Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың кескіндемелік дағдыларын дамыту


Тақырыбы: «Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың кескіндемелік дағдыларын дамыту»
ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3 Кескіндеме өнерінің және натюрморт жанрының шығу және даму тарихы 1. 1 Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері . . . 9 1. 2 Натюрморт жанрындағы Қазақстандық суретшілер . . . 15 1. 3 Майлы бояумен натюрморт орындау . . . 19
2 Әдістемелік бөлім. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың кескіндемелік дағдыларын дамыту 2. 1 Шығармашылық қиял әдісіне түсініктеме . . . 23 2. 2 Натюрморт сабағында оқушылардың анализ жүргізу . . . 34 2. 3 Сабақ жоспары . . . 41
Қорытынды . . . 54 Әдебиеттер тізімі . . . 56 Қосымша . . . 58
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: Жан мен сезім тәрбиесінде өнердің рөлі өте зор. Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен қалыптасуына зор гуманитарлық әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасы тәрбиеленеді, әсемдікке деген сезімі, қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды. Өнердің адамға моральдық яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де роль зор. Өнер шығармалары - бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толық нақты тарихы.
Өнер мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі деп атап көрсетті.
Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Бұл әдістер жалпыға ортақ қолданылып келеді, демек артық айтпаған болар. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен білім сапасын көтеру.
Шығармашылық арқылы үйрену. Егер жас талапкер суретші бейнелеу өнер студиясында немесе үйірмесінде айналысуға мүмкіндігі болса, яғни қажетті жағдайларда кәсібі даярлығы бар суретшілерден ақыл кеңес ала алса, жақсы -бұл оның жұмыста алға басуын өте жеңілдетеді. Бірақ бұған жұрттың бәрінің қолы жете бермейді, олардың көпшілігіне жолды бағыт бағдарсыз іздестіре отырып, өз беттерімен еңбектенуіне тура келеді.
Жоғары кәсіби білім беру жүйесінің негізгі мақсаты-осы заманғы мазмұнға негізделген, барынша сапалы кәсіптік білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын мамандарды даярлау үдерісін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында жаңа кәсіби білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың кәсіби даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.
Президент . . . Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» атты Жолдауында«патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет . . . Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық биік талғампаздық, тәкаппрлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастырумыз керек», - деген болаты.
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 1 наурыз, 2006 жыл. ) «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» - деп атап көрсеткен.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек. Қазіргі уақытта білім берудің негізгі талаптардың бірі - оқушыны әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Соңғы жылғы іс - тәжірибеде байқалған негізгі үрдіс - оқушы шығармашылығын дамыту - тек тұлғаның өзін - өзі дамыту қажеттілігіне негізделген. Ендеше осы қажеттілікті оқушы санасына жеткізу - бүгінгі тақырып.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер - мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Қазіргі қоғам жеке адамның прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Жалпы білем беретін және кәсіптік мектеп реформаларының негізгі бағыттарында: аса маңызды міндет-оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. Әсемді сөзімен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсінеп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет.
Ал қазіргі уақытта бейнелеу өнерін оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттық салт - дәстүрдің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - бейнелеу өнері сауаттылығы, соның ішінде натюрморт жанры, оның тәлім-тәрбиелік, эстетикалық танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне бейнелеу өнерінің өзінің бай тарихы, тереңмәдениеттанулық, философиялық мазмүны, өзіндік үлттық сан - қилы ерекшеліктерімен қымбат, әрі қүнды. Сондықтан да оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім тәрбие беру процесінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады.
Бейнелеу өнерінің оның сәндік ерекшелігі, түрлері халықтың салт-дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан қазақтың рухани болмысы мен мәдени талғампаздығын танытатын ерекше бір құбылыс. Ұлттық құндылықтар деңгейінен жоғары көтеріп, адамзаттық құндылықтарқатарына қосу теңестіру біздің және баршамыздың да басты тілегіміз болса керек. Бар әдемі құндылақтарды сырттан іздемей оны өзіміздің аса мұраларымыздан іздеу оны жандандыру қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру оны танып білу бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз. Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын, хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде халықтық педагогиканың тарихи мұралары жан-жақты зерттеп, ұтымды пайдалана білудің берері мол.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.
Мәселе: Бейнелеу өнері пәненде туындап жатқан бір шама мәселелер бар. Сол мәселелердің бірі қазақша оқулықтардың аздығы. Көптеген мәліметтерді орыс тілі және т. б. тілдерден аудару арқылы оқу, ал оны тура сөзбе-сөз аударғанда мағынасыз болауы, мұғалімнің оқушыларға өз тілінде анық мәліметпен қамтамасыз ете алмауы, сабақты қызықты өткізуге әдістемелік, көрнекілік құралдардың аздығы. Осының нәтижесінде оқушыларда, оқу нәтижелерінің төмендігі. Сонымен қоса мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтың төмендігі бүгінгі күннің орта мектептеріндегі басты мәселелірді туғызып отыр.
Деректерді талдау: Тақырыпты ашу барысында көптеген әдебиеттер талданып, ішінен керек маңызды деген тақырыптар алынды. Кіріспе бөліміне ақпараттарды «Бейнелеу өнері және сызу» журналыннан және «Бейнелеу іс-әрекеті мен конструкциялауды үйрету методикасы» кітабынан алдым. Ал тарихи бөлімде Қ. Болатбаевтің «Бейнелеу өнері», Р. Мизанбаевтың «Живопись», Е. М. Әмірғазиннің «Қазақ халқының қол өнері», Г. В. Ф. Гегель. 4 томдық Эстетика. Москва, «Искусство», О. Жаңбыршиев. «Кескіндеменің техникасы мен технологиясы», А. Б. Бишняков, К. В. Ли, Р. Т. Көпбасынов, қазақ тіліне аударған Д. Т. Базарбаев. «Қазақстандағы бейнелеу өнері. ХХғасыр = Изобразительное искусства Казахстана», Валентин Антощенко - Оленев. Алматы. «Өнер», оқулықтарын пайдаландым. Әдістемелік бөлімде Ә. Төлебиевтің «Сурет сала білесің бе?», А. С. Шипановтың «Әуесқой жас суретшілермен мүсіншілерге», А. С. Зайцевтың «Түс және кескіндеме ғылымы», және Г. В. Беданың «Кескіндеме және оның бейнелеу құралдары», Тамберг Ю. Г. «Развитие творческого мышления ребенка», И. А. Бескова «Как возможно творческое мышления?», Б. М. Неменский «Изобразительное искусство и художесственный труд», оқулықтарынан теріп керек жерін толықтырып жазылды.
Зерттеу мақсаты: Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып ұқыптылыққа, икемділікке, батылдыққа үйретіп тәжрибелік қабілеттерін артыру.
Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздылыққа баулу.
Жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне графиканы оқытуды теориялық негіздеу, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан дәлелдеу.
Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып ұқыптылыққа, икемділікке, батылдыққа үйретіп тәжрибелік қабілеттерін артыру.
Оқушылардың идеялық-саяси, адамгершілік, дүниетанымдық, эстетикалық тәрбиесіне әсер ету;
Өз отанының, халқының өнері мен мәдениетіне деген сүйспеншілік сезімі мен бүкіл әлемдік өнер мен мәдениетке деген жан-жақты біліктілігін арттыру.
Зерттеу объектісі: Натюрморт салу сабағының қыр-сырын ашып, оқушылардың өзара шығармашылық қабілеттерін дамыту, жетілдіру.
Зерттеу пәні : Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сыныптар мен 5-6сыныпоқушыларының көркемдеп қабылдауын қалыптастыру процесі. Олардың шығармашылық қиялын дамыту, шыққан мәселелерге жауап іздей алуы.
Болжам: Бейнелеу өнері сабағының білімдік және тәрбиелік міндетінің сапалы болуы - ең алдымен көркемдеп қабылдау жолын педагогикалық негізде меңгергенде ғана мүмкін:
-егер зерттеу барысында, яғни сабақ барысында оқушылардың жұмыстарын қадағалап, қателескен жағдайда дер кезінде түзетіп, түсіндіріп отырса, жұмыс жақсы орындалған жағдайда оқушыны мадақтап отырса, оқушының өзіне деген сенімі артып олау қабілеті дамып, шығармашылық қабілеттерін жоғарлауына жағдай жасайды
- егер кіші жастағы балалардың көркемдеп қабылдауын психологиялық және педагогикалық проблема деп қарап, оның теориялық негізін айқындасақ;
- осының негізінде бейнелеу өнері пәнінен өтілген сабақтарда эксперименттік байқау жүргізіп, көркемдеп қабылдаудың оқушыда дүрыс қалыптасқандығынан бейнелеу өнері пәнінің білімдік және тәрбиелік сапасының артқанына көз жетсе.
- егер оқушыларды шығармашылық қиялының туыуын дамытуға қадағалап отырса, оның шыққан мәселеге топпен ізденіс жүргізсе, мәселені бірге талқыласа, әр кім өз ойын еркін айтатын болса, онда оқушының, шығармашылық, еркін сөйлеу, өз ойын еркін, қорқпай айтатын қасиеті дамиды.
Практикалық маңызы: Практикалық әдіс-тәсілдер болашақта өнер тарихы ғылымын зерттеуді және жұмыста көрсетіліп жатқан теорияны жетілдіруге ықпал етеді. Дипломдық жұмыстағы қорытындылар мен негізгі шарттар арнайы курстарды дайындауда, мәдениеттану проблемасы және мәдени - этикалық мәселелер бойынша семинарлар мен лекцияларда қолдануға болады. Сондықтан да тақырыптың өзекті де, қажет екенін ескере келе еңбегімізде бейнелеу өнерін салт - дәстүрді және әдет - ғұрыптарды дүрыс пайдалану студенттердің сана - сезімін, ой-өрісін, дүниеге деген көзқарасын жетілдіру мақсатында алынды.
1 Кескіндеме өнерінің және натюрморт жанрының шығу және даму тарихы.
- Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері.
Кескіндеме - өнер әлемдегі орасан зор, өзіне еліктірліп әкететін, сиқырлы әлем. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келген. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басар, бәрі бір кескіндеме жасап, дами берді.
Кескіндеме дегеніміз - әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма.
Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись - бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар. Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) - бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық - тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме - бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н. Г. Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Басқа өнерлердің арасында кескіндемеші суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алған. Сан жүздеген жылдар бойы ел табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін - бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнелеп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалығы - осының бәрі кескіндемеде өз міндеттерін шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан әдемілігін нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемдегі қайындардың жан жадыратып жасыл жапырықтарын, қаһарлыда асқақ аспанда, мөлдір-сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, бауырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.
Ал ең ғажабы бұл емес. Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады. Суретші оның жүзіндегі көзге малына қоймайтын ой нышандары мен құмтарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан дүниесін ашып берген . . .
Кескіндеменің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнде ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі шегінеді.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке пастелъ ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра - кескіндеме (монотипия) бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольберт) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұнда кескіндеме арнайы техникада әк «сүтіне» араластырылған бояулармен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (фреска) . Мүлдем бояусыз - ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка) .
Сондай-ақ «жарықтанатын» кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі-түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж) .
Кескіндеме шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне- көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдалануына тікелей байланысты. Мәселен, қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай бояудың қалай жағылғаны, қылқаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстін жұқалап, үстеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті «лессировка» дейді.
Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қылқаламның ұшын тиер-тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып-баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңді бірте-бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.
М. Врубелъдің «Раушан гүл» натюморты акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр, оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған - суретші тек осы раушан гүлін ғана қызықтайды, қалғанның бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан құйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғыз ілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін өлі табиғаттың мүлдем алуан түрлі образдардан берілуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz