Балалар құқығын қорғау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
І - тарау. Балалар құқығын қорғау: тарихы мен дамуы.
1. 1. Балалар құқығын қорғау саласындағы алғашқы қадамдар мен даму тарихы.
1. 2. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым - БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызметі.
1. 3. Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
І. Балалар құқығын қорғау ұйымдары және Қазақстандағы балалар құқығының орын алу мәселесі
ІІ. Балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастық және балалар құқығын сақтау бағытындағы шаралар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта балалар күні әлемнің көптеген елдерінде ерекше аталып өтілетін мерекелердің бірі. Бұл күн соңғы кезде елімізде «Балаларды қорғаудың халықаралық күні» болып аталып жүр.
Алғаш рет бұл бастаманы балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғау үшін 1949 жылы БҰҰ өз қолына алған. Бас Ассамблеяның қолдауымен БҰҰ-ға мүше елдерге ұсыныс ретінде айтылып, бес жылдан соң, 20 қараша күні «Балалар құқығы жөніндегі декларация» қабылданады. Ал 1989 жылы 20 қарашада «Балалар құқығы жөніндегі конвенцияға» қол қойылады. Балалар құқығын қорғаудың заңнамалық тұрғыда дайындалғаны, қазіргі таңда әр жылдың бірінші маусымы күні әлем бойынша тойланатын балалар күнінің пайда болуына септігін тигізді. Сондай-ақ дәл осы күн болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балалардың қамын жасаудан туындайды деп шешкен.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
«Сандж» зерттеу орталығы өткізген жұмыстың нәтижесі еліміздегі кейбір мемлекеттік мекемелерде балалар құқықтарын бұзу оқиғаларының орын алатындығын көрсетті. Атап айтқанда, зерттеуге қатысқан 8-9 жасар 1 мыңға жуық балалардың 50 пайызы мазақтап-басыну, намысқа тию, психологиялық және физиологиялық зорлыққа тап болғандығын жеткізген. Мектеп-интернаттардағы балалар арасындағы жарақат салу көрсеткіші 13-14 пайыз болса, мекеме қызметкерлері тарапынан қол жұмсау фактілерінің саны 35-41 пайызды құрап отыр. Әйтседе, жалпы сауалнамаға қатысқан балалардың 89 пайызға жуығы мемлекеттік мекемелерді қауіпсіз жер ретінде қарастырады екен. Олардың тек 6-14 пайызы ғана өз құрдастары мен мекеме қызметкерлерінен қорқатынын айтқан.
Бұл аталып отырған фактілер «балалар - бізідің болашағымыз» деген ой тұрғысынан алғанда балалар құқығын қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болуы қажеттігін көрсетеді.
Бұл мәселе әлі ғылыми зерттеу аясына толық ие бола қоймаған жаңа мәселе деп айтуымызға болады. Арнаулы зерттеулер көлемі аз. Көпшілік материалдар публицистикалық, ақпараттық тұрғыда орын алады.
Осыған орай менің мақсатым балалар құқығының қорғалу мәселесін зерттей, отырып, оның маңыздылығына баға беруге тырысу. Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін алдыма келесі міндеттерді қойды:
- балалар құқығын қорғау ұйымдарына тоқталу және бұл ұйымдардың негізгі шараларын талдау;
- Қазақстандағы балалар құқығының кемсітілуі мен оның қорғалу жағдайларын нақты фактілер бойынша саралау;
- Балалар құқығын қорғау мәселесін аймақтық тұрғыда шешудегі Қазақстан мен Орта Азия елдерінің ынтымақтастық шараларын айқындау;
- Мәселенің оң және теріс жақтарына баға беру.
ІІ - тарау. Балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастық: Қазақстан мен Орталық Азия.
2. 1. Орталық Азия мен Қазақстанның балалар құқығын қорғау саласындағы аймақтық ынтымақтастығы: кезеңдері мен даму перспективалары.
2. 2. Аймақтық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шаралар мен форумдар. Или Балалар құқықтарын қорғау саласындағы негізгі проблемалар.
2. 3. Балалар құқығын қорғаудың әмбебап және аймақтық жүйесіндегі Қазақстан.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Балалар құқығының қорғалу деңгейі - кез-келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Бала - бұл көпшілік жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан жапа шегетін азаматтар категориясы.
Қазіргі әлемдік қауымдастықтың дамуы балалар құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек екендігін анықтап отыр. Адам құқығы мен бостандығының заңдылық тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени т. б. жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шарттары болып табылады. Адам құқығы, оның қамтамасыз етілуі - әлемдік тұрақты даму стратегиясының маңызды факторы болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемелекет дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен егемендігін паш етіп, өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітіп, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік саласына елеулі өзгерістер енгізді - нарықтық экономиканы, көппартиялық жүйені қалыптастырды, қоғамдағы көптеген демократиялық және құқықтық институттарды нығайтты.
Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы өз Конституциясында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатынын, мақұлдап бекітті. Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты шарты азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Біріккен Ұлттар Ұйымы өз құжаттарында және жүргізіп жатқан шараларында қауымды адам құқықтары туралы ақпаратпен қамтамасыз етудің қажеттілігін дәлелдеуде, сонымен бірге бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі болып табылатын білім беру ұжымдарына үлкен сенім артады. Қабылданған Декларацияларда және Адам құқығы туралы Бүкіләлемдік конференция (1993ж. ) адам құқығын оқытуға ерекше назар аударуға көңіл бөлді, жекелей алғанда «барлық мемлекеттер мен мекемелер адам құқығы мәселесін, адамгершілік құқығын, демократия мен заңдылықты барлық оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу», «адам құқығы саласын кеңейтіп оқытуды қамтамасыз ету, нақты бағдарламалар құрастырып, негізгі бағыттарды анықтау» мәселелерін көтерді. Осы жағдайда жастардың құқықтық мәдениеті, адам құқығы мәдениетінің қажеттілігі артты, яғни жастар тек қана Конституцияны, өз елінің заңдарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін ғана біліп қоймай, сонымен бірге өзінің құқықтары мен заңдылық мүдделерін қорғай алуы, мемлекеттік және қоғамдық өмірде белсенділігін арттыруы, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың аса қажетті мүшесі болуы керек. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропа Елдерінің Қауіпсіздік Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы, адам құқығы туралы маңызды Пактілерге қосылуы, өлім жазасының алынып тасталуы және қазіргі саяси оқиғалар аталмыш дипломдық жұмысының өзектілігін анықтап отыр.
Отбасы дағдарысы, көптеген отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі отбасылық қатынастардың бұзылуы, бұзылған некелер санының артуы балалар жағдайының төмендеуінің күрделі алғышарттары болып табылады. Соңғы жылдары орын алып отырған қайта құрулар балалық мәселесін күрт шиеленістіріп, шешімдердің біржақты еместігін белгілеп берді.
І - тарау. Балалар құқығын қорғау: тарихы мен дамуы.
1. 1. Балалар құқығын қорғау саласындағы алғашқы қадамдар мен даму тарихы.
Халықаралық балалар құқықтарын қорғау - тарихи тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде жас құбылыс. Балалардың құқықтарн қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы - Ұлттар Лигасының Женева балалар құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары туралы декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.
Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, онда Балаларды қорғау мейрамы 1949 жылы қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы Кеңесі сессиясы шешімімен бекітілді. Жыл сайын жаз айының бірінші күні - 1 маусымның - келуімен атап өтіледі. Алғаш рет балаларды қорғау күні 1950 жылы дүниежүзінің 51 елінде өткізілді.
Алғашқыда БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалар құқығын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. 1924 жылы жарияланған балалар құқығы туралы Женева декларациясына сәйкес балалар құқығын әлеуметтік қорғау қажеттілігі жарияланды. Балалар құқығы Декаларациясы 1959 жылы 20 қарашада қабылданды және тәрбие, білім, әлеуметтік қамсыздандырылу, нәсіліне, ұлттық ерекшелігіне, қоғамдық шығу тегіне, мүліктік жағдайын және т. б. қарамастан физикалық және рухани даму саласындағы балалардың тең құқығы жарияланды.
Декларация ата-аналарын, қоғамдық ұйымдарды, үкіметті балалар құқығын мойындауға және олардың жүщеге асырылуына ат салысуына шақырады. Балаларды қорғаудың халықаралық күні жыл сайын дүние жүзінің 30-дан астам елінде атап өтіледі. Балаларда үлкендермен салыстырғанда құқықтары кем емес. Алайда балалар құқығын бұзумен байланысты жағдайлар көптеп кездеседі. Мысалы, статистика бойынша, ондаған млн. балалар дәрі-дәрмектердің жетпеуінен жапа шегеді, медициналық көмектің жоқтығынан өледі, 100 млн. балалар білім мекемелерінің жоқтығынан қажетті білімдерін ала алмайды. Көптеген балалардың туған үйлері жоқ және аштықтан жапа шегуде, ал көптеген, жақсы дамушы елдерде, балаларды тегін жұмысшы күші ретінде пайдаланады және тіпті құлдыққа да сатады. Соңғы жылдары балалар органдарын трансплатацияда қолдану туралы жиіркенішті ақпараттар пайда болды.
Барлық осы фактілер, сөзсіз, үлкендерді балаларға, олардың мәселелерін шешуге, барлық дүние жүзінде балалар өмірін жақсартуға көмек беруге шақыруға міндетті.
Қазіргі таңда балалар мәселесі бойынша әлемде арнайы бағдарламалар қарастырылуда. Балалардың жағдайларын шешу барысында әр түрлі саясаттар іске асырылуда. Соңғы жылдары БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша белсенді және сәтті қызметінің нәтижесінде бала мәселесі айтарлықтай жақсарды, 100 мыңдаған балалар өмірі сақталып қалды, ал миллиондаған балалар нағыз бақытты балалыққа қол жеткізді. Біз әр жаңа мектептің, балалар емханасының және ауруханалардың, балалар үшін интернаттар мен балалар үйінің салынуымен барлық ғаламшардың болашағы құрастырылатындығын түсінуге тиіспіз. Мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылған қазақстандық «100 мектеп, 100 аурухана» Бағдарламасы соның жарқын мысалы. Бала және анаға деген қамқорлық Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылардың артуынан және демографиялық жағдайдың оң дамуына әсер ететін басқа да жағдайлардың жақсаруынан көрінеді. Тағы бір мысал: Европалық Одақ 2008 жылдан бастап Қазақстанда балалар құқығын қорғау саласындағы жобаны жүзеге асырып келеді. «Баланы қорға!» - бұл біздің республикамызда бала құқығын қорғаудың неғұрлым тиімді механизмдерін жасауға көмектесетін жоба. Бағдарламаның басты мақсаты адам құқығы мәдениетін арттыру және жергілікті қауымдастықты, ата-аналарды және балаларды балалар құқығын қорғау процесіне тарту болып табылады. Жоба балалар, ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлер үшін заңды және әлеуметтік-психологиялық тренингтер қарастырады. Олар Астананың 25 мектебінде ұйымдастырылды. Одан басқа, балалар құқығының сақталуы жағдайларына мониторинг жүргізу және тегін заң және психологиялық көмек көрсету жоспарланған. Жобаны Қазақстандық «Центр социальной адаптации детей» атты қоғамдық ассоциация жүзеге асырды. 2002 жылы тамыз айында «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» ҚР Заңы шықты. Заңның екінші тарауының, алтыншы бабында балалар мүддесі үшін мемлекеттік саясат мақсаттары аталады. Бұл:
1) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың бөлінушілігіне жол бермеу;
2) балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін упрочение, сондай-ақ олардың құқықтарының бұзылған жағдайында қалпына келтіру;
3) балалар құқығының заңды негіздерін кепілдендіруді қалыптастыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша сәйкесінше органдар және ұйымдар құру;
4) балалардың физикалық, интеллектуальдық, рухани және адамгершілік дамуына, оларда патриоттылықты тәрбиелеуге көмектесу;
5) кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмысты қамтамасыз ету.
1. 2. Балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйым - БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызметі.
ЮНИСЕФ - бұл БҰҰ-ның Балалар қоры - Біріккен Ұлттар Ұйымы. ЮНИСЕФ жұмысының негізгі мақсаты - балалар құқығын қорғау және қауіпсіз, дені сау және бақытты балалыққа балалар құқығын қолдау. ЮНИСЕФ (UNICEF - United Nations International Children’s Emergency Fund, халықаралық төтенше балаларға көмек қоры) атауы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары болған балаларға көмек үшін қор құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешім қабылдаған кезде 1946 жылы пайда болды. Кейіннен Қор ЮНИСЕФ аббревиатурасының сақталуымен БҰҰ Балалар қоры деп аталды.
ЮНИСЕФ Балалар қоры 1945 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші конференциясында негізі қаланды. Қор Екінші дүниежүзілік соғыстан жапа шеккен балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылғандықтан, қордың бірінші атқарушы директоры Морис Пэйт: «Балалардың арасында жау жоқ», - деп мәлімдеді. Ол балалар мүдделерін соғыстан кейінгі әлемдегі саясаттан жоғары қойды.
Алғаш рет Омбудсмен мектебі 1809 жылы Швецияда пайда болды, ал Ұлы Отан соғысынан кейін Омбудсмен институттары басқа да мемлекеттерде пайда болды.
Омбудсмен қызметінің негізгі бағыттары:
- нақты бір жағдайдағы, нақты бір баланы қорғау;
- Балалар құқығын қорғауға қатысты билікті бақылау;
- Заң процестеріне қатысу;
- Балаларға құқықтық білім беру;
- балалар құқығын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
1992 жылы ақпан айында БҰҰ Балалар қоры және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық балалардың жағдайына баға беру үшін жас тәуелсіз республикаға өзінің бірінші миссиясын ұйымдастырды. Бұл миссия Қазақстандағы ЮНИСЕФ қызметіне бастама болды, оның алғашқы жобасы қызылша мен полимилитке қарсы барлық балаларды иммунизациялау болды.
2007 жылы ЮНИСЕФ Қазақстан территориясындағы өз қызметінің 15-жылдығын атап өтті. ЮНИСЕФ мандаты өткен он бес жыл ішінде айтарлықтай өзгерді: вакциналарды, дәрі-дәрмектерді жеткізуден және басқа да материалдық көмек көрсетуден басқа қоғам потенциалын нығайтуға және отбасы және бала мүдделері үшін алдыңғы қатарлы озық әлеуметтік технологияларды енгізуге көшті.
ЮНИСЕФ БҰҰ жүйесіндегі агенттіктердің ішінен алғашқылардың бірі болып бұрынғы астанамыз Алматыдан көшті және Қазақстанның жаңа астанасы - Астанада өзінің өкілділігін ашты. Қазіргі таңда ЮНИСЕФ офисінде Астанада 30-ға жуық қызметкер, және Алматыда бес қызметкер жұмыс жасайды. Барлық қызметкерлер - жоғары санатты мамандар және Балалар құқығы туралы Конвенцияны жүзеге асыруды өздерінің басты міндеті санайды.
1946 жылы құрылған және бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалар және Ұлттық комитеттер арқылы 191 елде жұмыс жасайтын БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әр баланың құқығы сақталатын әлемді құруға көмектесетін қозғаушы күш болып табылады. Ол шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға ықпал көрсету үшін ғаламдық беделге ие. Бұл ЮНИСЕФ ұйымын өскелең ұрпақпен жұмыс жасаушы дүниежүзілік, сондай-ақ аймақтық ұйымдар арасында әмбебап ұйым ретінде көрсетеді.
2011 жылдың 12 қыркүйегінде Астана қаласында Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тың жаңа өкілі Джун Кукита мырза өз миссиясын маңызды мемлекеттік серіктестіктермен бірқатар кездесулер өткізумен бастады. 2011 жылы 7 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстан Республикасының сыртқы істерінің Вице-министрі Қайрат Умаровпен кездесті, кездесу барысында сенім грамоталары табыс етілді. Тараптар ағымдағы ынтымақтастық және Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің болашақ серіктестігінің перспективалары мәселелерін талқылады.
9 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстандағы адам құқықтары бойынша Өкіл Асқар Шакир мырзамен кездесті. Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттар бойынша ортақ келісімге келді.
10 қыркүйекте Кукита мырза Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гульшара Абдикаликовамен кездсеу өткізіп, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы балалар және жастар құқығын қорғау мәселесіне қатысты пікір алмасты және болашақтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
ЮНИСЕФ балалар құқығын қорғау бойынша бірінші халықаралық ұйым болды, және бүгінде ЮНИСЕФ балалар құқығы туралы Конвенцияны жетекшілікке алады. В 1994 году, в начале своей работы в Казахстане, Правительство страны обратилось к ЮНИСЕФ с запросом сосредоточить усилия на Кызылординской области. Ввиду экологической катастрофы Аральского моря, Кызылординская область стала предметом особого внимания местных властей и ЮНИСЕФ. В этой связи в области была проведена большая работа по улучшению питания и здоровья матери и ребенка, а также по повышению качества услуг здравоохранения и образования.
Начиная с 1998 года в сотрудничестве с другими агентствами ООН и местными государственными органами, мы реализуем совместный проект по развитию человеческого потенциала в Семипалатинском регионе, помогая детям, пострадавшим от ядерных испытаний. Мы оказываем содействие местному обществу в переходе от реабилитации к развитию в рамках планирования, реализации и мониторинга экономического, социального и культурного благосостояния региона. При этом в ходе всех работ ЮНИСЕФ уделяет особое внимание вопросам охраны здоровья матери и ребенка.
Кампания по вакцинации стала первой программой ЮНИСЕФ в Казахстане. Тогда была локализована эпидемия дифтерии. Количество случаев заболевания корью было значительно снижено, а случаи заражения полиомиелитом были сведены к нулю. Казахстан стал первым государством среди стран СНГ, проводящим вакцинацию всех новорожденных против гепатита «B». Еще одной серьезной проблемой, угрожающей здоровью детей, является йододефицит, он приводит к физиологическим нарушениям. Благодаря программе профилактики йододефицита, поддержанной ЮНИСЕФ, сегодня до 93% населения Казахстана потребляет йодированную соль, и дети защищены от риска нарушений развития головного мозга. В этом году Казахстан был сертифицирован в качестве страны со всеобщей йодизацией соли, благодаря четкому исполнению обязательств и содействию со стороны Казахстанской академии питания.
ЮНИСЕФ инициировал создание Молодежных центров здоровья (МЦЗ) в семи городах, которые предоставляют бесплатные консультации медицинского, социального и психологического характера молодежи и подросткам с соблюдением конфиденциальности и с учетом их особых интересов. МЦЗ хорошо знакомы с особенностями подростковой психологии и способствуют развитию ответственного поведения и ведению здорового образа жизни. Кроме того, МЦЗ повышают осведомленность в вопросах профилактики заболеваний, передающихся половым путем, ВИЧ и СПИДа. Надеемся, что МЦЗ будут открыты по всей стране.
Мы отмечаем положительную динамику детской выживаемости и развития: с 1999 года показатель смертности детей в возрасте до пяти лет в стране снизился практически на 30%. Материнская смертность также снизилась на 25% по сравнению с 1999 годом.
Прошедший год стал очень важным для всех партнеров ЮНИСЕФ, которые внесли вклад в пересмотр таких программ, как План развития Казахстана - 2020, Государственная программа развития здравоохранения - 2015 и Государственная программа развития образования - 2020, подписанных президентом. Кроме того, ЮНИСЕФ начал новую шестилетнюю республиканскую программу, задачей которой является сосредоточение усилий на наиболее уязвимых группах населения.
Для защиты прав наиболее уязвимых групп детей ЮНИСЕФ оказал содействие правительству страны в реализации закона «О специальных социальных услугах». Стратегия по внедрению интегрированной модели специальных социальных услуг была разработана и подписана министерствами образования и науки, труда и социальной защиты, здравоохранения и внутренних дел. В сотрудничестве с уполномоченным по правам человека был создан механизм передачи информации для установления нарушений прав детей и совершенствования систем отчетности и реагирования. Совместно с соответствующими органами мы разрабатываем механизм интегрированной социальной защиты детей на региональном уровне.
Что касается охраны здоровья матери и ребенка, ЮНИСЕФ привлек средства и оказал оперативную помощь Правительству Казахстана в борьбе против полиомиелита из-за вспышки болезни в СНГ. Три миллиона доз вакцины было поставлено в страну, благодаря эффективному сотрудничеству с Министерством здравоохранения и Всемирной организацией здравоохранения (ВОЗ), были разработаны и распространены информационные материалы. Мы также продолжаем работу в области снижения риска инфицирования детей, рожденных от ВИЧ-положительных матерей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz