Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қолдану әдістемесі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1-тарау. Бастауыш сыныпта эстетикалық білім берудің маңыздылығы . . . 6
1. 1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері . . . 6
1. 2. Эстетикалық тәрбие беру принципі мен жүйесі . . . 11
1. 3. Ақын, жазушылардың еңбектеріндегі эстетикалық тәрбие мәселелері…. . . 14
2-тарау. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қолдану әдістемесі . . . 26
2. 1. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары . . . 26
2. 2. Бастауыш сыныптарда этноэстетикалық білім берудің маңыздылығы . . . 38
2. 3. Бастауыш мектеп оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие берудің жолдары . . . 45
Қорытынды . . . 53
Қосымша . . . 56
Қолданған әдебиеттер . . . 59
Зерттеу тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы мен жолдары.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш мектептегі эстетикалық тәрбие беру мәселелері.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығын анықтап, оқыту-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеу .
Зерттеудің міндеті:
1. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің мазмұнын, ерекшелігін анықтау.
2. Музыка, бейнелеу өнері, сыныптан тыс жұмыстарында бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау.
3. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні:
Оқыту-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің жолдары.
Зерттеу болжамы:
Егер, музыка және бейнелеу өнері, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында бастауыш сыныптың оқыту-үрдісінде эстетикалық тәрбие беруге зор мән берілсе, эстетикалық талғамды ұлттық сана, сезімі жоғары жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыруға болады.
Кіріспе
Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтық сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сыртқы тұрпатында, қарым-қатынасында, киім киісімен күй-жайларында өндірген заттарында, еңбектер мен өнер туындыларында - осының бәрінде эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен принциптерінен көрінетіні даусыз, мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбиені берудегі халық дәстүрлерінің сарқылмас мүмкіндіктерін жете бағалады.
Баланың өзінің ішкі жағдайларын жеке бас мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-әрекет жасауына, сөйтіп сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық белсенділік көрсетуіне, сондай-ақ тәрбиенің үздіксіздігі, бірізділігі, сабақтастық және көп түрлілігін сақтауға, әр оқушының тұтас тұлға ретінде дамуына, өзін-өзі тәрбиелеп дамытуына, жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеруге жете мән беріледі.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани эстетикалық тануының көрнісі.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауин, Ж. Баласағұни т. б. ) . Қазақ ағартушылар, қоғам қайраткерлері. (Ж. Аймауытов. М. Жұмабаев, А. Құнанбаев, М. Дулатов, Ы. Алтынсарин т. б. ) . Шет ел педагог-психологтары (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Беленский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Оқу тәрбиесі қарым-қатыныс арқылы іске асырылатын процесс әр оқушының өмірге деген көзқарасы көркем шығармаларды оқып талқылау, көрген кинофильмдер мен көркемсурет галереясынан немесе табиғатқа саяхаттан алған әсерлерін баяндау арқылы ұжымдық қарым-қатынаста толысып қалыптастыруы белгілі.
Оқу ісі еңбекпен тығыз байланысты іскерлік, ізденістен, шығармашылық әдіскерлік құлшыныстан туындайды.
Халық педагогика негізінде ауылдық мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің ұйымдық-әдістемелік және мазмұндық аспектілерін әзірлеу (жетекші кафедрасының доссенті С. А. Ұзақбаев) ;
Мәдени мінез-құлықты оқушы бойына қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бірі - жаттықтыру. А. С. Макаренко тәрбиесінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байытудың маңызына ерекше тоқтала келе “балалардың бойында жақсы әдет, дағдылардың мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек” - дейді.
Осы әдісті оқушылардың бойына сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, қоғамдық жұмыстарда атқаруда, еңбекке, мәдени көпшілік саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрысы, әңгіме, баяндама тағы басқа құралдарда іс-тәжірибелерде қолданылып жаттықтыру арқылы іске асады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, мейрімділікке, кішпейілділікке тәрбиелейді.
Бүгінгі күні тәрбиенің алдындағы міндеті жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.
Жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, ол жалпы адамзаттық құндылықтарымен қатар, ұлттық құндылықтарды жеке тұлғаның бойына сіңіру мәселесімен тығыз байланысты. Бұл туралы Балалар құқығын қорғау конвенциясында да (1989) жылы айтылған.
Ұрпақ тәрбиесін өмір талабына сай ұйымдастырып халықтың тәрбиесіне тәжірбиенің озық үлгілерін алып бүгін де шебер пайдалана білу уақыт талабы.
Белгілі ғалымдарымыз С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева т. б. өздерінің “мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” атты еңбектерінде: “ Бірінші кезектегі артықшылық, бағыт -жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйенген болу керек. Тұтас педагогикалық үрдістің бәрінде ешқандай ұсақ мүмкінділік қалдырмастан оқушылардың рухани байлығын арттыру”. Ұл мен қыз баланың тәрбиелері ерекше болған.
Қазақтың “салт-дәстүр, ұлттық ойныдар, өнер, этнография” отбасы туралы әдістер де шамалы. Х. Арғынбаевтың “Қазақ отбасы”, С. Қалиевтың “Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы”, Ә. Табылдиевтың “ Қазақ этнопедагогикасы” -атты еңбектерінде ұлттық психология туралы жақсы көрсетілген.
Халық домбыраның, қобыздың, сазсырнайдың үні мен айтыс, терме, ән әуендері, ертегілер, жұмбақтар, ұсталық зергерлік қасиеттері мен баланың эстетикалық талғамын дамыта білген.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектеп тәрбиесінің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу. Тұлғаның рухани және дене қаблеттерін жан -жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу қажет.
1-тарау. Бастауыш сыныпта эстетикалық білім берудің маңыздылығы.
- Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері.
Бейнелеу өнер құралдары арқылы сана-сезім деңгейі өте жоғары, жаңа концептуалды ойлауға қаблеті бар, дүнйеге деген біртұтас көзқарасы бар, шығармашылық іс-әрекетінде соны енгізуге, көрсеуге дайын, ұжымда өмір сүре алатын, өзін мәдениет әлемімен жеке адамдармен тіл табыса алатын адамды қалыптастыру қажеттілігі аса өзекті болып табылады. Бұны әрбір бала бойында табиғатынан берілген маңызды күштердің дамуы негізінде жасауға болады.
Оның өсу, ортақ және дара қаблеттер мен нақты іс-әрекет түрлеріне қызығушылық кезеңдерінескере отырып, шығармашылық даралықты қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік және өзіне тән қасиеттерді үйлесімді қатынастарда құруға болады.
Эстетикалық тәрбиенің басыты мақсаты- қоршаған ортының тәбиғаттың әсемдігін сезіне, көре білуге тәрбиелеу. Сұлулықты көріп сезіне білетін бала оны аялап қорғай біледі, мейрімді болады. Эстетикалық тәрбиенің табиғат пен (табиғатта, еңбекте, қоғамдық қарым-қатынаста, адамдардың қылығында) өнердегі тамаша әсемдікті дұрыс түсініп, адам өз бойына дарыта білу қабілеттілігіне тәрбиелеу, эстетикалық көзқарасын, талғамы мен сезімін, өнер мен өмірде тамаша әсемдік жасауға қатысу талабы мен қабілеттілігін дамыту деп түсінеді.
Эстетикалық тәрбиенің бірімен- бірі өзара байланысты екі жағы бар:
оның сыртқы көрінісі - эстетикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, құралдары мен әдістері, ал оның ішкі мәні - педагогтың жетекшілігімен адамның жеке басының эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын барған сайын тамаша әсемдікке тәрбиелейді, баланың іс-әрекетін творчествалық пен жетілдіре түседі. “Мектеп балаларын тәрбиелеудің үлгі мазмұны” бағдарламасы мектепті осыған бағыттайды. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісіне мұндай көзқарас біздің халық ағарту және гуманисті тәрбие беру жүйемізде алға қадам басқандық болып табылады. Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:
Эстетикалық қабылдауды -табиғаттағы, өнердегі, қоршаған ортадағы, әсемдікті, әдемілікті қабылдауды дамыту;
Эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді, нақты әсем нәрсені эстетикалық емес нәрседен ажырата білуге тәрбиелеу;
Өнерде өзінің шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған ортадағы әсемдікті бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Осы үш міндеттің бәрі бірімен-бірі тығыз байланысты, алайда оларды тізіп шығу тәртібі белгілі дәрежеде эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жұмыстағы дәйектілікті, оның қайсы бір кезең-кезеңге бөлінетіндігін бейнелейді. Шынында да, адам әуелі әсемдікті қабылдай білуге, онан кейін қабылдаған ұғымдарын бағалап, аңғара білуге дағдыландыру, айналасындағы тіршілікке әсемдікті енгізе білу бәріненде жақсы дамытылады.
Педагогикада эстетикалық мәдениет, күрделі қалыптасқан ұғым ретінде танылады. Адамның эстетикалық сезімін, ерекше қайырымдылық әсерін қалыптастыру, тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білу, өнер мен жаратылыс, еңбек қоғамдық өмір және адамдардың мінез-құлқы, оның ең маңызды құрамы болып табылады.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардң өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызығушылығын арттырады, оған жоғары рухани лаззат алуға мүмкіндік береді. Біз адамның адамгершілігін тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланы сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсемдік пен әдемілікке сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілікті және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны, әділдік пен әділетсізді т. б. түсінуге байланысты, оның саналы тәртібі менез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу- тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек ғана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәлім-тәрбие, тұрмыс - тіршілік, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу қажет. Ол әрдайым баланың бойында әсемдік құндылықтары бар өзімен қатар құрбы-құрдастарына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне, сезімталдығын тәрбиелеп мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатысы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген заттардың сапасының құндылығы, әсемдігі тұтыну жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі баланың білім алуына белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қаблетін қалыптастырудың белгілі бір мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекеттің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтың іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыка адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және жан сұлулығын таниды т. б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамудың жалпы жүйесінде жанама қызметі де бар.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтежесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.
Көркемдік және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық
танымның маңызы өте зор.
Эстетикалық таны- бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни жарыс өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға қойылады. Бірінші баға- көркемділігі келістіре орындалғаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармшылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселердің бірі- баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасалуы қажет. Өмірге енген эстетика ( еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай -жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Эстетикалық мәдениеттің басқа сыңарлары деп жеке адамның эстетикалық ой-өрісін құрайтын, білімді оның негізінде қалыптасатын түсініктерді, ұғымдарды, көзқарастарды, талғамдарды есептеу керек. Эстетикалық мәдениетте мақсат пен үлгі ретінде эстетикалық мұрат ерекше орын алады. Эстетикалық мәдениеттің маңызды сыңары деп әсемдікті сыйықсыздықтан, нағыз көркемдікті жалған көркемділіктен ажырата білуге мүмкіндік беретін эстетикалық талғамды есептеу керек. Адамның дүниеге деген көзқарасының көрсеткіші оның эстетикалық ынтасы мен қажеттігі, сондай-ақ эстетикалық қаблеттілігі. Мектеп балаларының эстетикалық мәдениетінің даму деңгейі, зерттеулер көрсеткендей, біркелкі емес. Мектеп балалары табиғаттағы, өнердегі білімдегі және еңбектегі әсемдікті көреді де біршама терең толғана алады. Олар барлық асқақ ойлар мен ерлікке құштар. Алайда олардың өнер мен көркемдік творчество жөнінде білімдері аз. Олардың эстетикалық мәдениетінің дамуындағы жас ерекшеліктері де байқалады: кіші мектеп балалары табиғаттағы әсемдікке, жас жеткіншектер өнерге аса қызықса, ересек мектеп балаларының мінез-құлық, қарым-қатынасы эстетикасы, адамның сыртқы қабілеті және оның ішкі дүниесі көбірек қызықтырады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің даму деңгейіндегі теңсіздікті мақсатты бағытталған эстетикалық қабылдау жолымен шешуге болады. Педагогика бұл мәселені шешуде адамның бірдей, тұтас мәнін түсінуден, оның өмірінің барлық: ақыл-ой, идеялық, адамгершілік және эстетикалық жағынан өзара байланыстылығын негізге алады. Осы барлық жақтардын үндестікпен дамуы-жеке адамның өркендеп өсуінің маңызды шарты. Білім және бейнелі ықпал жасау жүйесі арқылы өсіп келе жатқан кісі адамдарға, Отанға, мәдениеттің өмірде қайталанбас бағалы заттарына деген дұрыс көзқарасты қабылдайды, өз бойына сіңіреді, жетілдіреді. Жеке адамның дамуың тұтас процесінде қандай да бір бастаманы жете бағаламаушылық, немесе керісінше, асыра бағалаушылық бірдей, зиянды.
Эстетикалық сезімдерді, мұраттарды, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың қуатты факторы болып табылады, жеке адамды идеологиялық күреске белсенді қатысу үшін шыңдайды.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін, рөлін және алатын орнын кеңінен түсіну педагогикада көптен бері келе жатқан дәстүр. Мұндай түсініктің негіздерін А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий қалаған болатын. Біртұтас еңбек мектебі туралы Декларацияда- педагогиканың бұл манифесінде-эстетикалық білім алу деп оңайлатылған бірдеңені, балалар өнерін оқыту емес, сезім мүшелері мен шығармашылық қаблеттілікті үнемі дамыту, әсемдікке рахаттану мүмкіндіктерін ұлғайтып, оны жасай білу деп түсінген. Бұл элементі жоқ еңбек пен ғылми білім алу бұл құжатта “жансыздандырылға” нәрсе деп атап көрсетілді.
Эстетикалық тәрбиенің алғашқы жетістіктерін пайдалана отырып, А. С. Макаренко талай тәжірибелер жасады, олар оған эстетикалық тәрбиенің шеңберін ұлғайтып, оны өнер құралы ретінде ғана емес, сондай-ақ еңбекте, ойында, тұрмыста, тәрбиеленушілер ұжымдарының қарым-қатынасында қолдануға мүмкіншілік береді. Бұл жұмыстардың барлығы педагогиканың ғылми позициясын нығайтып, көптеген қиын да маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
1. 2. Эстетикалық тәрбие беру принципі мен жүйесі.
- Эстетикалық тәрбиенің жалпыға бірдейлік принципі.
- Өнер шығармаларындағы идеялық және көркемдік біртұтастық принципі.
- Ғылым мен өнердің өзара байланысы принципі.
Өмір мен өнердегі тамаша әсімдікті көру, сезіну, түсіну және жасай білу өзінен-өзі келе қалмайды. Бұл қабілеттілікке мақсат көздей отырып тәрбиелеу керек.
Мектеп балаларды эстетикалық тәрбиелеуде орталық буын болған және солай болып қалады да. Балалардың өзіндік шығармашылығымен ұштастырып, педагогикалық дұрыс ұйымдастырылған хабарлар, оқушылардың көркемдік талғамы мен баға бере білуінің қалыптасуын анықтайды. Мектеп оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты мақсат көздей отырып, олардың оқуының ақырғы күніне дейін жүргізуі тиіс. Бұл жұмысты тоқтатып тастау талғай білудің тұрақсыздануына әкеліп соғады да, оқушылардың өнер шығармаларына дұрыс баға беру қабілетін төмендетеді.
Алайда, егер эстетикалық тәрбие белгілі бір жүйемен жүргізілген болса, ондай мектеп өз функциясын орындайды. Эстетикалық тәрбие жүйесі деген түсінікке жеке адамның қалыптасуын қамтамасыз ететін мақсат бірлігі, принциптері, ұйымдасқан түрлері, әдістері енеді. Педагогтық ұжымда, әр бір мұғалім қандай мақсаттарға жетуге ұмтылуғатиісті екенін, мектептегі білім берудің әрбір кезеңдерінде қандай міндеттер жетекші болуға тиісті екені белгілі. ”Мектеп тегі балаларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны” бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің кең шеңберлі міндеттерін белгілейді. Оқушылардың көркем шығармаларының формалары мен мазмұндарын эстетикалық түсінікті, балалардың өнер шығармаларындағы әсемдікке деген сезімталдық көзқарасын туғызу қажет. Балалардың көргендерін сурет салғанда, сөйлегенде, заттар жасағанда түсіндіріп беру қабілеттерін дамыту маңызды міндет болып табылады. Мектеп балаларын қоршаған ортадағы сыртқы түрінің әсемділігіне, жақсы мінез-құлыққа, өмір мен өнердегі әсемдікті бұзуға деген жағымсыз көзқарасқа тәрбиелеудің маңызы зор. Эстетикалық тәрбие жүйесін анықтауда педагогтық принциптерді анық түсіну үлкен рөл атқарады. Олардың ең маңызды эстетикалық тәрбие жалпыға бірдейлігі болып табылады. Әсемдік -баршамызға бірдей. эстетикалық бастаманы адам өміріне енгізу, ол қмірді рухани байжәне қызықты етіп жасау-бұл тәрбие практикасында қалыптасқан талаптар.
Өнер шығармаларындағы идеялық және көркемдік біртұтастық принципі эстетикалық тәрбие жүйесінің негізіне жатады. Ол өнер құралдарымен саяси, эстетикалық және адамгершілік тәрбиелердің біртұтастығын білдіреді. Бұл принципті есепке алу идеялық жағынан табанды, берік сенімді, нағыз өнерді нашар жасалған алдамшыдан ажырата алтын адамдарды қалыптастыруға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие жүйесін құрған кезде жеке адамға ықпал жасауда ғылым менен өнердің өзара байланыс принципіде ең негізгі болып табылады. Ғылым мен тығыз байланыстағы өнер оқытудың қандай да сатысында болсын, баланың ақыл-ойы күшін дамытады, дүние туралы ғылыми ұғым қалыптастырады. Эстетикалық тәрбиеде мектеп балаларының шығармашылық көркемөнерпаздығы принципінің үлкен маңыздығы бар. Көркемөнер шығармасы процесінде оқушы өз күшін жаттықтырады, жеке адамның бірқатар бағалы сапасын дамытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz