БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай жас ұрпақты тәрбиелеу міндеттері өзгеріп, қоғамдық өмірге дайындау мәселелеріне жаңа талаптар туып отырады. Ел басынын бүкілқазақстандық жастарға арнаған «Инновациялар мен оку - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» атты дәрісіннде жаһандану дәуіріндегі бәсекелестіктің басты көрсеткіштері ретінде білім беру деңгейі мен адами капиталдың дамуын атап керсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007) : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бipi - ұлттық және жалпы адамзаттық кұндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды калыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшінқажетті жағдайлар жасау» - деп, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін калыптастыру аркылы өркениетке жеткізу көзделеді. Мәдени қазыналарды жасау icтepi - казіргі кезде еңбекшілердің белсенділігін , олардың өнертапқыш касиеттерің арттыру мен өндіріс процесін жақсарту, жетілдіру мақсатында колданылатын шаралар жиынтығымен тығыз байланысты. Өндіріс жаңашылдары, қазыналарды жасау жұмыстарында тек ғылыми, техникалықжәне экономикалық талаптарды білу eмec, сол сияқты білім мен іскелікті терең игеру басым байқалады. Kазipгi кезде көптеген қиындықтарға қарамастан мәдени процестері, педагогикалык, этнопедагогикалық бағыттары өз дамуының айрықша кең жолына шықты. Мұныңөзі рухани өмірдің барлық кұрылымдық бөлшектері мен бip сарындылықты женуге мүмкіндік береді.
Жалпы орта білім беру мекемелерінде - тәрбие процесінде оқушының саяси мәдениетін, көркемдік талғамы жоғары, адамгершлігінің үйлесімдігі дамыған тұлғаны калыптастыруда ерекше орынды эстетикалық тәрбие аткарады. Көркемдік талғамы калыптасқан жеке тұлға шың мәнінде әдемі нәрсеніэстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нерселерден ажыратуға, әсемдіктітүсінуге көмектеседі. Сол себепті көркемдік талғамды калыптастыру шындығында эстетикалық кабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды идеясы болып табылады.
Қазіргі таңда көптеген мектептерде оқушылардың эмоционалды және көркемдік дамуын үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек қана мектеп оқушысының көркемдік талғамының көп жағдайда стихиялы түрде қалыптасуы ғана емес, сондай - ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің жетілуіне де кері әсерін тигізеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі, ғылыми - теориялық және әдістемелік жағынан жеткілікті қаралмауы дипломдық жұмыстың тақырыбын: «Бейнелеу өнері сабақтарында гобелен өнері арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамыту» деп тандап алуға себеп болды.
Зерттеудің нысаны: бейнелеу өнері сабақтарын оқыту процестері.
Зерттеу пәні: гобелен тоқу өнері арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамыту.
Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында гобелен өнері арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамыту процессін ғылыми теориялық тұрғыдан негіздеу және оны іске асырудың әдістемесің жасау.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың көркемдік талғамың дамытуды ғылыми - теориялық тұрғыда негіздеу;
- бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың көркемдік талғамын дамытудын педагогикалық алғышарттарын анықтау;
- көркемдік талғамды дамытуда бейнелеу өнерінің алатын орының анықтау;
- көркемдік талғамды дамыту мақсатында гобилен тоқу өнерінің технологиясын оқыту әдістемесің қарастыру;
- бейнелеу өнері сабақтарында «Сәндік қолданбалы өнері» блогының сабақтарың ұйымдастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, бейнелеу өнері сабақтарында гобелен тоқу өнері арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамытдын педагогикалық алғышарттары анықталып, оны іске асыру моделі жасалып, оқу - тәрбие үрдісіне жүйелі түрде еңгізілсе, оқушылардың гобелен тоқу өнерінен білімі мен дағдысы артып, әдемілік пен көркем өнерге көзқарасы өзгереді. Ал бұл болса бейнелеу өнері сабағында оқушылардың талғамын дамытудың негізі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау, оқу әдістемелік кешендерге, бағдарламаларға аудиториядан тыс жұмыс формаларына, озық педагогикалық технологиялар мен іс тәжірибелерге талдау жасау, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, ибақылау, тестілеу), практикалық әдістер (өнімдерге талдау жасау), педагогикалық эксперимент, деректерді статистикалық өндеу әдістері.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ГОБЕЛЕН ТОҚУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Көркемдік талғам ұғымы және оны дамытудын алғышарттары
Ел Президентінің 2006 жылғы 50 мемлекеттің қатарына қосылу жөшіңдегі жолдауында жаһандық даму үрдісі аса үлкен жылдамдықпен дамып бара жатқан уақытта рухани жан дүниесі бай, шығармашылық іс-әрекеттке дағдыланған тұлғаы дайындау қоғам дамуының ерекше басымдықтардының бірі екендігін көрсетті. Сол себепті бейнелеу өнерімамандары мен ұстаздары оқыту барысында түпкілікті білім берумен катар, оқушылардың рухани сана сезімің көркемдік талғамын қапыптастыруға ерекше мән берілуі керек.
Қазіргі уақытта тұлғанын дуниетанымы мен адамгершілік бағытталған жағдайда болашақ ұрпақтың көркемдік білім алуы мен эстетикалық тәрбиесіне жауапкершілікпен карау кажет. Оқыту үрдісінде медениетті игеру мұғалімнен оқушыға қарай жүреді. Осыған байланысты бейнелеу өнері мұғалімдерінің жоғары және орта мектептеп мәдениет жетістіктерінің белсенді жол бастаушысы ретінде әлеуметтік жауапкершілігіарта түсуде.
Бірінші кезекте оқушылардың көркемдік - шығармашылық дамуының негізің камтамасыз ету жоғары кәсіби бағдары қалыптасқан мамандарды дайындау жоғары оқу орындарындағы көркемдік - графика факультеттернде оқу - тәрбие үрдісімен тығыз байланысты. Адам сезімің тәрбиелеу мәселесікөпжақты факторлармен шешімің тауып, онын ішінде өнер басты роль аткарады. Өнер арқылы адам өзінің шынайы көңіл - күйін білдіреді, өнердіңөзінен үйрене отырып, оның қиың күрделітілін түсіне білуге - ұмтылады, рухани жан дүниесің эстетикалық талап тұрғысынан тәрбиелеудің өнердіңкұндылығы сонда, адамның адамгершілік кұндылығының калыптасуына бағытталған. Нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болып, көркемдік талғамың қалыптастырады. Бейнелеу өнеріндегі көркемдік талғамның қалыптасуы көркемдік біліктілер мен дағдыларды игеруге ғана сайып коймайды, жеке тұлғаға шынайы өмір құбылыстарын, коғамда болыпжатқан үрдістерді іріктеу мен оларға эстетикалык баға берудің ішкі өлшемдері қызметің атқаратың тұлганың қасиеттері мен сапаларының тұтас кешенінің, тұлғаның рухани - адамгершілік әлеуетінің одан әрі дамуынабағытталуының калыптасуы болып табылады. Осыған байланысты бейнелеу өнері мұгалімдерің жоғары оқу орнында дайындауда оқыту үрдісің толығымен жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен жоғары мектепте окыту үрдісің толығымен казіргі заман талаптарына сай берік ғылыми негізге қою, эстетикалық тәрбиені жоғары деңгейдеұйымдастыру басты назарда болуыкерек. Көркемдік талғам ұғымына терең талдауды эстетикалық тәрбиенің мәнің ашудан бастағанды жөн көрдік.
Эстетикалық тәрбие теориясы философиялық, психологиялық, педагогикалық бастапқы қағидаларға негізделеді. Ж. Алтаев, Ж. Эбділдин, К. Бейсенов, Э. Нысанбаев, Д. Кішібеков және т. б. еңбектеріңде эстетикалықтәрбие теориясыныңаса маңызды әдіснамалық алғышарттарының бірі- бала тұлғасының эстетикалық орнығуындағы мақсатқа бағытталған педагогикалық ыкпал етудің жетекші ролі туралы қағида. Эстетикалықтәрбие теориясының кағидаларыныңбірі адам үшін сұлулық құбылыстарының әсемдікеің, көркемдіктің мәңгі маңызы мен рухани кұндылығын мойындаудан тұрады. Осыған байланысты эстетикалық тәрбие беруде живопись, музыка, сәндік - қолданбалы өнердің теориялықмәселелерің қарастыруымен шектеліп қана қоюға болмайды, өйткені, эстетикалық тәрбие - өнермен айналысу, оқушылардың каблеттері мен мүдделерне сәйкес келетің көлемдердегі шығармашылық әрекет. Көркемдікфактілер мен құбылыстарды тек қана эстетикалық цикл пәндерің зерттеу үрдісінде ғана игеру мен сезіну жеткілікті .
Жоғарыдағы қарастырылған қағидалар өнер түрінің тарихи дамуы, мәңі мен сипатың оқушылардың өнер туындыларың дұрыс бағалау қабілеттерімен біліктіліктерін қалыптастыруға көмегін тигізетің тәжірибелік білімдермендұрыс ұйлестірудің қажетілігі туралы айтады. Осы кағидаларды жүзеге асыру болашақ мұғалімдерді эстетикалық тәрбиелеу, оларды оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге даярлығы мәселесі бойынша зерттеуімізге әдіснамалық егізі ретінде басшылықа аламыз.
Көркемдік - шығармашылық әрекетіңбейнелеу өнері мен эстетикалық тәрбие беру теориясын оқыту әдістеріндегі жаңа бағыттың Е. С. Асылхановеңбектерінде қарастырылған. С. А. Ұзақбаеваның зерттеулері оқушыларды қазақтың халық педагогикасы кұралдарымен эстетикалық тербиелеудің әдіснамалық негізі болыптабылады. М. Х. Балтабаев оқушы жастарды қазақ дәстурлі көркемдік мәдениетінің құралдарымен музыкалды - эстетикалық тәрбиелеудің негіздерің нақтылаған. К. О. Жеделов бейнелеу өнері сабақтарындағы Орта сынып оқушыларының көркемдікқабылдауын калыптастырудың әдістемесің әзірлеп, оның педагогикалық шарттарын жүйелеген. А. Т. Ерімбетова жоғарғы сынып оқушыларыныңкөркемдік қабылдауы мен көркемдік - талдау ойлау қабілетне әлеуметтік - педагогикалық баға беру ұсынылған. Орта сыныпоқушыларына музыкалық - эстетикалық тәрбие беру мәселелерін С. Ф. Сизикова мен Т. А. Қышқашбаев зерттеді. Бірінші зерттеу жұмысында Орта сыныпокушыларының музыкалық - эстетикалық жолдары ашылып көрсетіледі. Ал оқушыларға музыкалық - эстетикалықтәрбие берудің табыстылығы мен сапасы ұлттықмузыка мәдениетініңықпалын есепке алуға байланысты болады. Т. А. Қышқашбаеваның зерттеу жұмысында қазақ халық аспаптық музыкасының педагогикалық мүмкіншіліктері теориялық тұрғыдан незделеді. Орта сыныпоқушыларының оларды ұлттық музыка аспаптарында ойнуға үйрету үрдісіндегі музыкалық - эстетикалық тәрбиенің мазмұны ашылған.
Зерттеуші ғалымдардың еңбегің зерделеу барысында біз эстетикалық тәрбиенің компоненттері эстетикалық түйсіну, сезімдер, талғамдар, эстетикалық санадан тұратындығын айқындадық.
Эстетикалық түйсіну туралы сөз қозғайтың болсақ ол қарапайым эстетикалық эмоциялардан басталады, одан кейің кабылданатың объектілерден алынатың ұксас сезімдерде әсерлермен салыстыру жүреді. Сонымен бірге, эстетикалық сезімдерде аталған эстетикалық объектлердің утилитарлы емес мәні мен әлеуметтік - рухани ерекшеліктерің туйсініп, суреттеу мумкіндігің беретің адамның күрделісезімдік тәжірибесі шоғырланған. Ғалым Л. А. Рыгикованың пікіріңше, эстетикалық сезімдерді жоғары сезімдер қатарына жатқызуға болады, себебіолар адамның объективті эстетикалық объектілерге реакциясының нәтижесі болып табылады, сондай - ақ: «1) пәнге қатысты болды, 2) санамен байланысты; 3) тұлғаның әлеуметтік ұстанымдарына байланысты» болатынғы белгілі болды деп тұжырымдаған.
Зерттеушілер Н. И. Киященко, Н. Л. Лейзеровдың еңбектерінде адамның эстетикалықсанасы қабылданатың ақпаратты бейнелейді, өндейді және оның. меніне сәйкес шынайылықты өзгертеді. Сол себептен эстетикалық сананы әлем мен адам болмысын сезімдік образдарда эстетикалық эмоциялар, түйсінулер, сезімдер мен тілдік ойлау үрдістерінің (ой - пікірлер, көзкарастар, идеалдар, категориялар, теориялар) көмегімен психологиялық саралаудыңортак жүйесі ретінде қарастыруға болады. Басқаша айтар болсак, эстетикалық эмоциялар, түйсіну, сезімдер тұлғаның тұрақты қасиеттеріболып табылатын, «өзінде органикалық түрде сезімдік және рационалдылықты біріктіретің және эстетикалық бейнелеу үрдісінде сананың жоғары денгейлеріне ауысуды қамтамасыз ететін» тұлғаның эстетикалық кажеттіліктері мен талғамдарын дамытуға негіз болып табылады деп түйндейміз.
Профессор М. Х. Балтабаевтың еңбектерінде эстетикалық талғам эстетикалық объектілерді сезімдік - саналық түйсіну қабілетіболып табылады деп топшылаған. Оның құрамында эстетикалық объектінің касиеттеріне сезімдік - эмоционалдық жауаптың, сондай - ақ оның қасиеттері туралы негізделген логикалық тұжырымның болуы эстетикалық талғам мәселесіне арналған көптеген зерттеу жұмыстарында мойындалған.
Мәселен, зерттеуші Н. Б. Крылова эстетикалық талғам «әр бір индивидтіңоны белсенді, идеаларға сейкес өмірлік әрекетке ынталандыратын тарихи детерминделген түсініктерінің негізінде өсетің тұлғаның сезімдік - рационалдық тіліктерінің» жүйесі ретінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ғалымның ойынша, эстетикалық талғамның карама - кайшылығы және жекелігнде, интуитивтілігі мен логикалығынан, нормативтілігі мен оригиналдылығынан, объективтілігі мен субъективтілігінен көрінеді.
Ғалым А. С. Киракосянныңайтуынша, эстетикалық талғам «психикалық қасиеттердің күрделі кешені болып табылады, онан адамның эстетикалықты сезіммен бейнелеу, оны саналы түрде ұғыну, эстетикалық касиеттерді эмоционалды түрде бағалау, эстетикалық объектіні өзінің деңгейімен салыстыру қабілеттері және т. б. көрініс табады». Осы ретте бізавтордың эстетикалық және көркемдік талғамтүсініктерің бөліп көрсетіп, соңғысының шынайлықты игерудің ерекше түріретіндегі өнердің өзіндік ерекшелігімен байланысты ерекше касиетін оныңкөркемдік мәнімен негіздейтіндігімен келісеміз.
Көркемдік талғамды қалыптастырудағы аса маңызды ролді бейнелеу өнері атқарады. Бұл көрінетің әлемнің көрнекі және сезінілетін бейнесің кеңістікте немесе көзбен көруге болатын жазықтықта жасайтын өнер. Бейнелеу өнері әдебиет пен музыкамен салыстырғанда, уақыт пен дыбыспен емес, жазықтық пен кеңістікті пайдаланатын өнер турлерің біріктіреді. Бейнелеу енерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі адамға болмыс философиясын түсінуге, табиғаттағы әлеуеттер қалай жүзеге асырылатының, кандай жетіспеушіліктер мен қарама - қайшылықтар біздің алға қарай козғалуымызға кедергі болатындығын ұғынуға көмектесуде. Бұл үшін адамның көркемдік талғамы калыптасуы қажет деп санаймыз. Көркемдік талғамның мәнің теренірек түсіну үшін эстетикалық талғам ұғымына тоқталайың.
Көптеген ғалымдар еңбектерінде эстетикалық талғам күрделі құрылымға ие адамның рухани өмірініңкеремет күрделі құбылысы ретінде қоғамдық болмыс пен сананың түрін факторларымен өзара әсерлеседі. Талғам психикалық касиеттердің күрделі кешені болып табылады, одан адамның эстетикалықты эмоционалды түрде ұғыну, оны саналы түрде түйсіну, эстетикалық касиеттерді эмоционалдық тұрғыдан бағалау, эстетикалық объектіні өзінің жеке эстетикалық кажеттіліктерінің денгейімен салыстыру және т. б. кабілеттері көрініс табады. Жоғарыда айтылгандай, эстетикалық талғам эстетикалық кажеттіліктермен, кабылдаумен, сезімдермен, көзкарастармен, бағалымдармен және идеялдармен байланысымен сипаталады. Ол эстетикалық танымдағы тура және жанама, әлеуметтік және жеке дара, коғамдық және жеке, эмоционалды мен рационалдының бірлігіболып табылады.
Жоғарыдағы ғалымдардың эстетикалық және көркемдік талғам жайында пікірлерді ескере отырып, біз осы екі ұғымның айырмасын анықтауымыз керек. Адам эстетикалық және көркемдік қасиеттерді бағалау кезінде ортақәсемдік талабын, ортақ эстетикалық идеалды негізге алатындығына қарамастан, бұл түсініктердің ортақ негізі олардың бір ұғым екендігінкөрсетпейді. Көркемдік талғамның өзінің ерекшелігі бар, сол себептен осы талғамдарды айырып карау қажет. Көркемдік талғамның негізгішынайылықты эстетикалықигерудің ерекше түрі ретіндегі өнердің негізі меноның көркемдік мәнімен байланысты. Өнер туындыларын қабылдау үшін өмірді білумен қатар, өнер тілің түсіну, оның образдарын, еркшеліктерін, көркемдік ақиқатты, өнердіңөзшарттарың дұрыс түйсіну және т. б. қажет.
Көркемдік білім беру, бейнелеу өнерің қабылдау, көркемдік талғамды қалыптастыру, эстетикалық мүделер мен кажетіліктерді дамытудың жалпы теориялық мәселелері бойынша ғылыми еңбектер, диссертациялар түрінде жалпыланған ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде болашақ мұғалімдердің бейнелеу өнерінде көркемдік талғамды қалыптасыру мәселесі көп қырлы болып, көптеген ғылыми еңбектерде жеке тұлғаның көркемдік құндылықтарды белсенді игеру үрдістері түрінде тұжырымдалғанын көреміз. Көптеген педагог - ғалымдардың әрқайсысы көркемдік талғамға өзінің анықтамасын бере білген. Соның ішнде В. А. Разумныйдыңпікірінше, «көркемдік талғам» ұғымын «өнер , қасиеттері туралы тікелей пікір айту, оған эмоционалды баға беру кабілеті» деп анықтайды. Осыған барабар тенденция педагогика ғылымында ғалымдардыңкөңілі ең алдымен көркемдік талғамды қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерің анықтауға, оқушылардың өнер туындыларың қабылдауын тиімді ұйымдастырудың және олардыңмүдделерінің құрылымында өнердің орнын анықтаудыңкөмегімен өнерді белсенді түрде игеруге бөлінеді.
Бейнелеу өнері үрдісінде көркемдік талғамды қальштастыру саласында қазіргі кезенде ерекше ғылыми және практикалық маңызын А. И. Буровтың, Б. Т. Лихачевтың , В. В. Алексееваның ғылыми еңбектершде керсетілген.
Көркемдік талғам өнер тілінің, ассоциативті ойлау, іріктеу, типтеу, жалпылау және т. б. қызметінің тиісті түрінде шынайылықка эстетикалық баға беружөнідегі орасан зор жұмысты талап етеді. Бейнелеу өнеріарқылы оқушылардың көркемдік талғамын тәрбиелеу үрдісін зерттеу қажетілігіонын негізгі кұрылымдық құрамдаушыларын, олардың өзара анықтау, сондай - ақ «көркемдік талғам» ұғымының мәнін айқындау мақсатың кояды. Көркемдік талғамның өзгешелігі шынайылықты эстетикалық игерудің ерекше түрі ретінде өнердің түрімен, оның көркемдік мәнімен байланысты. Өнер туындыларын қабылдау үшін өмірді білумен катар, өнер тілін тусіну, оның бейнелерің, еркшеліктерін, көркемдік ақиқатты, өнердің өз шарттарын дұрыс түйсіну және т. б. қажет.
Біріншіден бейнелеу өнері үрдісіндегі көркемдік талғамның көрініс табуы оның барлық кұрамдушыларымен - эстетикалықты кабыдауымен, оған деген катынаспен, бейнелеу өнерінің ерекше түрімен байланысты көркемдік интерпретациямен, манызға ие нәрселерді іріктеу мен көркемдік образды идеалды ұсынумен, осы образды билік етуші көркемдік әдіс ретінде материализациялаудың субъективті мәнерімен байланысты.
Екіншіден, «бүкіл бейнелеу өнері үрдісі, ойдан бастап оны туындыда жузегеасырумен аяқтала келе, ерекше сипатқа ие болады, одан автордыңкөркемдік көзқарастары табиғатының өздік ерекшелігі мен эстетикалықкызметтері көрініс табатындығын» ескере отырып, көркемдік талғам шығармашылықтың бағыттылығымен, суретшінің рухани әлемімен де байланысты болады.
Осылайша, біз атап өткен көркемдік талғамның шығармашылықта көрініс табуының өзіндік ерекше касиеттері студенттердің бейнелеу өнерікөркемдік талғамды дамыту мәселесімен өзара байланыста карастыру міндетің қояды.
Ғалым З. Л. Подольскаяның «көркемдік талғам» ұғымына практикалықбағытта берген анықтамасы: «Көркемдік талғам өзінің практикалық көрініс табуында тұлғаның шығармашылық жасампаздыкқа және көркемдік құндылықтарды кабылдауға деген тұтас және тікелей - жеке дара қабілетіретінде қызметатқарады, ол адамның бүкіл көркемдік санасының мәдениет шығырмашылығы өнімдеріне интегративті, сапалық - өзгешелік қатынасын береді». «Эстетикалык талғам туралы» деген кітабында В. К. Скатерщиков керкемдік талғамды «тұлғаның және қоғамның өнерге қатынасыныңкөрінісі, көркемдік шығармашылықтың және өнімдерінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктеріне баға беру» ретінде анықтайды.
В. Т. Лихачев «көркемдік талғам - тек әсемдік пен ұсқынсыздықты көру кабілеті ғана емес, идеялдың - эстетикалықидеал, тұлға, қоғамдық және жеке өмірді неғұрлым ұтымды ұйымдастыру, тұлғаның қатышастары, мендаму жолдары туралы тиісті объективті бағалық тұжырым жасай алу қабілеті» деп тұжырымдаған. Бұдан шығатыны, эстетикалық талғамғақарағанда, көркемдікталғам өнермен, осыдан келе «суретшінің әрекетін анықтап қана коймай, аудиторияның талғамдарының қалыптасуына, сыни қағидаларына әсер ететін көркемдік мәдениетпен тікелей байланысты» . Демек, көркемдік талғамдағы объективті мен субъективтінің көптүрлілігімен диалектикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Жоғарыдағы берілген анықтамаларды басшылыкка ала отырып, бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларда қалыптасатың көркемдік талғамына«адамда бейнелеу өнеріүрдісінде практикалық айналысудың барысында пайда болған және адамда шынайылыққа эмоционалды - эстетикалық баға берудің және оны өнердің өзіндік кұралдарында материалдандыру әдістерінің өлшемі шаманың болуынан көрініс табатын тұлғаныңсалыстырмалы қасиеті болып табылады» деген анықтаманы беруді жөн көрдік.
1. 2 Көркемдік талғамды дамыту және алғашқы деңгейін өлшеу әдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz