Сақтардың пайда болуы



Жоспар

Кіріспе

1 Сақтардың пайда болуы
2 Сақтардың өнері мен саудасы
3 Сақтардың қоғамдық құрылымы
4 Сақтардың мәдениеті мен шаруашылығы
5 Сақтардың археологиялық ескерткіштері

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Өткен заманнан қалған жазба ескерткіштердің ішінен бізге парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің жарлықтары баяндалған жазбалар өте бағалы. Мұнда Орта Азия мен Қазақстанның кейбір тайпаларының аттары аталады. Ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабы Авестадан көптеген құнды мәліметтер алуға болады. Сондай-ақ грек, ішінара латын тілінде жазылған көне жазбалардың маңызы өте зор. Олардың арасында Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің және т. б. еңбектері ерекше. Ар-хеологиялық мәліметтермен негізделген бұл деректер Қазақстан жер-інің негізгі бөлігін VІІ-ІV ғасырларда сақтардың құдіретті тайпаларының құра-мына кірген халықтар жайлағанын көрсетеді.
Қазақстанды мекендеген сақ тайпаларының материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынын Оңтүстік Сібір тайпаларымен және Ре-сейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпа-ларымен көптеген ұқсастықтары болды. Ұқсастықтарына қарай ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атады. Көшпелі өмір, Еуропа мен Азияның далалық тайпаларының арасындағы тұрақты байланыс және сақтар мен скифтердің Алдынғы Азия мемлекеттеріне біріккен жорықтар жасауы материалдық мәдениетте ортақ белгілердің тууына себеп болды. Сақ тайпасы атауының мағынасын ежелгі парсы ес-керткіштері «құдіретті еркектер» деп түсіндіреді. Иран жазбаларында оларды «жүйрік атты турлар» деп атаған. Скиф-сақ қоғамы әскер саны-ның көптігі, соғысудағы шеберлігі, атты әскерді жиі қолдануы, соғысу тәсілінің әр алуандығы жағынан әскери қоғам болды.
Кейбір зерттеушілердің, оның ішінде әсіресе шығыстанушылар мен қазақстандық археологтардың пікірінше, сақ тайпалары мен тайпа одақтары үш топқа бөлінеді. Олар: теңіздің арғы жағындағы сақтар, хаома сусынын дайындайтын сақтар, шошақ бөрікті сақтар.
Теңіздің арғы жағындағы сақтар Қара теңіздің солтүстігінде, Арал теңізінің маңында (Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында) тұрды. Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар Сырдарияның орта ағысында, Тянь-Шаньда, Жетісуда тұрды.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар Мұрғаб аңғарында өмір сүрді. Сақтардың аримаспа деген тайпасы және «алтынды қызғыштай қору-шылар» алтынға бай Алтайды мекендеген.
Сақ тайпалары сонымен қатар Қазақстанның орталық, солтүстік аймақтарында, Оралдың оңтүстік өңірлерінде мекендеген Сақтардың пайда болуы. Б.з.д. Х-V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен Дунайға дейінгі аралыққа қатысты тарихи мәліметтерде парсыларша «сақ», гректерше «скиф» деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпа-лар тұрған.
Дарийдің Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде сақ тайпаларының 3 тобы аталады. Олар: хаомаварга сақтары(хаома ішімдігін дайындайтын сақтар), парадараия сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар), тиграхауда сақтары(шошақ бөрікті сақтар) деп аталады.
Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу, Іле жағалауларында қырғыз және жоңғар Алатауының бөктерінде, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан табылған.
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезеңі, көне тарихшылардың дерек-тері мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қо-ғамның ыдырау кезіне тура келетін сияқты. Сол тұсты (В.В. Бартольдтің айту-ынша) түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.
Қазіргі Алматы тұрған жерді сақтар мекендеген. Оларды грек ше-жіресінде масагеттер деп атаған. Тарихтың атасы деп танылған Геродот айбарлы масагеттер туралы былай деп жазады: «Бұл халық өзінің көпті-гімен және жаугершілігімен көзге түседі. Масагеттер киген киімі, тұрмыс-салты жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді: массагеттер, дайлар(дахилар), каспилер, исседондар, аримаспа-лар, аландар, кейінректе
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Акишев К.А.Искусство и мифология саков. — Алматы,1984.
2.Акишев К.А. и Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алматы, 1963.
3.Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков. 1978.
4.Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. «Білім» 2002.
5.Артомонов М.И. Сокровища саков. М.,1973.
6.К.М. Байпақов, Ж.К. Таймағамбетов, Т. Жумағанбетов. Археология Казахстана. Алматы-1993.
7.Геродот тарих 9 кітаптан тұрады. Грек тілінен аударған Ф.Г.Мищенко. М.,1888. 1-том. 113-114 беттер.
8.Джандарбеков Б. Томирис. Роман. 1990.
9.Қазақ ССР тарихы 1-том, Алматы, 1957.
10.Қадырбаев М.Қ. Памятники тасмолинской культуры. Древняя культура Центрального Казахстана. Алматы, 1966.
11. Қазақтың көне тарихы. Алматы,«Жалын» 1993 ж.
12. Маданов К.М., Мусин І. Ұлы дала тарихы. Алматы, «Санат» 1994 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Сақтардың пайда болуы

2 Сақтардың өнері мен саудасы

3 Сақтардың қоғамдық құрылымы

4 Сақтардың мәдениеті мен шаруашылығы

5 Сақтардың археологиялық ескерткіштері

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өткен заманнан қалған жазба ескерткіштердің ішінен бізге парсы
патшалары Дарий мен Ксеркстің жарлықтары баяндалған жазбалар өте бағалы.
Мұнда Орта Азия мен Қазақстанның кейбір тайпаларының аттары аталады. Ежелгі
ирандықтардың қасиетті кітабы Авестадан көптеген құнды мәліметтер алуға
болады. Сондай-ақ грек, ішінара латын тілінде жазылған көне жазбалардың
маңызы өте зор. Олардың арасында Геродоттың, Страбонның, Птоломейдің және
т. б. еңбектері ерекше. Ар-хеологиялық мәліметтермен негізделген бұл
деректер Қазақстан жер-інің негізгі бөлігін VІІ-ІV ғасырларда сақтардың
құдіретті тайпаларының құра-мына кірген халықтар жайлағанын көрсетеді.
Қазақстанды мекендеген сақ тайпаларының материалдық мәдениеті мен
қоғамдық құрылысы жағынын Оңтүстік Сібір тайпаларымен және Ре-сейдің
еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпа-ларымен
көптеген ұқсастықтары болды. Ұқсастықтарына қарай ежелгі грек авторлары
сақтарды Азиялық скифтер деп атады. Көшпелі өмір, Еуропа мен Азияның
далалық тайпаларының арасындағы тұрақты байланыс және сақтар мен
скифтердің Алдынғы Азия мемлекеттеріне біріккен жорықтар жасауы
материалдық мәдениетте ортақ белгілердің тууына себеп болды. Сақ тайпасы
атауының мағынасын ежелгі парсы ес-керткіштері құдіретті еркектер деп
түсіндіреді. Иран жазбаларында оларды жүйрік атты турлар деп атаған. Скиф-
сақ қоғамы әскер саны-ның көптігі, соғысудағы шеберлігі, атты әскерді жиі
қолдануы, соғысу тәсілінің әр алуандығы жағынан әскери қоғам болды.
Кейбір зерттеушілердің, оның ішінде әсіресе шығыстанушылар мен
қазақстандық археологтардың пікірінше, сақ тайпалары мен тайпа одақтары үш
топқа бөлінеді. Олар: теңіздің арғы жағындағы сақтар, хаома сусынын
дайындайтын сақтар, шошақ бөрікті сақтар.
Теңіздің арғы жағындағы сақтар Қара теңіздің солтүстігінде, Арал
теңізінің маңында (Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында) тұрды. Шошақ
бөрік киіп жүретін сақтар Сырдарияның орта ағысында, Тянь-Шаньда, Жетісуда
тұрды.
Хаома сусынын дайындайтын сақтар Мұрғаб аңғарында өмір сүрді.
Сақтардың аримаспа деген тайпасы және алтынды қызғыштай қору-шылар
алтынға бай Алтайды мекендеген.
Сақ тайпалары сонымен қатар Қазақстанның орталық, солтүстік
аймақтарында, Оралдың оңтүстік өңірлерінде мекендеген Сақтардың пайда
болуы. Б.з.д. Х-V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен Дунайға дейінгі
аралыққа қатысты тарихи мәліметтерде парсыларша сақ, гректерше скиф
деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпа-лар тұрған.
Дарийдің Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған
текстерінде сақ тайпаларының 3 тобы аталады. Олар: хаомаварга сақтары(хаома
ішімдігін дайындайтын сақтар), парадараия сақтары (теңіздің арғы жағындағы
сақтар), тиграхауда сақтары(шошақ бөрікті сақтар) деп аталады.
Сақтардың ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу,
Іле жағалауларында қырғыз және жоңғар Алатауының бөктерінде, Кеген мен
Нарынқолдың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан
табылған.
Скиф-сақ бірлестігінің өмір сүрген кезеңі, көне тарихшылардың дерек-тері
мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қо-ғамның ыдырау
кезіне тура келетін сияқты. Сол тұсты (В.В. Бартольдтің айту-ынша) түркі
тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.
Қазіргі Алматы тұрған жерді сақтар мекендеген. Оларды грек ше-
жіресінде масагеттер деп атаған. Тарихтың атасы деп танылған Геродот
айбарлы масагеттер туралы былай деп жазады: Бұл халық өзінің көпті-гімен
және жаугершілігімен көзге түседі. Масагеттер киген киімі, тұрмыс-салты
жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді:
массагеттер, дайлар(дахилар), каспилер, исседондар, аримаспа-лар, аландар,
кейінректе савроматтар мен сарматтар. Олардың арасында көнедегі аңыздарда
айтылатын алтын қорыған құймалар деп аталатын тайпалар мәдени жағынан
жоғары сатыда болды.
Массагет, яксарт туралы Көк теңіздің, Арал теңізінің солтүстігінде жә-
не шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан ерте
заманда Сырдария яксарт деп аталған. Дайлар (дахилар) тайпасы Сырдарияның
төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир-
Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауын басып,
өтіп, шығыс солтүстігін Алтайдың сілемдеріне дейінгі, сол-түстігінде Балқаш
көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі жерлерді қо-ныстанған.
Исседондар тайпасы Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс
жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекндеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың солтүстігін және шығыс солтүс-тік
жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған.
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде,
шығыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі
жерлерде тұрғаны белгілі.

Геродот берген деректер мен кейінгі қара жұмыстарының материалдарына
сүйенген біраз ғалымдар сақтарды-скифтерді Қаратеңіздің оң-түстік батыс
жағалауын түгел, Дунайдың сағасына дейін, Төменгі Буг пен Днепрден Азов
теңізіне дейінгі аралыққа орналастырса, енді біразы олар-ды Еділдің төменгі
ағысынан шығысқа қарайғы кең алқапты мекендеді дейді. Соңғылардың айтуына
қарағанда, сақтар-скифтер бұдан кейін Еділдің батыс жағалауына өтіп, одан
терістік Кав-казға келген. Содан қазіргі Дағыстан мен Дербент асуы арқылы
Әзірбайжан жеріне өткен.
Геродот масагеттер туралы: Массагеттер киім киісі мен тұрмыс-салты
жөнінен скифтерге ұқсас. Олар салт атқа мініп те, жаяу жүріп те шайқа-сады.
Соғыстың екі әдісін білді: садақ тартып, найзамен де шайқасады. Әдетте
айбалтамен қаруланған. Олардың барлық заттары алтын мен мыстан жасалған.
Бас киімдері, белдіктері және арналдары алтынмен безендірілген. Олар
аттарына арналған өмілдірікті мыстан жасаған. Керісінше, жүгенді,
ауыздықты, құйысқанды алтынмен әшекейлеген. Темір мен күмісті мүлде
қолданбады. Өйткені олардың елінде алтын мен мыс көп болған, ал әлгі
металдар мүлде жоқ болған. Олар ешнәрсе екпеді. Үй жануарлары мен Аракс
өзенінен аулайтын мол балықты тамақ етті. Құдайлар мен күнге ғана табынып,
оған құрбандыққа жылқы шалды. Мұ-ның мәнісі-құдайлардың ең жүйрігіне ең
жүйрік жануар шалады дегенге саяды.
Страбон сақтар мен массагеттер туралы:”Бұрын Қара теңіздің Дунайдың,
Адрияттың жағасында тұратын халықтар-гипербарейлер, сарматтар, аримаспалар,
ал Каспий теңізінің арғы жағында тұратындар-сақтар мен мас-сагеттер деп
аталған”. Массагеттер тек күнді ғана құдай деп санады, оған құрбандыққа
жылқы шалды. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп.
Жазықтықта тұрсада, олар егіншілікпен айналыспа-ды, қайта көшпенді скифтер
сияқты мал бағып, балық аулап, тіршілік етті. Бұл халықтың тұрмыс-салты,
зираттары ортақ, мінез-құлқы бірдей, бәрі де дөрекі, жабайы, жаугер, бірақ
турашыл-уәдесінен айнымайды және ат құлағында ойнаған қайсар халықтар
болды.
Грек авторы Ктеси:”Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде
ерлеріне көмек көрсетеді”-дейді.
Алимент Александр былай деп жазды:”Соғыс ісімен ерлерден кем
шұғылданбайтын сармат әйелдерін білемін, ерлермен бірдей садақпен оқ ататын
басқа да сақ әйелдерін білемін”.
Геродот пен Страбон әңгімелерінде массагеттердің қаһармандығы туралы
және олардың А.Македонский армиясында 3 жыл партизан соғысын жүргізгендігін
айтады. А.Македонский массагеттерді соғыста тізе бүктіре алмады. Олар шөлге
шегініп кетті.
Сақтардың замандастары олардың әскери өнерін жоғары бағалады. Мысалы,
А.Македонский жағында сақтардың атты әскері болған. Аһрианның “Ана-базис”
кітабынан мәлім болғанындай, ұлы Алексан-дрдың бойшаң жауынгерлерінің өзі
сақ жауынгерлерінің иығына әрең жетеді.
Геродотта скифтердің әскери әдет-ғұрыптары былайша суреттеледі:Скифтер
алғашқы өлтірген жауының қанын ішеді де, өлген қарсыласының басын патшасына
әкеледі. Өйткені ол өзі мертіктерген жауының басын әкелмесе, түскен олжадан
өз үлесін ала алмайды. Құлақтың түбін айналдыра кесіп, бас терісін сылып
алады да, оны қолдан жұмсартып, өзі мініп жүрген атына байлап алып жүреді.
Көптеген скифтер одан жамылғы тігіп алады. Жауларының бас сүйегін өңдеуден
өткізеді де, оның қас-тан төменгі бөлігін терімен қаптап, пайдасына
жаратады. Ал егер жеңімпаз дәулетті адам болса, бас сүйектің ішін алтынмен
аптайды да, оны тостаған ретінде пайдаланады.
Сақ, скиф деп аталатын тайпалардың өз алдына ханы болған. Ханның әмірі
күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан.
Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын қанатып, шашын
жұлып, бетін жыртып, көзін тырнаған.
Қазіргі Жетісудың жері сол заманда сақ патшаларының орталығы болған
көрінеді. Өйткені бүл өңірлерде басқа жерлердегіге қарағанда қорғандар көп
кездеседі. Ішкі Азия аудандарында байырғы замандарда сары шашты, көк көзді
тайпалар тұрған деседі. Б.з.д. ІV ғасырда өмір сүрген Чжоу әулеті жөнінде
жазған Қытай шежірелерінде сары шашты, көк көзді бес тайпа бар екені
айтылады. Олар қытаймен үнемі жауласып келген. Бас сүйегінің бітісіне
қарағанда олар еуропалықтарға ұқсайды екен. Бұл тайпаларды оңтүстік
қытайлар ди деп атаса, солтүстіктері динди деп атаған. Кейін ғалымдар
оларды үнді-герман тегінен шыққан халықтар қатарына жатқызады. Бірақ бұл
тұжырым теріс болса керек. Мину-синск аңғарындағы қабірлерді зерттеудің
нәтижелері бұл тұжыры-мның іргесін шайқалтады.
Сақтардың өнері мен саудасы. Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығы
неғұрлым жарқын көріністері расында қолданбалы өнер ерекше орын алады. Оның
басты компоненті б.з.д. VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, Сібірдің,
Қазақстанның, Орта Азияның және Шығыс Еуропаның оңтүстігінің тайпалары
арасында тарған аң стилі деп аталатын өзін-ше бір үлгідегі бейнелеу формасы
болды.
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны
бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң
стилінің өнері деп аталады. Оның негізгі тақырыбы аңдарды, хайуан-дарды
және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды. Маз-мұны жағынан
мифологиялық, формасы жағынан реалистік аң стилі өне-рі сәндік сипатта
болды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер,
қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың
сабын әшекейлеу үшін қолданылады. Ертедегі шеберлер көп жағдайда
заттардың пайдалылығын бейнелеудің мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп
отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние
жүзіндегі ең таңдаулы үл-гілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің
шығармашылығы өзде-рінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты
бейнелеріне жақын болды. Сақ шеберлері осыдан арқар мен тау текенің, қасқыр
мен қоян-ның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген.
Аңдарды бейнелеуде әр түрлі материялдар қолданылды. Бізге дейін жеткен
бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден
жасалған бұйымдар анағұрлым аз. Сондай-ақ ағаштан, теріден, киізден
істелген аңдардың бейнелері де кездеседі.
Аң стилендегі өнерді шартты түрде үш кезеңге:көне заманғы кезеңге, өрлеу
мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады.
Көне заман кезеңіне(б.з.д. VІІІ-VІ ғасырлар) аңдарды бір орында тұр-ған
қалпында жеке және ішінара бейнелеу тән болып келеді. Тау текенің, арқардың
мүсіндері, басын көтеріп жатқан қабанның немесе түрегеп тұр-ған жыртқыштың,
аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғы-лардың бедерлеп салынған
суреттері көп кездеседі.
Қос шеңберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар ау-
дарарлық:текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайлан-ған
кейпінде, бастарын тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері
арқаларына тиіп тұр (Тасмола, Орталық Қазақстан), Жетісудан (Қызылтоған)
табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы
реалистік тұрғыда көрсетілген. Мүсіндер ұзын конус тә-різдес төлкелерге
орнатылған. Ертедегі қола құю өнерінің тағы бір үлгісі — Солтүстік
Қазақстаннан табылған басын жоғары көтерген және мүйіз-дері бірнеше рет
бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы — балғашотқа (Бурабай)
салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылған заттардың арасында
үлкен мүйіздерін арқасына қайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған шағын
мүсіндері ерекше көзге түседі.
Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып
әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып
әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс бол-ған.
Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануар-
лардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес
бейнелердің ең ертедегі үлгілері Еуразия далаларының шығыс аудандар-ынан:
Солтүстік Тувадан (Аржан), Қазақстаннан (Майәмір, Шілікті, Ұйға-рақ)
табылған.
Б.з.д. VI—IV ғасырлардағы екінші кезеңде жеке өзі, бір орында тұрған
күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орныныа құрылымы күр-делі,
динамизмге толы сюжеттер шығады. Жүріп келе жатқан аңдардың бедерлі
бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шөп қоректі
жануарларды тарпа бас салып жатқан көріністері бар компа-зициялар көбірек
кездеседі. Атыла ұмтылған қозғалыс мүсіндердің бұра-тылуы тәсілімен
беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі бүктетіл-діре салынады.
Аңдар таласының тақырыбы Батыс Сібірден және оған іргелес жатқан
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарынан алынған І Петрдің Сібір
коллекциясы деп аталатын экспанаттарда ерекше айқын көрінеді 4. Осы бірегей
коллекцияның көптеген алтын тоғаларында жыртқыштар мен жыртқыш құстардың
жылқыларға, текелерге, бұғылар мен бұландарға шабуылдары, жыртқыштардың
өзара таласы, жыртқыштардың жылан-мен, түйемен арпалысы бейнеленген.
Қазақстан территориясынан табыл-ған басқа да археологиялық олжаларда жаңағы
нышандар байқалады. Алайда бұл территориядағы сақтар өнерінің оны
Еуразияның аң стилі та-раған басқа аймақтарынан айыратын ерекше сипаттары
да бар. Мұнда статикалық кейіпте берілген хайуандар бейнесі біршама ұзақ
уақыт сақ-талады, ол кейбір жағдайларда көп фигуралы композиция түрінде
көрі-неді. Мәселен, Жетісудың кейбір құрбандық ыдыстары мен қазандарын-дағы
аңдар шеруі көріністері осындай 5.
Есік обасынан табылған сақ ақинақ-қанжары өте-мөте шебер жасал-ған.
Оның сабынан жоғары екі жағына алтын қаптырмалар көмкерілген. Олардың
бірінде жұқа бедермен он екі, екіншісінде — тоғыз, жатқан күй-індегі аңдар
бейнеленген. Олардың арасында жыланның, түлкінің, қас-қырдың, қоянның шағын
мүсіндері бар. Бұлардың барлығы ерте кезең өнеріне тән болған статикалық
кейіпте берілген.
Б.з.д. ІІІ — ІІ ғасырларда аң стиліндегі өнер біртіндеп құлдырай
бастайды. Аң стилі бірте-бірте ою-өрнекке айналады. Оның орнын түсті тастан
көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын
полихромдық деп аталатын стиль басады. Жануарлар дү-ниесінің бейнелері
схемаға айналып, бай полихромдық өрнекке сіңеді де, қолданбалы өнер
туындылары шығады.
Осы үш обылыста б.з.д. І мың жылдықтың аяғында сақтар өнеріндегі стилін
ығыстырған полихромдық өнердің негізі қалыптасқан да болуы мүмкін. Бірақ
оның реалистік бейнелері жоғалып кеткен жоқ, жұрнақ түрінде кейінгі кезеңде
де сақталып қалды.
Аң стилінің шығуы жөнінде тарихи әдебиетте екі негізгі көзқарас бар.
Бірінші болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары бұл өнерді Алдыңғы Азиядан
қабылдаған деп санайды 6 . Еуразияда оның пайда болу мерзімін б.з.д. VІІ
ғасырдың 70-жылдарында Манней патшалығы мен Мидияның солтүстігіне таман
орналасқан аймаққа скиф тайпаларының кіруімен бай-ланыстырады.
Мидиялықтармен этникалық жағынан туысқандық және мәдени жақындық скиф-
сақтар арасында көне шығыс өнерінің кейбір үл-гілерінің тез тарауына
себепші болды, кейін бұл үлгілерді скифтер мен сақтар өздерінің тағамдары
мен қажеттеріне бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен б.з.д. V ғасырдан бастап
еуропалық және азиялық өнердің даму жолдары түбегейлі ажырайды, ғалымдардың
пікірі бойынша, мұның өзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге көне Греция
ықпалының күшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен өнеріне Алдыңғы
Азияның Ахеменид өнерінің тікелей ықпалы болды.
Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі өнерінің қалыптасуына Алдыңғы Азия
мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бұл ықпал б.з.д. VІ
ғасырдың соңынан бастап,Ахеменид уақытында ерекшше күшті болды делінеді.
Нақ осы кезеңде сақ өнерінде оған бұрын тән болмаған арыстанның, жарты
денелі арыстан самұрықтың бейнелері, негізгі фи-гурасы қасиетті ағш не
құдайдың мүсіні болып табылатын геральдикалық композициялар, гүлдер немесе
лотос түйнегі түріндегі өсімдік тектес ою-өрнектер пайда болды.
Алайда,жалпы алғанда аң стиліндегі өнердің шы-ғуын бұл зерттеушілер
жергілікті ортамен байланыстырады,оның тууын кейінгі қола дәуіріне
жатқызады,ал оның шыққан негізі карасук мәдени-еті деп аталатын мәдениеттің
мүсіндік бейнелері және неғұрлым арғы замандағы тотемдік бейнелер деп
санайды .
Аң стилі өнерінің мазмұнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса
айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы көбірек ықтимал. Скиф-сақ
өнерінің тақырыбына кіретін хайуандар бейнелері нақты этни-калық және
тайпалық топтардың тотемдік арғы тегін бейнелейді. Әр түр-лі бұйымдарға
салынған бұл мүсіндер өзінше бір үлгідегі бойтұмарлар (апотропейлер) мен
тұмаршылар қызметін атқарды. Сонымен бірге аң стилі өнері мазмұны жағынан
мифалогиялық өнер болды. Бұл өнер алле-гориялық формада, аңдар таласының
көптеген сюжеттерінде шиеленіс-кен тартысқа толы рулық және тайпа аралық
күресті бейнеледі.
Сақ заманында, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде, дала
тайпаларында қаһармандық эпосы пайда болады. Ертедегі эпостың кейбір
бейнелері мен сюжеттері барынша өзгерген және түрленген күйін-де біздің
заманымызға дейін жетті. Қаһармандық эпосының кейбір тақ-ырыптары, мәселен,
аңшылық ерліктерінің, батырдың қайта тірілуінің көріністері, батырлардың
соғыс жорығынан оралуы І Петрдің Сібір кол-лекциясындағы сақтардың алтын
тоғаларында бейнеленген 9.
Сақтардың қолданбалы өнерінің маңызды түрі ою-өрнек болды, ол аң стилі
өнерімен қатар, онымен өзара байланыста дамыды. Алайда көркем-дік металға
қарағанда ою-өрнек өнерінің ескерткіштері аз сақталған, өйт-кені ою-өрнек
салынатын органикалық негіз (тері, киіз, ағаш, жүн мата-лар) тез шіриді.
Сондықтан да ою-өрнек шығармашылығының кейбір үл-гілері тек ерекше қолайлы
жағдайларда ғана, мәселен, оба тоңында сақ-талған, оның ішінде бұл үлгілер
Алтайдың Пазырық қабірлерінен табыл-ған.
Сақ заманындағы ою-өрнектің бірнеше түрін: геометриялық, өсімдік тектес,
зооморфтық, сиволдық түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Сақтардың металдан, киізден жасалған бірқатар бұйымдарында және
керамикасында сақталған геометриялық ою-өрнек өзінің бастамасын Ан-дронов
тайпаларының өнерінен алады. Ол сақ бұйымдарында үш бұрыш-тар, шеңберлер,
ромбылар, шаршылар, шыршалы, меандрлық және шең-бер бөліктері тектес ою-
өрнек түрінде болып келеді. Өсімдік тектес ою-өрнектің мұншалықты көне
жергілікті дәстүрлері жоқ. Оның басты-басты әуендері қатарында лотостың
түйіндері мен гүлдері, шырмауық өсімдік-терінің өрмесі, гүл тізбегі, үш
салалы жапырақтар түрінде болды. Кейбір ою-орнек әуендері, мәселен, лотос
Ежелгі Шығыс өнерінің ықпалынан туған.
Символдық ою-өрнектің негізі табиғат күштері аспан шырақтарына
сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық үлгісіндегі
фигуралар күннің эмблемасы болды; бұйра толқындар сарыны бұрама ирек
түріндегі қисық сызық белгілерімен, S — тәріздес фигуралармен бе-рілді.
Қазақстан территориясында жаппай тараған петроглифтер — жар-тастардағы
суреттер де сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады. Әдетте
ертедегі суретшілер оларды күнге күйіп, бетін қоңыр тат басқан жартастарға
үшкір металл құралдармен салған. Петроглифтер түрлі әдістермен: бейненің
бүкіл көлемін тескілеп оюмен, сызық нобайымен, ойып түсірілген сызықтармен,
қырып түсірумен салынған. Кейде бір бейненің өзі әр түрлі екі-үш әдіспен
салынатын болған.
Жартастардағы суреттер сақ тайпаларының күрделі де сан салалы көркем
шығармашылығының бейнесін әжептәур толықтыра түседі.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен байланыс жа-сады.
Б.з.д. І мың жылдықта Еуразия далалары мен тау аймақтарында Батыс пен
Шығыс, Жерорта теңізі мен Қытай елдерін байланыстырған дәстүрлі халықаралық
жәрмеңке өткізіле бастады.
Ұлы Жібек жолының лазурит пен нефрит тасылатын жекелеген бөлік-тері
болды. Памирден шығатын лазурит Иран мен Месапатамияға, неф-рит —
Қашқариядан Қытайға тасылды.
Б.з.д. І мың жылдықтың ортасында дала жолы жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Сақтардың соғыс стратегиясы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Сақ тайпаларының орналасуы
САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР
САҚ ӨНЕРІ
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Саясаттану ғылымы әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Пәндер