәйкес 1993 жылы оку жылынан бастап пәндердi
экологияландыру мәселесi бiртiндеп iске асырылып, беретiн жалпы орта жене
кәсіптік бiлiм беретiн мектептер жүйесi бойынша экологиялық бiлiм мен
тәрбие беру белгiленiп отыр. Осыған ұсынылып отырған бағдарламаның мазмұны
экологиялық сипаттама, қоршаған ортаға қарым-қатынас мәселесiне негiзделе
жасалынуда. Бұл мiндетi шешудегi маңызды iстiң бiрi экологиялық, тәрбиенi
қоршаған ортаға деген жанашырлық сезiмдерiн қалыптастыруда мектептегi жеке
пәндердiң орны ерекше. Осыған байланысты, бiздерге бастауыш сынып
окушыларына экологиялық білім және тербие берудiң мазмұнын құру қажет.
Оқушыларға экологиялык, бiлiм мен тербие беру проблемасында казiргi
педагогика ғылымының теориясы мен практикасында үш модель қальштасқан.
Бiрiншiсi – көп пәндi модель, мұнда дәстүрлi пәннiң мазмұнына бөлiм,
тақырыптар және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық
мәлiметтермен байытылады.
Екiншiсi - бiр пәндi модель, орта мектепте оқу жоспарына арнайы
экология нормасын енгiзу арқылы жүзеге асырылады.
Үшiншiсi - аралас модель, мұнда экологиялык, бiлiмнiң жеке мәселелерi
дәстүрлi пәндерде қарастырылады. Содан соң, олардың басын бiрiктiрiп,
қорытындылап арнайы пән оқылады. Қазiр екiншi модель теориялық жағынан жете
негiзделген. Сондықтан, ол мектеп практикасында жиi қолданылуда. Бiз, оз
зерттеуiмiзде бiр пәндi моделдi негiзге аламыз (1-сурет). Бұл модель
оқушыларға ана тiлi пәнi негiзiнде табиғат байлыктарын укытты пайдалануға
байланысты бiлiмдердi, практикалык iскерлiк пен дағдыларды меңгерту табиги
ортаға зиян тигiзбейтiн мiнез-құлық нормалары мен адамгершiлiк сапаларын
қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Оның iшiнде, ана тiлi пәнi экологиялық
бiлiм мен тәрбие берудiң алғашқы сатысы болып табылады.

Экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң моделi

Экологиялық бiлiм мен
тәрбие

Ана тiлi

1. Аралас сабақ
2. Түсiндiрiп оқыту сабағы
3. Жаңа материалдарды енгiзу сабағы
4. Бақылау сабағы
5. Бiлiмдi, дағдыны, шеберлiктi жетiлдiру сабағы

Экологиялық бiлiмiн, iскерлiк жене дағдыларын,
адамгершiлiк сапаларын қалыптастыру

1 –сурет
Ана тiлi пәнiнiң бағдарлама бойынша берiлген әрбiр тарауындағы
табиғатқа байланысты тақырыптардың оқушыларға экологиялық тәрбие беруге
мүмкiндiгi бар. Әрбiр такырыптың маңызы, осы экологиялық тәрбие беру
мәселесiне әкелiп соғады. Мысалы: З сыньштың ана тiлi оқулығындағы “Бiлiм
таусылмайтын кен”, Бiз мектепке оралдық” тарауларындағы тақырыптарда арнайы
экологиялық бiлiм берудiң бағыт-бағдары айқындалмаған. Бiрақ та мұгалiмнiң
езi, казiргi елiмiздегi экологиялык мәселелер, өз өлкесiнiң экологиялық
жағдайы туралы газет, журнал, радио, теледидар хабарларын пайдаланып,
түсіндіріп өтуге мүмкiндiгi бар.
Табиғатқа деген экологиялық қатынас З сыныптың ана тiлiнде Мағзом
Сүндетовтың “Қайырымдылық” әңгiмесiнде Бердiбек Соқпақбаевтың “Балапан
торгай”, Спандияр Көбеевтiң “Құстың ұясы”, Сәкен Сейфуллиннiң “Ақсақ киiк”,
4 сыныптың ана тiлi оқулығында, Бердiбек Соқпақбаевтыц “Ағаштар неге
ашуланды?”, Сансызбай Саргаскаевтьщ “Шыбық” әңгiмесiнде, “Ғажайып бак” атты
ертегiде, Жүсiпбек Аймауытовтың “Торғай” т.б. әңгiмелерiнде ашылса, қазiр
бұл тақырыптар адам мен табиғаттың қатынасын адамгершiлiк - этикалық
турғыдан ашатын үлкен арнаға айнальш отыр.
Экологиялық тербие беруде оқушылардың табиғатқа эмоциялық қатынасын
қалыптастыра бiлудiң үлкен мәнi бар. Эмоция психологияда адамның жан-
дүниесiн қозғаушы жерге лайықты жауап ретiнде қарастырылады. Табиғат
тағдырына ортақтаса бiлу қасиетiн ескермей, ок,ушылардыц экологиялық
санасын қалыптастыру мүмкiн смес. Өйткенi, заңдылықтар ұғынумен де, есте
сақтаумен де меңгерiлмейдi”. Табиғатқа жасалған қиянатты ақылмен түсiну
жеткiлiксiз, оған кiрiспе отырып, қасiретiн оның кезiмен бiрiге отырып
кешiру, бөлiсу керек.
Оқушыларға тәрбие мақсатын жүзеге асыруға байланысты творчестволы жұмыс
түрлсрi - табиғат көрiнiстерiне, суреттеме, шығарма, өлең, әңгiме т.б.
жаздыру. Мұндай жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершiлiк дағдыларын
қалыптастырады.
Көркем шығармаларды талдап оқу арқылы оқушылар бiздiң айналадағы
көрiктi бау-бақшалар, шексiз орман, жайқалған егiн берi адам еңбегiнiң
құдыретi, төгiлген тердiң нәтижесi екендiгiн түсiндiредi. Гүлдi аялап
баптамаса, орманды қорғамаса, барлығының көрiнiсi мен көркi баскаша
болатынын ұғындырады.
Аға ұрпақтың еңбегiмен жасалатын табиғи мұраларды қорғауға тәрбиелеп
қоймай, оларға бұл игi iстi жалғастырушы екендiктерi ұғындырылып, оған үлес
қосу әрбiр адамның азаматтық қасиетi екендiгiн сендiрiледi. Туған жердi
көркейтуге әрбiр жас неғұрлым ерте араласса, еңбегi сiңсе, ол соғұрлым
қымбат бола түседi. Табиғи қорларды молайтуға араласып, оның сырын жан
дуниесiмен сезiнген оқушы кез келген шыбықты сындырмайды, құстарды
зәбiрлемейдi, барлық игiлiктi еңбекпен келетiнiн бiледi.
Ана тiлдiң өзiне тен пәндiк касиетi мен тәрбиелiк жағы басты ерекшелiгi
- окушылардыц эмоциялық сезiмiн тудыра отырып, болмысты, коршаган дуниенi
адамгсршiлiк - эстетикалық тұрғыдан танытуы. Сондъiктан, балаларга
экологиялык тербие беруде ана тлi пенi олардыц табигат коргау, с)ган
сүйiспеншiлiгiн, жауапкершiлiк, iзгiлiк катынасын калыптастырудагы ец басты
жетекшi саласының бiрi болып табылады. Ана тiлдiң мәнi ғана адамның жан
сезiмiн байытады. Оның мәнiн түсiнген, сезiнген ұрпақ оның адамгершiлiк
эстетикалық мазмұнымен сусындап, оның ана сүтiне қанығады, тойынады, сөйтiп
ғасырлар бойы калыптасъiп, дамып, сұрыпталып келген сұлулық сезiмi
тежiрибесiн меңгерiп, ана тiлдi танып бiлуге әркашан дайын болады. Сол
арқылы өзiнiң өмiрге, адамзатқа, табиғат экологиялық қатынасын құруға
қабiлетi артады.
Ана тiлi - бастауыш мектептегi негiзгi маңызды пән, имандылылыққа
адамгершiлiкке торбиелеудiң негiзi, қарым-қатынас жасау мсп қоршаған ортаны
танудың құралы, баланың интеллектуалдық таным деңгейiмен шығармашылығын
дамытудың арнасы.
Оқулықтар мен бағдарламаларда талдау жасай отырып, қоршаған орта мсп
адамның қарым-қатынасы туралы, табиғаттың бiртұтастығы туралы балалардың
табиги ортада өзiн-өзi ұстай бiлу ережелерiн қамтитын материалдардың
алынғанын байқауға болады.
1996 жылы “Мектеп” баспасынан шыққан З сыныптың ана тiлi оқулығы 75 15
тарау, яғни тақырыптардан тұрады. Осы оқулық iшiнде экологиялык тәрбие беру
мүмкiншiлiгi бар деген тақырыптарды iрiктеп алдық.
“Табиғат менiң өз үйiм” тарауындағы 4 тақырып қана, яғни Мағзом
Сүндетованың “қайырымдылық” әңгiмесi, Сәкен Сейфуллиннiң “Ақсақ киiк”
өлеңi, Бердiбек Соқпақбаевтың “Балапан торғай” әңгiмесi, Спандияр Көпеевтiц
ұясы” әңгiмесi, осы тақырыптар арқылы табиғатты корғауға экологиялык тәрбие
беруге болады. Сонымен қатар, оқулык iшiнен төмендегiдей тақырьштарды, жыл
мезгiлдерi, сол кездегi табиғатта болатын өзгерiстср, жануарлар дүниесi: үй
жануарлары оларды күтiп баптау, дала жануарлары олардыц тiршiлiгi,
адамдарға пайдасы, өсiмдiктер дүнисi жөнiнде жене Отан, туған жер туралы
өлең, әңгiмелердi iрiктеп алдык,. Бұл тақырыптар табиғатты сүйе бiлуге,
қорғауға оқушылардың табигатқа деген эстстикалық, адамгершiлiк сезiмдерiн
тәрбиелеуге болады деген мумкiншiлiктер бар.
“Күз бейнесi” тарауында Елемес Садықовтың “Орман суреттерi” әңгiмесi,
Абай Құнанбаевтың “Күз” өлеңi, Асқар Тоқтамағамбетовтың “Бидай мен каңбақ”
мысалы, Әбдiбай Табылдиевтiң “Байлық бастауы” әңгiмесi, И.Базиденнiң “Жемiс
бағында” әңгiмесi, И.Крыловтың “Шегіртке мен құмырсқа” мысалы, Әзiлхан
Нұршайықовтың “Жалғыз дән” әңгiмесi, “Егiнші мен қасқыр” атты ертегiсi мен
өлендер, мысалдар, жалпы табиғат, қоршаған орта, жыл мезгiлдерi оның
ерекшелiктерi жөнiнде болғанымен, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие беру
мәселесi көп қарастырылмаған.
Мұғалiм осы тақырыптарды өткiзу кезiнде, материалға сай келетiндей
етiп, табигат байлықтарын ұқыпты пайдалану керектiгiн, өйткенi, ол бiздiң
кундслiктi өмiрде және болашақта жиi пайдаланатын заттардың бiрi екенiн
тусiндiрiп, балаларга экологиялық тәрбие беру жағын қарастыруға болады.
Осы тараудағы “Орман суреттерi” атты әңгiмеде күзгi орман көрiнiсiнiң
әдемiлiгi мен сұлулыгы, ормандағы андардың: тиiннiң, қоянның мiнез-құлығы,
оның қысқа қалай дайындалатындығы жөнiнде түсiнiк берiп, балаларға орманның
қандай пайдасы бар екенiн, орманда есетiн ағаштардың күндслiктi адам
өмiрiне қажеттi тұрмыстық заттар: жиҺаздар, кiтап, кағаз жасайтындығын
түсiндiрiп және орманның ауадағы лас көмiрқышқыл газын өзiне сiңiрiп, таза
оттегi бөлетiндiгiн және ормансыз аңдардың, аңдарсыз орманның өмiр сүруi
қиын екендiгiн бала санасына жеткiзiп, осы табиғат байлықтарын қорғау
керектiгi түсiндiрiледi.
“Жақсыдан үйрен” тарауында әңгiмесi, айтысы” атты ертегiде, “Отан -
өлкең, астанаң” тарауында “Отан” деген ұғымга жоғарыда аталған қасиеттi
атаулармен бiрге оның табиғаты да кiредi.
Экологиялық тәрбиснiң өзегi - Отанға деген сүйiспеншiлiк. Отан, ол, тек
калалар мен ауылдар ғана емес, бау-бақшалар мен ормандар, шалғындар мен
жайылымдар, ауадағы кұс, судағы балық, жер бетiндегi жануарлар дүниесi.
Сондықтан Отан мен оның табигатына сүйiспеншiлiк тұтас бiр ұғым ретiндс
танылады.
Ана тiлi сабағында Отанның, табиғаттың тек сұлулығымсн бейнелетiн,
әңгiмелердi ғана талдап оқушыларға оның жақсы жақтарын ғана таныту болса,
тәрбие iсi бiр жақты болып қалар едi. Керiсiнше адам iс-әрекетiнiң
табиғатқа жасаған қиянаты туралы әңгiмелсрдi, өлеңдердi талдап оқу
барысында, тек адамдардың табиғатқа саналы қатынасы ғана оны гүлдендiре
түсетiнiн үнемi уғындырылып отыруы тиiс.
М.Пришвиннің айтканда: “Балыққа - су, құсқа - ауа, жануарға - орман,
дала, тау керек”. Ал, адамға - Отан керек. Табиғатты корғау - Отанды
қорғау” деген сөз 74. “Отан - табиғат, табиғат - Отан” деген ұғымды
Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” атты өлеңi, Бүркiт Ысқақвтың “Сенiң
Отаның” атты өлеңi толықтыра түседi. “Үш бақытым” өлеңiнде ақын:
Ең бiрiншi бақытым халқым менiң,
Соған берем ойымның алтын кенiн,
Ал екіншi бақытым - тілім менiң,
Жас жүректi тiлiммен тiлiмдедiм.
Бақытым бар үшіншi - Отан деген,
Кiм мықты? - десе бiреу, Отан дер ем
75,- деп жырлайды
Ал, “Сенiң Отаның” деген леңiнде акын:
Көп аузынан түспейтiн,
Отан деген немене?
Оның түрін, түс, кейіпiн,
Достым, бiлгiң келе ме?
Отан сенің ата-анаң,
Отан - досың бауырьщ,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауыльң 75.
Осындай өлеңдердi оқыту кезiнде Отан дегенiмiз табиғат екенiн, Отанға
деген сүйiспеншiлiк табиғатқа деген сүйiспеншiлiк екенiн бала санасына
сiңiруге болады.
Атақты жазушы Л.Леонов: “Бiзде Отанды сүюге тәрбиелуде атүстi дерексiз
ұғымдар арқылы көтерңкi даурықпа сөздердi көп айтады. Оның орнына балаларға
бiздiң табиғатымыз Отанымыз екенiн түсiндiре отырып, оларды табигатгы
коргауга баулыса, бұл балалардың Отан суйгiштiк сезiмiн калыптастыратын
практикалық патриотизм едi”, - дейдi 76.
“Еңбекпен ел көгередi” атты тарауында Өтебай Тұрманжановтың “Малсақ
бала” атты өлеңi, жалпы үй жануарлар, оларды күтiп баптау жөнiнде, ал
“Канағат қарын тойғызар” ертегiсiнде, балаларды қанағатшылдыққа, табиғат
байлықтарын ысырапшылдықпен қалай болса солай пайдаланбауға, үнемділiкке
тәрбиелейдi.
“Басқан жер сықырлап келiп қалды” тарауында Абай Құнанбаевтың өлеңi”,
Сафуан Шаймерденовтың әңгiмесi, Сәкен Сейфуллинның “Қыс” өлеңi, Мұхтар
Әуезовтың әңгiмесi, астындағы ұялар” (атты әңгiмесi) атты әңгiмеде, Мұқан
Иманжановтың “Қысқы кеш” әңгiмесi, Мiржақып Дулатовтың кысты қалай
өткiзедi?” әңгiмесi, Өтепберген Ақыпбековтың “Аязда” өлеңi, Мағжан
Жұмабаевтың балапан қанат қақты” әңгiмесi және осы тарауға лайықтап, жыл
мезгiлi табигат кубылыстары жөнiнде мақал-мәтел жумбактар берiлген.
Бұл такырьштарда айнала коршаган орта, елi және тiрi табиғат құбылыстары,
кыс, боран, қар, аяз жөнiнде, жылдың осы мезгiлдерi жене дала жыртқышы
қасқырдың қалай өмiр суретiндiгi жайлы мәселелер сез болган. Бұл тақырыптар
арқылы балаларды табиғат құбылыстарымен олардың ерекшелiктерiмен
таныстыруға, таным түсiнiктерiн молайтуга кебiрек көңіл бөлiнген және
сонымен қатар экологиялық тәрбие беруге де мүмкiншiлiк бар.
“Масатыдай құлпырған жердiң жүзi” тарауында Абай Құнанбаевтьң өлеңi,
Iлияс Жансүгiровтың “Жазғытұрым” өлеңi, “Кектем сенi” апы ецгiме (ел
аузынан), Сәкен Сейфуллиннiң “Орман” әңгiмесi, Әбдiбай Табылдиевтiң “Бұлт”
өлеңi, Бейiмбет Майлиннiң “Жаңбыр” олеңi, Бедел Тұрсынбавтың “Көжек
әңгiмесi, Медхат Төрежановтың “Бұлбұл” әңгiмесi, Мiржақып Дулатовтың “Қош
келдi, Наурыз” әңгiмесi берiлген. Бұл аталған тақырыптар жыл мезгiлi, соның
iшiнде көктем туралы, оның қызығы, көктемдегi табиғаттағы өзгерiстср,
табиғаттың құлпырып гүлденуi, ормандагы ағаштар, табиғат құбылыстары,
бұлардың, жаңбырдың пайдасы, наурыз мерекесi, жануарлар туралы мағлұматтар
камтылып балалардың дүниетанымын кецейтiп, айнала қоршаған әсем
табиғаттың сұлулығына сүйсiндiрiп, балалардыц эстетикалық сезiмiн дамытып,
сұлулықты, көркемдiктi, әдемiлiктi түсiнiп, оны бағалай бiлуге, қорғай
бiлуге тәрбиелейтiн шығармалар.
“Табиғат - менiң өз үйiм” тарауындагы берiлген материалдар мысалы:
Ыбырай Алтынсариннiң “Өзен” өлеңi балаларды табиғаттағы сұлулықты сезiне
бiлуге, коргай бiлуге торбиелесе, М.Сүндетовтың әңгiмесi, Қайырымдылық
мейiрiмсiз, балалардың күшiктi қорлауы, Мұхтар деген баланың күшiктi
құтқарғаны әңгiмеленiп балалардың адамгершiлiкке, кайырымдылыка, табиғатты
қорғай бiлугс тербиелейдi.
С.Мұқановтың “Көкшенiң көрiнiсi” әңгiмесi мен Иса Байзақовтың “Алтай
аясында” өлендерiнде ақын-жазушыларымыз Кекше мен Алтайдың әсемдiгiн,
сұлулығын, ақ ұлпа бұлт көмкерген ұшар басын шеберлiкпен суреттеген.
Сәкен Сейфуллиннiң “Ақсақ киiк” өлеңi тiкелей табиғат қорғауға арналған
шығарма. Ол арқылы оқушыларды табиғат байлығын соның iшiнде сахараның сұлу
аңы, киiктi аткан мергенге жиiркендiрiп, олардың жанашырлық, аяушылык
сезiмiн, экологиялық санасын қалыптастырады. Оқулықтағы қысқартыла отырып
iрiктелiп алынған өлең мәтiнi киiктiң шөл дала сенi, тұлға бойы тұрған
сұлулық екенi және осы сұлулыққа оқ атқан мейiрiмсiз аңшыға деген ақын
лағынетi суреттеледi.
Тарауда тақырыбы ортақ туындылардың үлкен тобы оқушыларды құстарға
қамкорлық жасап, оларды қорғай бiлуге бағыттайтын әңгiме, өлендер құстьң
ұясы, Балапан торғай, Көгершiн т.б..
Б.Сокпақбаевтың “Балапан торғай” әңгiмесiнде Жантас пен Кожаның торғай
балапандарына деген екi түрлi қатынасын ашу арқылы жанашырлық, аяушылық
сезiмерiн тереңдете түсудiң мүмкiндiгi мол. “Құстың ұясы” әңгiмесiн алдын-
ала дайындалган оқушылар күшiмен көрiнiстер көрсетiп, драмалық сабақ етiп
өткiзуге болады. құстың ұясын алдын-ала дайындап, ағаштың басына iлiп
қоямыз iшiнен балапандары көрiнiп тұрады. Екi бала ағаштың жанында ойнап
жүрiп, құстың ұясынан балапанды керiп, оны алып үйiне екелiп екесiне
көрсетедi. Сонда әкесi: Бұл балапанды ұядан неге алдыц? Шешесiз балапандар
тұра алмайды. Олардың шешесi кайгырады, далада елiп қалады ғой”, - дейдi
83. әкесi болып бiр оқушы ойнайды. Балапан ұясына қайтадан апарылады.
Осылайша басталып көз алдарында көрiнiстерiнде өткiзiлген сабақ оқушы
есiнде ұзақ сақталады.
Мұндай тақырыптардың тәлiмдiк әсерi мен менiң экологиялық тәрбие беру
мақсатында пайдалануда оқушыларға құстардың шаруашылыққа пайдалы екенiн
ұғындырумен бiрге олардың табиғат сұлулығының бөлiнбес бiр белiгi екенiн
әрдайым түсiндiрген дұрыс.
Мұғалiм “Балапан торғай” әңгiмесiн оқушыларға оқып, мазмұнын
түсiндiредi. Кейiпкердiң балапанға қатынасын даралау үшiн мынадай сұрақтар
қойып, оқушылардан жауап алады.
- Жантас қандай бала?
- Жантас жаман бала.
- Неге жаман?
- Ол торғайдың балапанын азаптады.
Осы сәтте торғайдың Жантастан көрген азабына байланысты оқушылар
бойында эмоция тудыра отырып жанашырлық, аяушылык сезiмiн қальштастырудың
маңызы ерекше. Ол үшiн торғайдың тартқан азабын бейнелейтiн мәтiндегi мына
үзiндiлердi оқып бердi.
“Жантас екiншi рет атып үлгергенше балапан торғай жанталаса ұша жөнелдi. Ол
алыс шырқап ұша алмайтын едi... Бiр шоқ талға талып, әрең жетiп қонды,
жүрегi кеудесiне сыймай дүрс-дүрс соқты, Жантас ентелеп тағы жетті және
агггы. Балапан торғайдың қыр соңынан қалмады, ауылды шыр айналдырып куа
бердi. Өкпесi ешiп әлсiреген балапанның ендi көтерiлiп ұшуға халi қалмады.
Әлсiз аяқтары сырғанақтап сүрiне құлап: - ден жалынгандай шыр-шыр етедi.
Бiрак безбуйрек Жантас оған құлақ аспады, атқылай бердi. Дәл топшасына доп
тиген тас балапан торғайды домалатып түсiрдi 83.
Мұғалiм болған оқиғаға сай дауысты өзгерте отырып, мәнерлеп оқылған мұндай
үзiндiнi тыңдап отырған оқушылардьң балапанға жанашырлық сезiмдерi оянып,
оның көрген қасiретiне ортақтасты.
Мұғалiм: Балапанды кiм қорғап қалды?
Оқушы жауабы: Балапанды Кожа қорғап калды.
Мұғалiм: Қожа қандай бала?
Оқушы жауабы: Қожа жақсы бала, балапанды Жантастан арашалап алды.
Мұғалiм: Қожа балапанға не iстедi?
Оқушы жауабы: Ол жаралы балапанды үйiне әкелдi, жем бердi, уй жасап iлдi.
Мұғалiм оқушылардың жауабын толықтырып сабақты қорытындылайды.
Шынында да, Қожа мейiрiмдi, қайырымды бала. Ал Жантас керiсiнше мейiрiмсiз,
қайырымсыз бала. Қожа Жантастан азап шеккен жазықсыз кiшкене балапанды
арашалап алды. Бәрiмiз де Қожа сияқты әлсiздерге қамқор болып, балапанды
қорғай бiлсек, болар едi. Олар, бiздiң қанатгы достарымыз екенiн ұмытпайық.
Осылайша мұғалiм құстарға деген мейiрiмдiлiк, жанашырлық, адамгершiлiк
пен сүйiспеншiлiк касиеттерiн қалыптастыру артылы оқушылар бойынша
адамгершiлiктiң алғашқы нышандарын сiңiрiп, экологиялық тәрбие бере алады.
“Бота-құлын, қозы-лақ ойнақтайды асыр сап” атты тарауда Мiржақып
Дулатовтың үй жануарлары мен хайуанаттары” әңгiмесi, ел аузынан жиналған
төрт-түлiк және құстар туралы, мысалы: “Мал баласын сүйедi”, “Түйе”,
құлын”, “Кой”, “Қамбар атаға”, “Зеңгi бабаға”, “Торғай”, “Кім айтар?”,
“Қарлығаш пен шөже торғай” атты өлеңдер берiлген. Бұл өлеңдерде үй
жануарлары мен құстардың пайдасы, олардың сыртқы бейнесi жөнiнде ұғым,
түсiнiктерiн қалыптастырумен қатар, малдың пiрлерi жөнiнде мағлұмат
берiлiп, оларды аялап, қорғауға, тербиелеуге болады.
“Жаздыгүні шiлде болғанда” тарауындағы жаз мезгiлi тақырыбына арналған
шығармаларды оқыту барысында оқушыларға экологиялық тәрбие берудiң
мумкiндiктерi бар. Оқытудың түсiндiрмелi, менерлеп оқу әдiстерiн пайдалана
отырып, көптеген көрнекi құралдарды пайдалануға болады. Жаз мезгiлiне
байланысты табигат туралы бiлiмдерiн тольтктырып, табиғат байлығыньң адамга
пайдасын, оны игерудегi жене жаз мезгiлiндегi аткаратын адам ецбегiнiц
ролiн, осының берi баланың эстетикалық сезiмiн, табиғат байлығын кездiң
қарашығындай сақтап, оның қорын көбейтуге қалай жұмыстанатынын, экологиялық
қиын жағдайдан кқұтқару мүмкiндiгiн iздестiруге болады.
Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Пәндер