Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі


«Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі»
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Қазақ тілі пәні және оны оқыту . . . 7
1. 1. Бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту әдістемесі . . . 18
1. 2. Фонетиканы оқыту . . . 27
1. 3. Фонетикаға қатысты орфографиялық материалдар . . . 32
1. 4. «Сөз» тақырыбың оқыту . . . 34
1. 5. Сөздердің жасалуын оқытуға байланысты орфографиялық материалдар. . 49
2. Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету . . . 58
2. 1. «Сөйлем» тақырыбын оқыту . . . 58
2. 2. Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары . . . 73
2. 3. Білім беруді қалыптастыру бағытындағы жаңа әдістер . . . 81
2. 4. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы . . . 86
Қорытынды . . . 91
Қолданылған әдебиет тізімі . . . 94
Қосымша . . . 95
Тәжірибе бөлімі . . . 96
Кіріспе
Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының лға қойған мақсаты - өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып біл, заңдылықтарын ашып айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші - қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші - жиналған факті немесе материалдарды талдау, салыстыру, үшінші - сол фактілер негізінде теориялың тұжырымдар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында да негізгі кезеңдер болып саналады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі жүйесі бар. Ғни, ол қазіргі тіл ғылыми жаңалықтарын, педагогика, психология пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.
Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми ретіндегі дамуының басты шарты - методикалың зерттеулерді әрі қарай дамыту, жітілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу; методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психоллогиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқытужүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.
Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі - мұғалімдердің күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі. Мұғалімнің қазіргі методикадағы ьолып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды, психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді де. Мысалы, жеке мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.
Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі - бұл әдіс те методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда, тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе методикалық нұсқауларды, таблица, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына өндіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.
Оқу процесі бақылау әдісі - бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.
Сабақ процесі жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі. Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалындыдеген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.
Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топ оқушымен де әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады.
Орта мектепте бұл әдістің тиімділігі оқушының қазақ тілінен алған білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп, қандай қателер жібергенін анықтап, онымен жұмыс істеудің жолдарын белгілейді.
Анкет бойынша сұрап-білу әдісі. Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушылрының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысында анкет әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс-тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс - бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады.
Эсперимент әдісі - бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістін тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы.
Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі. Эксперимент және бақылау жасау сыныптағы нәтижелер салыстырылады, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол әдістің тиімділігі дәлелденеді.
Оқыту процесін тексеру үш түрлі жолмен іске асырылады:
а) оқыту, бақылау тексеру мәніндегі эксперимент бойынша оқытудың жалпы жайы, оқушылардың білімі, қабілеті, дағдысы алдын ала тексеріледі. Осындай мақсатта ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының текстері, түрлі материалдар дайындалады.
ә) оқыту мәніндегі эксперимент - эксперимент жүргізіліп жатқан сыныпта зерттеушінің ұсынып отырған мәселесінің тиімділігі, артықшылығы тексеріледі. Мұнда ұзақ уақыт мұғалім мен зерттеуші оқу процесіндегі оқушылардың бүкіл ісіне бақылау жасайды.
б) бақылау (тексеру) эксперимент арқылы зерттеушінің жұмысының ең соңғы рет дұрыс - бұрыстығы тексерілед. Ол әрі эксперименттік, әрі тексеру эксперименті жүргізілген сыныпта өтіледі. Өйткені ұсынылып отырған мәселенің артыкшылығы, тиімділігі, кемшілігі салыстырылады. Тиімді, өте пайдалы деп саналынған оқыту әдіс-тәсілдері кәсіпшілікке ұсынылады. Немесе белгілі бір мектеп тәжірибесіне өндіріледі. Сондықтан методиканың дамуына байланысты оның зерттеу әдістері де жетілдіріліп, дамып отырады.
Диплом жұмыстың мақсаты : Қазақ тілін үйрету әдістерін, үйрету жүйесін білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу.
- Қазақ тілін үйретуге ынталандыру.
- Қазақ тілінде коммуникациялық дағдыларды жетілдіру.
- Оқушылардың ұғыну дәрежелерін арттыру.
- Туған тілінде таза сөйлем, сауатты жазу, неғурлым сөйлеу мен жазудың арасындағы алшаңтықты болдырмау.
- Жалпы тіл білімінің салалары бойынша тереқ, толық, жан-жақты ғылыми-теориялық білім беру, жалпы тіл білімі ғылымының фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарын игерту.
Зерттеу объектісі - бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту әдістемесінің процесі.
Зерттеу пәрі - бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту жұмыстарынының тәсілі мен әдістері.
Зерттеу базасы - Октябрь негізгі мектебі.
- Қазақ тілі пәні және оны оқыту
Қазақ тілі - бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің ішіндегі жетекші басты пән. Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен берілетін іскерлік пен дағдылар оқушылардың жоғары сынып материалын жақсы меңгеріп, алған білімдерін практикада қолдануға негіз болады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін өткенде жүйелілік, бірізділік, сабақтастық ұстанымдары берік сақталуы қажет. Бірінші сыныптағы тақырыптар ұстанымдары берік сақталуы қажет. Бірінші сыныптағы тақырыптар бастауышта одан әрі жалғасып, өзара тығыз бірлікте болуы шарт.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты бағдарламаға сай терең, күрделі және аумақты болуы да, сонымен бірге әр сабақтың мақсатына қарай нақтылы, шағын немесе тапсырманың ыңғайына қарай орай қысқа, дара болуы да мүмкін. Ең бастысы, қандай жағдайда болсын, тілді оқыту белгілі бір нақтылы мақсатқа бағытталып, соған жету міндетіне қызмет етуі керек. Әр сабақтың, тапсырманың және жаттығудың басты мақсатқа жету талабы айқын болса, оқушының да оны түсінуі тез болады.
Бағдарлама оқулықтар мен оқу құралдарына болатын өзгерістерді қамтиды. Өмір талабына сай оқу құралдарын күнделікті тез өзгертіп, шығару қиынырақ болса, бағдарламаны қайта қарап, сабаққа, мақсатқа сай толықтырып отыруға болады. Сондықтан мұғалім бағдарламаның негізгі ұстанымдарын қалдыра отырып, тіл үйретуде оқушылардың талабы мен тілегін, әр түрлі жағдайларды ескере келіп, өз тарапынан оны жетілдіріп отырады. Қалай болғанда да, бағдарлама оқытудың негізгі мақсатына жетудегі жетекші құрал болып табылады.
Қазақ тілін оқытуда тақырыптардың іріктеліп алынуы басты назарда болғаны жөн. 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында тақырыптар барынша іріктеліп, оқушының жас шамасына лайықталып берілді.
Тақырып арқылы сөйлеуге үйрету не туралы айту керек екенін, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады. Сол себепті тақырыпты басты белгі ретінде алып, сол тақырыптың төңірегінде әңгімелесу оқушыға оған қатысты өмірлік жағдайларды меңгеруге жәрдем береді.
Бұл ретте тақырыппен қатар сөздік, грамматика, дыбыстардың айтылуы, тілдік ережелер мен заңдылықтар - бәрі кешенді түрде бірге жүргізіледі. Егер тақырыпты меңгеру сыныптың аумағынан аспай, сыртқы өмірде қолданылу аясы шектеліп қалса, сабақ қанша жақсы өткенімен, іс жүзінде сөйлеудің болмағаны. Мұндай жағдайда оқытудың мақсаты да орындалмайды. Сондықтан да қазақ тілін оқыту үшін қандай мәселеге байланысты назар аудару керек, нені оқыту керек, соларды анықтап алу қажет.
Осы тұрғыдан келгенде, ұстаздар мен әдіскерлер мынадай сұрақтарға жауап іздейді: тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөйлеуді үйрету керек пе? Олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар неде? Тілді оқыту әдістемесінде бүгіндері оқушыға тілден бұрын сөйлесуді үйрету керек деген пікір тұрақтала бастады. Өйткені тілді меңгеру - тілдің лингвистикалық ережелерін жинақтап білу емес, ол тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін, жинақтап білу емес, ол тілдің сөйлеу құралдары мен әрекетін, тұлғаларын дұрыс пайдалана білу, сол арқылы сөйлесетін дәрежеге жету. Сондықтан алдымен сөзді, сөйлеуді негізгі ала келіп, содан соң тілді үйретуге көшкен жөн. Яғни бүкіл оқыту жүйесі тілмен түсінісуді қамтасыз етуге бағытталған сөйлесімді үйретуге қатысты жүру керек.
Тілді оқыту дегеніміз - оқушылардың басты назарын тілдің жүйелік ерекшелігіне аудару. Мұнда тілдің жүйелік сипатын көрсететін фонетика, лексика, грамматика - әрқайсысы жеке-жеке талданып отырылады. Тілді осылай лингвистикалық күрделі құбылыс ретінде оқыту оқушыға ғылыми тұрғыдан жүйелі, терең білім бергенімен, оны қарым-қатынас құралы есебінде қолдануға мүмкіндік жасай алмайды. Мәселен, оқушы дыбыстарды, олардың айтылуы мен жазылуын; жеке сөздерді, олардың аудармасын, сөздің түбірі мен қосымшасын, сөз таптарын ажырата алғанымен, грамматикалық ережелерді өте жақсы білгенімен, сол тілде сөйлей алмайды. Тіптен белгілі жағдайға байланысты жеке фразаларды, тіркестерді жатқа білгенімен, қажет жерде оны қолданудың амал-тәсілдерін жетік меңгермегендіктен, сөйлеу кезінде іске асыру мүмкіндігі кем соғып отырады.
Дыбыс, әріп, сөз, сөйлемдер тілдік тұлғалар ретінде тілді оқытудың жүйесіне енеді. Тілді оқыту немесе үйрету тарихи тұрғыдан қалыптасқан тіл ғылымының салалары мен өзіндік заңдылықтарын, тілдің ішкі құрылымы мен тұрақталған бүтіндігін, олардың барлық ерекшеліктерін сақтап оқытуды көздейді.
Сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынады. Олардың барлығы сөйлеуді меңгеруге тікелей қатысы бар жағдаяттар болып табылады.
Көлемі жағынан ойды білдіретін үлкенді-кішілі сөйлемшелер, әр түрлі - бәрі алдыңғы айтылған минимумдармен, материалдармен ұштасып, кешенді түрде беріледі.
Сөйлеу түзіліміне қажетті жинақталған тілдік құралдар, лексикалық, грамматикалық тақырыптар өзара тығыз байланыста, оқушының өз орындауымен оқытылады. Сонда сабақтың мазмұнының іс жүзінде қолданылу аясы кеңейеді. Оның бірден-бір маңызды шарты - үйреткен материалды оқушының бірден іс жүзінде қайталап, жедел іске асыруы.
Бұл берілген сабақ үлгісімен оқушының жаттығулар мен тапсырмаларды, сұрақ-жауаптарды, тілдік қатысымды тікелей өз күшімен бірнеше қайыра орындап, күнделікті тіршілікте қолдануға бейімдеп, өз қажетіне жарата білуне жалғасады.
Осыған орай тілдік материалдар біртұтас сөйлемдік (айтылымдық, сөйлесімдік, сөздік) материалдарға айналады да, жеке күйіндегі дербестігінен айырылып, бір - бірімен тығыз байланыста жұмсалады. Барлық тілдік құралдар мен амал-тәсілдері ұтымды жұмсамаса, оқутыдың мақсатына жету қиын. Сонымен қатар түрлі сөздіктер, оқу құралдарын, грамматикалық анықтағыштарды дұрыс пайдалана білмей, сөйлесу де жүзеге аспайды.
Демек, оқытудың мазмұны бірнеше құралдарға сүйенеді:
1. Лингвистикалық құралдар 2. Әдістемелік құралдар
3. Машықтық құралдар 4. Техникалық құралдар
Лингвистикалық құралдар барлық тілдік тұлғалар мен сөйлеуді қалыптастыруға қатысты материалдардан тұрады. Олар сөйлесудің, тілдесудің ең басты негізін құрайды, сөйлеу кезінде бірігіп қолданылады, лингвистиканың барлық салаларына байланысты болады.
Әдістемелік құралдар оқыту мен үйренуге қатысты амал-тәсілдерді, оларды жетілдіру жолдарын, осы амалдарға, тәсілдерге, жолдарға байланысты жұмыстарды біріктіреді. Сөйлеудің жүзеге асуы, адамдардың күнделікті өмірде қажетіне жарауы, бірінің ойын екіншісінің дұрыс түсінісуі осы әдістемелік құралдарды жете меңгерудің тәжірибесіне сай болады.
Машықтық құралдар оқушының сөйлесімді меңгеру жолындағы жинаған тәжірибесінен, қалыптасқан дағдысынан, дағдысын дамыту ерекшеліктерінен және сөйлеудегі тілдік шеберліктен, жетілдіру іс-әрекетінен құралары.
Техникалық құралдар сөйлеуді үйренуде қолданылатын аудио, видео техникаларын көрумен қатар, оқылым, тындалым кезеңіндегі ой-мақсатты жүзеге асыратын материалдарды, олардың түрлерін, жасалу, пайдалану ережелері мен тәртіптерін, жалпы барлық қажетке жасалу, пайдалану ережелері мен тәртіптерін, жалпы барлық қажетке жаратылатын техникалық, іскерлік материалдарын топтастырады.
Сөйлеуге үйретуде әрбір құралдардың алатын өзіндік орны бар.
Бұл құралдар әрқайсысын жете білу және меңгеру - оқушы үшін ең қажетті шарт.
Демек, қазақ тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту әдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты.
Сонымен тілді оқытудың мазмұндық құрамы мыналар:
- тілдік материалдар;
- сөйлеу дағдылары мен шеберліктері;
- қатысымдық тұлғалар;
- ана тілінде жоқ тілдік ұғымдар;
- үйренетін тілдің өзіне тән айрықша ерекшеліктері.
Оқытудың мазмұндық құрамына қарай жүргізілетін әрекеттер:
а) қабылдау;
ә) түсіну;
б) материалдарды есте сақтау;
в) жағдаятқа байланысты жаттығуды өзгертіп, өзіне атқарту;
г) тапсырмаларды дамытып, өз бетімен орындау;
ғ) меңгерген сөз үлгілерін өмірде пайдалану.
Оқыту әдісінің мақсаты, мазмұны, кезеңдері - бәрі ортақ бір мәселеге келіп тіреледі: ол - тілдік материалдар мен құралдар, олардың қолданылу ерекшеліктері. Ең басты тілдік материалдар - тілдесімді қарым-қатынаста жүзеге асыратын фонетикалық, лексикалық және грамматикалық единицалар (тұлғалар, бірліктер) мен олардың сөйлеуде алатын орны, ойды жеткізу барысындағы байланысу жолдары, қолданылу амалдары. Осы тұрғыдан келгенде, практикалық фонетика, практикалық лексика, практикалық грамматиканың сөйлеу түзілімінде алатын орны ерекше.
Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұлғалар (единицалар) тілді үйретуде лингвистикалық ереже тұрғысынан емес, сөйлеу мен тілдесімге қатысты негізгі материал ретінде, тілдік қарым - қатынастың қажетті құралы есебінде оқытылады. Сондықтан олардың әрқайсысының тілді меңгертуде алатын өзіндік орны бар.
Қазақ тілді меңгерудің негізгі материалдық базасы оның фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру дағдыларымен тығыз байланысты болғандықтан, қазақ тілін осы салаларға қатысты оқытудың басты-басты белгілеріне тоқталған жөн.
Фонетика, лексика, грамматиканы оқыту барысында оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру мен жетілдірудің өзгешелігі бар. Бұл тілдік салалар мен материалдарды тізбектеп оқыта берумен емес, керісінше, олардың ішінен сөйлеуге қажетті ең керектілерін сұраптап ала білумен, сөйлеу материалдарын танумен, оларды дұрыс қолданумен, сөйлеу әрекетінде тиімді пайдалана білумен ерекшеленеді.
Сөйлеуге үйретудегі негізгі мақсаты тілдік материалдарды оқушыларға таныстыру емес, оларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу кезеңінде дұрыс жұмсауға дағдыландыру екенін естен шығармау керек.
Оқытылуға тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар сөйлеуді және тілдік қатынасты іске асыратын бағытта алынуы керек. Сондықтан тіл білімінің салаларына қатысты барлық тақырыптар жоспарға түгел енуі шарт емес.
Кіші жастағы мектеп оқушыларының жан-жақты есейіп, жалпы дамуына, олардың ақыл-ойы мен рухани байлығының еселеп жетілуіне ана тілі тікелей әсер етеді. Өйткені барша таным процесі сөйлеу арқылы жинақталып жалпыланады, яғни тіл арқылы түсіндіріледі. Ана тілі қатынас құралы ретінде де мектепте жүйелі оқыту арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, дұрыс қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін атап айтқан жөн.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының арнайы бір саласы. Ол Ана тілін оқытудың мазмұны мен принциптерін, әдістері мен тәсілдерін анықтайды. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым ретінде қарастырылады. Олай дейтініміз, оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас ұрпақтың ой - өрісін дамытуда, шын мәнінде, аса қажетті практикалық міндеттерді жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға ана тілі негізін тиянақты меңгерту болып табылады .
Оқыту әдістемесі дербес ғылым ретінде басқа ғылымдармен, әсіресе, лингвистика, психология, логика және педагогика ғылымдарымен тығыз байланыста дамып отырады. Мұның өзі, ең алдымен, мұғалімнің аталған ғылым негіздерін жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін талап етеді. Өйткені мұғалім - білімнің қайнар бұлағы, оқыту мен тәрбие берудегі басты тұлға. Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабаққа шебер қолдана білу үшін мұғалім кіші жастағы оқушылардың, ең алдымен, психологиялық ерекшеліктерін (жас ерекшелігі, нақты фактілер негізінде ұғымдылық ерекшелігі т. б. ) тікелей санасу керек. Сол сияқты, логикалық талаптарға да баса назар аударған жөн. Тіл ойлаумен тікелей байланысты, сондықтан тілді ойдан бөліп алып дамыту мүмкін емес. Бала нақты ойланады, ол қоршаған өмірді көру, есту, иіс т. б. сезім мүшелері (анализаторлар) арқылы қабылдайды. Талдау мен жинақтау, нақтылау мен жалпылау т. б. ойлау түрлерін кіші жастағы оқушылар арнайы жүргізілетін логикалық жаттығулар негізінде біртіндеп үйрене бастайды.
Бұл айтылғандармен қатар, қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тікелей байланысы ешқашан да назардан тыс қалдырылмайды. Қазақ тілі сабақтарында, әсіресе, жалпы дидактикалық принциптер орынды пайдалануды қажет етеді.
Оқыту әдістемесі өз пәнінің мазмұнына тәуелді, соны ғана үйретеді. Әдістемелік ғылым алдында өз пәнін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтау проблемасы ғана тұрады. Осыған орай, пән мазмұны жетіліп дамыса, оның оқыту әдістемесі де жетіліп дамиды, пән мазмұны көнерсе, әдістеме де ескіреді. Демек қазақ тілін оқыту деген сөз - оның теориялық мазмұнын жете меңгеру деген сөз.
Оқыту әдістемесінің басқа ғылымдардан ерекшеленетін негізгі бір ерекшелігі - ондағы барша оқыту процесі екі жақты бірліктегі қарым-қатынасты керек етеді. Атап айтқанда, бірі - мұғалім, екіншісі - оқушылар. Мұғалім оқытады, үйретеді, тәрбиелейді; оқушылар оқиды, үйренеді, тәрбиеленеді. Осыған орай, аталған жақтардың өзіндік міндеттері белгіленеді. Ортақ мақсат - терең білім мен тәлімді тәрбиені қалыптастыру.
Казіргі мектеп тәжірибесінде жиі қолданылатын оқыту әдістерің негізі үш түрі қалыптасқан. Олар: мұғалім сөзі, әңгіме әдісі, өзіндік жұмыс.
Бірінші сыныпта қазақ тілінен берілетін білім мазмұны оқу бағдарламасында мына тұрғыда белгіленген:
1. Сөйлем, сөз, дыбыс және әріп.
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер.
3. Қазақ алфавиті.
4. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz